Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

17. БАҚСЫНЫҢ СӨЗІ

Әуелі, Құдай, сен оңда,

Сен оңдасаң, біз мында.

Тілеген тілек және бер,

Қас бедеуге бала бер!

Жақсы Құдай, жай Құдай,

Мырза Құдай, би Құдай!



190

191


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Әуелі Құдайым көк жасаған,

Онан кейін жер жасаған.

Сыйынайын бірінші, Құдай,

Екінші, сыйынайын Мұқамбет!

Біріңе біз құл болдық,

Біріңе үмбет болдық.

Үшінші, Тәңірім,

Төртінші, төрт жар,

Сексен сегіз машайық,

Жүз жиырма төрт пайғамбар,

Меккеде әулие,

Мединеде әулие,

Хан Шыңғыста әулие.

Қызыл таудың басында

Қыз әулие,

Өгіз таудың басында

Өгіз әулие,

Қошқар таздың басында

Қоңырбас әулие,

Таудағы бұланың,

Іштен шыққан айдаһар әулие.

Бекбау ата—Бек Әзіл

Өлі десем, өлі емес,

Тірі десем, тірі емес.

Ата Қорқыт әулие,

Уақ атасы—Ер Көкше,

Ерлігінің белгісі—

Садағына келген сан кісі,

Мылтығына келген мың кісі.

Сарыбай, Сарыш, Өтеулі,

Үш жүз сексен ат 

Бәйгеге қосқан Көрпебай.

Арғын атасы—Қарақожа,

Ханда—Абылай, қарада—Қазыбек.

Жалаңаяқ Әзіз,

Дуана жырық,

Төрт ұлды Торайғыр,

Нағашы Тұрдыбек,

Өзім нағашы атам—

Жағалбайлы Тұңғат,


192

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қаракерей Қабанбай,

Қаз дауысты Қазыбек,

Қара керей мұрында Қандыбай,

Шақшақұлы Жәнібек,

Тобықтыда Дөненбай,

Ішіндегі Доғалбай.

Өте шықты Құнанбай заманында,

Таздың арғы атасы—Шойынқара.

Қара, Сары, Қондыбай

Әулие қасиетті өткен.

Терістен бала, 

Арғы атасы Кетбұға,

Көкей Көшек

Өте шықты ішінде—

Аманқұл бақсы.

Бәсентиін арғы атасы—Барлыбай,

Ішінде Тасыбай.

Тұрлыбек дуан басында.

Әуелі Құдай жын жасаған,

Бірінен бірін мол жасаған.

Жынның арғы атасы—Кетбұға,

Жын атасы—Сары Азбан,

Әуре қылма сен, Азбан!

Жын атасы—Бердібай

Жын ұраны «екеу, екеу!»

Аспандағы менің бес перім,

Қырық пышақ салдырып,

Қырық ине маған түйретіп,

Төбеме айдар қойдырып,

Жынға мойын қойдырып,

Көнбегенге көндірген,

Қу ағашқа төндірген.

Ақсақалдыдан бата алдырған,

Ақ сарыбас қойды сойдырған.

Бес бала, бес асау тай үйге кіргізген,

Ерегіскен жерге дерт салған.

Жын болып байланған,

Кірне болып айналған.



192

193


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Ойдан келген он қожа,

Қырдан келген қырық қожа,

Ол қожаның ішінде

Әзірет Қожа 

Жат өлікке жан берген,

Жамағат жанды тең көрген.

Белсізге бел берген,

Перзентін тең берген.

Оң қолымды ораймын,

Сол қолымды сұраймын.

Шежіреге басын сүйенген,

Күнге шашын тараған.

Ата қадірін білмеген,

Ана сүтін ембеген.

Жерден жеті қоян айдаған,

Дұғаменен байлаған.

Жеті кетпен шот басқандай болдым,

Жеті қазанға түскендей болдым.

Он екі ақбоз ат

Ойнағандай күн қайда?

Жын шақырдым Қамбардан,

Қияда жатқан жандардан.

Теміржанға сәлем де,

Хабар бер!

Ауыр қол жисын,

Темірден тон тіксін.

Ойдан келген он бөрі,

Со бөрінің ішінде

Алты ауызды көк бөрі.

Көк жендет Қондыбай елінде

Жұмабайдың баласы

Қосыр Құда көк қабан,

Жын ішінде сен жаман.

Маңдай терісі құрысып,

Жын біткенмен ұрысып,

Жөргегімде жабысып,

Он бір жаста табысып,

Қаракерей Мұрыннан келген

Жиенім туған жиен бар—

13-0139


194

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Тоғыз ұлдың кенжесі.

Мырзабай Қабыл

Сары ала қамқа тон киген,

Сары арғымақ ат мінген,

Қылышын қынға қынаған.

Келдің бе бұл жылда 

Қисан қатынның ағасы,

Қаралып жатқан шаңырақ басында?

Тоқымы жоқ кісіде

Тобықтыдан келді

Қара жігіт Қойқап.

Алтайдан келген алтауым—

Шабдар атты Кемеңгер.

Елден келген екеу,

Желден келген жетеу,

Елден келген екі Азыл.

Шаңдуы басынан келген Шаңдаяқ,

Қайдан келген ентелеп,

Бәйге атындай ентелеп.

Көк ала сақал Көзімбет,

Алпыс атты қырық жаяу

Меңрай Жүзей,

Сен, жарқыным, жолдасы!

Жоғарыдан келген төрт ат,

Төменнен келген бөрте ат,

Кейінде айыл жетпес сары ат.

Адым-адым басқан,

Адымы жерді қуырған,

Тұяғы құмды суырған.

Тозаң-тозаң жүгірген,

Тозаңды жерге суырған.

Жол-жол, жол жатыр,

Жол жағалай қол жатыр.

Сонша қолдың ішінде

Қарабек атты сұлтан жатыр.

Хан Тілеуберді сұлтаным,

Арымқазы ұлтаным,

Ойдан кірген ойпатым,

Қырдан келген бекзатым,

Дәуіт пайғамбар, ер Дәуіт!



194

195


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

18. БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

Арқасында алты көз,

Желкесінде жеті көз,

Маңдайында жалғыз көз 

Жын келеді ауақтап,

Қызыл тілі салақтап. 

19. БАҚСЫ САРЫНЫ

Дүркін де дүркін, дүркін де,

Дүрсіл де айттым бір күнде.

Құмнан қашқан қояндай

Қасқайтайын шіркінді!

Әуелі, Құдай, пайғамбар,

Екінші, Алла шадияр,

Үшінші, Алла жар медет.

Жар бола гөр құдірет,

Ал сабазым дөңгелет!..

Қызыл тіл, қызыл бір тілім,

Жылқы сал үлкен еңіске.

Күтер, Алла, сал,

Абай, Жолдыбай,

Иә, кәрі аруақ,

Көтере гөр,

Арғы атасын білмеймін.

Неше атам сұрасаң,

Өтеген Орсай болады.

Онан былай сұрасам, 

Ерің бір Назыр болады.

Дөненбайдың баласы

Баспақ Шыныбай болады.

Онан былай сұрасам,

Кәрі Құтбай нағашы атам болады.

Иә, аруақ, қолдай гөр!

Он үшімде жабысқан,

Екпінді болып табысқан.


196

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Жағалтайым жел құсым,

Айдашы бермен, байғұсым!

Айдашы бермен, Көкайыл,

Көк айылдың қасында бар телқоңыр.

Көтере көр құлынды, иә, аруақ 

Бабам-ай!

Телқоңыр деген жын келгенде,

Бақсылар балғамен көкірегіне ұрады.

Көкайыл деген жын келгенде, 

Аузына қызыл шоқ салады.

Жыл құсы келгенде,

Тақыр жерде ащы шөп жейді.

Қара құс келгенде,

Қанатын жайып дәретке ұмтылады.

Жағалтай келгенде,

Ауру адамдай дерт қарайды,

Ішінен кіріп, сыртынан шығады.

Дерт қашса, қуады,

Шамасы келсе, ұстайды.

Шамасы келмесе,

Қайда кеткенін айтады.

Қуаты торғайдай-ақ болады,

Оның артынан Көкайыл қуады.

Шамасы келсе, Алып келеді.

Ол алып келмесе,

Телқоңыр үйде отырып ақырады,

Ашуын жаман шақырады.

Қорыққан соң аурулары келеді,

Құдай жақсылық берсе,

Сонан дерт жазылып кетеді,

Құдай қабыл етпесе, жазылмайды.

Катта бір жерде қатын

Бала таба алмай,

Марту басып жатса,

Бақсы барады.

Қолға жуан қамшы алады,

Астына көк шағыр ат мінеді.

Мартудың қарасын көретін болса,

Қуалап қашырады.


196

197


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Жалғыз көзді болса,

Шын қазаға келсе, қашпайды.

Онан қатын да өледі,

Әм бақсы да қорқады.

20. [ЕЙ, ЕР ДОМБАЙ, ЕР ДОМБАЙ…]

Ей, Ер Домбай, Ер Домбай,

Шақырғанда кел, Домбай!

Келмей қалсаң, саған серт,

Шақырмасам, маған серт!

Жын атасы—Ер Қойқап,

Шақырғанға кел, Қойқап!

Қойқап тауын өрлеген,

Қастың тауын жерлеген.

Арқандап шайтан айдаған,

Жын-шайтанды байлаған.



21. [ӘУЕЛІ АЛЛА БІСМІЛЛА …]

Әуелі, Алла, бісмілла,

Қолтықтай гөр біздерді.

Алтын сандық, шағыр ат,

Біздерге де бер мәдет!

Айналайын, Құдірет,

Ісламға пана Мұхамбет,

Сыйындым сізден бір медет!

Су басында Сүлеймен,

Жұмлә әулие қолдасаң,

Жүйрік аттай үдеймін.

Сайрамда бар сансыз бап,

Ең үлкені—Арыстан бап.

Күн көзінде әулие,

Жер жүзінде әулие,

Мәшіріптегі әулие,

Мағрыптағы әулие,

Таңда жүрген әулие,

Таста жүрген әулие,



198

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Көлде жүрген әулие,

Шөлде жүрген әулие,

Жаратқан жандар келіпсің!

Тайғақ кешу тар жолда

Сыйынғанда сіздерге,

Абырой берер жолда.

Жаңа келді Шарабас,

Алпыс қойдың терісінен

Бөрік шықпаған Шарабас.

Жетпіс қойдың терісінен

Жең шықпаған Шарабас.

Тоқсан қойдың терісінен

Тон шықпаған Шарабас!

Жаңа келді дәу пері,

Жаңа келді су пері,

Жаңа келді ай пері,

Жаңа келді Күнқожа,

Жаңа келді қолаң шаш,

Екі иінімнен мықтап бас!

Жаңа келді Теңгетай,

Ойдан келді он қожа,

Қырдан келді қырық қожа.

Сол қожалар ішінде,

Әсіресе бір қожа

Жаңа келді Жирентай.

Әулие берер бәрін де

Астына мінген бір-бір тай.

Шақырғанда осынша,

Келмеймін деп қорқытып,

Арып-шаршаттың пірлер-ай! 



22. [ГЕ-ГЕ, ГЕ-ГИ...]

Ге-ге, ге-ги-ге-ге , ге-ги-ге-ге,

Ге-ге, ге-ге, ге-ги-ге-ге, ге-ги-ге-гу.

Әкемді-ау ақбоз атқа мінгізгесің,

Қолына-ау, қылыш алып жүргізгесің.



198

199


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

«Ақ» десе ауруға-ау, шипа болып,

Атағын алты алашқа білгізгесің.

Ге-ги-ге-ге-ге , ге-ги-ге , ге-ги-ге-у,

Ге-ге-ге, ге-ги-ге, ге-ги-ге-ге.

Әкемнің-ау зұлпықарын қайрап-қайрап,

Кесуге-ау, дерттің басын келдім сайлап.

Толыбек, Қарақожа, Қарабура,

Қайдасың, дерт анасын алмай байлап?

Ге-ги-ге-ге, ге-ги-ге-ге-ги-ге-у,

Ге-ге-ге, ге-ги-ге-ге, ге-ги-ге-ге.

А-ги-ги-ги-ги-гай, а-ги-ги-ги-ги-гай,

А-ге-ги-ге-ге, ге-ги-ге-ге-ге-ги-ге-ай!

Көктемде жылқы ойнар,

Көбікті қарда түлкі ойнар.

Қу шөппенен бөрі ойнар,

Құдаша мен құда ойнар.

Құйынды жерде жын ойнар,

Толыбек сайтан көрінсе,

Толыбек жазған сонда ойнар!

Ге-ги-ге-ге-ге, ге-ги-ге-ге, ге-ге-ге-ай.

Шығыстың бір асуы Досболай-ды,

Шақырдым жын ағасы Бостанайды.

Аруағы Нысан абыз жәрдемші боп,

Әр жерде мені жауға тастамайды.

А-ги-ги-ги-ги-ги, а-ги, ги-ги-ги-ау,

Ге-ге-ге-ге-ге, ге-ге-ге-ге, ге-ге-ге-геу.

Тоқсан қойдың терісі 

Тон шықпаған Толыбек.

Жетпіс қойдың терісі 

Жең шықпаған Толыбек.

Алпыс қойдың терісі

Ау шықпаған Толыбек!


200

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Албастымен сырласқан,

Ақ мартумен мұңдасқан,

Періштемен тыңдасқан,

Пері атасы—Толыбек!

Ә-ге-ге-ге-ге, ге-ге-ги-ге, ге-ге-ги-ге,

Ә-ге-ге-ге-ге, ге-ге-ги-ге, ге-ге-ги-ге.

Қазулы тұрған көр бар ма?

Қайғылы тұрған ер бар ма?

Қамығып жылар ел бар ма?

Тебінгіде тер бар ма?

Терістен соғар жел бар ма?

Бүгіліп тұрған бел бар ма?

Білгеніңді айтып бер,

Көкке шық та қайтып кел!

Кел, кел менің пірлерім! 

Ақ сөйле!

А-ті-ті-гі-дің, а-ті-ті-гі-дің, ті-гі-дің!

Ге-ге-ге, ге-ге-ге-ги-ге, ге-гі-гі-гі-ге.

Ге-ге-гі-ге, ге-ге-ге-ге,—ге-ге-гі-ге,—ги

Ге-ге-ге-ге,—ге-ге-ге-ге,—ге-ге-ге-ге,

А! А! Не дейсің? Дәл айт! Дәл айт!

Ге-ге-ге-ге-ге, а-ди-ги-ди-ди-ди,

А-ди-ги-ди-диди

Дәл айт! Дәл айт!

Ге-ге-ге-ге-ге, ге-ге-ги-ге, ге-ге-ги-ги.

23. БАҚСЫ САРЫНЫ

Я, Алла, я, Алла, я,Алла,

Жаратушы бір Алла.

Көп ішінде қарқылмай,

Тілегімді бер, Алла!

Төрт шахариар қолдай көр,

Әулиелер болжай көр.



200

201


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Алатаудағы ақ перім,

Аспандағы көк перім,

Маған серік бола көр?!

Қызай мен қыпшақ аруағы-ай,

Үйсін мен найман аруағы-ай!

Албаннан шыққан әулие 

Райымбек аруағы-ай!

Қаракерей Қабанбай,

Есенкелді бабам-ай.

Сұлтанкелді мырзасы 

Жолымбеттің қабаны-ай.

Алысқа кеттің көрінбей,

Іздесем қайдан табам-ай?!

Ой, Аллаху, Аллаху,

Бұлғын аяқ Мұсырбай,

Шоқша сақал Қиялбай,

Сұрағаным жоқ еді,

Тілегенім жоқ еді,

Ақжолтай қыл, ей, Алла-ай!

Мына ғайып сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

«Оқы намаз, ағалар,

Дініңді күт, аналар!

Қормал болшы бабалар,

Имандыға Құдай жақ,

Имансызға Құдай жоқ.

Ой, Аллаху, Аллаху,

Қазаның сенің қайнамай,

Қызыл шоғы жайнамай,

Иман күтіп таза жүр,

Көрінгенмен ойнамай».

Кереге бойы кер бұғым,

Тілегімді бер, бұғым.

Зарықтырмай пендеңді,

Шақырғанда кел, бұғым.



202

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Кереге басы кер жылан,

Екі енеге тел жылан.

Зарықтырмай пендеңді,

Шақырғанда кел, жылан!

Кереге басы кер бура,

Басқалардан өр бура.

Зарықтырмай пендеңді,

Шақырғанда кел, бура!

Айдаушы ием,

айдап кел,

Нажағайдай жайнап кел.

Жүрмесіне қоймай кел,

Қол-аяғын байлап кел!

Ой, Аллаху, Аллаху,

Аққудың терісін кигіздің,

Ақбоз атқа мінгіздің.

Аса қолға алғыздың,

Жүрмеске қоймай жүргіздің.

Арапат тауын асып ел,

Өзен-судай тасып кел.

Жамандықты қуып кел,

Жақсылықты шашып кел!

Шайқы, бұрқы, диуана,

Жын-шайтанды қуала.

Сұрағаным жоқ еді,

Тілегенім жоқ еді,

Ақжолтай қыл, ей, Алла!

Ой, Аллаху, Аллаху,

Кетсін пәле басыңнан,

Ауылыңның қасынан.

Бір Алланың жолына

Дініңді күт, мұсылман! 



202

203


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

24. ШҰҢҚЫР БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

Үзеңгісі үзбе алтын-ау,

Үзіле шапқан Жайсаң қыз-ау.

Құйысқаны құйма алтын-ау,

Құйыла шапқан Жайсаң қыз-ау!

Ей, угай!

У, гай-ау-ой,

У, гай, у, гай-ай!

25. АЙБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

Үйеңкінің түбінен

Ойып алған қобызым,

Жалғыз біткен ағаштан 

Тиек қылған қобызым,

Жүйрік аттың құйрығын 

Ішек қылған қобызым,

Желмаяның терісін 

Қапшық қылған қобызым!

Әй, қобызым, қобызым,

Дұрыс сөйле, доңызым!



26. ЕШМҰХАМЕД БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

Әуелі, Алла, ал оңғар,

Айтатұғын сөзім бар.

Дүниеге жайылған

Шақырамын, ал жындар.

Жын шақырсам, келгендер,

Жүгіре басып жүріңдер.

Тобыңды жазба Сарым сер,

Дертке дауа беріңдер.

Жынның басы—Жирентай,

Жын келеді, алақай!

Жоғарғы ерні жер тіреп,

Төменгі ерні көк тіреп,

Келе жатыр Қорабай.


204

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Тас бұршақтай ойнаған,

Найзағадай қайнаған...

Дертін ұстап байлаған.

Маған шаппа, дертке шап,

Дауа болар жөнін тап!

Есен де менің алмай кел,

Аузыңды шалмай кел.

Түркістанда тоқсан ер,

Бұқардағы сексен ер,

Бірің қалма, бәрің кел!

Ақ сәлдең бар басыңда,

Аса таяқ қолында,

Бір Алланың жолына 

Келер алды дауылдай.

Балқия мен Наркүміс,

Шақырамын сендерді.

Шығатұғын мал бар ма,

Өлетұғын жан бар ма,

Аузын ашқан көр бар ма?

Білгеніңді рас айт,

Өтірік айтып сандалма!

Жын үлкені—ер Шойлан,

Кідірмей бері кел, Шойлан,

Өтірік айтпа, жын, ойлан!

Басыңды баудай қағармын,

Қаныңды судай шашармын.

Аспандағы айдаһар,

Ұзындығың мың құлаш,

Жуандығың он құлаш.

Дегенін де істеген,

Аузына салған алмасты

Шықырлатып тістеген.

Айда бермен, Қара нар,

Жібектен ескен бұйдаң бар,

Желпілдеген шудаң бар.

Қара нарым келгенде,

Абайлаңдар, бозбала,

Шайнайтұғын адам бар.



204

205


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Алдымдағы миманның

Захмет жеңін байлаңдар.

Қысылып отыр хан иең,

Шыбын жанын қиналтпа,

Өтірік айтып ұялтпа.

Үйде отырған, бозбала,

Көнесіз жынды шайнама!

Аспанда екі қара тас,

Екі иінін мықтап бас.

Есімді менің алмай кел,

Азуымды шалмай кел!

Ишандарға қол берген,

Үлкендерге жол берген 

Айда бермен, ер Көбен.

Білгеніңді дұрыс айт,

Сөз сұраймын мен сенен.

Осы ауру дауасы

Болады екен, ал, неден?

Өтірік айтпа, шыныңды айт,

Дауа болар жөнін айт!

Мұнан жылдам елге қайт,

Жылқуанға хабар айт!

Дүние кезіп шарласын,

Дертінің жөнін барласын, 

Не боларын ойласын.

Жын үлкені—Дәу перім,

Жын ішінде бір серім.

Ұзындығы тоқсан қар,

Көлденеңі сексен қар.

Жалғыз көзді, бермен кел,

Талай жерге еттің ем,

Бізден сізге фарман бар.

Бол, аяғың жиыл де,

Дауасын дерттің ойлаңдар.

Ортаға алып қамаңдар,

Дерт иесін байлаңдар.

Жасырынып қалмаңыз,

Іздеп, тінтіп қараңдар.


206

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Аспандағы ақ ауыз,

Жердегі біздің көк ауыз,

Бәрің бірдей абайла.

Не жақсылық, не жауыз

Секілденген асылым,

Ақ жұмыртқа сары уыз.

Жын күйіне қосылшы,

Екі ішекті ал қобыз.

Біздер бақсы болғалы,

Алдымнан миман кеткен жоқ.

Менен бақсы өткен жоқ,

Бізге бақсы жеткен жоқ.

Қарағай қобыз алған соң,

Оңды-солды шалған соң,

Мұнарланған шаң шықты.

Шаң астына қарасам,

Тоқсан жерден ту шықты.

Ту астына қарасам,

Тоқсан бөлек қол шықты.

Қол ішіне қарасам,

Сансыз әскер жын шықты.

Меке, Мысыр жайлаған

Қолдың басы—Көгаман,

Нөкерімен сол шықты.

Үйсін Қоңыр қыстаған,

Самарқан, Бұқар ұстаған.

Талай жерді аралап, 

Қолын бастап шамалап,

Жынның басы—Жоламан

Салбырап ту сол шықты.

Қытайдың жерін ұстаған,

Әскер қойып қыстаған,

Жылдық жолды түсте алған,

Сарала түйе салбырап,

Темір Шойын ер шықты.

Қараңғы түнде күн шықты,

Жетемін деп жындар ынтықты.

Сырдың бойын жайлаған,

Жағалай бие байлаған,

Қорқыт баба демеген,

Әзірет сұлтан сүйеген,


206

207


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Сараман мен Қараман

Он екі жерден ту ұстап,

Сексен мыңдай бел ұстап,

Тамашамен сол шықты.

Еділ, Жайық—екі су,

Күн батыстан шықты бу.

Кереметпен көп перім,

Келе жатыр қырық ту.

Дүние жүзін шаң басты,

Істен бақсың адасты.

«Байлап дертті алам» деп,

Пері мен жындар таласты.

Ал байлаңдар, алыңдар,

Дертке дауа салыңдар.

Дүниені қаптаған

Неше миллион саның бар.

Әрқайсыңның, перілер,

Жүз кісілік әлің бар.

Он арыстандай әрбірің,

Топтанып шаң шығарған.

Айда бермен, үйірлеп,

Ойылды мен Қиылдым,

Жын шіркіндер жиылдың,

Дертке дауа бере гөр!

Хан иеңіз сыйынды

Тау мен тасты қиратқан.

Бүйрегімде ұнатқан 

Дерт шарасын беретін

Келдің бе бүгін, Танатқан?

Сабыр суың себе бер,

Хан-Генде демей гөр.

Келмей қалған жын бар ма,

Келгендерге сын бар ма?

Ретсіз жерге сыналма,

Сынға қалып сандалма.

Дерт дауасын беріңдер,

Жалап-жұқтап қойыңдар.

Неше бөлек үйің бар,

Дертке көзің салыңдар,

Бөтен осы, қойыңдар.


208

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қарақай біздің келер ме,

Келіп хабар берер ме?

Атын атап шақырсам,

Қояндай шауып жүрер ме?

Маңдайында жалғыз көз,

Екі айтпайтын жалғыз сөз.

Он бесімде жабыстың,

Жиырма бесте табыстың.

Бірге қатар шабыстың,

Жауға болмай қарыстың.

Дәу перімен алыстың,

Қайратпенен қарыстың.

Қарсыласқан дұшпанға

Жібермедің намысты.

Буырқанып, бұрсансаң,

Мұздай темір құрсансаң,

Жақын еттің алысты.

Пір қожамның бес ұлы,

Ер қожамның үш ұлы

Алға келдің бас ұрып.

Қайратыңды асырып,

Алдымдағы миманның

Үстінен дертін қашырып,

Дауа салдың миманға.

Разы бол, жын мұндар,

Басыңды қосып жиғанға.

Мұнан қоймай хабар айт,

Ертең күні қалмасын,

Келуінен танбасын

Тоқсан тоғай толғана.



27. СЫБАНБАЙ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ 

Сыйынғаным Құдірет

Және бір де сыйындым.

Айналайын, Мұхаммед,

Түркістанда Әзірет,

Сыйынғанда себеп ет!

Мыңнан шыққан байқай гөр,

Дауылбай атлы Есдәулет.


208

209


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Қобыз шалдым «Алла» деп,

Негіз шалдым «барлы» деп,

«Әділ сөйле, аңды» деп.

Ары-бері толғайын,

Өтірікші болмайын,

Ал, сөзіңді аңдайын.

Әділ бір енді сөйлесең,

Шақыруды қоймайын.

Малғұн шайтан кез болса,

Айқай салып байлайын.

Айтуға енді ерінбей,

Тірі бір жанға көрінбей,

Басқандарың білінбей,

Қарасы көзге көрінбей,

Дауылбай атты Ер Көбен 

Кері төбел ат мінген,

Жал құйрығын шарт түйген.

Әділ сөзді сөйлейтін,

Міне, кісі кез келген.

Жетісуды жайлаған,

Аруақ болса айдаған,

Малғұн болса байлаған,

Әділ сөйле, Ер Қабылан!

Ақмарал атты еріміз,

Әділ сөйлеп келіңіз.

Сырдың бойы сыр қақты,

Ашамайлы күн қақты,

Байқап сөйле аруақты. 

Алтын қылыш белінде,

Жақсылықтың жөнінде,

Аралаймын елін де.

Өтірік сөйлеп, ерлерім,

Сындырмағай белімді.

Үйдеріңде жандар бар,

Түзде жүрген малдар бар.

Тегісімен көзің сал,

Әділ сөйлеп болжай қал!

Жоғарғы ерні көк тіреп,

Төменгі ерні жер тіреп,

14-0139


210

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Тоқсан беске келген Кемпірбай,

Кішкене қана көзің бар,

Әділ бір ғана сөзің бар.

Екі ұртың суалған,

Көттің жүні қуарған.

................. ене ... бер,

Жауабын айтып кете бер!

Шақырмай енді келген-ай,

Ақылымды білген-ай,

Әр нәрсені көрген-ай!

Байқап сөйлеп келіңдер,

Енді қайтып жүре бер!

Әнеки, менің қырық қожам,

Қырық қожаның ішінде

Әділ сөзді бір қожам.

Ақ сәлделі ол қожа,

Көк асылы—ол қожа,

Әділ сөйлеп сен болжа!

Басқан жерің бармақтай,

Түскен жерің оймақтай.

Ашамайлы күнқақтай,

Байқап сөйле аруақтай.

Албыраған атты алған,

Қаны тамған бетті алған.

Алпыс екі тамырдан

Аралап жүріп дерт алған,

Байқап сөйле, қарт бабам!

Айқайлап енді өтейін,

Көзіңе салып кетейін. 

Өтірік енді сөйлесең,

Шақырып сені не етейін.

Атамнан келген он аруақ,

Алшаңдамай, кел бері.

Әділ бір сөйле, кел бері,

Байқап сөйле, сен, бері.

Өтірік енді сөйлесең,

Ал қараңды көрмейін,

Жөніңе түсіп жүрмейін!



210

211


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет