Сапалық және мәтінді есеп шығару



Дата31.12.2021
өлшемі63,56 Kb.
#22151

Сапалық және мәтінді есеп шығару

Тапсырмалар

  1. PQ стержені вертикаль қабырғаға Р нүктесінде суретте көрсетілгендей бекітілген.

Стерженнің ұзындығы 1,60 м. P нүктесінен 0,64 м қашықтықта стерженьге ауырлық күші әсер етеді. Стержень қабырғаға бекітілген QR сымының көмегімен горизонталь қалыпта тепе-теңдікте орнатылған. Сымның керілу күші F = 44 Н горизонтпен 300 бұрыш жасайды.



    1. Анықтаңыз:

      1. F күшінің вертикаль құраушысын;

      2. F күшінің горизонталь құраушысын.

  1. Р нүктесіне қатысты моменттер ережесін пайдаланып, ауырлық күшінің мәнін анықтаңыз.


    1. Неліктен қабырға тарапынан стерженьге Р нүктесінде қысым түсірілетінін түсіндіріңіз.



    1. Қабырға тарапынан стерженьге Р нүктесінде түсірілетін қысым күшінің бағытын көрсетіңіз және ол күшті N әрпімен белгілеңіз.



  1. Массасы 2,0 г оқ горизонталь бағытта ұшып, массасы 600 г ағаш білеушеге тиеді. Білеуше вертикаль жіптердің көмегімен төбеге бекітілген және еркін қозғалады. Оқ білеушенің ішіне енеді. Оғы бар білеуше вертикаль бағытта 8,6 см биіктікке суретте көрсетілгендей көтеріледі.





    1. Оқ пен білеушенің гравитациялық потенциалдық энергиясының өзгерісін анықтаңыз.



    1. Оқ пен білеушенің бірге қозғалар алдындағы бастапқы жылдамдығын есептеңіз.



    1. Импульстің сақталу заңын пайдаланып, оқтың білеушемен соқтығысар алдындағы жылдамдығын есептеңіз.



    1. Оқтың білеушемен соқтығысар алдында ие болған кинетикалық энергиясын есептеңіз.



    1. Оқ пен білеушенің әрекеттесуінің түрін сипаттап, қорытынды жасаңыз.



  1. Ламинарлық және турбуленттік ағыстардың екі айырмашылығын көрсетіңіз. Өз түсіндірулеріңізде сызба қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет