Сайын Назарбекұлы Қазақтың киіз үйі



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата12.02.2017
өлшемі0,7 Mb.
#3954
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайын Назарбекұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақтың киіз үйі

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

«Елорда»

 

Астана –

 2005 

 

 

 

 

 

                                



Қазақтың қасиетті мұрасы

 

 

Жер бетінде Арктика мен Антарктидадан басқа құрлықтардың 



бҽрінде далалық  ҿңірлер кездеседі.Солардың  ішіндегі ең кҿлемдісі 

Еуразия  қос  құрлығында

   



   



шығысында    Хинган  таулары  мен 

батысында  Карпат  тауларының  арасында  керіліп  жатыр.  Бұл  –

 

ұзындығы 7500



   

шақырым, ені 1500

-

1600 шақырым болатын байтақ 



алқап(В.Г.Мордович  “Степные  экосистемы”.

 

Новосибирск,  1982.  С. 



18-

19).  Адамзат  ҿркениетінде  ҿзіндік  лайықты  орны  бар  Еуразия 

кҿшпелілерінің  үш  мың  жыл  бойы,  бҽлкім  одан  да  ұзақтау  уақыт 

аясында тербеліп ҿскен“тал бесігі”

,  



  



міне, осы Ұлы Дала.

 

Жаңаша жыл санауға дейінгі I мыңжылдықта бастау алып, ХХ 



ғасырға  дейін  тұяқ  іліктірген  кҿшпелі  ҿмір  салттың  кіндік  мекені  –

Қазақстан  аймағы.  Қазақ  халқы  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіне  

дейін,  дҽлірек  айтқанда  Кеңес  ҿкіметі  халық  дҽулетін  ҿктемдікпен 

тҽркілегенге 

(

конфискация



дейін  негізінен

 

кҿшпелі  ҿмір  салтта 



болды.

 

Қазақ  халқының  ең    ұзақ    уақыт  аясында  кҿшпелі  ҿмір 



салтта  болу  себебі,  біріншіден,  Еуразия  Ұлы  Даласының  ең  енді 

тұсы  Қазақ  даласы  болып  табылады.  Яғни,  бұл  дала  бойлық 

бойынша  тербеле  кҿшіп

-

қонуға,  былайша    айтқанда,  табиғаттың 



қатал  құрсауынан  сытылып  шығып,  жыл  құсы  сияқты  мҽңгілік 

кҿктемді  қуалап  отыруға  мейлінше  қолайлы  еді.  Екіншіден, 

технократтық  даму  бел  алғанға  дейін  қазақтың  қуаң  даласында 

тіршілік  үшін  бірден

-

бір  қолайлы  ҿмір  салт  кҿшпелілік  болды. 



Үшіншіден,  қазақ    халқының  бірыңғай  ҿзімен  тектес  түркі 

халықтарымен  шекараласып,  түркі  ҽлемінің  кіндік  мекенінде  болуы 

да кҿшпелі ҿмір салттың тұрақтылығына себеп болды.

 

 



Кҿшпелі ҿмір салтқа бейімделу үшін кҿптеген алғышарттарды 

игеру  керек    еді.  Ең  алдымен,  уақыт  пен  кеңістікті    игеру    қажет 

болды.  Ҿйткені,  уақыт    пен  кеңістік    туралы  тыным

-

түсінік  



қалыптастырмай  тұрып  кҿшпелі  ҿмір  салтқа  ойысу,  бейнелеп 

айтқанда,  қайда    барарыңды  білмей  тұрып  жолға  шыққандай 

қайырсыз  тірлік болмақ. Екіншіден, жыл құсы сияқты  қатал  табиғат 

құрсауынан  сатылып    шығып,  жүздеген

-

мыңдаған    шақырым  



кеңістік    аясында    үнемі  кҿктем  мен  жазға  ілесіп,  мейлінше 

ілкімдікпен кҿшіп

-

қонып  жүру  үшін   қолайлы  баспана  керек  еді. 



Бұл    қажеттілік    дүниеге  киіз  үйді    ҽкелді.  Киіз  үй  кҿшпелі  ҿмір 

салттың  негізгі  алғышарттарының  бірі  болғандықтан ұдайы  жетіліп, 

ұдайы  шыңдалып,  ұдайы сҽулеттеніп  отырды

Бұл  ретте



киіз үйде 

кҿшпелілердің  ғасырлар  бойғы  ҿмірлік  тҽжірибесінің

ой  ҿрісінің



талғам


-

танымының  жҽне  шеберлік

-

шалымының  ең    жарқын  айғағы 



деуге болады.

 


 

Тал



 

бойына  халықтың    мыңдаған  жылғы  шығармашылық 

ізденісін  жинақтаған  киіз  үй  жинамалы    жҽне  жылжымалы  сҽулет 

ҿнерінің  үлгісі  ретінде    ҿзінің  қайталанбас    болмысымен  қайран 

қалдырады.

 

Ҿкінішке  орай,  халықтың  мҽдени



-

рухани  ҿресіне  жақын  айғақ 

болатын киіз үй осы уақытқа дейін ҿз деңгейінде   зерттелмей  де, 

насихатталмай  да    келеді.  Осы  олқылықтың  орнын  толтыруға 

септігін тигізетін еңбектің бірі –

 

оқырман назарына ұсынылып отырға 



“Қазақтың  киіз  үйі”

 

атты  кітап  болуға  тиіс.  Кітап  авторы  –



 

қазақтың 

дҽстүрлі  сҽулет  ҿнерінің  кҿрнекті  шебері,  белгілі  ақын  Сайын 

Назарбекұлы

 

 

С.Назарбекұлының  “Қазақтың  киіз  үйі”



 

атты 


еңбегі екі кітаптан тұрады. Бірінші кітабында киіз үй туралы тарихи  

деректер,  оны    дүниеге  келтірген  алғышарттар,  киіз  үйдің  бітім

-

құрылымы 



мен 

этнографиялық 

пайымдаулар 

жан


-

жақты 


қарастырылған. Ал, екінші кітапта киіз үйдің сүйегін, киізін, бау

-

шуын 



жҽне  шиін  дайындаудың  ҽдіс

-

тҽсілдері,  халық  тҽжірибесінің  сырт 



кҿзге  аңғарыла  бермейтін  небір  ғажайып  сырлары  сҿз  болады. 

Жалпы  еңбектің    эмпириалық

-

этнографиялық  сипаты  басым  екенін 



жҽне  сонысымен  бағалы  екенін  атап  ҿткен  жҿн.  Автор,  бұл  ретте, 

киіз  үй  туралы  жазылған  мұнан  бұрынғы  еңбектерде  назарға 

ілікпеген, киіз үйдің халық талғамындағы кҿптеген қасиеттерін ашып 

кҿрсетуге  кҿбірек  мҽн  берген.  Мҽселен  киіз  үйдің  сүйек    бітіміне 

қатысты  қалыптасқан  геометриялық  үлгінің,  яғни,  канондық  

үйлесімнің  болатынын  нақтылы  мысал

-

формуламен  дҽлелдеу 



автордың терең ізденісінің жемісі екенін атап ҿткен абзал. Сондай

-

ақ,  киіз  үйге  қатысты  этнографиялық  пайымдаулардың  молдығы, 



киіз  үйдің  ҽрбір  мүше  бҿлшегіне  қатысты  кҿрнекі  суреттердің 

молынан берілуі кітаптың мазмұнын байытып, ажарын аша түскен.

 

 

Сҿз жоқ, Сайын Назарбекұлының тынымсыз ізденісі мен халық 



мұрасына  деген  қадір  білер  іңкҽрліктен  туындаған  бұл  кітабы 

оқырман жүрегіне де жол табатынына сенім мол,

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ақселеу  Сейдімбек,

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

           



профессор.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 


 

 



“Қазақтың  киіз  үйі”  атты  осы  еңбегімді  сан  ғасырлар  бойы 

халқымыздың  қасиетті

 

қара  шаңырағын    көтерген  барлық  аталар 

мен  аналарға,  әкем  Сәрсенұлы  Назарбек  пен  анам  Қойшығұлқызы 

Жаңылдыққа арнадым.

 

 

  

 

 

 

 

 

 

Сайын Назарбекұлы

 

Тарихи деректер

 

 

 

Ұлы Жаратылысты зерделеу, зерттеу барысында ақыл иелері 

мен  ғалымдардың  кҿз  жеткізген    ақиқаттарының  бірі,  ол  –

   


жер 

бетіндегі  тіршілік  тірегінің  “тұқым  қуалақшылық”  атты  табиғат 

құпиясы  екендігі...  Адам  баласы  мен  олар  құрған  қоғамдар  табиғат 

ережесіне  бағына  ҿркендеген  жағдайда  олардың  ісінің  сапасы  мен 

рухани санасы ең жоғары нҽтижелерге жеткен.

 

 

Барлық  халық  тұқым  қуалаушылық  заңына  сҽйкес  ҿсіп

-

ҿнуге 



тырысады,  ҿз  ана  тілі  мен  ҿнері,  ҿз  болмысы  мен  ҽдет

-

ғұрпына 



сҽйкес  ұлт  атанады.  Дегенмен  тарихта    римдіктер  мен  советтіктер 

деген 


секілді 

адамдар 


қоғамы 

болған. 


Американдықтар, 

россиялықтар  дейтін  ортақ  аттары  бар  кҿп  ұлтты  елдердің  ҿмір 

сүріп  жатырған  мысалдары  да  бар.  Бірақ  сол  қоғамға  кіретін, 

жаратылыс  пен  табиғат  заңдылығын  сыйлайтын,  сол  құдіретке 

басын  иетіндер  ҽлгідей  жалпы  атты  жамыла  жүріп  ҿз  атағын,  ҿз 

болмысын  сақтап  қалуға  тырысады.  Ҽр  ұлт  –

 

табиғатқа  берген 



ерекше Тҽңір сыйы, ерекше жаратылыс. 

 

Қазақ халқы да солай. Ҿрнектемей сҿз сҿйлемейтін, оюламай 



зат  ұстамайтын,  қонақсыз

   


қолаңсып  қалатын,  той  жасап  бар 

жиғанын  шашқысы  келіп  отыратын,  сол  тойында  ат  шаптырып 

палуан  күрестіретін,

 

ақындарды  айтыстырып  жыр



-

терме  кҿрмесін 

ұйымдастыратын

 

ҽдеттері  қазақты  басқа  ұлттардан  ерекшелеп 



кҿрсетеді.  Қазақ  халқының  этнографиясын  зерттеген  басқа  ұлт 

ҿкілдері,  кҿрнекті  ғалымдар  осы  айтылғандарды  айрықша  атап 

кҿрсетумен  келеді.  Сондай  ерекшеліктерінен  туындап  қалыптасқан 

қасиеттері қазақ халқының ҿзіндік ҽдет

-

ғұрыптары мен ҿнерін ҿмірге 



ҽкелді.  Осы  кезде,  Қазақстанда  ҽртүрлі  ұлт  ҿкілдері  тұрады, 

сондықтан  қазақстандықтар  дейтін  ортақ  мҽдениетті,  ортақ  тілді 

жаңа  адамдар одағын  қалыптастырамыз  дейтіндер табылып  жатса 

олар римдіктер мен коммунистер қатесін қайталаған болар еді.



 

 

“Қазақ  халқы



 



 

кең


-

байтақ  республика  жеріндегі  ертеден 

қалыптасқан  кҿне  мҽдениеттің  тікелей  мұрагері  жҽне  сол  дҽстүрді 

дамытушы,  жаңғыртып  байытушы”  –

 

деп  жазады  Х.Арғынбаев, 



 

“Қазақ  халқының  қолҿнері”  атты  еңбегінде.  Сол  тұжырымға:  “Қазақ 

халқы  кең

-

байтақ  жеріндегі  кҿне  мҽдениетті  қалыптастырушы, 



кҽзіргі қалпында сақтаушы жҽне тікелей мұрагері”  –

 

деген сҿздерді 



қосса,  кҿшпелілер  мҽдениеті  мен  қазақ  халқының  ара  қатынасы 

айқындала түсер еді.

 


 

Осы  арада,  ҽттеген



-

ай,  үш  жүз  жылға  жуық  ҿзгенің  боданы 

болмағанда,  жептіс  жылдай  ұлт  пен  ұлттық  дҽстүрдің  қас  жаулары 

билік басында болған ел құрамында ҿмір сүрмегенде сан мыңдаған 

жылдар  “сары  алтындай  қорытып,  сары  майдай  сақтаған”  ата 

мұрасын  сол  қалпында  келешек  ұрпаққа  жеткізер  едік

-

ау  деген 



ҿкініш ҿзекті ҿртейтіні, еңсені езетіні рас. Дейтұрғанмен, шүкіршілігі 

мен қанағаты мол қазақ халқының иманы мен арындай азаматтары 

қай заманда да ҿнері мен ата

-

баба мұрасы атты қазанның қаңырап 



қалмауына жұмыла еңбек етумен келіпті.

 

Басы  бостандықтағы,  еркі  ҿзіндегі  тҽуелсіз  Қазақстан 



Республикасының, жер иесі де, ел иесі де ҿздері болып тұрған қазақ 

халқының  осы  кезеңі  –

 

жоғалтқанын  жоқтайтын,  барын 



берекелендіретін дҽл кезі.

 

 



Қазақ халқының ұлттық

 

ерекшелігін айшықтай түсер нҽрсесінің 



ең  бастысы  –

   


киіз  үйі.  Қҿлҿнері  мен  дарыны,  дүниетанымы  мен 

сұлулық  туралы  талғамы  киіз  үй  бойынан  айрықша  айқын 

танылады. 

 

Белгілі  жазушы



-

ғалым  Ақселеу  Сейдімбек:  “Кҿшпелі  ҿмір  ...  

даладағы  ҿндіріс  тҽсілінің  шыңдалуы,  ҿнім  қорының  молығуы  сол 

дала тҿсіндегі ел

-

жұртқа тҿңірегінен алапат



-

айбарын асыртып қана 

қойған  жоқ,  сонымен  бірге  күн  кҿрістің  ұлы  ырғағымен  үндес  салт

-

дҽстүрді,  моральдық



-

этикалық  қарым

-

қатынасты,  ҿнердің  алуан 



түрін  орнықтырды.  Осылардың  ішінде  кҿшпелілердің  сан  ғасырлық 

тҽжрибесі,  ҿмірлік  қажеттілігі,  ой  ҿрісі,  талғам

-

танымы  бір  ғана  киіз 



үйдің  бойына  шоғырланғандай.  Кҿшпелілердің  сұлулық  туралы 

талғам


-

түсінігі,  дүниені  сұлулық  заңдылықтарымен  игеру  мүмкіндігі 

негізінен осы киіз үй арқылы кҿрініс тапты” –

 

дейді (43, 331 бет). 



 

“Қай  халықтың  болса  да  рухани  ҽлемі,  ең  алдымен  оның 

дҽстүрлі ҿнерінен кҿрінетіні мҽлім” –

 

деп, математикалық формула 



секілді  дҽл,  дҽлел  қажет  етпейтін  аксиома  секілді  тұжырымды  етіп 

түйіндепті, Ҿзбекҽлі Жҽнібеков (47, 10 бет)



 

Қазақ халқының дҽстүрлі қолҿнерінде сан ғасырдың тҽжрибесі 

шоғырланып  қана  қоймаған,  сонымен  бірге  ұдайы  шыңдалып 

отырған.  Мұның  бірден

-

бір  тарихи  сыр



-

себебі  –

 

бертін  келгенше 



қазақтардың кҿшпелі ҿмір салтын тұтынуында еді. Ал, киіз үй болса 

Еуразияның  ұлы  даласындағы  эпикалық  кҿшпелі  ҿмір  салттың 

салтанат құруына бірден

-

бір мүмкіндік берген феномен болған.  



 

 

Гоби,  Алтай,  Сібір  Баяр  тастарындағы,  Қырымдағы  табылған 



тасқа  қашалған  суреттерден  қазақ  киіз  үйінің  ғұмыры  тым  ежелден 

басталатыны  байқалады.  Археологиялық  қазба  деректерінен  киіз 

үйдің  қола  дҽуірінде  болғаны  анықталып  отыр.  Сондай  деректерге 

сүйенген кҿптеген зерттеушілер ҽзірге киіз үй жасы бес мың жылдан 

ҽрі асып жығылады дейді.

 


 

 



...”Бағдаттан  920  жылы  аттанған  Ахмет  ибн  Фадлен  бастаған 

елшілік


 

Арал  теңізі,  Шалқар  кҿлі,  Ҿлеңті,  Аңқаты  ҿзендерінің 

маңынан  ҿткенде  сол  жердегі  кҿшпелілер  дҿңгелек  киіз  үйде 

тұратынын айтып, киіз үйдің сол сияқты күрке, шатыр т.б. үйлерден 

артықшылықтарын  кҿрсетіп  жазғандарына  қарағанда,  Х  ғасырдағы 

киіз  үйлердің  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  киіз  үйлерінен  бір  де  бір 

айырмашылығы  жоқ  екені  байқалады.  Сонда  сол  мың  жылдықта 

ешбір  күрделі  ҿзгеріске  ілікпей,  сол  керемет  күйінде  сақталған 

болса, онда сол қолайлы, жетістік дҽрежеге жету үшін қанша уақыт 

керек  болды?”...  (38,  6

 

бет.  Қазақ  менталитеті:  кеше,  бүгін,  ертең) 



деген  Досмұхамед  Кішібеков  ойында  ақиқатқа  жуық  шындық 

жатқандығы,  қазақ  халқының  ҽлі  оқыла  қоймаған  тарих  беттерінің 

кҿп екені байқалады. 

 

“...Сол ҿлкені (қазіргі қазақ жерін) мекен ететін елдің үстіне үй 



тігілген  арбасын  Ибн  Батутта  былай  суреттеген:  “Дҿңгелекті 

құрылғыны олар “арба” деп атайды. Кҿп дҿңгелекті арбаның үстіне 

тұрғызғаны  –

 

бір



-

біріне  қайыспен  байластырылған  ағаштардан 

құрастырылған  күмбез  сияқты  қаңқа”  (Майдар  Д.,  Пюреев  Д.  От 

кочевой до мобильной архитектуры. М., 1980. 21 бет). 

 

“...Олар  тұратын  үйлер  ағаш  кеспектерінен  құрастырылып, 



бұтақтармен  шабақталған,  тҿбесінде  жоғары  қарай  мойнын  созып, 

ықшамдана түсетін  оттықтікі сияқты  дҿңгелек  түтігі бар  арба үстіне 

орналастырылады  да,  үнемі  аппақ  болып  жарқырап  тұруы  үшін 

жүнге  ҽк,  ақ  топырақ,  сүйек  ұнтағын  қосып  басқан  ақ  киізбен 

қапталады  екен.  Үйлер  мейілінше  кең,  ені  30  фут  (1  фут  –

  0,3048 

м.),  дҿңгелектерінің  арасы  20  фут  болған.  Осындай  үйлі  арбаға  22 

ҿгіз жегілген”. (Гильом де Рубрук. Путешествие в восточные страны. 

М., 1957,91 бет). 

 

Ҿзбекҽлі  Жҽнібековтың  “Жолайырықта”  кітабынан  алынған 



бұл  деректер  біздің  кҽзіргі  жерге  тігіп  жүрген  үйлеріміздің  бір 

кездерде  бір  күнде  пҽлен  шақырымға  қоныс  аударып,  бізді 

шынымен “кҿшпелі” атандыруға септігін тигізгенін байқаймыз.

 

Жалпы  “Киіз  үй”  атымен  белгілі  қазақтың  ежелгі  баспанасын 



Шығыс Қазақстан аймағының қазақтары “кереге” деп те атай береді. 

Киіз үйді “кереге” деген атпен атау ескі орхон

-

енисей жазбаларында 



да кездеседі.

 

Қай  елде  де,  қай  заманда  да  ұлтымның  ұлы  боламын  деген 



ҽрбір  саналы  азамат  ҿз  елінің  фольклорі  мен  этнографиясына 

соқпай кете алмаған. Солардың арқасында бір замандарда тас пен 

сазға  таңба  басып  тарих  қалдырған,  келесі  кезеңде,  қорғасындай 

қорытылған  ой  қортындысы  мақал

-

мҽтелдерін,  табиғи



 

дарынына 

куҽлік  секілді  суырып  салма  айтысы  мен    ойша  дастан  жазып 


 

жадына  сақтай  алған  қазақ  халқының  ұлы  тұлғалары  бұ  заман 



ұрпақтарын мақтаныш сезіміне бҿлеуде.

 

Қазақ  этнографтары  туралы  сҿз  қозғасақ  олардың  алғашқы 



тобына  ҽлімсақтан  бері  кҿркем  сҿзбен  қазақ  ҽдет

-

ғұрпын,  тұрмыс



-

тіршілігін  жырға  қосқан  аттары  белгілі,  белгісіз  барлық  ақын

-

жырауларды атап ҿтеуге болады. 



 

 

Ҿзбекалы Жҽнібековтің құрастыруымен шыққан “Қазақстанның 



алғашқы  этнографтары”  атты  кітапта  ел  этнографиясына  сіңірген 

кҿптеген  зиялы  адамдар  аты  мен  олардың  еңбектері  туралы 

деректер келтіріледі. 

 

М.Малышев  мен  В.Познанскийдың  “Шыңғыс  Уалиханов  қазақ  



мұрасын  жинақтаушы  этнограф  ретінде”  атты  мақаласында, 

Омбының  ҽскери  губернатырына  Шоқанның  ҽкесі  аға  сұлтан 

Шыңғыс  Уалихановтың  жазған  хатынан:  “...ноябрь  айының  соңына 

таман этнографиялық кҿрмеге қойылатын барлық заттарды жеткізіп 

беруге тырысамын” –

 

деген, үзінді беріпті. 



 

Аға  сұлтан  сол  уҽдесін  орындап  1866  жылы  12  декабрь  күні 

Кҿкшетаудан Омбы қаласына шаналы керуен жібереді де, Омбыдан

 

Шыңғыстың  сенімді  адамдары  Түнғат  Сҽукебаевпен  Майқы 



Сарымсақов  Петербургке  жеткізеді. Мақала  авторлары  Шыңғыстың 

ҿз қолымен жазған кҿрмеге жіберілген заттар тізімен келтіреді. Бұл 

мақалада  кҿңіл  аударатын  бір  нҽрсе,  мақалада  келтірілген  жеті 

бҿлмелі киіз

 

үй деген сҿздердің орнына жеті қанатты үй деп оқыған 



дұрыс болар деп ойлаймыз (С.Н.).

 

 



Осы  кітаптың  17  бетінде  Шоқан  туралы  кҿптеген  еңбектер 

жазған  И.Стрелковтың  Шоқанның  этнографиялық  кҿзқарасының 

қалыптасуы  ҽкесі  Шыңғыстың  жетекшілігімен  болған  еді  деп

 

кҿрсетеді.  Шындығында  Шоқанның  достары  мен  замандастар  да 



Шыңғыстың  қазақ  этнографиясына  кҿп  кҿңіл  бҿлгендігі  туралы 

деректер қалдырған.

 

 

Академик  С.Зимановтың  “Жҽңгір  хан”  атты  мақаласынан  



Бҿкей  Ордасында  1845  жылға  дейін  хандық  құрған  Жҽңгірдің 

патшалық  Россияның  мҽдени  салада  еңбек  еткен  білімдар 

адамдарымен,  университет  профессорларымен  хат  жазысып, 

қарым


-

қатынаста  болғандығынан  туралы  мағұлыматтар  келтіріп, 

оның осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткендігін дҽлелдейді.

 

 



Профессор И.П.Ивлев “Нарын құмның ұмыт қалған этнографы 

жҽне  оның  еліне  барған  сапардан  естелік”  (40)  атты  мақаласында: 

“...Салық  Бабажановтың  этнографиялық  байқауларының  ғылымға 

ҿте бағалы деректер беретінін атап кҿрсетіп жҽне оның еңбектерінің 

Орыс географиялық қоғамының кеңесінде талқыланып, жоғары баға 

алғандығы келтіреді. 

 


 

С.Бабажановтың  қазақ  этнографиясы  туралы  мақалалары 



кезінде  кҿптеген  баспаларда  жарық  кҿрген.  Сол  мақалалар  Орыс 

географиялық  қоғам  кеңестерінде  талқыланып,  жақсы  лебіздер 

айтылған.  1861 жылдың 20 февраль күні Орыс географиялық қоғам 

С.Бабажановты  қоғамға  мүшелікке  қабылдағандығы  туралы  шешім 

шығарады.  Ерекше  талантты,  білімдар  Бабажанов  ҿліміне 

қайғырып,  атақты  күйші  Дҽулеткерей  біздің  заманымызға  жеткен 

“Салық ҿлген” атты жоқтау күйін шығарады.

 

 



Қазақ  этнографтарының  ішінде  Шормановтардың  орны  бір 

тҿбе. С.Ҿтенияздың “Ҽкелі балалы Шормановтар” (40, 73 бет) деген 

мақаласында  Муса  Шорманұлы  (1819 

1884)  ҿмірінің  негізгі 



мақсаттарының  бірі  қазақ  этнографиясы  болғандығын  атап  ҿтеді. 

Оның  ҿмір  бойы  ҿз  ұлтының  ауыз  ҽдебиеті  мен  қолҿнерін 

жинақтаумен ҿткенін сүйсіне жазады. 

 

 



Оның  жинаған  деректері  мен  бұйымдары  1861,  1867,  1876 

жылдары Москвада, Парижде, Санк

-

Петербургте ҿткен кҿрмелерде 



ҿте жоғары баға алады. 

 

Оның  сол  еңбектері  ҽлі  күнге  Санкт



-

Петербург,  Москва, 

Гамбург,  Омск  мұражайларында  сақтаулы.  Ҽке  ісін  баласы 

жалғастырады. Сҽдуақас Шормановтың “Аушы” атты ғылыми еңбегі 

1907  жылы  Қазан  қаласында  жеке  кітап  болып  басылып  шығады. 

Садуакас Мусаұлының (1850 

1928) еңбектері қазақ этнографтары 



үшін ҽлі күнге ҿз құнын

 

жоғалтқан жоқ.



 

Филология  ғылымдарының  докторы  А.Егеубай  “Абубҽкір 

Диваев”  атты  мақаласында:  “Этнограф  Диваев  –

 

ғалым.  Ол  ҿз 



еңбектерімен  қазақ  халқының  рухани  мҽртебесін  жоғары  кҿтере 

алды, ұлттық мҽдениетін байыта түсті, ортаазиялық ҿркениеттің сан 

қырын

 

ҽлемге паш етті деген баға береді (40, 82 бет).



 

 

Қазақ этнографиясы туралы ойланар ой, айтылар сҿз қазақтың 



киіз үйіне соқпай ҿте алмайды. Кҽзіргі қазақ тілі –

 

сҿздік құрамы мен 



тұрақты 

тіркестері 

жағынан 

жҽне 


олардың 

мағыналық 

(семантикалық) ҿрісінің кеңдігі мен стильдік түрленуі жағынан кедей 

тіл  емес.  Солай  бола  тұрса  да,  жарық  кҿрген  сҿздіктер  мен 

анықтамалар  деректерінің  нҽтижесіне  сүйенген  зерттеуші  қазақ 

тілінің  сҿздік  құрамын  орыс,  ағылшын  тілдерінің  сҿздік  құрамымен 

қатарластыра  алмайды.  Қатарластыра  алмайтын  себебі  –

 

орыс 



тілінің  сҿздік  құрамында  120  мың  сҿз  болса,  ағылшын  тілінде  415 

мың  сҿз  бар.  Ал  он  томдық  “Қазақ  тілінің  түсіндірме  сҿздігінде” 

небары 67 мыңдай ғана атау сҿз қамтылған (39, 3 бет). 

 

Қазақтың  киіз  үйіне  арналған  бұл  еңбекке,    ҽдейі,  қазақ  тілі 



туралы айтылған, қазақ тілін орыс, ағылшын тілдерімен салыстырар 

жоғарыда  келтірілген  деректер  келтіріліп  отыр.  Оған  себеп  кез

-

келген  қазақ  ұлты  туралы,    ұлт  қамы  туралы  істелетін  шаруа  тек 



 

қана  қазақ  тілінде  сҿйлеуі  қажет.  Ҽйтпесе  ол  алдына



 

қойған 


мақсатын орындай алмақ емес.  Қазақтың киіз үйі туралы ҽңгіме ете 

отырып,  қазақтың  киіз  үй  туралы  айтқан  сҿзін,  ойлаған  ойын,  оған 

арнаған  ҿнерін  сҿз  етпей  кету  мүмкін  емес.    Жоғарыда  айтылып 

кеткен орыс, ағылшын, қазақ тілдерінің салыстырмалы сандарының 

мҿлшеріне  ой  жүгірткен  кез  келген  зерттушінің  бірден  байқайтыны, 

ол  –


 

қазақ  сҿздерінің,  тұрақты  тіркестерінің  жарлылығынан  емес, 

оның  ҽлі  толық  жинақталмағаны.  Сондықтан  да  қазақтың  сҿздік 

қоры салыстырылған тілдер алдында сыны кетіп, аяушылық туғызар 

халге  жетіп  тұр.  Осыған  байланысты,  кез

-

келген  этнографиялық, 



ұлттық  салт

-

ғұрыптар  туралы  жҽне  сол  секілді  еңбектер  тек  қана 



ұлттық  тілде  сҿйлесе  ғана  ҿз  міндетін  толық  атқара  алмақ.  Бұл 

еңбек  қазақ  халқының  киіз  үйі  туралы  бола  тұра  киіз  үй  туралы 

сҿздер мен тұрақты тіркестер туралы да қолынан келгенінше еңбек 

етпек.


 

 

Қазақтың  киіз  үйі  қазақ  халқының  ҿзімен  бірге  ҿмірге  келіп, 



ҿмір  бойы  бірге  жасасып  келеді.  Демек  қазақтардың  киіз  үйге 

арналған  ҽрбір  сҿзінде,  тұрақты  сҿз  тіркесінде,  мақалы  мен 

мҽтелінде, алғысы мен қарғысында ҿзінің болмысы, дүние танымы, 

суреткерлігі  мен  шешендігі  жатыр  деген  сҿз.  Мысалға  бір  ауыз 

“күпекше”  деген,  кҽзіргі  үй  тігіп  отырған  шаңырақ  иелерінің  біразы 

ұмыт  қалдырған  сҿзді  алып  қаралық.  Бұл  сҿз  сҽндік  үшін,  уыққа 

салбыратып байланатын, баудың арнайы дайындалатын бір кҿркем 

қоңырау секілді нҽрсесі. Аталған атының бір нҽрсеге ұқсастығы үшін 

қазақ  халқын  атам

-

заманнан  (атам  заманынан  бері  қарай)  бері 



айтылып келе жатқан тҿл сҿзінен айыру керек пе екен?..

 

 



Ұстаған  нҽрсесіне,  қоныстанған  жеріне  ғажайып  дҽл,  дҿп 

басып  ат  қою  –

 

қазақ  халқының  ғажап  ҿнерлерінің  бірі.  Бірақ 



кҿпшілік  зерттеуші  ғалымдар  кезінде  осы  мҽселеге  толық  кҿңіл 

аудармай,  тіпті  орыс  тілділерге  түсініктірек  болу  үшін  (ҿз  атын 

кҿбірік, тезірек басқаларға таныту үшін)

 

еңбегін орыс тілінде жазып, 



осы  айтылып  отырған  мҽселені  кенже  қалдырды.  Орыс  тілінде 

жазылған  еңбектер  этнографиялық  түсінікпен  қарағанда  кейде 

азды

-

кҿпті  залалын  да  тигізіп  жатты.  Сондықтан  да  қазақ  тілінің 



байлығы жҿніндегі теріс түсініктер пайда бола бастады. Қазақ халқы 

дұрыс  сҿйлей  білуді  ең  басты  ҿнер  деп  есептеген  халық.  Олар 

“ҿнер  алды  –

 

қызыл  тіл”  деген  мақалын  шығара  тұрып,  ата  тілінің 



қазіргі  заман  қажетін  орындай  алмайды

-

мыс  деген  жалған  жала 



жабыла  бастады.  Оны  кҿбінесе  орыс  тілді  қазақ  ұлт  ҿкілдері 

пайдаланды.

 

 

Қазақ  киіз  үйі  қазақ  ұлтын  құраған  тайпалармен  ҿмір  бойы 



бірге  жасасып  келді  дедік.  Сондықтан  да  біз  киіз үй  туралы  сҿздер 

 

10 


мен  сҿз  тіркестерін  іздестіріп,  ерінбей

-

жалықпай  жинастырып  ала 



алсақ ежелгі қазақ тілінің дҽмін тата алатын боламыз...

 

 



“Тарих  –

 

жазу  жүйесіне  түскен  деректер”  –



 

деп  анықтама 

беріпті, қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі Сҽбит Мұқанов.

 

 



Қазақ  халқының  ҿзі

 

секілді,  халықтың  ұлттық,  тұрмыстық, 



мҽдени  заттары  да  ҽлі  күнге  толық  қағаз  бетіне  түсе  алмай,  ҿз 

тарихын  баяндай  алмай,  сол  себепті  жан

-

жақты  сыйпатталып 



тарихтан ҿз орындарын ала алмай жатыр.

 

Бұл ойдың бір мысалы –



 

қазақ халқының киіз үйі!..

 

Киіз  үйдің  бар  екені  атам



-

заманнан  белгілі  болса  да,  ол  ҽлі 

толық зерттеле де қоймаған, ол туралы ҽлі күнге мардымды ештеңе 

жазылмаған,  қазақ  этнографиясының  ақтаңдақтарының  бірі  десе 

боларлық  шаруа.  Ҽсіресе  киіз  сүйегінің  жасалу  ережелері, 

заңдылықтары  туралы  ҽңгіме  етілмейді.  Біз  бұл  еңбекте 

қолымыздан  келгенінше  киіз  үй  сүйегін  жасаудағы  ҽлі  күнге 

анықтала  қоймаған  заңдылықтарды,  сол  заңдылықтарды  туғызар 

тұрақты  сандарды  іздегіміз  келеді.  Киіз  үй  –

   


қазақ  халқының 

болмысы!..  Осындай  алдын  ала  жасалынған  кҿзқарас  арқылы  осы 

шаруаға кіріссек, дұрыс нҽтижеге қол жеткізерміз деген дҽме бар.

 

 



Қазақтың  ұлттық  сҽулет  ескерткіштеріне  кҿптеген  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізген  сҽулетші  Т.К.Басенов  салынған  күмбездерді 

“қазақ халқы ҿнерінің кіші

-

гірім мұражайы” деп баға берген екен. Ал 



киіз  үй,  ҽсіресе  ҿнерлі  кісінің  жасақтаған  киіз  үйі,  қазақ  халқының 

қолҿнерінің  толық  қанды  мұражайы

Ҿмірді  кҿркем  ҿнер  арқылы 



сезіну,  күнделікті  тіршілік  қажеттілігін  ұлттық  қолҿнер  бұйымдары 

арқылы  қалыптастыру,    кісіні  ұлтжанды  етіп  қалыптастырмақ, 

ұлтының ұлы етпек.

 

 



Ҿзбекҽлі  Жҽнібеков  “Олар  алғашқылар  еді”  (40,  5  бет)  атты 

мақалалар жинағына жазған алғы сҿзінде С. Руденконың “қазақ киіз 

үйі  ҿзінің  геометриялық    бітімі  мен  сҽулеттік  тұлғасы    жағынан 

кҿшпелі  елдердің  бірде  бірі  баспана  жасау  ҿнерінде  одан  ештеңе 

оздыра алмаған” деген бағасын  келтіреді. 

 

 



С.Е.Толыбеков  “17  –

 

20  ғасырлардағы  кҿшпелі  қазақтар 



қоғамы” атты кітабында (46) 19 ғасырдың аяқ кезінде қазақ жерінде 

болған  А.И.Добромысловтың:  “Қазақ  киіз  үйі  қазақ  байлығының 

негізін  құрайды.  Бай  қазақтар  бірнеше  үй  тігеді”  –

 

деп  жазғаны 



туралы ҽңгіме еткен..

 

Қазақ  халқының  тарихы  мен  этнографиясын  кҿп  зерттеген 



ғалым  Ҿзбекҽлі  Жҽнібеков  қазақ  халқының  болмысы  мен 

мҽдениетінің  қалыптасу  сатыларына  қазақтың  киіз  үйінің  тигізген 

ҽсері  аз  болмаса  керек  деген  ой  түйеді.  Демек,  біздердің,  кҽзіргі 

ҿтпелі  кезеңде  тұрған  қазақтардың  сыңаржақ  пікірмен  киіз  үйден 

мүлдем  бас  тартуға,  оны  тек  қана  мұражай  мүлкіне  айналдыруға 


 

11 


жол беруге қақымыз жоқ. Ата

-

баба алдындағы борыш, олардың сан 



ғасырлар  бойы  киіз  үйге  еткен  еңбегіне  деген  құрмет  біздерді  киіз 

үйдің бұ кезеңдегі қазақ халқының тіршілігіне, қала тұрмысына, кҿше 

сҽніне,  ауыл  шаруашылығы  мен  ауыл  ҿміріне,  жол  бойы  бекеттері 

мен 


дҽмханаларға 

пайдалану 

мүмкіндіктерін 

анықтауға 

итермелейді.

 

Москвада,  Европада  сҽулеткерлік  білім  алып,  қазіргі  билік 



басында отырған сҽулетшілер басшылыққа алар мемлекеттік құжат 

керек.  Авторы  кім  болса  да  (шет  елдік  болса  да)  салынатын  кез

-

келген  ғимраттың  ұлттық  ойы,  пішіні,  бедері  болуға  тиісті.  Оны 



сҽулетшілерге заң ғана міндеттей алады.

 

1913 жылдың ҿзінде Ахмет Байтұрсынов: “...тек қана ҿз тілінде 



сҿйлейтін, ұлттық ҽдебиеті бар халық қана ҿз алдына ұлт боламын 

деуге қақылы” –

 

деген екен. Біз Ахаңның сол дана ойына ҿз алдына 



ұлт болып қалу, басқа ұлттар қойыртпағына түсіп кетпеу тек қана ҿз 

ұлтының  қолҿнерін,  ұлттық  ҽдет

-

ғұрпын  сақтау  арқылы  іске 



асатынын ескерте кетер едік.

 

Қазақ халқының жанашыр ұлдары бұл мҽселеге ертеден кҿңіл 



аударумен келеді. 1892 жылы жаз айларында Сібір қырғыздарының 

(қазақтарының) 

орталығы 

Омбы 


шаһарында 

кҿрме 


ұйымдастырылады.  Бұл  кҿрмеге  барлық  ояздардан  қазақтың  киіз 

үйлері  тігіледі.  Сол  үйлердің  алғашқылары  болып  Ақмола  оязынан 

Сағынайдың Нұрмағамбетінің жҽне Атбасар оязынан Жанайдардың 

Мейрамының үйлері тігіліпті.  Кҿрмені ұйымдастырушылар қазақтың 

киіз  үйін  ғана  кҿрсетіп  қоймай,  жалпы  кҿшпелі  халықтың,  қазақ 

халқының  тұрмыс

-

тіршілігінен  толық  мҽлімет  беретін,  ұлттық 



ерекшеліктерін  бейнелей  алатын,  қазақ  халқының  қолҿнері  мен 

зергерлік  шеберлігігін  басқа  ұлт  ҿкілдеріне  танысуға  жағдай 

жасайды  /51/.

 

Шыңғыс Уалиханов баласы Шоқанға арнайы қайың ағаштан 10 



қанат  киіз  үй  жасатқан.  1865  жылы  Шоқан  ауылында  қонақ  болған 

генерал А.К.Гейнс боялмаған қайыңнан жасалған мұндай сҽнді үйді 

бұрын

-

соңды еш жерде кҿрмегенін таңдана жазған.



 

Ҽ.Х.Марғұлан  еңбектерінде  адай  руынан  шыққан  Қаражігіт 

Талпақұлы  деген  қазақтың  киіз  үйінің  кереге  бастары  мен  уық 

алақандарының  күмістеліп,  сүйектеліп  безендірілгені  туралы 

деректер бар.

 

19  ғасырдың  бірінші  жартысында  Бҿкей  ордасының  ханы 



Жҽңгір  бірінші  Николайға  ғажайып  сҽнді  киіз  үйді  сыйға  тартқаны 

туралы П.Столянский естелік қалдырған

 

Ҽ.Х.Марғұлан  Зайсан  қазақтарының  бірінші  Николайдың 



баласы  Николайға  сыйға  тартқан  үй  нағыз  ҿнер  туындысы  болған 

екен деп баға береді. 

 


 

12 


1861  жылы  Алмас  деген  қазақтың  киіз  үйі  Париждегі 

халықаралық кҿрмеге тігіледі.

 

Мерам  Жанайдаров  деген  кісінің  үйі  1876  жылы  Петербургте 



ҿткен ориенталистердің үшінші конгресіне тігілген.

 

Қазақтардың  алғашқы  құрылтайын  тігілген  киіз  үйлер  ішінде 



бірінші  жүлде  алған  Маңғыстаулық  Тҽкенов  Атабайдың  киіз  үйі,  ол 

кейін Алматыдағы ұлттық мұражайға қойылды.

 

Қазақтардың  алғашқы  құрылтайына  тігілген  киіз  үйлер  ішінде 



жүлде  алған  Маңғыстаулық  бақыт  Бозжігітовтың  үйі  Елбасы 

Нұрсұлтан Ҽбішұлына сыйлыққа тартылды.

 

Маңғыстаулық  Назаров  Тҽжік  деген  азаматтың  киіз  үйі 



Астанадағы Президент мҽдени орталығына экспонат ретінде тігілді.

 

Ҽрине,  атақты,  тарихта  аты  қалған  киіз  үйлер  саны  біз  санап 



шыққан  аз  ғана  тізіммен  шектелмейтіні  белгілі.  Кейін  осы  кітапты 

толықтырып, қайта жазып шығатын авторлар бұл тараудың беттерін 

кҿбейте түседі деп сенеміз.

 

Кеңес ҿкіметі кезеңінде қой санын 50 млн басқа жеткіземіз деп 



ұран  тастап,  ол  ұранның  киіз  үйсіз  орындалмайтынына  кҿзі  жеткен 

басшылар  алғаш  рет  Үштҿбе  қаласында  қазақтың  киіз  үйін 

жасайтын  киіз  үй  фабрикасын  салды.  Бірақ  ол  фабрика  малшы 

қауым  сұранысын  қамтамасыз  ете  алмады.  Абзал  Бҿкеновтің 

“Кҿнеден  жеткен  киіз  үй”  (Соц.  Казахстан,  22  наурыз  1991  ж

.) 


мақаласындағы:  “Үштҿбе  киіз  үйіне  деген  олқы  кҿңіл...”  –

 

деп,  ол 



фабрикадан шыққан киіз үй сүйегінің, киіздерінің қазақ киіз үйі деген 

түсініктен аулақ жатқанына назырқайды. 

 

Қазақ  халқы  киіз  үйін  тек  қана  баспана  деп  санамаған.  Киіз 



үйінің  сҽні  мен  қасиетіне  сенген.  Бір

-

екі  мысал  келтіре  кетелік. 



Р.Отарбаевтың  “Екі  киіз  үйдің  тарихы”  (Қазақ  ҽдебиеті,  1988.,  24 

июнь)  атты  мақаласында  жаңа  таққа  отырған  орыс  императоры  1 

Николайға (1828 жылы) киіз үй сыйлау арқылы Жҽңгір Бҿкеев оның 

ықыласын ҿзіне аударуға тырысса, Ҿтешқали Атаниязов пен Мақаш 

Бекмұхамбетов  секілді  ұлт  жанды  азаматтар  саф  алтыннан 

жасалған  киіз  үй  макетін  патшаға  тарту  етіп,  орыстардың 

қазақтарды 

жаппай 


шоқындыру 

саясатынан 

айнытқысы 

келгенгендігі туралы деректер келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет