Сабақтың тақырыбы: XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының педагогикалық ойлары



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі20,02 Kb.
#15837
түріСабақ
  1   2


Сабақтың тақырыбы: XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының педагогикалық ойлары

Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.   

Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен этномәдениетті қайта жаңғыртумен сиапатталады. Педагогикалық мәселелер халықтың экономикалық, саяси-әлеуметтік және мәдени өмірімен байланысты. Осы орайдан келгенде қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің дамуында, оқу орындарының өрістеуінде XІX ғасырдың екінші жартсынан қазан төңкерісіне дейінгі мерзім ерекше кезең ретінде қаралады

Отарлық бұғауда отырған қазақ елінің мәдени ішкі өміріне орталық Ресейде болып жатқан саяси, экономикалық оқиғалар, түрлі толқулар мен педагогикалық қозғалыстар әсерін тигізіп жатты. Осы орайда қазақ зиялыларының педагогикалық ой-пікірлерінің дамуына, өзіндік идеяларын жариялауға мүмкіндік болмады. Соған қарамастан белгілі ағартушылар, педагог- ұстаздар өз еңбектерін  оқу-тәрбие жұмыстарына енгізіп, педагогикалық мәселелерді көтеріп отырды. Олай болса сол кезеңдегі белгілі зиялылардың еңбектеріне тоқталып өтейік.

Ы. Алтынсарин — қазақ мектептерін және ондағы оқытудың дидактикалық негіздерін дүние жүзі педагогикасының қол жеткен алдыңғы қатарлы деңгейінде құра білген ұлы ұстаз. Орталық бұғауға түскен қазақ халқын мәдени қиындықтан құтқаратын жол — ағартушылық деп білген Ыбырай, патша үкіметінің “Қайырымдылығына ” орай және бұқара көпшіліктің қаржысымен ашылатын мектептерді және ондағы білім мен тәрбие беру, оқыту принциптерінің негізгі компонентерін өміршең мәнде дәлді белгілей білді. Қазақ балаларына тән білуге құмарлық, тапқырлық, дарындылық, қасиеттеріне мән берген ол: “… мені өте таңқалдырған нәрсе- бұл балалар үш айдың ішінде ғана орысша, татарша оқуды, тіпті жазуды да үйренді,” – деп шәкірттердің зейінділігі мен іждағаттылығына ризалықпен қарады.

Қазақ балаларына тән білуге құмарлық, тапқырлық, дарындылық, қасиеттеріне мән берген ол: “… мені өте таңқалдырған нәрсе- бұл балалар үш айдың ішінде ғана орысша, татарша оқуды, тіпті жазуды да үйренді,” – деп шәкірттердің зейінділігі мен іждағаттылығына ризалықпен қарады. Ал, ұстаз-психолог Жүсіпбек Аймауытовтың ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбына арналған еңбектері (“Тәрбиеге жетекші”,”Психология”, “Комплекспен оқыту жолдары”, “Жаңа ауыл”) т.б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. Оған дәлелоның педагогика саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ. Аталмыш кезеңнің белгілі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. Оған дәлел оның педагогика саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ. Мысалы ретінде ”Педагогика ” еңбегі жайлы:  “Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым деп

Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе,  Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады.”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын –мұғалімдікі”-дейді ұстаз. Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды.

Ел арасынан  өздерінің  табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан  азаматтар ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының  тұңғыш қарлығаштары бола білді.  Ахмет Байтұрсынов,  Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сырттанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Асылқожа Құрманбаев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев…  бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады. Шын мәнінде, олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың І жартысындағы өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айрықша, энциклопедиялық ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. білім,талғам ауыл”) т.б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр ауыл”) т.б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр.

Аталмыш кезеңнің белгілі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек Оған дәлел оның педагогика саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ. Мысалы ретінде ”Педагогика ” еңбегі жайлы:  “Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым деп жазады.  Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе,  Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады.”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын –мұғалімдікі”-дейді ұстаз.

Ахмет Байтұрсынов,  Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сырттанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Асылқожа Құрманбаев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.

Шын мәнінде, олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың І жартысы өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айрықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан-жақты көзі ашық алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман еді.

Сондай –ақ  Қазақстанда педагогика заңдылықтарының жүзеге асып, жетілуіне сол кезеңде өмір сүрген ағартушылардың еңбегі зор. Мысалы: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлихановтармен қатар оқытып білім ісіндегі әлемдік деңгейдегі жол-жосыққа зейін аудара отырып, қазақ халқының тарихи даму жағдайына үйлесімді педагогикалық, психологиялық еңбектер жазған зиялылар қауымы үлкен үлес қосты. Атап айтқанда Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов т.б. педагог-ұстаздар білім беріп оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдарын, оқушылармен жұмыс істеудің әдістемелерін жан-жақты талдауға ат салысты.

XX ғасырдың І жартысында Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының қоғамдық, саяси, мәдени, ағарту істеріне белсене араласып, бар күш-жігерін, білімін оқу-білім жолына арнаған. Ол қазақ халқының мәдениет тарихында білгір педагог, қазақ тілі білімінің негізін салушы, ғылым-тюрколог, әдебиет зерттеуші, журналист, қоғам қайраткері, елінің рухани жетекшісі ретінде танылды.

Ел-жұртының мақтанышы болған Ахмет Байтұрсыновты ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай бағалаған еді: “… Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп елін ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек жеңін жиғызған “Қазақ” газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң “Маса” болып талай ызыңдап, “оятамын” деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын ”.

Ислам дінінің  қазақ арасында кеңінен етек алып жайылуынан қатты күдіктенген кісінің бірі –халқымыздың мақтанышы аса дарынды ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлиханов [   ].

Ол кісі жағдайға байланысты  “Татар молдалары мен Орталық Азия ишандарының әрекеттері арқасында қазақ барған сайын мұсылманшылық жолға түсіп барады. Қазір қазақтың кейбір сұлтандары, байлары әйелдерін оңаша үйде ұстайтын болды; қазақтар Меккеге баратынды шығарды, жырлар айту орнына пайғамбарлар туралы жыр, ертектерді айтады, діни хиссаларды оқиды. Тегі еуропалық мәдениетке Ресейдің Византия дәуірін басынан өткізіп жеткені секілді, қазақ халқы татар дәуірін  басынан өткізіп жететін болар.  Бұл-оның болашағы бұлдыр, қараңғы деген сөз ”- деп аса бір өкінішпен, торығушылықпен жазған еді. “Әр тәрбиешінің қолданатын жолы-  ұлт тәрбиесі”. “Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жолы бар. Осыған орай белгілі педагог Мағжан Жұмабаев жағы көп болғаны сияқты жамандық жағы да көп”- деп жазған. Осы мақсатқа орай белгілі ағартушы Міржақып Дулатовтың “Ақтөбе гимназиясы хақында” мақаласы да жарық көрген болатын. Бірақ  көп жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлықпен  қырып-жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орны толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды ауқымының қарыштап дамуына үлкен нұқсан келді.

ХХ ғасырдың басында қазақстанның тарихи өмірінде елеулі өзгерістер, аса бір алмағайып оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, бұл кезеңде қазақстанның барлық территориясы Ресей империясының ішкі отарына айналып,  өзінің   саяси-экономикалық дербестігінен айрылған,  орыс мемлекетінің құрамдас бөлігі ретінде танылды.

Бірнеше ғасыр бойы ұлы далада қалыптасқан көшпелі цивилизацияның рухани, мәдени, саяси-құқықтық жүйелері дағдарыс шырмауығына маталып, қазақ қоғамында бұрын мүлдем беймәлім болып келген құбылыстардың орын тебе бастағанына Ресей ықпалы тигендігі анық еді. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет