Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет13/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

268

менің мына «Жүрек» деген өлеңімді енгізсеңізші, менің 

қазіргі бар көңіл күйім осында.

Айта ғой, бірақ қиналып қалма.

–  Сіздің  алдыңызда  жан  тапсырсам  да  армансызбын, 

ағажан!


Әріп  өзін  əрең  ұстады.  Талайдан  бері  жанын  тебі-

ренткен  күн  осы  шығар.  Толқынысын  басып,  қағазына 

қыз аузынан төгілген əнді тізе берді.

Жүректен жанға жайлы сөз бар ма елде,

Жүрексіз тірлік бар ма суда, жерде.

Қашанда өмір жыры – жүрек сыры,

Біреуін сол жүректің айтам мен де.

Аяулы болғандықтан асыл жүрек,

Өз орнын кеудеден алып бөлек.

Шаң-қоқыс, тозаң-топырақ кіре алмайтын,

Күмбезде берік, жылы өмір сүред.

Бəрінде мұндай жүрек, жан-жануар,

Жұрт білед тулай соғып тұрары бар.

Жерде де мұндай жүрек бар деп айтсам,

Көрмеген көп адамдар күлед шығар.

Түстіктен орай жатқан жоңғар жоны,

Қоңыртау терістікке қонған қобы.

Қапалдың жанға жайлы аясының,

Төрінде жер жүрегі біткен орын.

Не болмақ жер жүрегі жерден бөлек,

Жүректің бəріне ортақ шерден бөлек.

Кəдімгі жүрек қандай, ол да сондай,

Сипаттап айтары жоқ елден бөлек.


Сара саңлақ

269

Жалғыз тау жазықтағы басы мұнар,

Талай сыр, қойнын ашсаң асылы бар.

Көзіңмен көргің келсе жер жүрегін,

Қапалға кеп қайтуға асығыңдар!

Осындай ерен біткен жүректауын,

Жағалай біткен жасыл алма-бауын.

Күн сайын жылы леппен соғып тұрад,

Кербез шың – «Кер» бұлтынан сепкен жауын.

Күз келіп демін алад суық леппен,

Алғашқы ызғарлы шық шымшып беттен.

Жаз бойы жаппай өскен жасыл гүлдер,

Құнысып қорыққандай дір-дір еткен.

Қайрылмай кете барад жайдары жаз,

Көбі өтті өмірінің, қалғаны аз.

Дегендей бүрін бүркей жасыл шешек,

Жаутаңдап, жаныма кеп айтады наз.

Түн іші. Күзет те жоқ, қайда Сара?

Еш жерден көрінбейді бұ маңайда.

Жүректің үстінде ол жүресінен,

Отырды арыз айтып аспанда айға.

Мұңдасып, жер мен адам – екі жүрек,

Сыр тыңдап, бір-біріне құлақ түред.

Бұлардың қайғысынан қараңғылап,

Аспанда жұлдыз жымып, ай мүдіред.

Белгілі, – дейді Сара, – менің дертім,

Ақ жүрек адамым бар берер сертін.

Душар боп қажы аулының қақпанында,

Таба алмай құтылудың жүрмін ретін.

Бір күні мойыныма түспек тұзақ,



Сара саңлақ

270

Өмірім өспес болар мұнан ұзап.

Ақтарып жүрегімді саған қосып,

Атанып өлсем деймін: «Жынды қыз-ақ!».

Өзіңдей менде де бар біткен жүрек,

Жаралы жалындаған жадап-жүдеп.

«Жамандарға басыңды жер етпе» дер,

Асаудай арманымды алға сүйреп.

Сенің де қызғалдағың қурап бүгін,

Жоғалтқан суық ұрып қызыл гүлін.

Кəрідей көрге кіруге əзірленген,

Күңкілдеп естілмейді күңгірт үнің.

Айтатын ақылың бар ма кəрі жүрек,

Дертіме бермейсің бе дəрі, жүрек?

Жер болып қалуыңның жайы қалай,

Көп ғасыр тұрмақпысың қайғы тіреп?

Жүрек пен жүрек сыры бір емес пе,

Сыр ұрлау бір-бірінен мін емес пе?

Жөніңді айт, жөге сілте қатқан жүрек,

Мендегі тыңдар сені тірі емес пе?

Қозғала бүлк-бүлк етіп жер жүрегі,

Жас қызға жаны аши елжіреді:

– Жүрегі ем мен де өзіңдей бір сұлудың,

Жер болдым, тыңда, – дейді, – енді мені.

Заманда сонау-сонау өтіп кеткен,

Бір қыздың Баян деген жүрегі ем мен.

Арманым – өз өмірімде азат жан боп,

Өтпекші ем өзім сүйген жігітіммен.

Қоңтəжі деген ханның қызы Баян,

Ару еді аты шыққан, əлемге аян.



Сара саңлақ

271

Хандығы əкесінің, қыруар малы,

Аруды болды ақыр шаққан шаян.

Болғанмен алтын, күміс, дүние көп,

Жыл сайын аза берді Баян жүдеп.

Көрік пен сымбатынан пайда қанша,

Жан таппай жанып жатса жалғыз жүрек.

Дейтұғын қалмақ жігіт Сайынбөлек,

Кедейден кесек туып, өсті ерек.

Баянның бар арманы болды сол жан,

Айттырып алмағанмен қалың төлеп.

Арманды бір-біріне болды екі жас,

Бəз-бəзда сəті түсіп қосылса бас.

Жастардың елжірескен мейірінен,

Зілқара қорғасындай ериді тас.

Олардың жүре келе құмары артып,

Ұлғайды ғашық оты жалын шарпып.

Сайынға қызын бермей көшемін деп,

Бір күні хан бұзылды жүгін артып.

Ханның бір батыры еді қалмақ Сайын,

Қашанда қызметіне тұрған дайын.

Елінің арқа сүйер ері еді сол,

Өзгелер қалмақ жерін шапқан сайын.

Айыбы – жалғыз еді, кедей еді,

Еңіреген ел ішінде өгей еді.

Атса оқ, шапса қылыш өтпес күшін,

Қоңтəжі қоңыр қойға теңемеді.

«Қызымды жан алмайды, ханнан басқа,

Қалыңға берген қазына, малдан басқа.

Ендеше атсыз, затсыз кедейлерге,



Сара саңлақ

272

Тиісті Баян қызым алданбасқа».

Қоңтəжі сол кеткеннен «Қораны» асып,

Өрмелеп тау басына кетті қашық.

Жоңғардың мəңгі қарлы жотасына,

Шығарды қашырға артып, жүгін тасып.

Көшірмек болғанында қызын зорлап,

Қозғалмай, Баян қазды көрін орлап.

Жары үшін, Бөлек үшін жан тапсырып,

Қалды ол ақ жүректің сертін қорғап.

Осыдан түстік жерде Бөлек те өлген,

Оны да тау басына бөлек көмген.

Екі тау – Сайынбөлек, Баянжүрек,

Өзгеден сондықтан да еректенген.

Ару қыз ақ жүрегін қолдап өлген,

Жүрегін Бөлегімен бірге көмген.

«Жаным сүйген Сайынбөлек қабірімді,

Көріп тұр мəңгі-бақи деген көзбен».

Қыз өлді, жүрегі оның жерге айналды,

Арманы тау-шоқылы шерге айналды.

Күйіктен қайнап шыққан ыстық жасы,

Толтырған жүрек астын селге айналды.

«Жер болып сол жүректің сырты қатқан,

Сақталып түскен жалын махаббаттан.

Қазіргі Арасандағы ыстық бұлақ,

Жас еді сол жалыннан қайнап аққан».

Баянның от жүрегі болып бір тау,

Жоңғардың саласында тұрады оқшау.

Қасында Сайынбөлек шоқысы бар,

Әлі күнге қарауылдап тұрғандай жау.



Сара саңлақ

273

«Қорадан» мойнын созып «Қоңтəжі» тұр,

Ызғарлы, тілсіз мылқау, ақ шоқы құр.

Баянды көктей солған бір көре алмай,

Зарланғандай: «Балам, бір басыңды бұр!»

Осылай сырын айтып Баянжүрек,

Күрсінді, кеуде кере бір уһілеп.

Кеше мен, ал бүгін сен, дертіміз тең,

Ғасырлап ашылмайтын неткен түнек.

Бəрі бір, қалмақ па, əлде ұлты қазақ,

Осылай қыздарының көргені азап.

Қосылмай жүрек сүйген жігітіне,

Өтеді шал-шақпытқа болып мазақ.

Сара қыз еліктеме Баянға сен,

Шыдай тұр бұл өмірден қаяу көрсең.

Өзгеріс ел салтында болмай қалмас,

Өлме əзір, қорға өзіңді, аялда сен!

Саңқ еткен таудың үні осылай деп,

Сабыр кеп жүрегіме ұйыды кеп.

Мен сергіп орынымнан тұра келдім,

Жүректен болашаққа алғандай леп.

Түн жарымы, ел ұйқыда, ауыл жым-жырт,

Маужырап жусаған мал күйсеп бырт-бырт.

Өзгенің бəрі орнында, бəрі үйінде,

Бұл рахат тіршіліктен тек Сара сырт...

Ішке Арсалаң, Сахи бастаған қыз-бозбалалар енді. Бар-

лығы да көңілді. «Қымызмұрындықтың» қызуынан арыла 

қоймаған.



Сара саңлақ

274

– Саражан, азырақ тыным алшы, – деді Арсалаң, – мен 

сенің  біраз  əндеріңді  орындайын.  Әріп  кітап  шығарсам 

деп отыр, бұлардың да керегі болар!

Сараның көңілін аулаған топ оның əркезде орындаған 

«Ашындым», «Ортақ мұң», «Торығам» əндерін селт етпей 

тыңдады.  Әріптің  бір  іздегені  де  осы  болатын.  Кеңсе 

қызметінде  үйренген  қысқартпа  жазу  əдісімен  түртіп 

алды.

Ертеңіне Қапалға тартты. Одан ары өз ауылына соғып, 



балаларының  қысқы  қамын  қамдағаннан  кейін,  Қазанға 

барып  қайтпақшы.  Мойнына  тағы  бір  зор  ауыртпалық 

түсті, ендігі қиялынан Сараның қоштасарда өзіне арнаған 

«Қарлығаш» əні кетпейді:

Гүл еккен қаратасқа бір қарлығаш,

Мəпелеп өсірем деп шыбықты жас.

Тамырын балшық тасып орнықтырып,

Қорекке тасушы еді аузымен ас.

Шырылдап қос қанатын көлеңке ғып,

Қорғайтын гүл тамырын қызғанда тас.

Қандырмай гүл сусынын қоймаушы еді,

Тамшы ғып ағызса да көзінен жас.

Құрт мұжып, сөлін сормақ көп көбелек,

Шынарға жабылғанда өскен бөлек.

Мейірімді бір қыранның көзі түсті,

Ерте ұшып қалықтаған тау көбелеп.

Шынардың басында еді құзғын-қарға,

Қожаңдап сес көрсеткен басқаларға.

Тырнағын батырысып гүл бүріне,


Сара саңлақ

275

Әурелеп, қарлығашты салмақ зарға.

Қыран құс қиялап кеп шыңнан ұшқан,

Қанатын қырқып кетті қарға қысқан.

Сол құстың екпінінен соққан желден,

Жоғалып құрт-көбелек, осы тұстан.

Баяғы бейнет көрген жас қарлығаш,

Гүл егіп, тырнағымен қашаған тас.

Қыранға мың бір рахмет, алғыс айтты,

Жүректе қуанышы, көзінде жас.

Батырдай қорғау үшін туған елін,

Сата ма қанатының қыран желін.

Мен бір жан қарлығаштың қамын күткен,

Ағатай, əділін шеш осы жердің?!

Шеше  алар  ма  Әріп  бұл  жолы  əділетті  тұмшалаған 

тастемір тордың түйінін!

Қаржы жинап, кітап басып шығаруға жетерлік пұлдың 

басын  құрап,  Қазандағы  құлқыны  кең  баспагерлердің 

оқпанын толтырғанша Әріп көп кешікті... Өзегін өртеген 

əділетсіздікпен күресем деп жүргенде, армандаған бақыт 

құсынан біржолата айрылып қалғанын сезбей де қалды.

Табандатқан төрт жылғы əмеңгерлік тəлкегі жүйкесін 

жегідей жеген Сараның шыдамы шарт сынды. Әріп кеткелі 

басын  көтеріп,  құрбыларымен  араласа  бастағаны  сол 

екен, қалыңдық іздегендер тағы табалдырығын тоздырды. 

Жиі төсек тартып, жатып қалса да маза бермейді. Әбден 

титықтаған  қыз  іңірде  талықсып  кеткен  екен,  Әріптің 

«Абылай»  поэмасынан  оқыған  Төле  биді  көрді.  Кəдімгі 

қазақтың  басын  қосқан  Абылай  ханды  бала  күнінен 


Сара саңлақ

276

тəрбиелеп өсірген Ұлы Жүздің биі. Ашық маңдайлы, ат 

жақты, ұзын сақалды, айыр киіз тік қалпақ пен мол түйе 

жүн шапан киген дана қария бұған қолын созды:

–  Қарағым,  қатты  торығулысың,  білемін.  Қапалана 

берме, дертің қалыңдай түседі. Келесі жұмада менің тас-

тұ рағыма  кел,  сол  жерден  өзіңді  өмір  бойы  құрметтеп 

өтер адамыңды табасың, – деді.

Сара бидің алдында иіліп, қолынан сүймекші еді, лезде 

ғайып болды.

–  Ата,  ататай!  Кетпеші,  мені  қайда  тастап  барасың? 

Шошынып оянса, қасында Шəлипан отыр.

–  Қызым,  не  көрінді?  Құдайым-ай,  соры  арылмады 

ғой – деп кеңкілдейді.

– Апатай, үйге ешкім кірген жоқ па?

– Жоқ, құлыным!

– Ту, түсім екен-ау, Төле би бабамызбен сөйлесіп жүр 

екенмін.


Шəлипан өте ақылды əйел. Жалайыр руынан шыққан 

Балпық бидің жақын қарындасы болып келеді. Төле биді 

кім  білмейді,  қасиетті  адам  бекерге  түске  кірмейді  деп 

топшылады.

– Ештеңе деген жоқ па?

– Келесі жұмаға тастұрағына шақырды.

– Неге?

–  Толық  айтпады.  Қамыққанымды  байқап,  ар  жағын 



келе көрерсің деді.

–  Бар,  қызым,  дертіңе  шипа  болар,  зярат  етіп  қайт. 

Бүгін бейсенбі, мен жолға қам жасайын.

Ертесіне Есімбектің қосқан қосшыларымен бірге киелі 

мекенге аттанды.


Сара саңлақ

277

«Төле  бидің  төрі»  немесе  «Төленің  тастұрағы»  Кү-

реңбелдің кіндік ортасында. Күреңбел – бір ғана тау сілемі 

емес, сонау Іле Алатауынан бастап, «Ешкіөлмеске» дейін 

созылып жатқан күрең түсті тау жоталарының барлығының 

ортақ  атауы.  Қазақ  халқына  шұрайлы  шөпті,  тұнық 

суатты  өріс  пен  қонысты  іздеп,  өмір  бойы  қам  жеумен 

өткен Асан қайғы бабамыз тауып беріп кеткен Жерұйық, 

Жиделі– Байсыны. Жетінші-сегізінші ғасырларда «Батыс 

Түркістан,  оныншы  ғасырлардан  бастап  «Моғолстан» 

атанған қазақтың алтын бесігі осы Күреңбел деп еститін. 

Сондықтан  да  он  сегізінші  ғасырдың  басындағы  қазақ-

монғол  соғысы  əсіресі  сол  жерде  қанды  қырғынға 

айналған. Оған Жетісу жерінде жатқан батыр бабалардың 

сүйектері жерленген тауфардағы тастұрақтардың көптігі 

куə. Солардың дəл ортасында Төле бидің тастұрағы тұр. 

Төле би дүниеден өтерде:

Хала, хан ием Абылай,

Халық батыры Қабанбай.

Жерінде аққан жеті өзен,

Ақ сүтін берген анаңдай.

Сауыры жазық Сарыарқа,

Сасқанда сақтар данаңдай.

Асқар-асқар тауларың,

Жауыңа бермес қамалдай.

Босатып əлі-ақ аларсың,

Амалдай тұр, амалдай.

Туған жерден топырақ,

Бұйырса маған болғаны,


Сара саңлақ

278

Сендерге сеніп көз жұмам,

Болыңдар елдің қорғаны, –

деп  көз  жұмған  жер  Балқаш  көлінің  аяғы  болса,  Абы-

лайхан оны осында əкеліп, өз қолымен жерлеген деседі. 

Міне, адамгершіліктің, ұстазына деген құрметтің үлгісі! 

Бұл сондай Абылайханның тері сіңген киелі бел. Жерін 

жоңғар  басқаншыларынан  қайтарып  алу  жолындағы 

Ұлт-азаттық  соғыста  күллі  қазақтың  ортақ  биі  болған 

Төлені  тең  ортаға  жерлеудің  өзінде  үлкен  мəн  бар 

шығар.  Қарашы,  Күреңбел  үшін  болған  шайқаста  қаза 

тапқан  батырлар  осы  Төленің  зиратын  қоршап  жатыр. 

Түстіктегі Іле Алатауының бір биігінде Райымбек батыр, 

одан  берірек  Малайсары  батыр,  терістігіндегі  Қышқаш 

тауының  ұшар  басында  Төлебай  батыр,  шығысында 

Қабанбай мен Шөже батыр, əр тұстан елін бір-бір биіктен 

қарауылдап  тұрғандай.  Төле  би  тұрағы  ортада  аталған 

батырлардың оңы мен солын шолып, қимылын бақылап 

тұр дерсің! Сараның есіне Әріптің поэмасындағы:

Ассызға ас, атсызға болған көлік,

Үйсіннің Төле деген биі өліп.

Жанында жалғыз атшы Жəпекпенен,

Оралған сапары еді соны көміп, –

деп  хан  Абылайдың  адамшылығын  жырлайтын  жолдар 

оралды. Әріптің бойындағы өзгеден табыла қоймас асыл 

қасиеттер  сол  Төле,  Абылай  басқан  жерлерге  жиі  бара-

тындығынан емес пе екен?! Шығыс Түркістан, Бейжіңнен 


Сара саңлақ

279

деректер  жинап  келіп,  Арсалаң  екеуі  тастұраққа  тағзым 

етіп барып, тарасатын. Кейін Әріптің «Абылай» поэмасын 

Арсалаң жырлап отыратын. Сараға қалай екенін алдынан 

Әріп сияқты бір жанашыр шыға келетіндей көрінеді. О, 

құдірет! Неге өйтеді? Ол кім, не айтар екен?

Тастұраққа жүрегі лүпілдей көтерілді. Ешкім де жоқ. 

Маңайда жыбырлаған тірі жан байқалмайды. Бұл қалай, 

бəрі  бекер  болғаны  ғой...  Әлсіз  денесін  ат  соққан  Сара 

қорым басында ұзақ отырды. Сауығуын тілеп, дұға оқыды.

Қасындағы кілең жас қосшылар қыр қуалап, алыстап 

кетті.


Әлден кейін қараса алдында екі аттың тізгінін ұстаған 

Бекбай отыр.

– Саражан, өзіңе айтар арызым бар еді.

–  Ол  қандай  арыз?  Арыз  шешетіндей  менің  қолымда 

құдірет жоқ.

– Құдірет мына өзіңсің, атамыздың аруағын сыйлап əлі 

оң жақта отырсың. Мен де жетіскен жан емеспін, бірігіп 

шаңырақ көтерсек қайтеді.

Қыздың  алма  жүзі  дуылдай  жөнелді...  Бекбай  заты 

момын,  ақылды,  біртоға  жігіт.  Тегі  Үйсіннен  тарайтын 

Жақсылық руынан. Көршілес жалпақ жалайыр жұртынан 

көшіп келіп, шағын шаруасына ие боп жүрген жан. «О, 

тоба! Төле бидің түсінде берген аяны расқа айналғаны осы 

болар?! Олақ адам құрықтан қазық жасай алмайды. Сара 

да  тағдырын  оңдыра  алмады.  Ұнататын  адамы  Әріптің 

жолы  бөлек  түсе  береді,  тіпті  біріккен  күнде  нашар 

денсаулығымен оны бақытты ете алар ма? Оның қызметі 

жол үстінде, онымен бірге көшіп-қонып жүру қайда, халі 



Сара саңлақ

280

келмесі анық. Мұның өзіне бір күтуші қажет. Тұрмысқа 

шықпайын десе, əмеңгерлердің əлегі анау. Бекбай жайын 

жақсы біледі, шынында маңдайына жазғаны сол шығар! 

Жиенқұлды  менсінбеді.  Бейсетбайлардың  да  бетін 

қайтарумен келеді. Шəбден манаптың елшісін де «Ақылы 

болса келмесін, елімнен кетпеймін» деп қайырды. Сонда 

кімге  тұрмысқа  шықпақ?  Ендігі  жерде  бұйырған  бақты 

басқа тепкендей болғаны жарамас. Арысы, мұнда ештеңе 

білмей  келген  емес,  түс  көріп  келдім,  аруақты  ренжітіп 

алармын.  Бекбай  қолқасын  басқа  жер  таппағандай  тура 

Төле бидің тастұрағында айтуы тегін емес. Тəуекел, осы-

ның етегінен ұстайын! Бұған əкемдей болған Есімбек, ше-

шемдей Шалипан, жақын сырлас Арсалаң не дер екен?»

Бекбай  Сараны  құшақтай  демеп,  атына  мінгізді. 

Жүрегін ауыртқысы келмегені ме, басқа дым демеді. Тек 

ауылға жақындағанда:

– Құда түсуге ағайындарымды жіберемін, – деп кесімін 

төтесінен айтты.

Қыз  үндемеді.  Бекбайға  мұңдана  қарады.  Ол  мұны 

келіскені деп ұқты.

Шаруакер  Бекбайды  Шəлипан  жақсы  көретін.  Жігіт 

оған  ертеңіне  бар  жайды  білдірді.  Әңгіме  кешіне 

Есімбектің құлағына тиді.

Есімбекте  мал-дүние  жетерлік,  ешкімнің  байлығына 

қызықпайды.  Тек  құдасы  пəленше  деген  атағы  жетеді. 

Өзінше  Шəбден  дұрыс.  Ертеректе  орыс  əскері  Әулие 

Атаны,  Пішпекті  өздеріне  қарататын  жорыққа  əкесі 

Тəнеке батырдың ағасы Қалқабай да қатысыпты. Жүз басы 

болған ол басы бір құл мен күң, тоғыз түрлі сыймен қай-



Сара саңлақ

281

тады.  Құлдың  атын  келген  соң  Келгенбай  қояды.  Оның 

ба лалары  кейін  өздерін:  «Есімбектерге  туыспыз,  еліміз 

Қыдырəлі» десіп, тонның ішкі бауындай жарасып кеткен. 

Тасыбай  руына  қоныстас  Қоңыр  ауылын  мекендейді. 

Шəбден сол сый берген Жанай батырдың ұрпағы, бүкіл 

қыр ғызға  беделі  жүріп  тұр.  «Сараның  мұнысы  несі, 

сыйлас  адамдарыммен  арамызды  суытпақ  па?»  деп  ой-

лады іштей. Бірақ түс туралы естіген соң райынан қайт-

ты. Киеге ұшырармын деп те күдіктенді. «Сара өзі білсін» 

деген тоқтамға бекінді.

«Тамшыбұлақтағы»  татар  көпесі  Кəрімов  салдырған 

Ақмешітте ақ некесін қиғызған Сара Бекбайға тұрмысқа 

шықты.


Ол қасындағы Құдай қосқан қосағын аса қадір тұтты. 

Ауылдағы  той-томалақтан  қалдырмады.  Іші  күйгендер 

ызалана көзімен атысты. Соның бірі – Арнай болыс тағы 

алдынан  көлденеңдей  шықты.  Сембек  деген  орташа 

шаруаның  шаңырағында  көптен  аңсап  көрген  бөбегінің 

шілдеханасы  болды.  Домбырасын  өңгеріп  Бекбай, 

шешесі Қамқа, Сара да келген. Елдегі көңіл жетер деген 

адамының барлығын шақырыпты. Той басталарда Арнай 

айтысуға арнайы іздеп жеткен Жақсылық руының ақыны 

Құдайбергенді оңашалай берді.

– Сені бүгін Сарамен айтысады деп естідім.

–  Е,  несі  бар?  Жеңгеммен  қағысқалы  жүр  едім,  сəті 

түсті.

–  Ақынды  жеңгізетін  ақиқат.  Саған  өткір  мысалдар 



айтсам...

–  Айт.  Бұйырса,  атақты  Сараның  тонын  теріс  айнал-

ды райын.


Сара саңлақ

282

– Жеңгең жүкті екенін білесің бе?

– Түскені кеше ғана, қалай жүкті?

–  Әріп  анда-санда  келетінін  білмейсің  бе,  тəйірі! 

Түсінікті ме? Жеңсең тай берем.

Құдайберген  ел  арасында  осындай  пыш-пыш  əңгіме 

естіген, бірақ мəн бермеген. Анау-мынау емес, той иесі-

нің бел құдасы Арнай болыстың өз аузынан естіген соң 

байыбына барып жатпады.

Ас  беріліп,  қымыз  ішіліп,  ел  ойын-сауыққа  ден  қой-

ғанда Құдайберген жұлқынып ортаға шықты:

Келін боп бұл ауылға Сара келді,

Қолына домбырасын ала келді.

«Төлімен Тасыбайды көбейтсем» деп,

Ішіне бір баласын сала келді.

Сонда  Сара  Құдайбергеннің  атасы  бардам  адам  бол-

ғанын,  өзі  шаруаға  қырсыз,  əкесінің  жиғанын  шашып 

болып,  тамағын  елден  асырап  жүрген  қаңғыма  екенін 

бетіне басты. Көбінесе Ермек, Түбек дегендердің отынын 

жарып, малын бағып күнін көретін. Сара олардың екеуін 

де  алқалы  тойда  айтысып  жеңген.  Олардың  алдында 

есекке  мінген  баладай  жыбырлайтын  Құдайбергеннің 

құтырғанын түсінбеді. Жиналған топтың артқы жағынан 

көзімен  ата  қарап,  айызы  қанған  Арнайды  аңғарды.  «Е, 

білдім айтақтаушың кім екенін» деді де, төпелете жөнелді:

Құл-қатын сорпасына күпті болған,

Еліңде Ермек, Түбек мықты болған.


Сара саңлақ

283

Балам түгіл төсімде емшегім жоқ,

Еліңде қызың көп пе жүкті болған?

Күй тартсам бал тамады бармағымнан,

Бассам теңіз ойылад салмағымнан.

Бір тарпып ақ тайлақша тастар едім,

Атаңның қорқып тұрмын аруағынан.

Артыңда айтақтаған Арнай ма еді,

Соңымнан қуып жүрген қайтпай кегі.

Өсекке еріп білдей болыс басыменен,

Ұсақтығын танытты – ұсақ тегі.

Көпшілік  шу  етті.  Бекбайдың  қарапайымдылығын 

сый  лайтын жігіттер жағы:

– Өсек тасығанша өлгені жақсы да!

– Тфу, қара жер!

– Айтысты күллі қазаққа таратамыз, беттері күйсін!

– Неғып тұрсыңдар, əлі де айыздарың қанған жоқ па, 

жоғалыңдар,  –  деп  көтерілді.  Беделсіз  болыс  не  десін, 

бармағын  тістеген  қалпы  ығысып  шыға  берді.  Арнай 

болыс қашпас па еді, қалың жалайыр ішінде өз еліндегідей 

ешкімге  қамшы  үйіре  алмасын  сезінді.  Тойдың  қадірлі 

қонақтары  батыр  Ақшабек,  шешен  Керімқұл,  жас  ақын 

Қы дыралылар  сазайын  бермей  тұрғанда  қараларын 

өшірді.


...Төскейде  малы,  төсекте  басы  қосылған  үйсін  мен 

найман  қатар  құрметтеген  Сара  өзін  біраз  жыл  сергек 

ұстады. Енесі Қамқа бəйбішенің орны бөлек, баласынан 

кем көрмеді. Бекбай болмай қалғанда, тойларға өзі ертіп 

барады. Қамқа олардан бес немере сүйді. Жалған дүние 


Сара саңлақ

284

кімді бар мақсатына жеткізген, əйтсе де Сара үшін əмең-

герлік,  түрлі  өсек-аяңнан  арылған  жаңаша  тіршілік 

парақтары ашылды.

...«Әбіш қайтыс болыпты» деген суық хабар құлағына 

тиген  Әріп  байыз  тауып  отыра  алмады.  «Жасаған-ием, 

науқасшаң деп еді, жас ғұмыр ақыры үзілген екен-ау!» деп 

күрсінді. Жақсылардың өмірі қысқа келетіні несі. Орысша 

оқыған жігіт жастайынан ел арасындағы дау-дамайларды 

шешуге  араласып,  жұртына  қамқор  боларлық  айбынға 

айналып қалған. Соңғы кезде Верныйда қызмет істейтін. 

Анау  жылдары  ғой,  Абайдың  үйінде  əділетсіздіктің 

аранына  түскен  ержүрек  Базаралы,  Оразбай  мен  шешен 

Жиреншелер бас қосқанда:

– Сыбанның жас перісі өлең айт! – деп қоймаған соң 

Әріп  домбырамен  бірталай  сілтеген.  Аяғында  қанша 

батыр,  барымташы  болса  да  Құнанбай  мен  Тəкежан 

төңірегіндегі  апайтөстердің  айласынан  аса  алмай, 

қуғындалып,  өштерін  байдың  тоқалын  жағалаудан 

алғанын əзілдей отырып қағытқан. Өлең былай біткен:

Жасыңда шепті бұздың жаудан қашпай,

Ер болып өсіп едің адам аспай.

Балағаз, Базаралы бірге шықтың,

Бірігіп тұлпар аттай тізе ашпай.

Ер едің мықты ат кетпес тақымыңнан,

Қатты, қайсар кетуші ең ақылыңнан.

Тірі сынап секілді жұрт қозғалды,

Кім опа көрер дейсің жақынынан.

Мұзбалақ қыран едің бұлғын ілген,

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет