Сапар шегуге қатысты мәселелер



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі25,96 Kb.
#16215
  1   2   3
Байланысты:
сапар шегуге қатысты мәселелер


Сапар шегуге қатысты мәселелер

وعن عبداللَّهِ بن عمرِو بن العاص رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّم: "الرَّاكِبُ شَيطَانٌ، والرَّاكِبان شَيطَانانِ، والثَّلاثَةُ رَكبٌ".

رواه أَبُو داود، والترمذي، والنسائي بأَسانيد صحيحة، وقال الترمذي:حديثٌ حسن

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жалғыз жолаушы – шайтан. Қос жолаушы – екі шайтан. Ал үш жолаушы – керуен»,– деп айтты» – делінген (Әбу Дәуіт,жиһад 79; Тирмизи, жиһад 4).

Адам өмірінің басым көпшілігі сапар мен белгілі жерге жол жүруден тұратыны баршаға аян. Кез келген сапардың мақсаты мен себептері болады. Құран Кәрімнің  «Анкабут» және «Мүлк» сүрелерінде: «Жер жүзін кезіңдер де жаратылыс қалай басталғанын көріңдер» және «Ол сондай Алла, сендерге жерді көмпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Оның ризығынан жеңдер. Кейін барар жерлерің сол жақ», – делінген.

Ғалымдар сапарды үшке бөліп қарастырған;

Құлшылық болып саналатын сапар, әдеттегі сапар, күнә болып табылатын сапарлар.

Алғашына кез келген ізгіліктің жолындағы сапарлар жатады. Мысалы: қажылық, ұмра, білім іздеу, адал ризықтың жолындағы сапарлар, жақын дос, туыстық қарым қатынасты жақсарту жолында, ауырғанды зиярат ету, екі дауласқан немесе ренжіскен адамдар арсын жарастыру  және т.б.

Әдеттегі сапарларға құлшылық пен күнә көзделмеген сапарлар жатса, күнә болып табылатын сапарларға адамдарға зиян келтіру, ұрлық, зорлық зомбылық, алдап-арбау, тағы басқа дінде күнә болып табылатын сапарлардың барлығы жатады.

Адамның өмірге келген  мақсаты Жаратушының әмірлерін орындап, бойұсыну болса, мұсылман адам өмірі зая кетпес үшін әр сәтін мүмкіндігінше құлшылыққа, ізгілікке толы болуды көздегені дұрыс. Себебі, кешкен ғұмыр, өткен өмірдің әрбір сәті сұралатыны ақиқат.

Сондықтан  әр өткен уақыт мұсылманның пайдасында болуы үшін Ислам діні қағидалар мен әдептер бекітіп, тура жол нұсқап отырған.  Ғалымдар бұл тақырыптың маңыздылығына тоқтала келе сапар алдындағы мұсылманның әдептерін белгілеген. Соның бірнешеуіне тоқталайық.

Ізгі ниет

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқатында амалдар ниетпен ғана дұрыс болады», – деген. Яғни, сапарға шыққан адамның мақсаты – Алла риза болатын, ізгілік көздеген іс болуына мән беруі қажет.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Қандайда бір адам үйінен шыққан болса, екі тудың астында болады. Бірі – періштенің, екіншісі – шайтанның қолында. Егер Алла жақсы көретін істе болса, оның артынан періште туымен еріп, үйіне қайтқанға дейін періштенің туының астында болмақ. Ал, Алланы ашуландыратын істе үйінен шыққан болса, оның артынан шайтан туымен еріп, үйіне қайтқанға дейін шайтанның туының астында болады», – делінген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет