Сабақтың тақырыбы Түстер палитрасы



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#20458
түріСабақ
  1   2   3   4


Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.3АШығармашылық және компьютер

Мектеп: №71 орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Балсүгірова К

Күні:01.02.2021ж

Қатысқан оқушылар саны:




СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Түстер палитрасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатыңоқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.​2.​2.​1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;
3.​2.​2.​2 нысанның сыртқы түрін өзгерту (қию, бұру, өлшемін өзгерту)

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • Графикалық редактордың мәзір командалары арқылы жұмыс жасайды(нысандарды қиып алу, бұру, өлшемін өзгерту).

  • Нысандармен жұмыс жасау кезінде әрекеттердің кезектілігін сипаттайды.

Бағалау критерийлері

- суретті бояу үшін графикалық редактордың құралдарын қолдану

- суретті бояу мақсатында арнай түстер таңдайды




Тілдік мақсаттар

Оқушылар...

Графикалық нысандардың сырт келбетін өзгертетін және нысандар құруға графикалық редакторды қолдану

Үзінділермен жұмыс жасаған кезде графикалық редактордың құралдарын қолдану

Графикалық редактордың мәзірлер командаларын қолдану (нысанды қиып алу, айналдыру, өлшемін өзгерту);

Графикалық редактормен жұмыс жасау үшін дайын фотосуреттер қолдану.

Тілдік оқу мақсаты

Оқушылар

Суреттерді өңдеуге арналған терминалогияны қолданады.

Мәзір командаларының реттік іс әрекетін сипаттайды

Пәндік лексика және терминалогия:

графикалық элемент, айналдыру, палитра, фотосурет, қиып алу, қою, көшіру.



Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

Суретті айналдыру үшін…

Суретті көрсету үшін...

Үзіндіні бөліп алу үшін...

Өрнектер ... тұрады

Мен ... фигураларын қолдандым

Мен бояу үшін ... түс тандадым


Құндылықтарды дарыту

Өздеріне және басқаларға құрметпен қарау және жұптасып, топта жұмыс істеу кезінде және өздігінен зерттеу- академиялық адалдық, құндылықтар дарытады

Пәнаралық байланыс

Өнер (Оюлар)

АКТ қолдану дағдылары

4 Бөлім оқып меңгерген кездеоқушылар графикалық редактормен жұмыс жасаған.

Осыған дейін меңгерілген білім

Графикалық редакторда сурет салу дағдылары қалыптасқан.



Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

1 мин



  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу.

Миға шабуыл.

«Ақ бет» әдісі мен, ілініп тұрған ақ қағазға немесе ақ тақта бетіне осы сабаққа дейінгі алған білімдері бойынша кілт сөздер жазу.

  1. Мақсаттытұжырымдау

  • Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді).

Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушылар мұғаліммен біріге отырып тұжырымдайды.

  • Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыңыз.



Сабақтың ортасы

10 минут

2 минут

10 минут



  1. Жаңа тақырып

Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады:негізгі-бұл түстер біз онымен сурет салатын түс және қосымша-бұл фон түсі.Бағдарламаны іске қосқанда,үнсіз келісім бойынша кескінің түсі-қара,ал фонның түсі ақ болып орнатылады.



Палитраның сол жағында айқасқан екі тіктөртбұрыш орналасқан.Жоғарғысы сурет салу түсін көрсетеді.Ол таңдалған түсте тінтуірдің сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады.Төменгі төртбұрыш фон түсін көрсетеді,ол таңдалған түсте тінтуірдіңоң жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады.

Сергіту сәті

  1. Орнымыздан тұрамыз.

  2. Қолымызды иық деңгейіне қойып, алға-артқа айналдырамыз2 рет

  3. Басымызды оңнан-солға, солдан-оңға айналдырамыз 2 рет

  4. Көзімізді ашып - жұмамыз

  5. Көзімізді шеңбер бойымен айналдырамыз 2 рет

  6. Қолымызды алға созып, кейін төбеге, белге, қайта орнына қоямыз 2 рет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет