Санау жүйесі



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі32,63 Kb.
#15327
  1   2   3   4   5

Санау жүйелері – цифр деп аталатын символдар көмегімен сандарды таңбалайтын атаулар ережесінің жиынтығы. Санау жүйелерінің негізі ретінде әртүрлі символдар саны немесе осы жүйеде цифрларды таңбалауға қолданылатын белгілер алынады.


Басқаша айтқанда, санау жүйесі – сандарды жазудың символдық әдісі, жазбаша таңбалардың көмегімен сандарды беру.
Санау жүйесі:

  • сандар жиынын (бүтін немесе нақты) береді;

  • әрбір санды бірегей (кем дегенде стандартты) көрсетеді;



бөлінеді.


Позициялық емес санау жүйесіне рим сандары жатады. Бірнеше сандар негіз болып алынған (мысалы, І, V, X), ал қалғандары осы негізгі сандарды қосу (VІ, VІІ сияқты) немесе алу арқылы ( ІV, ІX сияқты) алынады.
Позициялық санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның сан ішіндегі позициясына – тұрған орнына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, 666,6 санында бірінші 6 жүзді, екіншісі — 6 ондықты, үшіншісі – 6 бірлікті, ал соңғысы — бірдің оннан 6 бөлігін ғана көрсетеді..
Санау жүйесінің негізіне кез келген натурал санды алуға болады – екі, үш, төрт, бес, т.с.с. Сондықтан, позициялық санау жүйелері шексіз көп бола береді: екілік, үштік, төрттік, т.с.с. Негізі q болып келген санау жүйесінде сандарды жазу мынадай өрнектің қысқаша түрі болып табылады:

an-1 qn-1 + an-2 qn-2 + ... + a1 q1 + a0 q0 + a-1 q-1 + ... + a-m q-m,


мұндағы ai — санау жүйесінің цифрлары; n және m — берілген санның бүтін және бөлшек разрядтары сандары.

666,6 санын мынадай түрде де жазуға болады.


600 + 60 + 6 + 0,6 = 6.102 + 6.101 + 6.100 + 6.10—1 = 666,6.

4

ЭЕМ–де қолданылатын позициялық санау жүйелеріне екілік, ондық, сегіздік, он алтылық санау жүйелер жататындықтан біз тарауда тек осы санау жүйелерін қарастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет