Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет16/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

316

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы 2013 жылды туғанын 

100  жыл  толуына  орай  Мұқан  Төлебаев  жылы  деп 

жариялаған болатын. Соған қарай бірқатар халықаралық 

шекаралар атқарылды. Соның бірі – Түркияның Самсун 

қаласындағы  жас  театрда  «Біржан  –  Сара»  операсының 

қойылуы.  Режиссері  профессор  Эфлатун  Ниметзаде. 

Біржанды  театрдың  əншісі  Азал  Ондеш,  Сараны 

Қазаннан  келген  Регина  Валиева  айтты.  Бұл  Сараның 

халықаралық  дəрежедегі  ізі  деп  түсінуіміз  керек.  Қазақ 

өнерінде тағы бір Сара бар. Ол – Гүлмайдан Сүндетова. 

Талдықорған  облыстық  театрында  Т.Қалилахановтың 

пьесасы  бойынша  қойылған  спектакльге  əншілігі  үшін 

шақырылған. Гүлмайдан халыққа əнші, ақын Сара ретінде 

мойындалды. Әншінің бейнесі Гүлмайданның да өнерінің 

жаңа қырын ашып, өнердегі бір белесі болды.

Сара бейнесінің ақын-жазушылар шығармашылығына 

еткен  əсерін,  одан  туған  əдеби  шығармаларды  біз  бұл 

жерде қозғамадық. Бұл əңгіме басқа саланың тақырыбы. 

Біз  ақын  Сараның  музыкалық  өнердегі  бейнесін,  Ахмет 

Жұбанов  көрсеткендей  лайықты  бейнесін,  сол  арқылы 

қазақ  өнерінде  қалдырған  ізін  байқатуға  тырыстық. 

Жоғарыда  аталған  əншілердің  шығармашылығындағы 

Сара  бейнесі,  сөз  жоқ,  ақын  қыздың  бүгінге,  келер 

күндерге  қалдырған  ізі  деп  білеміз.  Әркім  Сараны  өз 

тануы  бойынша  сипаттаса,  өз  өнерінің  жеткенінше 

бейнелесе Сараның да соншалықты қыры, сыры, кейінгі 

ұрпаққа танылды деп ойлаймыз. Уақыт өткен сайын бұл 

із  айқындалып,  сантарау  жолдармен  жан-жаққа  тартып 

барады.


317

Бауыржан ЕрдЕмБЕков

...Бұл Өлең Шыққан еКен БірТалаЙдан

(«Біржан – Сара айтысын» зерттеудегі

көкейкесті мəселелер)

«Бiржан  –  Сара  айтысының»  ақиқатын  анықтау  ға-

сыр ға  жуық  уақытты  ұттырған-ды.  Олай  дейтiнiмiз – 

қазақ  əдебиетiнде  бұл  туындыға  пiкiр  бiлдiрмеген  əде-

биеттанушы  кемде-кем  десек,  ұзақ-сонарға  созылған 

пiкiрлер, ойлар, дəлелдеулер, шешiмдер тiзбектелгенмен, 

аталмыш айтыс əлi күнге ақырғы нүктесiне жетпедi. Алды-

мен  дау  екiге  жарылды:  Бiрi  –  айтыс  болған,  екiншiсi – 

айтысты шығарушы Ә.Тəңiрбергенұлы. Келе-келе осы екi 

пiкiрден үшiншi бiр тұжырым туындады: Сара мен Бiржан 

кездесiп айтысқан, бiрақ айтыс сол қал пында сақталмай, 

кейiннен Әрiп ақын осы айтысты өзiнше жырлаған. 

Өткен ғасырдың басынан бастап осы өнер туындысы 

жайында пiкiр бiлдiрмеген зерттеушi, əдебиетшiлер кем-

де-кем.  Басы  Жамбыл  ақыннан  бастап  І.Жансүгiров, 

М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов,  І.Омаров,  Б.Кенже-

баев,  Қ.Мұхамедханов,  Н.Баймұратов,  Т.Қали лаханов, 

С.Қай нарбаев,  Ө.Есназаров,  Ш.Ахметов,  Е.Ысмайлов, 

М.Има шев,  тағы  басқа  əдебиет  қайраткерлерi  айтысқа 

қатысты əр ұдай пiкiрлер бiлдiргенi белгiлi. Бiз бұл арада 



Сара саңлақ

318

ол пiкiрлердi талдап, оларға баға берудi мақсат етпедiк. 

Бұл  жайында  «Әріп  ақын»  атты  монографиямызда 

(қара ңыз:  Алматы:  «Информ–  Арна»,  2001)  жан-жақты 

тоқталғанбыз.

«Бiржан  –  Сара  айтысының»  жылдар  бойы  (əсiресе, 

тарихи  деректердiң  шиеленiскен  соңғы  жылдарда)  зерт-

телу  сүрлеуiн  сүзген  адамға  көзге  бадырайып  бай-

қа латын  бiр  нəрсенi  айта  кетуiмiз  керек.  Айтысқа 

байланысты  екiге  жарылған,  бiр-бiрiн  жоққа  шығарар 

ке реғар дəлел-деректер келтiрiп жүрген зерттеушiлердiң 

ғылыми  пiкiрлерi  ұдайы  бiржақтылықтан  құтыла  алмай 

келедi.  Мəселен,  айтысты  «болды»  деп  дəлелдеушi 

ғалымдар  «Әрiп  шығарды»  деген  дəлдi  деректерге 

тоқталмай,  айналсоқтап  кетедi.  Ал,  Әрiптiң  авторлығын 

қуаттайтындар Бiржан мен Сараның кездесiп, айтысқанын 

беретiн  фактiлерге  көзжұмбайлық  танытады.  Қысқасы, 

əркiм  өзi  айтқан  пiкiрлерiн  күйттеуден  əрi  аспайды. 

Аталмыш айтыстың əлi күнге нақты бiр тоқтамға келмей, 

бiрiн-бiрi  жоққа  шығарған  дау-дамайдың  өрши  түсуiнiң 

негiзгi себебi де осында. Сондықтан да, ғасырға созылған 

əдеби даудың əдiлдiгiне жету үшiн, əркiм өз пiкiрiн қорғап, 

қолдағаннан гөрi, айтыс турасындағы дəлдi фактiлер мен 

тарихи деректердi жан-жақты салғастыра қарап, ортақ бiр 

тұжырымға келген жөн.

Аталмыш  айтыстың  тыныс-тылсымына  үңiлсек,  əлi 

көптеген  жайлардың  көлеңкелi  жақтары  көрiнiс  берiп 

жатыр.  Сондықтан  да,  «Бiржан  –  Сара  айтысының»  та-

биғатын  тануда  осындай  көкейкестi  мəселелердiң  та-

мырын басып, оған Әрiп ақынның тiкелей қатыстылығын 



Сара саңлақ

319

дə лелдеу мақсатында өз ойымызды ортаға салуды қажет 

iс деп санадық.

«Бiржан – Сара» туралы даудың ушығып, тарихи де-

ректердiң  өзi  бiрiн-бiрi  жоққа  шығарып,  қайшылыққа 

ұрынып жатқанын есте ұстай отырып, бiз бұл арада анау 

айтты, мынау айтты деген көнекөз қариялардан, Сараны, 

Бiржанды, Әрiптi көзi көрдi дегендерден жиналған нақты 

тарихи  дəлелдерсiз  естелiк,  əңгiмелерге  бойсұнудан 

алыстау болдық. Сондай-ақ, айтыс жайында бүгiнгi күнге 

дейiн айтылып, ұдайы қарама-қарсылықтан құтыла алмай 

келе жатқан ғалымдарымыздың, зерттеушiлерiмiздiң жəне 

жалпы  əдебиет  маңында  жүргендердiң  ой-пiкiрлерiне 

жүгінгенде  екі  жақты  қатар  ұстап,  айтыс  ақиқатын  ай-

тыс тың өзiнен, сондай-ақ, «Бiржан – Сара айтысына» қа-

тысты айтылған ақындардың мұраларынан, дəлiрек айт-

қанда өлең-жырларынан табуға тырыстық.

«Айтыс» болды деушiлер алдымен Сараны 1878 жылы 

туғызып, артынан 1854 жылға iлгерiлеттi, «айтыс» уақы тын 

да 1895-тен 1871-жылға ауыстырды. Сонымен, «Төребай 

мен  Сара  айтысы»  сынды  тарихи  деп  танылып  жүрген 

туынды ақын Сараның бiр емес екi өлеңдер жинағындағы 

«Сара  1878  жылы  туды,  1895  жылы  Бiржанмен  ай-

тысты»  деген  деректердi  жоққа  шығарды  (қараңыз: 

Тас танбекқызы  С.Тордағы  тоты.  –  Алматы:  Жазушы, 

1980.  –120  бет.,  Ақын  Сара.  –  Алматы:  Жазушы,  1985.-

144 бет). Көп жылдар бойы тiрi куəлардың естелiктерiн 

жиып,  Сара  өмiрiн  сарыла  iздеген  Т.Қалилаханов  пен 

С.Қай нарбаевтың еңбектерiндегi Сара өмiрi жайындағы, 

Бiржанмен 1895 жылдары кездесті деген деректер жалған 



Сара саңлақ

320

болып  шықты.  1977  жылы  жарық  көрген  Қазақ  совет 

энциклопедиясындағы  «Сара  1878  жылы  туып,  1916 

жылы  өлген»  деген  дерек,  кейiнгi  –  1989  жылғы  Қазақ 

ССР  қысқаша  энциклопедиясында  «1853-1907  жылдары 

өмiр  сүрген»  деген  деректермен  ауыстырылды.  Ескере 

кететін  бір  жай,  Сара  Тастанбекқызының  моласында 

1878  жылы  туып,  1916  жылы  қайтыс  болғаны  анық 

жазылған. Қысқасы тарихи дерекке саналатын «Төребай 

мен Сара айтысы» Сара өмiрiнiң ақиқатын танытқандай 

болды дегенiмiзбен, тарихи тармақтар шешiлудiң орнына 

шиырлана түстi. Төребаймен айтысында Сараның:

Қырықтың сегiзiне жасым келдi,

Екпiнiм өзге ақыннан басым келдi, –

деген сөздерi оның өз өлеңдерiндегi:

Мүшелге отыз жетi ажал жетiп,

Таусылып ырыздығым, бiттi демiм.

немесе:


Дүниеге келiп-кетер əркiм қонақ,

Солардың бiреуi мен өмiрi шолақ, –

деген тарихи тармақтармен бiр-бiрiне қайшы келiп жатыр.

Ендi  мына  бiр  өлең  жолдарына  үңiлейiк.  Бiржан  мен 

Сараның кездесуiне куəгер болған ақындардың бiрi:

Таңырқап жұрт тыңдаған сол Бiржан сал,

Ол күнде алпыстарға тақаған шал.

Қарасұр адам едi онша өңдi емес,

Қыр мұрын, түлкi мұртты шоқша сақал, –


Сара саңлақ

321

деген  өлең  жолдары,  сондай-ақ,  Бiржанның  Сарамен 

кездескендегi өлеңiнен ел аузында қалған:

Мiнекей жасым асты елу бестен,

Өткiздiк сауық-сайран мен бiр десте.

Найманға келiп сəлем берейiн деп

Елiңдi iздеп келдiм Ешкiөлмеске.

Сөзiме қалың Матай құлағың сал,

Бұл күнде жасым озған жай бiр мен шал.

Бұрылдым танысқалы ұзын жолдан

Келгем жоқ олжа сұрай, алуға мал, –

деген (қараңыз: Қалилаханов Т. Ақын Сара туралы соны 

деректер // Жұлдыз, 1958. №4) өлең жолдар Сара мен Бiр– 

жанның  кездескен  уақытын  күрмелей  түседi.  Осы  өлең 

жолдарындағы қайшылықтардан қашып, бiр туындының 

салмағын  арттырып,  екiншiсiне  келгенде  үстiрттiкке 

басып,  көзжұмбайлық  танытқанымыз  –  өлең  мұрасына 

қиянат.  Демек,  келтірген  тармақтардағы  қайшылықтар 

Сара  өмiрiнiң  жəне  айтыстың  болған  уақытының  əлi 

ақырына  жетiп  анықтала  қоймағандығын  аңғартады. 

Әйтеуiр,  əдеби  дауды  тоқтату  үшiн  бiр  жағына  қисая 

кету – ғылым үшiн қажетсiз құбылыс.

Бiржанның Жетiсуда болғанына оның «Талай заман», 

«Жетiсу»  өлеңдерi  куə.  Сондай-ақ,  Бiржанның  «Мұра» 

атты өлеңiндегi:

Бəйге алдым жiгiттiкте өлең-жырдан

Асырдым асқақ əндi алты қырдан


Сара саңлақ

322

Кешегi қырық жетi кəмiл жаста,

Өнермен əрбiр iске құлаш ұрғам.

Салдым мен ою-өрнек асыл жырдан,

Тайдырмай аяғымды жалғыз қылдан

Кездесiп Наймандағы Сара қызбен

Өзiмдi айтыстырып, қисса қылғам, –

деген (Сүлейменов Т. Бiржан мен Сара қашан кездескен? 

// Еңбек таңы. 1989, №7) жолдардағы Салдың «айтыстым» 

демей, «өзiмдi айтыстырып, қисса қылғам» деуi тек ұйқас 

үшiн  айтылған  сөздер  ме?  Осы  арада  айтыстың  қисса 

болып жазылуын Бiржан өзi меңзеп тұр.

«Айтыс Әрiптiкi, Бiржан мен Сара айтыспаған» деген 

тарихи  деректiң  бiрi  –  «Әрiп  пен  Қуанышбайдың  айты-

сы».  Осы  айтыстың  мына  бiр  тұстарына  назар  салайық. 

Қуанышбай: 

Әрiпке сəлем айттым үш қайтара,

Айтысты деп оттапсың Бiржан – Сара, –

деп  шүйiледi,  Бiржан  –  Сара  айтысында  Сара  аузымен 

жамандалған Құнанбай мен Абайды ақтап сөйлейдi. Ғы-

лым академиясы кiтапханасының қолжазбалар қорын дағы 

Ф.Ғабитова тапсырған нұсқада жоқ (қараңыз: Қуанышбай 

ақынның  Әрiпке  шығарған  өлеңi.  ҚРҰҒА  ОҒКҚ.  463-

бума)  тек  Семей  қаласындағы  Абайдың  мем лекеттiк 

мұражайының қолжазбалар қорына Ғаббас Шөкiмұлының 

тапсырған нұсқасында бiраз нəрсенiң басын аша түсетiн 

Әрiптiң жауабында мынандай шумақ кездеседi:


Сара саңлақ

323

Адамнан артық туған Сара саңлақ,

Сарадай оңай емес ақын болмақ.

Өнерi қашан кем едi Бiржан салдан

Екеуiн айтыстырдым əдейi арбап, –

дейдi  (қараңыз:  69-қор.181–  папка)  Әрiп  Қуанышбайға. 

Бұл  жолдар  Қ.Мұхамедханұлының  «Абайдың  ақын  шə-

кірт тері»  кітабында  да  түсіп  қалған.  Қарап  отырсаңыз, 

қол  жазбасы  сақталмаған  қазаққа  мұрағат  деректерін  ал-

мастыратын тарихи тармақтардың өзiнде бiрiздiлiк жоқ.

Кейiнгi  зерттеушiлердiң  Сараны  1853  жылы  туған 

деген  пiкiрлерi  Әрiп  пен  Сара  арасында  таныстық, 

ғашықтық  болды  дегендi  жоққа  шығарып  жүр.  Осы 

арада бiз бүгiнде даулы болып жүрген Әрiптiң «Сараға» 

деген  ғашықтық  толғауына  түсiнiк  берудi  қажет  деп 

санадық. Баспасөз беттерiнде: «Бұл толғау Ақан серiнiң 

«Тағырыпың» өлеңiнiң көшiрмесi», – деген пiкiр айтылды. 

Алдымен,  Әрiптiң  осы  өлеңiне  берiлген  түсiнiкке  үңi-

лейiк:  «Сараға»  (Жар  тұттым  əуелден-ақ  өзiме  арнап) – 

Орталық  кiтапхананың  қолжазба  қорындағы  нұсқа 

бойынша  берiлдi.  Жазылған  жылы  белгiсiз,  кейбiр 

деректерге  қарағанда,  тегi  1895-1900  жылдары  шы-

ғарылса  керек.  Бұл  өлең  Ақан  серiнiң  «Тағырыпың» 

деп  аталатын  өлеңiмен  ұқсас,  бiрқатар  жерлерi  сөзбе-

сөз  келiп  отырады.  «Тағырыпың»  Ақанның  1935  жылы 

басылған  өлеңдер  жинағына  енген.  Ал,  əлгiндей  ұқсас 

жерлердiң  кiмнен-кiмге  қаншалықты  ауысқандығын  дəл 

айту да қиын. Көптеген мағлұматтарға қарағанда Әрiптiң 

осы өлеңi атақты Сара қызға арнап, ғашықтық хат ретiнде 


Сара саңлақ

324

жазғандығы  анық...  Сондай-ақ,  Әрiптiң  осы  хатына 

Сараның  ұзақ  жауап  хаты  болған,  бiрақ  ол  əзiрге  қолда 

жоқ», – делiнген (ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындары ның 

шы ғармалары. Хрестоматия. – Алматы: Қаз.ССРҒА бас, 

1963. 343-бет). Осы жайға байланысты Ө.Ақыпбекұлының 

«Әрiп  ақын  Сараға  ғашық  болған  ба?»  деген  мақаласы 

жарық көрдi. Мақалада: «Әрiп Тəңiрбергенұлы мен ақын 

Сара  арасында  сүйiспеншiлiк,  ғашықтық  хикаялары 

болды  деуге  негiз  жоқ  деген  болжамды  батыл  айтып, 

осы ой-пiкiрiмiздi дəлелдеуге көшейiк», – деп, жоғарыда 

айтылған екi ақынның егiз өлеңiн, сондай-ақ Ақан серiнiң 

«Шамсиқамар»  өлеңдерiн  жолма-жол  салыстырады. 

«Сараға»-ның  «Тағырыпың»  мен  «Шамсиқамардан» 

алынғанын айта келiп автор: «Мұны ұқсастық деймiз бе, 

елде бiр ақынның өлеңiн үзiп-жұлып, жамап-жасқап екiншi 

ақынға телу деймiз бе», – деп (Қазақ əдебиетi. // 1996 ж. 

19 қараша) Әрiп пен Сара арасындағы ғашықтықты жоққа 

шығарады.  Осы  арада  ескеретiн  бiр  жай,  Ақанның  да, 

Әрiптiң  де  осы  өлеңнен  төл  қолжазбалары  қалмағаннан 

кейiн, «бұл – Ақанның өлеңi» деп нақты айту асығыстық 

болар.  Шындықты  өлеңнiң  өзiнен  iздесек,  бiрiншiден, 

өлең  тiлi  араб-парсы  сөздерiмен  көмкерiлген.  Мысалы: 

уажып,  мехкат,  меһман,  махбуб,  бəлə,  ғайри,  базарған... 

тiзе берсек көп. Бұл Әрiпке жақындау құбылыс. Өйткенi, 

жасынан  араб,  парсы,  қытай  тiлдерiн  жетiк  бiлген  Әрiп 

өз шығармаларында бұл тiлдегi сөздердi еркiн қолданған 

да. Ақынның қисса-дастандарындағы араб-парсы сөз қол-

даныстарын айтпағанның өзiнде, Абайға елiктеп жазған 

«Әліп-би», тағы басқа өлеңдерiнде көптеген араб-парсы 



Сара саңлақ

325

сөздерi  кездеседi.  Ал,  мұндай  сөз  қолданыстары  Ақан 

серi шығармаларында аса сирек.

Бұл бiр, екiншiден, егiз өлеңдегi:

Iзденiп Баһрам да Күлəндамды

Мехнатпен ақырында сөйтiп алған, –

деген  жолдардағы  Баһрам  мен  оның  сүйгенi  Күлəндам 

Әрiптiң  «Қисса-и  Баһрам»  (Қазан,  1908,  1912)  атты 

шығыстық  сюжетке  құрылған  дастанының  басты 

кейiпкерлерi. Сондай-ақ, екi өлеңдегi:

Зияда, Қорлы, Ғайын, Фархат – Шырын

Бұл күнде хабарым бар сондай жолдан, –

деген Әрiптегi жолдар, Ақанның «Тағырыпың» өлеңiнде:

Зияда – Қорлығайын, Фархат – Шырын,

Бұл күнде хабарлармын осылардан, –

деген  өзгерiске  түскен.  Осы  жолдардың  iшкi  сырына 

үңiл сек,  бiрiншiден,  Қорлы  жəне  Ғайын  екi  адамның 

аты. Зияда, Қорлы, Ғайын – Әрiптiң «Зияда – Шаһмұрат» 

дастанының (Қазан, 1890, 1892, 1896, 1912) басты ке йiп-

керлерi.  Қиссадағы  Бағдат  патшасы  Мұхтардың  ұлы – 

Зияда, Мысыр патшасы Заданың қос сұлу қызы – Қорлы 

мен  Ғайын,  Зияда  мен  Қорлы  бiр-бiрiн  сүйiп  қо сылған 

ғашықтар.  Жоғарыдағы  тармақтар  ортақ  өлеңнiң  негiзгi 

салмағын тағы да Әрiпке аударып отыр. Мақалада сондай-

ақ, Әрiптiң осы хатына жазылған Сараның жауабы болып 

табылатын «Қарлығаш» өлеңiндегi:



Сара саңлақ

326

Толғанып терең ойға баттым ағай,

Бiр таңда көз iле алмай жаттым ағай,

Жайдары жүрегiме от боп түстi

Әр сөзi сiздiң жазған хаттың ағай, –

деген өлең жолдары «Гүлхасима Секербайқызының Жаяу 

Мұсаға  арнаған  өлеңiнiң  көшiрмесi»,  –  деген  тұжы рым 

жасайды Ө.Ақыпбекұлы. Осы арада тағы да айтарымыз, 

аталмыш  өлеңдердi  жазып  қалдырған  Ақанның  да, 

Әрiптiң де, Сара мен Гүлхасиманың да бiзге дейiн жеткен 

қолжазбалары жоқ. Сондықтан да, өлеңнiң шығу тарихына, 

iшкi табиғатына жете мəн берiп тексермей, «ана ақынның 

өлеңi мына ақынға таңылып кеткен» деген пiкiрлер мен 

бiржақты болжамдар ғылыми тұрғыдан алғанда негiзсiз. 

Аталмыш  мақаладағы  автордың  –  «Сара  1853  жылы 

туған, он бес баланың анасы болған, Әрiп Сараға ғашық 

болған  уақытын  ескерсек,  Сара  8-9  баланың  анасы»,  – 

деген пiкiрлерi (Ақын Сараға соқтыға беремiз бе? // Жас 

алаш.  1996.  8,  10,  12  қазан)  жоғарыда  келтiрген  тарихи 

жолдардан-ақ  байқағаныңыздай,  қайшылыққа  ұрынып 

жатыр. Әлi толық ақиқаты ашыла қоймаған Сараның өмiр 

сүрген уақытына арқа сүйеп, Әрiптiң «Сараға», сондай-

ақ,  Сараның  «Қарлығаш»  өлеңдерiн  басқа  ақындардың 

туындыларына телу асығыстық болады. 

Әрiп пен Сара арасындағы ғашықтықты айғақтайтын 

мына бiр сөз қағысының шығу тарихына үңiлiп көрейiк: 

«Абай,  Шəкəрiм,  Көкбай  үшеуi  келiскендей,  бiр  күнi 

Сəуiрбектi  жұмсап:  Әуелi  нағашы  жұртқа  асып  кет, 

қайтарда  Әрiптiң  үйiнiң  сыртына  келiп  дауыста.  Шыға 


Сара саңлақ

327

келген Әрiпке мына сөздi айта ғой, – дейдi. Айтқанындай, 

үйден шыға келген Әрiпке:

Ассалаумағалейкум, Әрiбiмiз!

Тараған қазағыма дəрiбiмiз.

Аспандағы жұлдызды аламын деп,

Бiр күнi болма ғарiбiмiз? –

деп  өлеңдетiп  жiбередi.  Аспандағы  жұлдызы  –  ақын 

Сара...  Алыстан  келген  бiреу  ме  деп  үйден  Әрiп  шыға 

келсе, өлеңдетiп тұрған Сəуiрбектi көредi. Бұл iстiң Абай 

мен Көкбайдан келгенiн сезген Әрiп:

Уағалейкумассалам, Сəуiрбегiм,

Атауға арғы атаңды ауыр көрдiм.

Қылша мойын көктердiң бəрi қалып

Бəйгеден сен келдiң бе, жауырбегiм, –

деп,  бəрiне  бiр  жауап  қайырған  екен»  (Абай  əзiлдерi.  – 

Алматы:  Ғылым,  1995.  69-70-бет).  Бұл  сөз  қағыстары 

Әрiп  пен  Сара  арасындағы  сүйiспеншiлiк  сезiмнiң 

болғандығын қуаттайды жəне мұндай деректер жетерлік 

те.  Ендiгi  жерде  Ө.Ақыпбекұлының  «Ақын  Сараға 

соқтыға беремiз бе?» мақаласындағы мына бiр жайларға 

назар  салуды  жөн  көрдiк.  Автор:  «Даулы  мəселелердiң 

бiрi – айтысты хатқа түсiрген кiм деген сұрақ төңiрегiнде 

өрбiп,  көбiне-көп  Әрiп  Тəңiрбергеновтiң  есiмi  аталып 

келдi...  Осы  өлең  жолдарынан...  айтысты  Қазанға 

жiберушi Әмiрхан екендiгi айқын көрiнiс бередi», – дей 

келiп,  «Айтыс»  кiтабына  енбей  қалған  қазiрде  Әдебиет 


Сара саңлақ

328

жəне өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы 

төмендегi жолдарды келтiредi:

Айтысып Бiржан екеуiң болған шақта,

Ер Әмiрхан түсiрген оны хатқа.

Серiлiкпен күн өткiзген өнерпаздар,

Қолжазбамен таратқан əрбiр жаққа.

Дəм тартып ер Әмiрхан Зайсан барған,

Болысқа қызмет қып сайран салған.

Төртуыл Наймандарда бес жыл тұрып,

Алтай мен Шəуешекке даңқы барған.

Жаласы өлген солдат жабылған соң,

Елiне ұлықтан қашып қайта алмаған.

Қазанға айтыс-қисса жiберсе де,

Өз атын сақтық қылып айта алмаған.

Шəкiртi Әмiрханның Жорға Жақып,

Жасынан хатқа жүйрiк молда Жақып.

...Керейден ашамайлы арғы жаты,

Бижiгiттiң баласы Жақып аты, –

делiнген  (ҚР  ҰҒА  ӘӨИ  қолжазбалар  қоры.  766-бума) 

«Төребай  мен  Сара  айтысында».  Автордың  айтуынша: 

«Бiржан салдың бас шəкiртi Әмiрхан Сүйiнұлы (1836-1901) 

өзi палуан, өзi ақын əрi əншi екен... Солтүстiк Қазақстан 

облысының  Жамбыл  ауданындағы  Благовещничный 

кең шарына  қарасты  Гүлтөбе  деген  жердi  мекен  еткен... 

Ән-күй  шығарған,  айтыс  ақыны  болған,  дастандар  мен 

қиссалар  жазған.  Әмiрхан  Қазанға  айтыс,  қиссаларын 

«Жақып Бижiгiтұлы» деп өзiнiң өкiл баласының атынан 



Сара саңлақ

329

жiберiп тұрған». Жоғарыдағы айтыс жолдарынан Әмiрхан 

Сүйiнұлының айтысты бiрiншi боп таратқанын байқаймыз. 

Дегенмен, осы шумақтар бiздi шытырманы көп жайларға 

жетелейдi. Олай дейтiнiмiз, осындағы сөз болып отырған 

ақиық Әмiрхан ақынның атын, не қалдырған мұрасының 

жұрнағын қазақ əдебиетi, дəлiрек айтсақ, ХIХ, ХХ ғасыр 

басындағы əдеби-зерттеулерден, не бiр қисса-дастандар, 

айтыс  жинақтарынан,  əн-күйге  байланысты  зерттеу 

еңбектерден, ел аузынан жиналған жинақтардан кездестiре 

алмадық. Егер Әмiрхан, Ө.Ақыпбекұлы айтқандай, сегiз 

қырлы, бiр сырлы, əншi, айтыскер, қиссашыл атақты ақын 

болса,  өз  ауылының  ақыны  туралы  ғалым  С.Мұқанов 

неге  ештеңе  айтпайды.  С.Мұқанов  «Қазақтың  ХVIII– 

ХIХ  ғасырдағы  əдебиетiнiң  тарихынан  очерктер»  деген 

еңбегiнде (Алматы: – 1942) сол кезеңнiң белгiлi-белгiсiз 

ақындарына тоқталғанда да Ә.Сүйiнұлының атын, не бiр 

еңбегiн атамайды. Әмiрханның «Бiржан – Сара айтысын» 

хатқа  түсiргенi  жайын,  айтысты  ұзақ  уақыт  зерттеп, 

ғылыми  тұжырымдар  жасап  жүрген  ғалымның  бiлмеуi 

мүмкiн емес. Әрине, Әмiрхан деген атағы ауыл арасынан 

аспаған  ақынның  болуы  да  мүмкiн.  Сөз  арасында  айта 

кеткен  жөн.  Е.Мырзахметұлының  «Біржан  мен  Сара 

айтысқан  ба  немесе  айтыстың  тобығынан  келмейтіндер 

оның  тағдырына  таласады»  деген  (Қазақ  əдебиеті  // 

15.09.2006)  мақаласында  Әмірхан  туралы:  «Ол  –  керей 

Сегіз  серінің  ағасы  Сүйін  батырдың  баласы.  Ақын, 

əнші,  күйші,  батыр.  Арқа  елінде  ол  туралы  дерек  жетіп 

жатыр... Әмірхан Біржаннан екі-үш жас кіші. Ол атақты 

сал  ағасының  Жетісуға  жол  тартқанын  естіп,  намысы 



Сара саңлақ

330

жетектеп жетіп, айтыстың басы-қасында болған, жаттап 

та,  жазып  та  алған  көрінеді.  Өлең  сөзге  дүлдүл  Сара 

қыздың  ұпайын  əдейі  кеміте,  рулас  ағасы  Біржанның 

ұпайын əдейі арттыра сөйлеуі мүмкін. Әмірхан найманды 

кеміткен  (жоғарыда  келтірілген)  сөздерді  Біржанның 

аузына  əдейі  салған  болар  ма»,  –  деген  сияқты  долбар 

айтқанмен Әмірхан ақынның ақындығын куəландыратын 

дүние таппайды.

Ал,  жоғарыдағы  Әмiрхан  өмiрiнен  келтiрген  өлең 

жолдары бiраз нəрсенiң сырын ашқандай да. Әмiрханның 

болысқа қызмет қылуы, Шəуешекте болып, əртүрлi жала 

жабылуы  сияқты  құбылыстар  Әрiптiң  өмiр  жолына  дөп 

келедi.  Бұны  жай  ғана  кездейсоқтық  дейiк.  Екiншiден, 

Әрiп  өз  қисса-дастандарын  үнемi  өз  атынан  емес, 

бүркеншік  атпен  Қазан  қаласына  жiберiп  отырған. 

«Зияда –  Шаһмұрат»  қиссасын  Әрiп  Жақып  Бижiгiтұлы 

деген  бүркеншiк  атпен  жiбергені  əдеби  қауымға  аян 

болар.  Жақып  Бижігітұлы  кім  дейсіз  ғой,  Қалихан 

Алтынбаевтың мына бір пікіріне құлақ түрейік:

«Зияда – Шаһмұрат» қиссасының аяғында:

Көп қисса жіберіп ем мұнан бұрын

«Таһир» мен «Қожа Қапан», «Нұрғызарұн», –

деп  ақынның  жоқтау  салған  кесек  дүниелері  түгелдей 

басылыпты.  Бірақ  та  Әріптің  өз  атынан  емес,  немере 

туысы, əрі қатты қалжыңдасатын Жақып Бижігітұлының 

атынан.  Жоғарыдағы  Қабділахмет  Шекеров  пен 

Сілəмшайық Иманмұсанов қарттар Әріп пен Жақыптың 


1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет