Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
№ 244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің
физика пәні мұғалімі Кулькеева Айжан Балтабаевна
Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың заттың тығыздығы тақырыбын игеру барысында алған білімдеріне тереңдету, бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.
Дамытушылық: Оқушыларға әр түрлі қатты денелердің тығыздығын анықтау арқылы, экспериментке деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен жұмыс істеуі, өзін-өзі басқаруына ықпал ету.
Көрнекілігі:Тест тапсырмасы, есептер, эксперименттік карточкалар, мензурка, таразы, жүктер жиынтығы, тығыздығы анықталатын әртүрлі заттар.т.б.
Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ, сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, жаратылыстану, математика, әдебиет.
Сабақтың әдісі: топтап оқыту, тренинг, демонстрациялық, саяхат, иллюстрациялық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
масса дегеніміз не ?
ол қандай әріппен белгіленеді ?
екі дененің массаларының қатынасы неге тең ?
массаның өлшем бірліктері қандай ?
массаны немен өлшейміз ?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Масса дегеніміз- денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесіе сипаттайтын физикалық шама болып табылады.
Өлшем бірлігі килограмм.(кг)
ІҮ. Жаңа сабақ:
Бізді қоршаған денелердің барлығы қандай да бір заттан: ағаштан, темірден және тағы да басқа заттардан жасалады. Барлық денелердің өздеріне тән пішіні көлемі, ауданы, массасы т.б өлшемдері болады. Денелердің осындай сипаттамаларын өлшеулер жүргізу арқылы анықтаймыз. Мысалы: дененің масссасын таразыға тартып анықтаймыз. Дененің массасы оның өлшеміне, қандай заттан жасалғанына тәуелді. Мысалы, 1 м темір 1 м қорғасыннан жеңіл, ал 1 м алюминийден ауыр болады. Демек, көлемдері бірдей денелерді салыстыра отырып, олардың ауыр-жеңіл екендігін анықтай аламыз. Бұдан, заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық шама енгізіледі.
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.
ρ = m / v
тығыздық = масса / көлем
зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің Халықаралық жүйесінде килограмның метр кубқа қатынасы алынған.
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау
тығыздық дегеніміз не ?
өлшеу бірліктері.
белгіленуі.
Барлық заттардың тығыздықтары бірдей ма ?
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту
Алдыңғы тақырыптағы үй тапсырмасы - дене массасымен байланыстырамын. Балалар, біз бүгін заттың тығыздығы тақырыбын өттік. Осы тақырып бойынша алған білімімізбен жүйелі білім пойызына мініп, сонау қасиетті Оқшы ата қорымына қарай саяхат жасайық. Ондағы аталарымыздың кесенелеріне барып зиярат етіп қайтайық.
Балалар тарихи мәдени мұраларды зерттеу игеру жөніндегі Президенттің 2003 жылғы сәуір айындағы жолдауында айтылған. Осыған байланысты Үкімет «Мәдени мұра »бағдарламасын қабылдап оған 3 млрд. теңге ақша бөлді. Енді біз бүгінгі сабағымызда осы бағдарламаға сай мәдени ескерткіштерге барып, өз үлесімізді қосайық.
Ол үшін үш топтан топ жетекші сайлап алайық. Олар менің көмекшілерім болады. Енді жолға шығалық.
Міне, біз Есабыз Ата мешітіне де келіп қалдық. Бұл жерде бізген берілетін тапсырма тест түрінде екен.
Заттың тығыздығы дегеніміз не ?
А) денелердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде жылдамдық өзгерісін сипаттайтын физикалық шама.
Б) заттың көлем бірлігіндегі массасына тең шама
В) Пішіні күрделі ыдыстың көлемін анықтауға қажет шама.
денелердің бір-біріне әрекет етуі не деп аталады ?
А) өзара әрекеттесу.
Б) қозғалыс траекториясы
В) дененің массасы
3) массасы 3 кг, көлемі 200 см 3 заттың тығыздығы қандай ?
А) 1,5*104 кг / м3
Б) 2,5*104 кг / м3
В) 0,5*104 кг / м3
Мына алдымызда тұрған Ғайып Ата қорымы. Бізге бұл жерде мынадай тапсырма беріліпті: осы жердегі майда тастарды алып, олардың тығыздығын табу керек.
Мінекей, Қыш Ата қорымына да келіп қалдық. Біз бұл жерде, бір-бірімізге ашық хат жолдаймыз.(әр топ өздері дайындаған 3 сұрақтарын бір-біріне ауыстырып, жауап береді).
Алдымызда көрініп тұрған Есабыз Ата кесенесіне де келіп жеттік. Бұл жерде құрылыс материалдарына арналған есептерді шығарамыз. Бұл тапсырманы тақтаға топ басшылары орындасын.
№ 1 есеп.
Берілгені:
а – 15 см
в – 10 см
с – 7 см
ρ – кірпіш
табу керек m
№ 2 есеп
m – 2кг
ρ – гранит
табу керек v
№ 3 есеп
v – 2 м 3
ρ - су
табу керек m
Мінекей балалар, біз Оқшы Ата мешітіне де жеттік. Осы жерде біз алған ұпайларымызды есептеп, қай топ жеңіске жеткенін анықтайық.
ҮІІ. Қорытынды.
Бағалау.
Үйге тапсырма: заттың тығыздығы, 12 – жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |