Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,84 Mb.
#7989
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 



 

 

ЗЕРТТЕУ 

Сал,  сері  екеуі  де  өте  ескі  дәуірден  сақталып  келе  жатқан  халықтың  тіршілігіне  көп 

жаңалық  кіргізген,  әдебиетке,  ой-санаға  көп  әсер  еткен  қазақ  мәдениетінің  бір  жарқын 

белгілері. Оны осы күнгі сахнада мирас болған Біржан салдың бейнесі анық  сипаттайды. 

Қазақ  тілінде  ерекшеленген  сал  мен  серінің  адамшылық  қасиеті  ауызбен  жеткізуге 

болмайтын орасан асқақ болып отырады. Олар күштіге табынбайды, кедейді мақтап жыр 

шығарады. (Жанақ ақын, Дәулеткерей, Сейтек). Олардың бар ынтасы махаббатқа бас иіп, 

оған  бәйек  болып  түсу,  ол  үшін  ел-елді  қыдырып,  өзіне  ақылды,  сұлу  қыз  іздеу,  оған 

барлық жас өмірін сарп қылып, мал-мүлкін аямай соның жолына құрбан етіп салу. Бұл тек 

қана сал мен серілерде ғана болатын. Сал мен серіні мұндай ардақты дүниеге бағыттайтын 

оның  жаратылыс  ерекшелігі,  оның  дарынды  ойы,  ашық-жарқын  мінезі,  сыпайылығы, 

сұлулықты, ғажайып жаңалықты жақсы көретіні, әдемі дүниеден ләззат ала білуі. 

Сал мен серінің өзгешелігі олар, әрі ақын, әрі әнші, әрі күйші, әрі сауыққой, елге қуаныш 

беретін,  олардың  жүрегіне  жарық  сәуле  түсіретін  оқымысты  адамдай  саналады. 

Сондықтан  халық  сал  мен  серіні  өте  ардақтап,  қуанышпен  қарсы  алып,  олардың  істерін 

халық  ортасында  аңыз  қылып  айтып  жүреді.  Ауылдағы  бойжеткен  қыздары  да  сал  мен 

серіге ерекше көңіл қойып, олар ауылға келгенде тобымен жүріп, алдымен қарсы алатын. 

Сері  мен  сал  келген  ауылдарда  үлкен  думанға  түсіріп,  ойын  сауықпен  олардың  көңілін 

табады. Ф. Назаровтың суреттеуінше, сал жүрген жерін ұзақ уақыт қызыққа батырады. Ол 

өзінің  шырқап  салған  әнді  жазды  күні  түн  ортасында  ауғанша  айға  қарап,  шырқап  ән 

салған. 


Ел-елді аралап жүретін әнші, серілер, салдар тарихи дәуірден келе жатқан мәдениеттің бір 

жарқын  түрі.  Олар  өздері  шығарған  ән  күйді,  музыкалы  шығарманы,  халықтың  эпикалы 

жырларын мәңгілікке сақтайтын аяулы ой иесі. Өткен ғасырларда сахарада ән мен күйдің 

өркендеуі бір ғана сал мен серілердің, атақты домбырашылардың көркейіп өркендеуімен 

байланысты  болады.  Олар  әнді  бір  дауыспен  айтпай  кейде  көп  дауысты  әдемі  әндер 

шығарып жүреді, оның әдемі өрнегін бізге суреттейтін «Сегіз серінің» Бақтиярдың үйінде, 

Мақпал сұлудың алдында – көп серімен қосылып, көп дауыспен бірлесіп, айтқан әндері, 

Біржан  салдың  Абай  үйінде  жатқанда  көп  серімен  бірлесіп  айтқан сұлу  әндері.  Бұл  әсер 

тіпті жәй нәрсе емес, қазақ музыкасының көркейіп, биік сатыға жеткенін сипаттайды.  

Демек,  сол  өнері  халық  топтарының  жарқын  бір  түрі.  Оның  негізгі  құрылысы  ойын-

сауыққа  негізделген,  ән  шырқау,  жарқын  күй  тарту,  билеу  (Дәулеткерей  алдында),  ән 

желдірме айту, тағы басқалар. Бұл сауық көрінісін салдар әр қашан көркем киімдермен, не 

ешкімге  белгісіз  бір  алуан  киімдермен,  ат  тұрманын  алтын  күміспен,  топтаған  моншақ, 

мыспен таусылмайтын сұлу өрнекті әдемі жібектер мен елді толықсытып жүретін. Бұлар 

әсіресе Бәйтен салда, Ниязда, Сегіз серіде, Біржанда орасан көп. 

Бірақ, бір өкінішті жері, сал мен серінің қашан шығып, қалай өркендегенін айтып берген 

бір ауыз сөз әдебиетте кездеспейді. Ол туралы қысқа-қысқа жазып алған хабарлар бір ғана 

Ә.Ә.  Диваев  пен  А.Н.Добромысловте  жолығады.  Осы  күнгі  жазушылардан  бұл  мәселеге 

көңіл қойып жүргендер Бижанов пен Ақселеу Сейдімбек. 

Алайда,  сал  мен  сері  туралы  күрделі  аңыздар  ел  аузында  орасан  көп.  Қай  жерде  қандай 

сері, қандай сал болғанын олар әлі күнге ұмытпай есінде сақтаған. 

Тарих көзімен қарағанда, серілік ту баста түрік қағанаты кезінен шыға бастаған. Серілікті 

әдет қылған ойшы кісінің бірі сол кезде жасаған атақты Иоллық деген кісі. Ол өзі ғажайып 


 

аңшы,  мерген,  атты  әдемілеп  ұстайтын  ат  сейіл  онымен  қатар  ол  асқан  ақын,  жырау. 



Ағалары  Білгі-хан  мен  Күлтегін  қайтыс  болғанда  оларға  арнап  эпикалы  оқиғаларды 

әдемілеп  құрып,  оны  тасқа  жазып  қалдырған  да  осы  атақты  Иоллық  тегін.  Түрік 

қағанатының  асқаралы  биі  Тоныкөк  терең  ойшы  кемеңгер  білгіш  кісі  болған.  Өлерінде 

басына қоятын құлпы тасқа атақты жазуды ол өз қолымен жазып, қанша данышпан сөздер 

қалдырған.  Тоныкөктің  жалпы  бейнесі  VII-VIII  ғасырда  жазылған  кемеңгер,  ойшы 

Қорқытқа өте ұқсас. 

Қазақ  аңыздары  бойынша,  Қорқыт  ескі  дәуірдегі  серілікті  бастаушының  бірі.  Бұған  XIII 

ғасыр бұрын жасалған атақты шешен, ел басқарушы, онымен қатар атақты жырау, ақын, 

күйші,  бірінші  қобыз  жасаушы  қазақ  музыкасының  атасы.  Қорқыттың  қобызын,  оның 

музыкасын  өзіне  мұра  еткен  ұрпақтары  әл-Фараби,  Нысан  абыз,  Қойлыбай,  Балақай, 

Жанақ  ақын  тағы,  басқалар.  Тарихи  дәуірде  қолданған  музыка  аспаптарының  шығу  тегі 

бір таңсық нәрсе. Оны терең оймен анықтауды бірінші рет алдына қойған ұлы жерлесіміз 

әл-Фараби  (Өзлығ).  Ол  кісінің  бейнелеуінше,  әрбір  музыка  аспабының  үн  шығаруы 

жаратылыс үнімен мол байланысты жатады. 

Қорқыт дәуірінде Сыр бойындағы қалаларды мекендеген тайпалар оғыз, қыпшақ, қаңлы, 

қарлұқ қобыз күйін киелі үн деп, Қорқыттың қобызына бас иетін болған. Бұл аңыз соңғы 

дәуірге  дейін  келіп  жетті.  Қазақ  аңызы  бойынша  Қорқыт  күмбезінің  жанынан  өткенде 

одан  Қорқыт  қобызының  «Қорқыт-Қорқыт»  деген  дауысы  естіліп  тұрады.  Биікте  ұшқан 

бейне құстың сайрауы, тау басынан ұлыған аң бөрінің дауысы, үйдегі қойдың маңырауы, 

өрістегі  жылқының  кісінеуі  естіледі.  Демек,  қобыз  күйінің  сарынына  зор  елес  берген 

жаратылыс  үні:  үрген  жел,  соққан  боран,  тамшылаған  жаңбыр,  судың  ағыны,  қамыстың 

шуы,  орманның  толқуы,  шөптің  сылдыры,  тау-тастың  жаңғырығы,  найзағай  –  күннің 

күркіреуі  –  барлық  жаратылыс  үні  күй  шығарудың  негізі  болады.  Күй  шығарушылар 

Қорқыт, Жұмағұл ақын, Ықылас әр қашан үйден қобызын алып шығып, өзеннің жағасына 

барып  тартатын  болған.  Өзеннің  ағысы  олардың  жан  күйін  толқытып,  шабытқа  бөлеген. 

Ерте дәуірде шығарған күйлердің аты да осымен орайласып отырады. Мәселен:  «Аққу», 

«Қызыл  қайың»,  «Асау  өзен»,  «Көк  бұқа»,  «Боз  айғыр»,  «Жез  киік»,  «Қорқыт  күй», 

«Ақсақ құлан», «Жошы хан», тағы басқалар. 

Аспаптың  өзіне  келсек,  қобыздың  сыртқы  түсі  оның  шығарған  үні  келесі  күйді  еске 

түсіреді. Қу – қазақта киелі құс. Сондықтан «Аққу» күйі ерте кезде көпшілікке әсер еткен. 

Қобыздың түрі қуға ұқсас екенін бірінші рет суреттеген әл-Фараби. Одан кейін, оны солай 

салыстырған  саяхатшы  П.С.  Паллас.  Ол  кісі  1772  жылы  Семей  өлкесін  аралап  жүріп, 

әлден  уақытта  қобыз  тартып  отырған,  бір  қазақты  кездестіреді.  Ол  саяхатшыға  «Аққу» 

күйін тартып береді. Палластың байқауынша, қобыздың сыртқы көрінісі одан сұңқылдап 

шығатын үн тұтасымен қудың түрін елестетеді

1



Сал мен серінің сипаты әсіресе Қорқыт дәуірінде оғыз-қыпшақ арасында өте күшті болды. 

Олар туралы Қорқыт жырында айтқан ғой:  

Елден елге  

Бектен бекке  

Қобызын артып қасына.  

Ұзандар жүр ел кезіп. 

 

                                                           



1

 Паллас П.С. Путешествие. Ч.І. С. 566. Ч.ІІ. С. 182. 



 

Бұл  аңыз  қазақтарда  осы  күнге  дейін  айтылған  ұзанның  орнына  «ақын»  деп  айтылады, 



яғни  эпикалы  жыр  айтушылар.  Оның  мысалына  Жанақ  ақынды,  Сабырбайды, 

Нысанбайды,  Найман  баланы,  Марабайды  Абылды,  Сүйінбайды,  тағы  басқа  ақын, 

күйшілерді келтіруге болады. 

Сал  мен  серінің  қалай  өркендеген  жолдарын,  оның  сұлулық  ой-сана  туралы  халыққа 

қандай  әсер  бергенін  әдемілеп  суреттейтін  әсіресе  Қорқыт  аңызы,  Қозы  Көрпеш  –  Баян 

сұлу,  Қыз  Жібек,  Ер-Сайын,  Ер-Тарғын  жырлары,  серілік  онда  өте  сәулетті,  ғажайып 

түрде кездесіп отырады. Жырда айтылатын кейіпкер Қозы Көрпеш, Төлеген, Ертарғын өзі 

тамаша  серілер. Ел елден қыз таңдап, шатыр тігіп аң аулап, қасына көп сері  жігіт  ертіп, 

ойын-сауық құрып жүреді.  

Қыпшақ  даласында  серілік  пен  сал  өнерін  таратқан  майталмандарының  бірі  Жошы  хан. 

Оның  өзі  бір  ғажайып  сері.  Ол  қасына  атақты  жырауларды,  ақындарды,  сал-серілерді, 

әнші-күйшілерді  топтап  біріңғай  сауық  үстінде  болған.  Оның  сұлулықты  жақсы  көруі 

бойынша әкесі жыл сайын Балқаш төңірегіндегі Құлан-Ойнақ даласына әдейі аң аулауға 

келгенде қыпшақ елінің «сыйы» деп, оған он мың боз ат, он мың әдемі қара ат тарту етіп 

отырған (Рашидеддин). Жошы жас кезінің өзінде аңқұмарлық ісіне салынып, саят құруды, 

сауық  қою  өнерін  ерекше  суреттеген  еді.  Жошының  аңда  жүріп  көп  шыққан  биік  жері 

Ортаудың сұңқар ұя  салатын биік басы. Ол жерді  Жошы ерекше қадірлеген. Сұңқардың 

ең  тамашасын  осы  арадан  ұстайтын.  Ол  биік  шыңды  қазақтар  осы күнге  дейін  сақтаған. 

Оның ғажайып таң қалатын әфсанелері XIX ғасырдың соңында «Дала уалаяты» газетінің 

үш нөмірінде көлемді етіп басылған

2



«Ақсақ  құлан  Жошы  хан»  күйін  А.В.  Затаевич  Ануар  Медетовтан  жазып  алды.  Бұл  ескі 



аңызбен айтылатын күйлерді келістіре тартатын бір ғажайып дарынды күйші еді, атақты 

Мұхит  салдың  ұрпағы  болатын.  А.В.  Затаевичтің  айтуынша,  бұл  «один  из  наиболее 

замечательных  казахских  «кюйев»  для  домбры,  происхождение  коего  связано  с 

поэтической легендой о гибели Джучи хана, страстного охотника на куланов»

3



Жошы  ханның  аң  аулап  жүргенде  құлан  шайнап  өлтіргенін  сол  кездегі  атақты  күйші 



Кетебұқа  әкесіне  домбыраның  сарнауымен  естіртеді.  Медетов  тартқан  домбыраның 

дауысы,  жанды  күйзелтетін  аса  қайғылы  еді.  Әсіресе  ішектің  төменгі  бунақтағы  сарнап 

шыққан  қасыретті  үндері  ханды  ойға  түсіреді.  Жоғарғы  бунақтарынан  шыққан  аңқыған 

қоңыр үндер екеуі қосылып, қапылыста өлген жас жігіттің бейнесі көз алдында тұрғандай 

болды, екеуі қосылғанда домбыра жылап тұрды. 

А.В. Затаевич жазып алған Ануар Медетов тартқан «Ақсақ құлан Жошы хан» күйін Ромен 

Роллан  оқығанда  атақты  ойшы  бір  үлкен  ойға  батқандай.  «Бұл  аңыздың  сюжетінде  не 

деген ұлы күш, не деген музыкалық қасиет бар. Бұл нағыз симфониялық поэма». Тағы бір 

хатында: «Ақсақ құлан Жошы хан аңызындағы музыканың тасқын күші мені таң тамаша 

қалдырды.  Бұл  күй  қазақ  сахарасын  талай  рет  ой  толқынына  бөлеп  сұлу  гүлдің  алысқа 

атқан шарықтауын елестетеді», - деп жазады. 

Қыпшақ  сахарасында  серілікті  әдемі  суреттеген  ақынның  бір  Құтыб.  «Хұсырау-Шірін» 

ғашықтығын  жырлаған  кемеңгер  ақын.  Ол  жырды  Сырдария  бойында  тұратын  Женд 

қаласында  875  (1383  ж.)  жылы  жазып  бітірген.  Жер  аттары  көбінесе  Қазақстан  жері. 

Негізгі сюжеті серілік, ғашықтық туралы. Сол серінің бірі Хұсрау не Фархад, оның сүйген 

                                                           

2

 

Дала уалаяты. 1897. №13, 14, 18.



 

3

 



Затаевич А.В. 1000 песен казахского народа. М., 1963

 


 

қызы  Шірін  туралы.  Бұл  аңыз  Құтыбтан  кейін  Сырдария  бойындағы  қазақтар  арасында 



XIX ғасырға дейін айтылып келді. 

Құтыб жырының соңында өзі туралы айтқан:  

Бітірдім кітабымды қатесін бағып,  

Бұ захмет шеккенімді білгейсің оқып.  

Атағымды «Берке факыр» деп айтады,  

Өзім мүмін, өзім мүслім, асылым қыпшақ.  

 

Кітап  тарих  жеті  жүз  сексен  бесте  (1383)  сафар  айының  25  де  жазылып  бітеді.  (Құтыб. 



Хұсрау-Шірін.) 

Қыпшақ  ортасынан  шыққан  екінші  ұлы  ақын  Сейф  әс-Сарами.  Ол  1393  жылы  Саадидің 

«Гүлістан» жырын қыпшақ тіліне аударады. Гүлістан Алтын Орданың орталық қаласының 

бірі.  Сарами  осыны  тегісімен  өз  тіліне  аударып,  оған  өзінше  сюжеттер  қосып  отырады. 

Кейбір жазуларда Сейфи қыпшақ арасын көп аралаған бақсы, ақын, ән салып, күй тартып 

жүрген,  серілік  туралы  ол  екі  нәрсені  жарқын  түрде  анықтаған:  бірінші  «Ғашықтық  пен 

жас серінің сипаты» екінші «Қартайып мүшкіл тарту сипаты» (Сейф Сарами. «Гүлістан»), 

Бұл  екі  мәселе  қазақ  әдебиетінде  Біржан  сал  мен  Ақан  серінің  қартайғанда  айтқан 

ойларына дәл келеді (деген соң біз қартайдық, біз қартайдық.) 

Арқада серілікті ескі дәуірде түрік қағанатынан кейін таратқан серінің бірі атақты күйші, 

әрі ақын, жарқын  ойшы Қотан деген кісі. Оның бір күйін  «Суға кетті Ер Қотан» Шоқан 

Уәлиханов  жазып  алған.  Тегі  оны  Шоқан  Жанақтан  жазып  алған  сияқты.  Демек,  Жанақ 

жыр айтарында ылғи Қотанға бас иіп отырған. 

Ескі  дәуірде  серілер  көбіне  Жалайыр  елінен  көп  шыққан.  Соның  бірі  атақты  Шедегей, 

атақты сері, саңлақ, майталман, өзі аңшы, өзі ақын, өзі күйші өзі сауыққой кісі болған. 

Салдық  пен  серілік  өнерінің  биік  сатыға  жеткені  қазақ  дәуірі.  Қазақ  хандарының  көбі 

өздерінің бабалары Жошы, Орда ежен сияқты ақын сері болған. Соның бірі Әз Жәнібек. 

Ол  өзі  атақты  аңшы  Құладынға  қу  ілдірген  саятшы,  ойын-сауықты  көп  қуған,  ел-елді 

аралап, әдемі қыз іздеген. Жәнібектің ел жұмысын басқармай, тек аңмен, той думан мен 

бос  уақыт  кетіріп  жүргенін  Асан  қайғы  ұнатпаған.  Қасымханның  баласы  Ақназар  да 

атақты  серінің  бірі,  бірақ  серілікті  ол  бір  ғана  сұлулық  күшін,  елге  үлгі  болу  үшін 

пайдаланған.  Серілікті  биік  сатыға  жеткізген,  әсіресе,  Есімхан.  Оның  қамқа  тондары, 

басындағы  телпегі,  аяғына  киген  қызыл  етігі  тегісімен  алтынмен  кестеленіп,  отырған. 

Құстың да ең қырандарын ұстаған: сұңқар, лашын, тұйғын, «алтайдың ақ иық бүркіті». 

Абылай мен Әбілхайыр ханның ұрпақтарына дейін серілік пен сал өнері үздіксіз көтеріле 

береді.  Серілікті  жаны  сүйген  әсіресе  Абылайдың  жауынгер  батыры,  Уақ  Баян  батыр  – 

атақты серінің бірі. Күйді он бір ғана алысқа шалқытып сыбызғымен тарататын болған. 

Абылай заманында жасаған ескі серінің бірі Тайлақпай, ол да сыбызғымен тартқан. Оның 

асқақтататын  сұлу  күйі  «Қыз  жылытқандай»  әскерден  есен-сау  қайтқанын  қуаныш  етіп, 

осы  сәулетті  күйді  қалдырды.  Сыбызғымен  көп  тартушы  әсіресе  Кіші  жүз  серілері. 

Олардың қосымша елші топтап, кісі жиып, сыбызғы тартып отырғанын орыс өнерпаздары 

әр уақыта қағазға түсіріп отырған. Сондай сыбызғыдан тартқан ұзын күйдің бірі – Сырым 

батыр тартқан әдемі күйлер. Бекет ордасында ерте кезде күйді төндіре тартқан күйшілер 

атақты  Дәулеткерей,  оның  баласы  Салауат,  олардың  туысқаны,  халыққа  аңыз  болған 



 

Мұхит сал, Ұзақ, оның мұрагері Құрманғазы, Алыкей, Map сері Жапаров, атақты Сейтен 



сері. 

Арқаның  асқан  серілермен  адамды  ойға  түсіретін  саңлақ  жүйріктерінен,  жүректі 

қуанышқа  бөлейтін  ойшыларынан  ауызға  алдымен  түсетіндері  Тәттімбет,  Дайрабай; 

Өтеболат күйші.  Шоқанның айтуынша мұның тартқан күйлері  «Қызыл қайың»,  «Тарғыл 

бұқа»,  «Алабайрақ»,  «Суға  кетті  Ер  Қотан»,  «Балбырауын»,  «Шығыт  жібі  бес  бармақ». 

Шоқан  бұл  күйлерді  тартқан  Қанқожа  Уәлихановты,  Досжанды,  тағы  басқа  күйшілерді 

бірге қосады.  

«Шығыт жібі бес бармақ» – саусақтың әдемі саласымен көп ішекті домбыраға мөлдірете 

тартатын  әдемі  күйі,  оны  Тәттімбет,  Дайрабай,  Өтеболат,  Мұхит  сияқты  асқан  күйшілер 

тартатын бір сәулетті  күй, сыбызғыдан  тартатын ескі  күйдің бірі  «Серпер» де қуанышқа 

арналған. Оны бергі кезде жеткізгендер – Тәттімбет, Дайрабай, Құрманғазы, Мұхит. 

Ең ғажайып аңыз «Қапыда өткен қарбалас» атты ескі күй, жазып алған Шоқан Уәлиханов. 

Ту  баста  бұл  «Ақсақ  Құлан  Жошы  хан»  аңызының  бір  түрі,  кейін  оған  «Еңлік-Кебек» 

тағдыры келіп қосылып, Арқаның күйшілері оны бір ұлы бейнеге айналдырады. 

Бір айтатын ой, сал мен сері бір типті емес, екеуі екі алуан, өзгеше нәрсе. Олардың бірінен 

–  бірінің  өзгешелігі  –  олардың  тұрмыс  көрінісінде,  типінде.  Ең  алдымен  сал,  сері  деген 

сөздер қалай туған, осыдан бастайық. 

«Сал»  Еуропа  тілімен  айтқанда  эксцентрик,  болмаса  өз  бағытымен  жүретін  бір  аяулы 

адам.  Оның  бір  арманы  сылқымдық,  кербездік,  киімді  әдемі  киіну,  өзімен  қатар  жүрген 

адамның бәрінен де қияпатымен де, киімімен де артық болу, асып түсу. Ер-тоқымның өзі 

де  басқанікіндей  болмайды,  алтынмен,  күміспен  өрнектеген,  ерекше  салтанатпен 

жасатады. 

«Сал»  сөзі  киімді  салпаңдатып  кең  тігуден  шыққан,  сал,  салпаң.  Әрбір  салдың 

шалбарының балағы  сондай кең, оған бір кісі толығымен сиып кетеді.  Ақселеудің  «сал» 

сөзі  «Сал ауруынан алынды» деуі келіңкіремейді. Халықтың әдеті бойынша, өнер иесіне 

ондай  ат  қоймайды.  Қайта  сол  «салдық  аурудың  өзі  осы  «сал»  сөзінен  шыққан  болуы 

керек  «Атым  сал  бөксе  болып  жүр»  десе,  салды  басқан  кең  киім  сияқты  атты  да 

ауырлатып жүр, дегенді білдіреді. Демек бұл сөздің өзі салдың киімінен шыққан. Құлағы 

үлкен  кісімен  құлағы  үлкен  малды  да  «салпаң  құлақ»  дейді,  ол  да  үлкендікті,  кеңдікті 

көрсетеді. 

Ілгеріде  мысалмен  келтірілмек,  «серілік»,  «салдықтан»  бүтіндей  басқа,  екеуінің 

қосылатын жері, екеуі де ақын, күйші, әнші, екеуіне де ортақ болатын музыка аспаптарын 

бірдей қолданатыны. 

«Сері» сөзі серпілдеуден шыққан, бой жазу, серпер осы сөзбен бірдей, шалқыту, асқақтау. 

Сері көбінесе оқымысты кісілер арасында көп болған. Жақсы көрген қызға салдар сияқты 

іздеп бармайды хат пен жұмбақ жазысады. 

Ерте  кезде  жасаған  серілер  көбінесе  хан  ордасында  болып  ойын-сауықтар  құратын.  Біз 

оны  Жошы  ханның  қазақ  хандарының  серілік  құрған  тұрмысын  айтқан  түрде  көрсеттік. 

А.В. Затаевич жазған:  «Сери были детьми белой кости, богатыми, но их эксцентризм не 

принимал крайних форм». 

Серілер біріншіден, атақты мерген, екіншіден саятшы, сұңқармен, лашынмен, тұйғынмен 

қызық  көруші,  тұлпар  аттың  ең  жүйрігін  қадірлеп  баптаушы.  Онымен  қабат  халықтың 



 

рухани  тіршілігінде,  ойын-сауығына  да  ерекше  қуат  беріп,  оны  биікке  көтеруші.  Ақын 



болып  әдебиетке  үлкен  үлес  қосуы,  Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу,  Алпамыс,  Қыз  Жібек, 

Мұңлық  –  Зарлық  сияқты  ескі  жырларды  бірден  бірге  айтып  жеткізіп  отырды.  Бір 

ғажайып  жері,  серілердің  көпшілігі  Орта  Азияның,  шығыс  елінің  әдебиетінен  де  үлкен 

хабары  болған  (Нияз,  Сегіз  сері,  Ақан  сері,  Мұхит,  Сейтек,  тағы  басқалар).  Олар  қазақ 

халқының  алдына  «мың  бір  түннің»,  «Мәлике  кітабының»,  «Тотынаменің»,  «Зейне 

зайыптың» нұсқауларын әдемі жазып отырған. 

Нияз серінің үлкен ұлы Қыруар-атақты серінің бірі. Ол парсы тілінен «Тоты намені» қазақ 

тіліне аударып, ғашықтық жырын күшейте түседі. Сол  «Тотының» бір тарауы  «Мәлике» 

жырын  XIX  ғасырдың  бірінші  жартысында  жазып,  ол  бүгінде  Қазан  университетінің 

кітапханасында сақтаулы тұр. Серілердің кейбірі қазақтың ерлік жырына да сондай төніп, 

оны асқақтатып, сондай сәулетті етіп шығарып отырған. Сондай серінің бірі Қарауылдан 

шыққан Көкшетаулық Сейіткерей.  

Дәулетше Махмуди хан сенің атың  

Артылған әр бендеден салтанатың  

Жаһанда Сейткерей атым шығып,  

Бүгінде бұл бір сөзім тәмәм болдым.  

 

Қобыланды жырының басталуын Сейіткерей былай деп суреттейді: 



Мал сататын базардың  

Бояуы мен бөзіне  

Салған жылқы тоқтайды  

Арқаның бөрі көзіне. 

 

Сегіз  сері  Қозы  «Көрпеш  –  Баян  сұлу»  жырын  Торғай  еліне  таратады.  Жетісудың 



Жүсіпбек Қожа ақыны да осындай серінің бірі, елді, жерді көп аралаған атақты ақынның 

бірі. 


Арқада Сарысуда тұрған жерім,  

Сарытау Құм, Сары Үйсін туған жерім (Айман – Шолпан) 

 

Болмаса, Иман-Жүсіптің өз өмірін өзі баяндауы:  



Баласы мен Құтпанның Иман-Жүсіп  

Серілік бала күннен қылған кәсіп.  

 

Демек, сері мен сал қазақ тіршілігінде ерекше жаралған дарынды, сөз тапқыш, шешен, ол 



әрі  құйылма,  ақын,  әрі  сері,  әрі  сал,  әрі  күйші,  әрі  әнші,  әрі  сауыққой.  Ақындық  оның 

бойына  жаратылған  дарын.  Сондықтан  халық  оларды  ерекше  ардақтап,  еркелетіп  төрге 

шығарып, жүздеген жыл оларды ұмытпай есіне сақтаған.  

Сал  тіпті  өзгеше  орында  болған.  Ол  халықтың  театры  сияқты  рөл  ойнап,  өзінің  жарқын 

әнімен, сыртқы қияпатымен халыққа үлгі беріп жүрген. 

Салдар әр уақыт жарқын жүзді, майталман, әзілдік пен қулықты қатар ұстап, бір жағына 

сынағыш,  сын  көзімен  қарайтын,  отырған  маубас  басшыларды  сықақ  пен  өлтіріп,  игі 

адамдарға мөлдіреп жарқын пейіл білдірген. 



 

Сал махаббаттың кезгіш елесі ойын-сауықтың, думанның жан күйі, қызықты аңыздардың 



әдемі тақырыбы. Осыған орай халық сал туралы неше алуан қызықты әңгімелер туғызып, 

әр бір салдың өмірін бүкіл сахараға таратады. 

Салдық  ерте  кезде  халықтың  дағдыланған  бір  дәстүрлі  ісі  болған.  Ең  соңғы  салдың 

бейнесін Біржан мен Мұхит салдан көруге болады. Олардың соңы ала шыққан Жаяу Мұса 

мен  Үкілі  Ыбырай  салдықтан  көрі  әншілікке  жақынырақ.  Салдықты  еске  түсіретін 

Жаяудың өзгеше киінуі (ылғи қызыл киініп жүреді), Ыбырайдың басына үкі тағып жүруі. 

Ерте кезде өткен салдардың асқан ерекшелігі олардың сыртқы қияпатының өзгеше болып 

көрінуі.  Олардың  сыртқы  сипаты  киім  киісі  жүріс-тұрысы,  қарапайым  кісіге 

ұқсамайтыны.  Олар  жүргенде  ылғи  қойқаңдай  басып,  кербез  жүреді.  Сөзі  асқақ,  еркін, 

өзінен басқа жан бар деп ойламайды. Болса да олардан ылғи асып отыруына кәміл сенеді. 

Салдарды  қазақ  халқы  өте  еркелетіп  өсірген.  Ол  өте  нәуетек,  кербез,  бой  күйез,  паң, 

онымен  қатар  мінезі  өте  жайдары,  ашық  ер  көңілді  келеді.  Шоң,  Торайғыр  би, 

Дәулеткерей кезінде олар бұрынғы ата дәстүрі бойынша салдардың кейбір асқан мінезіне 

бөгет  болмай,  оларды  еркелетіп,  қызық  көрген.  Сарысудың  бойындағы  екінші  Шоң 

Толыбай  салды  аса  қадірлеп,  оны  өзіне  ақылшы  етіп  алады.  Толыбай  сал  ақыл  иесі 

халықты  өзінің  әдемі  көрінісімен,  шешен  сөзімен,  шырқап  салған  әнімен  қуантатын 

болған.  Бұл  қасиет  барлық  салда  болған,  оның  ішінде  Біржан  салдың  өзі  де  халықтың 

кемеңгер қайраткері, ақылды ойшысы, жүйрік ақын болып есептеледі. 

Салдардың киім киюінің өзі бір өзгеше нәрсе. Олар бір ғана әдемі, сұлу киім киген, жәй 

адам  киетін  киімді  жақтырмаған.  Олардан  артық  жүруді  мақсат  еткен.  Өзгелер  кие 

алмайтын  қымбат  киім  алу  үшін  өзінің  мал-мүлкін  аямаған.  Киімді  кең,  мол  қылып, 

тіктіруді  әуес  еткен.  Атақты  салдардың  киімі  тіпті  өзгеше.  Олардың  киетіні  мауыты 

шекпен,  қамқа  тон,  қырмызы  не  жасыл  шапан,  олардың  етегін,  арқасын,  жеңін  тегіс 

кестемен  өрнектеп,  әшекейлеп  қойған.  Шапанды  бір  ғана  торқадан  не  қалың  жібектен 

тігеді.  Тоғыз  қойдың  терісінен  істейтін,  өрнектелген  әдемі  жарғақ  тон,  төрт  қойдың 

терісінен жасайтын кестелі кең шалбар, өрнектелген шоңқайма қызыл етік, басына киетіні 

жібектен жасалған биік телпек. 

Кедейірек  салдар  жібек  киіммен  өзін  көркейте  алмай,  жәй  матаның  өзінен  тіктіретін 

болған.  Бірақ  барлық  салдың  әдеті  атын  жібек  арқанмен,  жібек  тұсаумен  тұсаулайтын 

болған.  Ауқатты  салдар  елді  бір  аралап  шыққанда  кемінен  жүз  метрдей  жібек  артып 

жүрген. Жібек арқан неғұрлым ұзын болса, ол солғұрлым салдың атын ел арасына тарата 

берген. Жібек арқан қыз-келіншектерді салдарға тез тартатын мықты әдістің бірі болған. 

Жетісудың  атақты  салы  Дәурен  Құдайбайұлы  Іле  өзенінен  өткенде  оның  алып  жүрген 

жібегінің бір ұшы өзеннің арғы қабағы да шұбатулы жатады. 

Сал  әрқашан  аттың  ең  сұлуын,  ең  жүйрігін  іздеп  табады.  Ол  атты  жақсылап  мәпелейді, 

сипап  сүртеді,  жал-құйрығын  әдемілеп  тарайды,  оған  жібектің  үзінділерін  қадайды, 

моншақ, маржан тағып әдемілеп қояды. 

Атты әр түрлі  ойынға үйретеді  – жат  десе жатады, тұр  десе тұрады, секір  десе, секіреді, 

алдынан  дөңгелеп  билейді,  тула  десе  тулайды.  Қыздар  далада  жатқан  салдың  қасына 

келгенде оның аты аяғын бүгіп, басын иіп тәжім қылады. Қыздар атқа «өнеріңді көрсет» - 

десе алдыңғы екі аяғын көтеріп, артынан шаншылып тік тұрады, шөк десе түйеше шөгіп 

жата  қалады.  Жүгіріп  жерден  күміс  алғанда  ат  қалып  жүгіреді.  Аттың  аяғына  күміс 

білезік, құлағына алтын сырға қадайды, маңдайына үкі тағып жүреді, сал су орнына атына 

күн сайын сүт беріп тұрады. 



 

Ең  қымбат  қазына  аттың  тұрманы,  оның  ер  тоқымы,  күміс  пен  алтын  жалатқан  сұлу 



жүгені, көркем тартпасы, ақ сауқан өмілдірік ауы, алтын, күміспен өрнектелген қуысқаны, 

әдемі үзеңгі, ерді көркейтіп тұратын оның өрнектелген екі жақ қасы, ғажайып өрнектелген 

ердің тебінгісі. 

Осы әсем күймен, осы салтанатты ат тұрманымен, осы кербез атымен, іші өлеңмен жырға 

толған  атақты  сал  зор мақтанышпен  сұлу  қыз  іздеп  ел  аралауға  шығады.  Оның  қолында 

күмістен, алтыннан жасаған сом сақиналар, білезіктер, құлағында дөңгелек сырғалар. 

Мықты  салдар  сәулетті  қамқа  тонын  киіп,  не  кестеленген  жарғақ  тонын  жарқырата 

жамылып  түрленеді, ақ торғыннан жасалған көйлегінің жағасы иығынан шығып тұрады. 

Салдықпен балағын көсілтіп, басына үкі тағып алады, иығына пұшпақтап белгі қояды. 

Салдардың бір таңсық ісі түрін өзге кісіге ұқсатпау үшін неше алуан киімдер киеді. Аса 

көп  қолданған  киімдердің  бірі  түйенің  құмалағы,  ойсылқара  әулетінің  мұрасы,  соның 

қолдайтын  киімі,  қойдың  құмалағы  –  шопан  ата  бабасының  мұрасы,  бұл  киімді  кисе 

жүрген жерінде байлық көп болады, құрым кигізден жасаған сыртқы киімдер, іші жібек, 

не  түйенің  жабағысы,  бұлар  салдың  өз  үлгісімен  шебер  әйелдің  қолынан  шыққан  соң 

салдардың  ойына  дәл  келетін  бір  алуан  киім  болып  шығады.  Салдардан  басқа  ондай 

киімді ешкім киіп көрмеген. 

Баянауланың  атақты  салы  Бәйтен  –  ел  аралауға  шығарда  түйенің  құрғақ  құмалағын 

жидырып,  оны алтынның буына малып,  әдемілеп тізіп, ешбір адам  кимейтін аса қымбат 

киім дайындатқан. Мұны балаларына қызықты әңгіме қылып айтқан Марғұлан, Бәйтенмен 

бірге жүрген серінің бірі. 

Қой құмалағынан шапан жасатқан кісі атақты Төлебай сал. Ол туралы ілгеріде айтылмақ. 

Бұл айтылатын киім де тек жұртқа ерекше көріну үшін қолданған салдар істеген әдістер. 

Махаббат  пен  ойын-сауық  жолына  түскен  салдар,  сал  болу  үшін  дүниесін  аямаған,  бар 

малын әдемі киімге, тұлпар атқа, сәулетті ер тоқымға, қыз-келіншекке тартуға арнаған. 

Сал  ел  аралап  жүріп,  қызды  ауылдың  сыртына  келіп  біраз  тоқтап  тұрады,  атынан  жерге 

құлағандай  түсіп,  оны  жібек  арқанмен  ұстап,  шалқасынан  түсіп,  екі  қолын  екі  жаққа 

жіберіп  мүдіртпестен  жатады.  Халық  дәстүрі  бойынша,  ауылдың  қыз-келіншегі  оны 

көтеріп  тұрғызып,  ауылға  алып  келеді.  Қыздар  келгенде  сал  керіліп  созылады,  оларға 

асқақтап  қарайды.  Кейін  әкесі  сұлу  қызды  жібергенде  салдың  екі  көзі  жәудіреп  жатқан 

жерінен ұшып тұра келеді, жан күйі, көз қарасы қызға арналады. 

«Сен  менің  сүйген  жарымсың»,  –  дейді.  Ат  байлап  отырған  жібекті  қыз-келіншектерге 

сыйға тартады. Қыздар салды ертіп сұлу қыздың үйіне әкеліп кіргізеді. 

Үйдің ішінде сал жарқын түрге көшеді, әдемі өнер, сұлу күйлер тартады. Барлығы қызбен 

оның  әке-шешесіне  қатты  ұнайды.  Екеуі  бірін-бірі  көзбен  сүйіседі.  Салдың  тілегін 

орындауға  жақын  екені  байқалады.  Ол  қасына  алып  жүрген  барлық  қымбат  дүниелерін, 

алтын-күмістерін  сұлу  қызға  жолдайды,  мініп  жүрген  жүйрік  атын  оның  әкесіне  сыйға 

тартады, өзі үйіне жаяу қайтады. 

Кейде  барған  ауылдың  қыздары  салдың  құлаған  жеріне  көп  уақыт  бара  қоймайды.  Ол 

жатқан  жерінде  өлген  кісідей  көзін  жұмып  жата  береді.  Бірақ  ауылдың  ақсақалдары 

атақты салдарды көп жатқызбай, қыз-келіншектерді алдынан тез шығарады. Шықпаса сал 

екі  күн  болса  да  жата  береді.  Бұл  оның  шарты.  Тез  келген  қыз-келіншекке  сал  жібек 


10 

 

арқанды сол қалпымен тартады. Ел аралауға шыққанда ондай көп метрлі жібекті сал талай 



рет сатып алып жүрген. 

Салды көп қыздар үйге алып келгенде оның қуанышы қойнына сыймай, өзіне өзі келеді, 

серпіледі. Бұл оның еркелік көрсеткені. Үй иесі халықтың жорасы бойынша салды ерекше 

қадірлеп алып келген  қыздарға көп алғыс  айтады. Бірақ  кей бір қыздар салды  сықақтап, 

мазақ етіп отырады. 

Шалқасынан  көп  жатқан  сал  өзі  аш,  киімі  ауыр,  тез  серпи  алмайды,  біраз  бұлқынады. 

Соңынан ол ауылды өте қызыққа батырып, думан құрады. Ол өзі ақын, өзі әнші, өзі күй 

тартқыш.  Өзінің  ауызша  шығарған  өлеңдері  мен  сықақ  қылған  қыздарды  олардан  асыра 

мазақтай бастайды. 

Дегенмен,  сал  болу  оңайлыққа  түспеген.  Сал  болған  кісілер  атасының  барлық  малын 

осыған жұмсап, кейін қартайған кезінде кедейленіп жүдеген (Біржан сал, Жамбас сипар). 

Сал  болған  жігіт  мал-мүлкін  былай  босқа  шаша  бергенін  оның  туысқандары  ұнатпаған. 

Салдық  өмірден  шығару  үшін,  туысқандары  жігітке  жақсы  көрген  қызын  алып  беріп, 

тынышталады. 

Бұрын сұлу қыз іздеп, малын босқа тігіп жүретін сал, енді жібек асуды, алтын-күміс алып 

жүруді қойып, енді тек ән салып жыр айтудың соңына түседі. Абылай заманынан көркейіп 

өскен сал мен серілер әсіресе, Көкшетауда, Баянаулада, Ақмола, Ұлытау, Торғай бойында 

көп болды. Ол Айғаным заманында да өркендеп келді. Айғанымның сарайының алдында 

жаз  күні  ақындар,  күйшілер,  әншілер  отыратын,  жыр  жырлайтын,  сөз  сөйлейтін  үлкен 

сауық  орны  болған.  Мұндай  мәдениет  дүниесі  күн  батыста  Бөкей  Ордасында  жоғарғы 

сатыға  жетті.  Атақты  күйшілердің  көбі  осында  болды.  Күнбатыста  ой-санаға  ұйытқы 

болған саңлақ адамдар Сырым батыр, Исатай, Махамбет, Дәулеткерей, Жәңгірдің өзі. Ол 

дайым  күйшілер,  әншілер  тобын  жинап  олардың  шалқып  тартқан  күйлерін  халық 

ортасына  таратып  отырады.  Солардың  ішіндегі  ең  данышпаны  Дәулеткерей  Шығайұлы 

(1820-1871 жж.) Ол Қарамола қыстағында туып өскен, қазақша оқыған адам, орыс тілінде 

сөйлей  білген.  Күйді  Дәулеткерей  өзінің  ұстазы  Мүсірәліден  үйренген.  Дәулеткерейді 

бірінші рет суретке түсірген Т.Паули. Оның кітабы 1862 жылы Петерборда басылған. Ол 

суретті 1854 жылы акварелге түсірген Чередеев. Ол геолог Ауербах пен И.П.Корниловтың 

экспедициясына  қатысып,  қазақ  пен  қалмақ  елінің  тұрмысын  көрсететін  33  суреттік 

көркем  альбом  жасаған.  Альбом  бүгінде  Ленинград  қаласындағы  ЦГИА  архивінде 

сақтаулы  тұр

4

.  Альбомдағы  бір  жақсы  сурет  Дәулеткерейдің  жазғы  киіз  үйдің  ішінде 



бейнеленген суреті. 

 

Онда бір топ кісі жиналып, атақты күйшілердің тартқан күйін тыңдап отыр. Ортасында бір 



жігіт би билеп жүр. Чередеевтің жол дәптеріне жазылуы бойынша ұзын сыбызғымен күй 

тартып  отырған  атақты  күйші  Шеге  66  жаста,  екінші  домбырамен  күй  тартып  отырған 

Дәулеткерей,  олардың  артында  отырған  Қапажан  Байшегір  қызымен  Саражан  – 

Дәулеткерейдің  әйелі,  қасында  қымыз  құйып  отырған  баласы  Азаматкерей,  сұлтан 

Көшекғали  Шығайұлы,  әнші,  ән  шығарушы  Әлнияз  Құдайқұлов,  бұрын  Жәңгірханның 

аспазы болып істеген. 

Дәулеткерей  XIX  ғасырдың  орта  кезіндегі  атақты  күйші,  барлығы  елуге  тарта  күй 

шығарған. Кейінгі кезде оның сәулетті  күйлерін шалқыта таратқан өзінің туған немересі 

атақты домбырашы Науша Бөкейханов. Дәулеткерейдің күйлерінен сақталып келгендері – 

                                                           

4

 

Архив ЦГИА. Ф. 90, on. I, д. 284, 1854 ж.



 

11 

 

«Қос  алқа»,  «Қыз  Ақжелең»  -  атақты  күйші  Ақбал  қына  арнап  шығарған  күй,  «Қоңыр», 



әсерлі  күй  «Керліме»,  «Шалқыма»,  «Желдірме»,  «Жұмбақ  бике».  «Жұмбақ  бике»  күйін 

Масқар елінің сұлу қызына арнап шығарған. «Бұлбұл» – әдемі құс даусын күйге шерткен. 

Күй тартатын барлық қазақ салдары, серісі күйдің үнін көбінесе жаратылыстың ағуынан 

іздеген. Оларға үлкен әсер еткен судың ағыны, желдің үруі, құстың әдемі жырлауы, көкте 

ойнаған найзағай да қазақтың күй жасауына зор үлес қосқан. Осы айтқан елестер әсіресе 

Тәттімбеттің,  Дәулеткерейдің,  Мұхиттың  күйлерінде  ерекше  орын  алып  отырады. 

Дәулеткерейдің фәлсафалық күйлерін біздің заманға жеткізген оның баласы Салауаткерей 

1918  жылы  қайтыс  болған,  атақты  күйші  Мақар  Жапаров  1922  жылы  қайтыс  болған, 

тамаша күйші Науша Бөкейханов. 

XVIII  ғ.соңында,  XIX  ғ.  басында  аты  шыққан  күйшінің  бірі  Мүсірәлі  –  Құрманғазының 

аяулы ұстазы. Мүсірәлі Сырым Датовтың ел басқарған кезін ардақтап, оған арнап «Сырым 

сазы» деген күй шығарады. 

Жайық  бойындағы  асқан  сері,  атақты  күйші  Құрманғазы  Сағырбайұлы  (1806-1886  жж.). 

Оның  асқан  серілігін,  атақты  күйші  екенін  жазған  журналист  И.Савичев  ел-елді  аралап 

жүріп,  Құрманғазыны  И.Ф.  Бородиннің  үйінен  кездестіреді.  И.  Савичев  Құрманғазының 

қияпатын  келістіре  жазып,  оны  суретке  түсіріп  алады.  Жас  кезінде  саясат  жүзінен  көп 

қиыншылыққа  ұшырап,  елінен  қуылған  Құрманғазы,  Жайық  бойын  артта  қалдырып, 

созылып жатқан кең сахара Сарыарқаға келеді. Арқасына кигіз қапқа домбырасын салып 

жүре-жүре таң қаларлық көркем жерлерге кездеседі. Алдынан алыстан көгеріп тұрған биік 

таулар,  үзіксіз  ағып  жатқан  мөлдір  сулар,  жайқалып  жел  үрлеген  түрлі  шөптер,  биікке 

ұмсынған қыя тастар, бұлардың барлығы Құрманғазының шабытын көтеріп, әдемі елестер 

туғызады.  Көгерген  майса  шөпке  coндай  қызығып,  бір  судың  басында  тоқтап,  атының 

аузындағын  алып,  «жануарым  бір  кенелші»  –  деп  қоя  береді.  Өзі  домбырасын  алып  бір 

жылтыр  тастың  үстіне  отырып,  Сарыарқаның  сәулетіне  қарап  бір  таңданады.  Оның 

көгерген көп таулары, жайлап соққан қоңыр желі, көсіліп жатқан айдын даласы оған бір 

қуаныш бергендей домбыраны бір неше рет  шертіп-шертіп, сол арада отырып Сарыарқа 

күйін  шығарады.  Оның  сарыны  бір  ғана  елдің  қызықты  өмірі,  шалқыған  еркін  дала, 

қуанышқа  бөлейтін  байтақ  дүние.  Саясат  иен  өмір  күресіне  арналған  күйлердің  ең 

жарқыны  «Кішкентай»,  Исатай  мен  Махамбеттің  көтерілісін  ардақтауға  арналған, 

«Қайран  шешем»  абақтыда  отырып  анасына  арнаған  күй,  «Түрмеден  шыққан»  күй. 

Құрманғазы Орынбордан Ит жеккенге (Іркут қаласы) айдағанда, ол сол жерде тұра алмай, 

бір  жылдан  кейін  қашып,  жаңадан  Сарыарқаға  келеді.  Бұл  жерге  келісімен  ат  –  тонды 

болып  көп  қаражат  жинап  алады.  Ең  соңында  өзінің  туған  жері  Байұлы  елінің  ортасына 

барып, енді бір ғана күй шығару, күй тарту ісіне ауысады. Бұл кезде шығарған күйлерінің 

аса  күштілері  «Адай»,  «Ақсұңқар»,  «Манатау»  (Үстүрт),  «Серпер».  Сарыарқадан  алып 

қайтқан  күйі,  оны  шығарушы  Тәттімбет,  сезімді  әдемі  толқытатын,  төгіліп  тұрған  сыр, 

алға  ұмтыла  сермейтін  жүйрік  ырғақ,  күшті  бір  ғана  күн  сәулесінен,  жүректің 

қуанышынан алатын күй. 

Жайық  бойында атақты серілерден XIX ғасырда екі  Мұхит  болды, біреуі  халық аузында 

аңызға айналған дарынды ойшы, атақты композитор Мұхит Мералиев (1806 жылы туған). 

Халық  аузында  аңызға  айналған  дарынды  ойшы.  Оның  ұрпақтары  екі  жүз  жылдай 

тегісімен  күйші  болды.  Мұхиттың  шығарған  күйлерін  біздің  заманымызға  дейін  тартып 

келген  атақты  күйшілер  Лұқпан  Мұхитов,  атақты  Мұхиттың  немересі  Ғұбайдола 

Мұхитов. Екіншісі Мұхит  Қаратаев (1843- 1916 жж.) белгілі  сері,  әрі  ақын, әрі  әнші,  әрі 

күйші.  Ол  қазақ  музыкасын  аса  сұлу  тартатын  ұлы  шебердің  бірі,  аты  аңызға  айналған, 

тарихи  заманның  асқан  күйшісі.  Бұл  Мұхиттың  әнін,  күйлерін  таратушы  ел  арасында 

орасан  көп.  Сондықтан  А.В.  Затаевичтің  бақылауынша,  ол  өзінің  көп  шығармалары  мен 


12 

 

бүтіндей  бір  мектеп  ашқан  кісі  дейді.  Затаевичтің  бұл  сөзі  көбінесе  бірінші  Мұхитқа 



лайықты.  Мұхит  сері  жас  күнінде  әйелдердің  еркелеткен  аяулы  адамы,  сұлулықтың 

жарқын  бейнесі.  Қартайғанда  ол  шалқыған  ашық  жүзді,  қуанышты  сүйетін  сұлу  қарт. 

Оның  шығарған  әні,  күйлері  орасан  көп.  Халық  аузында  кейінгі  дәуірге  дейін  айтылып 

келгендері: «Сал – сері туралы Мұхит әні «Қыпшақ» – ән, күй, «Сал-Ораз» – Ораз салдың 

үндері, «Ақ иіс» – домбырашы қыз, соған арнап Мұхиттың шығарған күй. Оны Мұхит үш 

домбырамен  қосылып  тартатын  болған  өзі,  екі  інісі  –  Жекен  және  Ашу.  Олар  үшеуі 

бірікпей  үш  жерде  тартқан,  бірақ,  бір  кісі  тартқандай  домбыралардың  дауысы  бүтіндей 

қосылып  мөп-мөлдір  болып  шығып  отырған.  Халық  бұл  күйді  ерекше  ұнатқан.  «Медет 

хан»  оның  сұлу  қызына  арналған  бүкіл  Қазақстанға  тараған  сұлу  ән  «Зәуреш».  «Айнам 

көз»,  «Киелім»  осылардың  бәрін  ұмыттырмай  сақтап  келген  күйшілер  Мұхиттың 

ұрпақтары  Ануар  Медетов,  Шайқы  Қаратаев,  Досқайыр  Бабасов,  Ғабдұл  Бөкейханов, 

Ғұбайдолла Мұхитов, Науша Бөкейханов, тағы басқалар. 

Жайық  бойындағы  халыққа  мәлім  серінің  бірі  Сейтек  Оразалиев  (1861-1933  жж.).  Ол 

Бөкей Ордасында Сірәжін ауылында туып өскен. Орта бойлы, қоңыр өңді, шашы көмірдей 

қара,  көзі  оттай  жанған  қаракөз  кең  маңдайлы.  Оның  мұрагері  асқан  күйші  Исмағыл 

Көшебаев, Фазыл Сұлтанов. Оның күйлерін бергі кезге дейін ойнап жеткізген оның досы 

Науша  Бөкейханов.  Сейтек  күйді  бір  ғана  хан  базарына  барып  жүріп  үйренді.  Көбінесе 

Астрахан түбіндегі түркімен күйшілерінен тыңдап жүрді. Қорқыттың күй сарынын айыру 

үшін Сейтектің бұл күйлері бір тарихи қазына. 

Бөкей Ордасында Байқұмар деген бір кісі болған. Оның домбырашы, күй тартқыш Айша 

деген қызы болған. Сейтек осы қызды көбірек жақтайды. Бірақ, Байқұмар өте менменшіл 

Сейтекті менсінгісі келмейді. 

Сейтек  Айшаға арнап күй шығарады, атын  «Бұлбұл Айша» дейді. Күйдің үні құстардың 

ән салуы сияқты көңілге өте тиімді, қоңырланып тұрады. «Бес қыз» атты әдемі толқынды 

күйді, көп қыздарға арнап шығарған. 

Сейтек  революция  ісіне  қатысып,  көп  жыл  Сахалинда  отырып,  1905  жылы  еліне  келеді. 

Сахалинде отырып сүйген қызы Забираға арнап хат жазып, күй шығарады. «Заман» деген 

күйінде  айдауда  жүріп  елін  сағыну,  мұңын  айту,  сүйген  жарын  еске  түсіру,  үмітсіздік 

уайым сезіледі. «Айдау» күйінің (1904 ж.) мазмұны бостандық қашан келеді деп үміттену. 

Революциядан  кейін  шығарған  «Еркіндік»  күйінде  халықтың  еркіндік  алғанына  қатты 

қуанады. 

Атақты  күйші  Сейтек  1923  жылы  Мәскеудің  ауыл  шарушылық  көрмесінде  болып,  қазақ 

қоймасында әр алуан күйлер тартты. 

Маңғыстаудағы  адайлардың  аяулы  күйшісі  Абыл  Тарақұлы  (1750-1822  ж.).  Жаратылыс 

оны  берік  қылып  жасаған.  Ол  мықты  балуан,  атқыш  мерген,  ат  сейіс,  аңшы.  Барлығы 

серілерде  болатын  қасиет.  Күйді  ол  ескі  дәуірде  жасаған  Қошқар  деген  күйшіден 

үйренген,  түркменнің  күйлерін  көп  тыңдаған.  Оғыз-қыпшақ  заманындағы  данышпан 

Қорқыт  сияқты  ескі  күйлерді  жүйрік  білген.  Абылдың  күйлері  «Ақ  желеу»,  басқа 

күйшілерде де кездеседі. «Нар ату» күйі болмаса, «Түйені атып түсіру» Сырым Датовтың 

көтерілісін  мадақтауға  арналған,  «Ақсақ  құлан  Жошы  хан»  халық  аңызын  шалқытуға 

арналған  тарихи  күй.  Оны  соңғы  рет  А.В.  Затаевичке  мөлтілдетіп  тартып  берген  белгілі 

домбырашы  Ануар  Медетов.  Абылдың  күйлерін  бергі  кезеңге  дейін  әдемі  сақтап  келген 

домбырашы Лұқпан Мұхитов (1884-1957 жж.). 


13 

 

Абылдан  кейін  Маңғыстауда  талай  атақты  күйшілер  болды,  солардың  ішінен  жеке  қара 



тұратындары  Лекер,  Жоламан,  Есір,  Өритан,  Өскенбай,  ең  ардақты  күйші  әсіресе 

Өскенбай Қалмамбетұлы (1860-1925 жж.). Ол Жетібай қыстағында дүниеге келген. Әкесі 

Қалмамбет өнерімен жұрттан асқан аса қадірлі кісі болған. Өскенбай соның жұрт сүйген 

баласы.  Өскенбай  –  құсбегі,  мерген,  ат  сейіс,  зергер.  Серілерде  болатын  әдет.  Күйді 

Дәулеталы деген қарт күйшіден тыңдап, үйренуге соған барып жүреді. Шығарған күйлері 

Ақан серінің «Құлагері» сияқты аяулы атына арналған күйі «Жирен жорға», «Ақ желең» 

атақты күй. 

Ұлы  жүз  елінде  «сал»  болып  жүрген  көп  болмаған.  Халық  айтатын  аңыздарда  жиі 

кездесетін  есімдері  Дәурен,  Байсерке,  Қожабек,  Сатқынбай,  Сүйінбай,  Тезек  сияқты 

ақындар серіге жақын. 

Дәурен  Құдабайұлы  айтулы  сал  болған  кісі.  Салдық  құрып  жүріп,  жас  күнінде 

шапырашты  елінің  сұлу  қызына  бәйек  болып,  оны  алады.  Бірақ,  қыз  келіншек  болып, 

дүниеден ерте кетеді. Сөйтіп алған келіншегі қайтыс болса да, жас жігіт Дәурен сал одан 

кейін әйел алмауды өзіне ант етіп қояды. Бұл махаббат жолын қуған салдардың бір өзгеше 

қасиеті  еді.  Дәурен  сал  Іле  өзенінен  өткенде  оның  алып  жүрген  жібегінің  ұзындығы 

сонша, оның бір ұшы судың арғы қабағында шұбатылып жатады. 

Ұлы  жүзден  шыққан  белгілі  салдың  бірі  Байсерке  Құлышұлы  (1841-1906  жж.).  Әкесі 

Құлыш етікші, мұхтажсыз тұрған. Баласы Байсерке шымыр мықты болып, жеті жасынан 

домбыра  тартып  үйренеді.  Кейін  үлкейіп,  салдық  өмірге  ауысқанда  көптеген  күйлер 

шығарады.  Соның  бірі  «Ат  ойыны»  –  атты  алдына  қойып  күй  тартуы,  оны  биге  үйрету. 

«Жетпіс бұтақ» Алатаудың жемістері, соны әдемі күйге айналдыру. 1890 жылы Жетісуда 

үлкен  жұт  болып  ел  қатты  күйзеледі.  Мал  жоқ,  көзге  түсетін  семіріп  жүрген  қарға.  Сал 

қарғаға тіл қатып – «сендерден басқа көрінетін еш нәрсе қалмады. Сендер менің қасымда 

болыңдар»  –  деп,  қайғырып  мұңаяды.  «Дүние  деген  осы,  төрт  қарғадан  басқа  дәнеңем 

қалмады»,  –  деп  күрсінеді.  Оған  күй  шығарып  «Төрт  қарға»  –  деп  ат  қояды.  Бұл  күй 

Біржан  салдың  «Тауық  жылы»  деп  атаған  жұт  жылына  (1862  ж.)  арнағанға  ұқсайды. 

Бәйсеркенің  күйлерін  бергі  кезге  дейін  тартып  келген  домбырашылар  Қожабек, 

Сатқынбай. 

Елге аты шыққан салдың бірі Тарақты Дүйсебай сал. Оның көп барған жері жалайыр елі. 

Онда Дина деген бір сұлу қызға бәйек болып, бар мүлкін соның алдына апарып тартады. 

Атасу  өзенін  қоныстаған  тамалар  ортасынан  шыққан  салды  қазақ  аңызында  Балжан  сал 

деп  атайды.  Бұл  ескі  дәстүрді  көп  қолданған  салдың  бірі.  Ол  әр  қашан  иығына  түлкінің 

пұшпағын қадап, басына үкі тағып жүретін болған. Мінезі көбінесе Біржан салға ұқсайды, 

өлеңі де соған ұқсас: 

Сұрасаң менің атым Балжан салмын

Пайдам жоқ, зияным жоқ жүрген жанмын. 

 

Демек,  тура  Біржанның  айтуындай  үлгіні  Сарыарқада  жасаған  салдардан  алғаны  ашық 



көрінеді.  Арқа  мен  Сыр  бойын  қоса  білген  күйшілер  Қоңырат  Әлшекей  күйші,  Ықылас, 

Сүгір күйші, оларды бергі кезде әкеліп жеткізуші Жаппас Қаламбаев. Әлшекей 1847 жылы 

Тұменарық болысында туған, кейін аты аңызға айналған асқан күйші. Оның ең қызықты 

күйі  «Ақсақ  тоқты»  сыбызғымен  тартатын  күй,  «Ат  үстінде  ойнау»  атты  күй,  тағы 

басқалар. 


14 

 

Әлшекейдің  ұрпақтары  тегіс  күйші,  олардың  ішінде  Қарабала,  Дәнібек  кейінгі  заманға 



дейін Сунақшада тұратын. 

Ықылас  Дүкенұлы  (1843-1916  жж.)  Қаратау  мен  Сарыарқаның  арасында,  Шудың  аяқ 

кезіндегі таманың қыстауларында туып өскен ғажайып күйші. Қорқыттың қобыз дәстүрін 

жарқын түрде ұстаған, оны ерекше сүйетін бір таңсық көрген адам. Ықылас қобызды бала 

күнінен қызық көре бастады. Олай болуына үлгі берген оның ата-бабалары, өз әкесі Дүкен 

– тегіс қобызшы болған. Қорқыттың қобызына бас иіп отырған саңлақтар. Олар халықтың 

эпикалы  жырларын,  заман-заманнан  келе  жатқан  халықтың  сұлу  аңыздарын  аса  жүйрік 

білген. Ықылас сол бабаларының, әкесінің көп мұрасын есінде берік ұстап, қобыз туралы 

көп аңызды бала күнінен тыңдай береді. Ол қобыздың керемет ой түсіретін музыка аспабы 

екенін  әкесінің  күн  сайын  үйде  отырып  тартуынан  көріп  өсті.  Әкесі  сондай  жүйрік 

қобызшы,  ел  аузында  сақталған  толқынды  аңыздарға  табынатын,  бәйек  болған  жан 

күйетін істерді ашық түрде сипаттап отыратын. Оның үстіне Ықыластың асқан ерекшелігі, 

жаратылыс оған ағылып тұрған, жеткізбейтін мол дарын берген. Осыған орай ол қобызды 

жан-тәнімен сүйіп, оны сол бала күнінің өзінен әдемі тартып үйрене бастаған. 

Ықыластың қобызы өзі жасаған қобыз емес, ол ерте кезден келе жатқан сәуегейлік мұраға 

айналған  ескі  қара  қобыз.  Оны  әкесі  Дүкен  аяулы  баласы  Ықыласқа  мұра  қылып 

қалдырған. 

Бұл қобызды мен 1946 жылы Бетпақдалада көшіп жүрген Ықыластың үйінен көрдім. Ол 

Созақ ауданына қарайтын «Талап» колхозының ауылы Көк-өзеннің бойында отырған еді. 

Ықылас  ескі  үйіне  басшы  болып  отырған  ақылды,  сыпайы  адам  қартая  бастаған  оның 

келіні,  қобызды  алғашқыда  көрсеткісі  келмей,  «тығулы  жатыр»  деген  еді,  соңынан 

түсінген  соң  көрсетті.  Қобыз  бүтіндей  қап-қара,  көп  заманнан  келе  жатқаны  түрінен 

көрініп  тұр.  Қобыздан  бастап  Ықылас  туралы  көп  жаңалықты  сол  кісіден  естідім.  Әйел 

сөзге өте шебер және Ықыласты жақсы біледі екен. Ол кісінің айтуынша, «Ықылас ұзын 

күйді  әр  қашан  өзен  басында  отырып  тартушы  еді»  –  дейді.  «Оның  әкесі  Дүкен  –  ол  да 

үлкен  қобызшы.  Осы  қобыз  сол  кісіден  Ықыласқа  мұра  болып  қалған.  Қобызбен 

байланысты  халыққа  үлгі  болған  ғажайып  аңыздарды  олар  ерте  кезден  біліп  келген, 

әсіресе  Қорқыт  туралы,  оның  жасаған  қобызы  туралы.  Ықылас  шалқыған  оймен 

саңқылдатып  айтып  отыратын.  Бүл  аңызды  ол  бала  күнінде  әкесінен  естіп,  кейін  қобыз 

тартып  отырғанда,  оны  әңгіме  етіп  таң  қалып  отыратын.  Оның  көп  айтатыны  әсіресе 

Қорқыт туралы. Оның қалай туып, қалай қобызшы болғанын көп әдемі сөзбен, қобыздың 

үнімен  жұртқа  түсіндіріп  отыратын.  Оның  айтуынша,  Қорқыт  қобызын  арқасына  тағып, 

желмаяға  отырып,  дүниенің  төрт  бұрышын  кезген,  бар  тілегі  өлімге  дауа  іздеу.  Әсіресе 

қызық қылып тартатын Қорқыттың жел-маясы. Оның желдей есіп тоқсан дауа таба алмай 

күйзелгенде ақырын-ақырын боздап сарнауы – Ықыластың күйлеріне үлкен әсер берген. 

Солардың  ішіндегі  Ықыластың  сүйе  тартатыны  «Қорқыт  күйі».  Қазақстан  сахарасында 

ескі  заманнан  қалыптасқан  ұлы  әфсана  күй.  Бұл  күйді  орта  ғасырда  атақты  күйшілердің 

бәрі тартқан. Халық есінде көбірек сақталғаны Қойлыбай мен Балақай бақсының тартқан 

«Қорқыт  күйі»,  XIX  ғасырда  күйші  Қанқожаның  тартқан  «Қорқыт  күйі»  (Шоқан 

Уәлиханов), олардың соңын ала бұл  күйді  аяулы қобызымен өмір  бойы тартқан Ықылас 

екенін көреміз. Ықыластың ой-елесі бойынша, қобыздың бір ғажайып жері, оны тартқанда 

ішінен Қорқыттың үні естіліп тұрғандай болады. Бұл аңыз ел аузында тап солай айтылып 

келген. Оның бір әдемі  түрін жазып алған П.С. Спиридонов. Ол аңызда айтылған:  «Сыр 

бойының  жағасында  тұрған  Қорқыт  моласының  қасынан  өткенде  құлағыңа  «Қорқыт-

Қорқыт» деген әдемі күйдің дыбысы алыстан естіліп тұрады». Осы Қорқыт күйін шалқыта 

тартып,  оны  сұлу  мұра  еткен  ойшының  бірі  Ықылас.  Оның  екінші  күйі  «Кертолғау»  - 



15 

 

«Ақсақ  құлан»  күйінің  бір  түрі,  ескі  дәуірден  келе  жатқан  толғаудың  бір  түрі.  Ықылас 



мұны  да  мөлдірете  сәулетті  етіп  тартқан.  Ықыластың  маңайында  болған  қариялардың 

айтуынша,  кейінгі  қобызшы,  сыбызғышылар  мұны  бұзып,  басқалардың  сарынына 

түсірген. 

«Қасқырдың  ұлуы»  Ықыластың  бір  ерекше  шығарған  өзгеше  күйі.  Түп  аңызы  қыпшақ 

елінің ескі аңыздарынан шыққан. Бұл да Қорқыт аңызында кездесіп отырады. Ықыластың 

қобызбен  тартуында  алдымен  бір  қасқырдың  ұлуын  суреттеп,  содан  кейін  екеуін,  содан 

бір тобының ұлуын тапжылтпай суреттеп отырған. 

Елдердің айтуынша, түнде отырып Ықылас осы күйді тартқанда ауылдағы иттердің үрейі 

ұшып, шуылдап үре шығатын. 

Ықыластың  асқан  шығармасының  бірі  қобызбен  тартатын  «Қазан  күйінің»  негізі  тама 

елінің  тарихи  аңызынан  шыққан  бір  өзгеше  күй,  олардың  атақты  батыры  Шораның 

жорығына  арналған.  Тама  елінің  тарихи  шежіресі  бойынша  Шора  батыр  олардың  түп 

ағасы. Қыпшақ заманында олар Қазан қаласының ішінде тұрып, Шора батыр кезінде олар 

Жайықтың  басына  ауысады.  Тарихи  оқиғаның  меңгеруі  бойынша  олардың  бір  шеті 

созылып  Шу  өзенінің  бойына,  Қаратауға  келеді.  Осы  тарихи  аңызды  Ықылас  қобызбен 

күйге айналдырады. Оның күйінің дауысында Шора батырдың толғануы, соғыс түрі, елдің 

қажып  шаршауы,  кейін  қуанышқа  батуы  көрсетіледі.  Эпикалы  жырдан  шыққан  «Қазан 

күйі»  домбырамен  де  әдемі  тартылады.  Бірақ  екеуінің  мазмұны  бір  шығады.  А.В. 

Затаевичтің  зерттеуінше,  «бұл  күйде  ескі  заманның  маршы,  жорықтың  түрі,  соғыстың 

суреті  көрінеді».  Сөйтіп,  бұл  тарихи  аңызды  әдемі  сақтаған  тама  елінде,  оны  күйге 

айналдырған ойшы Ықылас.  

Қобызшы эпикалы аңызды аса жақсы көрген. Соның бірі қобызбен тартқан «Қамбар мен 

Назым» күйі. Қамбар кедей егіншілер қыстағында (тобыр) туып өскен, атақты аушы, сері, 

мерген, батыр. Ол өздерін басқаратын ханның атақты қызы Назым сұлуға ғашық болады, 

Назым  да  оның  ерлігін,  серілігін  ісін  ардақтайды.  Бірақ  Назымның  әкесі,  туысқандары 

Қамбарды қара қазақ деп менсінбейді. Ханның еліне жау шабады. Оларды жеңуге ханның 

шамасы  жоқ.  Назым  оған  қарсы  Қамбарды  шақырады.  Алып  ер  жауды  жеңіп  елін 

қуанышқа  келтіреді.  Хан  Қамбарды  жақсы  көріп  қызын  оған  береді.  Ықылас  осы  екі 

ғашықтың қосылғанын мақтаныш етіп, оларды қобыздың әдемі күйіне айналдырады. 

Халық  аңызынан  Ықыластың  тағы  бір  алған  тақырыбы  «Аққу»  күйі,  ескі  дәуірден  келе 

жатқан киелі құс әрі аңыз. Қобыздың күйі аққудың әдемі үнін, оның қалай ұшуын, оның 

қалай  сәулетті  жүзіп,  жүруі  ғажайып  сұлу  оймен  шешілгені  айтылады.  Өзге  таныс 

күйлерден  Ықыластың  сүйіп  алған  тақырыбы  «Жез  киік».  Тайлақбайдың  сыбызғыдан 

тартқаны (Шоқан Уәлиханов). 

Ықыластың күйлерін мұрас еткен оның баласы Түсіпбек, Созақтан Сүгір күйші, немересі 

Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаев. 

Сал  мен  серінің  көп  шыққан  классикалық  жері  әрине  Сарыарқа,  оның  ішінде  Көкшетау, 

Ақмола,  Баянаула,  Қарқаралы,  Торғай  елінің  бойы.  Ертістің  бас  жағында,  Алтайда, 

Тарбағатай  тауларында  жасаған  сал  мен  серілері  әбден  ұмытылып  біткен.  Бергі  кезге 

дейін айтып келгендері тек Тарбағатай жерінде өскен Ағаш аяқ, Қарқаралыдан Әсет әнші. 

Бүл  екі  әншіні  де  Құнанбай  мен  оның  баласы  ақын  Абай  өте  жақсы  көріп,  олардың 

мұраларын өздеріне жақын тартқан. Алтай тауында домбырамен күй шалқытқан бір серіні 

Аткинсон  суретке  түсіріп,  бірақ  атын  жазбаған.  Әдемі  киінген  сері,  ол  найман  елінің 

күйшісі. 



16 

 

Делбегетей тауында Ағаш Аяқ деген бір сал болған, Құлам тастағы жазуы бойынша оның 



шын  аты  Назар  Сапаұлы.  Назар  Сапарұлы  1818  жылы  туып,  1898  жылға  дейін  жасаған, 

түсі сары, көзі көк, өзі кедей болған. Ғашық болған қызына тез бару үшін, аттың орнына, 

екі ұзын бақан мініп үйренеді, соған орай «Ағаш Аяқ» атанып кетеді. Жүргенде сербеңдей 

басып,  oн  шақты  қадамды  бір-ақ  басып  отырады.  Оның  жүріп  өткен  жерлері  Қалба 

тауында осы күнге дейін «Ағаш Аяқ» деп аталады. Бақанмен жүру бір ғана аты жоқ кедей 

салдың  ісі.  Ғашық  болған  қызын  барып  көргенде  бұл  өте  таңсық  нәрсе  болып  көрінген. 

Ағаш Аяқ әрі caл, әрі суырылма ақын, әрі асқан әнші. Ол бір байдың қызына бәйек болып, 

онымен хат арқылы байланысып жүреді. Қыз оның өнеріне қызығады, көп мейірімі түседі. 

Бірақ  қызды  бір  байдың  баласына  беріп  қойған,  жақын  арада  күйеудің  «ұрын  келетін» 

кезі.  Қыз  ол  күйеуді  жақсы  көрмейді  екен,  Ағаш  Аяқты  ұнатқандықтан  күйеу  келгенше 

«тез  кел»  –  деп  шақырады.  Ағаш  Аяқ  қуанып,  екі  бақанмен  жүгіріп  қыздың  ауылына 

келеді.  «Жәнекей»  деген  әнді  сол  қызға  арнап  шығарады.  Ол  керемет  ойыншы,  түрлі  аң 

мен құстың даусына келтіріп ән салады, үнін неше алуан етіп құбылтады. Ағаш Аяқтың 

аты көп жерге аңыз болып тараған, оны Алтайдан бастап Сарыарқаның түкпіріне дейінгі 

елдер  жүйрік  біледі.  Көп  адамдар  Ағаш  Аяқты  «Құнанбайдың  әншісі  еді»  деп  айтуы 

осыдан шыққан. Халықтың аңызы бойынша Ағаш Аяқ бақанмен жүруды нағашысы Апақ 

балуаннан үйренген. Өзінің шығарған жырында:  

Атандым өзім Назар Ағаш Аяқ  

Қалдым мен қашан достан жаным айып, – дейді.  

 

Тарбағатайда  жасаған  серілердің  ең  бір  әйдігі  Әсет  ақын  Найманбайұлы.  Ол  1867  жылы 



Қарқаралы  аймағында,  Қызыл-Арай  төңірегінде  туып,  бала  күнінде  өзінің  ата-

бабаларының мекені осы әдемі тауларды қызықтап өтеді, өсе келе Тарбағатайдағы Бахты 

қаласына  барып,  оның  медіресесінен  сабақ  оқыды.  14  жасында  әкесі  қайтыс  болып, 

нағашыларына  барып  тұрады.  Сол  кезден  бастап  ол  асқан  әнші,  әрі  сері  болып  жүреді. 

Әсет  өте  сыпайы,  нәзік  жанды  кісі  болған,  өзі  оқымысты  жазғандарын  әp  қашан  қағаз 

бетіне  түсіріп  отырған.  Ол  ел  аралап  жүрмеген,  әндерін  шығарған  жырларын  тек  үлкен 

сауық  үстінде,  қыз  ойнақта,  ұлы  тойларда  айтып  жүрген,  ел  аралауды,  сый  алуды  онша 

жақсы көрмеген. Оның бұл ардақты мінезі Абайға да ұнаған. Оның айтқан әндері «Әсет», 

«Үлкен ардақ»,  «Кіші  ардақ»,  «Еркем-ай»,  «Ісмет». Өзі  өткір  тілді, шешен, мысқылшыл, 

айтыс ақыны. Сегіз сері, Ақан сері сияқты арап аңыздарын да әдемі суреттей білген. А.С. 

Пушкиннің  «Евгений  Онегиннің»  аударған,  оның  қолжазбасы  бүгінде  Қазақстан  ғылым 

академиясының кітапханасында сақтаулы тұр. 

Арқаның  салдарының  келіп  жеткен  дәурені  XIX  ғасырдың  соңы,  одан  кейін  олар  мүлде 

жойыла  бастады.  Бұл  тегінде  тұрмыс  пен  байланысты  іс  болу  керек.  XIX  ғасырдың 

соңынан  былай  қарай  салдар  ел  аузында  аңызға  айналып,  тек  олардың  айтып  кеткен 

әндері, күйлері, жырлары сақталып келді. Салдарды, серіні ұмытпаған көбінесе қазақтың 

жас  әйелдері.  Әдемі  киініп  жүрген  жас  жігітті  олар  «сал»,  «сері»  деп  атады.  Сол  айтқан 

кезден  бастап  сал  өмірі  бүтіндей  азғындады.  XX  ғасырдың  басында  олар  тым  өрескел 

түрге көшті. «Салмын» деп өзін өзі атап жүрген кісілердің бойында жан күйінде бұрынғы 

салдықтың  көркем  түрі  болмады.  Ол  бір  құбыжық  ойынға,  өрескел  іске  айналады. 

«Салмын» деушілер жаман ер тоқымын теріс ерттеп, киімін теріс киіп, азып кетті. Ондай 

«салдар»  қатарында  айтылатын  кісілер  Тоқырауыннан  шыққан  Нұралының  Сүлеймені, 

Кеңесбайдың Оспанбайы. «Сал» боламыз деп бұлар барлық малын босқа қырып, пішенін 

құлатып, ойына келгенін істеді. Ел ортасында бейуаз, бетімен кеткен кісінің бірі  «Сары-

ауыз»  (Қарқаралы даласынан). Ел ішінде бүлік салып, ауыздықсыз кете бастаған соң, ел 

ішіндегі ақылды адамдар оған тию салып тоқтататын. 



17 

 

Сері  мен  салдың  көп  тараған  жері  Көкшетау  төңірегі.  Олардың  бұл  өлкеде  көп  екенін 



бірінші рет айтып жазған түрік елдерінің тілін жүйрік білетін ғалым Услар деген кісі. 1840 

жылды  Усларды  Кенесары  көтерілісін  бақылауға  жіберген.  Бірақ  ол  қазақ  тұрмысын 

зерттеуге айрықша көңіл бөледі. 

Оның  бақылауынша,  қазақтардың  сөйлеуі  әзербайжан  сөйлеуімен  бірдей,  айырмасы  тек 

дыбысты  өзгертіп  сөйлеуінде.  Алғаш  Көкшетау  қаласына  келгенде  ол  көп  жаңалықты 

көреді.  Қаланың  іші  толып  жүрген  қазақ.  Солардың  ішінде  өзгеше  киінген  көп  қазақ 

салдарын көреді. Олардың бәрі франт, кербез. Кигендері ылғи жібектен тігілген қырмызы 

не  жасыл  кең  шапан,  басында  шошақ  бөрік,  аяғына  кигені  көксауыр  шоңқайма  етік. 

Олардың  өрнекпен  әдемілеп  кестеленген,  түсі  не  қызыл  не  жасыл  болып  кездеседі. 

Көкшетауда  ол  кезде  көп  жүретін  салдар  Нияз,  Шәрке,  Сегіз  сері,  кейінірек  Қанқожа 

Уәлиханов, Біржан сал, Тулақ, Ақан  сері,  Сейіткерей, Қозыке, ең соңында үкілі  Ыбырай 

шығады. Бұлардың ішінен халыққа аса атақты болғаны Сегіз Сері, Біржан сал, Ақан сері, 

үкілі  Ыбырай.  Бұлардың  топ  тобымен  шығарған  сұлу  әндері,  күйлері,  өлең-жырлары 

сақталған.  Қанқожа  мен  Тулақтың,  Қозыкенің  ән  күйлері,  қағазға  жазылмай,  кейбір 

әншілердің не ғалымдардың (Шоқан) айтуында сақталған. 

Баянаулада көркейіп шыққан салдардың ең ұлысы Өтебай сал (XVIII-XIX ғғ.), өзі күйші, 

өзі ақын, Байтен сал, Марғұлан сал, қаржас жаулыбай тобынан Өтебай – асқан әнші, ақын, 

оның баласы Әубәкір, сері Сұр Омар (Жаулыбай) ғажайып әнші. Абжан Атубайұлы сері 

Мұса  мырзаның  әншісі.  Атақты  әнші,  әрі  сері  Жарылғапберді  және  Атубайдың  Абжаны 

Мұсаға  еріп  Сырымбетке  талай  рет  барған.  Кейін  Мұсаның  баласы  Сәкен  Шыңғыстың 

қызы Нұриланы алуға барғанда қасына күйеу жігіт етіп, асқан әнші Жарылқапбердіні ерте 

барады. Екі әншінің екеуі де Көкшетаудың атақты салдарымен, серілермен кездеседі. 

Абжанға көп әсер еткен Сегіз сері, Біржан сал, жас жігіт Ақан сері. Бұл екеуі Баянауланың 

әндерін  Көкшетауға  апарып  таратып,  оның  ғажайып  әндерін  Баянаула  мен  Қарқаралыға 

әкеліп таратады. Оған Жарылғапбердінің бірнеше әндерін мысалға келтіруге болады: 

Жігіттер шек келтірме құдыретке  

Тілеймін медет бер деп барше үмбетке  

Бауырында Көкшетаудың екі қызға  

Ән бастым осылай деп Топай көкке. 

 

Баянауладағы ең атақты күйші, өзі сері Өтепбай сал, руы қақсал. Ол күй тартқанда жұрт 



кейде көздерінен жастарын сорғалатып, сүйсініп таңдайтын (Мәшһүр Жүсіп). Ол домбыра 

мен  тарихи  дәуірден  қалыптасқан  ескі  күйлерді  тартатын.  Оның тақырыбындағы  күйлер 

«Саймақтың  сары  өзені»  (Қытайға  қарсы  соғыс),  «Боз  айғыр»  (Соғыс  туралы  ескі  күй), 

Ақсақ құлан Жошы хан» (ескі аңыз), «Боз інген», «Суға кетті ер Қотан» - тарихи заманда 

жасаған  атақты  күйші,  ақын,  серілікті  ең  алғаш  таратқан  жарқын  кісінің  бірі  Қотан  сері 

туралы  «Қазан  күйі»  (соғыс  суреті,  ескі  күй),  «Алшағырдың  ащы  күйі»  -  атақты  ер 

Алшағырдың ескі күйі, «Тәттімбеттің сылқылдағы», тағы басқалар. 

Өтепбайдың аса келісті  тартқан күйінің бірі  «Бозайғыр» аңызы. Ескі  заманда елді қытай 

әскері шауып тірі адам қалмағанда, Бозайғыр жалғыз өзі өлейін деп жатқан ердің қасында 

тұрып,  азынап  тұра  алмайды.  Құлағына  тау  ішінде  тығылып  жатқан  елдің  жылқысының 

үні  естіледі.  Жерді  тарпып-тарпып  жігітті  үстінде  отыруға  шақырады.  Жігіт  есін  жиып 

жануардың үстіне отырғанда боз айғыр жөңкіле алыстағы құз тауға тартады. Жігіт оның 

бір нәрсе біліп келе жатқанын сезіп еркіне жібереді. Құз таудың ішінде кіргенде боз айғыр 

есінеп, көзі жаудырап, бір жақсылық бар екенін біледі. Кейде арқырап кісінеп қояды. Өз 

жерінің шөбін, суын көргенде жаны сүйіп шұрқырап отырады. Бірақ тыныққан жігіт түсіп, 


18 

 

жануарды  шалдырып  алайын  десе  де  айғыр  елегізіп  ілгері  тарта  береді.  Алыстағы 



ауылдың жылқысының дыбысын ашық сезіп, тұрғысы келмейді. Елге таянғанда бозайғыр 

кісінеп жібереді. Ол кісінегенде тау ішінде жатқан көп жылқы тегіс кісінеп, шұрқырайды, 

олардың шұрқыраған дауысы бүкіл тау ішін жаңғыртады. Тығылып жатқан елдің көбі жас 

әйел, бала, қарттар екен. Олар кейін көбейіп тағы да ұлы елге айналады. Өзінің тақырыбы 

бойынша «Боз айғыр» күйі «Ергене-көң» аңызына өте ұқсас. Ергене-көң – Алтайдың бір 

биік басы. Қытай әскері келіп түркі тайпаларын шапқанда, I -V ғасырда олар осы Ергене-

көң  қорғауына  тығылып,  осы  арада  өсіп-өріп  көбейеді.  Тарих  бойынша,  онда  тығылған 

елдер  Ергенекті-найман,  қият,  қоңырат,  қыпшақ,  оғыздар.  Күй  осылардың  басынан 

кешірген дәуірлерін суреттейді. 

Баянаула салдарынан ескі дәстүр бойынша жас кезін қызық түрде өткізгендер Бәйтен сал 

мен Марғұлан. Олар кейбір киімін түйенің құрғақ құмалағын алтын суына бояп соны ішкі, 

камзол етіп киген. Олардың көп барған жері қаракесек шаншар елі,  жақсы қызды да осы 

арадан тауып, соған үйленеді. Мәкеңнің бәйбішесі  Айман Тәттімбеттің туысқандарының 

қызы, жарқын сыпайы ашық жүзді адам еді. Немерелеріне көп үлгі берді, әдемі аңыздарды 

жүйрік тілмен айтып отыратын. Бәйтен мен Мәкеңнің жас кезінде көп барған жері Әулие-

Ата,  Ташкент,  Түркістан.  Онда  тек  жібек  іздеп  баратын,  әдемі  нәрселерді  сол  жақтан 

әкеліп жүрген. Олар салдықты тек отыз жасқа дейін ұстап, үйленген соң салдықты тастап 

кеткен.  Мәкеңнің  шығарған  күйлері  «Бұхар-екем»  -  Бұхар  Жырауға  арнап  домбырамен 

тартатын  күй.  «Ала  ту»  -  бабасы  Олжабай  ерді  еске  түсіріп,  сол  кісінің  туына  арнап 

шығарған. Бұларды немересі жас домбырашы Маусым тартып отыратын. Сары ала тудың 

ұзындығы  бір  жарым  метрдей,  ені  80  см,  біздің  үйде  әбдіреде  тығулы  жататын.  Тек 

босанғанда  қиналған  әйелдерге  шетінен  үзіп-үзіп  кесіп  беріп  жүрді.  Ол  тумен  бірге 

Ғалдан-Цереннің Олжекеңе сыйға тартқан үш жарлығы бар еді. Оның әрбірінің ұзындығы 

бір  жарым  метрдей  болатын.  Бала  күнімде  мен  оларды  коп  айналдырып,  оқуын  шығара 

алмай  әуре  болатынмын.  Жарлықтың  сол  жақ  бұрышында  қызыл  бояумен  түсірген  құба 

қалмақ  хандарының  мөрі  бар  еді.  Мен  Ленинградта  оқып  жүргенде  (1930  ж.)  шешем 

қайтыс болып, туды да, жарлықты да сол кісінің қабіріне салған. 

Мәкең мен Бәйтен екеуімен қатар серілікті жақсы өткізген кісі Сұр Омар. Сұр Омардың 

толқынды әнші екенін ерекше сүйіп, дос болып өткен. 

Баянауланың  ілгеріде  болған  салдық,  серілікті  бергі  кезде  мұра  қылып  әкелгендер  Жаяу 

Мұса,  Сәлмен,  Ашубайдың  Әбжаны,  Жарылғапберді.  Олардың  мұрагері  Ағаш  аяқ 

Мұстафа,  Қали  Байжанов,  Сапарбек,  Байбөрінің  Сейсенбайы,  тағы  басқалары.  Қали  әнді 

Жарылғапберді мен Жаяу Мұсадан үйренген. Олардың ауылы Қалиге өте жақын тұратын. 

Ол  Қоянды  жәрмеңкесінде  әр  жыл  қаракесек  әншілерінің  сұлу  әндерін  көп  естіді. 

Абайдың  әншісі  Алмағамбет  әншіні  тыңдап,  одан  «Ағаш  Аяқ»,  «Екі  жирен»,  әндерін 

естіді.  Ақмола  жәрмеңкесінде  Атбасардың  (Терісаққанның)  атақты  әншісі  Сатмағамбет 

шығарған  «Әупілдек»,  «Еділбай»  әндерін естіп білді. Сондықтан Сарыарқада  айтылатын 

көп  сұлу  әндерді  Қалидан  артық  білетін  кісі  аз  еді.  Өзінің  шығарған  әндері  «Ардақ», 

«Тама» бірақ бұларды бұрынырақ айтқан Жарылғапберді. 

Бір қызық әңгіме Қали Байжановтың қазақ музыкасын зерттеуші оны жазып алушы А.Ә. 

Бимбоэспен  жолығуы.  Ол  1923  жылы  күз күні  еді.  Ол кісі Семейге  келіп,  облыстық  оқу 

бөлімінің  орынбасары  Әбікей  Сәтбаевпен  кездесіп,  қазақ  музыкасын  қалай  жазып 

алуының бағдарламасын құрады. Әбең мені шақырып алып – сен осы кісіге көмек көрсет, 

театрға  апарып  әншілерімен  кездестір.  Қаладағы  қарт  әншілерді  тауып  солармен 

жолықтыр  деді.  Қали  ол  кезде  Семейде  театрда  ән  салып  жүретін.  Мен  Қалиды 

Тоқырауынның бір жас әншісімен екеуін пәтерге шақырдым және ол сағатқа Бимбоэс та 



19 

 

келмекші  болды.  Пәтер  ағаш  үйдің  бір  кішкене  бөлмесі,  оған  алпауыттай  Қали  кіріп 



келгенде әзер сиғандай болды. Түрі батырлардың түріндей алпауыт, жауырыны кең, басы 

үлкен,  қара  көзі  жаудырап,  адамға  бір  қуаныш  бергендей  болып  тұрады.  Бимбоэс  оның 

жан-күйінен  сұлулықтың  елесі  аңқып  тұрғанына  біраз  үңіліп  таң  қалып  отырды.  Сол 

арада-ақ  әнші  домбырасын  гулете  шертіп,  әнді  үсті-үстіне  түйдектетіп  айта  бастады. 

Айтқан әндері «Шама», «Ардақ», «Гаухар тас», «Әупілдек», «Алтыбасар», «Қарға», тағы 

басқалар.  Бимбоэс  бұл  әндерді  әдемі  жазылды  деп  соншалық  қуанып  отырды.  Кейін 

Ленинградта басып шығарды. 

Баянаула  әншілерімен  қатар  шыққан  аяулы  серінің бірі  Естай  Беркімбай  ұлы  (1874-1940 

жж.).  Шідерті  өзенінің  аяқ  кезінде  ескі  Ақкөл  болысында  туып  өскен.  Түсі  қызыл 

шырайлы,  көзі  шегірлеу  келген  үлкен,  отырысы,  жүрісі  серілердің  әдетіндей  сыпайы, 

байсалды,  өзі  саңлақ  кісі.  Ән  айтқанда  өте  салтанатты  бейнемен,  саспай  толқынды 

шалықтаумен келтіретін. Ән айтудың алдында өзіне біраз рух беріп, шарықтай бастайды. 

Жан күйі толық кемеліне келгенде әдемі дауыспен шалқыта бастайды. 

Естай  өзінің  әншілік  өнерін  бір  ғана  Жарылғапбердінің  қоңырлатып  көтеруінен  алған. 

Жарылғапбердіні  ол  шын  мағынасында  «әннің  ардагері»  деп  түсінген,  оның  әніне  аса 

қызыққан.  Тамылжытып  әдемі  қоңыр  үнмен  шалқыта  романтика  түрінде  айтуы  Ақан 

серіге де өте ұқсас. 

Естай  жас  кезінде  Сарыарқаны  тегіс  аралап  шыққан,  оның  барған  жері  Баянаула, 

Қарқаралы,  Шыңғыстау,  Ертіс  бойы,  жоғарғы  Қара  Ертістің  жағасы,  Өр  Алтай: 

Тарбағатай,  Лепсі,  өзенінің  бойы,  солардың  жарқын  елін  көруі,  Күнбатыста  Ақмола, 

Атбасар, Обаған өлкесі. 

Көкшетау, Баян Аула көрдім бәрін  

Ұлы Ертіс, Омбы, Семей араладым.  

Қарқаралы Қара өткел, Есіл бойы,  

Еркелетті уақ, керей, басентін.  

 

Елу жасқа дейін осы елді тегіс аралап, одан кейін «сонша жүре берудің лайығы жоқ» деп 



мал  шаруасының  соңына  түседі.  Оның  аса  сүйген  қызы  Маралды  болысындағы  атақты 

сұлу  қыз  Хорлан.  Бірінші  әнін  осы  Хорланға  арнап  шығарады.  Оның  сұлулығы  сондай 

күшті,  роман  сияқты  болған  соң,  ол  барлық  қазақ  сахарасына  тарайды.  Біздің  бала 

күнімізде  бұл  әнді  ғажайып  түрде  айтатын  Баянауланың  әншілері  Фәрит  Абсаттаров 

(Керекуде тұрған), Барбар Мусин, Ертіс бойында Ақсу, Алтыбай, Маралды болыстарының 

оқып жүрген жас жігіттері сұлу дауыспен айтатын, солардың бірі Рамазанов еді. 

Мен  1926  жылы  Ленинградтан  елге  демалысқа  қайтып  келе  жатып,  Павлодарға  Жаяу 

Мұсаның қызы Анна деген кісінің үйінде жатқанымда, ол жігіттер Ертістің шығар аузына 

бір  үйді  тіктіріп  мені  апармақшы  болған.  Бастап  жүрген  Кәрім  Сәтбаев,  «Хорланды» 

ондай қазір ешкім айта алмайды. Кәрім ұзын бойлы, ашық жүзді, көзіне пенсне киген, бар 

музыка аспаптарын сол үйге апарып жиып қойған. Оның қасында Рамазановтар, Павлодар 

қаласының ән салатын көп жігіттері бар, «Хорлан», «Екі жирен», «Ардақ» әндерін айтып, 

ол  үйде  екі  күндей  жаттық.  Үй  сондай  көркем,  сұлу,  бесентин  елінің  асқан  төрелері 

жасаған.  Бұл  елдің  салтанаты  көп  елден  артығырақ  тұрады.  Сол  үйде  отырып  жігіттер 

Хорланның  өзі  бір  ғажайып  кісі  «әнін  тыңдау  мен  қатар  өзін  көріп  қайтса  тіпті  жақсы 

болар  еді»  деді.  Баруға  келістік.  Өкінішке  орай,  сол  жылы  елде  сүзек  болып  Хорлан 

ауырып  қалыпты.  Біз  оған  жете  алмай  Керекуге  қайтып  келдік,  Естай  Хорланды  есіне 

түсіргенде айтқан:  



20 

 

Қызығымды көп көрді бәсентиін  



Қолына алып еркелетті момын елім, - деп,  

 

Хорланның шыққан елін сондай ардақтайды.  



Сал мен серінің көп шыққан жері Ақмола, Сарысу, Есіл, Нұра өзенінің бойы, Қорғалжын 

төңірегі.  Мұнда  жас  күнінде  сері  болып  кейін  ақындық  жолына  түскен  кісі  Құлтума  – 

теңіз  бойының  атақты  серісі,  айтыс  ақыны.  Сейдалының  асында  (XIX  ғ.  орта  кезі)  ол 

Көшетаулық Тоғжан ақынмен айтысады. Ең атақты салдар Өтебай сал, Төлебай сал, Сары-

Тоқа, Қаспақ сал. 

Есіл  бойындағы  қыпшақтар  арасынан  жеке  қара  шыққандары  Иман  Жүсіп  –  сері,  ақын, 

жазушы,  Қошан  сері,  Бекетай  Тәттіұлы  (Омбы  қыпшақтарынан).  Иман  Жүсіп  сері 

болғанын өзі айтып суреттеген (жоғарыдан қара). 

Ең  ескі  салдардың  бірі  Қуандықтан  тараған  Өтебай  сал,  қыстауы  Ортауға  таяу  Көктің  – 

көлдің жағасында болған. Өзі үлкен бай, әкесі Күшікбайға он екі мың жылқы біткен. Ол 

жылқыны сал болып жүріп желге шашады. Өтебай XVIII ғ. соңы кезінде туған, 1835 жылы 

Сапақ  бидің  ағасы  Қорыспайға  ас  бергенде  соған  қатынасады.  Бұл  асқа  Баян-ауланың 

атақты  биі  Шоң,  қасына  атақты  жырау  Сақау  ақынды  ертіп  келеді  (Мәшһүр  Жүсіп). 

Өтебай бұл аста өзінің ерекшелігін көрсету үшін, көп жасаулар дайындайды. Ең алдымен 

жүз  биенің  құнына  түскен  әдемі  сәукеле  жасатады.  Ол  сәукеле  Сапақтың  қызының 

сәукелесінен артық болсын деп, шеберге тағыда алтын, брилиант қосып береді. Бұл асқа 

барған  кісілердің  бәрінен  асып  түссін  деп,  жүздеген  түйені  әдемі  кілемдермен 

малындырып,  көркем  сәукелені  басына  киіп,  өзі  әкелген  он  қанат  ақ  үйге  келіп  жатады. 

Сәукеле басында, аяғында өрнектелген көксауыр етік, үстінде жібек торқадан істелген кең 

шапан. Басына үлкен мамық жастық қойып, арқасын сүйеп, аяқ жағына есіктей үлкен айна 

қойдырып, өз түрін өзі қарап мазақ етеді: 

-  Мә, бар болғаның осы ма? Бар түрің осы ма? Пішініңе ұрайын! Көтімді  сүртейін!  -деп, 

аузын  осыртып,  айнаға  қарап  ернін  шығарып...  өзін-өзі  келемеждеп  жатады.  Сол  кезде 

Өтебайдың  үстіне  Баян-ауланың  қарт  ақыны  Сақау  жетіп  келеді.  Келісімен  өлеңді  үсті-

үстіне ағызады. Өтебай басын көтеріп үйден барып қысырық ал дейді. Ақын – басыңнан 

бермесең үйіңдегінің керегі қанша? - деп өлеңмен қусырмалайды. 

-  Олай  болса,  өзім  де  сүйкімсіз  болып  түрімді  бұзып  жатыр  едім.  Енеңді  ұрайын,  осыны 

әрмен алып кетші. 

- Мә, қайтып көрмегенім осы болсын! - деп, басынан сәукелесін жұлып алып, есікке қарай 

лақтырады.  Сәукелені  қанша  көп  ұсталар,  зергерлер,  өрнекшілер  жиылып,  алтын,  күміс, 

бриллиант жауып, өте қымбатқа түсірген. Бірақ бай үйінен шыққан салға ол атқал сияқты 

көрінген. Шоң би осы астан кейін қыс күні қайтыс болады да 1837 жылы Әзіретке апарып 

қояды. 

1838  жылы  ас  береді.  Түріне  қарағанда,  Өтебай  сал  бұл  сәукелені,  малынған  кілемдерді 



тек  сыйға  тарту  үшін  әкелген.  Оның  бар  ойы  өзінің  ерекшелігін  осы  байлық  арқылы 

асырып түсуді мақсат еткен. 

Оның тағы бір өзгешелігі Баянауланың Бәйтен салы сияқты киетін ішікті, қамзелді киіктің 

құмалағынан  істетіп,  оны  тігуден  бұрын  алтынның  суына  малып,  жағасына  барқыт 

салдырып,  ішін  жібекпен  астарлатып  отырған.  Төбесіне  арқардың  мүйізінен  телпек 

жасатып, жұрт алдына шыққанда: 



21 

 

- Міне, менің Іскендір Зұлқарнайыннан не кемдігім бар?- деп, серпіле мақтанатын. 



Сарысу  бойында  XIX  ғасырдың  ішінде  жасаған  сондай  ескі  салдың  бірі  Төлебай  сал. 

Оның өзгешелігі де орасан күшті болған. Басқадан ерекше көріну үшін ол киімді бір ғана 

қойдың  құмалағынан  тізіп  жасатқан.  Құмалақты  кейде  жасыл,  не  қызыл  бояумен  бояп, 

оған  не  жасыл,  не  қырмызы  түс  берген.  Бірақ  құмалақ  екені  жарқын  сезіліп  тұрған. 

Құмалақтың  орнына  кейде  қайыңның  безінен  құмалақ  жасатқан,  кейде  көп  асықтан 

боятып,  соны  ішіктің  тысына  қадаған.  Жағасын  барқыттан,  астарын  жібектен  істетіп 

бұның барлығы өзгеден артық болып көрінудің тәсілі. 

Төлебайдың  көп  барған  жері  Қарқаралы  шаншар  елі.  Ол  жердің  адамдарды  сауыққой, 

әнші, серілері көп, қыздары ашық жарқын келеді. Өзіне сүйген қызды осы арадан алған. 

Осы араға талай келіп, талай рет қайтып жүрген. 

Бір  рет  барғанда,  киімдерін  ыңғай  боялмаған  қой  құмалағынан  тіктіріп,  Едірей  тауында 

жиналып  отырған  бір  топ  кісінің  үстіне  келеді.  Олар  бір  атақты  домбырашы  қарт  өліп, 

соны  қойып  жатқан  кісілер  екен,  Төлебай  өзінің  қулығын  пайдаланып  –  «е,  қоярларың 

көбейе берсін» - дейді. Оған ыза болған бір жігіт – «мынау не оттап тұр!» - деп, күрекпен 

Төлебайды  ұра  бастағанда,  ортасында  отырған  Алшынбай  би  дауыстап  –  «тиме!  Не 

сөйлеймін  десе  оның  еркі  бар.  Тоқадан  келген  Төлебай  сал»  -  деп  көпшілікті 

таныстырады.  Төлебай  ыза  болған  жігіттің  көңілін  басып  –  сен  менің  бұл  сөзімді 

турасынан  алма.  Менің  ілгеріде  мұндай  нәрсе  болмасын  деп  айтқан  көңілім  ғой  деп, 

жігітке сыпайылық білдіреді. 

Төлебай  тек  сал  болып  қалған  жоқ,  ол  мосқал  тартқан  кезінде  әлеуметтік  іске  көп 

қатынасты: Тоқа Шоң бидің қол астында оның ақылшысы, кеңес беруші болды. 

Шоң  Сапақ  бидің  ағасы  Қорыспайға  ас  берген  жылы  (1835  ж.)  туған.  Ол  асқа 

Баянауылдың  атақты  биі  Шоң  да  қатынасқан.  Сол  жылы  Тоқа  Телқозы  Шоңды  үйіне 

қонаққа  шақырғанда  әйелі  босанып,  «бұл  бізге  бір  ырым  болды»,  -  деп,  оның  атын  да 

«Шоң» деп қояды. Тоқа Шоңның әлеумет ісіне қатысуы 1855-1890 жылдар арасы. Төлебай 

салдың  онымен  істес  болуы  да  осы  жылдар  арасы.  Шоң  алпысқа  таянып  қартая 

бастағанда, әлеуметтік істен босанып, оны енді баласына береді. Баласы Оспан Шоңның 

өзіндей халық бұқарасына болысуды білмейді, қайта көп наразылық білдіреді. Бұдан кейін 

Толыбай сал да Шоңның үйіне баруды бүтіндей қояды. Оның неге келмей безіп кеткеніне 

Шоң да қапа бола бастайды. Бір күні шоң Төлебайды үйіне шақырып, «Төке, көптен бері 

біздің  үйге  келмей  кеткенің  қалай?»  -  деп  сұрайды.  Төлебай  оны  жырмен  тұспалдап 

білдіреді: 

- Уа, Шеке, бір ақсұңқар құс бар еді, оның алған құстарын бір жапалақ келіп жеп жүруші 

еді.  Ақсұңқар  алтын  тұғырынан  түсті,  оның  орнын  енді  жапалақ  басатын  болды,  Ақ 

сұңқар кеткен соң ел де күйзелетін болды, оларда наразылықтан басқа еш нәрсе қалмады 

деп  күңіренеді,  мұны  жақсылап  түсінген  Шоң  би,  баласын  әділдікке,  игі  іске  ие  болуға 

шақырады.  Міне  Төлебай  салдың  бір  аялы  ісі  -  осындай  қара  бұқара  елге  болысуды  бір 

ұйығы міндет деп санаған.  

Сері мен салдың көп жинаған жерінің бірі Қарқаралы аймағы. Оны XIX ғасырдың бірінші 

жартысында  бақылаған  А.  Янушкевич  әдемі  сипаттаған.  Сал  мен  серінің  өмірі  мұнда 

XVIII ғасырдың соңы, XIX ғасырдың бірінші жартысында күрделі болған. 

Халық аңызының суреттеуімен Шаншар елінің ішінен аты көп шыққан сері, салдар XVIII 

ғасырдың  өзінде  көп  болған.  Олар  әсіресе  Тәттімбеттің  арғы  аталары,  Қазыбек  бидің 


22 

 

маңайына  жиналған  серілер,  әншілер,  ақындар,  атақты  күйшілер.  Соның  бірі  бәсентин 



Ұзақ  сері,  әнші,  құсбегі.  Ол  XVIII  ғасырдың  соңында,  XIX  ғасырдың  басында  Ертіс 

бойында  Бесқарағайда  серілік  қуған  кісі.  Оның  бір  өзгешелігі,  ешкімде  жоқ  қыран  құс 

салумен  аты  көпке  тараған  сері,  құсбегі,  оның  атақты  қыраны  Солтүстік  мұз  теңізінде 

жүретін  жойқын  көк  сұңқар.  Ұзақ  оған  «Көкжендет»  -  деп  ат  қойған.  Бұл  қыран  күніне 

отыз үйрек, он қаз іліп жүрген. Он екі түлектен кейін Ұзақ аяулы Көкжендетін жоғалтып, 

көп уақыт таба алмай, оған арнап әдемі ән шығарады:  

Көкжендет тұғырың алтын  

Маржан баулы,  

Отырушы ең  

Ағаш үйде асыраулы,  

Күнінде отыз үйрек  

Он қаз ілген,  

Бар ма екен 

Сендей қыран тояттаулы? 

 

Бір  жыл  Ұзақ  сері  Ертістен  өтіп,  өзінің  атақты  сұңқарымен  Ертістің  сыртын  алатұрған 



Дегелең,  Едірей  тауларына  аң  аулауға  шығады.  Ол  жерді  қоныстайтын  шаншарлардың 

айтуынша,  ол  жерде  көп  жүретін  аң  әдемі  қара  түлкі.  Ол  итке  де,  бүркітке  де 

алдырмайтын  тәсілқой,  тезінен  орманның  ішінде,  не  тасқа  тығылып  кететін.  Ұзақ  сері 

Едірей  тауының  ішінде  қонып,  таң  ата  аң  аулауға  шығады.  Бақылап  қараса,  бір  түлкі 

зымырап орманның ішіне қарай зулап бара жатыр екен. Көргеннен ақ сұңқарын жібереді. 

Ол  көзді  ашып-жұмғанша  болмай  түлкіні  ұстап,  екі  көзін  шұқып  түсіріп,  әлсіретіп 

отырады.  Ұзақ  әлсіреген  түлкіні  бастан  ұрып  өлтіреді,  сілкіп-сілкіп  жерге  тастайды. 

Сұңқарының  арқасын,  басын  сипап  аялайды.  Дем  алып  болған  соң  оған  түлкінің  тілін 

алып жегізеді. 

Демек, ерте кезде Қарқаралы жерінде серілік құрған кісінің бірі осы Ұзақ. 

Онымен қатар шыққан ақын, әрі сері Жанақ ақын (1776-1846 жж.) ол тілге орасан шешен, 

сөзді  тауып  айтатын  білгіш,  ескі  аңыздарды,  эпикалы  жырларды  жүйрік  білген  ғажайып 

жыршы. Сондықтан халық Жанақты ерекше қадірлеген. Ақын өзінің сиқырлы сөздерімен 

халыққа орасан үлгі берген. 

Жанақтың  туып-өскен  жері  Кент  тауының  іші,  Қарқаралы  қаласынан  оңтүстік-шығысқа 

қарай  алпыс  шақырым  жерде  тұрады.  Бұл  таудың  ішінде  «Жанақ  қыстауы»  дейтін 

қыстаудың  орны  сақталған.  Жанақ  ел  аралауға  шыққанда  қобызын  арқасына  тағып,  сол 

таудың  асуынан  асып  жүрген.  Кент  тауын  қазақтың  ескі  аңыздарында  «Қазылық  тауы» 

деп атайды. Жырда айтылатын «Қарқаралы - Қазылық» соның бір түрі. 

Жанақ ақыннан қалған ұлы мұра «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ескі нұсқасы. Бұл 

жырды ақын XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында айтып келген 

бір  ғажайып  аңыз.  Ол  жырды  ақын  көбінесе  ұлы  той  үстінде,  не  атақты  ас  беру  үстінде  

айтып  жүрген.  Сондықтан  халық  Жанақты  ерекше  ардақтап,  оған  қымбат  сый  тартып 

жүрген.  Бірінші  сыйды  Жанаққа  1816  жылы  тартқан.  Барақтың  әкесі  Солтыбай  төре, 

екінші рет «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын Өскенбайдың асында асқақтатып айтқаны 

үшін Құнанбай оған сұлу ат сыйлап, үстіне қамқа тон жауып, алдына топтаған мал салып 

береді. 

Жанақ  бір  жағынан  белгілі  айтыскер  ақын.  Ол  атақты  Сақау  ақынмен  айтысқан, 

Сабырбаймен,  Найман  баламен  айтысқан.  Жанақ  өз  заманындағы  болыстарға,  ел 


23 

 

бастаушы  төрелерге  өте  сын  көзімен  қараған.  Солардың  ішіндегі  адамға  әсер  ететіні 



«Рүстем  төреге  айтқаны».  Рүстемді  асқақ  сөзбен  батыл  сынағаны  үшін,  Рүстем  оған  бас 

иіп, қадірлеп астына ат мінгізіп, үстіне асыл тон кигізеді. Оған айтқан сөзі:  

Ау, тақсыр, елге барсам шынымды айтам.  

Көз көріп, ой жорыған сынымды айтам,  

Жетіскен, жеткендерді айта келіп,  

Балтамен шабатұғын мініңді айтам.  

 

Жанақты  халық  бұқарасының  қатты  сүйгені,  оның  осындай  әзіл  тілімен  сөйлеуі, 



зұлымдықты аямай ашық түрде сынауы. 

Сал мен серілердің жарқын сөзді ашыла айтуы әсіресе ұлы жиылыстарда, жойқын тойда, 

ұлы  ас  үстінде  еркін  айтқан.  Халыққа  мұра  болған  аңыз  бойынша, ондай  жойқын  астың 

бірі Өскенбайдың асы. Онда жырдың, әннің, ғажайып күйлердің аса көп айтылған орны. 

Оған  қатысқан  серілер  Тәттімбет,  Жанақ,  Түбек  ақын  (1836  ж.).  «Қозы  Көрпеш  –  Баян 

сұлу»  жырының  ең  ескі,  ең  көркем  түрі  де  осы  арада  айтылады:  екінші  ас  Сарысу  өзені 

бойында  болған  Қорыспайдың  асы  (1866  ж.),  онда  Арқа  серілерінен  бармай  қалғаны 

кемде-кем-ақ: үшінші ас Сайдалының асы (1843 ж.), онда Құлтума мен Тоғжан ақын екеуі 

айтысып, саясат, сауда тақырыбын көтереді. Төртінші ас – Тұрлыбектің асы, онда Біржан 

сал шығып сөйлейді. 

Ең жойқын Ұлы жүз Қожамқұлдың асы. Оның түріне байлығына қарағанда, ондай ас еш 

жерде  болмаған.  Қожамқұлдың  баласы  Мақсұт  өр  ауыз  қатал  кісі  болған.  Байлардың 

мыңдаған  жылқысын  өз  еркімен  ағаш  қашаға  (қора)  қамап,  оны  молынан  қырғызған. 

Әкесінің  асына  қазақ,  қырғыз,  өзбек,  ойғыр  басшыларын  жияды.  Олардың  ойыншы, 

музыканттарын  шақырады.  Қарқаралының  бойында  мыңдаған  жерге  үй  тіктіреді. 

Бәйгеден  бірінші  болып  келген  жүйрік  атқа  тоғыз  күң,  тоғыз  құл,  тоғыз  отау  тартады, 

екінші  атқа  500  жылқы  береді.  Бұны  феодализмнің  әбден  шарықтап  жеткен  жері  деуге 

болады. 


Сарысу  бойындағы  Қорыспайдың  асы  да  осыған  таяу  болған.  Асқа  сойған  мыңдаған 

жылқының  қаны-жыны  Сарысу  өзенінің  бойында  тау-тау  болып  үйіліп  жатқанынан,  бір 

жыл бойы одан жылқы су ішпей жүреді. 

Қарқаралы аймағында сал мен серілердің аса есейген кезі – Құнанбай мен Алшынбайдың 

кезі (1825-1860 жж.), Құспек пен Жантайдың кезі. А. Янушкевичтің айтуынша, Құспектің 

қасында  ағайынды  екі  сері  болған  Қожамсүгір,  Қожамжар.  Екеуі  де  асқан  әнші,  ақын, 

сауыққой,  атақты  мерген.  Қарқаралы  қазақтарының  таңдауынша  бұлардың  екеуі  де 

Орынбайдан  жарқын  түрде  анағұрлым  айтады  (А.Янушкевич).  Құспектің  сынауынша, 

«бұл екеуінен гөрі де Алшынбай мен Құнанбайдың аясында жүрген Тәттімбет пен Жанақ 

табылмайтын жүйрік, олар бұлардың тәңірісіндей» - деген. 

Біз енді Тәттімбет туралы тоқталып көрейік.   



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет