Сайын Назарбекҧлы



жүктеу 1.66 Mb.
Pdf просмотр
бет19/26
Дата15.03.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

 
8Б класы  жаңа ән бастайды.
 
 
Біздің ауыл сұрасаң Белтұрғанда,
 
Биік ағаш солқылдар жел тұрғанда.
 
Күн мен айын басқаның мен қайтейін,
 
Тал шыбықтай бұралып сен тұрғанда.
 
 
8А класы  жалғастырып кетеді
 
 
Сары жез құман
-
ай,
 
Отта тұрған
-
ай.
 

 
205 
 
Айналайын кӛзіңнен,
 
Ашып жұмған
-
ай.
 
 
9Б  класы    жалғастырып  кете  алмайды,  шатасады.  Ұялып 
сахнадан шығып кетеді.
 
 
9А класы  жалғастырады.
 
 
Біріншіден не жаман 
--  
ӛсек
 
жаман,
 
Екіншіден –
 
сүймеген тӛсек жаман.
 
Ер жігіттің бойында болмаса ӛнер,
 
Жақсы екен ғой жүргені есен
-
аман.
 
 
10Б класы  жалғастыра алмай 10А жалғастырады.
 
 
Сары жез құман
-
ай,
 
Отта тұрған
-
ай.
 
Айналайын кӛзіңнен,
 
Ашып жұмған
-
ай.
 
 
8С класы  жаңа әл бастап кетеді.
 
 
Біздің ауыл текшенің етегінде,
 
Ерте шықсам аулыңа жетемін бе?
 
Ақ тамақтан емінте бір искетсең,
 
Айналақтап аулыңнан кетемін бе?
 
 
Бұл  әнді  ешкім  жалғастыра  алмай  қалады.  Әнді  тұтастай  8С 
оқушылары айтып шығады.
 
 
Есіктің алды тал
-
қайың

Басыңда тұрмас жаз дәйім.
 
Қалқатай
 
еске түскенде,
 
―Сары бидай‖ әнін,
 
Сағынып сонда салғаным.
 
 
Бұлт арылмай қойды ғой бастан бір күн,
 
Сенсіз ӛмір секілді жалған шіркін.
 
Ат арылтып алыстан келгенімде,
 
Кер маралдай керіліп тұрсаң, шіркін.
 
 
Есіктің алды тал
-
қайың

Басыңда тұрмас жаз дәйім.
 
Қалқатай
 
еске түскенде,
 

 
206 
 
―Сары бидай‖ әнін

Сағынып сонда салғаным.
 
 
 
Халық  8С  класын  қошаметтеп  жатады.  Космомол  жетекшісі 
Әбіш
 
шығады.  Қолындағы  ―Абай  жолы‖  романының  томдарын 
сахнадағы  Муза  қызға,  Сағынға  және  үшінші  оқушыға  табыс  етіп 
құттықтау
 
сӛз сӛйлейді.
 
 
Әбіш

 
Біз бүгін ғажайып айтыс
 
ӛткіздік. Бұл айтыс біздердің ӛнерлі ата
-
бабаларымыздың  рухын  тірілтті.  Ӛнерін  еске  түсірді.  Біздің  мектептің 
балалары  халық  әндерін  түгелге  жуық  жаттап  алды.  Бұл  ұлкен  білім 
болды. Бұл ӛмірлік азық болмақ.
 
 
Бұл  жарысқа,  айтысқа  жақсы  дайындалған  8С  класының 
командасын  қошаметтеп  қол  соғалық.  Капитанына  кітапқа  қоса  гүл 
тапсыралық.
 
 
 
Әбіш
 
Муза  қызға  гүл  тапсырады.  Халық  қошаметтеп  қол 
соғады. 
 
 
 
 
5-
кӛрініс
 
 
 
Комсомол  комитеті  деген  бӛлме  есігін  соғып,  Муза  қыз  ішке 
кіреді.
 
 
Әбіш
 
сақалақтап, абдырап қалады.
 
Орындық ұсынады.
 
 
Әбіш

 
Сәләматсыз ба? Отырыңыз!
 
Қыз
:  
Сәләматсыз  ба?  Мен  үйге  қайтуым  керек.  Отырмаймын.  Ұзақ 
бола алмаймын. 
 
Әбіш

 
Сіздің  класыңыз  мықты  екен!  Жоғарғы  жеті  клас  ішінде  халық 
әндерінің
 
айтысынан бірінші орын алды.
 
Қыз

 
Ие, біз де күтпеген едік. Мен үйге қайтайын.
 
 
 
Қыз
 
кетуге  ыңғайланады.  Бірақ  айтылмаған  сӛзі  бар  екенін 
байқатады.
 
 
Әбіш

 
Кешіріңіз, сәл кідірсеңізші. Мен сізге сәлем жолдап едім.
 

 
207 
 
Қыз

 
Сәлеміңіз жетті. 
 
Әбіш

 
Ол сәлем
-
хаттың тағдыры не болды екен? Бізді қатта қинап
 
жүр. 
Білуге болар ма?
 
Қыз

Сіздің сол хатыңыз менің ең қымбат дүниеме айналды. 
 
Әбіш

 
Оқып шыға алдыңыз ба?
 
Қыз

Оқымақ түгіл әр сӛзін жаттап та алдық. Бұ күндерде ол хаттың әр 
әрпі
 
кӛз  алдымыздан  кетпейтін  болды!  Ақыры  амалсыз  ӛзім  осында 
келдім!
 
Әбіш:
 
 
Жүрегім алдамаған екен ғой. Сеніп едім!
 
Қыз

Ал  мен сізден  гӛрі  батылдау  екенмін.  Жауабымды біреу  арқылы 
емес, Сізге ӛзім тапсырғалы тұрмын.
 
Әбіш
:  
Әйтеуір
 
біреу  біреуден  батыл  болуы  қажет  нәрсе  ғой!  Әйтпесе, 
тіршілік ілгері баса ма!..
 
Қыз
:  
Ағам  да,
 
жеңгем  де  мұғалім.  Хат  біреудің  қолына  түсіп,  не 
жоғалып  басқалар  оқып  ұятты  болмалық  деп,  мен  ӛзімді  ӛзім  осыған 
кӛндірдім.
 
Әбіш
:  
Рахмет!  Оңай  болмағанын  сезіп  тұрмын.  Менің  ӛз  қолымнан 
келмеген болатын.
 
Қыз
:  
Мен  Сағынға  да  бере  алмадым,  бұл  хатты!  Бұл
 
хат  емес,  бұл 
менің жүрегім! Сізге соны ӛз қолыммен тапсырғым келді!
 
 
Үш
 
бұрышты хат ұсынады. Әбіш қыз қолын хатпен бірге ұстап 
ӛзіне
 
тартады. Қыз қашпайды. Екеуі құшақтасып тұрады. 
 
 
Әбіш

 
Музам менің!
 
Қыз
:  
Мен сізді кім деп атасам екен?
 
Әбіш

 
Мен  Музаның  Лирасы  боламын!  Олар  бір
-
бірінен  ажырай 
алмайды!
 
Қыз


 
208 
 
Сіздің  ата
-
анаңыз  қойған  атыңызды  атау  да,  ӛзіңіз  ойлап  тапқан 
атауыңызды ауызға алу да маған қиын соғып тұр. 
 
Әбіш
:  
  
Онда сіз ӛзіңіз ат қойып алыңыз! Сонда менің үш атым болатын 
болады!
 
Қыз

Менің  жүрегім  де,  менің  ӛзім  де,  Сіздің  үшінші  атыңыз  да  осы 
хаттың ішінде!.. Арманым менің! Сүйіктім менің!
 
Әбіш

 
Сіз бүгін менің туған күнім екенін білесіз бе?
 
Қыз
:  
 
Жоқ!
 
Әбіш

 
Қанша
 
жыл  ғұмыр  сүрсем  де,  қаншама  бақытқа  ие  болсам  да 
менің бүгін ең бақытты күнім болмақ! Ең ғажайып туған күнім болмақ!
 
Қыз

 
Кешіріңіз, туған күнге сыйлығымыз болмай қалды.
 
Әбіш

 
Мына хаттан артық мен ешқашан ешқандай қымбат нәрсе болуы 
мүмкін емес!
 
Қыз

Ойы  олқы  түсіп  жатса,  хат  сӛзінің  кӛркемдігі,  сӛз  мағынасының 
тереңдігі Лира деген ақыннан кем түсіп жатса, Музаның махаббатының 
шексіздігі соның орнын толтыра алар ма?
 
Әбіш

 
Тек қана толтырып қоймайды! Қазірдің ӛзінде бақыт деген ғажап 
шараға сыймай асылып тӛгіліп жатыр!
 
 
 
Бұлардың  үстіне  Сағын  мен  Кӛбеген  кіреді.  Құшақтасып
 
тұрғандарды кӛріп есікті жаба қояды.
 
 
Әбіш

 
Достарым менің! Жаппа есікті! Бері келіңіздер!
 
 
 
Достарын ішке кіргізіп алады.
 
 
Куә болыңдар, біздердің бақытымызға! Куә болыңдар!
 
 
Мен  бақыттымын!  Мынау  махаббат  кӛктемі  маған  дүниедегі  ең 
асыл, ең сұлу
 
қызды
 
сыйға тартты, бүгін! 
 
 
Неге біздерді құттықтамайсыңдар, достарым!
 
 
Құттықтасаңдаршы

Құттықтасаңдаршы

Біздер бақыт құшағындамыз!..
 
 

 
209 
 
Достары аңырып не дерін, не істерін  білмей аңырып тұрады.
 
Содан соң қосылып‖ құттықтаймыз, құттықтаймыз‖ деп үн қосады

 
Шымылдық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
27.03.2006 ж.
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтау.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
210 
 
 
 
АДАМГЕРШIЛIК   ӘЛIППЕСI
 
(нақыл  әңгiмелер)
 
 
       
Қадiрлi  оқырман!
 
 
Қазiр  халқымызға ең қажеттi нәрсе не?
 
 
Бұл сұраққа әркiм әртүрлi жауап қайтарары сӛзсiз… 
 
Мүмкiн сол жауаптардың бәрi де дұрыс болар. Ал менiң ойымша, 
бiздiң  халқымызға  қазiр  ең  қажеттi  нәрсе  –
 
ұрпақ
 
ӛсiру,  жас  ұрпақты 
адамгершiлiк қасиеттердi бойына сiңiре ӛсiру… және ынтымақ
-
бiрлiкке 
тәрбиелеу. Ӛмiрден алынған осы бiр қысқа әңгiмелер сол мақсатқа аз 
да  болса  ӛз үлесiн  қосады  деген үмiтпен  сiздерге  деген сүйiспеншiлiк 
құрметiмдi 
бiлдiре 
отырып, 
назарларыңызға 
тӛмендегi 
ой
-
толғауларымды ұсынбақпын.
 
 
1. АҚЫЛДЫ  МЕН  АҚЫЛСЫЗ
 
 
 
 

 
Ата, бiздiң апай бiреуге ақылды бала деп, бiреуге ақылсыз бала 
деп  баға  берiп  жатады,  кiмнiң  ақылды,  кiмнiң  ақылсыз  екенiн  қалай 
бiледi?
 
 

 
Құлыным
-
ау,  мен  сiздiң  апайдың  бала  қасиетiн  қалай 
анықтайтынын бiлмеймiн. Бiрақ анау Абыл деген баланың атасы Әбiш
 
ақсақалдың  бiрде:  ―Сұрамаған  кiсiге  ақыл  айту  –
 
ақылсыздықтың
 
бiрiншi белгiсi‖  –
  
дегенi есiмде қалыпты. 
 
Ал менiң бұл ӛмiрден байқағаным –
 
ақылым аз деп ойлайтындар 
ӛте
 
аз кездеседi.
 
 
2. ЕҢ  АРЗАН  НӘРСЕ
 
 
 
Абылдың атасы үйiне келген қонақтармен әңгiмелесiп отырып:
 
 

 
Испан  елiнiң  бiр  ақылды  жазушысы  ―дүниедегi  ең  арзанға 
түсетiн,  ең  қымбат  бағаланатын  нәрсе  –
 
iзеттiлiк‖,  –
 
деген  екен  десе  
Абыл: ―Ата, испандар да қазақша бiле ме?‖ –
 
деп сұрапты.
 
 
3. ҤШ БАЙЛЫҚ,  ҤШ ЖАМАНДЫҚ,  ҤШ БАҚЫТ
 
 
 
Әншейiнде томырықтау түйiлiп жүретiн, не жазу жазып отыратын 
Абылдың  атасы  үйлерiне  қонақ  келген  күнi  қабағы  ашылып,  жаздай 
жадырап, пейiлденiп кетедi екен.
 
 
Сондай  бiр  күнi  бiр  қонағы  ―Бiрiншi  байлық  денсаулық,  екiншi 
байлық  он  саулық,  үшiншi  байлық  ақ  жаулық‖  –
 
деп  мақалдаса, 
екiншiсi: ―Бiрiншiден, не жаман –
 
бiлiмсiз туған ұл жаман, екiншiден, не 
жаман –
 
ерегескен қыз жаман, үшiншiден, не жаман –
  

 
211 
 
 
Ұлға
 
кӛрсетер үлгiсi жоқ,
 
Қызға
 
кӛрсетер қылығы жоқ,
 
Еңбек ете алмаған,
 
Бар әлемдi қарғаған,
 
Жан
-
дүниесi жарлы адам.
 
Ӛнерi арақ iшiп тост айту,
 
Бәрiнен де сол жаман –
 
дептi.
 
 
Сонда тағы бiр ақсақал:
 
Елдiң үш бақыты бар:
 
Бiрiншi бақыт –
 
бостандық,
 
Екiншi бақыт –
 
бейбiтшiлiк,
 
Үшiншi бақыт –
 
бiрлiк! –
  
деген екен.
 
 
Абыл ақсақал сӛздерiн айнытпай жаттап алып, балаларға айтып
 
жүр дейдi.
 
 
4. АШТЫҚТА  ЖЕГЕН  ҚҦЙҚАНЫҢ  ДӘМI
 
 
 
―Не тәттi?‖ деп таласыпты үлкендер. Кейде үлкен кiсiлер де бала 
болып кететiн сияқты. Бiрi ―бал тәттi‖ десе, бiрi ―мал тәттi‖ деп таласып 
жатыпты. Сонда бiр қарт кiсi: ―Аштықта жеген құйқаның дәмi ӛмiр бойы 
аузыңнан кетпейдi екен. Бәрінен де сол тәтті!‖ –
 
дептi.
 
 
5. ЕЛ БАҚЫТЫ МЕН ЕР БАҚЫТЫ
 
 
 

 
Осы  үлкендер  қызық,  бiрде  байлық  деген  не  деп  жауап  таба 
алмай жатса, бiрде бақыт деген не деп таласады. Сонша жасқа келiп 
әлi кӛп нәрсенi үйренбептi


 
дейдi.
 
 
Бiр  жолы  ақсақалдардың  бiрi  таласқандарды  тоқтатып:  ―Байлық 
кiсiге  бақ  бермейдi,  бап  бередi.  Ал  бақыт  –
 
басында  бiрлiгi  бар  елге 
қонады, арасында татулығы бар ерге қонады. Ерлерi татулыққа құмар 
елде бiрлiк орнар. Бiрлiгi бар қауымда бақытсыз адам болмас‖ –
 
дептi

 
 
6. ӚНЕР  АЛДЫ  
  
ҚЫЗЫЛ
  
ТIЛ
 
 
 
Аталарынан қызық әңгiме естiген кӛршi баласы балаларға айтуға 
асығып бүгiн мектепке жеткенше жүгiрiптi.
 
 
…Екеуi  де  атақты  екен.  Ақылдары  бiрiн  ―бай‖  етсе,  екiншiсiн 
―ақылды‖  атандырыпты.  Жиында  кездесiп  қалған  сол  екеуi  ―ең  асыл 
нәрсе  не?‖  деген  сұраққа  әртүрлi  жауап  берiп,  бiр  мәмiлеге  келе 
алмапты.  Бiрiншiсi  ―тас‖  деп,  екiншiсi  ―сӛз‖  деп  таласыпты.  Сонда  бiр
 
кемеңгер  ақсақал  бай  кiсiге,  базардан  асыл  тас  алдыруын  ӛтiнiптi. 
Келесi  күнi  сол  тасты  базарға  шығарып,  кiм  алар  екен  деп,  үндемей 
бақылапты.  Қолдарына  алып  қызыға  қарағанмен,  ешкiм  сатып 

 
212 
 
алмапты.  Үшiншi  күнi тасты сатуды атақты  делдалға тапсырса тас  екi
 
есе  бағасына  сатылыпты.  Делдал  қызыл  тiлден  май  тамызып,  ӛлi 
тасқа  жан  бiтiрiп,  тас  қасиетiн  адам  ойы  жетпестей  сӛздермен 
бейнелей алса керек. Сонда тӛрешi ақсақал түскен ақшаны екiге бӛлiп, 
бiреуiн тас иесiне қайтарыпты да, екiншiсiн: ―Мынау сӛзiңнiң бағасы‖, 

деп делдалға берiптi.
 
 
Ӛнер
 
алды –
 
қызыл
 
тiл.
 
 
Байлық та, бақыт та ана тiлде!
 
 
 
7. КӚРГЕНСIЗДIК  ПЕН  ТЕКТIЛIК
 
 
 
Бүгiн кӛршi үйдiң баласы бiр қызық әңгiме естiп келiптi. Атасының 
бiр  досы  жасы  жиырма  үшке  толғанда  Алматыға  оқу  iздеп  келiп,  түн 
iшiнде  (ол  кезде  атасы  жиырма  тӛрт  жаста  екен)  қоңырау  баспай 
(қоңыраудың  не  екенiн  бiлмейдi  екен)  шоқпардай  жұдырығымен  есiктi 
солқылдата  соққанда,  кӛршiлердiң  бәрiн  оятып  жiберiп,  атаны  ұятқа 
қалдырса
 
керек.  Кейiн  бұл  уақиғаны  естiген  құрдастары  ―надан‖, 
―кӛргенсiз‖  деп  әжуа  жасап,  тәлкек  қылыпты.  Сонда:  ―Надандығы 
ауылда ӛскендiгiнен болар, кӛргенсiздiгi қаланы кӛрмегендiгiнен болар, 
бiрақ  бiздiң  бұ  жiгiттi  ешкiм  тексiз  деп  сӛге  алмас.  Болат  пышақ  қап 
түбiнде  жатпас,  әлi
-
ақ  бәрiңнен  озады!‖  –
   
деп  мақтапты.  Атаның 
айтқаны  келiп,  әлгi  кiсiнi  институтты  жақсы  аяқтап,  кӛрнекті  маман 
болыпты. 
 
 
 
8. АУЫЛ  КӚРКI  ҚЫЗ
 
 
 
Менiң немерем Нұрила бiр күнi әжесiне: ―Әже маған әдемi кӛйлек 
алып бершi‖, –
 
дептi.
 
Ол неге керек?
 
«Адам  кӛркi шүберек

Ауыл кӛркiн  қыз  келтiрер,  астың  дәмiн тұз 
келтiрер» 
-- 
деп, тақ
-
тақ етiп, әжесiн таң
-
тамаша етiптi. 
 
 
 
 
9. ТАУ  ШАҒЫЛЫП ҚАЛМАСЫН…
 
 
 
Бiрде  немерем  Нұрила  жүгiрiп  келiп:  ―Ата,  ата,  кӛршi  үйдегi  ата 
ақыл сұрай келген бiреуге:
 

 
Бiрден ауырға салмаңдар, баланың тауы шағылып қалар дептi. 
Ол не дегенi? Баланың тауы бола ма?‖ –
 
дедi қапылып.
 
Жас кезiнде әркiмнiң де асқар таудай арманы болатынын, бiрден 
қиын
 
мақсатқа  ұмтылған  кiсiнiң  орындай  алмай  меселi  қайтатынын, 
соның  қырсығынан  ―тауы  шағыларын‖,  асқар  таудай  арманының 
күйрейтiнiн,  баланың  жасып,  алдына  арман  қоя  алмай  қалуы  мүмкiн 
екенiн зорға түсiндiрдiм.
 
 

 
213 
 
10. АТ  ҚОЮ
 
 
Абыл  сӛзге  мән  беретiн  ақылды  бала  болып  ӛсiп  келе  жатыр. 
Бiрде:
 

 
Менiң  атымды  Сiз  қойыпсыз.  Адам  пайғамбардың
 
жақсы  ұлы 
Абылдай  болар  ма  екен  деп  дәметкен  боларсыз.  Ал  ӛз  немереңiздiң 
атын Нұрила деп қалай қойдыңыз деп сұрақ қойғаны.
 

 
Нұрила  деген,  бiрiншiден,  Алла  нұры  деген  сӛз,  екiншiден, 
Нұриланың  кӛкесi,  менiң  балам  Нұрлан  қазақ  халқының  аруақты 
анасы,  халық
 
Домалақ
-
ана  атап  кеткен  Нұрила  анамыздың  кесенесiн 
тұрғызған. Содан берi маған жұрт қыз бала атын қойып бер деп сұраса 
Нұрила  қоямын.  Қазiр  мен  атын  қойған  онға  жуық  Нұрилалар  бар,  –
 
деп жауап қаттым. Сонда Абыл: ―Ата, ендiгi жерде қызына ат қойғызып 
келгендер Сiзге қызыма Нұрила деп ат қойып бершi дейдi екен ғой‖, –
 
дегенi.
 
Ақырзаманның ақылды баласына жауап қата алмай қалдым.
 
 
11. БАЛАЛАРҒА
 
 
Тегiң –атаңнан, тiлiң –
 
анаңнан,
 
Бiлiм –
 
елiңнен, мiнез –
 
жерiңнен.
 
Махаббат –
 
сезiмнен, бақыт –
 
тӛзiмнен,
 
Сұлулық
 

 
кӛзiңнен, кiсiлiк –
 
ӛзiңнен.
 
 
12. ЖЫЛДАМДЫҚ
 
 
Дастарқан басында бiраз құрдастар жеңiл әзiлдi зәрсiз мысқылды 
ермек етiп отырғанбыз. Бара
-
бара ойлар ортайып, сұрақтар сұйылып, 
бара жатқандай кезге жеткендей болдық. Сонда бiреудiң:
 
Дүниедегi ең жылдам не?
 

 
деп сұрақ қоя салғаны.
 
Найзағай.
 
Жарық.
 
Ой… Жауаптар жауып кеттi. Сол кезде бiр қылжақбастың
 
―бала‖ 
деп қойып қалғаны.
  
Неге?
 
Қалай

Несiмен?
 
… Аталарымыз әкеден жетiншi ұрпақ жүрежат, сегiзiншi ұрпақ
 
туажат  десе,  бүгiнгi  бала  анасының  құрсағынан  шыға  сала,  үш 
ғасырлық
 
жолды  бiр
-
ақ  аттап  әкесiн  менсiнбей,  атасын  танымай, 
―туажат‖ атанса, одан жылдам кiмiң бар дегенi…
 
 
 
 

 
214 
 
13. КIМ БАҚЫТТЫРАҚ?
 
 
Басқарушы бақыттырақ па, бағынышта бақыттырақ па?
 
Қолында
 
билiгi  бар  ғой,  басқарушы  бақыттырақ  дерсiз.
 
Бiрақ… 
Басқарушы әр түрлi… Кейбiреулердiң жоғары мансапқа қолы жеттi
-
ақ, 
маңайын  менсiнбей,  айналасына  ақылгӛйсiп,  кӛпшiлiк  кӛзiнше 
паңсынып,  бағыныштыларының  iсi  мен  қылығына,  ойы  мен  сӛзiне, 
жүрiсi  мен  тұрысына  риза  болмаумен  ӛтетiн  ызаға  толы  күндерiн 
бақыттылыққа жатқызуға бола қояр ма екен? …  Одан да бастығының 
ойынан шығуға қиялын ұштап, кӛңiлiн табуға тiлiн безеп, қас
-
қабағына
 
қаяу
 
түсiрмеу  үшiн  жүрiс
-
тұрысын  түзетiп,  сонысымен  ӛзiн
-
ӛз

тәрбиелеп  жүрген  жанның  кiсiлiгi  мен  пейiлi  жақсылыққа  бiр  табан
 
жақын тұрмасын? …
 
Бақыттылық –
 
адамның ӛз iстеген iсiнен алатын ләззаты. Олай
 
болса  бастығының  бабын  тапқан  бағыныштылар  бақытқа  бiр  табан 
жақын болуы мүмкiн.
 
 
 
14. ҦЯ
 
 
 
Қыз
 
ұзату
 
тойы.  Тiлектiң  не  түрi  айтылып  жатыр…  Бiреу 
керегелерiң кең болсын дейдi. Сондай да тiлек бола ма екен? Қазақша 
үй
 
тiккен  кiсi  кең  кӛз  кереге  мен  торкӛз  керегенiң  бағасын  бiлетiн 
болар… Бірақ бұ сӛз отауларың кең болсын дегені шығар...
 
 
Ендi  бiреу:  ―Мәпелеп,  аялап  ӛзiңдi  ӛсiрген  ыстық  ұянды  тастап,
 
алысқа кетiп бара жатырсың‖ , –
  
дейдi.
 
 
…  Сонда  қыз  балаға не  керек?  Жылы ұясын неге тастайды?  Ал 
кей
-
кейде  барған  жерiнде  әке
-
шешесiнiң  ұясынан  да  жылырақ, 
жайлырақ ұядан да неге бӛлек шығуға құмар болып тұрады?..
 
 
… Әлде бұл жаратылыс заңы ма?..
 
 
Бұл инстинкт деген пәледен туындап жатады ма екен? Қыз бала 
бiреулерге келiн болып түсiп, солардың жылы ұясын басып қалу үшiн 
жаратылмаған  болар.  Олар  тiптi  жайлы  болмай
-
ақ  қойсын,  бiрақ  ӛз 
ұясын
 
салуға жаратылған болар…
 
 
…Осы  бiздер,  үлкендер,  ата
-
анаңмен  бiрге  тұрыңдар  деп 
жастарға обал жасап жүрген жоқпыз ба екен? Әркiмге де ӛз ұясын ӛзi 
салу, ӛзi баптау қадiрлiрек болуы да мүмкiн
-
ау? ..
 
 
 
15. ОН МЫҢ ЖОЛ ӚЛЕҢ
 
 
 
Ерте  заманда  шығыс  халықтырының  жастары  кәмелет  жасқа 
толып,  зиялы  қауымға  араласуы  үшiн  он  мың  жол  ӛлеңдi  жатқа  бiлуi 
шарт екен…
 
 
Балалардың зәресi ұшып кеттi.
 

 
215 
 
Қалайша
 
он мың жол ӛлеңдi жаттап алады? Кӛп қой.
 
Олай  болса  есептеп  кӛрелiк.  Оқушы  күнiне  бiр  шумақ
 
немесе  4 
жол  ӛлең  жаттап алса, он  жылда  (360  күн  х  10  жыл) х  4  жол  ӛлең  он 
тӛрт мың тӛрт жүз жол болады екен.
 
Е, олай болса жаттап та алуға болады екен ғой.
 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет