Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияның 3 «Б» сынып оқушысы Мұрат Аянаның ғылыми жұмысына Пікір



Дата08.10.2022
өлшемі13,55 Kb.
#41916
түріҚұрамы

Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияның 3 «Б» сынып оқушысы Мұрат Аянаның ғылыми жұмысына


Пікір
Мұрат Аяна өзінің ғылыми жобасында балдың түрлерін анықтап, оның адам денсаулығына пайдасы туралы жазған. Аяна өз жұмысында өзін толғандырып жүрген балдың пайдасы мен зияны туралы жүйелі ой қозғайды. Себебі бүгінгі таңда балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік барын атап көрсеткен. Жалпы оқушымыздың ой-санасында адам денсаулығы үлкен мақсат болып жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы болатынына сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет