Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет11/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

234

Жар тұттым əуелден-ақ өзіме арнап,

Нəзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ.

Жігітке лəзім еді іздемекке,

Ал жарға уақыт еді күтіп алмақ.

Жаманға жақсы тұрып көзін салса,

Жігіттің сонда еді көңілі қалмақ.

Сəулем ең ол пиғылдан аулақ жүрген,

Жоқ болсын шарт бойынша сөзден танбақ.

Жан-жаннан жатырқамай келсең қасқа,

Ойнармыз əзілдесіп тілді жалғап.

Әншейін анау-мынау сүймесін деп,

Жіберген емес едің сөзбен алдап.

Тұңғиық шыға алмастай кеттік суға,

Тəуекел дариясына қатар жалдап.

Қаттаудай оқ жібермес мəхкəм болшы,

Самарқан жібегінен өрген талдап.

Секілді Шамси, Қамар, Дахтарбану,

Затыңды жанға арам меңдей тану.

Заты жоқ жақсылықтың нышанасы,

Адамға ер – айтқан сөзге жетпей қалу.

Талап бар жаралған соң тірі жанда,

Мұратқа кімі жетіп, кімі арманда,

Базарда бағың сына дегендейсің,

Басымды бұл майданға қылдым пəнда.

Ықылас, ыждиhатпен Жиhат етіп

Шыбын жан шыдай алмас шерін тəн де.

Жеміс ең пісіп тұрған бақшадағы.

Ерік бар ма бұйырмаса біз мехманда.

Талпынған көңіл өсер бір шарманда,



Сара саңлақ

235

Нəпсіне ақыл беріп жүр пəрманда.

Шыраққа түсіп жанғанмен паруана

Ықылас, назарың сол фарида тартып,

Уақытымда көңіл құсы тудың артып.

Лəйлəнің Мəжнүні секілденіп,

Мас еткен мен ғарыпты нұрың шарпып.

Жарқ етіп айдың бетін бұлт алсын,

Діңкемді бүйте берсең құрытарсың.

Есілген Қырмызыдай қып-қызыл гүл,

Махбуб қай мінезін ұмытарсың.

Тауаның аз, талабың қысқа болса,

Араға жаман атақ жуытарсың.

Жасыман ұмытпаған ойда барсың,

Әл-қуат ақылымды алған жарсың.

Өзіме диуаналық əсер беріп,

Ішіме сөнбейтін от салған жарсың.

Тарлықта наздық қылып тұра алмасаң –

Бояма əсіре қызыл жалған жарсың.

Арадан оттан ыстық қызу кетсе,

Біріндей көзтаныстың қалған жарсың.

Сөзде тұр шарттан аумай, мейірім қансын,

Дұшпанның көре алмаған іші жансын.

Уағдаға бір айтылған тоқтасалық,

Шат болып достарымыз бір жұбансын.

Жатық сөз, жақсы мінез, жайдары ашық

Жанымды жадыратқан қайран ғашық.

Сегіз қыр, сексен сырмен шарға тартсаң,

Түсінбес айтқаныңа кейбір жасық.

Өрнексіз жол білмеген надандарға,



Сара саңлақ

236

Туып ең нақыш беріп, өрнек ашып.

Қараңғы көңілімнің ай мен күні,

Жарығың азаймайды күңгірт басып.

Сөз бірге, ақыл үйлес, мінез тату –

Тұрады сені көріп көңіл тасып.

Махаббат бізде болмай, жатта болса,

Аh ұрам у ішкендей кəрім шашып.

Шолпандай адам едің жаhан көркі,

Тіл шаршап көп айтуға жетпейді еркі.

Қымбатты жаннан ғазиз асыл қалқам,

Шықпаған бұл қасіреттен жанның беркі.

Бұл сөзге сəулем не деп айтар екен,

Дүние бір белгісіз сайқал екен,

Қамелі өзге жаннан көп санасы

Әйелдің əулетінде Сіз данасы.

Ақылға ишаратпен айтпай түскен

Өткір зейін пікірдің нышанасы.

Баулыған балапандай құсым едің,

Дəм айдап түзден торға түсіп едің.

Құрт жесе қызыл шешек амалым не,

Тұғырдан жаңа түлеп ұшып едің.

Еш сенде арманда жоқ, қазір дəмде.

Санада қызыл гүлдей өсіп едің,

Сатылма он төрт жармақ ақша үшін

Биғайни заманымыз юсиф едің.

Кісідей арқаланған нақақ жала,

Тағдырға тап бір таппай қалмай шала.

Құр көңіл алып ұшқан ешбір болмас,

Жоқ болсын бір тозаңдай көңілде ала.



Сара саңлақ

237

Нəрсені іздеу мұхалдүр болмайтұрғын,

Ой терең дария құйсаң толмайтұғын.

Қанатым тасқа соғып қалды қирап,

Қыран ем мұратымды қоймайтұғын.

Қырық шалғым – бəрі бірдей қалды қирап,

Таба алмай ем дауасын жүрмін жинап.

Күте тұр біраз заман уақыт жетсін,

Кемелі толып жеткенше қайта ширап.

Жас ғұмыр далбасалық күнмен өтті,

Жиhатпен көп шаршадым жанды қинап.

Машахат саудасының базарынан,

Тоса тұр жолыққанша толық силап.

Паруана өлім іздеп түсер отқа,

Шын ғашық аямайды басын сотта.

Ғашыққа тіршіліктің керегі жоқ,

Мал түгіл бас байладық расходқа.

Ақ екен раушан жүзің атқан таңнан.

Ай сəулем жүзің жарық жаққан шамнан.

Жер жүзінің жігітін аралатып,

Көңілің ауса маған сонша жаннан.

Ай мен күн сырнай тартып, жұлдыз билеп,

Той қылса көктем мəлік қуанғаннан.

Шатланып жер жүзінде император,

Сырласып министрлер үлгі салған.

Ойласам сендей жанды қай жан қалған,

Мен едім атағыңа көрмей қанған.

Қолынан қой жарысы келмейтұғын,

Жамандар құрметі кем құмарланған.

Басқаға лайықсыз жанар-нұрың,



Сара саңлақ

238

Шарапсың мыңдар таңдап, бірге тамған.

Ғашықтық халімді мен баян қылдым,

Жалынын жүрегімнің басын шалған.

Қолы жетпей кей надан аузы жетіп,

Құл құтырса құдыққа қармақ салған.

Сенің тілің шарабан таhурадай,

Сорса алтын қасықтай балға малған.

Ғашықтық мен шығарған мирас емес,

Жүсіп пен Зылихадан үлгі алған.

Ізденіп Баhарам да Күлəндамды,

Мехнатпен ақырында сөйтіп алған.

Көп жүріп жиhан кезді Сейфілмəлік,

Жамалды иранбақтан іздеп барған.

Ғашықтық майданында шаhит болып,

Бозжігіт Ануаз үшін қандай болған.

Бұлардың зар тартқаны Лəйлі-Мəжнүн,

Ізденіп ақырында мəнсап қонған.

Зияда, Хорлығайын, Фархат-Шырын,

Бұл күнде хабарым бар сондай жолдан.

Мұштари, Сахаридай жаннан кешіп,

Көзімнен аққан жасқа алдым толған.

Ақыры Қозы Көрпеш-Баяндай боп

Жүзімнің қызыл нұры бұл жолы солған.

Беліңе алтын шоғыр алты оралған,

Бұл күнде басқа қыз жоқ Сіздей болған.

Пердеңнен ақ жүзіңді бір шығарсаң,

Күндік жер мəшhүрленіп нұрға толған.

Шарбаттан əби лəззат сілекейің,

Ақ меруерт отыз тісің қырлап жонған,



Сара саңлақ

239

Кірпігің патшалардың əскеріндей.

Жігітке көздің тасы сағым қонған.

Махбуба қазір уақыт таңқалмай біл,

Бір күні қыз қияпат кетер қолдан.

Қай жақсы заманыма тұс келер деп,

Бұ күнде хабарың бар оң мен солдан

Уағданы махкам тұтсаң серт байласып,

Босама босансаң да құрған тордан.

Мұратқа талаптының жетпегі бар,

Бұл сөзді молда айтыпты суал сорған.

Инналəhлə ихлипулмиғади деп,

Аят Кəрім құранда мазhур болған.

Бұл сөздің ишаратын адам білер,

Үлгісіз не деп айтсам надан білер.

Басы жетпес орынға аяқ салып,

Жақсы мен не себепті жаман күлер.

Ізденіп жар таппақтық қиын жұмыс.

Бір көрмекке қызулық əркім келер.

Халықтың бəрі бірдей жаралмайды,

Асыл да мыңнан біреу тауып сөйлер.

Тең тауып, жар алғанның кемі бар ма

Сұңқардай тұғырдағы тоғыз түлер.

Жамандық аз ақ күні жасырынып,

Жатпайды ұрлағанмен бір күн білер.

Анадан ақылы асқан туар көсем,

Өзіңмен бірдей болсын жарың шешен.

Жасықтан ашық мінез табылмайды,

Айта алмас көп ішінде аман-есен.

Талапсыздың талабы қорынуда,



Сара саңлақ

240

Шығады жүз сөйлесең сөзі кешең.

Осындай михнаттан ерте сақтан,

Не қасиет қалады пəлен десең.

Көп шер бар көкіректе тарқалмаған,

Тіл байғұс асығыс боп айта алмаған.

Ей, қалқа естісеңіз есіркерсіз,

Арызым құлағыңа байқалмаған.

Бір Құдай көңіліңе салсын рахым,

Жомарттай сұраушыны қайтармаған.

Жасты көз, жылаушы сөз қарып едім,

Қамкөл көз Сіз тарапқа жаутаңдаған.

Шығардым мен кітап қып əзіл үшін

Сорлымын арманымды тауса алмаған.

Қамыс бармақ қайысып іс тіккенде,

Бойына ине балқып өте алмаған.

Мен түгіл жансыз темір бойыңа мас,

Сөкпе мені қасыңнан кете алмаған.

Тауында Күхқаптың сен бір дархат,

Алсам деп саяндағы екі алмадан.

Сұңқардың қаз алмағы қайырудан,

Аққуды қарға қылар күте алмаған.

Ит еркелеп үйренсе – ауыз жалар,

Сөз көп қой қыз балаға қиқаңдаған.

Жаманды жақсы көріп, үйір қылма,

Залал бар жылы сөзден бипаңдаған.

Мен көрдім бақшаңызда сайран етіп,

Тұрам ғой тамашаңда халім кетіп.

Көз көріп, көңіл мас боп дидарыңа,

Сындырдым сүйегімді ойран етіп.



Сара саңлақ

241

Машрихты мағрүпқа жазған Алла,

Азалда қосар ма екен пəрмен етіп.

Ғашықтың талабынан бос қалмайтын,

Көрейін қолым жетсе талап етіп.

Жаралды тəні пəнде нұрдан қайнап,

Шағылып туған едің нұрдай жайнап.

Талпынам таза туған ажарыңа,

Белімді тəуекелге мəхкəм байлап.

Наз етіп ғашықтығым айтылған соң,

Көңіл аусын көз жасыма рахым айдап.

Михнатты ауыр жүктер мойныма алып,

Бір жанды құрбандыққа тұрмын сайлап.

Айырған асыл сəулем сөздің парқын,

Байқаған жаман – жақсы кісі нарқын.

Тас та асыл гауhардайын адам үшін.

Нəсілің таза туған затты шəрфім.

Ұядан тудың жеке асыл есіп,

Сауаптан кім жамандар үміт кесіп.

Жақсы едің кір шалмайтын сүйегі асыл,

Тот баспас саф алтындай бедер көшіп.

Жұпар жел мас боламын самалыңа,

Туып ең нұр безеніп заманыңа.

Сағымдай жазғытұрғы толқын ұрып,

Қарасам көз алмасар жамалыңа.

Аларсың менен хабар жазған хаттан,

Рағана таза келсең өскен бақтан.

Я ата, я анадан кемдігі жоқ.

Асылдан шыққан тегі арғы заттан.

Жанға рахат айтқан сөзің қандай майда,



Сара саңлақ

242

Жанның бəрі өзіңдей болу қайда.

Ұжмақтың Нағым атты хор қызындай,

Әпзалат ғиш атадан болдың пайда.

Саржадай керілген қас, кірпігі оқтай,

Ішіме қайғы салдың жанған шоқтай.

Шер болып еш жібермес менің қайғым,

Қасіреттен жұмарланып жатыр доптай.

Қарағым, құшақтасам құмарланып,

Қосылмақ екі ғашық жұбайланып.

Жан тынып, ішімдегі жалын шықса,

Аузымнан ақ сағымдай мұнарланып.

Құшақтап тал беліңнен бір таң жатсам,

Ақ торғын орамалдай жұмарланып.

Ми, тамыр, ақыл-ойда арман қалмай,

Мастансам қызығыңа тым алданып.

Бəйшешек көтеріліп, көңіл гүлдеп,

Семіріп нəпсі мұрат бір жалданып.

Қардан ақ, қаннан қызыл аппақ бетің,

Иықтан қолаң шашың гүл талданып.

От сөнсе жүректегі жанып тұрған,

Сорғанда тілдің лəззат махир қанып.

Етке ет, бетіңе бет тиіскенде,

Айтысқан сертке жетсем əбден нанып.

Бұл менің ғашықтығым Сізге жарық,

Айтыспай асыл сəулем білген нарық.

Білім, ғылым ақылды таза затты,

Арасын асыл, жасық қылған парық.

Бір сөзде қақиқат бар инабатты.

Алмасаң сыр шықпайды іштен жарып.



Сара саңлақ

243

Бір сырдың, сегіз қырдың бəрі өзіңде,

Неткен жан жамандайды аузы барып.

Шапақтың кешкі батқан қызылындай,

Төрт құбылаң тең жаралған дидар шəріп.

Махаббат құрмет күткен мен бір ғарып.

Дүзіме назар салып қарағанда,

Еміреніп жан қозғалар ми таралып.

Қақиқат шын ғашық жар дегізіп ең,

Әуеден тілің үшін емізіп ең.

Ақырда сөз аяғы қайыр болсын,

Дегендей қамал тоят жегізіп ең.

Сүйікті бағаң қымбат қолға тимес,

Қызарған бет табылар, ниет табылмас,

Жаманды мың көргенмен көңілің сүймес.

Парт кетіп арадағы шарт бұзылса,

Қалайша тəн мен жаным отқа күймес.

Мүбəда тастап мені кетсең жатқа

Еш нəрсе басқа өлімнен хайла емес.

Шын ғашық күллі сырды баян етпес,

Уағда айтқан əуел шарттан кетпес.

Надандар махаббаттан ғайып болған,

Ғашықтар жəрдем берген тастап кетпес.

Асыл ең жаннан түйін, сөзге бекем,

Айнымас өлсе дағы сүйген сыйлас.

Қатқаным шын қақиқат шеріп жандай,

Қыл өтпес арамыздан достық қимас.

Бір жанын менің үшін пида қылып,

Ағаның ақ тілегін екі қылмас.

Жатсақ-ау таң жадырап атылғанша,



Сара саңлақ

244

Күн нұры жер жүзіне шашылғанша.

Дүниені сен болмасаң етем талақ,

Жарым деп бір сатқынға асылғанша.

Тұғырда тоят жем боп өлген жақсы,

Қу барып қара құсқа қатылғанша.

Таза құс талпынбай-ақ аштан өлсін,

Жем іздеп бір жемтікке шатылғанша.

Деп ойлап аз нəпсіме дем беріп ем,

Жас күнімде қызылға қол бермедім.

Бір жеуге өлексені ем көріп ем,

Перде ашып бағасыз тəн жыртқанымша,

Әншейін жай жүруді жөн көріп ем.

Бұлардан көңіл суып, қызық тозып,

Таза жүрек нəпсімді меңгеріп ең.

Нəпсіме жүрегіңді сұлтан қылып,

Тоқтатып өн бойыма дем беріп ең.

Жолыққан таңдап жүріп таңдағаным,

Сіз едің бойға лайық қамдағаным.

Бұрыннан іздеп жүріп жаңа тауып,

Өзіме лайық деп сомдағаным.

Көрікті Сіздей гүлді бақ жаратпас,

Басқаға өзіңе аян қонбағаным.

Жаралған жаһан көркі – нəсілің бекзат,

Гүліндей Фердаусидің солмағаным.

Бұрынғы перизаттай мысал үшін,

Дүниенің ақырында орнағаным.

Сіз бір гүл аман тұрған қазан ұрмай,

Тездікпен сола көрме бақта тұрмай.

Көруге жамалыңды жиһаттамын,



Сара саңлақ

245

Басқаға хор да болса мойын бұрмай.

Жүзіңе көрген құмар сүйінемін,

Көргенше дидар қосып күйінемін.

Сыйласаң көзден таса болғаннан соң,

Мастанып, дəрменде боп иілемін.

Зат біліп, парық айырсаң – мен де сендік,

Көргем жоқ пиғылыңда əзір кемдік.

Сізден соң басқа қызық керек емес,

Егер де осы жолы келсе теңдік.

Шыға алмай талпынамын жолда тұрып,

Биіктен миуа алмақпын ойда тұрып.

Уағдадан күйсе-жанса жылжымассың,

Арықтап кейін қалмай торда тұрып.

Әріптің  бар  талап-талғамын  сыйғыза  жеткізген  хат 

Сараның ішкі сарайында таудың тентек суындай ағы ла-

ды... Мұнша сезім тасқынын қыз байламы қанша мықты 

болса да тоқтатуы мүмкін бе? Қазақтың жалпақ тілімен 

тө гілткен арман əні, шынайы сүйіспеншілікті аңсаған жан 

ғана оқитын хат қой бұл. Көл-көсір ынтызарлықтың жо-

лына ұстамдылығын қорған етіп тұра ала ма? Тұруға тиіс! 

Сара  хат  иесімен  жүздесу  оңайға  түспесін  сезінді. 

Хатқа жауап қайыруды кейінге қалдыруды ұйғарды. 

Ежелден ел мекені – «Ешкіөлмес» жайлауы. Ақшаңқан 

қазақ  үйлердің  маңы  абыр-сабыр.  Әр  тарапқа  жарау 

мінген  жаршылар  жұлдыздай  ағуда.  Ұзамай  көршілес 

ауылдардың  барлығы  Тұрысбек  қажы  хабарымен 

құлақтанды.

– Арқадан атақты Біржан сал келіпті.


Сара саңлақ

246

– Он бір серігі қасында екен.

–  Сарамен  айтыспақ,  бұйырса  жыр  кереметін  тама-

шалаймыз.

– Айтысты Әріп жазып алмақ.

– Қажы Есімбек ауылына Сараны алдыруға кісі шап-

тырса, қалыңдық айтысудан бас тартыпты.

– Енді қайтсін, Сараның айтысар жайы бар ма?

–  Есімбек:  «Шырағым,  Сара,  саған  не  болды?  Бір-

жан  ның  қапыда  біздің  ордамызға  қайдан  тап  болғанын 

білмедік. Бар, əдейі іздеп келгенде көңілін аулау парыз. 

Атаңа  тигізген  пайдаң  сол  болсын,  Арғынның  серісінің 

аптығын басып, бір дөңгелетіп бер» деп өзі барыпты.

–  Өнері  ұлдан  артық  қарағым,  тілеуіңді  бір  Алладан 

сұраймыз, – деп бата беріпті.

– Дулат, Сабыр, Кеншімбай, Сұртай, Жылтыр, Жанұзақ 

бабаларына  сиынған  Сараны  қыз-келіншектер  қыр мы-

зыдай жайнатып киіндіріп, əлгінде қажы ауылына алып 

шығыпты.

Әріп  ел  арасындағы  əрбір  сөзді  түртіп  ала  берді. 

Сенері –  осы  айтыс.  Біржан  сал  бері  шығарда  Сараның 

жайына  қаныққан  соң:  «Осы  жолы  Сараны  жеңбесем, 

үйге  қатпай-ақ  қойғаным  жақсы.  Найманның  асыранды 

бұлбұл құсына бар шынын, жан сырын өз аузынан айт-

қызамын. Сөйтіп, қалың халықтың алдында күл ішіндегі 

алтыныңды аршып шығарамын, Әріп! Тұрысбек қажы да 

ет-жүректен  жаратылған  жан  шығар,  батиқасын  берер. 

Қызды азат етпесе, қасымдағы сері мен палуан жігіттерім 

елді Сараны босатуға үгіттейді. Азар болса Азнабайдың 

поштабайындай  қамшы  үйірген  қажы  жігіттеріне  жұрт 



Сара саңлақ

247

аузынан  түспес  өлең  арнаймыз.  Солай,  достым!»  деп 

күлімдеген.  Екеуара  əңгіме  болғанымен  бұл  сертке  тең 

сөз  еді.  Біржан  тобы  келгенде  құшақ  жая  қарсы  алған, 

сə лем дескен, «Ақсарбас, ақсарбас, Сараның тілегін бере 

көр» деген Арсалаң болды. Сараны неге ауызға алғанын 

былайғы жұрт түсінбеді.

– Е, қайтсін! Кенженің қызы жеңсе деген тілектестігі 

ғой, – дескен.

Тұрысбектің  қырық  қызын  қасына  ерткен  Сара  да 

жыр дүбірін тілеп, қыр қызғалдағындай түлеп сала берді. 

Домбырасының  құлағын  бұрап,  киіз  үйдің  ішін  күм-

бірлете ырғақ іздеуде.

Халық қарақұрым. Заты əйел демей, Сараға дем бере 

«Найманшалдап» ұрандағанда жаңғырық жер мен аспан 

астын тұтастырды.

«Қарқабаттап»  айғайлаған  сал  жігіттерінің  дауысын 

жергілікті бұқараның зор үні көміп кетті.

Тегін адам қажы атансын ба, сабырлы қалпын бұзбастан 

томаға-тұйық отырған Тұрысбек қана.

Біржан сал айтысты ат үстінен өктем бастады:

Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері,

Іздеген келіп тұрмын Біржан сері.

Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар,

Аулында Тұрысбектің өлер жері, –

деп бастап үсті-үстіне төпелей жөнелді. Сара қарсы жа-

қындағанда да оған көңілі толмаған сыңай танытты:


Сара саңлақ

248

Осы ма бұл Матайдың бұлбұл құсы,

Көп азап көріп жүрген жазы-қысы.

Әуелі қазақшалап көріселік,

Қарағым бертаман кел, жасың кіші.

Сара  расында  салдан  көп  кіші,  сонда  да  аттан  түсіп 

барып  көрісе  қоймады.  Тəкаппарлық  меңдеген  Біржан 

шыдамай:


Найманның болады екен қызы надан,

Үлгісіз қандай халық түрі жаман.

Ағаға іні келер біздің жақта,

Көп боп па сұрағанға есен-аман, –

деп тиісті.

Ақын қыз ұрымтал сəтті күткендей:

Ей, Біржан кімге дəрі амандығың,

Сөз білсең бұл да сенің жамандығың.

Қиссасул-Әнбиядан естімеп пе ең,

Бірден-ақ мəлім болды надандығың.

Адамды топырақтан жаратты хақ,

Надандығың білінсін бұ сөзге бақ.

Хауаға бұрын барған Адам ата,

Бұл салттан кетпекшісің қалай аттап, –

дегенде  салдың  оң  үзеңгідегі  аяғын  үзеңгіден  босатып, 

қайта  салғанын  Әріп  анық  аңғарды.  Мұнысы  сөз 

сайысындағы Біржанның бірінші сүрінісі еді.


Сара саңлақ

249

Орынды.  Әрқайсысы  өз  елін,  жерін,  береке-бірлікке 

тірек  болған  ерлерін  мадақтаған,  кемшілік  айтылса  тіл 

қанжарын қадаған айтыс қыза түсті.

Сара  барған  сайын  өрледі.  Біржанды  өз  басына  тең 

көрмеуге  айналды.  Өткір  тіл  алдаспанын  жарқылдата 

сермеді:

Қазақ жоқ хан Бараққа теңгерілген,

Күшімен Арғын, Найман меңгерілген.

Есіл ер аруақ біткен заманында,

Тоқтыдай сан Тобықты өңгерілген.

Өзіңді ат та қылдың, құс та қылдың,

Дүниеде бар жақсыға теңгерумен.

Жайымды адам күймен айтайын мен,

Басылсаң ала қашпа өрлеуіңнен.

Өнерге екі жағым бəрі бірдей,

Еркек жоқ өз басыма теңгерілген.

Бүйте  берсе  жырының  жайы  түзелмесін  түсінді 

Біржан. Көптен ойлап жүрген Сараны тоқтатудың соңғы 

тəсілін қолданбасқа шарасы қалмады. Сара басымдығын 

екі  мəрте  байқатты,  үшінші  рет  сүрінсе  алды  опат  де. 

Біржанның  ендігі  шүйілер  нысанасы  –  анау-мынауды 

шұқылау емес, тура Тұрысбек қажы. Төте жолдан өткізер 

көпірі – Жиенқұл.

Сал айтыс арнасын осы бағытқа бұрды:

Біліп ем Сара сенің сыңайыңды,

Баса алмай армандамын құмарымды.


Сара саңлақ

250

Ақ үйден айқай салып шыққан кезде,

Сезгемін сөзге қайрат қыларыңды.

Сөйлейсің төрт құбыласы түгел жандай,

Білместен неден зар боп жыларыңды.

Майысқан сегіз қырлы жүйрік-ақсың,

Қай жерден болжамайсың тынарыңды.

Шақырып күйеуіңді осында алдырт,

Көрейін таңдап қосқан сыңарыңды.

Тез алдырт күйеуіңді Сара саңлақ,

Көрейін еркегіңді тиген таңдап.

Рас-ақ жаны ашыса Тұрысбектің,

Белгісі білінеді келсе сонда-ақ.

«Жақсыны көрмек үшін» деген Сара,

Өзі түгіл ел қамын жеген Сара.

Мырзаңды Жиенқұлдай шапшаң алдырт,

Ұялып, бөгелесің неден Сара?

Осы жерде денесі шоққа қарылған ақын қыз намыстан 

өрте нердей,  амалсыз  Найманның  игі  жақсыларына 

бұрылды:


Қажеке-ау, мынау қалай ақырады,

Жиенқұл тез келсін деп шақырады.

Көрсетсең асылыңды ап келіңдер,

Аулыңда ол келгенше отырады.

Арғынға жол бермеген есіл тілім,

Күн тимей, қор боп ұшты қызыл гүлім.

Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем,

Есекпен қосақтаулы өтті күнім.



Сара саңлақ

251

Өзі білер деуші едім жақсылардың,

Ақыры қайғы болды енді мұным.

Алтайдың саңлағымен сөйлессем де,

Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным.

Сіздерге сенетұғын сорлы басым,

Келгенде Жиенқұлға шықпады үнім.

Сара сөзін аяқтамастан Тұрысбек орнынан тұрып кетті. 

Сал қояр емес. Қадала борандатып, Жиенқұлды алдырған 

соң, түріне қарады да, Тұрысбек қажыға:

Шырағым Сара, сендей тумас бала,

Шежіре туармысың мұндай дана.

Обалың ел ағасы Тұрысбекке,

Қосқаны нашар екен, ей бейшара...

Тұрысбек той боп қайтсын осы жиын,

Берейін көкбарыңа мен-ақ тиын.

Азат ет жұрт алдында Сара қызды,

Бір бата көп ұйғарса қанша қиын, –

деп төпеледі.

Қажыға əу баста берген батасын қайтып алу – өлгенмен 

тең. Өңі қуқылданып, тынысы тарылды. Не істесе екен? 

Он бір сал серіктері бастаған қалың жұрт дүр ете түсті:

– Азат... Азаттық бер Сараға!

– Сағын сындырма, жыр сұңқарының!

– Азат, тек қана азат...

Тұрысбек  бұрын-соңды  көрмеген  топ  толқуынан 

сескеніп қалды. Тауда қанша дауыл соқса да, сел жүріп, 


Сара саңлақ

252

анау аспан мен таласқан қалың қарағайларды түп тамы-

рымен жұлып, қиратса да, етектен алыстаған сайын алып 

дала  селт  етпейді  ғой.  Байлар  да  солай  екен,  есігін дегі 

жалшының қан құсып жүргеніне мəн бергілері кел мейді. 

Олардың  да  ішінде  небір  асылдар  бар  екен-ау!  Елінің 

атын,  өзінің  затын  шығарар  Сараны  бұған  дейін  неге 

танымаған?

Елге қараған қажы халқының алақан жайып тұрғанын 

көрді. Ендігі райынан қайтпауы таза ақымақтық болар еді.

– Азатсың, қарағым Сара! Әй, жігіттер, жорға əкеліп 

мінгізіңдер,  бəйбіше  ақ  жібек  шапан  жап,  Сараны  енді 

жылатпаспын, аумин!

– Аумин, – десті нөпір.

Көптен  күткен  қуаныштың  бастау  көзі  ашылды. 

Байғазысына  ауылдың  ақжаулықты  аналары  сырға-

жүзіктерін  Сараға  сыйлап,  мəре-сəре.  Біреулер  қолын 

қысса, енді біреулері өздері бостандық алғандай бетінен 

сүйіп мəз.

–  Басыңды  бұғаудан  өзің  босатып  алдың,  бақытың 

баянды болсын!

– Жарайсың, қызым, бағың жансын!

– Құдайым енді жаныңа жамандық көрсетпесін.

Айтысты ұнатпағандар да болды. Қымыздың қызуына 

бөрткен байлар жағы ызалана қауқылдасып қалды:

– Заманның азғаны да, тəйірі, – деді арт жақтан Арнай 

ат үстінен тістене, – ақ батаны бұзған қайбір жақсы.

Біржандар  қонақасыдан  кейін  де  Көкшенің  əндерін 

шыр қап,  палуандарын  белдестіріп,  думанды  дүрілдетті 

кеп.  Ауылдың  алты  ауызы  айтылды,  Біржанның  жаңа 


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет