Сабақтың түрі: Дағдылармен іскерлікті жетілдіру сабағы Сабақтың типі: Тәжірибе Сағат саны: 4 сағат



бет1/16
Дата31.12.2021
өлшемі3,44 Mb.
#21101
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Пән «Дерматовенерологиядағы мейіргер ісі».
Тақырып – № 5 «Венерологиялық аурулар. Мерез».

Сабақтың түрі: Дағдылармен іскерлікті жетілдіру сабағы

Сабақтың типі: Тәжірибе

Сағат саны: 4 сағат
Білім алушы игере білу керек

1. Венералық аурумен ауыратын науқастардың амбулаторлы картасын құру.

2. Шұғыл хабарландыру-іс қағазын толтыру.

3. Бозғылт трепонемаға патологиялық материалды алу.

4. Мерезбен ауыратын науқастармен жұмыс істегенде қол мен құралдарды дезинфекциялау.

5. Мерезге қарсы препараттарды екі моментті енгізу.


Тәжірибелік оқыту барысындағы қосымша материалдар.
Венерологиялық аурулар
Жыныстық қатынас арқылы жұғатын бір топ жұқпалы ауру лар венерологиялық ауруларына жатады (venus – латынша Шолпан, махаббат құдайы). Оларға мерез, соз, жұмсақ шанкр шаптың гранулемасы жатады.
Мерез (LUES)

Мерез адамның барлық мүшелері мен ұлпаларын зақымдайтын, емделмесе бірнеше жылға созылатын, ұрпаққа да өтетін жұқпалы созылмалы ауру.

Этиологиясы. Қоздырғышы бозғылт трепонема 1905 жылы табылған (Шаудин және Гоффман). Ұзындығы4-10 микрон, жуандығы 0,25 микрон, 8-10 шиыршықтан тұратын спирпль тәріздес микроорганизм. Ол өте тез қимылдайды. Қимылының бірнеше түрлерін байқауға болады – алға және артқа қарай, маятник тәрізді, толқынды, өзінің бойымен айналу. Трепонемалар көлденең бөліну арқылыкөбейеді. Кейбір мағлұматтарға қаағанда трепонема мерез қоздырғышының тек бір ғана даму сатысы. Мысалы Р.Р.Гльцер, Н.М.Овчинниковтың пікірі бойынша оның дән тәрізді көзге көрінбейтін түрлерінің болуы да ықтимал. Жасанды қоректік ортада трепонеманы өсіріп шығару өте қиын, дегенмен болады. Жоғары температураның әсерінен трепонема тез өледі, мысалы 40-42 градуста олар 3-6 сағатқа шыдайды,ең қолайлы температура оларға 37 градус. Керісінше төменгі температураға олар өте төзімді, мысалы минус 78 градуста бір жыл сақтауы мүмкін. Анилин бояуларын аз қабылдайды, сондықтан бозғылт деп аталған.Мерездің диогназын дәлелдеу үшін қолайлы тәсіл- трепонеманы қараңғыланған микроскоп арқылы іздеп табу. Бұл зерттеудің тиімділігі тек тірі трепонеманы табу емес, олардың әртүрлі қозғалысын көру және сол арқылы трепонемалардың басқа түрлерін ажыратуға мүмкіндік туғызады. Қараңғыланған микроскоппен зерттеу Тиндаль феноменіне негізделген: егер қараңғы бөлмеге кішкене саңылаудан күн сәулесін түсірсе, онда сол сәуле өткен жерде жарықта көрінбейтін көптеген майда тозаідар көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет