Сабақтың түрі бойынша таралуы Модулдің (курстың) мақсаты, міндеттері, қысқа мазмұны Оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет1/43
Дата12.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#3923
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

5В060700- БИОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ 
Пән коды 
Пәннің аты, кредиттер 
саны, пререквизиттер, 
сабақтың түрі бойынша 
таралуы 
Модулдің (курстың) мақсаты, міндеттері, қысқа мазмұны 
Оқыту нәтижелері 
(білімдер, біліктіліктер, дағдылар) 
МЕМЛЕКЕТТІК  МІНДЕТТІ МОДУЛЬ 
КТ1101 
Қазақстан тарихы 
3 кредит/ 5ECTS 
Пререквизиттер: жоқ 
2+1+0 
Мақсаты: білім алушыларды тарих негіздері мен тәуелсіз Қазақстан 
мемлекетінің қалыптасу кезеңдерімен нақты деректер мен тарихи айғақтарды 
оқыту арқылы жаңа теориялық және әдіснамалық көзқарастар тұрғысынан та-
ныстыру.   
Қысқаша мазмұны. Тарих негіздері және Қазақстан мемлекетінің қалыптасу 
кезеңдері. Әртүрлі өткен тарихи кезеңдерімен қалыптасқан Қазақстан 
мемлекетінің қазіргі жетістіктеріне тарихи-салыстырмалы талдау жасау. 
- бүкіләлемдік және еуразиялық  тарихи үдеріс контексінде тәуелсіз Қазақстан 
мемлекетінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи негіздерін білу; 
- қазақстандық даму моделінің имманенттік басымдылықтарын, ерекшеліктері 
мен маңызын шынайы және жан-жақты білу; 
- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстар мен қазіргі Қазақстанның тарихи 
тұлғаларын оқыту барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау жасау 
дағдысын меңгеру; 
КВК(О)Т 
1102 
Кәсіби бағдарлы қазақ 
(орыс) тілі  
3 кредит/ 5 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ 
0+3+0 
Мақсаты: студенттерді қазақ тілінде (орыс тілінде) тұрмыстық, ғылыми және 
кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. 
Қысқаша мазмұны. Қазақ тілінде (орыс тілінде) тұжырымдамалық 
негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі 
әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР 
конституциялық-құқықтық негіздерімен   қазақ тілінің қызмет ету мен даму  
үдерістерінің қатынасы. 
– қазақ тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы 
іргелі білімдерді  кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық 
бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана  білу;  
- қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды 
құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай  
білу. 

KBShT1103 
Кәсіби  бағдарлы шетел тілі  
3 кредит/ 5 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ 
0+2+1 
Мақсаты: студенттерді шет тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. 
Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби 
терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын 
дамыта отрып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы 
кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу 
барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас 
жүргізу дағдыларын дамыту. Курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-
Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге 
арналған. 
- шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; 
- шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының 
болуы; 
- оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру. 
 
GTF2104 
Ғылыми таным философиясы  
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ 
1+1+0 
Мақсаты: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия 
ғылымы саласында  іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі 
мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар 
пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-
техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде 
ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық 
мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. 
Қысқаша мазмұны. Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, 
танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін  білу. 
Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби 
қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және 
әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін 
меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық 
қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық 
қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі  төзімділік қағидалары мен мәдениаралық 
диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Студенттерде сыни ойлау мәдениеті 
мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын 
- дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, 
әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен 
өзарабайланысын білу; 
 - танымдық қызметтің  негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін 
білу; 
- қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі 
маңызын білу; 
- сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени 
жағдаяттардың шынайылығын  дұрыс қабылдай білу; 
- кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын 
және категорияларын қолдана білу; 
- шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау 
инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен 
үдерістерді талдауда қолдана білу. 
 

қалыптастыру. 
ӘЛЕУМЕТТІК – КОММУНИКАТИВТІ МОДУЛЬ 
TKP 2201 
Тұлғааралық 
коммуникацияның 
психологиясы  
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ 
1+1+0 
Мақсаты: Қазіргі әлемде тұлғааралық коммуникация туралы психологиялық білімдердің 
орны мен рөлін студенттерге түсіндіру, таңдаған мамандығы бойынша кәсіби қалыптасу 
үдерісінде олардың маңызын анықтау. 
Қысқаша мазмұны. Студенттердің  тұлғааралық коммуникацияның қазіргі 
психологиясының негізгі парадигмаларын, теориясы мен концепцияларын оқытуда  
білімдерін жүйелеу. Тұлғааралық коммуникацияның психологиялық мәселелерін 
танымдық үдерістерді, психикалық жағдайлар мен тұлғаның жеке-психологиялық 
ерекшеліктері негізінде теориялық және эмпирикалық зерттеу. Әлеуметтік 
психологияның негізгі категориялары мен ұғымдары, әдіснамалық негіздері, негізгі 
теориялары, тұжырымдамалары мен түрлері, даму заңдылықтары, әдістері мен 
тұлғааралық коммуникацияны зерттеу тәсілдері, жаңа психологиялық әдістер мен 
тұлғааралық коммуникацияны зерттеу технологиясы. 

- тұлғааралық коммуникацияның психикалық құбылыстар жүйесін танымдық үдерістер 
мен реттеуші жағдайлар бірлігінде білу;  
- тұлғааралық коммуникацияның қазіргі психологиясының теориялық-әдіснамалық  
негіздерін білу; 
- тұлғааралық коммуникацияның қазіргі психологиясыныңнегізгі ұғымдары мен 
категорияларын білу; 
- тұлғааралық қарым-қатынас жағдайында алынған психологиялық білімдерді нақты 
қолдана алу; 
-  тұлғааралық қарым-қатынас жағдайында оның жеке тұлғалық қабілеттерін анықтау мен 
психологиялық мінездемесін қалыптастыруда адамның жеке өзіндік ерекшеліктерін 
зерттей алу; 
- тұлғааралық қарым-қатынас жағдайында және топтық өзараәрекеттесуде өзге 
адамдармен қарым-қатынас жасау жүйесін сауатты түрде орната білу; 
- тұлғааралық қарым-қатынаста психологиялық зерттеу жүргізудің дағдыларын меңгеру, 
оны өткізу, алынған мәліметтерді өңдеу мен нәтижелерін сауатты түрде көрсете білу; 
- тұлғааралық қарым-қатынас жағдайында тұлғаны жетілдіруге септігін тигізетін 
практикалық ұсыныстарды жасаудың дағдыларын меңгеру; 
-   тұлғаның үйлесімді дамуы мен сыртқы ортамен қарым-қатынас мақсатында 
тұлғааралық қарым-қатынасты бағалау мен түзету дағдыларын меңгеру. 
TKA2202 
Теориялық және қолданбалы 
әлеуметтану 
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттері: жоқ 
1+1+0 
Мақсаты: қазіргі қоғам туралы жалпы түсінігін қалыптастыру; 
әлемде және Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік (стратификация 
мәселелерін, әлеуметтік теңсіздік, кедейлік пен байлық, әлеуметтік, діни, 
экономикалық және саяси қақтығыстарды) үдерістерді білу;  
Қысқаша мазмұны. Адамдар арасындағы әлеуметтік өзараәрекеттер, олардың 
арасындағы әлеуметтік және топтық өзгешеліктер сипаттамасы. Қоғам 
дамуының заңдылықтары, негізгі социологиялық ұғымдар, социологиялық 
зерттеу әдістері, қазіргі социологиялық категориялар,  
Әлеуметтану саласындағы негізгі бағыттар мен қазіргі зерттеулер нәтижесі. 
- қоғамда болып жатқан үдерістер мен құбылыстарды өзбетінше талдай жасай 
алу;  
- кәсіби мәселелерді шешуде балама, жаңа немесе инновациялық тұғырларды 
тұрақты қолдана білу; 
- өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс және дәлелді түрде тұжырымдай білу; 
-  игерген білімдерін нақты жағдаяттарда қолдана білу; 
- әлеуметтік өзара қарым-қатынас дағдыларын меңгеру: серіктестік, төзімділік 
пен сыйласымдылық және т.б. 
- әлеуметтік болжау және жобалау, көпшілікке сөйлеу, дәлелдеу, пікірталас 
жүргізу және пікірталас тудыру дағдыларын меңгеру. 
 
ZhAOE 2203 
Жеке және әлеуметтік өрлеу 
этикасы  
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ 
1+1+0 
 
Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала-
рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. 
Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика 
нормаларының қалыптасу  мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. 
Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі 
үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін 
қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысымен таныстыру, 
тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық 
бағдарлардың мазмұнын ашу. 
- негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; 
- этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік 
жағынан  өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; 
- күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді 
іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; 
- өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және 
мораль нормалары тұрғысынан бағалау. 
 
 
 
MD 2204 
Мәдениет және дін  
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ 
1+1+0 
Мақсаты: Қазақстанның мәдениеті мен дінінің негізгі ерекшеліктерімен таны-
стыру, Қазақстан халықтарының мәдени және діни  эволюциясын қарастыру. 
Қысқаша мазмұны. Қазақстан аймағының мәдениет пен дін құбылыстарын 
зерттеу үшін мәдениеттану мен дінтану әдістерін, «диалог» ұғымын 20-21 
ғылыми дүниетанымды, этикалық және мәдени төзімділікті білу; 
өткен және бүгінгі діни немесе діни емес дүниетанымның базалық 
құндылықтарының иерархиясына салыстырмалы талдау жасай алу; 
негізгі дүниетанымдық мәселелерді шешуде философия, ғылым, дін және 

ғасырдың гуманитарлық ғылымының басты категориясы ретінде түсіну, 
сонымен қатар теориялық тілдің өзіндік ерекшелігін оның  негізгі 
экзистенциалдық және әлеуметтік-мәдени параметрлерін, шегі мен көкжиегінің 
сипаттамасын білу. 
Диалогтың онтологиялық негізі ретіндегі адамның метафизикалық және діни 
тәжірибесінің арнайы сипаттамасы. 
өнердің мүмкіншілік өзараәрекеттесу перспективасын болжай алу; 
- аймақтық  мәдени құбылыстардың синхрондық және диахрондық 
байланысын анықтай алу, олардың себептері мен салдарын көрсете білу; 
 - этномәдени және кәсіби ерекшеліктерін ескере отырып төзімділік мінез-
құлық, әлеуметтік және кәсіби өзараәрекеттестік дағдыларын меңгеру. 
ZhKA2205 
Жалпы және қолданбалы 
әлеуметтану  
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ 
1+1+0 
 
Мақсаты: қазіргі қоғам туралы жалпы түсінігін қалыптастыру; 
әлемде және Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік (стратификация 
мәселелерін, әлеуметтік теңсіздік, кедейлік пен байлық, әлеуметтік, діни, 
экономикалық және саяси қақтығыстарды) үдерістерді білу;  
Қысқаша мазмұны. Адамдар арасындағы әлеуметтік өзараәрекеттер, олардың 
арасындағы әлеуметтік және топтық өзгешеліктер сипаттамасы. Қоғам 
дамуының заңдылықтары, негізгі социологиялық ұғымдар, социологиялық 
зерттеу әдістері, қазіргі социологиялық категориялар,  
Әлеуметтану саласындағы негізгі бағыттар мен қазіргі зерттеулер нәтижесі. 
- қоғамда болып жатқан үдерістер мен құбылыстарды өзбетінше талдай жасай 
алу;  
- кәсіби мәселелерді шешуде балама, жаңа немесе инновациялық тұғырларды 
тұрақты қолдана білу; 
- өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс және дәлелді түрде тұжырымдай білу; 
-  игерген білімдерін нақты жағдаяттарда қолдана білу; 
- әлеуметтік өзара қарым-қатынас дағдыларын меңгеру: серіктестік, төзімділік 
пен сыйласымдылық және т.б. 
- әлеуметтік болжау және жобалау, көпшілікке сөйлеу, дәлелдеу, пікірталас 
жүргізу және пікірталас тудыру дағдыларын меңгеру. 
 
ATK 2206 
Адам тіршілігінің қауіпсіздігі  
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ 
1+1+0 
Мақсаты: адамның еңбек ету аймағында жайлы жағдай жасау үшін қажетті 
практикалық дағдылар мен теориялық білімдерді меңгеру, тіршілік ету 
ортасының жағымсыз әсерін сәйкестендіру және адамның,  өмір сүру 
ортасының жағымсыз әсерлерден қауіпсіздік шараларын жасау және жүзеге 
асыру. 
Қысқаша мазмұны. Негізгі табиғи және техносфералық қауіптер, олардың 
қасиеттері мен сипаттамасы, адамға және табиғи ортаға, зиянды және қауіпті 
факторлардың әсер ету сипаты, олардан қорғану әдістері. Қауіпті құбылыстар 
мен үдерістердің негізгі теориялық талдауы мен болжамы.  
-  адамның еңбек ету аймағында  қолданылатын табиғи және техносфералық 
қауіптерден қорғану әдістерін білу; 
- төтенше жағдайлар (ТЖ) туындаған кезде өзінің өкілеттілігі щеңберінде 
шешім қабылдай алу; 
- адамның тіршілік ету аймағындағы негізгі қауіптерді теңестіре білу және оны 
жүзеге асыруда  қауіптілігін бағалай алу; 
- төтенше жағдайларда қорғану тәсілдері мен технологияларын меңгеру. 
 
ETD 2207 
Экология және тұрақты даму  
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиті: жоқ 
1+1+0 
Мақсаты: экология мен тұрақты даму бойынша білім алушыларды  кең 
профильдегі білікті мамандарды дайындау үшін жүйелі теориялық және 
практикалық білімдермен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау мен 
табиғатты тиімді пайдалану. 
Қысқаша мазмұны. Тірі организмдердің қоршаған ортамен 
өзараәрекеттесудің негізгі заңдылықтары; экожүйе мен биосфераның 
тұрақтылығы мен қызмет ету механизмдері; қазіргі экономикалық, саяси және 
әлеуметтік мәселелерді шешуде экологияның орны мен рөлі; қазіргі заманның 
жаһандық экологиялық мәселелері, себептері, қалыптасу кезеңдері мен 
салдары. Пәнде ең маңызды орынды табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы  мен 
қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық серіктестік туралы мәселелер 
алады..  
- табиғи және анторпогендік экологиялық үдерістерді және оны реттеудің 
мүмкіндік жолдарын анықтай алу мен талдау жасай алу ; 
- биосфераның тұрақтылығын сақтау мен социумды катастрофиялық 
тығырықсыз дамыту мақсатында шаруашылықтың және адамдардың өмір 
сүруінің дәстүрлі түрлерін жоспарлы өзгертуге бағытталған адамзаттың 
тұрақты дамуында қазіргі тұжырымдамада және стратегияда шешім таба білу; 
- тірі организмдер мен қоршаған ортаның өзараәрекеттесу заңдылықтары 
туралы білімдерін тұрақты дамуды сақтау үшін практикалық қызметте қолдана 
білу; 
- экологиялық үдерістерді талдау, нақты міндеттерді, табиғат пен қоғамның 
түрақты даму басымдылықтарын қоя білу дағдыларын меңгеру. 
 
KK 2208 
Қазақстандық құқық 
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиті: жоқ 
1+1+0 
 
Мақсаты: Қазақстанның құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру, 
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер базасының негізігі 
ережелерін қарастыру. 
Қысқаша мазмұны. Қазақстанның құқықтық жүйесі, Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілер базасының негізгі ережелері. 
Құқықтық мемлекет, демократиялық қоғам және әлеуметтік мемлекет құрудың 
теориялық негіздері. Қазақстанның 2010-2020 жж. арналған Тұжырымдамалық 
құқықтық саясатының негізгі бағыттары мен «Қазақстан – 2050 «Стратегиясы». 
- қазіргі жағдайларда тарихи-құқықтық контексте  отандық заңнамалардың 
құқықтың әлемдік жүйесіне кірігуінде қазақстандық құқықтық жүйе 
ерекшеліктерін білу.  
- ғылыми-теориялық білімдерді конституциялық құқық пен бостандықты 
қорғау және өміршеңдік жағдайында еркін қолдана білу.  
 

EN 2209 
Экономика негіздері  
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиті: жоқ 
1+1+0 
Мақсаты: экономиканың қызметіндегі негізгі категориялар, ұғымдар мен 
заңдылықтар туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру.  
Қысқаша мазмұны. Әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар. Негізгі 
микро- және макроэкономикалық көрсеткіштер, оны есептеу әдістері.  
Нарықтық бағалау-білім беру, бәсекеге қабілеттілік механизмі; экономикалық 
даму беталысы. Халықаралық экономикалық қарым-қатынастың қазіргі 
жүйесінің және әлемдік нарықтың даму беталысының экономикалық негіздері.  
- қоғамдағы экономикалық қайтақұрылымдардың,  логика мен қоғам 
өміріндегі құбылыстар мен үдерістердің өзарабайланысын білу; 
- кәсіби қызметте жүйелі экономикалық білімдерді қолдана білу. 
 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ (STEM) МОДУЛІ 
BioF2303 
Биофизика  
Кредит саны 3/5 ECTS.  
Пререквизиттер: физика, 
физиология человека и 
животных 
(2+0+1) 
 «Биофизики» 
студенттерге 
биофизикалық 
процестер 
мен 
құбылыстардың 
ерекшеліктері 
мен 
объекттері 
жөнінде, 
биологиялық  процестерге  қолданылатын  негізгі  биофизикалық 
көзқарастар  жөнінде  іргелі  білім  беру,  биофизиканың  негізгі 
заңдарымен және принциптерімен таныстыру.  
Пәнді оқытудың негізгі мәселелері: 

Студенттерге  биофизиканың  негізгі  тарауларынан  іргелі 
биофизикалық білім беру; 
-    Биофизиканың  іргелі  заңдылықтары  мен  қолданбалы  зерттеу 
жұмыстарын түсінуді қамтамасыз ету;  
-  Биофизиканың  маңызды  жетістіктерімен  және  оның  даму 
болашағымен таныстыру; 
-   Биофизика жетістіктерін биологияда қолдануға мүмкіндік беретін 
теориялық-қолданбалы ойлау негізін студенттерде қалыптастыру. 
 
БІЛУГЕ:  клеткалар  мен  тұтас  ағза  биофизикасының  негізгі  қағидаларын;  биологиялық 
процестер  мен  құбылыстар  негізінде  жатқан  негізгі  физикалық  заңдарды; 
термодинамиканың  бірінші  және  екінші  бастамаларын;  Гесс  заңын,  Пригожин  және 
Э.Бауэр 
принциптерін; 
биоэлектрлік 
және 
фотобиологиялық 
процестердің 
механизмдерін;  радиобиология  негіздерін  және  сәулелік  зақымдарды;  биологиялық 
ырғақтарды 
генерациялау 
механизмдерін; 
биожүйелердің 
электрөткізгіштік 
принциптерін; зерттеулердің негізгі биофизикалық әдістерін. 
Істей алуға: алған  теориялық  білімдері  мен  практикалық  дағдыларын  өздерінің  зерттеу 
практикасында пайдалану. 
 
Bioch 2417 
Биохимия 
Кредита саны 3/5 ECTS.   
Пререквизит:жоқ 
(2+0+1) 
Курс мақсаты – маңызды биологиялық қосылыстардың құрылымы 
мен  қасиеттерін  зерттеу,оларға  :  белоктар,  нуклеин  қышқылдары, 
көмірсулар,  липидтер  жатады;  олардың  организмде  химиялық 
айналулары  мен  осы  айналулардың  тіршілік  ету  негіздерін  түсіну 
үшін маңызын зерттеу. 
Курс  тапсырмалары  -    студенттерде  білімнің  және  биохимия 
саласындағы ептіліктің  белгілі деңгейін қалыптастыру; 
-  биологиялық  заттардың  негізгі  класстары  бойынша  білім  алу  ( 
олардың құрылысы, қасиеттері мен олардың әсер ету механизмі);  
- организмдегі негізгі метаболитикалық жолдар туралы білім алу;  
-  студенттердің  зертханалық  зерттеулердің  заманауи  әдістерін 
игеруі;   
Сабақтың міндеттерімен танысқаннан кейін студент білу керек: 
-  биологиялық  қосылыстардың  негізгі  класстарының  құрылымы  мен  атқаратын  қызметі,  
олардың  организмде  химиялық  айналулары  мен  осы  айналулардың  адам  организміне 
маңызы жайлы түсінігі болуы керек; 
Студент істей алуы керек: 
-    алынған  білімді  логикалық  өзара  байланысқан  түсініктер  жүйесі  ретінде  қабылдауы, 
практикалық  тапсырмаларды  орындау  кезінде  үйренген  өзінің  ғылыми  негізделген 
қорытындыларына,  бақылауы    мен  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  рационалды  және 
өздігінен әрекет етуге дайын болуы керек. 
Студент игеруі қажет: 
Биохимиялық зерттеулердің негізгі әдістерін игеруі керек. 
 
Bot1402 
Ботаника 1 
Кредита саны 3/5 ECTS.  
Пререквизит: жоқ 
(2+0+1) 
Курс 
құрылымдық 
ботониканың 
актуальды 
мәселелерін 
қарастырады.  Курстың  негізгі  мақсаты:  Өсімдік  клеткасының 
құрылымын, морфологиясын және анатомиясын зерттеу. Студенттер 
өсімдік клеткасының құрылысын, органографиясын және өсімдіктің 
құрылымдық  ерекшеліктерін,  олардың  тіршілік  формасын  және 
экоморфын зерттейді 
 
Маңызы: Өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін білу; 
-Өсімдіктердің  классификация  және  систематикасында  ботаника  бойынша  алынған 
білімдерді қолдана білу. 
 
Bot 1402 
Ботаника 2 
Кредит саны 3/5 ECTS.  
Пререквизиты: жоқ 
(2+0+1) 
Бұл  курс  өсімдіктердің  классификациясын,  систематизациясын, 
өсімдік номенклатурасын қарастырады. 
Студенттер  биологияның  төменгі  және  жоғарғы  сатыдағы 
өсімдіктерді зерттейді; 
Бастапқы 
таксономиялық 
топтардың 
су 
өсімдіктері, 
саңырауқұлақтар, 
лишайниктары, 
тамырлы 
Төменгі  және  жоғарғы  сатыдағы  өсімдіктердің  құрылымдық  ерекшеліктерін 
қарастырады; 
Систематикалық  өсімдіктер  мен  теоретикалық  шешім  бойынша,  практикалық  сұрақтар 
және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдану. 
 

өсімдіктер(архегониальды, гүлді өсімдіктер); 
Олардың 
классификациясы 
мен 
системациясының 
негізгі 
принциптерін қарастырады; 
 
Zoo2403 
Зоология 1 
Кредита саны 3/5 ECTS.  
Пререквизиты: жоқ 
(2+0+1) 
Модуль 
омыртқасыз 
жануарлар 
алуантүрлілігін, 
олардың 
эволюциясы  мен  тіршілік  етуінің  негізгі  заңдарын,  қорын  тиімді 
пайдаланудың  биологиялық  және  экологиялық  принциптерін 
қарастырады.   
Омыртқасыз    жануарлардың  көптүрлілігі  мен  олардың  қалыптасуының  негізгі 
заңдылықтарын,  негізгі  өкілдерінің  морфологиясын,  анатомиясын,  эволюция  мсен 
систематикасын және шаруашылықтағы маңызын білу; 
зоологиялық  зерттеулердің  әдістерін  пайдалануда,  ғылыми  сұрақтар  қоюда  біліктілік 
көрсету; 
далалық  және  лабораториялық  жағдайларда  ғылыми  материалдар  жинау  және  өңдеу 
әдістерін меңгеру. 
Zool 2404 
Зоология 2   
3 кредита/5 ECTS.  
Пререквизит:жоқ 
(2+0+1) 
Модуль 
омыртқалы 
жануарлар 
алуантүрлілігін, 
олардың 
эволюциясы  мен  тіршілік  етуінің  негізгі  заңдарын,  қорын  тиімді 
пайдаланудың  биологиялық  және  экологиялық  принциптерін 
қарастырады.   
Омыртқалы    жануарлардың  көптүрлілігі  мен  олардың  қалыптасуының  негізгі 
заңдылықтарын,  негізгі  өкілдерінің  морфологиясын,  анатомиясын,  эволюция  мсен 
систематикасын және шаруашылықтағы маңызын білу; 
зоологиялық  зерттеулердің  әдістерін  пайдалануда,  ғылыми  сұрақтар  қоюда  біліктілік 
көрсету; 
далалық  және  лабораториялық  жағдайларда  ғылыми  материалдар  жинау  және  өңдеу 
әдістерін меңгеру. 
Eko1405 
Экология  
3 кредита./5 ECTS   
Пререквизит: жоқ 
1+2+0 
 
Курстың  мақсаты  –  қоғам  мен  табиғатитың  орнықты 
дамуының  негізгі  заңдылықтары  туралы  түсінік  қалыптастыру, 
әртүрлі  деңгейдегі  тірі  организмдердің,  экожүйенің,    тіршілік 
етуінің,  биосфераның  және  оның  тұрақтылығының  негізгі 
заңдылықтарын  зерттеу;  биосфера  компоненттері  және  адамның, 
әсіресе  қарқынды  табиғат  пайдалану  жағдайында  шаруашылық 
жұмыстарының  экологиялық  салдары  арақатынастарының  негізгі 
заңдылықтары  туралы  білім  қалыптастыру;  экология,  қоршаған 
ортаны  қорғау  және  тұрақты  дамудың  күрделі  және  өткір 
мәселелерін  талқылаудың  кешенді,  шыншыл  және  творчестволық 
машықтарын құрастыру; 
 
-  тірі  организмдердің  тіршілік  ортасымен  қарым-қатынастарын анықтайтын  негізгі 
заңдылықтарын;  экологиялық  жүйелер  мен  биосфераның  тіршілігін;  табиғатты  үнемді 
пайдалану мен табиғатты қорғаудың негізгі принциптерін білу; 
-  табиғи  және  антропогенді  экологиялық  процестер  мен  оларды  шешудің  мүмкін 
жолдарын реттеуді және талдауды меңгеру; 
- экологиялық процестерді талдауға, алынған нәтижелерді экологиялық мәселелерді 
шешуге;  биосфера  дамуының  заңдылықтары  және  оның  тұрақтылығын  сақтау  бойынша 
білімге машықтандыру. 
 
KB1406 
Қазақстан биоресурстары  
3 кредита./5 ECTS   
Пререквизит:жоқ 
2+0+1 
Курста  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүніесінің  биологиялық 
алуантүрлілігі,  шикізат  алудың  және  оларды  тиімді  пайдаланудың 
жолдары  мен  Қазахстан  биоресурстарын  қорғау  мәселері 
қарастырылады. 
-биологиялық  ресурстардың  негізгі  түрлерінің  систематикалық  жағдайынан  қабардар 
болулары тиіс; 
- ресурстардың негізгі түрлерін есептеудің әртүрлі тәсілдерін қолдана білу  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет