Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

2. Қарғыс

Туындылар В.В.Радловтың «Образцы народной литерату-

ры тюркских племен...» (Часть.ІІІ. Спб., 1870) атты зерттеу ең-

бегінде жарияланған.

Томға ұсынылып отырған мәтін аталған кітаптан (1-6-бб.) 

алынды. 


3. Қарғыс

Қарғыс мәтіндері бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы 

ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1084-бума, 5-дәп.) сақ таулы. 

Туындылар кеңсе қағазына машинкада басылған. Жинау шы-

сы—Ж.Алманов.

Томға мәтін аталған қолжазбадан (7-б.) алынды. 



4. Қарғыстар

Томға ұсынылған туындылар «Образцы киргизской на-

род 

ной литературы» (Казан: Типо-литография Император-



ского Университета, 1909) атты жинақтан, (Жинаушысы—

Н.Н.Пантусов); ӘӨИ-дің қолжазбалар қорынан (1092-бума, 

5-дәп; 146-бума, 8-дәп. Бұрын еш жерде жарияланбаған) алын-

ған мәтіндердің негізінде дайындалды. 



384

385


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

VII. ТЫЙЫМ СӨЗДЕР

Тыйым сөздер «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» 

(2004) атты жинақта басылым көрген.

Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған жинақтан (192-

209-бб.) алынды.

Қ. Алпысбаева

25-0139


ТОМДА КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ 

ЕСІМДЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР



Абылай, Әбілмансұр  (1711-1781)аса көрнекті мемлекет 

қайраткері, қолбасшы, дипломат, қазақ халқының ханы. Азан 

шақырып қойған аты—Әбілмансұр. Сабалақ—Төле бидің қой-

ған есімі. Жауға «Абылайлап» шапқандықтан Абылай атанған. 

Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханнан тарай-

ды. 1771 жылы Түркістан қаласында хан болып сайланады. Ел 

тұтастығы үшін аянбай күрес жүргізіп, сыртқы басқыншы лар-

ға қарсы табанды түрде тойтарыс беріп отырады. Шет елдер-

мен (Ресей, Жоңғария, Қытай) дипломатиялық қарым-қатынас 

орнатуға тырысады. Өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткі-

зіп, Арыс жағасында қайтыс болады. Сүйегі Түркістан қала-

сын  да ғы атақты Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің ішінде Қабыр-

хана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген.

Арынғазы (1800-ө.ж.б.)—соңғы қазақ хандардың бірі, күй-

ші. Батыр сұлтанның шөбересі, Әбілқайыр ханның жиенша ры 

(Батыр—Қайып—Әбілғазы—Арынғазы). Арынғазы бірнеше 

күй шығарған. Оның шығармаларының ішінде бізге жеткені 

—«Арынғазы» күйі.

Арыстан Бап (Арыстан баб)—әулие, Мұхаммед с.а.с. пай-

ғамбардың замандасы, Ахмет Йасауидің ұстазы. Діни аңыздар 

бойынша ол Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың аманат қалдыр-

ған киелі құрмасын (финики) тілінің астына сақтап келіп, 

Ахмет Йасауиге тапсырған. Халықта «Арыстан Бапқа түне, 

Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Арыстан Баптың 

басына орнатылған күмбез Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар 

ауданындағы Қоғалы ауылында.



Әбубәкір Сыдық (Қолжазбада «Сыздық» болғанмен, дұ-

рысы—«Сыдық»)—Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін 

тағайындалған алғашқы халиф. Ол Пайғамбарымыздың өзі 


387

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

шыққан Құрайыш руынан болатын. Меккедегі ықпалды 

саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед (с.а.с.) Исламға кіруге 

шақырғанда руластары мен үлкендердің арасынан бірінші 

болып мұсылман болды. Одан үлгі алған жерлестері хазірет 

Осман бин Аффан, Әбдірахман бин Ауф, Талха бин Убайдулла, 

Сад бин Әбу-уақас, Зұбайр бин Ауам сияқты кісілер де Ислам-

ды қабылдайды. Әбубәкір—Расул Алланың төрт сахаба—

достарының бірі. Қазақтар көбінесе, оларды парсы тілінің 

ықпалымен төрт шарияр деп атаған. Хазірет Әбубәкір әділдігі 

үшін Сыдық деген есімге ие болды. Ол 631 жылы Меккеге 

аттанған алғашқы қажылық сапарды басқарған. 632 жылы 

Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы 

қиын кезеңде араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді. 

Ислам дінінің көкжиегін кеңейтіп, әртүрлі әскери жорық тар-

ға қатысты. Өзі Халифатты басқарған (632-634) жылдары хазі-

рет Расулға түскен Алла аяттарының жинағын құрастырады. 

Хазірет Әбубәкір—Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның 

үшінші әйелі Айшаның әкесі.



Әзірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періштелер-

дің бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар алдын-

да Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсай-

ды. Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл 

мен Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл 

шаруаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол 

жан алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға ажал ме-

зеті жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған ағаш-

тан әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. Әзі-

рейіл қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын алуға тиіс.



Әзірет Әли—Османнан кейін билік басына келген төртін-

ші «әділетті халиф». Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың 

немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. 

Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли орасан, алып күш 

иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын 

болған-мыс. Фольклорлық туындыларда оның «зұлпықар», 

«қамқам», «самсам» деген үш қылышы болғаны айтылады. 

Әсіресе, Әли «зұлпықарын» сілтегенде бірнеше жүз кәпірді 

шауып түсіреді. Әлидің есімі көптеген шығыс қиссаларында, 

оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазі-

рет Әли сол қиссалардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, 

халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке 

ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. 


388

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс-

лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тір-

кесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әде биеті 

үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ аттың 

нышанына айналған.

Әйтеке би Байбекұлы  (1644-1700)—қазақтың атақты 

үш биінің бірі. Кіші жүз Әлім тайпасының төртқара руынан 

шық қан. Тәуке хан құрған «Хан кеңесіне» Кіші жүз жұрты-

ның атынан мүше болып сайланған «Жеті жарғының» өмірге 

келуіне айрықша еңбек сіңірді. Халық биді «айыр тілді Әйтеке» 

деп те атаған. 



Баба түкті Шашты Әзіз—қазақ эпостары мен ертегіле рін-

де кездесетін киелі де қасиетті бейне. Әулиенің батасын алған 

баласыз қариялар Алланың құдіретімен ұлды болып жатады. 

Мұсылман аңыздарында Шашты Әзіз 88 пайғамбардың бірі. 

Ол туралы аңыздардың бірінде есімі Баба Туклас деп көрсетіле-

ді. Әкесі—Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында Әулие санал-

ған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең алдымен Мұ-

хаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, содан соң Баба 

Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба түкті Шашты Әзіз—

Қожа Ахмет Иасауидің арғы бабалары, ислам діні Орталық 

Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген болжамдар 

бар. 


Бибі Фатима—Мұхаммед пайғамбардың қызы, төртінші 

халифа Әлидің әйелі, Хасан мен Хұсайынның анасы, мұсыл-

ман әлемінде ерекше қадір тұтатын қасиетті әйел бейнесі. 

Фати маға табыну, шамасы, Х-ХІІ ғасырларда, содан тарайтын 

әл-фатимийун әулетінің ықпалы күшеюіне байланысты туып 

қалыптасса керек. Фатима шииттердің діни хикаяларының ең 

басты қаһармандарының бірі. Көптеген мұсылман елдерінде 

алақанды белгілейтін ежелгі нысана «Фатиманың қолы» деген 

атақ алған. Оның небір үмітсіз ауруларға да ем қондырып, дәру 

дарытатын қасиеті бар деп саналған.



Біләл—эфиоптық зәңгі тайпаларынан шыққан тұңғыш мұ-

сылмандардың бірі. Ол—Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар ислам 

дінін уағыздаған кезде жаңа дінді алғаш қабылдағандардың 

бірі. Мұсылман халықтары Біләлді дін жолындағы тақуа және 

алғашқы азаншы—муазин ретінде таниды.

Дәуіт—Қасиетті Құран кейіпкері, пайғамбар, Сүлеймен 

пайғамбардың әкесі. Көне еврей тілінде Давид. Дәуіттің отыз 



388

389


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

баласы болған. Жаратқан Иеміз құдіретімен отыз баланың 

жанын бір мезетте алып кетеді. Мұны көрген Дәуіт Алла Та-

ғалаға зар илеп жылайды. Сонда Алла: Дәуіт, саған отыз ба лаң-

ның орнына отыз бала берейін бе, әлде отыз балаға татитын бір 

бала берейін бе?—деп сұрағанда Дәуіт «отыз балама татитын 

бір ұл беріңіз» деген екен. Иеміздің берген ұлы осы Сүлеймен 

пайғамбар болатын. Сүлеймен мал-құстың тілін түсініп, сол 

тілде тілдесе алатын болған.

Домалақ ана, Нұрила  (1378-1456)—қазақ халқының әу-

лие аналарының бірі. Ұлы жүздегі көптеген ру-тайпалардың 

түпкі анасы. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі, 

әкесінің аты—Әли Сылан, анасының есімі—Нұрбике. Наға шы 

атасы Уәйіс хан—Моғолстанның ханы болған. Атасы Мақ тым 

Ағзамның қолында тәрбиеленген Нұрила 19 жасында Бәй ді-

бек биге тұрмысқа шығады. Өзінің ақылдылығы мен па ра сат-

тылығы арқасында елге сыйлы болған. Түрікпен Қара Хайдар 

даналығына тәнті болып «Диһнат мама» деп атаған. Парсыша 

«Әулие ана» деген мағына беретін бұл сөз бертін келе «Домалақ 

анаға» айналған. Десе де, «Домалақ ана» атының шығуы туралы 

басқа да аңыз-нұсқалар бар. Балабөген өзенінің жағасында 

намаз оқып тұрып қайтыс болғандықтан, сол жерге жерленеді. 

Ескендір Зұлқарнайын  (б.д.д.—356-323)—Македонияның 

атышулы патшасы Александр Македонский. Ол туралы ертегі, 

аңыз, әңгімелер Шығыс пен Батыс халықтары фольклорында 

кең тараған. Сондай-ақ оған біраз әдеби шығармалар арналған. 

Солардың ішінде шығыстың классиктері [Низами, Фердауси, 

Абай, т.б.] поэмаларының орны ерекше. Солардың басым 

көпшілігінде Ескендір Зұлқарнайын әрі батыр, әрі кемеңгер 

қолбасшы, әділетшіл, құдіреті күшті, «аруағына» көптеген ел 

табынған, аты өшпейтін қасиетті адам деп бейнеленеді.

Жақып—пайғамбар, Жүсіптің әкесі, Інжілдегі Иаков. Құ-

ран Кәрімде Ыбраһым ұрпағы ретінде Ысқақпен қатар ата-

лады. Оның тақуалығы мен болжау қабілеті Алла Тағаланың 

бүкіл Ыбраһым (Авраам) руына ризашылығын білдіру ретінде 

суреттелген. Құран Кәрімде Жақыптың екінші есімі—

Ысрайыл. Ал оның ұрпағы бәни Ысрайыл деп аталады.



Жанқожа (1774-1860)—батыр, Сыр бойы қазақтарының 

Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отар шыл  ды-

ғына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 17 жасында 

кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті тұр-



390

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

ғын 

дары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне 



жа саған жорығында елеусіз болып барған Жанқожа қарақал-

пақ тың Тыхы батырын жекпе-жекте өлтіріп, батыр атанады. 

Жан қожа Нұрмұхамедұлы Үш жүзге даңқы жайылған әрі есімі 

Шек ті руларына ұран болған ең соңғы батыр. Ол әділдігімен, 

ха лық қа жанашырлығымен және тақуалығымен ерекше қа-

сиет ке ие болған. 



Жәнібек хан  (т.ө.б.)—Қазақ хандығының негізін салу шы-

лардың бірі, Барақ ханның баласы. ХV ғ. өмір сүрген. Керей 

ханмен бірге Өзбек ұлысынан Моғолстанға қоныс аударған. 

Екеуінің соңынан ерген халық қазақтар аталған (көне түркі 

тілінде «қазақ» сөзі «азат, ерікті, тәуелсіз» мағынасын берген. 

Қазіргі башқұрт, ноғай, құмық тілдерінде «қазақ» әлі де сол 

мағынада қолданылады) кейін бүкіл хандыққа телінеді. 

Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар, Құран-

да оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық қам тыл-

ған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп аталған. 

Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала оты-

рып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары жүз-

ден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы тақы-

рыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан бар.

Зеңгі баба—қазақ халқының мифологиялық сеніміндегі 

төрт түлік малдың бірі—сиырдың пірі. Халық нанымында әр 

түліктің өз тәңірісі, иесі болады деп есептелген. Соның ішінде 

сиыр малының тәңірісі, қамқоршысы Зеңгі баба деп түсінген. 

Соған сиынып, малының аман-сау өсіп, көбеюін тілеген.

Көкше—қазақ батыры. Шежіреде уақ руының Ер Көкшеден 

тарағаны айтылады. Қадырғали Жалайырдың шежіресіндегі, 

«Никон жылнамасындағы» деректерге қарағанда ол 1417 жыл-

ғы Едіге мен Қадырберді әскерлерінің арасындағы ұрыс кезінде 

қайтыс болған. Қазақ халқында «Ер Көкше» атты бірнеше жыр 

бар.


Қабанбай батыр, Қаракерей Қабанбай (1692-1770)—Жоң-

ғарларға қарсы азаттық соғысының даңқты қаһарманының бі рі, 

қазақ батыры. Найман тайпасы, Қаракерей руының Бай  жі гіт 

тармағынан, оның ішіндегі Мәмбет атасынан тарайтын Қожа-

ғұл дегеннің баласы. Шын аты—Ерасыл. Жеңгелері денесі  нің 

ірілігіне қарап «Нар бала» деп ат қойған. Ауыл малына шап  қан 

қабандарды өлтіргендіктен, «Қабанбай» деп аталған. 1718  жы-

лы Аягөз шайқасына осы есіммен қатысып, жоңғар батыры 



390

391


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Арсаланды жекпе-жекте жеңуі Қабанбай атын аспандатып 

жіберді. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 

кезінде батырдың ерлік істері күллі қазақ даласына кең та-

райды. 1725-1729 жылдары жоңғар ақсүйектерінің сұрапыл 

шабуылдары Бөгенбай, Қабанбай батырлардың соққысына 

ұшырайды. Қабанбай бастаған батырлар 1728 жылы Шұбар 

теңіз бен Бұланты өзені жағасында, 1729 жылы Іле өзені 

бойында, Қаратал өзенінің алқабында жоңғар әскерлерін 

ойсырата жеңеді. 1730 жылы Балқаш көлінің онтүстігіндегі 

және 1740 жылы Шыңғыстау шайқасында ерлігімен ерекше 

көзге түседі. Атақты Аңырақай шайқасына қатысқан. Сыртқы 

жаудан қазақ жерін түбегейлі тазарту мақсатында 1751 жылы 

Арыс бойында құрылған Ұлы жүз жасағымен бірге Тәшкен, 

Сайрам, Түркістан маңындағы жоңғарларды қуып шығады. 

Бұл тарихта «Қабанбай-Ханбаба» жорығы деп аталады. Қазақ 

жеріне кірмек болған қытай әскерін тойтарады. Ерлігі мен 

әскери қырағылығына сүйінген Абылай батырға «Дарабоз» 

деген лақап берген. Сондай-ақ «Хан Қабанбай» деген атағы да 

бар. Қабанбай батырдың зираты белгісіз. Тарихи деректердің, 

ауызша тараған шежірелердің айтуы бойынша батырдың 

сүйегі Жоңғар қақпасының сол қапталына, Сарыбел асуына 

жерленген.

Қазыбек би Келдібекұлы  (1667-1764)—қазақ халқының 

бір лігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, 

мемлекет қайраткері. Орта жүздегі арғын тайпасының қа-

ракесек тармағынан. Тәуке хан «Жеті жарғыны» шығарарда 

Төле би, Әйтеке билермен бірге ханға ақыл-кеңесші болды. 

Жасы ұлғайып, көз жұмған бидің сүйегі 1710-11 жылдары 

Жоңғар хандығына үш рет елшілікке барған Қожа Ахмет 

Йасауи кесенесіне қойылды. Халық арасына «Қаз дауысты 

Қазыбек» есімі кең тараған. 

Қамбар ата—қазақтың сенім-нанымында жылқы малы-

ның пірі, иесі. Кейбір аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед 

(с.а.с.) пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған 

Ган бар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. Сонымен 

қатар Қамбар ата образы түркі халықтарының ежелгі фольк -

лорында көп кездеседі.



Қожа Ахмед Йассауи (1103 немесе 1105-1167)—Орта Азия-

ның атақты ақыны Түркістанда сопылық мектебін құрып, 

діни-мистикалық әдебиеттің негізін салушы. Қазіргі Сайрам 


392

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

маңында туған. Қожа Ахмет Арыстан бап тәрбиесінде болып, 

Бұқарада әйгілі сопы Жүсіп Хамадани мектебінде оқыған. 

Йассы (қазіргі Түркістан) қаласын мекендеп, шайхылық 

құрған—«әулие шайық» атанған. Атағы алысқа тараған, көп 

шәкірт ерткен. Жұрт «Мәдинеде—Мұхаммед, Түркістанда—

Қожа Ахмет» деп, оны пір тұтқан. Ол 63 жасқа келгенде «пай-

ғамбардың жасынан артық жасамаймын» деп, жертөлеге-

шіл деханаға (жердің астынан ойып жасалған үйге-қылуетке) 

түсіп, қалған өмірін сонда өткізген. Оның әдеби мұрасы бізге 

бір ғана «Диуани хикмет» («Хикметтер жинағы») деген еңбегі 

арқылы жеткен. Бүгінгі күні 149 хикметі белгілі. Қазіргі бар 

көшірмелер XV (4 қолжазба) және XVII ғасырларда жазылған. 

XIX ғасырдың екінші жартысында бірнеше рет тасқа басыл  ған. 

Түркі халықтарының арасында (Түркия, Орта Азия, қа зір гі 

Қазақстан, Татарстан т.б.), өте көп тараған (қолжазба күйін де), 

Стамбулда, Ташкентте, Қазанда т.б. орталықтарда талай рет 

жарияланған.

Қожа Ахмет

 

Түркістанда жерленіп, басына күмбез орна-



тыл ған (1395-1397). Қазақ мәдениеті мен әдебиетін, тарихын, 

этнографиясын, шаруашылық жағдайын зерттеу үшін «Диуани 

хикметтің» маңызы үлкен деп есептелінеді. 

Қорқыт—тарихи жазба мәліметтер мен аңыздар, халық 

шежірелері бойынша Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі 

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария 

өзенінің төменгі жағасында, Жаңакент (Ианикент) қаласында 

(VІІІ-ІX ғ.ғ.) өмір сүрген. Өз халқының бақыты үшін «Жер 

ұйығын» іздеп, көптің мүддесін көздеген Қорқыт Ата—ақын, 

жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ой-

шылы болған адам.



Лұқпан хакім—ол туралы исламға дейінгі араб хикая-

ларында біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға 

31-сүре арналған. Мұнда Лұқпан «бір Құдайлық» бағытын 

насихаттаған, Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам 

ретінде аталады. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әл-Хаким, 

яғни хәкім Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел, емші де-

лініп, оның есімі көптеген Шығыс халықтарының ертегі, жыр, 

аңыздарында құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да 

«Лұқпан хәкім айтыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар.

Мұхаммед—ең соңғы Пайғамбар, Ислам дінінің негізін са-

лушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге 



392

393


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед (с.а.с.) өмірге 

келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул 

Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа 

(с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы 

Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің 

тәрбиесінде болған. 

Алғашқы


 

уахи хазірет Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден үш ша-

қырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң 

алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед (с.а.с.) 610 жылы 40 

жасында Алланы, яғни бір құдайға табынатын дін—Ислам ды 

уағыздай бастайды.

Мұхаммед (с.а.с.) Ислам дінін жария еткенде арабтардың 

басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар Ислам дініне қарсы-

лық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622  жы-

лы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден 

Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Ислам жыл са-

науы ның басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», 

яғни «қоныс аудару» деген сөз. 

Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина 

қаласында қайтыс болды. 

Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты), 

«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла» 

(Алланың көмекшісі), т.б. эпитет есімдері бар. 



Нұх—пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран 

Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх пай-

ғамбар мен оның әулеттеріне арналған. 

Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су 

оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бе-

тін топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемі-

мен алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз 

адамдар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі 

кемеге мінгізеді, осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан 

аман қалып, өмір қайта жалғасады. 



Ойсылқара—түйе малының пірі. Ислам тарихында Пай-

ғамбарға деген сүйіспеншілігімен белгілі болып, әулие ре-

тін 

де құрметтелген Уәйіс әл-Қаранидің атымен байланысты 



ұғым. Ойсылқара Қаран елінің түйесін бағып, өзінің кәсіпке 

адалдығымен, тақуалығымен көпке үлгі болған. 



Омар—әулие, жырда Едігенің атасы болып келетін эпика-

лық кейіпкер.



394

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Оспан (Ғұсман)—араб-мұсылман тарихындағы үшінші әді-

летті халифа. Ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған 

алғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген 

үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі 

Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың 

екінші қызы Үммігүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар 

Оспанға Зун Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті 

атақ берген.



Райымбек батыр  (1705-1785)—батыр, қолбасшы. Қазіргі 

Алматы облысының аумағында да туған. Ұлы жүз албан руы-

нан. Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған. 

Рүстем—Иран, Тұран елдеріне ортақ жартылай мифтік 

әрі фольклорлық кейіпкер. Оның есімі Орта ғасырдан бергі 

дәуірдегі мұсылмандық шығыс әдебиетінде тұрақты орын 

алған, былайша айтқанда ертегі, аңыз, хикая-дастандарда 

ол—батырлық пен ерліктің ғажайып үлгісі. Рүстем деген сөз 

қаһармандық пен орасан зор күштіліктің мәніндегі эпитетке 

айналған. Рүстем батырдың шығу тегі парсы елінде ертеде 

өткен Кианилер патшалығының әулеттерімен тығыз қатысты 

екенін аңғарамыз. Атасы Сам палуан мен әкесі Зал (Дастан) да 

ерен күштің иелері болған. Рүстемнің өзінен өрбіген Сүһрап, 

Дарап, Пәрамириз, Баһрам тағы басқа ұлдары да шетінен 

жүрек жұтқан сайыпқыран батыр ретінде сипатталады. 

Парсының атақты шайыры Әбілқасым Фердауси ат-Тусидің 

«Шаһнамесіндегі» басты оқиғалардың бәріне дерлік Рүстем 

мен оның ұрпақтары қатысады. Онда Иран мен Тұран елдері 

арасындағы көп жылдық қырғи-қабақ соғыстардың шежіресі 

баяндалған. Осы ұлы шығарманы қазақ тіліне толық, әрі көр-

кем тілмен көмкеріп аударушы—Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Да-

рынды қазақ ақынының бұл еңбегі өзі өмірден қапыда озған нан 

соң, жиырма жылдан аса уақыттан кейін ғана жарық көрген. 

1961 жылы «Шаһнаменің» Тұрмағамбет аударған нұсқасы бі-

раз бөлігі қысқартылып, «Рүстем-Дастан» деген атпен кітап бо-

лып басылды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет