Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата25.01.2023
өлшемі3.18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
Зерттеудің ӛзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның үшінші 
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы 2017 жылғы 31 
қаңтардағы Жолдауында ең алдымен, білім беру жүйесінің рӛлі ӛзгеруге тиіс. 
Басты міндет білім беруді экономикалық ӛсудің жаңа үлгінің орталық 
буынына айналдырып, IT-білімді қалыптастыруға баса кӛңіл бӛлу керек» деп 
білім саласының алдында тұрған зор міндеттерді айқындап берді [1]. Бүгін де 
дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік және дидактикалық жүйелерге 
қарағанда оқытудың жаңа технологияларын пайдалану барған сайын үлкен 
мәнге ие болуда. 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 11 бабында 
«Оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру 
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының ӛзгеріп отыратын 
қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
енгізу 
және 
тиімді 



пайдалану» деп атап кӛрсетілген [2]. Осыдан еліміздегі оқу орындарының 
білім сапасын әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне кӛтерудің 
тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру болып 
табылатынын байқаймыз.
Осыған орай Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 
кезекті жолдауында «Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және ӛңірлік 
мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене 
дамыту керек болады» деп атап кӛрсеткен болатын [3]. Ал, ақпараттық 
қоғамның 
сұранысын 
қанағаттандыру 
үшін 
білім 
алушылардың 
шығармашылық және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, тұтас ғылыми 
дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін жаңа дидактикалық тәсілдер 
мен заманауи әдістерді қалыптастыру қажет екенідігін кӛреміз.
Сонымен қатар, «Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасында білім 
берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық жүзеге 
асыру және осы арқылы сапалы білімге қолжетімділікті арттыру деп 
кӛрсетілген [4]. Бұл білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер 
мен электронды оқыту құралдары - оқыту мен дидактикалық құралға 
айналып отырғандығын кӛрсетеді. Сондықтан да қазіргі білім беру саласында 
жаңа оқыту технологиялары мен электронды оқыту құралдарын пайдалану 
ӛзекті мәселелердің бірі болуда. Электронды оқыту құралдарымен оқытудың 
негізгі мақсаты - оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау
сонымен қатар, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту болып табылады.
Қарастырылып отырған мәселенің осындай ӛзектілігі зерттеу 
тақырыбымызды «Географияны оқытуда ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері» деп 
таңдап алуымызға негіз болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет