Салбырова макпал токтарбеккызы


Тақырыптың зерттелу деңгейі



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата25.01.2023
өлшемі3.18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ғылыми-зерттеу жұмысына білім 
берудің педагогикалық мүмкіндіктері мен дидактикалық мәселелері, сондай-
ақ ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде пайдалану туралы Халықова 
К.З., Таубаева Ш.Т., Жанпейісова М.М., Мынбаева А.К., Мейірманқұлова Т., 
Шрайманова Г.С., Нұргалиева Г.Қ., Тәжіғұлова Г.О., Кеңесбаев С.М., 
Ғалымжанова М.А., Досжанов Б.А., Садыбекова Ж., Аюбаева Т., Айтбаева 
А.Б., Батешов Е.А., Әбілқасымова Г., Бейсенова Ә.С., Кларин М.В., Гейн 
А.Г., Петров К.В., Анатова Н.Я., Егоров В.В., Роберт И.В., Яковлев А.И., 
Насс О.В., Полат Е.С., Филатова Н.Б., Чакликова А.Т., Беспалько В.П., 
Кукушкин В.С., Захарова И.Г., Новиков С.П., Полат Е.С., Баранов А.С., 
Таможняя Е.А., Селевко Г.К., Гиркин И.В., Волков И.П., Клейман Т.М., 
Летягин А.А., Роберт И.В., Полат Е.С., Смирнов В. және т.б. ғалымдардың 
зерттеулері негіз болды. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кӛмегімен білім 
алушылардың танымдық іс-әрекетін, белсенділігін арттыру, зерт-
теу қызметін дамыту мен пайдалану, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру 
мәселелерін зерттеуде Қараев Ж.А., Жүсіпбалиева Д.М., Даумов Н.Ғ., Барсай 
Б.Т., Кубентаева С.Н., Абыканова Б.Т., Казимова Д.А., Әбішева Л.П., 



Беркімбаев К.М. және т.б. жетекші педагог ғалымдардың еңбектерінің 
маңызы зор болып табылады.
Сонымен қатар, ақпараттық үлгіні қалыптастыру, әдістемелік жүйе мен 
білім алушылардың білімдерін бақылау әдістемелері мен ақпараттық 
технологияны пайдалану арқылы студенттер мен білім алушылардың 
танымдық белсенділігін арттыру мәселелері Бидайбеков Е.Ы., Құрманалина 
Ш.X., Балықбаев Т.О., Сағымбаева А.Е., Кобдикова Ж.У., Кӛшімбетова С., 
Мұхамбетжанова С.Т., Довенко Д.В., Баринова И.И. және т.б. еңбектерінде 
зерттелген. 
Географияны оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды 
пайдалану арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру 
географиялық білім сапасын арттырудың алғы шарттарының бірі 
К.Д.Каймулдинова, Е.А.Таможняя және т.б. ғалымдардың еңбектерінде 
қарастырылған. 
Ғалымдардың еңбектерінде білімді ақпараттандыру жағдайында 
оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық 
мәселелеріне, білім беру жүйесін ақпараттандыру арқылы білім 
алушылардың ақпараттық мәдениетін арттыруға, электрондық оқыту 
құралдары, құрастырудың әдіснамалық және технологиялық мәселелеріне 
жан-жақты талдау жасалған.
Осы ғылыми-зерттеулер ақпараттық-комуникациялық технологиялар-
ды қолдана отырып оқытудың кӛрнекілігін арттыруға, білім алушылардың 
оқу әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың белсенділігін дамытуға, 
ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыруға қатысты ӛзекті мәселелерді 
шешуге жағдай жасай отырып, дамытуға айтарлықтай үлес қосты.
Дегенмен де, география пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері 
зерттелмегендігін айтып ӛткен жӛн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет