Сайысқа қалай қатыса аласыз? Қатысу тегін



бет1/3
Дата24.03.2022
өлшемі24,22 Kb.
#28649
  1   2   3


Ережелер

Сайысқа қалай қатыса аласыз?

  1. Қатысу ТЕГІН;

  2. tulgabolam.kz сайтында 10.03.2022-09.04.2022 аралығында тіркелессіз. Тіркеліп үлгермегендер тестке қатыса береді, тек жүлде ала алмайды;

  3. Әр кезеңде өз тобыңызға бекітілген кітаптарды оқып, сол кітап бойынша бекітілген күні тест тапсырасыз.

  4. Сайыс үш кезең және бес топтан тұрады (ересек және студент, 8-12 сынып, 5-7 сынып, 3-4 сынып, 1-2 сынып);

  5. Міндетті түрде «Тұлға боламның» ресми телеграм тобына тіркеліңіз (https://t.me/tulgabolam). Бұл шара оқырман санын көбейту үшін емес негізгі мәліметтер сонда жарияланатын болғандықтан қатысушы тыс қалып қоймау үшін жасалынып жатыр.

Ескерту: қатысуда жас шектеуі жоқ, яғни сайысқа әріп танитын кез-келген жастағы адам қатыса алады.
Сыйлықтар

Негізгі жүлделер:

  1. Ересек және студент: 1-орын 500 000 тг, 2-орын 350 000 тг, 3-орын 250 000, 4-10 орындар ноутбук;

  2. 8-12 сынып: 1-3 орындар Ыстамбұлға саяхат, 4-10 орындар apple watch;

  3. 5-7 сынып: 1-3 орындар macbook, 4-10 орындар велосипед;

  4. 3-4 сынып: 1-3 орындар iPad, 4-10 орындар велосипед;

  5. 1-2 сынып: 1-3 орындар iPad, 4-10 орындар велосипед.

Ескерту: аталған жүлделер финалистер арасында ойнатылады. Финалға өту үшін:



  1. Міндетті түрде 9 сәуірге дейін tulgabolam.kz сайтында тіркелу;

  2. Үш кезеңге де қатысу;

  3. Үшінші кезең тестінен алғашқы 20 адамның қатарында болып, финалға өту;

  4. Финалда алғашқы ондықта болу.


5 000 тг:

Бірінші, екінші кезеңдерде әр топтан алғашқы 25 орын, үшінші кезеңде 21-25 орындар, финалда 11-20 орындарға берілетін ынталандыру сыйы.


Рандом сыйлықтары

Кіші рандом – әр кезеңнің соңында: әр топтан бір адамға 100 000 тг (бес топ бес адам), әр топтан бес адамға 50 000 тг (бес топ жиырма бес адам);

Үлкен рандом – финалдан кейін бір рет ойнатылады: бір адам 1 000 000 тг, екі адам 500 000 тг-ден, он адам 100 000 тг-ден, жиырма адам 50 000 тг-ден.
Рандом (тікелей эфирде кездейсоқ таңдау) ұтыстарына қалай қатыса аласыз?

Сайыскерлеріміз үшін екі рандом түрі ұсынылады:



  1. Кіші рандом. Әр кезең тестінен кейін ойнатылатын болады. Оған қатысу үшін: а) міндетті түрде 9 сәуірге дейін tulgabolam.kz сайтында тіркелу; б) кезең бойынша тесттен 30 ұпай алу.

Ескерту: Кіші рандом ұтысына осы екі шартты орындаған кез-келген адам қатыса алады. Яғни, егер сіз алғашқы екі кезеңге қатыса алмай үшінші кезеңге қатысып 30 ұпай жинасаңыз және де сайтта тіркелген болсаңыз – сіз үшінші кезеңнің кіші рандом ойынына қатыса аласыз;

  1. Үлкен рандом. «Тұлға болам 3» финалынан кейін ойнатылатылатын болады. Қатысу үшін: а) міндетті түрде 9 сәуірге дейін tulgabolam.kz сайтында тіркелу; б) үш кезеңге де қатысып, барлығынан кемінде 30 ұпайдан жинау.

Ескерту: кез-келген рандом ұтысы бір адамға бір-ақ рет берілетін болады. Финал жүлдегерлері де рандом ұтыстарына қатыса алады.



Сайыс уақыттары:

  1. 10 наурыз 10:00-де сайысқа тіркелу басталып, 9 сәуір 20:00-де аяқталады. Бірінші кезең де 10 наурызда басталады (тест әр кезеңнің соңында болады);

  2. 16 сәуір бірінші кезең тесті;

  3. 17 сәуір бірінші кезең Кіші рандом ойыны;

  4. 18 сәуір екінші кезең басталады;

  5. 14 мамыр екінші кезең тесті;

  6. 15 мамыр екінші кезең Кіші рандом ойыны;

  7. 16 мамыр үшінші кезең басталады;

  8. 11 маусым үшінші кезең тесті;

  9. 12 маусым үшінші кезең Кіші рандом ойыны;

  10. 18 маусым Үлкен рандом ойыны;

  11. 25 маусым финал

Ескерту: кітаптар кезең басталатын күні жарияланатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет