Сабақтың тақырыбыМәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі. Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы. Қазақстан көшпенділерінің мәдениеті



Дата14.11.2022
өлшемі9,46 Kb.
#49976
түріСабақ

Сабақтың тақырыбыМәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі. Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы. Қазақстан көшпенділерінің мәдениеті

Мәдениет нысандары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника.


Мәдениет
Мәдениет-әрбір халықтың ғасырлар бойы қордалап, сұрыптап, електеп өткізіп жинақталған материалдық және рухани қазынасы, игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, діні, тілі, танымдық айшықтары, көзқарастар жүйесі, халықтың өзіндік ұлттық қабілеті, басқа халықтардан айырмашылығы және өзін әрі қарай өркендететін қайнар бұлағы. Ол адамдардың рухани өмірінің барлық саласын қамтиды және көркемдік, эстетикалық, тағылымдық, танымдық өрнектері арқылы өзін әлемге паш етіп отырады.


Мәдениет формалары
Миф
Мораль
Саясат
Өнер
Философия
Ғылым
Дін
Құқық
Техника
МИФ
Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.
Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды
Миф туралы ғалымдардың зерттеулері
Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.
Малиновскийдің пікірінше, миф – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке мифті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер.
Өнер
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды.
Өнер түрлері
көркем әдебиет,
музыка,
мүсін,
кескіндеме,
театр,
кино,
би,
сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
ДІН
МОРАЛЬ
• Мораль (латын мораліс – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт, яғни әлеуметтік сапалар жиынтығы.[1] Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады
Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:
Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
• Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
ҚҰҚЫҚ
• Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
ҒЫЛЫМ
• Ғылым (лат. сціентіа — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.
Орындаған: Сейдуалиева Аяулым
Факультет: ТФП
Топ: ТФП 22-042 1к

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет