Сабақтың түрі Конференция сабақ



бет2/11
Дата30.04.2022
өлшемі0,75 Mb.
#32892
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Күтілетін нәтиже

  1. Темір құймалары және оның қолданылуы туралы теориялық білімдерін жүйелейді.

  2. Қазақстандағы қара және түсті металліргияның даму тарихын біледі..

  3. Металдар тақырыбында есептер шығаруды үйренеді.

Көрнекі құралдар

Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және сызбалар, бейне баяндамалар, тақта ретінде;

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту, біріккен ізденіс сабағы;

Сабақтың түрі

Конференция сабақ

Әдісі


Баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі;

Пән аралық байланыс

География, экология, экономика, тарих.


Сабақтың өтілу барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Тақырыптың (тапсырма) мазмұны

Оқушы әрекеті

Уақыты

1

2

3

4

5

Ұйымдастыру

Оқушылармен

амандасу, түгелдеу,

сабаққа даярлығын

қадағалау.



§39. Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары.


Мұғаліммен амандасады, сабаққа даяр отырады.

1 минут

Үй тапсырмасын сұрау

Тест сұрақтарын береді.


Тест тапсырмасы: (қосымша тіркеуде)

Тест сұрақтарына жауап береді.


5 минут

Жаңа тақырыпты меңгерту

Құрметті конференцияға қатысушы қонақтар, баяндамашылар, журналистер. Бүгінгі «Шойын мен болат» тақырыбына арналған пресс-конференцияны ашуға рұқсат етіңіздер. Алдымен бүгінгі конференцияда сөз алатын баяндамашылармен таныс болыңыздар:

  • Бірінші қатарда отырған тарихшы ғалым Ғаділ Нұрғазы Қабылұлы. Ол кісі шойын мен болаттың ашылу тарихы, ерте кездегі алыну үлгілерімен таныстырып баяндама оқиды.

  • Екінші қатысушымыз шойын мен болат өндіретін өнеркәсіптер мен бүгінгі күннің озық технологияларымен жабдықталған өндіріс ошақтарының тыныс – тіршілігін баяндайтын геогроф маман Ғалым Тілекқабыл Нұрұл.

  • Үшінші баяндамашымыз шойын мен болат өндірісі жөнінде домна пештерінің құрылысы жұмыс жасау принциптерімен таныстырып өтетін технолог маман - Салимгереев Еркебұлан.

  • Төртінші қатардан орын алған қара металлургия өндірісінің импорты мен экспорты жөнінде, қара металлургияның еліміздің эканомикасына тигізетін оң әсерлері, өнеркәсіптердің жұмыс жасауына кететін қаржы мен оның өтелуі турасында мағұлмат беріп өтетін келесі маман иесі экономист – Габдуллина Айымгүл.

  • Бесінші болып сөз алатын осы шойын мен болат өндіріс ошақтарның экологияға әкелетін өзекті проблемаларын және олармен күрес жөнінде сөз алатын конференцияға қатысушы қонағымыз эколог – Сүндеткалиева Гауһар.

  • Алтыншы баяндамашымыз Махамбетұлы Әлішер тұтынушы ретінде сөз алып шойын мен болат өнімдерінің пайдалану аясын, қолданылу салалары жөнінен хабардар ететін болады.




Темір – жер қыртысында таралуы бойынша екінші металл. Басқа металдардың ішінде оның тұтынылу үлесі 95% - ті құрайды. Металлургиялық зауттарда темір кендерін өңдеу арқылы таза темір емес, оның құймалары – шойын мен болат алынады.

Шойын - темірдің көміртек (2%-тен астам, әдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойын қара металлургияның бастапқы өнімі, ол темір оксидтерін көміртек (II) оксидімен CO немесе кокспен тотықсыздандырғанда түзіледі. Шойын морт келеді, соғуға және жаншуға көнбейді. Шойынның екі түрі бар: сұр және ақ. Сұр шойынның құрамында графит түріндегі көміртек бар. Ол техникада құю үшін қолданылады. Көптеген металдардан айырмашылығы - шойын қатайғанда ұлғаяды. Оның бұл ерекшеліктерін күрделі конфигурациялы әртүрлі тетіктер алуға және пішіндеп құюға қолданылады. Мұндай шойынды құю шойыны деп атайды, оның үлесіне шамамен барлық өңделетін құймалардың жалпы көлемінің 10% -і тиеді. Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған шойын, құйма шойын, арнаулы шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.

Болат— темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Болат өндіретін негізгі шикізатқа шойын мен металл сынықтары, қосымша оттекпен байытылған ауағ кейбір қоспалар жатады. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар). Химиялық құрамына қарай көміртекті және легирленген болат болып бөлінеді. Көміртекті болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар — күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады.

(Олай болса ендігі сөз кезегін тарихшы маманға берелік). (Жалғасы қосымша тіркеуде).



Конференцияға қатысып, өз пікірлерін айтады.

Тарихшы Ғаділ Нұрғазы Қабылұлы шойын мен болаттың ашылу тарихын таныстырып кетеді.


Географ Тілекқабыл Нұрұл шойын мен болат өндіретін өнеркәсіптер мен бүгінгі күннің озық

технологияларымен

жабдықталған өндіріс

ошақтарының тыныс –

тіршілігін баяндайды.

Технолог Салимгереев

Еркебұлан шойын мен

болат өндірісі жөнінде

домна пештерінің

құрылысы жұмыс жасау

принциптерімен

таныстырып өтеді.


Экономист – Габдуллина Айымгүл қара металлургия өндірісінің импорты мен экспорты жөнінде, қара металлургияның еліміздің эканомикасына тигізетін оң әсерлері туралы айтып кетеді.


Эколог – Сүндеткалиева Гауһар шойын мен болат өндіріс ошақтарның

экологияға әкелетін өзекті

проблемаларын және

олармен күрес жөнінде сөз

алады.


Тұтынушы – Махамбетұлы Әлішер шойын мен болат өнімдерінің пайдалану аясын, қолданылу салалары жөнінен хабардар етеді.

28 минут

Бекіту

Қосымша сұрақтар қояды.

1) Болаттың құрылымын жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

2) Пайдалану ретіне қарай болат қандай негізгі топтарға бөлінеді?

3) Шойынды болатқа өңдеудің қандай технологиялық әдістері бар?

4) Қазіргі уақытта қандай экологиялық оң шешімін тапқан жаңалықтар бар?

5) Темірді кеннен домна пешін қолданбай тікелей алудың артықшылығы неде?

6) ТМД елдеріндегі қара металлургияның маңызды даму тенденциялары қандай?



Сұрақтарға жауап береді.

3 минут

Қорытындылау

Жаңа сабақты игере, қорыта отырып оның жетістіктері туралы айтады.

Темірдің аса бағалы өнімдері, оның құймалары – шойын мен болат. Олар қазіргі өнеркәсіп пен техникада кеңінен қолданылады.

Мұғалімді тыңдап,

бағаланады.



1 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет