Сайын Назарбекҧлы



жүктеу 1.66 Mb.
Pdf просмотр
бет25/26
Дата15.03.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Менің нағашыларым
 
 
                  
Нағашы шешем
 
 
     
…Қоныстас  болмағандықтан  мен  нағашыларым  туралы  аз  білдім. 
Есте қалған бір екі
-
сәт… 
 
     
Тӛрт
-
бес  жасымда  нағашы  шешем  бір  қыс  біздің  үйде  болған  еді. 
Сол  жасымнан  емескі  есте  қалғандардың  ең  бастысы  сол  әжеме 
байланысты уақиғалар… 
 
     
…Қыс  күні.  Біздің  үй  дегеніміз  бір  бӛлме  жертӛле.  Сондай  үш
-
тӛрт 
үйден  тұратын  бір  ауыл.  Кеш  түскесін  әркім  ӛз  індегешінде  ойына 
келгені  мен  қолына  түскенін  ермек  ететін  болса  керек.  Шам 
жағылғаннан  кейінгі  біздің  үйдің  ермегі  мен  болатынмын.  Дәлірек 
айтсақ  мен  емес,  менің  жарға  түскен  кӛлеңкем
-
ді.  Не  мені  қозғап,  не 
шамды  қозғап,  жардағы  кӛлеңкені  қызықтап  мәз  болушы  еді.  Шамды 
сәл  үрлеп  жіберсе,  кӛлеңке  қозғалысқа  түсетін  болса  керек,  кәзіргі 
адамдар  ―Тамаша‖  программасын  кӛргенде  де  соншалықты  ләззат 
алып,  күлкіге  қарық  болмас.  Олардың  киносы  да,  театры  да,  кӛмескі 
кӛлеңке  болатын.  Маған  соңғы  кезде  теледидар  қарасам  болды, 
қабаттасып  сол  1945
-
46  жылдың  қысы  қыстырыла  кететін  болып 
алды…  Реті,  осы  заман  балалары  мен  менің  замандастарымның 
балауса кезін, осы екі ұрпақтың Тәңірінің маңдайына сызған  тағдырын, 
аузына асатар  сыбағаларын салыстыратын болсам керек…  
 
     
…Жан  азығы  дерлік  барлық  қызығы  да,  кӛңіл  кӛтері  дерлік  ойын
-
сауығы  да  сол  кӛмескі  кӛлеңке…  Ол  кезде  адам  пендесінің  бәрінде 
бір
-
ақ  арман…  соғысқа  кеткен  азаматы  аман  келсе…  Әлгі  айтқан  зор 
арманынан кейінгі  сол кезде ӛмір сүрген жандардың ең
 
қадірлісі қарын 
деген жарықтық па деген батыл болжамымыз бар…   
 
    
…Үйіне қадірлі қонақ келіп қазаны кӛтерілген үйді балалар күні бойы 
торуылдайды.  Қазан  түсіріліп,  табақ  тартылғанша,  балалар, 
арқандаулы  атша  сол  үй  маңын  айналшықтаумен  ӛткізеді  …  Асты 
турап  болып,  енді  алдына  ала  бергенде  бет  моншағы  тӛгіліп,  тӛмен 
қараған  сәбилер  батылдауын  (мүмкін  ұятсыздауын)  алдына  шығарып 
есіктен  итеріңкіреп  ӛткізіп,  артынан  сығылыса  басқалары  да  кіреді. 
Міндетті  түрде  бір  үлкен  кісі  балаларға  ет  асатың  дейді.  Тӛрт
-
бес 
жасар  баланың  қолына  онша  кӛп  тамақ  сияды  деймісің,  дегенмен 
кейбір  кісілер  асатқанда  қос  уысыңда  бір  қадірлі  нәрсе  бар  екенін 
толық  сезінетін  едің.  Менің  бір  қасиетім,  әлгідей  жолмен  қолыма 
салынған, асатылған етті дәмін татпастан нағашы әжеме әкеліп
 
береді 
екенмін.  Нағашы  әжемнің  риза  болғанына  қатты  қуанатын  болсам 
керек…
 
     
…Ӛз  шешем  шешесін  еске  алғанда  осы  уақиғаларды  ылғи  есіне 
алып, сол кездегіше мәз болып отыратын… Нағашы әжем мені мақтап: 

 
286 
 
―Сайынжанның кӛзі жарқ
-
жұрқ етеді‖ –
 
дейді екен. Мен
 
сол кез, кӛзімнің 
жарқылы одан да гӛрі кӛбейе түссе екен дейтін болуым керек, кӛзімді 
алақ
-
жұлақ еткізетін болыппын…
 
 
 
               
Нағашым
 
     
Менің  ұлы  нағашым  –
 
Шилан  би  деген  кісі  болыпты.  Тӛрт  ұлы 
болған:  Ӛткілбай,  Қойшығұл,  Сауғабай,  Иманқұл.  Біз  бұл  кісілердің 
біреуін де кӛрмедік. Ӛткілбайдан –
 
Кӛртбай, Қойшығұлдан –
 
Қалыңбай 
туады.  Сауғабай  соғыста  мерт  болып,  арты  ұрпақсыз.  Иманқұлдан 
тӛрт  бала  –
 
Тезекбай,  Жақсыбек,  Балабек,  Тӛребек.  Қойшығұл  менің 
туған нағашым. Менің шешемнің де, менің ӛзімнің де бет пішіндеріміз 
сол  кісіден  аумайды  екен.  Қойшығұл  жалғыз  ұлдан  кейін  бес  қыз 
балалы  болып,  ең  кішісін  Жаңылдық  атапты.  Сонымен,  ӛзім  кӛп
 
қасында болмағанмен, бір жоба білетінім –
 
нағашым Қалыңбай!..
 
     
Қалыңбай  ӛзіне
-
ӛзі  қарама  қарсы  кісі  болатын.  Ӛзінің  бір  қасиеті 
ӛзінің екінші қасиетін жоққа шығарып жататын. Сондықтан ол кісіні ―ол 
мынандай  еді‖  деудің  түбі  қатеге  соқтыратын…  Сол  кісінің  ӛзім 
байқаған сан  түрлі сырлары  мен  қырларын  ӛз түсінігім  бойынша  айта 
кеткім келіп отыр. Нағашым, иманды болғыр, артық кеткен жерім болса, 
жиеніне кешірім етер…
 
Ақылынан ашуы бұрын келетін.
 
Шешендігі мен ділмарлығын боғауыз сӛзі бұқтырып кететін.
 
Айналайынын ақырып айтатын.
 
Мейірленгенін  маңдайынан  сипап  емес,  құлаштап  қойып  қалып 
білдіретін.
 
Құылған шайдың кӛңіліне ұнамағаы үшін ұрыс шығарар –
 
шатақ;
 
Бұйым сұрамай арғымақ мінгізер –
 
мырза;
 
Келеңсіз сӛзді қазбалағыш –
 
бимаза;
 
Келелі сӛзге күрт құлар –
 
мерт;
 
Ыжылдап тез сӛйлейтін –
 
шыжылдақ;
 
От басында күіп
-
піскен –
 
тынымсыз;
 
Он отырып, он тұрар –
 
ұшқалақ;
 
Келін  қолынан  құлағын  ӛзіне  қаратып  бермегені  үшін  шынысын 
алмайтын –
 
қатыгез сыншыл;
 
Ӛзге ӛктемдігін ӛле
-
ӛлгенінше кешірмес –
 
ӛкпешіл;
 
Естігенін ұмытпас –
 
кәріқұлақ;
 
Аталарының түмедейін түйедей қылып жүрер –
 
аташыл;
 
Кӛрген құрметін кӛбейтіп айтар –
 
мақтампаз;
 
Дүние үшін емес сӛз үшін бас тігер –
 
ерегеспе;
 
Жек кӛргенінің дұрысын бұрысқа шығарар –
 
қасарыспа...
 
Ол осындай жан болатын...
 

 
287 
 
     
Жалпы  –
 
боқтап  жүріп  аялар,  ұрып  жүріп  еркелетер,  бергені  үшін 
сараң  кӛрінер,  жақсылығы  үшін  жаман  кӛрінер,  білгені  үшін  надан 
кӛрінер, аңқаулығымен арам кӛрінер адам болатын...
 
Мен ӛзім түсінбей кеткен жұмбақ жаратылыс еді.
 
      
Бұ  қасиеттері  үшін  о  кісіні  жақсы
 
кӛру  де,  жаман  кӛру  де  мүмкін 
емес
-
ті…
 
     
Атақты сейіс болатын. Сол қасиетімен мақтандық та, сыйладық та.
 
     
Ал  ӛзі  болса  жаңағы  кӛп  қасиеттерінің  бірі  басым  түскен  шақта 
ағайынға ӛкпелеп арғымағын құрбандыққа шалып жіберіп, колхозымен 
керісіп  бәйгілі
 
атын  басқа  колхозға  беріп  жіберіп,  ӛзгені  қиналтақ 
болғаны ӛзіне жүк болып жататын.
 
     
Қимасына  қиып  жіберіп,  бермесіне  беріп  жіберіп,  жаратқан 
арғымағының  да,  еңбек  еткен  ӛзінің  де  бағын  жеріне  жеткізе  алмай 
орта  жолда  тоқырап,  бірақ  тоқтап  қалмай  жаңасын  қайта  бастап 
жататын…
 
     
…1961  жылы  1  май  мерамына  қосқалы  әкелген  атын  біздің  әкейге 
жеткізе мақтап –
 
мен жылқы танысам осы шақта бұдан тӛрт аяқты оза 
алмайды  –
 
деп,  лепіре  сӛйлеп  отырғанын  кӛріп  едім.  Бірақ,  немересі 
Арыстанбайдың  айналым  санынан  жаңылысып  ат  күшін  сақтаймын 
деп  ұмтылдырмағанынан  екінші  орында  қалып  қойған  кезіндегі  
нағашымның  түрін  кӛрген  мен  болатынмын.  Ол  уақытта  мен 
нағашымның  ішкі  сезіміне  ой  жүгірте  алмай,  тек  қана  аузынан  шығып 
жатқан  ӛкініш  пен  күйікке  малынған  боқтық  сӛздерінің  сыртқы  түріне 
мән беріппін…
 
     
…Қалекең  сол  бойда  36  шақырымнан  екінші  келіп  тұрған  атын  24 
шақырымдық екінші бәйгіге қосып жіберіп, бірінші келтірген еді…
 
     
Сол күні нағашым бәйгі бала Арыстанбайдан бастап бүкіл тірілерді 
түгендеп  шығып,  бәрін  даттап,  бәрін  боқтап,  ешқайда  соқпастан 
Таушықтан Ақшымырауына бірден тартып кетіп еді…
 
     
Мен нағашымды жұбатқан болуым керек: ―Бір атпен екі бәйгіні қатар 
алған кісі қуанып той жасмай ма екен‖ –
 
дегенімде, ―Ар мен бақтың не 
екенін түсінбестер… Жаяу жарыста сорлының да аты озады. Мен осы 
жолы  ―аламан‖  бәйгені  алмаймын  деп  келіп  пе  екем?..  Бар  ана 
Жамантайларыңа!..  Құттықта  соны…  Аты  озбаса  да,  қатардан 
қалғаным  жоқ,  ат  қостым  деп  той  жасағалы  жатыр‖  –
 
деген  еді, 
жарықтық…  Жаны  жаннатта  болғыр,  ол  жақта  тіріде  айтқан  ластау 
сӛздерінен 
алар 
айыбынан, 
талай
-
талай 
халыққа 
сыйлаған 
қуанышынан алар сауабы кӛбірек болғай дағы…
 
 
 
 
 
 
 

 
288 
 
 
 
               
Оқыс
 
қылықтар
 
 
1.  Адай  ел
i
нде  ―жары  кӛп  пе,  тары  кӛп  пе‖  деген  мақалға  ие  болған 
Жары  тайпасының  Кеще  аулында,  айтарлықтай  кӛп  болмаса  да, 
аңқаулау  к
i
с
i
лер
i   
кездес
i
п  қалатын  болса  керек.  Сол  ауылдың  б
i
р 
ақсақалы  ауылға  жақын  кел
i
п  қалған  баласының  жортып  бара  жатқан 
түлк
i
н
i
ң  соңына  түскен
i
н  байқап:  ―Иә,  сәт‖  –
 
деп  дәмелен
i
п  тұрады. 
Түлк
i
ге  жет
i
п,  б
i
р
-
ек

рет  қамшы
 
с
i
лтегеннен  соң  атынан  түскен 
баласын кӛр
i
п, қуанған қарт:
 
Бәлем, сенен ақыры құтылатын болдым
-
ау –
 
деп басындағы
 
 
еск
i
р
i
п, әбден тозығы жеткен түлк

тымағын отқа тастап ж
i
бер
i
пт
i. 
Алдынан жалаңбас шыққан әкес
i
не баласы: ―Әкк

түлк

екен, алдырмай 
кетт
i
‖ –
 
деп, арыз айтыпты.
 
 
2. ―Кемеңгер Кек
i
лбаев‖ аталған Әб
i
ш Кек
i
лбаев алпыс жасқа толғанын 
ел
i
не  кел
i
п  атап  ӛт
i
п,  жиналған  халық  жазушы  ұлына  мадақ,  марапат 
сӛздер
i
н айтып жатыпты. Б
i
р мезг
i
лде жасы сексенге аяқ басқан Ақай 
әже м
i
нбеге шығып:
 

 
Айналайын  Әб
i
шжан!  Б
i
з  қатын  болып  бала  туа  бастағаннан  бер

адайдың  қатындары  бала  тумайды,  банды  туады  деген  бағадан 
құтыла  алмай
-
ақ  қойып  ед
i
к.  Сен  байтақ  ел
i
ң  мойындаған  ӛнер
i
ңмен 
адай  әйелдер
i
н
i
ң    тек  қана  банды  емес  бала  да  туа  алатынын,  т
i
пт
i  
бала емес дана да туа алатынын дәлелдед
i
ң. Рахмет қарағым, б
i
зд
i
ң 
әбиүр
i
м
i
зд

жаптың  –
 
депт
i.  
  
     
3.  Ығылман  қарт  қарсы  кездес
i
п  қалған  жас  әйел,  кел
i
н
i
не, 
―ассалаумағалайкум‖  деп  сәлем  берсе  әлг

әйел  қысылмастан  сәлем 
алыпты.  Ығылман:  ―Шырағым,  сәлем  саған  емес  ӛң
i
р
i
ңдег

алқаға‖  –
 
десе, әлг

кел
i
ншек бұрынғыдан бетер:
 
Қоштай атамның қызына соқтырған бұл алқасына сен түг
i
л сен
i
ң әкең 
де сәлем берген –
 
деген екен.
 
 
     
4.  Ӛтежан  Алшынбаев  ақсақал  немерес
i
не  кӛпт
i
ң  кӛз
i
нше:  ‖Балам, 
анау  кереген
i
ң  басында  шақшам  тұр,  алып  берш
i
,  рет

келгенде  мен

де  жұмсарсың‖  –
 
десе  немерес
i
:  ―Ата,  мен  ұмытшақпын  ғой,  ұмытып 
кетерм
i
н.  Кей
i
н  жұмсағаным  болсын,  соны  ӛз
i
ң  ала  салшы‖  –
 
деген 
екен.
 
 
5.  Маңғыстау  қазақтарының  той  соңында  ―жас  кел
i
н  шәй
i
н 
i
шу‖  деп 
аталатын
 
салты бар. Сондай б
i
р шәйд
i i
ш
i
п болып: ―Ал, болдыңдар ма, 
кел
i
нге  бата  берел
i
к‖  –
 
деп,  ыңғай  б
i
лд
i
рген  ақсақалдарға:  ―Сәл 

 
289 
 
шыдаңыздар! Алғашқы құйған шәй
i
м
i
зден ӛз
i
м
i
з де ауыз тиел
i
к‖ –
 
деп, 
жас кел
i
н ӛз
i
не б
i
р шыны шәй құйып алыпты.
 
      
6
.  100  жастан  астам  ӛмiр  сүрген  Тәстемiр  жары  Кӛбеген  ақсақал  90 
жасында  сұйық  дәретi  жүрмей  ауырып  ауруханаға  жатыпты.  Ағамды 
ӛзiм  күтемiн  деп,  Кӛбекеңнiң  жағдайын  жасауға  80  жастағы  iнiсi 
Жұмалы,  басқаларға  кӛнбей,  қасына  жатыпты.  Уролог  дәргер  бiрiншi 
рет  аурудың  дәрет  жүретін  жолымен  қуығынан  анализ  алғанда 
ағасының  қиналғанын  кӛрген  iнiсi,  екiншi  рет  анализ  алуға  келген 
дәргеге:  ―Айналайын,  менен  алыңдаршы!  Ол  кеше  қатты  қиналып 
қалды.  Мен  шыдармын,  жастаумын  ғой‖  –
 
деп,  ағасынан  анализ 
алдырмай, шатақ шығарыпты.
 
 
 
7
. Кӛбеген ақсақал келiнi Қайырынға –
 
кӛзiм нашарлап кеттi, доғдырға 
кӛрсетшi –
 
дегесiн окулист дәргерге апарыпты. Әрiптердiң бәрiн танып 
шыққан 94 жастағы қартқа таңқалған дәргер:
 
Ата, бәрiн кӛрiп тұрсыз ғой –
 
десе,
 
Қызым, ине сабақтағанда қиналып жүрмiн –
 
деген екен, Кӛбекең.
 
 
8
.  Кӛбеген  ақсақал  жүзден  асып  қайтыс  болыпты.  Жерлеуіне  ел 
жиналып: ―Бұ кісінің қазасы той ғой‖ –
 
деп жұбатып жатыпты. Тек қана 
Шомбик  деген  (лақап  аты)  немересі  атасының  қазасына  қатты 
қайғырып, жылай беріпті. Сонда Кӛбекеңнің үлкен ұлы Мырзабекке бір 
құрдасы:  ―мына  жұрт  жұбату  сӛздерін  саған  айтып  қате  жасап 
жатырған секілді. Кӛңілді Шомбикке айтқан дұрыс ‖
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
290 
 
 
ХАН ТАЛАПАЙ
 
 
 
…  Балалау  шағын  қызығы  аздау  қиыр  шетте  ӛткiзген  бiздерге 
кезiнде  үлкен  ермек,  бала  мен  баланың,  кiсi  мен  кiсiнiң  бiр
-
бiрiне 
қарым
-
қатынас
 
құралы
 
болған бiр ойынның еске түсiп отырғаны…
 
 
…  Мектепке  жалаң  аяқ  барып,  жалаң  аяқ  қайтатын  уақытымыз. 
Әлi  мектеп  жасына  жете  қоймаған  жеделдес  iнiм  күн  сайын  едәуiр 
жерден,  алдымнан  шығып,  қарсы  алатын.  Ол  ӛзi  жас  кезiнде  басқа 
балаларға  үйiрсектiгi  жоқ,  тұйықтау  бала  едi. Барлық бала  ойнағанды 
жақсы кӛредi. Ол да ӛзiнiң рухани қажетiнiң, ойынға деген аш аранын 
қанағаттандыру
 
сезiмiнен  туатын  сұранысы  маған  деген  сағынышын 
оятып, оған менi күн сайын қарсы алуға итермелейтiн болса керек. Бiр 
шақырымдай шамадан алдымнан шығады. Мiнезi тұйықтау болғанмен 
қызық
-
қызық
 
ойлы  сұрақтар  қойғыш
-
ақ  болатын.  Үйге  жеткенше

ол 
үшiн  бүкiл  Әлем  орталығындай  (бiз  үшiн  де)  ―Жаңа  күш‖  колхозының 
орталығы  Тигендегi  жаңалықтар  туралы  бiрдеңелердi  айтқызбай 
қоймайды.  Ӛне  бойы  айтарлықтай  не  болушы  едi,  амалсыз  ойдан 
шығара бастайсың. Ал үйге келгесiн қолыңның сәл босаған сәтiн бағып 
тұрып ―кел, ойнайық‖ деп мезiғып жiбередi. Оның күн сайын алдымнан 
шығуының  тағы  бiр  себебi  –
 
сәл
 
қаталдау
 
болғанмен  анамыз  ӛте 
қамқоршы
 
жан  болатын.  ―Ӛзегi  талып  келе  жатыр  ғой‖  –
 
деп  ―үштiк‖ 
шӛлмекке  құйып  алдымнан  не  шұбат,  не  сүт  берiп  жiберетiн. 
Колхоздың  ―тӛл  тәрбиелеу‖,  ―шӛп  шабу‖,  ―қора  салу‖  деген  сияқты 
шаруаларына  байланысты  аулымыз  ―Шектiбай 

Тереңшағыл‖ 
маңында  отырса  –
 
он
-
он  екi,  ―Ақ  там 

Қабақ‖  маңынан  –
 
он  бес,  ал 
―Құртты  күп 

Дағытұшы‖  маңында  отырса  толық  он  бес
-
жиырма 
шақырымдық  жолды  онға  толар
-
толмас  балаларға  ―құдайдың  құтты 
күнi‖ жүрiп ӛту оңай шаруа емес
-
тi. ―Бiр ұрттайыншы‖ –
 
деп қылқылдап 
тұратын  балаларға  ала  кӛзiмен  қарайтын  iнiм:  ―Ӛзiң  iш,  мамама 
айтамын‖ –
 
деп, менi қате қадам басудан сақтандырумен болатын. Ол 
бес

алты  жастарда,  мен  бiр  –
 
екi  класс    бiтiрiп  тастаған  кезiм.  Iнiм 
ойынға  құмар,  мен  оқуға  құмармын.  Күн  батқан  сәттен  бастап  оқып 
отырған кiтабың шеше цензурасынан ӛтедi. Ӛздерi ―қара танымайтын‖

дардан  болса  да  оқулық  пен  ӛзге  кiтаптарды  айырғыш
-
ақ  .  ―Шамның 
майын  құртасың,  бiлтесiн  таусасың‖  –
 
деген  ӛз  үкiмдерiмен  шамды 
сӛндiре  салады.  Амалсыз  оқып  отырған  кiтабыңның  үстiне  оқулық 
кiтабыңды қойып, үстiн ысырып астына кӛз жүгiртесiң. Күндiз ойыннан 
шықпасаң iнiң де сол кезде ӛте қауiптi кiсiге айналады. ―Мама, мынау 
басқа  кiтап  оқып  отыр!‖  –
 
десе  шаруаңның  бiткен  жерi.  Оқып  отырған 
кiтабыңның  ең  қызық  жерi  кӛбiне  дәл  сондай  шаққа  тап  келетiнiн 
қайтерсiң?..  Шам  сӛндiрiледi,  сосын  кешiрiм  жоқ.  Сабағың 
дайындалмай  қалса  да,  жарық  тұтқасы  бiрбеткей  шеше  қолында… 
Содан  кейiн  кӛпке  дейiн  кӛз  iле  алмай  уақиғаның  артын  ойша 

 
291 
 
құрастырып
 
әлекке
 
қаласың
 
да жатасың… Сонда да бұ күндерi сол бiр 
таршылық  заман  мен  жоқшылық  күндер,  жетiм  бала  мен  жесiр  ана 
болған шақ еске түссе ӛкiнiшiнен гӛрi сағынышы үстем түсе бередi…
 
 
…  Iнiм:  ―Жүр,  балалар  асық  ойнап  жатыр‖  –
 
деп,  есiк  алдында 
қылқылдап
 
тұр.  Ағам  жоқта  асық  салған  қалтаның
 
билiгi  менде.  Бiрақ 
артының сұрағы бар. Ойнаған қызық, бiрақ кӛбiрек ұтылып қалсаң (мен 
асықты  нашар  ойнайтынмын)  аға  жұдырығынан  қорқынышты  не  бар. 
Ол,  басқанiкiндей  емес,  әрдайым  тӛбеңе  жақын  тұрады…  Мен  iнiмдi  
―Хан талапай‖ ойынын ойнауға кӛндiрдiм. Ойын ойнайтын жердiң асты 
тегiс  болғаны  жақсы.  ―Жүзтеру‖  мен  ―сыңар  мүйiз‖  ӛрнектерiн 
кезектестiре  тоқыған  ескiлеу  алашаның  астындағы  құмдақтау  жердi 
тегiстеп,  ойынға  кiрiсiп  кеттiк.  Iнiм  бұл  ойынды  келiстiрiп  ойнай 
алмайтын, ойнауға оншалықты құмар да емес
 
болатын. Бiрақ сол күнi 
оңай келiсе кеттi және бұрынғыдай емес ойын тәсiлiн ӛзгертiп алыпты. 
Ойынды  шеберлiк  жасап  асықты  атып  алуға  емес,  әдейi  талапай 
жасап,  аласқапаста  қолға  түскенiн  қамтып  қалуды  мақсат  еткендей. 
Менi ұта бастады… Ойын ережесi қызық.
 
Әр
 
ойыншы ортаға не бес, не 
жетi асық салады. Бiр боялған асықты ―Хан‖ етiп тағайындайсың. Хан 
аталған  асықты  иiрiп  кiмнiң  ойын  бастайтынын  анықтап  аласың.  Қос 
уыстап  ұстап  отырған  асығынды  шашып  тастайсың.  Қолына  ұстап 
қалған
 
бiр
-
екi  асығыңмен  жеке
-
жеке  жатпай  бiр
-
бiрiне  сүйенiп  қалған 
асықтар  болса  ұрып  арасын  ажыратасың.  Сосын  бiр  саусағыңмен 
шертiп  –
 
бүк  пен  бүктi,  шiк  пен  шiктi,  алшы  мен  алшыны,  тәйкi  мен 
тәйкiнi  ала  бастайсың.  Тигiзсең  бiреуi  сенiкi.  Тигiзе  алмай  қалсаң,  не 
басқа  асыққа  тиiп  кетсе  ату  кезегi  ойыншыға  ӛтедi.  Байқамай  асығың 
ханға  тиiп  кетсе  онда  қырғын  –
 
―Хан  талапай‖  басталады.  Әркiм 
үлгергенiнше  ортадағы  асыққа  бас  салып,  қолына  iлiнгенiн 
меншiктейдi.  Талапайдың  да  ережесi  бар.  Бiреудiң  қолына  жабысуға, 
қолын
 
жерден  күштеп  кӛтеруге  болмайды.  Асықты  алдыңа  ысырып 
әкелуге
 
болмайды.  Қолынды  бiр  салып  үлгересiң  бе,  екi  салып 
үлгересiң  бе  асықты  уыстап  алуың  керек…  Сонымен  ортадағы  ортақ 
дүние  талапайға  түседi…  Ойынның  бұндай  шағында  жылдам,  шалт 
мiнездiлер,  бiраз  дүние  жинап  қалады.  Келесi  ойынды,  асық  түгел 
атылып  болғасын,  қолында  ханы  бар  бала  (кiсi)  бастайды.  Бiз  бұл 
арада  кiсi  деп  отырған  себебiмiз  бала  күнiмiзде  бұл  ойынды 
үлкендердiң де ойнап отыратынын кӛретiнбiз…
 
 
…  Мен  ұтыла  бастадым.  Бiраздан  кейiн  себебiн  де  түсiнiп 
қалдым. Iнiм –
 
ойын ережесiн сақтай отырып, таза ойнап ұта алмайтын 
болғасын  ортадағыны  талапайға  салуға  құмартып  алыпты.  Қолына 
асық  түссе  болды,  әдемiлеп  шашап  тастаудың  орнына  үйлықтыра, 
үйiре  тастап  ханның  бiр  асықпен  сүйкене  жатуына  жағдай  жасап
-
ақ 
отыр.  Ойыннның
 
тағы  бiр  –
 
ерекше  әдiл  ережесi  –
 
ханның  жеке 
жатпағанын алғаш байқаған, ойыншы басқаларды талапайға шақырып: 

 
292 
 
―Хан  талапай!‖  –
 
деп,  дауыстағаннан  кейiн  ғана  ортақ  асыққа  қол 
салып, талапайға қатысуға еркi бар…
 
 
…  Ӛмiрдiң  бұ  да  бiр  жұмбағы  дағы.  Жас  алпысқа  келгенде  елу 
жыл бойы  еске түспеген ӛмiрiмнiң бiр сәтi кӛз алдымнан қаз
-
қалпында
 
тiзiлiп ӛтiп жатыр… Бұл ойынның еске түсуiне не себеп болды екен?..
 
 
… Әлде… Асылы, ойыма оралып отырған осы күдiктiң негiзi бар 
ма  екен…  Кең  байтақ  Отанымыздың,  Қазақ  Елiнiң,  бұрынғы 
―мемлекеттiк меншiк‖ атты бiр орталыққа жинақталған бар байлығы бұ 
күндерде  ―Хан  талапай‖  ойынының  қулығын  жақсы  игергендердiң 
ермегiне  айналған  секiлдi…    Тiптi  қазiргi  заман  заңдары  да  сол  ―Хан 
талапай‖  ойынының  ережелерiнен  алынған  емес  пе  екен?  …  Кезек 
дүние деген осы болар… Бiрақ бұлардiкi ойын емес. ―Хан талапайды‖ 
шындыққа  айналдырып  алған,  баласынан  бабасына  дейiн,  қолында 
билiгi барлардың құныға кiрiсер кәсiбi…
 
 
…  Бұлардың  ережесi  де  басқарақ  секiлдi…  Асықтың  орнында 
халықтың  сан  жылғы  маңдай  терiнiң  тұзы,  ханның  орнында  заводтар 
мен фабрикалар…
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет