Сабақтың тақырыбы: Туған елге тағзым!



бет1/2
Дата25.10.2022
өлшемі21,68 Kb.
#45270
түріСабақ
  1   2

Сабақтың тақырыбы:Туған елге тағзым!

Кіріспе: Естігенде көк аспанның астында,


Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шырақташы, Әнұраным, шырақта!
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.

Әнұран хормен.


1-жүргізуші:Саламатсыңдарма құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі "Туған елге тағзым" атты ашық-тәрбие сағатына қош келдіңіздер.


Ия, сонау кең байтақ еліміздің шалқар көлдергі мен, асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз –Қазақстан деп аталады. 

2-жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, қазақ жері, қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.



(Көшпенділер фильмінен үзінді)

1-Жүргізуші: Міне балалар біздің ата-бабаларымыз бізге бейбіт өмірді осылай алып берген.


Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

2-жүргізуші: Бостандыққа тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы 1986ж 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда қазақ жастары көтеріліске шықты. Көптеген жастарымыз қыршын кетті.



1-жүргізуші: Содан 1991 ж 1-желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев Президентіміз болып сайланды. 16-желтоқсанда тәуелсіздігімізді алдық.

Тәулсіздік елінде
Бақыт құсы самғап ұшты көгімде.
Қазақ деген ғажап халық қашаннан,
Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.
Еліміз тәуелсіздік алған соң 1992 ж қалаға өзінің қазақша атауы беріліп Ақмола облысы атанды. 1997 ж Елбасы жарлығы мен Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшірді. Аз уақыт ішінде Астана қаласы бой көтерді. Тәуелсіздік алғаннан кейін көп деген жұмыстар атқарылды. Қазақстан бүгінде дүние жүзі жағынан, көп деген елдермен достық орнатқан елге айналған.

1-оқушы: Қазақстан - Отаным,


Қазақ тілі - қазынам.
Қазақ жері - береке,
Ырыс, бірлік кені екен.
Бұзылмасын тыныштық,
Бейбіт өмір береке.

2-оқушы: Табиғаты тамаша, жазы қандай,


Айналама көк кілем жазылғандай.
Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,
Сылдырлаған бұлағы, суы балдай.

3-оқушы: Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған жерге, ата салт-дәстүрі, елінің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі



4-оқушы: Туған жерім тарихым, тұнық далам,
Барша жұрт қасиетіңді ұлықтаған.
Басқа жердің бектері мен жаулары,
Дәл сенің самалыңдай жылытпаған.

5-оқушы: Арыстандай айбатты,


Жолбарыстай қайратты.
Аспандағы байрақтың,
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым!

6-оқушы: Күнді құшқан қос қыран,


Аясында қалықтап.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
7-оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.


Ән: Нұргелдінің орындауында "Тәуелсіздік үні"

8-оқушы: Бұлт баспасын күнімді,


Тартылмасын өрісің.
Тік ұстау туымды,
Қасиетті брышым.

9-оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,


Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар.

10-оқушы: Отан деген ата мекен,


Отан деген туған жер.
Отан деген оттан үлкен,
Қазақстан туған-ел.
11-оқушы: Туған жерім Алтай таудың баурайында,
Ойнаушы-ем асыр салып қайрағында.
Сағынышым селдеді туған жерге,
Қанатымды кең етіп жайғанымда.
О, туған жер кереметсің кең - байтақ,
Шалғыныңды жататұғын жел жайпап.
Керімсалдай тұлпарыңды тулатып,
Мінуші едім құла түзде кер қайқақ.

Мемлекеттік Рәміздер


1-оқушы: Ту. Желбіре туым желбіре,


Көргенде сені қуанамын.
Мақтан қып сенің сәніңді,
Атың мен алыс отаным.
Желбіре туым желбіре,
Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын.

2-оқушы: Елтаңба. Алтын қанат көмкерген,


Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес ұғып ал!
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ - жұрт панасы,
Уықтар - күн сәулесі.

3-оқушы: Теңге. Шыныменен Алла рахым берді ме?


Қазағымның көз жасын ол көрді ме?
Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз,
Қолды таймас кезегіне келді ме?!?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет