Сапа менеджментi жҥйесі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқУ



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата02.01.2017
өлшемі322,31 Kb.
#1024
  1   2

 

    


 

 

САПА МЕНЕДЖМЕНТI ЖҤЙЕСІ  



 

 

ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ 

ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ 

УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

  

АЛҒЫ СӚЗ    

    

1. 


Оқу-әдістемелік басқармасымен ӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ 

2. 


Әзірлегендер 

  



Оқу-әдістемелік басқарма басщысы, с.ғ.к., доцент  

Р.С. Тәжітаева 

Оқу әдістемелік басқарма әдіскері, ғылым магистрі  

З.М. Оралова 

3. 


Келісілді 

-  Оқу істері жӛніндегі проректор, т.ғ.к., доцент  

С.Д. Мамраимов

 

 



 

-

 



 

Cапа  менеджменті,  аккредиттеу  және  мониторинг 

бӛлім    басшысы А.А. Алтыбаева

 

4. 



«Сырдария»  университеті  Ғылыми  кеңесінің  «___»    _____2015  ж.  №  ____ 

мәжілісінде талқыланып мақұлданды 

5. 

Енгізілді   



–  2015 ж. 

6. 


Тексерілу мерзімі 

–  2017 ж.  

 

      


 

Қызмет бабында пайдаланатын басылым 

 

      

 

 

 

 

Жетісай, 2015 

 

 


«Сырдария» университеті 

   УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесі 

19 беттің 2-беті 

 

 

 

 

1 МАҚСАТЫ 

«Сырдария»  университетінде  осы  ереже  негізінде  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша 

оқу үдерісін ұйымдастырудың, жоспарлаудың және жүргізудің регламентін орнату. 

 

2 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

2.1 Осы Ереже университетітің білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын оқу- әдістемелік 

басқармада, факультеттерде, кафедраларда, басқа да тиісті құрылымдық бӛлімдерде міндетті түрде 

енгізілуі және орындалуы керек. 

2.2

 

Осы  Ереже  «Сырдария»  университетінің  СМЖ    ІІ  деңгейдегі  құжаттарының  құрамына 



кіреді. 

 

 



3 СІЛТЕМЕЛІК ҚҦЖАТТАР 

- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (ҚР 

21.07.2015ж. №337-V Заңымен берілген ӛзгерістер мен толықтырулар); 

-  «Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты»  ҚР  Үкіметінің  2012 

жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы; 

-  «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» ҚР 

Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы; 

- «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары» 

ҚР  БҒМ  2011  жылғы  20  сәуірдегі   №  152  бұйрығы.    (ҚР  БҒМ  02.06.2014ж.  №198  бұйрығымен  

берілген ӛзгерістер мен толықтырулар); 

-  «Білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды  мемлекеттік 

аттестаттау  жүргізудің  үлгі  ережесі».  ҚР  БҒМ  2008  жылғы  18  наурыздағы  №125  бұйрығы  (ҚР 

БҒМ  2010.04.13  №168,  2010.11.1  №506,  2011.03.16  №94,  2013.11.04.  №445  бұйрығымен 

берілген ӛзгерістер мен толықтырулар); 

-  2011  ж.  19  қаңтарда  ҚР  БҒМ  кеңейтілген  Алқасы  шеңберінде  ректорлар  мәжілісінде 

мақұлданған  Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу  орындарында  білім  алушылардың 

академиялық ұтқырлық тұжұрымдамасы. 

 

 

4 АТАУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР 

Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 

1)  академиялық деңгей (Degree)  - қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу 

бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже; 

2)  академиялық  еркіндік  -  білім  беру  үрдісінің  субъектілеріне  оларды  таңдау  бойынша 

жиынтық  пәндерден, оқытудың  қосымша  түрлерінен  білім  мазмұнын  дербес  анықтау  үшін  және 

білім  алушылардың,  оқытушылардың  шығармашылық  дамуына  және  оқытудың  инновациялық 

технологиялары  мен  әдістерін  қолдануға  жағдай  жасау  мақсатында  білім  беру  қызметін 

ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің ӛкілеттіктер жиынтығы; 

3) академиялық кезең (Теrm) - 

15) 

академиялық кезең (Теrm) – теориялық білім алу кезеңі, 



15 аптадан тұратын семестр.

 

4)  академиялық  кҥнтізбе  (Асаdеmіс  Саlеndar)  -  оқу  жылы  бойына  демалыс  күндерін 



(каникулдар  мен  мерекелерді)  кӛрсете  отырып,  оқу  және  бақылау  іс-шараларын,  кәсіби 

практикаларды ӛткізу күнтізбесі; 

5) академиялық мобильдік - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір 

академиялық  кезеңге:  семестр  немесе  оқу  жылына  ӛзге  жоғары  оқу  орнына  (ел  ішінде  немесе 

шетелде)  игерген  білім  бағдарламаларын  міндетті  түрде  кредит  түрінде  сынақ  ретінде  тапсыра 

отырып ӛз ЖОО-сында немесе ӛзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін 

ауыстыру; 


«Сырдария» университеті 

   УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесі 

19 беттің 3-беті 

 

6)  академиялық  сағат  -    кесте  бойынша  оқу  сабақтардың  (аудиториялық  жұмыс)  барлық 



түрлері  немесе  жеке  бекітілген  графика  бойынша  білім  алушылардың  оқытушымен  байланыс 

жұмысының уақыты; 

7)  белсенді  ҥлестірмелі  материалдар  (КҮМ)  (Hand-оuts)  -  білім  алушының  тақырыпты 

шығармашылықпен  табысты  меңгеру  үшін  оқу  сабақтарында  таратылатын  кӛрнекі  безендірілген 

материалдар  (дәріс  тезистері,  сілтемелер,  слайдтар,  мысалдар,  глоссарийлер,  ӛз  бетінше  жұмыс 

істеуге арналған тапсырмалар); 

8)  білім  алушыларды аралық  аттестаттау -  білім алушының емтихан сессиясы  кезеңінде 

бір  пәннің  толық  кӛлемін  немесе  бір  бӛлігінің  мазмұнын  аяқтап  болғаннан  кейін  оның  игеру 

сапасын бағалау мақсатында ӛткізілетін рәсім; 

9)  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  (Qualification  Eхamination)  -  мемлекеттік 

жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе 

кӛлемін анықтау мақсатында ӛткізілетін рәсім; 

10)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістігі  -  білім  алушылардың  оқу  үдерісінде  алатын 

және  жеке  тұлғаның  қол  жеткізген  даму  деңгейін  кӛрсететін  білімі,  іскерліктері  мен  дағдылары, 

құзыреті; 

11)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  -  жоғары  оқу  орындары  дербес 

анықтайтын  бақылау  мен  аттестаттаудың  әртүрлі  нысандары  арқылы  (ағымдық,  межелік, 

қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру; 

12) білім алушылардың ӛзіндік жҧмыстары (бұдан әрі - БӚЖ) - ӛз бетінше оқуға берілген, 

оқу-әдістемелік  әдебиеттермен  және  ұсынымдармен  қамтамасыз  етілген,  тест,  бақылау 

жұмыстары,  коллоквиумдар,  рефераттар,  шығармалар  мен  есеп  берулер  түрінде  бақыланатын 

тақырыптардың  нақты  тізбесі  бойынша  жасалатын  жұмыс;  білім  алушының  санатына  қарай  ол 

студенттің ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӚЖ), магистранттың ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - 

МӚЖ) болып бӛлінеді; БӚЖ-дің барлық кӛлемі білім алушылардан күнсайын ӛзіндік жұмыстарды 

талап ететін тапсырмалармен расталады; 

13)  білім  алушылардың  ҥлгеріміне  ағымдық  бақылау  -  академиялық  кезең  ішінде, 

оқытушымен ӛткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың 

білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру; 

14)  білім  алушының  академиялық  рейтингі  (Rating)  -  аралық  аттестаттау  нәтижелері 

бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық кӛрсеткіші; 

15)  білім  беру  бағдарламаларын  модульдік  негізде  қҧрастыру  -  білім  беру 

бағдарламасының  мазмұны  мен  құрылымын  оқытудың  мақсатына  сай  білім  алушының  кәсіби 

құзыреттілігінің жиынтығы болатын оқу үдерісін ұйымдастыру тұжырымдамасы негізінде кәсіптік 

оқыту мақсатына қол жеткізу құралы; 

16)  екі  дипломдық  білім  -  екі  тең  бағалы  диплом  (Double  Major)  немесе  бір  негізгі  және 

екінші  қосымша  диплом  (Major  Minor)  алу  мақсатында  екі  оқу  жоспары  (білім  беру 

бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі; 

17)  Еуропалық  трансферт (аударым) және несиелік жинақтау  жҥйесі  (ECTS) білім  беру 

траекториясы,  оқу  орны  және  оқыту  елі  ауысқан  жағдайда  білім  алушылардың  игерген  оқу 

пәндерін  (кредит  мен  бағаларын  қоса  алғанда)  салыстыру  және  қайта  сынақтан  ӛткізуде 

пайдаланылатын  білім  беру  бағдарламалары  компоненттеріне  сынақ  бірліктерін  (несие)  белгілеу 

әдісі; 


18) жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің 

каталогы негізінде эдвайзердің кӛмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары; 

19)  кредит  (Credit,  Credit-hour)  -  білім  алушының/оқытушының  оқу  жұмысы  кӛлемін 

ӛлшейтін сәйкестендірілген бірлігі; 

20) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы кӛлемінің 

біріздендірілген  ӛлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану  арқылы,  білім  алушының  пәндерді 

таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту; 


«Сырдария» университеті 

   УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесі 

19 беттің 4-беті 

 

21) қорытынды бақылау - емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу 



пәні  бағдарламасын  бағалау  сапасының  мақсатын  игеру,  білім  алушылардың  оқудағы  жетістігін 

бақылау;  егер  бірнеше  академиялық  кезеңдер  барысында  пәндер  оқытылатын  болса,  онда 

оқытылған  нақты  академиялық  кезеңде,  пәндерге  бӛлімдер  бойынша,  қорытынды  бақылау 

жүргізіледі; 

22) межелік бақылау - бір оқу пәнінің ірі бӛлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың 

оқу жетістіктерін бақылау; 

23)  модуль  –  білім  алушылардың  білімі,  білігі,  дағдысы  және  құзыреттілігі  бағалау 

критерийлеріне сәйкес келетін нақты тұжырымдалған, дербес, білім беру нәтижелері тұрғысынан 

аяқталған білім беру бағдарламаларының құрылымдық элементі; 

24)  модульдік  білім  беру  бағдарламасы  -  білім  алушылардың  қандай  да  бір  академиялық 

дәреже және/немесе біліктілік алуы үшін қажетті негізгі құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған 

оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы; 

25)  модульдік  оқыту  -  білім  беру  бағдарламаларын,  оқу  жоспары  мен  оқу  пәндерін 

модульдік негізде құрастыратын оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі; 

26)  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  балдық  рейтингтік  әріптік  жҥйесі  -  халықаралық 

тәжірибеде  қабылданған  әріптік  жүйедегі  сандық  эквивалентіне  сәйкес  келетін  және  білім 

алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін 

бағалау жүйесі; 

27)  оқу  жҧмыс  жоспары  (бұдан  әрі  -  ОЖЖ)  -  мамандықтың  ҮОЖ  және  білім  алушының 

жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат; 

28) оқу модулі - білім алушылардың құзыреттіліктері тұтас немесе жартылай қалыптасатын 

олардың  нақты  оқыту  нәтижелерін  меңгеруіне  бағытталған  білім  беру  бағдарламасының 

құрылымдық элементі; 

29)  оқу  пәніне  жазылу  (Enrollment)  -  білім  алушылардың  оқу  пәніне  белгілі  бір  тәртіппен 

алдын ала жазу рәсімі; 

30)  оқу  ҥлгерімінің  орташа  балы  (Grade  Point  Average  -  GPA)  -  (ағымдық  оқу  кезеңі 

бойынша  кредиттердің  жалпы  санына  қарай  аралық  аттестаттау  пәндерінің  балдық  бағасының 

сандық  эквиваленті  мен  кредиттер  сомасының  қатынасы)  білім  алушының  таңдаған  бағдарлама 

бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы; 

31) оқытушының басшылығымен жҥргізілетін білім алушының ӛзіндік жҧмысы (бұдан 

әрі  -  ОБӚЖ)  -  бекітілген  кесте  бойынша  оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  білім 

алушының  аудиториядан  тыс  жұмысы;  білім  алушының  санатына  қарай  ол:  оқытушының 

басшылығымен  жүргізілетін  студенттің  ӛзіндік  жұмысы  (бұдан  әрі  -  ОСӚЖ),  оқытушының 

басшылығымен жүргізілетін магистранттың ӛзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӚЖ) болып бӛлінеді; 

32)  Офис  регистратор  -  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерінің  барлық  тарихын 

тіркеумен  айналысатын  және  білімін  бақылаудың  барлық  түрлерін  және  оның  академиялық 

рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет; 

33)  пәндер  бағдарламасы  (Syllаbus)  -  оқитын  пәннің  сипаттамасын,  мақсаттары  мен 

міндеттерін,  оның  қысқаша  мазмұнын,  оның  үйренуі  тақырыбы  мен  ұзақтығын,  ӛзіндік  жұмыс 

тапсырмаларын,  кеңес  беру  уақытын,  білім  алушылардың  білімін  тексеру  кестесін,  оқытушы 

талаптарын, бағалау ӛлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі; 

34) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, 

қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сӛйлемнен тұрады); 

35) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін 

меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер; 

36)  пререквизиттер  (Рrereguisite)  -  оқылатын пәнді  игеру  үшін  қажетті  білім,  икемділіктер 

мен дағдыларды қамтитын пәндер; 

37)  транскрипт  (Тrаnsсrірt)  -  білімді  бағалаудың  сандық  және  әріптік  жүйесі  бойынша 

кредиттері мен бағалары кӛрсетілген тиісті кезеңде ӛтілген пәндердің тізбесі бар құжат; 


«Сырдария» университеті 

   УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесі 

19 беттің 5-беті 

 

38) тьютор - студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рӛлін атқаратын 



оқытушы; 

39)  ҥлгілік оқу жоспары  (бұдан  әрі  -  ҮОЖ)  - білім берудің кәсіптік оқу  бағдарламасының 

оқу  пәндерінің  тізбесі  мен  кӛлемін,  оларды  оқытудың  тәртібін  және  бақылау  нысандарын 

реттейтін құжат; 

40)  эдвайзер  (Аdvisor)  -  тиісті  мамандық  бойынша  білім  алушының  академиялық 

тәлімгерінің  қызметін  атқаратын,  оқу  траекториясын  таңдауына  (жеке  оқу  жоспарының 

қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы; 

41)  элективтік  пәндер  -  белгіленген  кредит  шеңберінде  және  білім  беру  ұйымы  енгізетін 

таңдау  бойынша,  білім  алушылардың  жеке  дайындығын  кӛрсететін  әлеуметтік-экономикалық 

дамытудың ерекшеліктерін және нақты ӛңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда 

болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері. 

 

5 ПРОЦЕДУРАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 



5.1 Жалпы ережелер 

5.1.1  Ереже  «Сырдария»  университетінде  оқытудың  кредиттік  технологиясы  бойынша  оқу 

процесін ұйымдастырудың мәселелерін реттейді 

5.1.2  Ұлттық  білім  берудің  оқу  бағдарламаларын  халықаралық  тану,  білім  беру 

ұйымдарының  білім  алушылары  мен  оқытушыларының  ұтқырлығын  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ 

білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз 

ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады. 

5.1.3 Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы кӛлемінің 

біріздендірілген  ӛлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану  арқылы,  білім  алушының  пәндерді 

таңдауы және реттілікпен оқуын ӛз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады. 

5.1.4 Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі 

кредит арқылы ӛлшенетін оқытылатын материалдың кӛлемі бойынша жүзеге асырылады. 

5.1.5  Кредиттік  оқыту  технологиясы  білім  берудің  барлық  деңгейлері  бойынша  бұрын 

меңгерілген кредиттердің ӛспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады. 

«Сырдария» универсиетіне кредиттік оқыту технологияны енгізудің негізгі мақсаттары: 

-  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан кейінгі  білім  дипломдарының  халықаралық  деңгейде 

танылуы; 

- ЖОО оқытушылары мен білім алушыларды ұтқырлықпен қамтамасыз ету; 

- білім сапасын арттыру; 

-  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  кәсіптік  білім  берудің  барлық  деңгейлері  мен 

сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ету; 

-  жеке  адамның,  қоғам  мен  мемлекеттің  қажеттіліктеріне  жауап  бере  алатын  білім  беру 

сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу және қолдауны; 

- ЖОО жетістікке жету мотивациясын қалыптастыру - ғылым мен практиканың жетiстіктерi, 

ұлттық және жалпы адами құндылықтар негiзiнде кәсiби тұрғыдан жеке тұлғаны қалыптастыруға 

және дамытуға бағытталған,сапалы білім беруді қамтамасыз ету; 

- жаңа технологияларды ендіру және тиімді пайдалану; 

 

 



5.2  Кредиттік  оқыту  технологиясындағы  білім  берудің  оқу  бағдарламалары  және  оқу 

жоспарлары 

5.2.1  Білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны  тиісті  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 

беру  стандарттарымен  белгіленеді  және  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламалары  арқылы  іске 

асырылады. 

5.2.1 Оқу жоспарлары «Сырдария» университетінде үш нысанда әзірленеді: 

1) үлгілік оқу жоспарлары; 

2) оқу жұмыс жоспарлары; 


«Сырдария» университеті 

   УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесі 

19 беттің 6-беті 

 

3) жеке оқу жоспарлары. 



5.2.3  Оқу  жоспарларының  барлық  нысандарында  әрбір  оқу  пәніне  әріптік  және  сандық 

белгілердегі  тиісті  кодты  беруді  қарастыратын  пәндерін  кодтаудың  бірыңғай  жүйесі 

пайдаланылады. 

5.2.4 ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

ҮОЖ-да  міндетті  компоненттегі  әрбір  оқу  пәнінің  еңбексыйымдылығы  кредиттермен 

анықталады, ал таңдау бойынша компонент кредиттердің жалпы санымен кӛрсетіледі. 

5.2.5  ОЖЖ-да  әрбір  оқу  пәнінің  тізбесі  және  міндетті  компонент  пен  таңдау  бойынша 

компоненттегі  еңбексыйымдылығы  кредиттермен,  оларды  оқыту  тәртібімен,  оқу  сабақтарының 

түрі және бақылау нысандарымен анықталады. 

5.2.6 ОЖЖ-ны оқу жылына әзірленеді және ғылыми кеңестің шешімі негізінде университет 

ректоры бекітеді. 

ОЖЖ  оқытушының  оқу  жұмысының  еңбексыйымдылығын  есептеу  үшін  негіз  болып 

табылады. 

5.2.7  ОЖЖ-ның  және  ЖОЖ-ның  нысанын,  құрылымын  және  әзірлеу  тәртібін  университет 

дербес айқындайды. 

5.2.8 ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім траекториясын бӛлек айқындайды. 

5.2.9  ЖОЖ-ны  үш  данада  факультет  деканы  бекітеді:  бірі  -  деканатта  сақталады  және  ол 

білім алушының кәсіптік оқу бағдарламалардың орындауына және меңгеруіне бақылауды жүзеге 

асыру  үшін  негіз  болады,  екіншісі  -  аралық  аттестаттауды  ұйымдастыру  үшін  Тіркеу  офисіне, 

үшіншісі - білім алушыға тапсырылады. 

5.2.10 Үлгілік оқу жоспарын толықтыру үшін таңдау бойынша енетін барлық оқу пәндерінің 

жүйелі  қысқаша  сипатталған  тізбесін  кӛрсететін  элективті  пәндердің  каталогы  (ЭПК)  әзірленеді, 

оның ішінде оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) және күтілетін нәтижелері 

(білім  алушылрдың  алған  білімдері,  іскерліктері,  дағдылары,  және  біліктіліктері)  кӛрсетілген 

пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі беріледі. 

Аталған каталогта әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін кӛрсетіледі. 

ЭОК білім алушыларға элективті оқу пәндерді баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 

5.2.11  Университет  оқу  үдерісін  ақпараттық  кӛздермен  толық  кӛлемде  қамтамасыз  етеді: 

оқулықтар,  оқу  құралдары,  оқу  пәндері  бойынша  әдістемелік  құралдар  және  әзірленімдер,  кӛп 

таратылатын материалдар және ӛзіндік жұмыстар жӛніндегі нұсқаулықтар, электронды оқулықтар, 

желілік білім ресурстарына қолжетімдік. 

«Сырдария»  университетінің  әрбір  білім  алушы  оқудың  барлық  кезеңінде  анықтамалық-

жолсілтегіштермен қамтамасыз етіледі. 

 

5.3 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу ҥдерісін ҧйымдастыру 

5.3.1  Кредиттік  оқыту  технологиясын  пайдалану  арқылы  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 

негізгі міндеттері: 

1) білім кӛлемін біріздендіру; 

2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу; 

3) білім алушылардың ӛзіндік жұмыстарының рӛлі мен тиімділігін күшейту; 

4)  білім  алушының  оқудағы  шынайы  жетістіктерін  оларды  тиімді  бақылау  рәсімдері 

негізінде анықтау болып табылады. 

5.3.2 Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды кӛздейді: 

1)  білім  алушылар  мен  оқытушылардың  әрбір  пән  бойынша  еңбек  шығынын  бағалау  үшін 

кредиттер жүйесін енгізу; 

2)  білім  алушылардың  жеке  оқу  жоспарын  қалыптастыруға  тікелей  қатысуын  қамтамасыз 

ететін  элективтік  пәндердің  каталогына  енгізілген  таңдауы  бойынша  пәндерді  олардың  таңдау 

еркіндігі; 

3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі; 


«Сырдария» университеті 

   УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесі 

19 беттің 7-беті 

 

4)  білім  алушылардың  білім  траекториясын  таңдауына  ықпал  ететін  эдвайзерлерді  оқу 



үдерісіне тарту; 

5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану; 

6)  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеруде  білім  алушылардың  ӛзіндік  жұмыстарын 

жандандыру; 

7)  оқу  үдерісін  ұйымдастыруда  факультетке  (бӛлімге)  және  кафедраларға  академиялық 

еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру; 

8)  оқу  үдерісін  қағазды  және  электронды  тасымалдағыштардағы  барлық  қажетті  оқу  және 

әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; 

9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері; 

10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-

рейтингтік жүйесін пайдалану. 

5.3.3  Бір  оқу  жылының  шеңберіндегі  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  білім  беру  ұйымының 

басшысы бекітетін, академиялық күнтізбе ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде іске 

асырылады. 

5.3.4 Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан 

және практикалардан тұрады. 

«Сырдария» университетінде академиялық кезең ұзақтығы 15 апта. 

Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта. 

Білім  алушыларға  әр  бір  академиялық  кезеңнен  каникулдар  беріледі,  оқу  жылындағы 

каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек. 

5.3.5 Ұзақтығы кемінде 6 аптаны құрайтын қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, 

академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін оқу және 

студенттердің ӛз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруымен басқа жоғары оқу 

орындарында  несиелерді  игеру,  үлгерімнің  орта  балын  (GPA)  кӛтеру  үшін  жазғы  семестрді 

(бітірушілер курсын есепке алмағанда) енгізуге жол беріледі. 

5.3.6  Профессорлық-оқытушылық  құрамның  педагогикалық  жүктемесін  жоспарлау 

академиялық  сағат  немесе  кредит  кӛлемінде  жүзеге  асырылады.  Бұл  ретте  аудиториялық 

сабақтардағы  педагогикалық  жүктеме  оқытушының  лекпен,  топпен,  кіші  топпен  байланысты 

жұмыс  уақыты  бойынша  есептеледі.  Әрбір  білім  алушымен  жеке  жұмыс  түрлеріне  жұмсалатын 

уақыт  шығыны  (СӚЖ  тапсырмаларын,  курстық  жұмыстарды  (жобаларды),  емтихан  қабылдау, 

оның  ішінде  МАК  құрамында,  бітіруші  курс  жұмыстарына  жетекшілік  ету)  ЖОО-ның  дербес 

бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі. 

Бір  академиялық  сағат  дәрісханалық  сағаттың  50  минутына  тең.  Студиялық  және 

зертханалық  сабақтар,  сондай-ақ  дене  тәрбиесінің  сабақтары,  студиялық  сабақтар  үшін 

академиялық  сағат  тиісінше  75  минутқа  тең,  немесе  зертханалық  сабақтар  мен  дене  тәрбиесі 

сабақтары үшін 100 минут. 

Білім алушылардың практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір 

академиялық сағаты, қорытынды мемлекеттік аттестаттау 50 минутқа тең. 

5.3.7  Оқу  жұмысының  кӛлемін  жоспарлау  кезінде  бір  кредит  тӛмендегідей  оқу 

жұмыстарының 15 академиялық сағатына тең: 

- аптасына 1 сағат бойынша тең бӛлінген семестр түріндегі академиялық кезең бойында білім 

алушының дәрісханалық жұмысы; 

-  білім  алушылардың  кәсiби  және  зерттеу  практикасы  кезеңдерінде  оқытушымен 

жұмыстары; 

- білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңдерінде оқытушымен жұмыстары; 

-  білім  алушылардың  дипломдық  (жобалар),  магистрлік  немесе  докторлық  диссертация 

жұмыстарын жазу және қорғау жұмыстары; 

-  білім  алушылардың  дайындық  және  мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтихандарын 

(кешендік емтихан) дайындау және тапсыру жұмыстары. 


«Сырдария» университеті 

   УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесі 

19 беттің 8-беті 

 

5.3.8  Білім  алушылардың  оқу  жүктемесі  академиялық  сағаттардың  ұзақтығымен  және  оқу 



жұмыстарының  әр  түрлері  үшін  академиялық  сағатпен  жүретін  оқу  сағаттарының  кӛлемдерімен 

(50 минуттан) анықталады. 

Аудиториялық  жұмыстың  бір  сағаты  50,  75  немесе  100  минутқа  тең  болғандықтан,  білім 

алушылардың  аудиториялық  жұмысының  академиялық  сағаттары  тиісінше  БӚЖ  сағаттарымен 

толығады, осылайша  білім  алушының  семестр  түріндегі  академиялық  кезеңінің  бір  аптасындағы 

бір кредит жиынтық оқу жүктемесі бакалавриатта 3 сағатқа тең болады. 

БӚЖ-дің дене тәрбие жұмыстарына қосымша сағат берілмейді. 

Әрбір  практиканың  академиялық  сағаты  (оқудан  басқа)  білім  алушылардың  қосымша 

жұмыстарының  оқу  сағаттарына  сәйкес  жүргізіледі:  педагогикалық  практикаға  –  1  сағат, 

ӛндірістік практикаға – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат. 

Әрбір  академиялық  сағат  білім  алушылардың  (магистранттың)  ғылыми-зерттеу  (зерттеу-

тәжірибе)  жұмыстарының,  магистрлік  диссертациялардың  орындалуын  қоса  алғанда,  БӚЖ-ы  7 

сағатқа жүргізіледі. 

Қорытынды  аттестаттаудың  әр  академиялық  сағаты  білім  алушының  диплом  жұмысы 

(жобасы),  магистрлік  немесе  докторлық  диссертация  кезіндегі  оқытушымен  байланысу 

жұмыстарын немесе білім алушы мен оқытушының мемлекеттік емтихан тапсыруға дайындығы не 

тапсыру  кезіндегі  оқытушымен  жұмысының  оқу  сағаттарын  білдіреді.  Білім  алушының 

қорытынды аттестаттаудың әр бір академиялық сағаты БӚЖ 6 сағатқа жүргізіледі. 

5.3.9 Кәсіби практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып табылады. 

Олар оқу, педагогикалық, ӛндірістік және диплом алдындағы болып бӛлінеді. Кәсіби пратиканың 

барлық түрлерінің жалпы кӛлемінің құрылуы 6 кредит құрайды. 

5.3.10 Магистратура мен докторантурада зерттеу практикасы жүргізіледі. 

5.3.11  Практиканың  ұзақтықтығы  жұмысы  білім  алушының  аптадағы  нормативтік  уақыты 

практикаға  бір  апта  ішінде  30  сағатқа  (жұмыс  аптасының  5  күнінде  6  сағаттан)  тең  екендігі 

бойынша анықталады. Апта санын есептеу үшін кредиттегі практика кӛлемі оқу сағаттарындағы 

пратиканың тиiстi түрiнiң еңбек сыйымдылығына кӛбейтіледі және білім алушының апта iшiндегі 

практика жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бӛлінеді. 

Практиканың 1 кредитінің ұзақтығы 15 сағатты құрайтын болғандықтан (50 минуттан), оқу 

практикасына 30 сағат (50 минуттан) педагогикалық практикаға 75 сағат (50 минуттан) ӛндірістік 

практикаға және зерттеу практикасына 120 сағат (50 минуттан), онда практика ұзақтығына сәйкес 

аптасына  1  кредитті:  0,5  апта  оқу  практикасына,  педагогикалық  практикаға  –  1  апта,  2,5  апта 

ӛндірістік практикаға және зерттеу практикасына 4 апта. 

5.3.12  Білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттауды  жоспарлау  және  магистранттар  мен 

докторанттардың  аптадағы  ғылыми-зерттеу  (зерттеу-тәжірибе)  жұмысы  білім  алушылардың  54 

сағатқа (күніне 9 сағат, БӚЖ-ді қосқанда жұмыс аптасының 6 күні) тең апта ішіндегі нормативтік 

жұмыс уақытына байланысты анықталды. 

5.3.13 Білім алушылардың 120 (15x8) сағаты магистранттың ғылыми зерттеу жұмысы (бұдан 

әрі – МҒЗЖ), магистранттың эксперименттік зерттеу жұмысы (бұдан әрі – МЭЗЖ), бір кредитіне, 

яғни 2,2 аптаға сәйкес келеді. 

Қорытынды  аттестаттаудың  1  кредиті  105  (15х7)  сағатқа,  яғни  2  аптаға  сәйкес  келеді. 

Олардың ішінде білім алушылардың оқытушымен жұмысы 15 байланыс сағаты және БӚЖ-дің 90 

сағаты. 


Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтиханға  (кешендік  емтиханға)  дайындыққа  және 

тапсыруға 2 апта (1 кредит) беріледі. 

Дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны қорғауға және жазуға 2 және 3, 

тиісінше 4 және 6 апта беріледі. 

5.3.14  Оқу  сабақтары  басым  түрде  белсенді  шығармашылық  нысандарда  жүргізіледі  (кейс-

стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дӛңгелек үстелдер, семинарлар). 



«Сырдария» университеті 

   УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесі 

19 беттің 9-беті 

 

5..15 Кредиттік технологияны оқыту кезінде оқу сабақтарының кестесін, оқу пәнін оқытушы 



құрайды,  жеке  бiлiм  беру  траекториясын  қамтамасыз  етуде  және  оқытушыларды  таңдауды 

мақсаттардағы қорытынды жасайды. 

Оқу сабақтары тӛмендегідей ұйымдастырылады: 

1) күндізгі бӛлімде білім алушылар үшін  – бір немесе екі ауысымда сағат 8.00-ден 18.30-ға 

дейін; 

2) кешкі білім алушылар үшін – бір ауысымда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін; 



3) сырттай білім алушылар үшін – бос дәрісханаға байланысты бір күн ішінде сағат 8.00-ден 

20.00-ге дейін. 

5.3.16 Академиялық лектер және топтар аталған пәнге және аталған оқытушысына жазылған 

білім алушылардың саны жеткілікті және жеткілікті деңгейге жетістіктер оның табыстылығының 

болу қағидасы бойынша қалыптасады. 

Академиялық  лектердің  және  топтардың  толығуы  білім  беру  ұйымдарымен  дербес 

анықталады. 

5.3.17  Білім  алушылардың  кредиттік  технологиядағы  ӛзіндік  жұмысы  екі  бӛлімге  бӛлінеді: 

оқытушының жетекшілігімен орындалатын ӛзіндік жұмыс (ОБӚЖ) және бірыңғай ӛзі орындайтын 

жұмыс (ӚБӚЖ – БӚЖ). 

БӚЖ-дің  барлық  кӛлемі  білім  алушылардан  күнделікті  ӛзіндік  жұмысты  талап  ететін 

тапсырмалармен расталады. 

5.3.18 Жалпы кӛлемде БОӚЖ (СОӚЖ, МОӚЖ) БӚЖ-дің үлесі ұйымның ӛзіндік білім беруі 

арқылы анықталады. 

ОБӚЖ  білім  алушылардың  оқытушымен  байланыстылығы  дәрісханадан  тыс  жұмыс  түрі 

болып  табылады.  ОБӚЖ  оқу  сабақтарының  жалпы  кестесіне  кірмей,  жеке  график  бойынша 

орындалады. 

Оқу  бағдарламаларына  ең  қиын  сұрақтар,  үй  тапсырмаларының  орындалуы,  курстық 

жобалар  (жұмыс),  семестрлік  жұмысты  бақылау,  есептер  және  БӚЖ-дің  басқа  да  тапсырмалары 

ОБӚЖ кеңесіне кіреді. 

5.3.19  Пәнді  оқуға  білім  алушыларды  тіркеуді  (Еnrоllmеnt)  офис  Регистратор 

ұйымдастырады.  Сонымен  қатар,  әдістемелік-ұйымдастыру  және  консультациялық  жұмыстарды 

ӛткізу үшін құрылымдық бӛлімшелер мен эдвайзерлер тартылады. 

5.3.20  Кредиттік  технология  бойынша  оқу  білім  алушылардың  білім  беру  бағдарламасын 

дербес  жоспарлауына,  оқудың  жеке  траекториясын  таңдауына,  ӛздігінен  білім  алу  деңгейін 

арттыру уәждемесіне негізделген. 

Білім алушылар ӛздерінің ЖОЖ-ын құру барысында: 

1)  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  ережелерімен 

танысуы; 

2)  оқу  пәндеріне  тіркелудің  және  ЖОЖ-ға  ӛзгерістер  енгізудің  белгіленген  мерзімдерін 

сақтауы; 

3)  тиісті  деңгейдегі  білім  беру  бағдарламасын  меңгеру  үшін  оқу  жылында  белгіленген 

кредиттердің кем түспейтін санына жазылуы тиіс. 

5.3.21 Ақылы негізде білім алушы тӛлем қабілеттілігіне, оқу түріне тәуелді, тиісті деңгейдегі 

оқу  бағдарламаларын  игеру  үшін  жеке  қабілеттілігін  ӛзінің  ЖОЖ-да  аз  мӛлшеріндегі 

кредиттермен қалыптастыруға болады, сонымен қатар оқу мерзімін ұзартуға болады. 

5.3.22  Білім  алушылардың  академиялық  ұтқырлығын  қамтамасыз  ету  үшін  жекелеген  оқу 

пәндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады. 

Мұндайда  білім  беру  ұйымының  басшысы  басқа  білім  беру  ұйымдарында  оқу  үшін 

кредиттер санының жоғарғы шегін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында жекелеген пәндерді оқыған жағдайда, 

білім беру ұйымдары арасында екіжақты шарт жасалады. 

5.3.23  Егерде  білім  алушы  жеке  пәндерді  басқа  білім  беру  ұйымдарында  пән  бойынша 

аралық аттестаттаудан ӛткен соң ӛзінің білім беру ұйымына транскрипт емтихан бойынша бағалау 



«Сырдария» университеті 

   УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесі 

19 беттің 10-беті 

 

нұсқаулығымен  қоса,  пән  бойынша  және  игерген  кредиттер  санының  қорытынды  бағаларын 



деканатқа, Тіркеу офисіне кӛрсетеді. 

5.3.24  Шетелдік  жоғары  оқу  орындарымен  әріптестікте  бірлескен  білім  беру 

бағдарламаларын  іске  асыратын  жоғары  оқу  орындары  қазақстандық  кредиттерге  және  ЕСТS-ке 

барабар  әріптес  жоғары оқу  орындарында  игерілген  кредиттерді  қайта  сынақтан  ӛткізуді  жүзеге 

асырады. 

5.3.25 Білім беру бағдарламаларын іске асырудың сапасын арттыру және білім алушылардың 

оқудағы  жетістіктерін  бағалауды  қамтамасыз  ету  мақсатында  оқу  үдерісіне  және  қорытынды 

бақылауға бӛлінеді. 

5.3.26  Білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктері  (білімі,  іскерлігі,  дағдылары  мен  құзыреті) 

осы  қағидалардың  1-қосымшасына  сәйкес  100  балдық  шкала  бойынша  және  тӛрт  балдық  жүйе 

бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік  жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін 

азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F). 

5.3.27  Білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  жүйесін  ұйымдастыру  оқу 

жұмысы жӛніндегі білім беру ұйымы басшысының орынбасарына бағынатын, Тіркеу офисі жүзеге 

асырады. 

Тіркеу офисі білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын оқу кезеңі бойы жүргізеді, 

ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай транскрипте айқындалады. 

Транскрипт білім алушының кез-келген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі. 

5.3.28  Оқытушы  ағымдық  және  аралық  бақылау  және  білім  алушының  ағымдағы  бағасына 

сәйкес  үлгерімінің  барлық  түрлерін  жүргізеді  (ағымдағы  орташа  арифметикалық  бағасы  және 

аралық бақылау). Сонымен қатар білім алушының оқудағы жетістіктері, орындаған тапсырмалары 

ережеге 100 балдық кӛрсеткішпен бағаланады. 

5.3.29 Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағасына 

кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем құраса қорытынды 

баға дәрежесі білім алушының оқу пәні бағдарламасын меңгергендігі. Қорытынды бақылау бағасы 

аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 40 пайызын құрайды. 

5.3.30  Оң  қорытынды  баға  тиісті  пән  бойынша  белгіленген  кредит  санымен  игерілген 

кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады. 

Білім  алушылар  қорытынды  бақылаудан  (емтиханнан)  "қанағаттанарлықсыз"  деген  баға 

алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді. 

5.3.31  Қорытынды  бақылауда  қанағаттанарлық  бағаны  кӛтеру  мақсатында  осы  аралық 

аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 

5.3.32 Оң бағаны алу үшін білім алушылар келесі академиялық кезеңдердің бірінде немесе 

жазғы  семестрде  ақылы  түрде  сол  пән  бойынша  оқу  жұмыс  жоспарында  қарастырылған  барлық 

сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады. 

5.3.33  Бір  кредиттің  құны  оқудың  бекітілген  құны  арасындағы  қатынаспен  және оқытудың 

барлық  бағдарламаларын  игеру  үшін  білім  беру  ұйымының  орнатылған  кредиттер  санымен 

есептелінеді. 

Оқу жылына арналған оқу құны білім алушының академиялық кезеңімен немесе оқу жылы 

ЖОЖ  болып  табылады.  Сонымен  қатар  оқыту  құны  білім  алушыға  жоспарланған  ЖОЖ-дың 

орнатылған бір кредиттің бірдей құнын белгілеуді ұсынады. 

5.3.34  Аралық  аттестаттаудың  қорытындылары  бойынша  барлық  емтихандарын  "А",  "А-", 

"В+", "В-" бағаға тапсырған жағдайда, мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыларға 

стипендия тағайындалады. 

5.3.35 Офис регистратор оқу жылының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін 

есепке  ала  отырып,  білім  алушылардың  оқу  жетістіктері  деңгейінің  ортасалмақ  бағасы  болатын 

орташа балын есептейді. 

5.3.36 «Сырдария» университетінде курстан курсқа кӛшіру үшін ӛту балы  – білім алушыны 

келесі курсқа кӛшіруге рұқсат беретін ӛту балын курстар бӛлінісінде белгіленген. 


«Сырдария» университеті 

   УЕ-ОӘБ-007/04-2015 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 


2-нұсқа 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесі 

19 беттің 11-беті 

 

5.3.37  Толық  кӛлемде  курс  бағдарламасынан  ӛткен,  ӛту  балының  жинай  алмаған  білім 



алушыларға  ӛзінің  орташа  үлгерім  балын  (GPA)  жоғарылатуы  үшін  жазғы  семестрде  белгілі  бір 

пәндерді  (мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын  "Қазақстан  тарихы"  пәнінен  басқа)  белгіленген 

тәртіп  бойынша,  ақылы  түрде  қайта  оқуына  және  сол  пәндерден  қайта  емтихан  тапсыруына 

мүмкіндік беріледі. 

5.3.38  Оқу  жылының  қорытындылары  бойынша  жаздық  семестр  нәтижелерін  есепке  ала 

отырып ӛту балын жинай алмаған білім алушылар оқу курсын қайта оқуға қалдырылады. 

Оқу  курсына  қайта  қалдырылған  білім  алушылар  бұрын  қабылданған  жеке  оқу  жоспары 

немесе  жаңа  жеке  оқу  жоспары  бойынша  білім  ала  алады  немесе  жаңа  жеке  оқу  жоспарын 

жасайды. 

5.3.39 Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 

білім алушы әрі қарай оқу кезеңіне білім беру грантынан айрылады. 

5.3.40  Білім  алушыны  кӛшіру,  қайта  оқуға  қабылдау  және  академиялық  демалыстан  шығу 

кезінде оқыту курсы пререквизиттер ескеріле отырып анықталады. 

5.3.41  Бакалаврларды  даярлау  бойынша  білім  беру  үдерісін  аяқтаудың  негізгі  критериясы 

студенттің  теориялық  оқытудың  кемінде  129  кредитін  игеруі,  сондай-ақ  практиканың  кемінде  6 

кредитін,  диплом  жұмысын  дайындауға,  жазуға  және  қорғауға  кемінде  2  кредитті  (жоба)  және 

мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредитті игеруі болып 

табылады. 

Жекелеген  мамандықтардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  (арнайы  жоғары  білім 

бағдарламасын  қоса  алғанда)  білім  беру  үдерісін  аяқтаудың  негізгі  критериясы  мыналарды 

студенттің меңгеруі болып табылады: 

"Ӛнер" тобы бойынша – теориялық оқу 160-180 кредит; 

Сонымен  қатар,  жоғары  оқу  орны  игеру  үшін  қажетті  кредиттер  кӛлемін  кӛбейтуі  мүмкін, 

білім беру бағдарламасын іске асыру олардың ерекшеліктеріне байланысты. 

5.3.42  Магистрлерді  даярлау  бойынша  білім  беру  үдерісі  аяқталғандығының  негізгі 

критерийлері магистранттың:  

1)  ғылыми  және  педагогикалық  дайындық  кезінде  кемінде  59  кредитті,  оның  ішінде 

теориялық  оқудың  кемінде  42  кредитін,  практиканың  кемінде  6  кредитін,  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының кемінде 7 кредитін; 

2) бейіндік дайындық кезінде - кемінде 28 кредитті (1 жыл оқу мерзімімен) және кемінде 48 

кредитті  (1,5  жыл  оқу  мерзімімен),  оның  ішінде  теориялық  оқуға  сәйкес  кемінде  18  және  36 

кредитті,  практика  бойынша  кемінде  2  және  4  кредитті,  эксперименттік-зерттеу  жұмыстарының 

кемінде 4 және 4 кредитін меңгеруі болып табылады. 

5.3.43  Жоғары  кәсіптік  білім  беру  бағдарламасын  және  қорытынды  аттестаттаудан  ӛткен 

білім  алушыға  тиісті  "бакалавр"  академиялық  дәрежесі  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 

беру  бағдарламасын  игерген  білім  алушыға  білікті  "магистр"  дәрежесі  мемлекеттік  үлгідегі 

қосымшамен (транскрипт) диплом беріледі. 

5.3.44 Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А-, В-, В, В+ деген бағаға тапсырған және 

оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом 

жұмысын (жобасын) "А", "А-" деген бағаға тапсырған бакалавриат және арнайы жоғары білім беру 

бағдарламалары  бойынша  оқыған  білім  алушыға,  барлық  оқу  кезенде  қайта  тапсырылған 

емтихандар болмағанда үздік диплом беріледі. 

5.3.45  Жоғары  оқу  орнына  кейінгі  білім  беру  бағдарламасының  толық  теориялық  курсын 

игерген  бірақ  ғылыми-зерттеу  компоненттерін  орындамаған  білім  алушыға,  келесі  оқу  жылында 

ақылы  негізде  зерттеу  компоненттері  кредитін  қайта  игеруге  және  диссертация  қорғауға  қайта 

мүмкіндік беріледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет