Сабақты зерттеуді (Lesson Study) қалай өткізуге болады? Мұғалімдер бір-бірінің ашық сабағына жиналғанда маған «Коммандос»



бет3/3
Дата23.02.2022
өлшемі40,56 Kb.
#26195
түріСабақ
1   2   3
2-сабақ. Бейсенбі. 1) Lesson Study тобының №4 отырысы: СЖ№1-ге өзгерістер енгізу, СЖ-2 құрастыру. 2) Проблема мен мақсатты, құралдар мен бақыланатын оқушыларды айқындау.

Жұма. 1) Оқушылардан  сабаққа дейін интервью алу. 2) Lesson Study тобының №5 отырысы: СЖ №2-ге өзгерістер енгізу, СЖ-3 құрастыру.

Сенбі. 1) Lesson Study сабағы: оқушыларды бақылау. 2) Сабақтан кейін оқушылардан интервью алу. 3) Lesson Study тобының №6 отырысы: сабақты талқылау, талдау. 4) СЖ №3-ке өзгерістер енгізу, СЖ-4 құрастыру.

3-сабақ. 2-апта. Дүйсенбі. 1) Lesson Study тобының №7 отырысы: СЖ №1-ге өзгерістер енгізу, СЖ-2 құрастыру. 2) Проблема мен мақсатты, құралдар мен бақыланатын оқушыларды айқындау.

Сейсенбі. 1) Оқушылардан  сабаққа дейін интервью алу. 2) Lesson Study тобының №8 отырысы: СЖ №2-ге өзгерістер енгізу, СЖ-3 құрастыру.

Сәрсенбі. 1) Lesson Study сабағы: оқушыларды бақылау. 2) Сабақтан кейін оқушылардан интервью алу. 3) Lesson Study тобының №9 отырысы: сабақты талқылау, талдау. 4) СЖ №3-ке өзгерістер енгізу, СЖ-4 құрастыру.

Қорытынды. 9 күн ішінде төрт адамнан тұратын Lesson Study тобы 3 сабақ өткізеді, 9 отырыс жасайды, 3 сабақ жоспарын құрастырады.
Соңғы сабақ жоспарын басқа мұғалімдерге жарияланғаны дұрыс. Бұл үшін соңғы СЖ-4-ті басып, таратуға болады, мектеп сайты және желілік қоғамдастық чатында, педкеңес, әдістемелік кеңес, конференция немесе семинарларда жариялауға болады. Басқа мұғалімдер сабақ жоспарында келтірілген идеялар мен әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында қолдануға құқылы.
 Осылайша Lesson Study сабақтары өз жалғасын таба береді. Мұғалімдер практикада туындаған кез келген мәселелер (проблемалар) мен қиындықтарды Lesson Study сабақтары арқылы шешіп, практикаларын тұрақты түрде жақсарта алады.
Мысалы, бір сынып немесе жеке оқушының оқуында қиындықтар туса, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдер (олардың саны әртүрлі болуы мүмкін: 2 мұғалімнен барлық мұғалімдерге дейін) Lesson Study тобын құрып, осы проблеманы бірнеше сабақ ауқымында (олардың да саны әртүрлі болуы мүмкін: мүмкін 3 сабақ болар, мүмкін одан да көп болар) шешуге атсалысады. Немесе мұғалімдердің әдістемелік бір проблеманы Lesson Study сабақтарында қарастыруы мүмкін. Мәселен, олар «Оқушы үні» мәселесін (немесе оқушылардың жоғары деңгейдегі сұрақтарды қоюды қалайша дамытуға болатындығын) қалайша өз сабақтарында тиімді қолдануға болатындығын зерттейді.

Lesson Study сабақтары осылайша жалғаса береді: проблема - Lesson Study сабағы – сабақ беру практикасына өзгерістер енгізу. Осыдан кейін қайтадан проблема - Lesson Study сабағы – сабақ беру практикасына өзгерістер енгізу.

Мұнда тек бұл жұмысты тоқтатпау қажет, Lesson Study сабақтарын жалғастыра беру керек, жалғастыра беру керек, жалғастыра беру керек. Мұнда тек жұмысты мұғалімдердің өзара сыйластығы мен сеніміне негіздеу керек. Мұнда тек ешқандай сын айтуға жол бермей, кемшіліктер мен олқылықтарды талдау және бағалау арқылы түзетіп және шешіп отыру керек.

Просмотров:7172 Комментариев:7  

Теги: trainers_blog

Для неавторизованных доступ к системе комментирования запрещен!

Добавить комментарий

Это нравится5



Камалова София 

7 января 2016 16:08:55



Ашық сабақ және сабақты зерттеу

Сабақты зерттеу тәсілі туралы  құнды идеяңызбен бөліскеніңізге ракмет. Мұғалімдер үшін түсінікті тілмен, тәжірибе негізінде жазылған.  Біз өз тәжірибеміздегі қолданған әдістерді назарларыңызға  ұсынғым келеді. Сіздерді қызықтырса әрине))                                                                                                                                      Сабақты зерттеу барысында бақылау фокусына алынған 3 оқушыдан басқа да оқушылар жанама бақылауда болатыны сөзсіз. Себебі  сабақты талдау барысында бірлесіп жоспарланған сабақтың басқа оқушыларға  ықпалы  туралы ойлар  жиі қозғалады. Осыған байланысты  мұғалімдер алғашқы отырыста сыныптың барлық оқушыларының белсенділігі, оқу үлгерімі бойынша  матрица құрастырады. Яғни сыныптағы оқушының әрқайсысын қай ұяшықта екендігін талқылайды. Біз бұл матрица бізге 3 сабақтан кейін қанша оқушының  ұяшықтардағы орны ауысқанына ( белсенділіктерінің өсу динамикасына) көз жеткізуге мүмкіндік берді. Сабақты зерттеу тәсілінің тиімділігін бағалау үшін қолайлы құралдардың бірі деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет