Сайын Назарбекҧлы



жүктеу 1.66 Mb.
Pdf просмотр
бет13/26
Дата15.03.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

 
 
Маңғыстаудағы дҥбір, 
 363-
ші әулие
 
 
 
Бұл  жолдарды  мен  сол  күндерден  жетi  жыл  ӛткенде  жазғалы 
отыр екенмiн. 
 
"Кiсiнi  кiсi  атандырар  нәрсе  –
 
әр
 
адам  баласының  туған  жерге 
ықыласы, туған елге еткен еңбегi болса керек" –
 
деген ой оралады.
 
 
Әбекең
 
сол  жылы  елге  қасында  алпыстан  астам  (iштерiндегi 
академиктерi    мен  ғұламалары,  министрлерi  мен  мансаптылары  ғана 
сол санға жеткен) серiктерi бар, мол қол болып келген
-
дi.
 
 
Сол  жетi  күн  iшiнде  Маңғыстау  жерi  зор  дүбiрге  толса,  елi  ӛз 
тарихы туралы қызық әңгiмеге кенелген болатын.
 

 
Қайда
 
барсаң да сӛйлеп тұратын Әбiш.
 

 
Кiмге қарасаң да бәрiнiң назары Әбiште.
 

 
Кiммен  сӛйлессең  де  бетiн  саған  бұрғанмен  Әбiштi
 
ауызынан 
шыққан сӛздi құр жiбермеуге тырысқан құлақ.
 

 
Әбеке
 

 
деп иiлiп тұрған министрлер мен мансаптылар.
 

 
Әбiшжан –
 
деп тұрған академиктер мен ғұламалар.
 
Сол  ұлы  дүбiр  басында  болған  Мырзатай  Жолдасбеков  ӛзiнiң
 
қорытынды
 
сӛзiнде:    Қасиеттi  Маңғыстау  жерiн  –
 
362  әулие  рухы 
қолдап,  желеп
-
жебеп  жатыр  дейдi  ғой.  Мен  ендiгi  жерде  осы 
топырақтан  жаралған,  туған  жерiне  бар  ғұмыры  мен  бар  бiлiмiн 
арнаған  Әбiш  Кекiлбаевты  ―Маңғыстау  жерiндегi  363
-
шi  Әулие  деп 
танығанды жӛн кӛрер едiм‖ –
 
деген
-
дi.
 

 
149 
 
 
 
Әбіш жертӛлесі 
 
 
 
Халық  арасында  қалыптасқан  бiр  қате  пiкiр  бар.  Басы  бағалы, 
сӛзi қадiрлi, құйрығы мансапты кiсiлердiң бәрiн де не бiр құдiрет, не бiр 
қамқоршы
 
сондай  деңгейге  жеткiзiп,  соларды  сол  дәрежеге  кӛтерiп 
апара  қойғандай.  Ондай  ойдың  кей
-
кейде  қате  екенiн  бұрын  да 
сезетiнмiн.  Ал  осы  жолы,  Маңғыстау  ойын  Атырау  теңiзiнен  бӛлiп 
тұрған  ақтаулар  арасынан  жаратылыс  қана  сондай  ғажапты  жарата 
алатын,  қазақтар
 
ғана
 
сондай  дәл  ат  тауып  теңей  алатын  Қапы 
шатқалында тұрып тағы да кӛзiм жете түскендей болды. Қапы сӛзi ескi 
түркi  тiлiнде  қақпа,  есiк  мағынасын  бiлдiредi.  Атырау  теңiзiнен 
Маңғыстау ойына, Маңғыстаудан шалқар теңiзге ӛтер қақпа.
 
 
1937  жылдары  сол  шатқал  арқылы  Таушық  шахталарынан 
теңiзге тар табан темiржол арқылы кӛмiр тасыған.
 
 
Күш –
 
қайраты
 
қажырлы
 
бiр жiгiттен кем емес, үш қыз, бiр ұлмен 
жесiр қалған Айсәуле анамыз сол бiр шатқал бойынан жертӛле қазып 
үй
 
етiп, кӛмiр шауып, сарыауыздарына дәм еткен екен.
 
 
Бiз  бiр  топ  кiсi  кӛмiлiп  қалған  3
-
4  жертӛле  топырағының  үстiнде 
тұрмыз.  Әбiш  маңында  ұйлыққан  кӛп  кiсi.  Ол  әлi  сӛйлеп  тұр.  Менiң 
ойым  маңайдағы  кӛркем  суреттерге  кетiп  қалған.  Олар  сiздердiң  не 
ойлауға  да  ерiктерiң  бар,  ал  Кекiлбаев  деп  табынып  тұрған
 
ғұламаларыңды
 
бiздер  тап  осы  жерде  қалыптастырғанбыз,  ал 
аяқтарыңның астындағы топырақтардан Әбiш мүшелерi жаралған деп 
тұрғандай  әсер  еттi.  Мен  дәл  Әбiш  жертӛлесiнiң  үстiнде  тұр  екенмiн, 
ығысып кеттiм. Әбiштiң қазiргi жеткен деңгейi мен мына жерде жатқан
 
жертӛле  үйiндiсi…  Мiне,  ұлы  кiсi  осы  iннен  шығып,  осы  ұядан  ұшып 
Алатау  шындарына  қона  алар  қыран,  Сарыарқа  даласында  самғай 
алар сұңқар дәрежесiне жетiптi. Оны ол биiкке ешкiм де кӛтерген жоқ 
болатын.
 
 
Зейнолла Қабдоловтың бірінші әңгімесі
 
 
 
Осы  дүбiрлi  жетi  күн  iшiнде  мен  Әбiштiң  ӛз  сӛзiн  тыңдаудан  да 
гӛрi Әбiш туралы ӛзгелер ойын аңғаруға құмар болдым.
 
 
Қасында
 
бiр  топ  адам.  Зекең  сӛйлеп  тұр…  Бұл  Әбiш  студент 
кезiнен кӛзге түскен болатын. Бiрақ Әбiштi маған алғаш танытқан осы 
ӛлкенi  кӛп  жылдар  бойы  басқарған  Тӛлеген  Қағазов  ақсақал  болды. 
Жетiбай  даласынан  алғаш  мұнай  фонтаны  атқылап,  бүкiл  ел  болып 
мәз  болып  жатқан  кезiмiз.  Кӛруге  Жетiбайға  келдiк.  Қасындағы  бiраз 
ересек кiсiлерге Жетiбай ӛлкесi туралы, Маңғыстау геологиясы туралы 
келелi
-
келелi  ұғымдар  айтқан  Әбiш  алдымызда  топ  бастап  келе 
жатыр.  Университеттi  жаңа  бiтiрген  жап
-
жас  балаң  жiгiт.  Бiр  уақытта 

 
150 
 
Тӛкең  менi  ӛзiне  қаратып  ап:  ―Зәке!  Ана  алдағы  қара  балаға  қарашы! 
Содан үлкен азамат шығады!‖ 

деп едi.
 
 
Тӛкең ертеден назарын аударып жүретiн болғаны ғой.
 
 
Зейнолла Қабдоловтың екінші әңгімесі
 
(Бӛрiлiде)
 
 
 
Бұл әңгiменi мен осы оқиғалардан дәл тӛрт жылдан кейiн Мұхтар 
Әуезовтiң 100 жылдық тойы кезiнде Семейде естiдiм. 
 
 
З.Қабдолов Мұхаңа арналған үлкен жиында сӛз сӛйлеп: ―Мұхтар 
Әуезов
 
қазақ
 
әдебиет

деген  арғымағымыздың  алтын  жалы  болса 
Әбiш Кекiлбаев сол арғымақтың күмiс кекiлi‖ –
 
деген едi.
 
 
Жан
-
жағыма  жалт  қарап:  «Япырмай,  мына  сӛздi  отырғандар 
түгел естiдi ме екен?  Естiсе түсiндi ме екен? Түсiнсе тереңiне бойлай 
алар  ма?»  –
 
деген  қауiппен,  облыс,
 
облыс  емес  Республика, 
Республика  емес  кӛптеген  шет  ел  адамдары  қатысқан  ұлы  жиын 
алдында жаңағыдай баға алған досым үшiн марқайып қалған едiм.
 
 
 
Мәлі мен Мәті 
 
 
 
Оншақты  жеңiл  автомашиналар,  тӛрт
-
бес  автобус  Шерқала 
тауының  кiсiнiң  кӛз  аясына  толық  сиятындай,  жанарға  анық 
кӛрiнетiндей  жерге  шұбыра  тоқтай  қалды.  Соңғы  автобустан  түсiп 
алдына  жеткенше  Әбекең  Шерқала  туралы  әңгiмелерiн,  осы  тұрған 
жерiмiздiң  тарихы  мен  геологиясы,  қазынасы  мен  шаруашылығы, 
адамдары мен ӛсiмдiктерi, ауасы мен суы туралы ұлан
-
ғайыр
 
әңгiмесiн 
бастап  кеткен  екен.  Ӛзiмнiң  туып
-
ӛскен
 
жерiм.  Бiршама  менiң  де 
хабарым  бар,  әңгiме  барысын  селқос  тыңдап  қасымдағы  Дүйсенбек 
Қанатбаев
 
ақынмен  әңгiмелесiп  тұрғанмын.  Бiр  кезде  Әбiштiң  назары 
бiзге түсiп кетiп:
 
 

 
Әй, мына екi тумаластың бiр
-
бiрiн тауып алғанын қарашы
-
ай –
 
дегенi.  Бәрiмiзде  түсiнбей  қалыппыз.  Ол  –
 
Берiш,  мен  –
 
Адай.  Кiшi 
жүзден қумаса жуысар жерiмiз жоқ сияқты.
 
 

 
Ол  екеуiнiң  ағайын  болатын  себебi  Дүйсенбек  Берiш,  демек 
Махамбет  Ӛтемiсов  ұрпағы,  Ал  Махамбеттiң  атасы  Мәлi  де,  мына 
Сайынның  алтыншы  атасы  Мәтi  де  соғыста  қолға  түскен  парсының 
патшасы  Нәдiр  Шах  тұқымдары.  Мәлi  мен  Мәтi  тұқымдарының  бұ 
күндерi алты
-
жетi атаға жетуiне, екеуiнiң де аталарының арғы бабамыз 
Иран  патшасы  едi  деп  аңыз  қалдыруына  сүйенсек,  қолға  түскен  ек

жiгiттiң аттарының ұқсас болуына мән берсек "Мәлi мен Мәтi" тумалас 
адамдар  болған  болуы  керек.  Нәдiр  Шахтың  Астраханды  шапқан 
жорығы ма, әлде сол шамадағы басқа жорығы ма, әйтеуiр сол екi жiгiт 
қазақтарға
 
тұтқын  болады  да  бiрiн  берiштер,  бiрiн  адайлар  алып 

 
151 
 
кетедi.  Екеуiнiң  тұқымдарынан  да  ақындар  мен  атақты  азаматтар  кӛп 
шыққан...
 
 
Шындығында  да  менiң  алтыншы  атам  аты  –
 
Мәтi. 
Аталарымыздан  қалған  әңгiмелерден  есте  қалғаны  Мәтi  жас  жiгiт 
кезiнде  соғыста  қолға  түскен  ―құл‖.  Бала  кезiмiзде  солай  деп  кемiткен 
балалармен талай –
 
талай тӛбелескенбiз. Қасиетi ерте танылған, ауру 
емдейтiн,  әсiресе  босана  алмай  тұрған  аналарға  кӛмегi  күштi  болған 
адам  деседi.  Сүйегi  Бозашы  түбегiнiң  шығыс  жағында,  Үстiрттегi     
Сисем  –
 
Ата  тұсындағы  Тасорпа  деген  жерде,  ―Мәтi  әулие‖  аталады. 
Әлi күнге басына адамдар түнейдi. Бозашының шалдарының айтуына 
қарағанда
 
ерте  кезде  Мәтi  басына  топалаң  ауруымен  ауырған  отар
-
отар қойларды да түнетiп, содан жазылатын болған.
 
 
 
Жығылғанда 
 
 
 
Сол  жетi  күндiк  сапардың  екiншi  күнi  Терiс  жаға  жақтағы 
Жығылған  басына  тiгiлген  киiз  үйлерге  түнеп  едiк.  Маңғыстау  түбек, 
жан
-
жағы  теңiз.  Ел  Маңғыстаудың  Форт
-
Шевченкодан  Шағадамға 
дейiнгi  жағын  бiр  атпен  "оң  жаға"  (оңтүстiк  жағы),  ал  сол  қаладан 
бастап бүкiл солтүстiк жағын "сол жаға" деп атайды.
 
 
Қалыңдағы  30
-
40  метрге  жеткен  ұлу  қабығы  шӛгiндiлерiнен 
түзiлген  ұлутас  Маңғыстауды  ұстап  тұрған  iргетас  секiлдi  нәрсе. 
Каспий сулары сол ұлутас астын үңги шайып ақыры ӛз салмағын ұстап 
тұра алмаған бiраз жерi опырылып түсiп кеткен, жығылған. "Жығылған" 
шұқырының  аумағы  диаметрi  оншақты  шақырымдай  дӛңгелекке  жуық 
шұқыр.  Сол  шұқырдың  ұшпа  жар  басына  тiлiген  үйлердiң  қақ 
тӛрiндегiсiнде  қонып  шыққан  Әбекеңнiң  үстi
-
басын  баласы  Әулет 
жӛнге  келтiрiп  жатыр.  Сәл  ерте тұрған  бiздер таңертеңгi шәйлерiмiздi 
iшiп  алып,  басшы  құзырын  күтiп  тұрмыз.  Жуынып
-
шайынып  болған 
әкесінің
 
сақалын  алып  болған  Әулет  ендi  аяқ  киiмiнiң  бауын  байлап 
жатқанын байқап қалған бiреу таңдайын қаға:
 

 
Япырмай, қалай тәрбиелеген! 
 
деп, риза болған едi.
 
 
 
Бескемпірде 
 
 
 
Атақты  Бескемпiр  тауы  Маңғыстаудағы  ең  биiк  шоқылардың 
бiреуi. Қасында жақын
-
жуық, дос
-
жарандары бар Әбiш, әңгiмешiл Әбiш 
сол тау басында бала күнінен естелік айтып тұр.
  
Бесiншi  класты  бiтiрген  жылы  ауылына  геологтар  келiптi.  Ауыл 
басшыларынан  жол  кӛрсететiн  орысша  бiлетiн  кiсi  тауып  бер  деп 
ӛтiнгенде  он  екi  жасар  Әбiштен  басқа  лайықты  ешкiм  болмаса  керек. 
Қайдан
 
үйренiп  жүргенiн,  бір  шама
 
орысша  да  сӛйлесе  алады  екен. 

 
152 
 
Ендi  қырық  бес  жылды  араға  салып  сол  жылдары  дәл  осы  жерде 
геологтармен  жүрген  жүрiс
-
тұрыстарын  әңгiме  етiп  отыр.  Ойған 
шруптарын,  қазған  құдықтарын,  тiлген  сайларын  әлi  де  ұмытпапты. 
Дәл тауып, дӛп басып кӛрсетiп жүр. Толып жатқан минерал тастардың 
аттарын  әлi  жатқа  айтады.  Қай  таста  қандай  металл  қосындысы  бар 
екенiн  түсiне  қарап  таниды.  Олардың  құрамының  сол  жерде  ӛсiп 
тұрған  ӛсiмдiкке  тигiзер  әсерiн  де  жердiң  түр
-
түсiнiң  де  сол 
минералдар  мен  металдардың  әсерiнен  сан  түстi  құбылыстарын  да 
сол  жолы  естiп  бiлдiк,  басымызды  шайқадық.  Денесi  ұлғайып  салмақ 
тартқан,  жасы  молайып,  егде  тартқан  кезiне  қарамай  тӛбеден  тауға 
шығуға,  ойдан  ӛрге  ӛтуге  жалықпайды
-
ау,  жалықпайды.  Iште  бұғып 
жатқан  мол  бiлiмнiң  кӛзiн  сәл  нәрсе  оятып  жiбередi  де  естелiк  болып 
еске  түскен  жалғыз  тамшы  жылғаға,  жылға  бұлаққа,  бұлақ  дарияға 
айналып  жүре  бередi.  Сосын  сен  тыңдай  бер,  таңдана  бер,  тамсана 
бер…
 
 
 
Мырзайыр 
 
 
 
Әбiштiң  туған  жұрты  Мырзайыр  құдығының  басы  екен…
 
Биiк 
бұталы  құмды  тӛбелер.  Сол  құм  тӛбелер  шығысқа  қарай  таза  құм 
тауларға  айнала  бастайды.  Терiстiгi  теп
-
тегiс  сор,  сор  жағасы  жер 
астынан жарып шыққан ақ таулар.
 
 
Бiрде,  суы  ернегіне  жетіп  жатқан  Мырзайыр  құдығына  әдейi 
соқтық.  Әбекең  шешiнiп  қосшы  баласына  құдықтан  су  тарттырып 
тӛбесiнен  жайлап  құйдырып  тұр,  құйдырып  тұр.  Алдыңғы  бiр 
сапарында Кӛрiктiтӛбеге, ӛзi қонған жұртына соғып, дәл осы жер менiң 
талай  жатқан  жерiм  болуы  керек  деп  аунағанын  кӛрiп  едiм.  Ендi  мен 
Әбiштiң  бұл  әрекетін  бойын  салқындатқысы  келгеннен,  немесе  күннiң 
ыссылығынан емес, ӛзi туған жер қасиетiнен бойына қуат жинауы, нәр 
алуы  деп  сезiндім.  Әбiш  сезiмiн    сыйлап,  басқалар  Әбішке  ұқсап 
үстеріне
 
су құйдыра бастағанда, мен бұл әдеттен бой тартып, денесіне 
су  құйдырып  тұрған  Әбiш  әңгімесін  тыңдаумен  болдым.  Ол  бiр 
шӛлдегенi туралы әңгiме айтып бердi...
 
 
...Ауыл осы Мырзайырда. Оқу Ондыда. Демалысқа шығып ауылға 
келе  жатырмыз.  Шаршаған,  шӛлдеген,  аш
-
жалаңаш  он  шақты 
баламыз.  Бәрiнен  де  шӛл  қинап  келедi.  Жақында  бұ  жақта  ӛткiншi 
жаңбыр  ӛткенi  байқалады.  Бiр  уақытта  Ондыдан  бiзге  ере  шыққан 
сары  ит,  бірдеңені  сезгендей,
 
iлгерi  озып  барады  екен  –
 
бұ  не  кӛрдi 
деп қарасам, алдымыз тастақ. Тастақта шұқанақ су.
 
 

 
Ойбай,  Тұржан  жүгiр,  ит  суды  жалап  қоятын  болды,  деп 
айқайлап жiберiппiн. Қазiр бәрiмiз үйiнен шәй iшкелi баратын Озғанов 
Тұржан.  Бұл  нағыз  желаяқтың  ӛзi  болатын.  Суға  жеткiзбей  ұстаған 
сары  иттi  бiздер  әбден  қанып  iшкенше  мойнынан  құшақтап  отырған
-

 
153 
 
ды.  Менi  келемеждеп:  ―Мен  иттi  қуып  жете  алмасам  ит  жалаған  суды 
iшпеймiн  деп  Мырзайырға  жеткенше  қаталайтын  едiң‖  –
 
деп,  iстеген 
жақсылығын ескертiп қояды.
 
 
Сол  кездегi  балалар  шыдамды  едi
-
ау.  Онды  мен  Мырзайыр 
арасы  35  шақырымдай  жер.  Кӛктем  шыға  ол  кездегi  бүкiл  ауыл  қой 
отарларына  ерiп  кӛшiп  кетедi.  Бар  талабы  қой  сауып,  сүтiн  үкiметке 
ӛткiзедi.  Сеператордан  майын  айырып  алған  сүттен,  кӛк  суды 
қайнатып
 
кӛк  құрт  алады.  Кӛк  тас  секілді  құрт.  Балалар  оқуға  жаяу 
қатынасады.  Жақын  қонғандағы  жұрттарымыздың  ең  жақыны  қазiр 
ӛлшеп
 
қарасақ
 
жетi шақырым екен. 
 
Біздің  тағдырымызда  тура  осылай  болатын.  Мен  қазiр  сол 
күндердi  еске  түсiрсем  ӛзімнен  гӛрі  ӛмiр  бойы  еңбегiне  бiр  кӛк  тиын 
ақы ала алмаған әке
-
шешелерiмiздi аяймын.
 
 
 
Әкеңді кӛрген 
 
 
 
Әбекең
 
бiрде менiң  әкемдi  ең соңғы  кӛрген  ана шал  екен  –
 
деп, 
Қайыр
 
деген кiсiнi нұсқаған.
 
 
Ауылдан 
ұзап 
шықпаған, 
психология 
мен 
педагогика 
ғылымдарынан
 
дәрiс алмаған, ауылдың мыңдаған азаматтарының бiрi. 
Сол  кiсi  Әбiштiң  әкесiн  ең  соңғы  кӛрген  кiсi  екен.  Оқиғаның  қалай 
болғанын соғыстан аман келгесiн де жиырма жыл бойы айтпай келiптi.
 
 
…Сталинград түбiнде соғысып жатқанбыз. Тамақ алғалы кезекте 
тұр  едiк.  Қасымыздан  ӛтiп  бара  жатып,  менi  танып  қалған  Кекiлбай: 
―Барлауға  кетiп  барамыз‖  –
 
деп  сыбырлаған.  Сол  сапарынан 
оралмады –
 
дептi. 
 
Бала
-
шағасы үмiтiн үзбесiн дедi ме екен? Неге бiр ауыз сӛздi 20 жыл 
бойы иелерiне жеткiзбеген?
 
 
 
Ондыда
 
 
 
Әбiш  ылғи  аулының  үлкендерiн,  бiрге  оқыған  балаларын,  аға
-
жеңгелерiн  сағына  әңгiме  етiп  отырады.  Менiң  байқаған  бiр  нәрсем 
(мүмкiн  қате  болар)  ол  жеке
-
жеке
 
кiсiлердi  емес  тұтастай  елдi  еске 
алатын. Бiздiң елдiң ақсақалдары деп, аға
-
жеңгелерiмiз қандай едi деп 
немесе  ӛз  қатар  құрбы
-
құрдастарын
 
тұтас  бiр  қауым  ретiнде  еске 
түсiредi.
 
 
Бiрде  ағасы  Мұқаңның  (Мұқыр)  үйiнде  отырмыз.  Кеш  бойы 
елегзiп  кiм  келiп,  кiм  кеткенiн  түгендеп,  барлығына  ӛзi  барып  шығуға 
уақытының жоқтығына ӛкiнiп отырды. Ертесiне дәл жүрер жерде:
 
 

 
Менiң  бәр
-
бәрiне  кiрiп  шығуға  мүмкiндiгiм  жоқ  екенiн,  уақытқа 
тәуелдi  екенiмдi  неге  түсiнбейдi,  алыстан  келдi  ғой  деп  кiрiп  шықса 

 
154 
 
нелерi кетедi екен? –
 
деп, шын мәнiнде балалық шағын бiрге ӛткiзген 
достарын сағынғанын, кӛргiсi келгенiн сездiрiп едi. Сәл кiдiрiп барып:
 

 
Бiздiң  жiгiттер  жалпы  қатыгездеу  де  болар  –
 
деп  басын  шайқаған 
болатын.
 
 
 
 
Кҥйік
 
патша
 
 
 
Күйiк  патша  аталатын  биiк  тӛбе  басына  мен  басқалардан  сәл 
кештеу  шықтым.  Әбiш  Форт
-
Шевченко  жағындағы  ұшпаға  жақын 
жиегiне тұрып алып ұзын сонар әңгiмеге кетiп те қалыпты.
 
 
Аспан  бұлттылау,  ауа  желкемдеу.  Әбекең  шашын  кӛптен 
алғызбаған  ба,  әлде  ӛзi  ұзынын  жақсы  кӛре  ме,  әйтеуiр,  қомақтылау 
мұрынынан  тӛмен  түсе  берген  шашын  қайта
-
қайта
 
сүйрiк 
саусақтарымен керi серпiп тұр.
 
 
…  Дағыстан  полкi  дей  ме,  Суворов  дей  ме,  Скоблев  дей  ме  … 
қолын
 
жан
-
жағына  кезек
-
кезек  ұсынып  ұзақ  әңгiме  бастап  кетiптi.  Бiр 
жағы шың, бергi жағы толы адам, әңгiме жел жағында тұрған
 
бiздерге 
үздiк
-
үздiк естiледi… 
 
...Сол  генерал  ӛзiнiң  соғыстағы  алғашқы  жарасын  осы  маңда  адай 
найзасынан алған болатын...
 
 
…  Дағыстандықтардың  соғыста  ӛлген  адайлардың  басын  кесiп 
алып кететiнi елдi қатты шошындырды...
 
 
…  1869  жылғы  адай  кӛтерiлiсi  патшалық  Россияның  Хиуаны 
басып алуын тездетiп жiбердi...
 
 
… Бекович жорығы …
 
 
Менiң  сол  сәтте  әңгiме  тыңдауға  да  онша  құмарым  шамалы 
болған  болуы  керек,  себебi  ойыма  Исатай  Сүйеубаев  пен  ӛз  әкем 
Назарбек арасында дәл осы Күйiк патша басында болған басқа әңгiме 
оралып  тұрған  болатын.  Ол  Ұлы  Отан  соғысының  қаһарманы  Исатай 
Сүйеубаев  айтқан  әңгiме  екен.  Соны  дәлiрек  анықтамақ  болып 
Кӛбеген  Жұмалыұлы  деген  құрдасым  Назекеңнен  (әкем)  сұрап,  кейiн 
маған айтып берiп едi …
 
 
…Соғысқа  аттанғалы  жатырмыз.  Параход  күтiп  Форт
-
Шевченко 
қаласында
 
бiраз  жатып  қалдық.  Бiр  күнi  Күйiк  патша  басына  шығып 
елмен, жермен қоштасқандай боп, ауылда қалған бала
-
шағамды ойға 
алып  отыр  едiм.  Бiреудiң  тырмысып  тiке  шығып,  келе  жатқанын 
байқадым. Тӛменге тас домалап жатты. ―Бұ кiм болды екен‖ деп тiксiне 
күтiп  отырсам  Исатай  екен.  Ол  менен  екi
-
үш
 
жас  кiшi  болатын. 
Кiшiлiгiне қарамай кездескен жерде "Назеке күресейiкшi" деп жағаласа 
кететiн  әдетi  болатын.  Сонысынан  сескенiп  мен  сәл  шегiнiңкiреп 
отырдым.
 

 
155 
 
 

 
Назеке  қорықпа,  жағаласпаймын.  Түс  жорыта  келдiм.  Сен  бiр 
түктi қошқар тұқымынансың ғой, әдейi iздеп келдiм.
 

 
Жарайды, айтып кӛр.
 

 
Түсiмде осы Күйiк патша басында тұр екенмiн деймiн.
 
Кенеттен  қасыма  бiр  алып  құс  келiп  қонғаны.  Ұстап  алмақ  болып 
мойнына  жабыса  кеттiм.  Ол  менi  бұйым  кӛрмей  кӛкке  кӛтерiлдi  де 
кеттi. Шарықтап биiктеп барып қайтадан қонардай болып, менiң аяғым 
жерге тие  бергенде қайта кӛтерiлiп үшiншiсiнде мен жерге аяғыммен 
тұрып қалдым да, ол кӛкке ұшып кеттi. Ол не болар?…
 
 

 
Мынау  аттанғалы  тұрған  қиямет
-
қайым
 
сапарыңнан  үш  ай  ма, 
үш
 
жыл ма әйтеуiр аман оралып, туған жерге жетедi екенсiң. Тек жай 
ғана
 
оралмайсың, атақ
-
даңқың аспандап үш рет әйгiлi болады екенсiң.
 
 

 
Назеке
-
ай, жақсы жорыдың ғой. Перiште әумин десiн, айтқаның 
келсiн.
 
 
…Мен оймен сол екi кiсiнiң дәл қай жерде отырып әңгiмелескенiн 
кӛзбен болжап, сұлбаларын кӛңiлiме елестетiп тұрып, маңымда болып 
жатқан бұ күнгi тiршiлiктен алыстап кетiппiн.
 
 
Әбекең
 
әбден
 
кӛсiле шауып бiраз жерге барып, қалған екен. Ӛзiн
-
ӛзi  тоқтатып  бұл  әңгiменiң  жалғасын  орыс  армиясының
 
полковнигi 
Рукиннiң  қасындағы  барлық  әскерiмен  Досан  батыр  бастаған 
кӛтерiлiсшiлер қолынан қаза тапқан жерiнде жалғастырмақ боп қайтуға 
ыңғай бiлдiрдi.
 
 
 
Ҧштағанда
 
 
 
Әбiш  ауылға  соққан  бiр  сапарында,  қасында  бәйбiшесi  Клара 
бар,  бiздердi  де  ерiтiп  Маңғыстауды  жартылай  аралап  шықты. 
Ұштағанда
 
ӛзi  бiтiрген  мектебiне  соқты.  Жаз  кезi  едi.  Мектеп  жабық 
екен.  Айналып  қарап  шықтық.  Аллатағала  Әбекеңе  әртүрлi  ӛнер  мен 
мiнездi 
аямай
-
ақ 
берген 
ғой. 
Ӛнерiн 
санамай
-
ақ 
қоялық. 
Сабырлылығы,  кiсi  кӛңiлiн  жықпайтын  кiшiпейiлдiгi,  қанағат  сезiмiнiң 
молдығы, кiсi жанының iшкi құбылыстарын түсiнгiштiгi, ал менiңше осы 
мiнез
-
қасиеттерiнiң  iшiнде  оның  сүртiлмес  жады  тым  ерекше. 
Мектебiмiздi  айналып  жүрмiз.  Ол  айтып  келедi,  еске  түсiрiп  келедi… 
Мынау  пионер  бӛлмесi  едi,  мынада  мұғалiмдер  отыратын,  ал  мына  
класта  бiздер  оқыдық,  мына  кластың  парталарын  ысырып  қойып 
пьесалар  дайындайтынбыз,  мына  кластың  пешi  түтiндеп  кететiн,  ал 
ендi  осы  кластың  әнебiр  маңында  болашақ  Клара  ханым  отыратын, 
бұл  бӛлменiң  есiктегi,  журналдағы  қатар  саны  8  ―С‖  класы  болатын. 
Сол  кездегi  мұғалiмдердiң  негiзгi  мiндеттерiнiң  бiрi  балаларға  шаш 
қойдырмау, кешкiсiн киноға жiбермеу сияқты едi. Мына бӛлменiң соңғы 
партасында  менi  отырғызып  қойып  ақыл  айтқан  мектептiң 
директорына сол тәрбие жұмыстарының балаларға мектеп атаулыны, 

 
156 
 
ұстаз
 
атаулыны  жек  кӛрiнiштi  етер  басты  құрал  екенiн  дәлелдеп, 
екеумiз екi сағат дауласқанбыз. Шiркiн, сол ағалар
-
ай! Оқушыларымен 
қатарындай
 
сырласып,  құрбысындай  дауласып  отыратын.  Бiздердiң 
бағымызға  сол  кезде  ылғи  бiр  озық  ойлы  мүғалiмдер  кездестi  ғой. 
Айтмағанбет  Құдайбергенов,  Жанбоз  Екiбаев,  Бектұрған  Жұмағазин, 
Дүйсенбi    Әрiпов,  Бақтылы  Мыңбаева,  Дiлдә  Саймағамбетов,  Ильяс 
Құрмашев…
 
 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет