Сайын Назарбекҧлы



жүктеу 1.66 Mb.
Pdf просмотр
бет16/26
Дата15.03.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

Таған
 
 
 
Әбекең
 
жастау  кезiнде  жазушы  псевдонимi  дегенге  елiктеп, 
кейбiр шығармаларына Таған деп те қол қойған секiлдi. Әбекеңнiң сол 
атасы ел есiнде бiр қызық оқиғасымен есте берiк орнаған. Оқиға  –
 
ол 
кiсiнiң бiр күнде үш әйел алуы (әлде бiр мезгiлде үш әйел алуы).
 
 
Қожаназар  кенжесi  Тағанды  айттырулы  қалыңдығына  (атақты 
Есек  батыр  қызына)  үйлендiрмек  боп  оң  жаға  жақта  отырған  түрiкпен 
досына  хабаршы  етiп  жiбередi.  Сал  жiгiт  сол  ауылда  бiраз  жүрiп, 
түрiкпен  байының  баласына  айттырулы  әдемi  қызды  алып  қашып 
кетулi.  Әкесi  некелесуге  рұқсат  бермей  алдына  екi  түрлi  шарт  қояды. 
Алдымен  айттырулы  ӛзiңнiң  қалыңдығыңды  бәйбiше  етiп  үйге 
түсiресiң, сосын ӛз аяғыңмен барып менiң түрiкпен досымнан кешiрiм, 
рұқсат әкелесiң. Бәрiн де орындайды.
 
 
Айттырулы  қалыңдығын  бәйбiше  етiп  шаңыраққа  да  түсiредi, 
бәйбiшесiнiң  күтушi  қызы  да  асқан  сұлу  жан  болса  керек,  тоқалдыққа 
оны да ала салады. Түрiкпен байдан кешiрiм алып –
 
бiр күнде үш әйел 
алған Таған батыр, Таған тентек, Таған сал деген атағы қалады.
 
 
Аталарымыз  бала  атадан  ширек  кем  туады  дегенде    бұ  заман 
кiсiлерiнiң  осы  тұрғылас  шаруадағы  тындырарын  айтты  ма  екен. 
Әбекең
 
бабаларынан  ақыл  мен  ӛнер  жағынан  кем  түспесе  де,  осы 
мәселеден кем дегенде ширек тӛмен жатырғандай.
 
 
Әбіш пен халық 
 
 
 
Әбекеңдi  халықтың  сыйлайтынына  менiң  кӛзiм  ол  кiсi
 
депутат 
сайлауына  түскенде  жеттi.  Кейбiр  саяси  жағдайларға  байланысты 
Әбекең
 
депутат  сайлауына  Маңғыстаудан  ұсынылмайтын  болыпты. 
Оған Баянауладан бағыңды байқап кӛр десе керек. Баянаулада болған 
алғашқы кездесуде елдiң бiр дiлмәр қарты:
 
Демократия деген хабар бiзге де жетiп жатыр. Бiз де табанды
 
елмiз. Екi бiрдей азаматымызды дайындап жатырған жай бар. Бiрi осы 
аудан басшысы болса, бiрi сан жылдан берi бiр шаруашылығымыздың 
кӛсегесiн  кӛгертiп  жатқан  iскер  азаматымыз.  Тiптi  ӛзiмiз  ендiгi  жерде 
қайсысына
 
дауыс  беремiз  деген  уайымға  қалдық.  Ендi    Сiз  келiп 
қосылдыңыз.  Шырағым,  ӛзiңнiң  елiң,  жерiң  бар  емес  пе?  Сол  жақтан 
неге түспедiң? –
 
дептi. Сонда Әбекең:
 
―Тұлпарлығыңды танығың келсе, арғымақ қосқан жерге бар.
 
Құлын
 
кезiңде  кӛрмедiм  деп  қайтара  қоймас  бағыңды,  жiгiттiгiңдi 
сынағың келсе, азамат ӛсiрген елге бар, әкесiмен табақтас болмадым 
деп сындыра қоймас сағыңды деген, мен ӛз бағымды сынауға арғымақ 
қосып, азамат ӛсiрген елге келiп тұрмын‖ деп жауап берiптi.
 
 
Сонда әлгi дiлмәр:
 

 
175 
 
 

Ау,  ағайын!  Мына  бала  ел
 
басы  ғой,  дауыстарыңды  осыған 
берiңдер, 

деп, дәл сол арада үгiт жүргiзе бастаған екен.
 
 
 
Әбіш пен әдебиет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қай
 
заманда  айтылғанын  кiм  бiлген,  бiрақ  ―ӛз  жерiнде  ешкiмде 
пайғамбар  бола  алмайды‖  деген  пiкiр  кӛп  жағдайда  шындыққа  жақын 
тұрады.
 
 
Әбекең
 
абыройға да, атаққа да кенде емес секiлдi.
 
 
Мен  немiстер  шығарған  ―әдебиеттiң  тiрi  классиктерi‖  атты 
плакаттан  Шыңғыс  Айтманов  пен  Әбiш  Кекiлбаевты  кӛрiп  (бүкiл  Орта 
Азиядан)  Әбiш  ӛнерiнiң  деңгейiне  ӛз  басымның  пайымдауым 
жетпейтiнiне түсiнген болатынмын.
 
 
Кiсiлiк  пен  азаматтықты,  ақыл  пен  ойды,  егер  сол  қасиеттерi 
бойында  бар  болса,  ӛз  елi  мен  жерi  үшiн  қалай  пайдаланатыны  әр 
адамның адамдық деңгейiн кӛрсете алар.
 
 
Бiз  Әбiш  пен  халық,  Әбiш  пен  әдебиет  атты,  қысқа  әңгiмелердi 
әркiмге ой сала аларлық бiр санмен аяқтағым келiп отыр.
 
 
…  Әбекеңе соңғы  сайлауға түскенде  ӛзi туып 

ӛскен
 
ауылда  17 
кiсi  қарсы  дауыс  берiптi.  Әрине,  екi  мыңға  жуық  дауыс  берушiлердi 
ойласақ  кӛп  сан  емес  сияқты.  Бiрақ  мен  оны  Әбiш  үшiн  кӛп  деп 
есептеймiн.
 
 
 
Соңғы сӛз орнына 
 
 
 
Бұ
 
күндерi әрбiр атқан таң, әрбiр батқан күн Әбекеңнiң алпысын 
жарық жылдамдығымен бiзге жақындатып алып келе жатыр.
 
 
Әбiш, Әбекең, Әбiш Кекiлбаев –
 
мiне, әкесi Кекiлбай қойған есiмi 
арқылы ел аузындағы ол кiсiнiң пенделiк мүсiнi.
 
 
Жазушы Әбiш, данышпан Әбiш, кемеңгер Әбiш –
 
мiне Әбекеңнiң 
елiне еңбегi арқылы ӛз болмысын тұлғаға айналдыруы.
 
 
Бiз осы әңгiмемiзде соңғы үш сӛзге тоқталсақ па деп отырмыз.
 
 
Жазушы  Әбiш…  Әрине  бұл  сӛздi  Әбiш  ӛз  еңбегi,  ӛз  таланты, 
ӛзiнiң  елiне  еткен  еңбегi  арқылы  ие  болды.  Оның  бұл  тұрғыдағы 
еңбегiн  Кеңес  ӛкiметi  де,  Қазақстан  Республикасы  да  ӛте  жоғары 
бағалады.  Ал  ендi  данышпандыққа  келетiн  болсақ,  ол  сӛздi  мен  оған 
досы  ретiнде  таңып  отырған  жоқпын.  Бiр  сәттi  күнi  сұхбаттас  болып 
отырған кӛптiң бiрi: ―Бiздiң қазақ зиялыларының
 
ортасында қазiр Әбiш 
Кекiлбаевтан асқан данышпан жоқ‖ деген едi. Сол кiсiнiң сол сӛзi менiң 
кӛкiрегiме  ұялап  қалған  секiлдi.  Әбекең  соңғы  кезде  әдеби 
шығармалардан  гӛрi  данышпандық  ой  толғауға  кӛбiрек  бой  ұрып 
жүргенi де байқалады.
 

 
176 
 
 
Абай  атам  айтқандай  егер  менiң  қолымда  билiгiм  бар  адам 
болсам,  мен  Әбiш  Кекiлбаевқа  оның  ―Манасы‖  үшiн  фольклор 
жанрының  академигiн  берер  едiм,  Құрманғазы  тойларындағы  еңбегi 
үшiн мен оны музыка зерттеушiсi академигi етер едiм. Қолына ұстатқан 
қызыл
 
алманың iшiнен құрт шығып, сол құрт арқылы ӛзi жоқта болған 
оқиғаға  кӛңiл  жеткiзе  алғандығы  үшiн  мен  Кекiлбаевты  психология 
академигi  деген  дәрежеге  кӛтерген  болар  едiм  …  Жарар,  осы 
атақтарымен тоқтай тұралық…
 
 
Кӛп  ортасында  ―кемеңгер  Кекiлбаев‖  деген  сӛздi  мен  ӛз  басым 
бiрнеше  мәрте  естiдiм.  Ал  бiр  жолы  оған  тағылған  айып  па,  әлде 
Әбекеңнен
 
күткен дәме ме:
 
 
-- 
Әбiш  Кекiлбаев  Әз  Жәнiбек  ханның  Жиреншесi  бола  алмай 
жүр‖ деген бiр ауыз сӛздi құлақ шалды. Бұл не сӛз?…
 
 
Осы жалғыз ауыз сӛзден мен елдiң Әбiштен не күтетiнiн түсiндiм. 
Халық
 
қазiр  Әбiштен  тек  қана  данышпандық  пен  кемеңгерлiк  күтедi 
екен.  Оның  сондай  екенiн  мойындап  болған  екен.  Әлгi  кiсiге  айтар 
дауым бар. Ӛз заманында ешкiм де пайғамбар атанбаған. Әз Жәнiбек 
те  оның  дана  уәзiрi  Жиренше  де  бұ  күндердегi  атағын  кӛздерi  тiрi 
кезiнде  ала  қоймаған  болар.  Заманнан  заман  озған  болар.  Талай 
жақсы  кӛмiлiп,  олар  орнына  талай  залым  келген  болар.  Қазекем  ―ой 
бауырым‖  деп  талай  ӛкiнген  болар.  Кейiн  келген  ұрпақ  кемшiлiгi 
кешiрiлген,  жақсылығы  ӛсiрiлген  бабалар  iшiнен  елге  үлгi 
тұтатындарды  таңдап  алған  болар.  Мiне,  сол  уақытта  Әз  Жәнiбек  те, 
Жиренше  де  бұ  күндерi  бiз  сағынатындай,  бiз  табынатындай 
қасиеттерiне  ие  болған  болар.  Халық  ӛз  ұлдарын,  ӛз  даналарын 
анадан  ғана  тудырып  қоймайды,  оларды  қиял  менен  аңыздан, 
сағыныш пен махабаттан да
 
тудыра алады.
 
 
Мынау ӛтпелi ауыр кезең ӛрмегiнiң сәл ғана жүзi аусыншы, бүгiнгi 
тiлiмiз жеткенше сӛгiп, айызымыз қанғанша қарғап жүргендер iшiнен Әз 
Жәнiбегiмiздi де, Жиреншемiздi де тауып аламыз.
 
 
Сан  ғасырлар  бойы  қазақ  халқының  сарыла  күткен  бостандық 
атты  бақыт  құсы  басына  қонған  шақтағы,  бiз  де  егемен  ел  болып 
кететiн  болдық
-
ау  деген  сенiм  жүрегiне  ұялаған  шақтағы  елдiң  жүрегi 
мен  тiлегiнiң,  арманы  мен  кiсiлiгiнiң  баламасындай  болған  жақсылар 
мен  жайсаңдар  iшiнен  талай  Жәнiбек,  талай  Жиренше  дараланар

аттары аңызға айналар.
 
 
Солардың  бiреуi  менiң  Әбiшiм  боларына  мен  ӛз  басым 
сенiмдiмiн.  Алпыс  жасың  құтты  болсын,  ӛз  сӛзiңмен  айтқанда  менiң 
қалтқысыз
 
досым!
 
 
 
 
 
 

 
177 
 
 
Алпыс пен жетпіс арасы
 
(он әңгіме)
 
 
1. 
Әб
i
шке жҧбату
 
 
 
Жалғызым деп,
 
Әбішім
 
деп ӛмір сүрген, бірақ бәрімізге ана бола 
алған абзал адам –
 
Айсәуле
-
Күнсәуле  анамыз жүзге қараған шағында 
жарық  дүниесімен  және  сенімен  қоштасыпты.  Мен  танитын  Айекеңе 
мынау  жалғанмен  қоштасар  сәтінде  жарық  дүниеден  гӛрі  Сені  қию 
қиын
 
болған  болар.  Әйтпесе,  Айекең  ӛзінің  шӛбересіне,  ӛзіңнің 
немерең Абылға, кәмәлетке толмаған жап
-
жас балаға "Әбішке қамқор 
бол!" деп тапсырып кетер ме еді... 
 
Әу
 
баста,  Жаратушы  Құдірет  анамызға  бұл  пәниде  тіршілік  ету 
еншісін мол берген екен. Ӛз жасын жүзге жеткізсе, жалғызының жасын 
Мәңгілік етіпті...
 
Бәріміз де соған шүкіршілік етелік. 
 
Аллатағаладан  анамыздың  жанын  Жәннәтта  ете  гӛр  деп  тілек 
тілелік...
 
Мықты бол, Әбеке!..
 
 
Асыл азбас, алтынды тот баспайды,
 
Жақсы ӛлсе, рухы асқақтайды.
 
Жасыта алмас дананы т
i
рл
i
к сыны,
 
Қыран
 
күнге қараса қас қақпайды.
 
   
 
 
 
 
Сайын.
 
 
 
 
 
2. Жалған емес дҥние, жалған емес
 
 
 
Бәріміз  де  "Дүние  жалған"  деген  сӛзге  сеніп  алған  секілдіміз. 
Асыл  анамыздың  сүрген  ӛмірі  мен  артына  қалдырған  мұралары 
туралы ойлана келе дүниенің жалған емес екеніне кӛзім жетті.
 
 
Жалған емес дҥние, жалған емес
 
 
 
 
 
 
Айсәуле ана рухына
 
 
О, жарық Күн! б
i
р атып, б
i
р бататын,
 
О, Аналар! т
i
рл
i
к боп т
i
л қататын –
  
Сен екеу
i
ң
 
бастауы жанымыздың,
 
Сендер ғана кӛз жасты құрғататын...
 
 
...Жалғыз т
i
лек, мұраты басындағы,
 
Жүз жасында жылуы басылмады.
 
Әулиедей
 
Әб
i
ш
i
н, шӛбереге
 

 
178 
 
Аманат қып, пайғамбар жасындағы:
 
 
―Жабырқатпаң Әб
i
шт
i
!‖ –
 
депт
i-
ау, ана,
 
Шӛбереге сез
i
м
i
н ект
i-
ау, дана...
 
Сарқа таусып қуатын, түк қалдырмай,
 
Б
i
р шыраққа май болып, ӛтт
i-
ау, жана...
 
 
...Ғұмыр кешт
i
, б
i
р елге пана болып,
 
(Қабылдамас құбылыс саның толық).
 
Ӛм
i
р сүрд

Әб
i
шке алпыс үш жыл,
 
Елу жылдай маған да ана болып.
 
 
Сүй
i
кт

ед
i
ң
 
бар бала бағындай боп,
 
Кӛп кӛгерш
i
н 
i
ш
i
нде ағындай боп.
 
Қарқарадай
 
жаулығың кӛз алдымда,
 
Енд

елес, кетт
i
ң
 
бе сағымдай боп?..
 
 
Аз бен кӛпт

құшағың
 
теңгерет
i
н,
 
Сол құшақтар әлс
i
зге дем берет
i
н.
 
Алтын арқау сен ед
i
ң, ӛм
i
р –
 
ӛрмек

Т
i
пт

тентек сӛз
i
ңд

жӛн кӛрет
i
н.
 
 
Жанарыңнан тағынғам моншағыңды,
 
(Жақсы кӛре алдым ба, сонша, к
i
мд
i?). 
Мей
i
р
i
ңе
 
сан рет шомылған ем,
 
Ембегенмен мен сен
i
ң
 
емшег
i
ңд
i... 
 
Б
i
з т
i
р
i
де, ұрпақта сана сауда,
 
Жырланарсыз теңел
i
п сан атауға...
 
...Маңғыстауда желег
i
ң
 
бұлт боп ұшар,
 
Сәукеле боп ки
i
лер Алатауға...
 
 
...Кетт
i
ң
 
бе енд

анажан арамыздан,
 
Қорғаушы
 
ед
i
ң
 
жүрект

жара, мұздан.
 
Т
i
р

әулие
 
сек
i
лд
i
, айналайын,
 
Орын таптың мәңг
i
л
i
к санамыздан.
 
 
Ана аты ақынға жыр алаңы,
 
Ақ маржан боп қара сӛз түр алады...
 
...Қош бол, ана, жалғанмен қоштастыңыз,
 
Туар тағы б
i
р ана, б
i
р ананы...
 
 
...Қате айттым
-
ау, дүние жалған емес,
 
Рухы тұр, артында қалған елес.
 

 
179 
 
Ана сүт
i
н ақтарлық
 
ұрпақ
 
барда –
  
Жалған емес, дүние жалған емес!..
 
 
 
 
 
 
21.11.2001 ж.
 
 
 
 
 
 
3. Сақтансаң, сақтармын
 
 
 
Арман  етер  Алатауым,  арқа  сүйер  Қаратауым  секілді  Әбекең, 
қара
 
жер  қозғалмаса  қозғалмас  деп  ойлайтын  Әбекең  бізді  бір 
састырды. 
 
 
Әбекең
 
Орал  қаласында  ӛткізілетін  бір  жиынға  барады. 
Орналасқан  қонақүй  бӛлмесінің  есігі  жабылып  қалса  тек  қана  кілтпен 
ашылатын  кінәраты  бар  екен.  Артық  шаруаға  онша  кӛп  зауқы  жоқ 
Әбекең
   
бӛлме  есігін  сәл  ашық  қалдырады  да,  кӛшеге  шығу  қамына 
кіріседі.  Креслода  отырып  кӛйлегін  киеді,  сосын  ұмтылып  тұра 
бергенде  дем  жетпей,  қолымен  ауа  қарманып,  сол  креслоға  қайта 
отырып қалады... 
 
 
Алла  сәтін  салып,  қонақүй  басшылығынан  құрметті  қонақтар 
орналасқан  бӛлмелердің  су  крандарын  тағы  бір  рет  тексеруге 
тапсырма  алған  жұмыскер  ашық  тұрған  Әбекең  бӛлмесінің  есігінен 
ішіне  кӛз  жүгіртеді.  Әбекеңнің  қиналып,  есін  жоғалтқан  түрін  кӛріп 
басшыларына  хабарлайды.  Жедел  жәрдем  де  тез  келе  қалады. 
Ауруханаға  апарып  Әбекеңнің  есін  жинатқызады.  Әр  түрлі  дәрі
-
дәрмектер  атын  атап,  ем  схемасын  жобалай  бастайды.  Сол  кезде 
Әбекең
 
сұқ  саусағымен  кӛйлегінің  тӛс  қалтасын  кӛрсетеді.  Дәргерлер 
тӛс  қалтадан  Клараның  Әбекең  денсаулығы  туралы,  осындай 
жағдайда  не  істеу  қажеттілігі  жӛніндегі  нұсқауын  табады.  Қандай 
дәрінің Әбекеңе жағатыны, жақпайтыны туралы да деректер бар екен. 
Дәрігерлерге  кӛп  кӛмегі  тиеді.  Уақыт  жоғалтпай  Әбекеңді  тез  жобаға 
келтіріп,  Астана  дәрігерлеріне  жеткізеді.  Әбекең  сол  жолы  екі  айдай 
ауруханада жатты. Басында қатты қорқытты. 
 
 
    
 
4. Ақселеу ӛкініші
 
 
Ақселеудің үйіндеміз. Соғымның әбден сүр болған кезі. Ас үйдегі 
асылып  жатқан  сүр  исінен  жаның  тоят  таба  отырып  Қойшығара 
үшеуміз
 
әңгіменің
 
де дәмін келтіріп отырғанбыз. Бір кезде әңгіме желісі 
Әбекең
 
атты  сүрлеуге  ауысты.  Сол  кезде  Ақселеу  басқалар  назарын 
ӛзіне
 
қаратып  алатын  әдетімен  ақ  селеу  шашты  басын  қозғаңқырап 
жіберіп "әттең шіркін
-
ай!" дегені.
 

 
О не, деппіз біз, қосарлана.
 

 
180 
 

 
Сіздер Әбекең дарынына таңдай қағып отырсыңдар, ал менде 
бір ӛкініш бар! 
 
 

 
Қандай
 
ӛкініш

 

 
Әбекеңнің
 
ең  әдемі  әңгімелері,    сӛзбен  ӛрілер  сәнді  сарайы, 
ормандай  ойының  кӛрікті  тоғайлары,  тыңдаушысының  айызын 
қандырар
 
үйлесімді
 
ұйқастары,  жалпы  Әбекең  талантының  жарыққа 
шыққан  жартысы  тойлар  мен  кештердегі  жиында  "тост"  деген  атпен 
желге ұшып кетіп жатыр ғой. 
 

 
Рас, рас!
 

 
Бір амал табу қажет еді!
 

 
Қандай


 
Мысалы бір жас келіншекті жиын
-
тойда қасынан қалдырмай үн 
таспаға түсіртіп отырса…
 
 
 
5. Таудың тастары
 
 
 
Әбекең
 
бір  сапарында  Ембі  тауларының  үстінде  қолына 
бармақтай  ақ  тасты  алып  жіберіп  сан  миллион  жылдарға  сапар  шеге 
жӛнелген  еді  деп  бастады  әңгімесін,  Әбекең  туралы  естелік  айта 
бастаған  ӛлкеміздің  ардақты  азаматтарының  бірі  –
   
маңғыстаулық 
Сақып  Керелбаев.  Тасқа  қарап  тұрып,  тас  ішінен  миллион  жылдар 
сырын оқып тұрғандай, есілді дейсің келіп, ағамыз. Тетис деген мұхит 
болды дей ме, жәндіктер қалдығы ақ тас болып тұнған дей ме, әйтеуір 
бұл ақтастар әуелде тас емес екен. 
 
Ал біз болсақ, шаруашылықтағы адамдар, мына қонақтарымызды 
алда күтіп отырған елге уақытында жеткізсек деп уайым шегіп тұрмыз. 
Мен  қасымдағыларға:  "Алда  да  тау  бар,  онда  да  тас  бар,  айтылар 
сонда.  Жүру  керек  еді"  –
 
деп  қоямын.  Сыбырласып  тұрғаным  геолог 
жігіт  екен.  Ол,  Сәке,  қазір  Әбекең  ақ
 
тау  тасын  әңгіме  етіп  тұр.  Жер 
жаратылысындаға  ақтастар  түзілісі  бір  бӛлек  те,  қара  тастар  тарихы 
басқаша дейді.
 
 
Со  жолы  естідік,  ақ  тас  дегеніміз  миллиондаған,  миллиардтаған 
жылдар  бойы  су  астында  нығыздалған  теңіз  жәндіктерінің  қаңқасы 
екен.  Ал  қара  тастар  деп  жүргенімізді  булкан  атқылаудан  жер  бетіне 
шыққан  жер  астындағы  балқып  жатқан  магмалардың  жер  бетіне 
шығып, суынған түрі екен. 
 
 
Жазушылар  бәрін  біледі  ме  екен,  әлде  Әбекең  бәрін  білуге  тиіс 
пе екен?..
 
 
 
6. Әбекең әлемдік тҧлға
 
 
 
Әбекең
 
туралы ойланғанды жақсы кӛремін.
 

 
181 
 
 
Кеше  ғана  ӛзіммен  бірге  жүрген,  бірге  ойнаған  ӛзіміздей  қара 
сирақ қалай әлем таныған, әлемге ардақты тұлғаға айналды?
 
 
Ненің арқасы?
 
 
Ойлай,  ойлай  тапқаным  –
 
бұған  себепші  тек  қана  оның  дарыны 
емес, оның ішкі дүниесінің кеңдігі де. 
 
Ол  кешірімшіл!  Кешірімшілдігін  ӛзіне  талай  қастық  істеген 
кісілермен жан досындай боп әңгімелесіп отырғандарын кӛрдім.
 
Ол  кеңпейіл!  Дүние
-
малға  да,  абырой
-
атаққа  да  таласқанын 
кӛрмеппін.
 
Ол кӛреген! Кӛрегендігінен кемеңгер Кекілбаев атанды.
 
 
 
5. Ҧлттық пантион
 
 
 
Әбекеңнің
 
парасатына  қатты  сенімді  адамдардың  бірі  –
   
мен. 
Сондықтан  ӛз  ойымды  оған  ашық  айтып  әдеттенгенмін.  Бір  жолы 
біздер сырласа отырып "о дүние" тақырыптарын әңгіме еттік. 
 
 
Мен:  "Адай  атамыздың  атын  беріп,  Маңғыстауда  бір  кесене 
салмақ  ойым  барлығын,  оны  "тоғыз  жолдың  торабы",  Маңғыстаудың 
жүрегі секілді  Таушық  кентінің  қасы,  форт  пен  Ақтаудан,  Жетібай  мен 
Шетпеден  де  алыс  емес  Дәніспан  тауының  жолға  жақын  бір  тӛбесі 
дұрыс болар еді
-
ау, деп сырымды айттым. 
 
"Таушық"  серіктестігінің  басшысы  Тұрар  ініммен  жер  қарап,  бір 
тӛбені белгілегенімді әңгіме еттім. 
 
Бірақ  Адай  ата  атымен  аталатын  кесене  жобасының  ерекше 
болуы  керек  екенін,  әбден  талқыланып,  білікті  адамдармен  танылып, 
қосталған
 
кезде ғана қолға алуға мүмкін екенін әңгіме еттік. 
 
Сол  сұхбатымызда  орайын  келтіріп:  "Әбеке!  Ойлы  адамсыз. 
Мәңгілік орныңыз туралы ойландыңыз ба, орныңызды белгіледіңіз бе?" 

 
деп  сұрадым,  әзілге  сүйеп.    "Менен  ақыл  сұрасаңыз,  Алматыдағы 
Кеңсайды қаламаймын" –
 
деп, қосып қойдым. 
 
Бұл сұраққа Әбекең ашық жауап бере қоймады. 
 
"Дәніспанның басына болмаса?" –
 
деп, ол да әзілге сүйей салып еді. 
 
 
Осындай әңгімелерді әзіл дегенмен олардың түпкі мақсаттары да 
салмақты еді.
 
Қазақтың
 
маңдайына біткен аптал азаматтарымыз "Кеңсай" атты 
тар  қапасқа  тығылып,  қазақ  жастарына,  ұрпаққа  үлгі  боларлық  ӛз 
міндеттерін атқара алмай жатыр. 
 
Аралау да мүмкін емес, табу да мүмкін емес.
 
Ел –
 
ежелгілігімен ел.
 
Ұлт
 
рухы ежелгі ерлерімен, атақтыларымен қалыптасады.
 
 
Елге "Ұлттық пантион" қажет. 
 
 
Ендігі  ұлттық  пантион  ұрпағымызға  Түркістан  мен  Сарайшықтан 
кем емес еңбек етері сӛзсіз.
 

 
182 
 
Ол  пантион  келесі  "Кеңсайға"  айналып  кетпеуі  үшін,  оған 
жерленер кісілерге мемлекет қаулысымен ғана орын берілсе…
 
Оны  аралап  танысуға,  ұлы  кісілер  орнын  табыға  мүмкіндік 
жасалса…
 
Оған  салынар  ескерткіштер  алдын  ала  мемлекеттік  комиссия 
бекіткен жобалардың біріне сәйкес қана салынса…
 
Ол кесенелер сәндік пен байлық бәсекесіне айналып кетпесе…
 
 
6. Абылдың алғашқы айлығы немесе баяғы бас киім туралы
 
 
 
Алғашқы  алпыс  әңгіменің  бірінде  Әбекең  немересі  Абыл 
Әулетұлының
 
аты қалай қойылғаны туралы әңгіме еткен болатынбыз. 
Клара  мен  Әбекең  Абыл  атын  қойған  мені  қалай  киіндіргені,  бірақ  бір 
бас  киімнің  жаңа  қойылып  жатқан  Абылдың  алғашқы  айлығына 
қалдырылғаны
 
әңгіме
 
етілген болатын. 
 
 
Міне, содан бері бір ұрпақ келесі ұрпаққа орын босатар уақыт та 
ӛте
 
шығыпты.  Абыл  оқуын  бітіріп,  алғашқы  айлығын  да  шешесіне 
әкеліп
 
беріпті.  Уәдеге  берік  адамдар,  борыштары  есіне  түсіпті. 
Алғашқы айлықтан
 
маған бір норка бӛрік сатылып алыныпты.
 
 
Бір күні маған Клара телефон соғып: "Астанаға соққанда бӛркіңді 
киіп кет, балаң алғашқы айлығын алды", –
  
дейді.
 
 
Бӛріктің түрі де, түсі де ұнады. Клара жұрттың басының бәрін ӛз 
шалының  жобасымен  шамалайтын  болса  керек,  бір  санға  артықтау 
болып шықты. 
 
Мен баяғы әдісіме салып: "Әттеген
-
ай, сәл үлкендеу екен, ішінен 
киетін бір телпегі болса ғой" –
  
деймін.
 
 
Әбекең: "Клара телпек тап мынаған" –
  
дейді.
 
 
Сонымен бір бас киім екі бас киімге айналды.
 
 
Үйге
 
келгесін, кӛп телпектің бірі болып кетпесін деп, әлгі телпекті 
бӛркімнің ішіне тігіп тастадым.
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет