Сана туралы екі философиялық тұжырымдама



Дата17.02.2022
өлшемі24,67 Kb.
#25774

Сана ұғымы
Сана – дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Ол адамға ғана тән бас миының қасиеті

Адамзаттың ойлау мәдениетін-де сана ұғымы «жан», «ақыл», «парасат», «рух» туралы түсініктермен байланысты.

Адам санасының орны философия тарихында космоцен-трлік, теоцентрлік, антропоцен-трлік тұрғыдан қарастырылды.

Сана туралы екі философиялық тұжырымдама

1.Идеалистік тұжырымдама.

1.1) Объективті идеализм бойынша, адам санасы - дүниежүзілік рухтың бөлшегі, өнімі немесе басқа түрдегі болмысы (Гегель).

1.2) Субъективті идеализм бойынша, сана – бұл өзі туралы түсінігі бар, өз-өзіне жетікілікті және дүниенің субстанциясы бола алатын адамның қасиеті (Р.Декарт, Дж. Беркли).

2. Материалистік тұжырымдама: сана материяның туындысы, адам миының объективтік шындықты бейнелеу қабілетінің даму нәтижесі. Бұл көзқарастың дәлелі ретінде Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы қолданылады. Дене өлгенде сана да жойылады.

Сана - онтологиялық мәселе ретінде

Онтологиялық жағынан: сана — бұл адам болмысында қалыптасатын, адамның тіршілік әрекетінің ерекше түрі, оның объективтік шындықпен өзара қатынас-тарының өнімі.

Сананың биологиялық негізі, субстраты – адамның бас миы.

Сана құрылымы

- сезімдік-перцептілік бөлігі

- эмоциялық бөлігі

- құндылықтық-мотивациялық бөлігі

- жігер, ерік бөлігі

- когнитивтік-логикалық бөлігі

Ес, жады – сана бүтіндігінің фундаменті



Сананың әлеуметтік-тарихи сипаты

Сана антропосоциогенездің нәтижесі. Сананың әлеуметтік алғы шарты – қоғамдық қатынастар, еңбек, тіл.

Жеке дара адамның индивидуалдық санасы және қоғамдық сана ажыратылмас байланыста қалыптасқан.

Егер бала туғаннан адамдармен араласпаса, оның бас миы болса да, санасы қалыптаспайды (Маугли)

Сана - гносеологиялық мәселе ретінде

Гносеологиялық жағынан сананың өмір сүру тәсілі - таным, білім алу

Сананың басты белгісі –ұғымдарды қалыптастыру.

Ұғым, пайымдау, ой тұжырымы - ойлаудың формалары

Сана және өзіндік сана

Өзіндік сана - адамның өзі-өзінің кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш-қуатын, ақыл-ойын, қабілеттілігін, әрбір іс-әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат-міндетін, өзінің қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы

Қазіргі Қазақстанда рухани жаңғыру контекстінде тұлға санасының ашықтығы мәселесі қойылуда: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілікті дамыту қажет

Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық өзіндік сана

Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға әлеуметтік топқа, ұлтқа тән.

Ұлттық өзіндік сана - белгілі бір ұлттық қауымдағы адамдардың  осы қауымның идеалдарын, мәдени нормаларын, дәстүрлерін, тұрмыстық стереотиптерін меңгеруін және мүдделері мен жағдайларын білетінін сипаттайтын сезімдер мен түсініктерінің  жиынтығы.

Рухани жаңғыру – ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келуі.

Философия тарихында бейсаналық туралы түсініктер

Философиядағы бейсаналық әр түрлі көріністер мен әртүрлі атауларға ие болды:

бұл болмыстың тәуелсіз түсініксіз мәні (мистика, романс);

аффектілер және түсініксіз идеялар (Спиноза);

-сезінбейтін қабылдау (Лейбниц);

генерациялау принципі, әлемді құру (Шеллинг);

-адамның еркін әрекет ету принципі (Фихте);

әлемнің негізінде жатқан ерік (Шопенгауэр),

ғаламның панпсихизмге немесе жалпыға бірдей сезіну қабілетіне негізделген рухани қағидасы (Э. фон Хартман);

билікке деген ерік (Ницше),

интуитивті идеялар мен қабылдаулар (Бергсон) және т.б.

Бұл тәсілдердің барлығы, әдетте, не онтологиялық, не психикалық бейсаналыққа бейім.

Фрейд бейсаналық мәселесі туралы

Адам мен қоғам өмірінде бейсаналықтың рөліне назар аударған фрейдизмнің негізін қалаушы - австриялық ғалым - психиатр Зигмунд Фрейд болды.

Оның пікірінше, “бейсаналық - санамен қатар тіршілік ететін және белгілі дәрежеде сананы бақылайтын, әрбір адамға тән айрықша психикалық реалдылық”

Бейсаналық және түс

Бейсаналықтың ерекше көрінісі – ұйықтап жатқан адамның түсіндегі бейнелер

Фрейдтің пікірінше, түс - шын өмірде іске аспай жасырын жатқан адам тілектері мен ұмтылыстарының орындалуы мен көрініс беруі.

Бейсаналықтың өзегі не?

Бұл сұраққа жауап ретінде Фрейд екі «психоаналитикалық жүйе» жасап ұсынды:

бейсаналықтың негізінде «либидо» - жыныстық құштарлық жатыр

2) бейсаналықтың шеңберінде екі негізгі инстинктер бар : Эрос (өмір инстинкті ) және Танатос (өлім инстинкті )

Эрос - адамның конструктивті, жасаушылық тәртібінің негізінде жатыр. Сол арқылы адам өз қажеттіліктерін өтеп, ұрпақ жалғастырады.

Танатос - адамды қауіпті, бөтен көрінетіннің бәрін жоюға, деструктивті әрекетке итермелейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет