Сабақтың түрі Тәжірибе лік сабақ Мақсаты, міндеттері



Дата18.02.2023
өлшемі68,36 Kb.
#69000
түріСабақ

Жетісу гуманитарлық-техникалық колледжі

Оқу сабағының жоспары № 21


Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару. Ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау
Модуль /пән атауы Физика
Педагог Бактын А.Ф. дайындады 2023 жылғы «02»

  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ 1-курс: 101, 103
Сабақтың түрі Тәжірибе лік сабақ

  1. Мақсаты, міндеттері

11.5.1.1 — ауадағы тұрғын дыбыс толқындарының пайда болуын зерттеу;
11.5.1.2 — графикалық әдісті қолданып түйіндер мен шоғырларды анықтау және тұрғын толқындардың пайда болуын түсіндіру

  1. Күтілетін нәтижелер

-Ауадағы тұрғын дыбыс толқындарының пайда болуын зерттейді;
-Графикалық әдісті қолданып, түйіндер мен шоқтықтарды анықтай алады және тұрғын толқындардың пайда болуын түсіндіре алады;
-Гюйгенс принципін және механикалық толқындарда дифракциялық көріністі бақылаудың шарттарын түсінеді

  1. Қажетті ресурста

Физика 11, Арман ПВ баспасы, Жаратылыста математикалық бағыт.
Таянышқа қойылған болат шыбық немесе камертон, резеңке балға, бір-біріне енетін құбырлар жиынтығы.

  1. Сабақтың барысы

8-зертханалық жұмыс.
Ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау
Құрал-жабдықтар: таянышқа қойылған болат шыбық немесе камертон, резеңке балға, бір-біріне енетін құбырлар жиынтығы.
Жұмыстың мақсаты: тұрғын толқынның қасиетіне негізделген әдіс арқылы ауадығы дыбысжылдамдығын анықтау.
Тапсырма. Дыбыс толқындарының интерференция құбылысын пайдаланып, ауада таралатын дыбыстың жылдамдығы мен дыбыс толқынының ұзындығын өлшеңдер.
Жұмыстың теориясы. Серпімді тұтас ортаның бір бөлігіндегі механикалық тербелістерді қоздырсақ, орта бөлшектерінің өзара әсерлесуінің нәтижесінде көрші бөлшектер тербеліске түсіп қоза бастайды, одан соң келесі бөлшектер бара-бара алыс бөлшектер де қозады. Бөлшектердің тербеліс периодына (Т) тең уақыт аралығында тербеліс процесі таралатын қашақтықты толқын ұзындығы () деп атайды.
Толқынның таралу жылдамдығын анықтау үшін толқын ұзындығын және тербеліс периодын (Т) немесе тербеліс жиелігін (v) білу керек:

немесе

Бұл жұмыста дыбыс толқындарының көзі ретінде камертон (шығаратын дыбыс толқының жиелігі v=517Гц) немесе екі резеңке таянышқа қойылған болат шыбық қолданылады. Егер дыбыс көзін құбырдың бір ұшына жақындатсақ, онда дыбыс тербелістері оның ішінде таралады. Құбырдың екінші ұшына жеткен дыбыс толқыны толығымен болмаса да шағылады және кері бағытта таралады. Түскен және шағылған дыбыс толқындарының тербелістері қосылыды. Екі толқынның қосылуынан тұрғын толқынды аламыз. Ендеше, толқындар когерентті болғандықтан олардың интерференциясы байқалады. Тербеліс амплитудасының максимум шарты

мұндағы l - түскен және шағылған дыбыс толқындарының жүріс айырымы, n=1, 2, 3, …-бүтін сандар.
Егер де толқынның екі жағы да ашық болса, онда түскен және шағылған дыбыс толқындарының жүріс айырымы құбырдың бір шетінде екі еселенген құбырдың ұзындығына тең болады:

Егер тәжірибеде дыбыс толқындарының интерференциялық максимумы байқалатын құбырдың минимал ұзындығын lmin анықтасақ, онда (3) және (4) теңдеулерден n=1 болғанда

тең болады.
Олай болса, дыбыс толқындарының таралу жылдамдығы мынаған тең:

Жұмыс барысы:

  1. Резеңке балғамен камертонды немесе резеңке таяныштарда тұрған болат шыбықты соғып тербелісті қоздырыңдар.

  2. Бірі екіншісінің ішіне салынған құбырларды дыбыс көзіне жақындатыңдар. Бір құбырды екінші құбырдың ішінде қозғай отырып, дыбыстың қаттылығы максимал болатындай олардың өзара орналасуын белгілеп алыңдар (2-сурет).

  3. Дыбыс толқындарының тербеліс амплитудасы максимум болатын шарт орындалатын құбырдың жалпы ұзындығын l шешіңдер.

  4. (5) және (6) формулалар арқылы дыбыс толқынының ауадағы таралу жылдамдығы мен толқын ұзындығын есептеңдер.
    Қосымша тапсырма.

  1. Құбырдың бір ұшы жабық болған жағдайда тәжірибені қайталаңдар.

  2. Құбырдың жабық жағынан толқын шағылғанда жарты толқын ұзындығын жоғалтады, бұл жағдайда толқынның жүріс айырымы l мынаған тең:
    
    n=1 болғанда интерференциялық көріністің максимум шарты бойынша 

  1. Қорытынды жасаңдар.


 2-сурет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет