Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Бақсы сарыныҚазақтың «бақсылық» ұғымына әлемдік 

этнография мен фольклортануда әбден қалыптасып, бекіген 

«шаманство» термині сәйкес келеді. Бұл терминнің әсіресе мол 

қолданылған кезі—XІX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы. 

Одан кейінгі уақытта «шаманизм» атауы үстем бола бас тай ды, 


54

55

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



бірақ «шаманство» да қатардан қалмайды. Бертін келе екеуі  нің 

аражігін ашып, жеке-жеке ұғымда қолданайық дейтін пікір  лер 

де туады. Біз де осы соңғы көзқарас жағындамыз. 

Бақсылық. Бақсылар да ақын, жырау, сал-серілер сияқты 

фольклор жасаушылардың байырғы өкілдерінен саналады. 

Бірақ бақсының аталған тұлғалардан алабөтен айырмашылы-

ғы бар. Оның негізгі міндеті көркем шығармашылықпен ай на-

лысу емес, белгілі бір дүниетанымға негізделген діни культ ті 

атқару болып табылады. Бұл ретте бақсының про фе ссио нал-

дық бітімі ақын, жырау, сал-серіден гөрі, молдаға, ламаға, 

пас 


торға, раввинге жақын. Молда, лама, пастор, свя 

щен-


ник, раввин жалғыз құдайға сенушілік (монотеистік) түсі нік-

тер ді уағыздап, Құдай мен адам арасына дәнекершілік етсе, 

бақсы жасаған иелерге, аруаққа, жынға табынатын көз қа рас-

тардың уағызшысы, солардың негізінде қалыптасқан жора-

ларды, ғұрыптарды атқарушы. Сондықтан да бақсыны профес-

сионалдық тұлғасынан бөліп алып, жеке қарастыру мүмкін 

емес.

Сөз жоқ, бақсы—шаман дініндегі басты тұлға, діни культті 



атқарушы. Бірақ кез келген басқа құбылыстар сықылды, 

шаман діні де бір орында қатып қалған нәрсе емес, оның да туу, 

қалыптасу, даму, жоғалу кезеңдері бар. Соған сәйкес бақсы ның 

қоғамдағы орны да, атқаратын қызметі де және ол жөнін дегі 

түсініктер де әртүрлі болуы мүмкін.

В.Г.Богораз-Тан шамандық дамудың төрт түрлі кезеңін 

атайды: бірінші және ең ерте кезеңі—үй ішіндегі бақсылық 

(семейное шаманство). Бұл—шамандықтың рулық қоғамға 

дейінгі сатысы. Екінші кезең мамандалған бақсылар (шаманы-

специалисты) пайда болады. Дегенмен, бұл кезеңде олар өз 

алдына бөлініп шыққан әлеуметтік топқа айнала қоймаған. 

Тұқым қуалаушылық жолына да бақсылық әлі түспеген. 

Бақсылардың арнайы тігілген ғұрыптық киімдері жоқ, да-

былдарында арнайы нышандық белгілері жоқ, күнделікті тұр-

мыста қолданылатын дабылмен бірдей. Бақсылық дамудың бұл 

кезеңі эксимостар мен чукшаларда сақталған. Үшінші кезең 

рулық қоғаммен байланысты (мысалы, тұңғыстар, ненецтер, 

нивхлар). Бақсының көмекшісі болады. Бақсылардың әлеу-

меттік және экономикалық ықпалы бұрынғыдан әлдеқайда 

күшті. Ол енді өндіріске және өнімді бөлуге жетекшілік етеді. 



56

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ерекше бақсылық киімі, ерекше дайындалған дабылы болады. 

Бұл кезең тайпалық қоғамға немесе ерте таптық қоғамға 

ұласады (сахалар, буряттар). Бақсы қоғамдық мерекелер мен 

құрбандықтарды өткізуде белгілі бір қызметтерді атқарады. 

Төртінші кезең—дамыған тайпалық және таптық қоғамда—

бақсылық ыдырап, іріп-шіриді. Бақсылықтың бұл типі шор-

ларға, әсіресе қазақтарға тән

108


.

Бізге мәлім жазбаша бақылауларға қарағанда, XVІІІ ға-

сырдың соңы мен XІX ғасырдың басындағы қазақ бақсылы ғы-

ның аясы емдеу, болашақты болжау, жоғалғанды іздеу сияқты 

қызметтермен шектелетінін аңғарамыз.

Сонау жоғарғы палеолит, неолит дәуірлерінде туып, ұзақ 

ғасырлар бойы дамыған шаман діні аталған кезеңге өзінің көп 

қасиеттерін, белгілерін жоғалтып жеткен. Соған орай бақсы-

ның да ырыми қызметтері, атрибуттары, реквизиті жоғарыда 

В.Богораз-Тан айқындаған соңғы кезеңге сәйкестене бастаған 

болатын.

Бақсылардың әлеуметтік өмірдегі орны XІX ғасырдың со-

ңына қарай тіптен тарыла түседі. Оның бір себебі 1868 жылы 

қазақ даласын билеудің жаңа ережелеріне сәйкес бақсылыққа 

заң жүзінде тыйым салынуынан, екіншіден, мұсылманшы-

лықтың өршуінен (молдалар жын шақыру шариғатқа қарсы 

келеді, сондықтан бақсыдан көмек сұрау күнә болады деп уағыз 

жүргізеді), үшіншіден, қазақ даласына етек жая бастаған орыс 

медицинасы да бақсылыққа өре-тұра қарсы болады

109


.

Қазақ бақсылығының кейінге дейін қаймағы бұзылмай 

сақталған негізгі қызметі—емшілік. Шамандық сенім бойын ша 

адам екі түрлі жолмен ауырады: 1. Зиянкес (злые духи) тән ді 

жайлап алады; 2. Зиянкес тәннен жанды ұрлап алады.

Бақсылық емі де, негізінен, осы екі зиянкестік әрекетке 

қарсы бағытталады, яки бақсының емшілік қызметі мына дай: 

1. Тәннен зиянкесті қуу; 2. Ұрланған жанды тәнге қайтару.

Қазақ демонологиясы мен шаманизмдегі адамға қас, зиянкес 

күштер мыналар: дию, жын, пері, албасты, марту, үббе, обыр, 

жезтырнақ, сөрел, көнаяқ т.б. Бұлардың әрқайсысының өзіне 

108


  Богораз-Тан В.Г. Религия как тормоз соцстроительства среди малых на-

родностей Севера // Советский Север. 1932. № 1-2. – С. 153-154.

109

 Отчет члена-сотрудника С.Рыбакова о поездке к киргизам летом 1896 г. по 



поручению ИРГО // Живая старина. 1897. Вып. 2. – С. 207.

56

57

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



тән қастандық жасау жолдары бар. Соған орай зиянкестермен 

күресудің тәсілдері де алуан-алуан.

Халықтың түсінігінде жын-шайтандар өз бет-бейнесімен 

көзге көрінбейді, тек шыбын-шіркей, өрмекші, бақа, кесіртке, 

жылан, түлкі, мысық, ешкі т.б. түрде елестеуі мүмкін. Қай 

бейнеге енсе де, олар антропоморфтық қасиеттерінен айы рыл-

майды.

Бақсылар, негізінен, жүйке ауруына ұшырағанда, есі 



ауыс қандарға, ауыр толғақ қысқан әйелдерге, сарып, сал ау-

руымен ауырғандарға ем жасаған. Халқымыздың шаманистік 

түсінігінде мұндай аурулар жын-шайтанның әсерінен бола ды. 

«Жынды», «жын соққан», «перінің салқыны тиген», «албасты 

басқан» деп ат қою да сондай түсініктерден шыққан. «Қоян-

шық» та осы қатарға қосылады. Аталған сырқат түрлерінің 

кө бін бақсылар психотерапиялық әдіспен (бақсының ойыны 

арқылы) емдеген, алайда олар қажет кезінде аллопатиялық, 

гомеопатиялық, хирургиялық әдістерді де қолданған. Мәсе-

лен, мерезді қызылмия мен тамыр-дәрінің және басқа шөптер-

дің қосындысы арқылы емдеген

110


. Қайсыбір бақсылар үлкен 

ісіктерді кесіп алып тастайтын, іріңді жараларды жарып, 

қызған темірмен күйдіретін

111


, жіліншікті тесіп, шіріген ма-

йын ағызып жіберетін

112

, т.с.с.


Бақсылардың негізгі ырыми қызметтерінің бірі—бол-

жаушылық.  Қазақ бақсылары болашақты әртүрлі әдістермен 

болжаған. Бұлардың ең бастысы, әрине, жындардың көмегіне 

сүйену. Бақсы кез келген уақытта жындармен араласа алмай-

ды, ойын үстінде ғана тілдеседі. Ал бақсының ойыны біреудің 

тілегімен, өтінішімен ғана өткерілетіні белгілі. Бақсылар жал-

пылама сәуегейлік жасамайды, нақты адамдардың тағдыр-

талайына, денсаулығына, ісіне қатысты болжамдар жасайды.

Біздің ойымызша, бақсының болжаушылық қызметі 

кейіннен пайда болған дейтін пікір жаңсақ. Себебі мамандалу 

процесі әрқашанда жалпыдан жалқыға қарай дамитыны 

белгілі. Әу баста бақсыға тән көп қызметтер кейіннен арнайы 

110


 Альфонс Я. Киргиз-кайсацские степи и их жители.—СПб., 1845. –С. 64.

111


 Тронов В. Д. Материалы по антропологии и этнологии киргиз // Записки 

ИРГО по отделению этнографии.—СПб., 1891. Т.XVII. Вып.2. –С. 62.

112

 Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері.—



Алматы, 1976. –57-б.

58

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

мамандарға көше бастайды. Соның бірі—болжаушылық мін-

дет. Қазақта ол бірте-бірте жауырыншыға, ырымшыға, бал-

герге ауысқан. Келтірілген мысалдар бақсы бойындағы бол-

жаушылық қызметтің реликтілік сипаттарын айқындайды. 

Бұл—бір. Екіншіден, бақсының басты қызметі емшілікке 

келетін болсақ, бақсы сырқатты емдеп қана қоймайды, оның 

өткені мен болашағына міндетті түрде болжам жасайды:

Науқастанып, қария,

Кез болыпсың аранға.

Жалғыз жатып ұйықтапсың

Күздігүні сабанға.

Балаңменен екеуің

Бидай қаптап алғанда,

Ашық қалып бетіңіз

Кірбіңдеп содан қалыпсыз.

Тамақ жұқпай бойыңа,

Етің кетіп, арыпсың.

Бола ма деп бір себеп

Әр тәуіпке барыпсың.

Дүниеде жан—тәтті, 

Өлемін деп налыпсың.

Мен айтайын дауасын,

Ақала, можын, мүсәтір 

Талқандап, бәрін аласың,

Бір қойыңды соясың,

Басқа тамақ қоясың,

Дәріменен боласың.

Өлемін деп қорықпа,

Айтып отыр жындарым:

Сексен беске барасың,—

дейді. Болжам магиялық тәсілдерді қолданумен ғана шек тел-

мейді. Бақсылар көбінше тамырдың бүлкіліне қарап-ақ ауру-

дың себебі неден болғанын және неге апаратынын айырады.

Сөйтіп, болжаушылық—бақсы атқаратын негізгі ырыми 

міндеттердің бірі болып табылады. Бақсыларға тән тағы бір 

қызмет—жоғалған малды не затты жындардың көмегі арқы лы 

іздеу, анықтау.


58

59

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Міне, жоғарыда аталған қызметтер жымдаса келіп, 

бақсының ерекше тұлғасын жасайды. Бәрінің басын қосып, 

ұйытқы болып тұрған—тәңірі-иелерге деген нық сенім. 

Бақсы—иелермен тіл қатысып, сөйлесе алатын, айтқанын 

істете алатын жалғыз өкіл. «Бақсы болу үшін адамға мың сан 

жын қонуы шарт. Бақсылықтың күші де шайтандардың көме-

гіне байланысты»

113


.

Бұл әңгімелерден байқайтынымыз: тұқымында бақсылық 

бар кісі «мен бақсы боламын» деп болмайды, бұған оны 

жындар мәжбүр етеді, еріксіз бақсы болады. Қарсы келгендер 

жындардың қаһарына ұшырайды. Еріксіз бақсы болу сарыны 

бақсының жырында:

Аспандағы менің бес перім,

Қырық пышақ салдырып,

Қырық ине маған түрітіп,

Төбеме айдар қойдырып,

Жынға мойын қойдырып,

Көнбегенге көндірген,

Қу ағашқа төндірген,

Ақсақалдан бата алдырған,

Ақ сарыбас қойды сойдырған,—

деп суреттеледі

114

.

Жалпы, «бақсы ауруын» инициацияға қатысты алып 



қарау дұрыс сияқты. Өйткені бақсы дегеніміз қатардағы, 

жай адам емес, «қайта туған адам», яки пірлер, жындар 

дүниесімен араласуға лайықталып, «қайта жасалған» адам. 

Бақсы атағын алу үшін неше түрлі ауыртпалықтарға көнуге 

тура келеді. Бақсылық ғұрыпты атқарушылар—аруақтар, 

жын дар дүниесінің өкілдері. Олар былайғы жұрттың көзіне 

шалынбайды, болашақ бақсыға ғана көрінеді. Мұның жылдар 

бойы азап шегуі, арпалысуы—жоғары күш иелерімен ара ла-

суға дайындық белгісі, жай адамнан ерекше қасиет иесіне ай-

налу процесі, яки инициациялық ғұрыпты атқару кезеңі.

113

 Живая старина. 1897. Вып.2. –С. 207.



114

 Радлов В. В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в 

Южной Сибири и Дзунгарской степи.—СПб., 1870. Ч. III. –С. 48. Бұл жайында 

кеңірек қараңыз: Абылқасымов Б. Телқоңыр.—Алматы, 1993.



60

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Осынау аса қиын өтпелі шақ, адамға тән қызық, қуа ныш-

тардан айырылып, бөтен, тылсым дүниеге бейімделудің шыр-

ғалаңды ауыр жолы бақсы сарынында:

—Уай, уай, айналайын, Құдайым,

Бір өзіңе жылайын.

Алды-артымды байқасам,

Қараңғы тұман—уайым.

Қанатымнан қайрылып,

Табанымнан тайрылтып,

Жасыған жездей майрылтып,

Туысқан, туған бауырдан

Тірідей мені айрылтып,

Көнбес бір іске көндіріп,

Қу ағашқа төндіріп,

Жаратқан ие, неңді алдым?!—

деп суреттеледі. Бақсылық—жындардың бере салған оңай 

олжасы емес, еріксіз мойынсұнудан туған тер төгіс, қиын 

міндет, ауыр жүк. Оның үстіне жындардың болашақ бақсыны 

таңдауы бала күннен, тіпті жөргектен-ақ басталуы мүмкін. 

Бірақ жабысу мен табысудың арасында белгілі бір уақыт өтетін 

көрінеді. Ол—«бақсылық ауруы» кезеңі. Кесімді мөлшері жоқ: 

бес жыл (Диваев), он жыл (Ұзақбай бақсы), он бір жыл (Радлов), 

он төрт жыл (Бала бақсы), яки әртүрлі

115


Шамандық наным-сенім бойынша, айналадағы жанды-жан-

сыз заттардың немесе құбылыс атаулының бәрінің иесі бар. 

Бақсы—солардың тілін білетін, қыбын табатын адам. Иелері 

өздері таңдап алғандықтан да, бақсы—алабөтен қасиетке ие, 

жоғарғы күштер мен адамдар арасын жалғастырушы дәнекер. 

«Бақсылық ауру» осы сенімді одан әрі тереңдете түсу үшін өте-

мөте қажет.

115

 Сағайлықтардың нанымы бойынша, болашақ бақсы туғаннан-ақ дімкес, 



сырқат болады, бірақ естен тануы бақсы болардың алдында күшейе түседі. 

Е.Қызыласов дегеннің айтуынша, ол 23 жасында ауруға ұшырап, 30 жасқа 

келгенде бақсылық қонған. Шорлардың сенімінде «бақсылық ауру» бір жыл-

дан үш жылға дейін созылады деп есептелген. Тубалар арасында «бақсылық 

аурумен» сырқаттанудың басы 10 жас пен 37 аралығында болатын, т.с.—

Қараңыз:  Алексеев Н. А. Шаманизм тюркоязычных народов Сибири.—Ново-

сибирск, 1984. – С. 112-115.


60

61

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Бақсының синкретті өнерінің бір саласы—күйшілік, аспа-

бы—қобыз, ал одан да бұрын—даңғыра, дабыл. Даңғыра, 

дабыл тарихы көк түрік дәуірінен әрі асып, гун кезеңіне тіре-

леді. Сібір шамандығында даңғырадан өзге музыкалық аспап 

мүлде қолданылмайды. Сахалар мен тубалар оны дүңгір 

десе, алтайлар түңгір дейді. Шамандық салттарды атқаруда 

даңғыраның ырыми қызметтері орасан зор болған. 

Қазақтың бақсылары даңғыра, дабылдан қашан қол үзе 

бастағанын дәл айту қиын

116


. Даңғыра XVІІІ ғасырда да қол-

данылғанымен

117

, бақсының негізгі аспабы бұл кезде қобызға 



айналып болғанға ұқсайды.

Бақсы ойыны. Бақсының ойыны белгілі бір ғұрыптарды 

атқару үшін өткерілген. Ең негізгі себеп—әрине, сырқат адам-

ды емдеу. Бақсы ешқашанда өздігінен жүріп, не сұранып, кісі 

емдемейді, үйінде сырқат бар адамның өтінішімен ғана келеді.

Әрбір ақын-жыраудың өзіндік ерекшелігі болатыны сы-

қылды, әр бақсының да өзіне тән ойын өрнектері, емдеу тәсіл-

дері болған. Бірақ, сонымен бірге ойын өткерудің де, кісі ем деу-

дің де жалпыға ортақ нақты ғұрыптарға негізделген тәртібі бар. 

Бақсы ойынына басы бүтін сахналық шығарма, немесе қойы-

лым ретінде қарайтын болсақ, кез келген басқа өнер дүниесі 

секілді, оның да белгілі бір заңдылықтарға бағына отырып, 

өрбитін сюжеттік желісі мен композициясы болатынын көр меу 

мүмкін емес. 

Бақсының ойыны, әдетте, тұрақты канондардан тұрады. 

Ойын кезінде атқарылатын рәсімдер мен жоралар белгілі бір 

ғұрыптар төңірегіне шоғырланған. Ол ғұрыптар қалай болса, 

солай атқарылмайды, бірінен соң бірі келетін арнайы тәртібі, 

ауқымы, мөлшері бар. Сол тәртіп, сол ауқым, сол мөлшерді не  гіз ге 

ала отырып, әр бақсы «дарын мүмкіндігіне, актерлік қа бі  леті не, 

психикалық ерекшелігіне, қиял байлығына қарай»

118

  бұ  рын-



116

 Орталық Қазақстандағы Жаңғабыл өзені маңынан табылған көне түркі 

дәуіріне жататын балбал таста арқасына дабыл, бүйіріне қобыз асынған адам-

ның суреті қашалған. Қараңыз: Шулембаев К. Маги, боги и действитель-

ность.—Алма-Ата, 1975. – С. 45. Тәрізі, ол кездегі бақсылар аталған екі аспап-

ты қатар қолданғанға ұқсайды. 

117

 Георги. Описание всех обитающих в Российском государстве народов.—



СПб., 1776. – С. 140.

118


 Новик Е. С. Обряд и фольклор в Сибирском шаманизме (Опыт составления 

структур).—М., 1984. – С. 60.



62

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

нан қалыптасқан, дәстүрлі канондарға болар-бол мас вариа ция-

лар жасап отырады. Қаламының ебі бар бақылаушылар мұны 

ерте бастан-ақ байқап, «Бақсылық ойын процесінің ва риант-

тары онша көп болмайды»

119

, «Бақсыға емделгісі келетіндер 



көп және әрбір ем сайын аздаған айырмашылықтар болмаса, 

бәзбір рәсімдер қайталана береді»

120

 деп жазған. Егер мұны 



қарапайым тілмен айтар болсақ, бақсы атаулының ойынында 

ортақ желі бар және ұқсас іс-әрекеттер үнемі қайталанып 

отырады деген сөз. Ендеше, қол жеткен деректерді тиісінше 

пайдалана отырып, бақсы ойынының реконструкциясын 

біршама толық жасауға әбден болады.

Бақсының ойыны міндетті түрде үй ішінде өткерілетін 

(далада, ашық аспан астында ойын өткізілгені жөніндегі дерек 

кездеспейді). Ойынды көруге үлкен-кіші, ұрғашы-еркек деп 

бөлінбей, түгел қатыса беретін. Бірақ ол үшін балиғатқа толған 

жастар мен үлкендер жағы тазаланып келуі шарт

121

.

Бақсы біліп қояд деп,



Дәретін жөндеп алады

122


«Дәрет алу» шамандықтың мұсылмандықпен астасқан 

бір қыры екендігі даусыз. Мұсылмандық жетпеген Сібір 

шамандығында мұндай рәсім болмаған. Көрермендер үй ішін 

шыр айнала отыратын. Сыймағандар жабықтан сығалап, қы-

зықтайтын. Бақсының ойыны өзінің атынан да көрініп тұр-

ғандай, кішігірім театрдың немесе цирктің қызметін атқа-

ратындықтан, оған қатысушылар бақсыға болысып, жын қуу 

үшін ғана келмейді, барды-жоқты жақсысын киініп, көңіл 

көтеру үшін де жиналған. Мұнда әртүрлі эротикалық қимылдар 

да көрсетілетіндіктен (айталық, кейбір бақсы жолбарыс болып 

арқырап, әйелдердің үстіне асылатын немесе олардың ұятты 

жеріне қол жүгіртетін), бай-мырзалар ондай жерге бойжеткен 

119


 Ястребов М. Киргизские шаманы (Отрывок из записной книжки) // Моск-

ви тянин. 1851. Кн. I. № 7. – С. 309.

120

 Новолинеец А. Чары шамана в киргизском ауле // Оренбургские губерн-



ские ведомости. 1848. № 25.

121


 Диваев А. Из области киргизских верований: Баксы, как лекарь и колдун 

(этнографический очерк) // Известия общества археологии, истории и этногра-

фии.—Казань, 1899. Т.ХV. Вып. 3. – С. 315.

122


 ОҒК қолжазба қоры. 1081-бума, 7-дәптер.

62

63

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



қыздарын жібермеуге тырысатын. Ойын, әдетте, кешқұрым 

басталатын. Оған дейін бақсы арнайы даярланған дәмге 

отырады.

Бақсы ойынының іңірге қарата өткерілуінің себебі мынада: 

жындар өмірі адамзат өміріне қарама-қайшы бағытта дамиды 

деп саналған. Адамның тіршілігі, қарекеті жарық дүниеге 

қатысты болса, жындардікі, керісінше, қараңғылық әлеміне 

байланысты. Жындар кешке қарай қимыл-қозғалысқа түсіп, 

адамдарға деген қастандық әрекетін көбінесе түнгі уақытта 

іске асырады. Яғни шаманизмге тән жалпы сенім бойынша, 

жындар түнде жортып, күндіз тынығады. Сондықтан Азияның, 

Африканың, Австралияның, Солтүстік Американың байырғы 

халықтарындағы бақсы (шаман) атаулы жындармен негізінен 

түнге қарай алысады.

Бақсы ойыны өткеріліп жатқан үйде ошақта жанып 

жатқан оттан ғана көмескі сәуле шашырайды

123

. Ошаққа қазан 



көтерілсе, астындағы отқа кетпен, күрек немесе басқадай те мір 

заттар тасталып қыздырылатын.

Жын келгенде күркіреп,

Қызып тұрсын дайын деп,

Отқа темір салады,—

деген өлең жолдарында да отқа темір салу рәсімі анық көріне ді. 

Қыздырылған темір әлтаман бақсы ойыны кезінде қажет. Одан 

басқа нәрселер де даярланатын.

Бақсы ойынына жұрт жиналып болған соң есік жабылып, 

тұтқасы жіппенен байланып тасталатын. Оның себебі—бақсы-

ны жындары қысқан кезде қаскөй зиянкестер сырқаттың жа-

нын есіктен ала қашуы мүмкін деп саналған

124

.

123



 Басқа кейбір халықтарда бақсы ойынын тас қараңғы үй ішінде өткізетін де 

салт болған. Қараңыз: Алексеенко Е. А. Шаманство у кетов // Проблемы исто-

рии общественного сознания аборигенов Сибири.—Л., 1981. С. 119; Прокофье-

ва Е. Д. Материалы по шаманству селькупов.—Сонда. – С. 67-68.

124


 Қараңыз: А. Н. Баксы // Иллюстрированный семейный листок. 1860. № 

99-100. С. 388. Ойын кезінде есікті жауып тастап, ешкімді кіргізбейтін және 

шығармайтын сахалар әдеті туралы мына еңбекпен танысыңыз: Виташев-

ский  Н. А. Из наблюдений над якутскими шаманскими действиями // Сбор-

ник Музея антропологии и этнографии.—СПб., 1918. Т.V. Вып. I. – С. 165.



64

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ауырған адам, әдетте, ортада аяқ жағын отқа қарата 

жататын


125

, не отыратын. Бақсы 2-2,5 қадам мөлшерінде оған 

қарама-қарсы отырады. Астына кілем төселеді (жоқ болса: 

сырмақ, көрпе). Сырқаттың үстіне мата жауып қоятын

126

. Мата 


жабу салты Орта Азия шаманизмінде кең өріс алғаны белгілі

127


.

Бақсы сарыны. «Сарын» терминін ғылыми әдебиетте тұң-

ғыш қолданған Шоқан Уәлиханов болатын. Ол бақсының ойы-

ны кезінде қобыздың сүйемелімен орындалатын өлеңді «са-

рын» дейтінін 1854-1855 жылдар шамасында жазған

128

. Алайда 



«сарын» сөзі халықтық терминологияда бақсыға қатыссыз 

да қолданыла беретінін ескерген жөн. Айталық, осы термин 

үйлену салтына қатысты фольклор құрамында да

129


, ақындар 

поэзиясында

130

 да кездеседі, бүгінгі фольклортану ғылымын да 



«мотивтің» баламасы ретінде де пайдаланылады.

Бақсы сарындарын дін салтына қатысты десек те, наным-

сенімдерге қатысты десек те айырмашылығы жоқ: екеуі бір 

ұғымды білдіреді. Егер нақтылай айтсақ, бақсы сарыны шама-

нистік салттардың құрамына енетін поэтикалық пішін болып 

табылады.

Бақсының сарындары ертегі, батырлық жыр немесе мақал-

мәтел сықылды кез келген сәтте орындала бермейді, бел-

гілі бір ғұрыпты атқару кезінде ғана орындалады және оны 

орындайтын кісі—бақсы ғана. Бақсы сарыны бақсы ойыны-

ның үстінде орындалады, сондықтан ол бақсы ойынының ажы-

ра 


мас бөлігі болып табылады. Бұл бөлік басқа бөліктермен 

125


 Щетинин Д. Врачевания у киргиз // Тургайская газета. 1895. № 45; Рыба-

ков С. Баксы (киргизские кудесники) // Оренбургский листок. 1897. № 24.

126


 Савва Большой көрген ауру келіншектің үстіне бірінші күні жұп-жұқа 

аппақ жібек, шыт жабылса, үшінші күні ақ кенеп жабылған. Қараңыз: Боль-



шой С. Записки о приключениях в плену у киргиз-кайсаков в 1803 и 1804 го-

дах // Сын Отечества. СПб., 1822. Ч. 78. С. 62. Старшина Айбасовтың қызы 

ауырғанда бақсы оның үстіне жарқыраған, түрлі-түсті мата жапқан: Оренбург-

ский листок. 1889. № 25. т.с.с.

127

 Қараңыз: Малов С. Е. Шаманство у сартов Восточного Туркестана // Сб. 



МАИЭ. Пг., 1918. Т.5. Вып. 1; Троицкая А. Л. Лечение больных изгнанием 

злых духов среди оседлого населения Туркестана // Бюллетень Среднеази-

атского госуниверситета.—Ташкент, 1925. Вып. 10; Муродов О. Некоторые 

фольк лорные жанры связанные с древними верованиями таджиков // Фольк-

лор и этнография.—Л., 1977.

128


 Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. В пяти томах.—Алма-Ата, 1984. Т.1. С. 212.

129


 Қараңыз: Қазақтың музыкалық фольклоры.—Алматы, 1982. 193-194-б.

130


 Сонда. 204-206-б. 

64

65

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



бірлікте, байланыста болғанда ғана басы бүтін құбылыс туады. 

Ол құбылысты бақсы ойыны дейміз. Бақсы ойыны дәстүрлі 

ғұрыптар жиынтығынан тұратын сеанс болса, оны өткеруші 

орталық тұлға—әрине, бақсы.

Ал бақсының сарындары дегеніміз өзге діндердегі дұға-

ның, мінәжаттың міндетін атқарады.  Алайда дұға алдын ала 

жазылып қойылған діни сенімдер жиынтығының эталоны 

саналатын қасиетті кітаптардан үзінді түрінде оқылса, бақ сы-

ның сарыны әдетте импровизацияға негізделеді.

Ойын алдындағы дайындық рәсімдері толық атқарылып 

болған соң, бақсы қолына қобызын алып, ойынын бастайды. 

Алдымен қобыз күйлері орындалады. Күй ырғағына беріліп, 

біраз қызып алғаннан кейін бақсы қобыз үніне өзінің мұң лы, 

зарлы дауысын қосады. «Бақсы,—дейді А.Левшин,—қобы-

зын ойнап, сарнап, ақырын теңселе бастады. Сосын оның 

денесі музыка ырғағына сай қимыл-қозғалысқа түсті. Дауы сы 

біртіндеп күшейген сайын, оның теңселуі де күшейді»

131


.

Бақсы, әдетте, өзінің сарынын әулие-әнбиелерге сыйыну дан 

бастаған. Ол мына сияқты болады:

Мағруптағы әулие,

Машруптағы әулие,

Түркістанда Түмен баб,

Сіздерден медет тілеймін.

Сайрамдағы сансыз баб,

Отырарда отыз баб,

Ең үлкені—Арыстан баб,

Ең кішісі—Алаша қап,

Сіздерден медет тілеймін.

Бақсы бұрын-соңды естіп-білген әулие-әнбиелерінен еш-

кімді қалдырмай түгел атап, ақырында:

Жер жүзіндегі әулие,

Күн көзіндегі әулие, 

131

  Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и 



степей.—СПб., 1832. С. 62. 

5-0139


66

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ал сыйындым сіздерге,

Жәрдем бергей біздерге,—

деп бір-ақ түйеді. Тәңірі, Құдай, Алла және де Мұхаммед 

пайғамбардан бастап, Омар, Оспанға дейінгі сахабалар—бәрі 

аталады. «Мен оның сөзінен түк те ұққаным жоқ,—дейді 

А.Янушкевич,—бірақ әртүрлі құдайлардың, әулиелердің 

ішінде Ысырайыл мен Жебірейіл де болды»

132


. Бақсы әулие-

әнбиелерге сыйынып болдым-ау деген кезде сарынын аз-кем 

тоқтатып, отырғандарға: «Ля алла иль алла» (Алладан басқа 

Алла жоқ) деңдер,—дейді, қатысушылар мұны бір ауыздан 

қайталайды

133


. Бұдан кейін ол аруақтарды шақыруға кіріседі. 

Аруақтарды шақырудың бірнеше типі бар.

1. Бұрын-соңды өткен атақты хандардың, батырлардың, 

бай-мырзалардың аруағын шақыру. Мысалы:

Уақ атасы Ер Көкше,

Ерлігінің белгісі—

Садағына келген сан кісі,

Мылтығына келген мың кісі.

Сарыбай, Сарыш, Өтеулі,

Үш жүзге сексен ат

Бәйгеге қосқан Көрпебай.

Арғы атасы Қарақожа,

Ханда—Абылай,

Қарада—Қазыбек,

Төрт ұлды Торайғыр,

Жағалбайлы Түнғат,

Қаракерей Қабанбай,

Қу дауысты Қазыбек,

Қаракерей Мұрында—Қандыбай,

Шақшақұлы Жәнібек,

Тобықтыда—Дөненбай,

Ішіндегі Доғалбай,

132

 Янушкевич А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям.—



Алматы, 2005. – С. 199.

133


 Диваев А. Из области киргизских верований: Баксы, как лекарь и колдун 

(этнографический очерк) // Известия общества археологии, истории и этногра-

фии.—Казань, 1899. Т.ХV. Вып. 3. – С. 317.


66

67

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Өте шықты заманында—Құнанбай,

Таздың арғы атасы—Шойынқара,

Қара, Сары, Қондыбай...

2. Тікелей өз ата-бабаларының аруағын шақыру.

3. Атақты бақсылардың аруағын шақыру.

Әулие-әнбиелер мен аруаққа сыйыну көбінше іркес-тіркес 

келеді, кейде араласып та кетеді. Бұлардың бәрі (әулие-ән-

биелер, аруақтар) бақсының жебеуші пірлеріне жатады.

Пірлерге сыйыну рәсіміне бақсы сарындарының компо зи-

циялық бастауы ретінде қараған жөн. Бұдан кейін бақсы өзінің 

көмекші жындарын шақыра бастайды. Олардың әрқайсы-

сына тән номенклатуралық қызмет болады. Сондықтан да 

бақсы жындарды қалай болса солай емес, белгілі бір тәртіппен 

шақырады. Әрине, алдымен болжаушы жындар шақырылуға 

тиіс. Бақсы сарынының бұл бөлігіндегі негізгі мақсат—ауру 

себептерін іздеу. Бақсы оларды былайша шақырады, ақыл-

кеңес сұрайды:

Ал шақырдым, жын-дағы,

Жынды қылған Құдайым,

Кел бермен, жын мұндары,

Сенімен кеңес құрайын,

Атаңның аузын ұрайын.

Шақырайын көк Қабан,

Басқан жері он табан,

Ал шақырдым, Шойтабан.

Қара қасқа ат мінген,

Жал-құйрығын шарт түйген.

Ал шақырдым, Темірқан,

Болжа деймін сендерге!

Бұл уақта «жуан ішектерді бойлап, ысқы үздіксіз жүгі-

реді, біртіндеп бақсының дауысы құлақ жаратын дәрежеге 

жетеді»


134

. Бақсы жындарына «әділ сөйле», «өтірік сөйлеме» 

дегенді қайта-қайта айтады, өйткені ол аурудың диагнозын 

соған қарап қояды:

134

 Москвитянин. 1851. Кн. I. № 7. – С. 309.



68

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

...Әділ сөйле, ер Қабылан,

Ақмарал атты еріміз,

Әділ сөйлеп келіңіз,

Сырдың бойы сырғақ-ты,

Ашамайлы күн қақты,

Байқай сөйле аруақты.

Өтірік сөйлеп, ерлерім,

Сындырмағай белімді.

Өтірік енді сөйлесең,

Шақырып сені не етейін?

Әділ бір сөйле, кел бері,

Байқап сөйле, сен бері,

Өтірік енді сөйлесең,

Ал қараңды көрмеймін,

Жөніңе түсіп жүрмеймін!

«Әділ сөйле», «байқап сөйле», «өтірік сөйлеме» дегендерді 

бастырмалата, үсті-үстіне қайталау арқылы ол біртіндеп ауру-

дың сеніміне кіреді. Бақсының:

Жын үлкені, Ер Шойлан,

Кідірмей бермен кел, Шойлан,

Өтірік айтпа, жын, ойлан.

Басыңды баудай қағармын,

Қаныңды судай шашармын,—

деген қаһарлы әмірін өз құлағымен естіп отырған сырқаттың 

жабыраңқы көңілі көтеріліп қалады, бақсының шексіз күшіне 

иланбасқа шарасы қалмайды. Сөйтіп, шамандық диагноз қоюға 

дейін-ақ дерт қуудың алғашқы психологиялық дайындықтары 

жасалады. «Арасында,—дейді Құдабай Қостанайұлы,—бақсы 

ауыр-ауыр күрсінеді. Қобыз үні бірте-бірте тыныштала береді. 

Міне, бақсы үнсіз қалады. Кенет ол селк ете түсіп, қолда рын 

ербеңдете жөнелді. Қобыз шанағына ілінген сылдырмақ 

тар 


сыңғыр қақты. Бақсы сол сылдыр-сылдыр, сыңғыр-сыңғыр 

үнге құлағын тосады, аракідік көзін бір ашып, бір жұмып, бет-

аузын қисаңдатады. Осы күйде ол бірнеше минут отырады. 


68

69

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Көрермендердің айтуынша, бақсы бұл кезде сырқаттың тағ-

дыры туралы жындардан жөн сұрап жатады»

135

.

Сылдырмақтардың сыңғыр қағуы, бақсы қолдарының ер-



беңдеуі мен бет-аузының қисаюы жындардың келгенінен хабар 

береді. 


Бақсының сырт көзге мүлде жат, түсініксіз қимылдар 

жасауында, яғни өзімен-өзі арпалысып, шыр айналып, ке-

ріліп-созылып, еңкейіп-жантайып, бұлқан-талқан болуында 

елеулі мағына бар. Олар—жындардың жиылып, бақсының 

бойын қыса бастағанын білдіретін пантомималар. Ал экстаз 

дә режесіне жеткенде бақсының аузынан ақ көбік ағып, талып 

қалуы—оның жындар әлеміне баруын, сонда болуын білдіреді. 

Тұрып, есін жинаған соң, бақсы ол жақта өзінің не көріп, не 

білгенін әңгімелейді, сырқаттың не себепті ауырғанын, қан-

шаға созылатын, не дауа болатынын айтады.

Осымен, бақсы ойынының бір бөлімі аяқталады. Әрі қарай 

емдеу процесі басталады. Бақсы емі жоғарыдағы болжам 

нәтижесіне тікелей байланысты: не ол дәрі-дәрмектерді пай-

да ланады, не әртүрлі магиялық шараларды қолданады, не си-

қырлы сарынын одан әрі жалғастырып, дертке дауа табатын 

көмекші жындарын шақырады. 

Қалай болғанда да, бақсы ойынының сырқатқа ғана емес, 

оған қатысып отырған көрермендерге де әсер ететіні күмән-

сіз. Бақсы—өзін де, өзгені де трансқа түсіре алатын қабілет 

иесі. Ол сырқаттың жан-дүниесін көз байлау (гипноз) арқылы 

да басқарады. Сөйтіп, ерекше психологиялық ем қолданады. 

Сендіру—бақсы ойынының басты міндеті. Бақсының емі жүй-

ке және жан дүниесінің ауруына ұшырағандарға көбірек дауа 

болатыны да сондықтан. Қобыздың күңіренген үні, бақсының 

зар илеп, жындарын шақыруы, нанбасқа нандыратын неше 

түрлі фокустар, мың құбылған пантомималар, міне, мұның 

қай-қайсысы да нар көтерер сенім жүгін арқалайды. Әрине, 

бар сенімнің ішіндегі тірегі, темірқазығы—шаманистік сенім: 

аурудың иесі болады деп білу. Оған бақсы қалай әсер етеді—

мәселе сонда. Неғұрлым күшті бақсының жындары да көп, әрі 

әлуетті.

135


 Кустанаев Х. Этнографические очерки киргиз Перовского и Казалинско-

го уездов.—Ташкент, 1894.



70

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Шамандық түсінік бойынша, жындар әлемі екі үлкен 

лагерьден тұрады: мейірімді жындар (добрые духи) және зиян-

кес жындар (злые духи). Бақсыға бағынатындары, әрине, 

мейірімді жындар. Жалпы аты солай болғанмен, олардың өзі 

іштей жіктеледі екен (пері, жын, шайтан). Бақсы сарындарында 

жын қатарында пері де, шайтан да атала бергенмен, кейбір 

бақсылар оларға жеке-жеке мән берген. Қорғанбай бақсының:

Өтірік басқа—шын басқа,

Шайтан басқа—жын басқа.

Пері басқа—жын басқа,

Әрқайсысы бір басқа,—

деуі де сондықтан.

Бақсылар керегіне қарай жындарын кезек-кезегімен ша қы-

рады:


Ақтұйғыным, бопам-ай,

Томағаң сенің күмістен,

Аяқ бауың жібектен. 

Екі де бірдей баршын құс,

Күйту-күйту, Сары құс!

Жеген жемің бәрін құс!

Темір қанат Қара құс,

Сексен сегіз құмарлым,

Тоқсан тоғыз тұмарлым!

Сол иығың—үкілім!

Қызыл да жирен ат мінген,

Жал-құйрығын шарт түйген.

Екі найза түйіскен.

Айқайлап жауға тиіскен,

Екі бірдей торы атым,

Құйысқанды Құла атым,

Қызыл шұбар айдаһар.

Әрқайсысына мақтаулы сөз, әсерлі теңеу табуға тырысады. 

Жындарын жеке-жеке атап, шақырған кезде бақсы даңғы-

ра, дабыл қағады, асатаяқпен жерді ұрады. Бақсының ащы 

дауысына түрлі дүңгір, түрлі сыңғыр қосылып, азан-қазан 


70

71

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



болады. Әне, жындар да мұны естіді, суыт хабар жеткен соң, 

бес қаруын сайланып, алдағы қызу ұрысқа апыр-топыр жинала 

бастайды. Дауыс жетпеген алыс жерлерге шабарға ат, хабарға 

ителгі жіберіледі. Бақсының шақыруын естіген жындардың 

қай-қайсысы да жолға шығуы керек. Бірақ олардың ішінде де 

елгезегі, еріншегі бар. 

…Сөйтіп, бақсы бірде-бір бос қимыл жасамайды: әрбір әре-

кетінде астар бар, әрбір қимылында қатаң қалыпқа, өрнек-

ті өлшемге түскен пантомималық мазмұн бар. Бұдан бақсы 

сарынындағы сөз бен бақсы ойынындағы іс-әрекет арасын дағы 

ерекше байланыс болатыны анық көрінеді. 

Бақсылық ем сеанстары кезінде бақсы өзін-өзі ойнайды, 

жын болып ойнайды, фокус көрсетіп ойнайды т.б. Мұның 

барлығы да актерлік өнермен тікелей байланысты. Бақсы ның 

ем-дом ретінде қолданатын ғұрыптық іс-әрекеттері жиын тық 

түрде ойын деп аталуы да нақ осыған қатысты. Алайда актер-

дің ойыны эстетикалық сұранымдарды қанағаттандыруға ға-

на бағытталса, бақсы ойынының қызметі мүлде басқа—емдеу, 

жору. Сондықтан да бақсы ойыны актерлік ойыннан түбірімен 

ерекшеленеді.

Бақсылардың денеге пышақ (қанжар, қылыш) сұғу фоку-

сын жеке алып қарасақ, әрине, ол иллюзион өнеріне жатады. 

Бірақ иллюзион өнерін жете меңгеруіне қарамастан, бақсыны 

иллюзионшы дей алмаймыз. Иллюзионшы өзінің фокусына 

адамның ақыл-айласы туғызған өнер дүниесі ретінде қараса, 

бақсы мұны жындары дарытқан күш, ауруға демеу болатын 

тәсіл деп біледі. 

Бақсының негізгі психотерапиялық әдісі гипноз (сендіру, 

ұйыту) болса, әлгідей фокустар бақсының гипноздық әре-

кеттерін күшейте түсу үшін қажет. Бақсы неғұрлым өнерлі, 

неғұрлым дарынды болған сайын оның гипноздық әрекетте-

рінің де науқасқа әсері соғұрлым күшті. Бақсының жын 

шақыру кезінде сырқат та, көрермендер де біртіндеп трансқа 

түседі. Ұйытушы—әрине, бақсы. Жұрттың сеніміне әбден 

кіріп болған уақытта ол құдіреті күшті дирижерға айналады. 

Отырғандар бақсы не айтса, соны істейді, не қимыл көрсетсе, 

соны қайталайды. Бақсымен бірге теңселеді, бақсымен бірге 

оның жырына да қосылып кетеді. Бақсының ойыны мен сары-

ны  әсіресе науқасқа қатты әсер етеді.


72

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Бақсы ойыны мен сарыны бірнеше бөліктен тұратыны 

белгілі. Айталық, кіріспе (рәсімді дайындау), жын шақыру, 

жындардың шайқасы. Ал бақсылар ойыны мен бақсылар са-

рынының соңғы бөлімі жын қайтару деп аталады. Бақсы жын 

қайтарар алдында «саф болды» дейтін. Бұл—көмекші жын-

дар мен зиянкес жындар арасындағы соғыс бітті дегені. Содан 

соң бақсы қобызын тағы да күңірентіп, жын қайтару рәсіміне 

кірісетін. Онда былай дейтін:

Айналайын, дәулерім,

Айналайын, беклерім.

Бәрекелде, дәулерім.

Айдашы, Қара, айдап қайт,

Қол-аяғын байлап қайт.

Шашау шығып қалмасын,

Бәрін алып, жинап қайт.

Үлкен-кіші аға бар,

Бесікте жатқан бала бар,

Жан-жағыңа бармай, қайт.

Түндігі ашық бейбақ бар,

Назар көзін салмай, қайт,

Әскеріңді аралап,

Жаралы бір қалмасын,

Тастамай бәрін алып қайт!

Иә, мұнда бақсының разылық сезімі бар, ауыр ұрыстан 

соңғы майдан картинасы бар. Және де мұнда жындардың 

антропоморфты қасиеттері айқын көрінеді. Бәрі біткен соң 

бақсы: 

Қой, қош аман болыңыз,—



Пір Қожамның бес ұлы,

Ер Қожамның үш ұлы,

Алға келдің бас ұрып,

Қайратыңды асырып,

Алдымдағы мейманның

Үстінен дертін қашырып,

Дауа салдың мейманға.

Разы бол, жын мұндар,



72

73

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Басыңды қосып, жиғанға.

Мұнан қоймай хабар айт,

Ертеңгі күн қалмасын,

Келуінен танбасын,

Тоқсан тоғай толғаны,—

деп, өзі де разы болып, жындарының разылығын сұрап, соңғы 

тапсырмаларын беретін. Сөйтіп, жындарын түгелдей мекеніне 

қайтаратын.

Сонымен, бақсы ойыны мен сарындарында жүйелілік, бі-

різділік болатынын көрдік. Ойын бақсылық ғұрыптар негі-

зінде өткеріледі: бақсының айтар сөзі де, атқарар іс-әрекеті 

де дәстүрлі ғұрыптарға қатаң бағынады. Сондықтан да бақсы 

ойынындағы сөз бен әрекетті бөле-жаруға болмайды, олар бір 

медальдің екі жағы сияқты. Бақсы ойынын бірнеше актіден 

тұратын трагикомедиялық спектакль десе де болады. Мұнда да 

театрдағы сахна, партер, көрермен, актер (бақсы, бақсыға қо-

са кейде оның көмекшісі), бақсылық реквизит т.б.) бар. Бақсы 

сарыны, түптеп келгенде, импровизацияға негізделген көркем 

шығарма. Түйдек-түйдегімен ағытылған жыр ырғағы науқас 

пен көрерменді ғана емес, жындарды да тербеуі керек. Бақсы-

ның жан алып, жан берген, жын шақырған ащы дауысы, қо-

быз дың бірде ұлып, бірде ышқынған әуені, қоңыраудың сыл-

дыр қаққан сылқым үні бір оркестр құрады. Бұған бақсының 

әртүрлі оқыс қимылдары, түрлі-түрлі жын бейнесіне енгендегі 

өрескел қылықтары, көз байлап, көңіл аулайтын сиқырлы 

фокусы қосылғанда отырғандардың бейтарап қалуы екіталай 

болар. Сондықтан бақсы менен науқас, бақсы менен көрер мен-

дер арасында магниттің өрісіндей тартатын ерекше жан 

ды, 

ерекше ауқымды байланыс орнайды. Біраздан соң отырған дар 



бақсы ойынының құрғақ тамашалаушылары болудан қалып, 

оны бірге өткеруші, бірге орындаушы әрекет иелеріне айнала 

бастайды. Сөйтіп, бақсының психотерапиялық сеанстарын 

ұжым болып атқарысады. Ал бұл—көне өнердің белгісі.

Әрине, ойынның режиссері де, басты орындаушысы да—

бақсының өзі. Сан-салалы өнердің басын түйістіретін, кө ген-

дейтін ортақ желі—бақсының сарыны. Бақсы ойынын бейнелі 

түрде опералық спектакль десек, бақсы сарыны либретто 

қызметін атқарады, яки сала-сала, тарам-тарам сюжеттік оқи-


74

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

ғалардан тұратын күрделі эпикалық шығарма болып табыла-

ды. Ғұрыптық әрекеттердің орналасу ретіне қарай жүйелеген-

де бақсы сарындары мынадай сюжеттік қабаттардан тұратын 

болып шықты:

І. Пірлерге сыйыну—бақсы сарындарының кіріспе бөлімі; 

екі саладан тұрады: әулие-әнбиелерге сыйыну, аруақтарға 

сыйыну. Әулие-әнбиелерге сыйыну типтері—пайғамбарлар 

мен мұсылмандық әулиелерге мінәжат ету, қазаққа немесе 

қазақ ішіндегі белгілі бір аймаққа тән баба-әулиелерге сыйы ну. 

Аруақ шақыру типтері: атақты хан, батыр, би, байлардың аруа-

ғын шақыру, тікелей ата-баба аруағын шақыру, бақсы лар дың 

аруағын шақыру.

ІІ. Жын шақыру—бақсы сарындарының негізгі бөлігі қос 

салалы: барлаушы, кеңесші жындарды шақыру, сырқатқа 

дауа табар көмекші, қызметші жындарды шақыру. Магия-

лық ем рәсімдері жын шақыру жорасына байланыстырыла 

атқарылады.

ІІІ. Жын қайтару—бақсы сарындарының қорытынды бө-

лімі.

Міне, осы қалың қатпарлар түгел қордаланып, тұтас 



сүлделенгенде ғана бақсы сарындарының басы бүтін тұлғасы 

бар болмысымен көрінбек.

Ғұрып фольклорының жанрлары да белгілі бір заңды-

лықтарға бағынады, белгілі бір заңдылықтар аясында да ми-

ды. Алайда мұндағы сөз үлгілері, тіпті де эстетикалық та-

лап-тілектерді қанағаттандыру үшін емес, утилитарлық, 

прак тикалық қажеттіліктерді атқару үшін қолданылатынын 

ес 


тен шығармауымыз керек. Ғұрыптық сөз үлгілері ғұрып-

тық іс-әрекетпен тығыз байланысты. Сондықтан да ғұрыптық 

фольк лор жанрларын зерттеу үстінде ғұрыптық сөз үлгілерін 

ғұрыптық әрекеттен бөлек алып, жеке қарастыру мүмкін емес.



Б. Абылқасымов , 

филология ғылымдарының докторы, профессор

А. Тойшанұлы, 

филология ғылымдарының кандидаты

74

76

76

1. БӘДІК ӨЛЕҢДЕР




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет