Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата23.09.2022
өлшемі1,25 Mb.
#39970
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Роботототехника. Жоба

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып: 3

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Word мәтіндік редакторы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану
3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау
3.2.1.3. мәтінді өңдеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйренесің.

Көптеген оқушылар:

WordPad мәтіндік редакторы Windows-тың стандартты программасымен танысады

Кейбір оқушылар:

Word редакторының терезесі WordPad терезесінен айырмашылығын ұғынады



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру



Сабақ басында музыка қосып қою. Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу.
Оқушылар шеңбер құрады. 15-ке дейін санаймыз. «Бір»-айтамыз, «екі»-шапалақтаймыз, «үш»-«Уау» деп айтамыз.
(М) «Конверт» әдісі
ҚБ: смайлик

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Шеңбер құрып 15-ке дейін санайды.
3.Берілген сұрақтарға жауап береді.


Конверт

Жаңа білім

Бекіту



Редактор (лат. redactus – ретке келтіру) мәтінді тексеретін,
түзету жасайтын маман. Осындай қызметті орындайтын
компьютерлік программаларды редакторлар деп атайды.
2-сыныпта танысқан WordPad мәтіндік редакторы
Windows-тың стандартты программалар жинағына жатады. Программада күрделірек құжат жасауға керекті құралдар жетіспейді. Мәтіндік редактордың түрі көп. Солардың арасынан мүмкіндігі жоғары Word редакторымен танысайық.
Word – мәтіннен тұратын құжаттарды дайындауға ар-
налған мәтіндік редактор. Microsoft фирмасының офиске арналған программалық өнімі.
ПускВсе программыMS Offi ce MS Word 2010
Іске қосуБарлық программаларMS Offi ce MS Word 2010

Мәтіндік редакторда мәтін теру ережесімен таныстыру.
Өнер туралы әңгіменің мәтінін Word редакторында теру
1. Мәтіндік редакторды іске қос.
2. Жаңа құжат құр (3-сурет, қызыл бағыттамалар).
3. Жұмыс алаңының ортасына тінтуірмен шертіп, «Өнер» деп
тақырыбын тер.
4. Мәтін теру ережесін сақтай отырып, «Өнер» мәтінін тер.
5. Терген мәтініңді сақта (3-сурет, жасыл бағыттама).


Практикалық жұмыс
Word пен WordPad редакторларын төмендегі бағыттар бойынша салыстырып, талдаңдар:
1. Терезе құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
2. Құралдардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
Word редакторының терезесі мен құралдары бойынша сұрақтар
құрастырып, сыныптастарыңа ұсыныңдар.
• Мәтін теруде қандай ережелерді үйрендің?
Word пен WordPad мәтіндік редакторларының жұмысындағы
қандай үш айырмашылықты атай аласың?
Word редакторындағы құралдардың суретіне қарап, қандай
қызмет атқаратынын болжа. Кесте құрып, дәптеріңе жаз.

Суретте балалар бейнеленген. Балалар-
дың іс-әрекетін сипаттайтын 2-3 сөйлем
құрастыр. Балаларға ат қой. Сөйлемді
мәтіндік редакторда тер. Мәтіндік файл-
ды «Мейірімділік» атауымен сақта.

Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды



2-тапсырманы орындайды







Интербелсенді тақта/компьютер

Карточка
Жұмыс дәптері


Жұмыс дәптері


Компьютер

Компьютер



Кері байланыс


1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Бір ауыз сөз»
Бүгінгі өткен сабақты бағала.
Қажетті сөздер:
Ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, есте сақтадым

Өзін-өзі бағалау.




Плакат слайд Үй тапсырмасы

§ 17, 65-бет үйде орындайық, жұмыс дәптері
Ойлан!Мәтін теруде қандай ережелерді үйрендің?
Word пен WordPad мәтіндік редакторларының жұмысындағықандай үш айырмашылықты атай аласың?











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет