Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыс түрін көрсетіңіз. A ашық d қатаң



Дата07.01.2022
өлшемі57 Kb.
#20713

ҚАЗАҚ ТІЛІ 2 - НҰСҚА


2 - нұсқа

  1. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыс түрін көрсетіңіз.

A) Ашық D) Қатаң

B) Ұяң E) Үнді

C) Бітеу


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

    1. Айюан, хайюанат.

    2. Аиуан, хаиуанат.

    3. Айыуан, хайыуанат.

    4. Айуан, хайуанат.

    5. Аюан, хаюанат.

  2. Кейінді ықпалды табыңыз.

A) ақ лақ. D) боз құнан

B) төртеу E) ұшса

C) өлке


  1. Ашық буынды көрсетіңіз.

A) ұн. D) сән.

B) ми. E) аппақ.

C) өрт.


  1. Кәсіби сөздер қатарын көрсетіңіз.

A) балта, ара, үскірік.

B) бесақа, кәтте, кеуіл.

C) экономика, авиация.

D) қауға, бәдірен, сым.

E) хан, патша, болыс.


  1. Историзм табыңыз. Ханның кірген ақ орда, бұзуын ойлап кеңестік.

A) ақ орда D) ханның

B) зорға E) ойлап

C) бұзуын


  1. Мақалдағы көркемдік тәсілдердің бірі қайсы?

A) дамыту D) суреттеу

B) сатира E) аллегория

C) аллитерация


  1. Негізгі түбір сөзді табыңыз.

A) Ботагөз D) мылтық

B) куәгер E) көгілдір

C) бедерлі


  1. Зат есімді синоним қатарын табыңыз.

А) Өзгерген, жетілген, ысылған.

В) Алыс, қашық, шалғай.

С) Өкінішті, қасіретті, мұңды.

D) Іс, әрекет, сөз

Е) Сымбат, көрік, ажар.


  1. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.

    1. Бақытты сезіну.

    2. Өзің үшін үйрен.

    3. Күн сайын.

    4. Әулие адам.

    5. Әр қилы.

  2. Барыс септік тұлғасындағы сөзді табыңыз.

A) Жазғаның. D) Мектептен.

B) Білімдіні. E) Маған.

C) Оқушымын.


  1. Көп нүктенің орнына лайықты сөзді табыңыз. Жайықтың жар қабағының ............. кеулеп кеткен кең бір үңгір екен.

A) үстін D) бойын

B) астын E) қабығын

C) маңын


  1. “Алдау” мәніндегі фразеологизмді табыңыз.

    1. Аузына су құйылу.

    2. Көзге оттай басылу.

    3. Мұзға отырғызып кету.

    4. Іші удай ашу.

    5. Мойны жар бермеу.

  2. Бастауыш қызметін атқарып тұрған еліктеу сөзді табыңыз.

    1. Дүрсілдетіп, жерге тұяқтарын қадай басып, желе аяңдайды.

    2. Хамиттің екі құлағы шың ете түсті.

    3. Дыз етіп оқ Хамиттің жанынан өтті.

    4. Дабыр-дүбір молайды.

    5. Ағаштар сарт-сарт түсіп жатты.

  1. Берілген сөйлемнен тура толықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

Оның асы мен көлігі, өң-шырайы адамды дос етеді, тарта біледі.

A) дос D) асы мен көлігі

B) оның E) өң-шырайы

C) адамды



  1. Күшейтпелі шырай қалай жасалады?

      1. -лау,-леу,-дау,-деу жұрнақтары арқылы

      2. күшейткіш буындардың тіркесуі арқылы

      3. күшейтпелі дыбыстардың әсері арқылы

      4. -қыл,-ғыл,-қылт,-ғылт жұрнақтары арқылы

      5. -қыр,-ғыр,-кір,-гір жұрнақтары арқылы

  1. 2, 6, 7 сандарына жинақтық сан есімнің жұрнақтары жалғанғанда, қандай өзгерістер болады?

A) еш өзгеріссіз тіке жалғанады

B) сөздің соңғы дыбысы түсіп қалады

C) қосымша жуан жағанады

D) қосымшаның бірінші дыбысы түсіп қалады

E) талғамай жалғана береді


  1. Жалпылау есімдігі қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Түгел сөздің түбі бір, түп атасы-Майқы би.

B) Өз үйім - өлең төсегім.

C) Ешкім сөзіме көнбеді.

D) Оспан осыны көргеннен-ақ Смағұлдың қасынан кете алмады.

E) Көшеде ешбір дыбыс жоқ.


  1. Есімше тұлғасында тұрған сөзді табыңыз.

A) жауындатқан D) танысқалы

B) күтумен E) қорғалан

C) сайраса


  1. Нақ осы шақтың жалаң түрін табыңыз.

А) келді, айтады D) сөйлемес, шықпас

В) отыр, жатыр Е) шашпақ, қарамақ

С) оқыған, келген


  1. Қыстырма сөзді табыңыз.

  1. Амал нешік. D) Жоқ.

  2. Жандарым-ау. Е) Ойбай.

  3. Алақай.

  1. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз.

A) Жұмыссыз жүрді.

B) Сұраққа жауап берді.

C) Мектептегі оқушылар.

D) егіс алқабы.

E) самал жел.


  1. Қабысуды табыңыз.

A) Атамның үйі. D) Бөлменің терезесі.

B) Күміс алқа. E) Жорта істеу.

C) Оқуға түсу.


  1. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

  1. “Салыстырудың қай-қайсысы да кемшіліксіз болмайды”, - дейді неміс мақалы.

  2. Тоқта деймін, тоқташы.

  3. Ей, тентек қарындасым?

  4. Қансонарда бүркітші шығады аңға

  5. Бөлтірік қашайын деп еді, күзен желкесін қырып алды.

  1. Сөздердің қосымша арқылы байланысуын көрсетіңіз.

A) Әкім болу D) Әдеби кеш

B) Әйгілі әнші E) Гүлшаттың қызы

C) Тез сөйлес


  1. Жалпылауыш сөздердің анықтамасы қайсы?

A) Бірыңғай мүшелерден бөлініп айтылады, жеке сөйлем мүшесі болады.

B) Бірыңғай мүшелердің мағынасын нақтылап тұрады.

C) Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөйлем.

D) Бірыңғай мүшелерден тыс жүретін сөздер

E) Бірыңғай мүшелермен қызметтес болып, оған жинақтау мағынасын қосатын сөздер.


  1. Атаулы сөйлемді табыңыз.

  1. Мен бүгін суреттен бес алдым.

  2. Қайдан?

  3. Дала.

  4. Сәбит ұшақпен кетті.

  5. Жиналыс басталды.

  1. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Жағалай қымыз беріп жатыр.

В) Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар ұшырасады.

С) Ел ағасыз болмас.

D) Халық сөзі қаһарлы.

Е) Енді сізге айтуға тура келеді.


  1. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Ақжелкеннің сенімін не ел ақтауға тиіс, не тілмаш ақтауға тиіс.

В) Сенің алдыңда екі-ақ жағдай бар, не сабақты жақсы үлгертуің керек, не оқуды тастап ауылға кетуің керек.

С) Олжабектің сасқаны сонша-орнынан атып тұрды.

D) Көктемнің ұзаққа созылуы да біздерге жайлы тиіп тұрған жоқ: көбінің киімі жеңіл, алыс фермаларға барып жұмыс істей алмайды.

Е) Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар.


  1. Қай сөйлемде тыныс белгісі дұрыс қойылған?

A) - Өзгелерінің, орны өзге жерде, - деді.

B) - Өзгелерінің орны өзге жерде, - деді.

C) - Өзгелерінің орны - өзге жерде, - деді

D) - Өзгелерінің, орны, өзге жерде, деді.



E) - Өзгелерінің, орны - өзге жерде, - деді.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет