Саналатын «мақал-мәтелдердің» көрінісіне зерттеу жасалды. Талдау барысында ақын шығармашылығында мақал-мәтелдердің көрінісі үш сатыда қарастырылды



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата11.03.2023
өлшемі303,26 Kb.
#73401
  1   2   3   4   5   6


«Keruen» scientific journal
M.O.Auezov Institute of Literature and Art
ISSN 2078-8134,
Volume 73, Number 4 (2021)
МРНТИ 17.71.91
https://doi.org/10.53871/2078-8134.2021.4-23
 
Н. Набиолла 
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 
Алматы қаласы, Қазақстан 
E-mail: 
Nasihat_83@mail.ru
 
ORCID ID – 0000-0001-9832-8028 
Абай шығармашылығындағы мақал-мәтелдердің көрінісі
Аңдатпа. Мақалада ақын шығармашылығындағы қазақ фольклорының бір саласы 
саналатын «мақал-мәтелдердің» көрінісіне зерттеу жасалды. Талдау барысында ақын 
шығармашылығында мақал-мәтелдердің көрінісі үш сатыда қарастырылды. Әуелі Абай 
Құнанбаев өзінің поэзиясында фольклорды көркем өнердің шебері, эстетика өкілі, ойшыл 
ақын ретінде пайдаланады да, ал қара сөзінде фольклорды зерттеуші тұлғада көрінеді. 
Сонымен бірге кейбір мақал-мәтелдерді де өз тарапынан шығарушы халық өкілі ретінде 
жүз береді. Абайдың қазақ мақал-мәтелдерінің мәнін ашып көрсететін, заман ағымынан 
қалып қойған кейбір мақал-мәтелдер мен күні бүгінге дейін өз қолданысын жоғалтпай мұра 
ретінде, қолданыста жүрген нақыл сөздерге байланысты айтылған көзқарасы осы мақалада 
қаралды. Сондай-ақ, Абайдың өз шығарған мақал-мәтелдері деген бірнеше мақал Семейдегі 
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-
музейіннің» қорындағы ел арасынан жиналған қолжазба мұраларында сақталған. Араб 
әрпімен хатқа түскен бұл мақалдарда негізінен ел билейтін, дау-шарларға әділ үкім кесетін 
биге баға берген. Мақалды айтушылар «Абайдың өзінің шығарған мақалы» деп ұсынады. 
Мақалда биді батырмен салыстыра отырып, бидің ел үшін орны мен мәртебесінің биіктігін 
айқын көрсетіп береді. Сонымен бірге құлдық психология мен ақ сүйектік, сананың биіктігі 
мен төмендігін салыстыра бағалайтын мақалды да қарастырдық. Онда қоғамның әр 
сатысындағы адам психологиясын бере білгенін көреміз. Тыңнан табылған осы мақалдар 
да мақалада зерттеу мақалада мысал ретінде берілді.
Әрине, мақал-мәтелдердің барлығы да сап алтындай тап-таза, түгелдей құнын жойған 
жоқ деп айтуға болмайды. Кейбір мақал-мәтелдер белгілі бір кезеңнің, белгілі бір 
идеологияның шеңберінде, белгілі бір топтың мүддесі негізінде де пайда болғаны да бар. 
Сондықтан да ондай дүниелердің барлығын да халық мұрасы дегенімізбен, қолданыс 
аясынан шығып қалғандары қаншама. Сондықтан да Абай Құнанбаевтың қазақтың көне 
мұраларына сын көзбен қарап, өз тарапынан, сол мұралардың кемшін түсіп жататын 
жақтарын ашып беруі заңдылық. Халық мұрасының, соның ішінде мақал-мәтелдердің 
кейбір ескірген түсініктерін, белгілі бір көзқарасқа ие топтардың өз мүддесіне байланысты 
бұрмалап қолдануына сын айтуы негізінен ақынның қара сөздерінде көрініс тапқан.
Мақалада ақын шығармалары қарастырыла отырып, жоғарыдағыдай үш түйін 
негізінде зерттеулер жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет