Сабақтың типі: Сынып сағаты Сабақтың түрі: Өздіктерінен жұмыс істеу



бет1/7
Дата31.12.2021
өлшемі51,24 Kb.
#21778
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі»

Мақсаты:

Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Сынып сағаты

Сабақтың түрі: Өздіктерінен жұмыс істеу

Сабақтың әдіс-тісілдері: түсіндіру, білім беру, оқыту, оқу.

Тәрбиеші: Жакупова А.М.

Сынып: 11

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды мазайка арқылы екі топқа бөлу.

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)



ІІ. Миға шабуыл: сыбайлас жемқорлыққа байланысты «СТОП Коррупция!» видеоролигі көрсетіледі (роликтегі жағдайды ортаға салып талқылайды, сыбайлас жемқорлыққа анықтама береді, постер немесе кластер жасайды да қорғайды)

Ассоциация:

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. 

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет