Сайын Назарбекҧлы


Жиырма алтыншы сӛзге саяхат



жүктеу 1.66 Mb.
Pdf просмотр
бет5/26
Дата15.03.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Жиырма алтыншы сӛзге саяхат
 
 
 
Жиырма  алтыншы  сӛз  оқушыларына  озып  келген  жылқының 
шабысы  үшін  тымағын  аспанға  лақтырып  мақтану,  жығылып  қалған 
жігіттің  айласы  аздығы  үшін  жерге  кірердей  намыстанып,  кіріп  кетер 
жер тесігін іздейтіндей  намыстану надандық пен ақымақтықтың әсері 
деген түсінік туғызады.
 
 
Ау,  ағайын!  Озып  жатқан  да,  жығып  жатқан  да  бір  қазақтың
 
аты 
мен жігіті емес пе! 
 
 
Абай осындай түсінікті сағынады. 
 
 
Ӛз
 
жұртыңнан  жау  іздеме,  ӛз  аулыңнан  дау  іздеме  деген 
қағиданы
 
алға  тұтады.  Сол  қағида  пайдасын  жұрт  арасынан  таба 
алмаған кезде Абай: "Мұның бәрі –
 
қазақтың
 
қазақтан
 
басқа жауы жоқ, 
биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана ӛзгелерді 
ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ –
 
шариғатта харам, 
шаруаға  залал,  ақылға  теріс.  Әншейін  біреуді  ыза  қылмақтың  несін 
дәулет біліп қуанады екен?" –
 
деп таң қалады.
 
 
Абай солай дейді. 
 
 
Осыларын айтсаң ел де "рас, рас" дейтін кӛрінеді.
 
 
Бірақ ақылы  арқылы сана сүзгісінен  ӛткізер  біреуі  жоқ,  және сол 
істерінің терістігін біле тұра, ӛкініп те жатпайды.
 
 
Абай  заманындағы  бұл  келеңсіздік,  тіпті  одан  да  әріректе 
кӛпшілік  қылығынан  орын  алған
 
бұл  дертті  біздің  заманымыз  жоқ  етті 
деп, біз де мақтана алмайтын секілдіміз.
 
 
Біреуді  ызаландырмақтың  шариғатта  харам,  шаруаға  залал, 
ақылға  теріс  екенін  бұ  заманда  білмейтін  адам  жоқ.  Бірақ  соны 
түзетпекке еңбек ету, ел болып қам жасау шаралары жетіспей
 
жатады.
 
 
Бұл шаруа мемлекеттік тұрғыда үгіттеліп, шара қолдану арқылы, 
ұлттық,  мемлекеттік  рухани  ұран  етіліп,  ұзақ  жылдар  бойы  "баланы 
бесіктен"  дегендей,  тәрбие  нәтижесімен  жетуге  болар.  Әйтпесе,  қай 
рудың  баласы  іс  басында,  сол  ауылдың  итінің  құйрығы  жоғары 
болатындай  түсінікпен  қазақтар  әлі  де  талай  Абайын  жылатар,  Абай 
данасын кӛрінде аунатар.
 
 
Демек,  бұл  істердегі  ұлт  бойындағы  кемшілік  қасиеттерді  біз 
жалпы  кӛпшілік  санасының  тӛмендігіне  аудара  салу  үрдісіне,  сол 
арқылы  ӛзін  ақылды  етіп  кӛрсететіндер  білгірлігіне  қосыла  алмайтын 
секілдіміз. Мәселе жеке адамдарда емес, оларға серкелік қызмет етіп 
жүрген  басшыларда  деп  ойлаймыз.  Нӛлдерді санға  айналдырар, елді 
бастап  жүрген  "единица"  атты  тұлғалар  қатесі  деп  түсінеміз.  Солай 
болар, асылы. 
 
 
Жүйрік  атты
 
сатып  алып,  тартып  алып,  ұрлап  алып  ӛз  аулының 
атағынан  қоспаса,  тӛбет  таласына  түрікпеннің  алабайын  алып  келіп, 
ананың  бӛрібасарын  қан
-
жоса  жасамаса,  қайта  ел  ішінен  жүйріктерді 

 
46 
 
таңдап,  баптап,  берісі  алты  алашқа,  арысы  әлем  жарыстарында 
жұлқындырса... мүмкін, ел санасы да Абай атаның кӛз жасын кӛл етуге 
итермелемес еді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
47 
 
Жиырма жетінші сӛзге саяхат 
 
 
Осы саяхат сапарымызда біз Абай бұ сӛзді жазарда не ойлады, 
осы сӛз арқылы елге не айтқысы келді, деген сұрақтарға жауап іздеуді 
оқушылардың ӛздеріне тапсырғалы отырмыз. 
 
 
Біз  бұл  сапарымызды  Абайдың  ӛзі  туралы  аз  ғана  ой  толғауға 
арнасақ деп отырмыз.
 
 
"Абай кім еді?" –
  
деп сұрайды біреулер.
 
 
"Абай данышпан еді!" –
  
деп жауап қайтарады екінші біреулер.
 
 
Үшінші
 
біреулер: "Абай ауыл адамы еді. Білігі әлемдік деңгейдегі 
даналыққа,  ой  ӛресі  данышпандыққа  қалай  жетті?"  –
 
деп  сенімсіздік 
білдіреді. 
 
 
Біз осы  сұрақтарға  жауап  тауып  берерлік  Абайдың  осы  сӛзіндегі 
сӛйлемдерінен үзінді келтірелік. 
 
 
Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне:
 

 
Әй,  Аристодим,  ӛнерлері  себепті  адам  таңырқауға  лайықты 
адам бар ма? –
  
деді.
 

 
Гомерге бәйітшілігі себепті, Сокофілге трагедиясы себепті, яғни 
біреудің сыйпатына түспектік, Зевсиске суретшілігі себепті...
 
Біз  осы  екі  ауыз  сӛз  арқылы  Абайдың  жер  шарын  он  айналып 
келерлік  білімі  болғанына  кӛз  жеткізіп  отырмыз.  Әлгідей  сұрақ  қойып 
сенімсіздік  білдірушілер  Гомер  мен
 
Сократ  туралы,  Аристотель  мен 
Ескендір туралы оқыды ма екен, оқымаса, естіді ме екен?
 
Осыған  қоса,  біз  ӛз  басымыздан  ӛткен  бір  әңгімені  әңгімелеп 
берсек, о да біздің әлгі сӛзімізге септігін тигізуі мүмкін.
 
Біз  бір  жолы  (біздің  "Абай
-
Шәкәрім"  кесенесін  тұрғызып
 
жүрген 
кезіміз  болатын)  Семей  қаласының  бір  тұрғынымен  сӛзге  келісіп 
қалдық

"Қарауылдан қырық қадам ұзап шықпаған Абай, қалайша әлемдік 
дәрежедегі данышпан бола қалады?" –
 
дейді әлгі семейлік.
 
"Ньютон  деген  оқымысты  жердің  тартылу  күші  туралы  заңын 
шығару  үшін,  айға  барып  тәжрибе  жасап  қайтып  па?  Данышпанның 
данышпандығы –
 
сол, кӛргенінен қорытынды шығарады" –
 
дейміз біз.
 
Абай  ауылда  ӛскенмен  бүкіл  әлемдік  қозғалыстар  мен 
жаратылыстар  туралы,  әлемдік  оқиғалар  мен  оқымыстылар  туралы 
хабардар болған кісі.
 
Ескі заман ғұламалары туралы ой толғап жүрген Абай, ӛзінен сәл 
ілгеріде ӛткен орыс ғұламаларының бәрін оқыған, біразын аударған. 
 
А.  Пушкин,  М.  Лермонтов,  И.  Крылов  секілді  даналарды  ерекше 
құрметтеген

Шығыс даналарына еліктеп бала күнінен ӛлеңдер жазған.
 
Ӛмірінде
 
орыс  кӛрмей  орыс  тілін  игерген,  парсы,  араб  тілдерін 
жазба  еңбектерінде  қолданған,  мемлекет  басқару,  заң  пәндерін 

 
48 
 
оқымай
-
ақ қазақ халқын басқару жӛнінде негізгі заң сұлбасын жасауға 
дейін білімі жеткен...
 
Тапқырлық, шешендік сӛздері қаншама

Біз  осы  саяхатымызды  Абайдың  бір  ауыз  сӛзімен  аяқтағалы 
отырмыз...
 
...Бұ  кітапханаға  түйе  кірсе  несі  бар,  бұнда  есек  те  отырыпты 
ғой
... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
49 
 
 
 
Жиырма сегізінші сӛзге саяхат 
 
 
 
 
Абай  сӛздеріне  ой  жүгірткенде  бізді  қинаған
 
сӛздердің  бірі  осы 
жиырма сегізінші сӛз болды.
 
 
Осы  сӛзді  оқи  отырып,  біз  сүрген  ӛмірімізде  талай  рет:  "Не 
жазығым бар еді?" –
 
деп еңіреген әйелдерді кӛп кӛріп едік. 
 
 
Бір  үйден  бес  адам  соғысқа  кетіп,  әкелері  мен  балалары  түгел 
қайтпай
 
қалғанды
 
да
 
кӛргенбіз.
 
 
Бір  түнде  қара  орманы  ӛртке  шалынып,  ӛрт  ішінде  қалған 
балалары  мен  шешесін  құтқара  алмай  зар  жылаған  азаматты  да 
құлағымыз
 
шалған.
 
 
Ұрлықпен
 
байып, байлықпен мансапты болғандар қаншама...
 
 
Жазықсыз  жала  жабылып,  біреудің  қылмысы  үшін  жапа  шегіп 
отырғандар қаншама...
 
 
Анасы  мен  әкесінің  ақымақтығынан тұл  жетім  боп  ӛсіп  жатырған 
бӛбектер қаншама...
 
 
Осыларды  кӛре  жүре,  соларға  адам  жаны  ауырғанда  ӛзінен
-
ӛзі
 
"ау,  бұл  қалай?"  –
 
деген  сұрақ  аузыңнан  еріксіз  жалын  болып,  атып 
шығады екен.
 
 
Әлде
 
барлық адамдарға кӛрсетілер жақсылық пен жамандықтың 
шамасына  әлемдегі  пенделер  бойындағы  адамшылық  қасиеттердің, 
жеке адамдардың кісілік  пиғылының, бәріміздің табиғатқа, адамдарға 
деген  сүйіспеншілігіміздің  шамасы  әсер  етеді  ме  екен?  Бізде, 
адамдарда, әлгілер тым азайып бара ма?
 
 
Содан барып жақсылық жобасы да шектеле ме?
 
 
Жауабы жоқ сұрақтардың бірі секілді.
 
 
Абай  да  бұл  құбылыстарды  адами,  діни  тілмен  түсіндіргісі 
келмеген  секілді.  Кӛптеген  табиғи,  адами  теңсіздіктерді  тізіп  келіп: 
"Жақсылық,  жамандықты  жаратқан  –
 
Құдай,  бірақ  қылдырған  Құдай 
емес,  ауруды  жаратқан  –
 
Құдай,  ауыртқан  Құдай  емес,  байлықты, 
кедейлікті  жаратқан  –
 
Құдай,  бай  қылған,  кедей  қылған  Құдай  емес 
деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе  жоқ" –
 
депті.
 
 
Мүмкін, бұл сұрақты Абайдың:
 
 
Ел бұзылса құрады
 
шайтан ӛрнек,
 
 
Періште  тӛменшіктеп,  қайғы  жемек  –
 
дейтін  жолдарынан  іздеу 
қажет
 
пе?
 
 
 
Ел  пиғылы  бұзылып,  кӛпшілік  жаппай  шайтан  соңына  ерген 
шақта,  Абай  сӛзімен  айтқанда,  "шайтан  ӛрнек  құрған  шақта", 
періштеден күш кетіп, әлгі сыйлықтар (жамандықтар) адамдарға қалай 
болса, солай таратыла бере ме екен?
 
 
 

 
50 
 
 
 
Жиырма тоғызыншы сӛзге саяхат 
 
 
 
Абай  осы  сӛзінде  біраз  адамдарды,  әйтеуір  тіршілік  ету,  әйтеуір 
ауызға  бірдеңе  тауып  салу  жолында  жүретіндерді,  сол  тіршілік,  сол 
жұтқын  үшін  арсыздыққа  дейін  баратындарды,  ӛз  сӛзімен  айтқанда, 
"антұрғандар"  атты  арсыздарды  қатты  сынға  алады.    Антұрғандар 
қылығын
 
заңдандырып  берерлік,  арсыздар  ісін  ақтап  берерлік 
мақалдар  шығарып берген аталарына да қатты шүйлігеді.
 
 
"Алтын кӛрсе, періште жолдан таяды" –
 
дейді. Періштеден садаға 
кеткір
-
ай!  Періште  алтынды  не  қылсын,  ӛзінің  кӛрсеқызар  сұмдығын 
қостағалы
 
айтқаны".
 
 
Абайдың  осы  сӛзді  жазғандағы  жан  айқайы,  ашу
-
ызасы,  мақал 
шығарған  кісіге  айтылмай  қалған  назасы  менің  кӛкірегімде  сайрап 
тұрған секілді. 
 
 
"Ата
-
анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті" деген де мақал 
бар екен. 
 
 
Ата
-
анадан тәтті кӛретін сол антұрғанның не оңған жаны бар еді. 
Ата
-
анасын  малға  сатпақ  болған    арсыз
-
ай"  деп  жаны  қиналады 
Абайдың. 
 
 
Ата
-
ана не жиса да балама қалсын демей ме? 
 
 
Осындай білместікпен айтылған сӛздерге бек сақ болу керек.
 
 
Абайдың  айтпағы  да  осы  болатын.  Атадан  қалған  сӛздің  бәрі 
бағалы деп қателеспеу қажеттігін ескертеді.
 
 
Абай  туысынан  сыншы.  Барлық  ӛмірге  сын  кӛзімен  қараған, 
сергек жан. Сондықтан амалсыз сықақшы. 
 
 
Абайдың  аудармаларына  зер  салып  қарасақ,  ол  И.  Крылов 
еңбектерін қазақшалауға кӛп еңбек еткен. 
 
 
Абай бір ӛлеңінде:
 
 
Арсыз болмай атақ жоқ,
 
 
Алдамшы  болмай  бақ  қайда?  –
 
деп,  кейбір  адамдардың  атақты 
болу жолында ар сатуға дейін баратынын, бақ пен тақ жолында алдау 
мен арбау жасай алатынын ескерткен еді.  
 
 
Бұрынғы  замандарда  қазақтың  мақал
-
мәтелдері  қазақ  адамы 
үшін
 
қазіргі
 
заман заңының бір тармағы секілді қабылданатын. 
 
 
Даулы мәселе бойынша айтысып жатқандар дәл уақытын тауып, 
дер  кезінде,  орнына  қойып  айта  алған  ӛткір  сӛз,  тура  мақал,  қанатты 
сӛздер дауласушы жағына тосқауыл бола алатын. Абайдың мақалдар 
мен мәтелдерге ерекше назар бӛлуі де сондықтан болар. 
 
 
Мақалдар  мен  мәтел  сӛздерде  ерекше  қуат  бар,  ӛйткені  халық 
даналығы сондай сӛздер арқылы түйінделеді. 
 
 
 

 
51 
 
 
 
Отызыншы сӛзге саяхат
 
 
 
"Ұялмас  бетке  талмас  жақ  береді  деп,  кӛп  былжыраған  арсыз, 
ұятсыздың
 
бірі
-
дағы"  деген  тұжырыммен  аяқтапты,  Абай  отызыншы 
сӛзін.
 
 
Біз  осы
 
сӛздерді  оқып  отырып,  жалпы  адам  баласы  кӛп  ӛзгере 
қоймайды
 
екен
-
ау деген ойға келдік.
 
 
Бар  ғұмырында  қолына  балға  алып,  бір  шеге  қақпаған,  кӛп 
пайдасына асар бір ауыз сӛзі болмаған, кӛпшілік басын қосар бір ӛнері 
болмаған,  бірақ  жұрт  жиналса  болды,  қайыртпай  сӛйлеп,  айыртпай 
тӛбелесіп жүретіндер әлі бар. 
 
 
Бар кемшіліктен ақтала, бар қасиетімен мақтана бӛседі дейсің.
 
 
Әлемді
 
ұстап
 
тұрған  соның  ақылы,  билеп  тұрған  соның  жақыны, 
ӛзі
 
бар адамның батыры, руы мен жұрты елдің тақылы. 
 
 
Абайды  кем  тұтқан  Абай  замандастары  ӛлмей,  осы  заманға 
шетінен  тірі  жеткендей.  Әлде  Абай  солар  мінезі  мен  болмысын  дәл 
суреттеп  бергесін,  ӛз  замандастарымыз  бен  Абай  замандастарын 
айыра алмай қаламыз ба екен? Ӛздері кӛп секілді.
 
 
Тіпті кӛбейе түспесін...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
52 
 
 
 
 
Отыз бірінші сӛзге саяхат 
 
 
 
...Естіген  нәрсені  ұмытпастыққа  тӛрт  түрлі  себеп  бар:    әуелі  –
   
кӛкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші –
 
сол нәрсені естігенде, я 
кӛргенде,  ғибрәтлану  керек,  кӛңілденіп,  тұшынып,  ынтамен  ұғу  керек; 
үшінші
 

 
сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, кӛңілге 
бекіту керек; тӛртінші –
 
ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
 
 
 
Біз  Абайдың  отыз  бірінші  сӛзін  бір  әрпін  қалдырмай  кӛшіріп 
алмаққа ниеттендік.
 
 
Ой  кеселдері:  уайымсыз  салғырттық,  ойыншы
-
күлкішілдік,  я  бір 
қайғыға  салыну,  я  бір  нәрсеге  құмарлық  пайда  болу  секілді.  Бұл  тӛрт 
нәрсе –
 
күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
 
 
"Құйма  құлақ"  болу  Абай  талабы  бойынша  оңай  шаруа  емес 
секілді. Кӛкірегі байлаулы берік болу деген сӛз –
 
ӛзіңді
 
не бір талапқа, 
не  бір
 
ғылымға,  не  бір  ӛнерге  бағыттауың  керек  деген  сӛз  болар. 
Ӛзіңді
 
байлай  алсаң,  ӛзіңе  қажетті  деректі,  әлгі  ӛзіңді
-
ӛзің
 
байлаған 
нәрсеге  қажетті  деректі ұмытам  десең  де ұмыта  алмайтын  боларсың. 
Себебі сен оны іздеп жүрдің ғой. Содан барып естіген бойда "апырым
-
ай  бұл  солай  екен
-
ау"  деп  сезімдене  қалдың.  Абай  сол  кезде  сол 
деректі  ойша  екі
-
үш
 
рет  қайталап  қой,  содан  соң  (тӛртіншісі)  –
 
сол 
мезетте ой кеселдерінен аулақ бол дейді.
 
 
Ой кеселдерін Абай тізіп жазып кетіпті. Бұлар ақыл мен ғылымды 
ілгері бастырмайтын, барын тоздыратын қылықтар екен.
 
 
Уайымсыз салғырттық деген не?
 
 
Ойыншыл
-
күлкішіл деп кімдерді айтамыз?
 
 
Қайғыға
 
берілген жан қандай болады?
 
 
Құмарпаздар
 
кімдер?
 
 
Бұл Абай айтып кеткен кеселдер құпиясын түсіну үшін күнде естіп 
жүрген  бірнеше  тұрмыстық  мақал,  мәтелдерді,  қямпорыс  сӛз 
тізбектерінің  бір
-
жарын  еске  сала  кетелік,  қалғандарын  ӛздерің 
жалғастырып ала саларсыздар...
 
 
...Құдайдың күні кӛп қой, несіне жанталасасың..
 
 
...Ертең де күн бар емес пе...
 
 
... 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
53 
 
 
 
Отыз екінші сӛзге саяхат
 
  
 
Отыз  екінші  сӛзде  Абай  абзал  ойларының  үшеуін,  Абай 
ӛлеңдерінде
 
кездесер  асыл  ойлар  үшеуін  осы  ӛзіміз  "талап"  деп  ат 
қойған
 
осы сӛзімізде келтірмек болдық.
 
 
Адамның  кӛңілі  шын  мейірленсе,  білім
-
ғылымның
 
ӛзі
 
де  адамға 
мейірленіп, тезірек қолға түседі. 
 
 
Ғылымды
 
үйренгенде,  ақиқат  мақсатпен  білмек  үшін  үйренбек 
керек.
 
 
Ақылды  сақтайтұғын  мінез  деген  сауыты  болады.  Сол  мінез 
бұзылмасын!
 
 
Ӛзі
 
білгісі  келіп,  сағына  жүріп  кездесіп,  шын  мейірлене  оқып 
үйренбесе
 
адам осындай сӛзді жаза алар ма еді! 
 
 
Абай  не  үшін  ізденді?  Іздеп  тапқанын  кім  пайдасына  асырмақ 
болды?  Абай  осындай  адал  еңбегін,  асыл  ойларын  қайран  жұрты 
қазағына
 
арнамай кімге арнай алады...
 
 
Бала  күнімізде  ӛрістен  қайтқан  "Қарамая"  дейтін  түйеміздің 
алдынан  шығатынбыз.  Күні  бойы  дала  нәрін  жинаған  жарықтық 
ботасын  сағынып,  мейірлене  боздап  келе  жатушы  еді.  Ботасы 
бауырына  жақындамай
-
ақ  баласына  деген  сағыныш  махаббатына  иіп 
жүре беруші еді. Тӛрт емшектен сүт тамшылай бастайтын. 
 
 
Абай  да  сол.  Қайран  жұрты  қазағын  біраз  сынап
-
мінеп  алып, 
бойындағы бар махаббатын, сезімін осылайша ақтарады. 
 
 
Абайдың  ӛзіне  жанынан  жақын  кӛретін  қазағы  болмаса,  осы 
сӛздердің бірі де жазылмаған болар еді. 
 
 
Абай бойындағы барлық қуатты, барлық білімді, барлық қасиетті 
ойлар мен сезімдерді идіріп асыл сӛздерге айналдыратын Абайдың
 
ӛз
 
жұртына, адам баласына деген махаббаты болатын. 
 
 
Единица –
 
жақсысы,
 
 
Ерген елі бейне нӛл.
 
 
Единица нӛлсіз
-
ақ,
 
 
Ӛз
 
басындық болар сол.
 
 
Единица кеткенде,
 
 
Не болады ӛңкей нӛл?
 
 
Ӛлді
 
деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
 
 
Ӛлмейтұғын
 
артына сӛз қалдырған. 
 
 
Әсемпаз
 
болма әр неге,
 
 
Ӛнерпаз
 
болсаң, арқалан.
 
 
Сен де –
 
бір кірпіш, дүниеге,
 
 
Кетігін тап та, бар қалан! 
 
 
 

 
54 
 
 
 
 
Отыз ҥшінші сӛзге саяхат 
 
 
 
...Егер  де  мал  керек  болса,  қолӛнер  үйренбек  керек.  Мал 
жұтайды,  ӛнер  жұтамайды.  Алдау  қоспай,  адал  еңбегін  сатқан 
қолӛнерлі
 

  
қазақтың
 
әулиесі
 

  
сол.
 
 
Ӛзіміз
 
қолӛнерге
 
сүйенген  жан  болғандықтан  ба,  Абайдың  бұл 
сӛзі біздің жанымызға бал болып жағып, май болып жұғып тұр. Әрине, 
біз  әулиелікке  таласа  қоймаспыз,  бірақ  Абайдың  қолӛнерлі  кісіні 
қоғамның
 
ең  бір  пайдалы  адам  екендігіне  жұрт  кӛзін  жеткізіп  кеткені 
қандай
 
ғанибет
 
болған.  Әйтпесе  бірнеше  жылдар  бойы  алақаныңның 
қаныменен,  маңдайыңның  теріменен  салып  шыққан,  ӛмірге  келтірген 
нәрселеріңді  кӛлденең  кӛк  атты  кие  жарып:  "Мен  салдым,  мен 
салғыздым" деп тұратынын қайтерсің.
 
 
Бірақ  "Құдай  тағала  қолына  аз
-
маз  ӛнер  берген  қазақтардың 
кеселдері болады," –
 
депті Абай.
 
 
Қолӛнерлі
 
жандарға Абай бірнеше ақыл
-
кеңес жазып қалдырады:
 
 
Әуелі
 
қолӛнерлі
 
жан  бойда  барға  қанағат  етіп  қалмай  ізденіп, 
үйреніп, ұдайы ӛзін
-
ӛзі
 
жетілдіруге тырысқанының дұрыстығын;
 
 
Екінші ерінбей еңбек етіп, ӛнері мен тапқанына бола кербездікке 
салынып кетпеуді;
 
 
Қулардың
 
мақтағанына бой алдырмауды;
 
 
Ӛнерлі
 
жанына тамыршыл боп жинала бастайтын шайтандардан 
бойды аулақ ұстауды тапсырады. 
 
 
Абай  осы  сақтандырғыш  кеңестерін  жаза  отырып,  ӛнерлі  жан 
қадірін, ӛнерін жетілдіре түсуге кӛмек кӛрсеткісі келген секілді.
 
 
Қолӛнерлі
 
жан  ӛз  ӛнеріне  мейірлі  болып  жақсы  кӛрмек  керек 
екен.  Ӛзің  жақсы  кӛрмей,  ӛзің  сүймей,  басқаға  жақсы  кӛрсете 
алмайсың, сүйдіре алмайсың дейді.
 
 
Қаруыңның
 
барында қайрат қылмай,
 
 
Қаңғып
 
ӛткен
 
ӛмірдің
 
бәрі де –
 
жел. 
 
 
Абайдың    ӛлеңдерінен  алынған  осы  бір  ауыз  сӛз  қӛлӛнерлі 
жандардың ӛмірінің нағыз ӛмір екеніне кӛз жеткізе түсетіндей.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
55 
 
 
 
Отыз тӛртінші сӛзге саяхат
 
 
 
...Кімде
-
кім  ахиретте  де,  дүниеде  де  қор  болмайын  десе,  білмек 
керек:  еш  адамның  кӛңілінде  екі  қуаныш  бірдей  болмайды,  екі  ынтық 
құмарлық
 
бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы –
  
олар да бірдей 
болмайды... 
 
...Қай  адамның  кӛңілінде  дүние  қайғысы,  дүние  қуанышы
 
ахирет 
қайғысынан, ахирет қуанышынан артық болса –
 
мұсылман емес.
 
Адам баласына адам баласының бәрі –
 
дос. 
 
Бұл сӛздерді, Абай ойларын Абай сӛзінен кӛшіріп алдық. Кӛшіріп 
алдық та, кӛңілімізге күдік ұялаттық. 
 
Шыныменен  біз  (жеке  басымды  сӛз  етіп  отырмын)  бұ  дүние 
қуанышынан
 
о дүние қуанышынан артық қадірлеп жүрген жоқпыз ба?
 
Біздің  қай  қылығымыз  сауапқа,  қай  қылығымыз  күнаға  жазылып 
жатыр? Оны кім білмек?
 
Біреумен  қастасып,  біреумен  ӛштесіп,  адамның  бәрін  ӛзімдей 
етіп  аламын  деп,  Алла  тағаланың,  Ұлы  Жаратқанның  жарлығына 
қарсы
 
болып жүрген жоқ па екенбіз?
 
Бәрі ӛзіңдей болғанда, ӛмірдің түзеліп кететініне кім кепіл?
 
Ӛзіңді
-
ӛзің
 
түсініп болдың ба?
 
Абай  барлық  адамдарға  дос  болуды  уағыздайды,  ал  қазақтарға 
"біріңді қазақ бірің дос, кӛрмесең, істің бәрі
 

  
бос" деп ескертеді.
 
 
Егер  адамдар,  Абай  ойлағандай  дәрежеде  адамдарға  деген 
сүйіспеншілік сезімге иелік ете алмаса, адам ӛміріндегі, бұ дүниядағы 
басты қатесі де сол болатын болар...
 
Қамшы
 
сабындай  қысқа  ӛмірдегі  аз  ғана  ләззәт  үшін,  сәл  ғана 
мақтаныш  үшін,  жұрт  кӛзінше  тәуір  атану  үшін  мәңгілік  атты  мекенді 
ұмытып
 
жүрген жоқпыз ба? Солай болса, қандай қорқыныш...
 
Ей Алла тағала, біздерді мәңгілік мекенде мәңгілік азаптан сақтай 
кӛр, күналарымызға кешірім ете кӛр
-
дағы...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет