Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесерді безендіру Жалпы мақсаты


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі106 Kb.
#20748
түріСабақ
1   2   3
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (1 минут)

2. Топқа бөлу (Компьютердің негізгі құрылғылары арқылы /жүйелік блок, монитор, пернетақта/ бойынша 3 топқа бөлінеді, 2 минут)

ІІ. Ой қозғау. (2 минут)


  1. Microsoft office PowerPoint программасын не үшін қолданамыз?

  2. Тұсаукесер деген не?

  3. Жаңа тұсаукесерді қалай құрамыз?

(Оқушылар сұрақтары мадақтау, қошеметтеу арқылы формативті бағаланады)

Олай болса, бүгін Презентацияны құру тәсілдері мен оны безендіруге тоқталамыз.



ІІІ. Топтық жұмыс «Топтық тергеу» (20 минут)

POWER POINT программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орандауға болады. Оның бірі алдын – ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. POWER POINT программасының бір ерекшілігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын – ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады. POWER POINT програмасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдала отырып, өз презентациямызды құруға болады.

Презентацияны шаблондар көмегімен құру.

Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін POWER POINT программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны (шаблон презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар немесе Формат – слайдты көркемдеу (Формат – Оформление слайд) командасын орындап құруға болады. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы (Общие), Презентациялық дизайндары (Дизайны презентация), Презентациялар, Web- парақтар (web-страницыастарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл- Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Презентацияның шаблоның тышқан көмегімен белгіліген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көрекмдейміз.



Слайдтарды безендіру элементтері.

Әрбір адам өз қалауы бойынша слайдтардың бір – біріне тәуелсіз мынандай элементтерін тағайындауға болады:





  • Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.

  • Фон. Слайдтағы түстер тек біртүсті ғана болуы міндетті емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Ол үшін Формат – Фон командасын таңдап, пайда болған қосымша тірізеденисключить фон образца өрісін белгілеп, осы өрісте өзімізге қажетті түсті таңдаймыз немесе Қосымша түстер (другие цвета) өрісін таңдаймыз. Бұл кезде қосымша сұқбат терезе ашылады Кәдімгі (Обычные),Спектр деген екі ішкі беттен тұратын бұл сұхбат терезеде кәдімгі немесе спектрден түсті таңдай отырып, жаңа түс дайындауға болады. Өзіміз дайындаған түс пен бұрынғы түсті Жаңа (Новый), алдыңғы (Текущйй) өрісте салыстыра аламыз. Фондық түс таңдалған соң Қолдану (Применить) батырмасын шертсек осы фон тек жұмыс жасап отырған бір ғана




слайдқа беріледі. Фондық түсті барлық слайдтарға беру үшін Барлығын қолдану (Применить ко всем) батырмасын шертеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет