Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет17/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

331

(ағайын ішінде «Қара Жақып» атанған) аталарын қолдан 

таратады. Қазаннан шыққан дастандарға қол қоятын Якуб 

Бижігітов осы «Қара Жақып»» (Үш анық, 4 қазан 1992 ж). 

Сонымен,  «Төребай  мен  Сара  айтысындағы»  Әмiрхан 

мен  Жақып  жайын  аңғартар  тарихи  тармақтардың  өзi 

айналып  кеп  Әрiп  ақынның  «Бiржан  –  Сара  айтысына» 

тiкелей қатыстылығына соғады.

Осы арада «Айтыс» кiтабына еңбей қалған қолжазбалар 

қорындағы  Төребай  мен  Сара  айтысының  мына  бiр 

шумақтарына  түсiнiк  iздеудi  жөн  көрдiк.  Сөз  кезегi 

келгенде Төребай Сараға:

...Келсе де жауап сөзiм саған қырын,

Неге айтпай өтемiн Бiржан жырын.

Сенiмен Бiржан өзiн айтыстырғаны

Көп елге мəлiм болған бұдан бұрын.

Айтысты Бiржан өзi шығарғаны,

Ол жырдың елге сонша ұнағаны.

Адам түгіл Аллаға аян шығар

Iнжуден Бiржан қисса құрағаны.

Құдаша бұған жауап қайтармассың,

Бiржанмен айтыстым деп айта алмассың.

Аузыңа жүн тығылар кезек келдi,

Аулыңа масаттанып қайта алмассың, –

деп шүйлiгедi. Төребайдың айтқанын мойнына алған Сара:

Шығарған рас Бiржан атымды елге,

Бiржанға тең ақын жоқ бiздiн елде.


Сара саңлақ

332

Сен екеумiз сал Бiржан бола алмаймыз,

Бiржанды сөзге қосып керегi не? –

деп  тоқырайды  (ҚРҰҒА  ӘӨИ  қолжазбалар  қоры.  766-

бума).

Бұл  арада  Әрiптi  қатыстырмадық  делік.  Төребайдың 



сөзiне  сенсек,  Сара  Бiржанмен  тiптi  де  айтыспаған, 

жырды, яғни айтысты Бiржан шығарған болып шығады. 

Қалай болғанмен де айтыстың əлi де даулы бола түсуiне 

осы жолдар да тiкелей қатысты болғандықтан шығар сiрə, 

қолжазбадағы  осы  шумақтар  (осы  мағынадағы  Төребай 

аузынан  айтылған  тағы  екi  шумақ  жəне  Құнанбай 

ұрпақтары  –  Шəке,  Ақылбай,  Ыбырай,  Шəкəрiм, 

Халиолла, Ысқақ, Оспан, Смағұл, Әбдiрахман, Мағауия, 

Турағұлдар  мақталатын  жолдар)  қара  қарындашпен 

«керегi  жоқ»  делiнiп,  белінен  тартылып,  сызылып 

тасталған да «Айтыс» жинағына енбей қалған. Құнанбай 

ұрпақтарының  айтыс  өлеңдерiнiң  алынып  тасталуы  сол 

кезде  əлi  де  жiбiмей  тұрған  идеология  кесiрiнен  десек, 

Бiржан  мен  Сара  айтысына  қатысты  шумақтардың 

баспаға жiберiлмеуiн онсыз да шытырманы көп айтыстың 

дауын  одан  əрi  ушықтырмауға  жасалған  əрекет  деп 

түйдiк.  Алайда,  тарихи  жолдарды  бүркемеленгенмен 

ақиқат  анықталмайды.  Сондықтан,  аталмыш  тармақтар 

қаншалықты  кереғарлық  туғызғанымен  айтыстың  келер 

басылымдарында өз орнын алуы тиiс.

Осы арада «Төребай мен Сара» айтысындағы мына бір 

жолдарға назар салып көрейікші:



Сара саңлақ

333

Он төрт жас Әсет ақын сенен кіші,

Сонда да сары алтын ғой оның іші, –

немесе:


Әсетпен сен айтыстың сиыр жылы,

Жүсіпбек келіп кетті барыс жылы, –

немесе:

Қырықтың сегізіне сен де келсең,



Елудің жетеуіне мен де келгем.

Осылайша  тəптіштеп  жыл  санау,  жас  санау,  яғни 

уақытты  нақтылау  сол  кездегі  айтыстардың  қайсысына 

тəн болып еді? Жалпы қай уақыттың айтыскерін алыңыз 

жыл  есептеп,  өлең  өргенін  көрмеппіз.  Болған  күннің 

өзінде  Әсетпен  қай  жылы  айтысқаны,  Жүсіпбектің 

қашан келгені, екеуінің ежіктеп жас салыстыруы сияқты 

айтысқа  еш  қатысы  жоқ  жолдар  Сараның  жасын  өсіру 

үшін  жолдан  қосылған  жасанды  тармақтарға  ұқсайды. 

Жалпы осы айтыстың болғанына күмəнмен қараушылар 

көп.  Айта  кетуіміз  керек,  «Төребай  мен  Сара»  айтысын 

іздеп  тауып,  «қажеттісін»  жариялап,  керексізін  алып 

тастап жүрген адам – Сегіз Сері дауының көш басында 

тұрған Қаратай Биғожин...

«Айтыс  Бiржан  мен  Сараның  ғана  шығармасы,  оған 

Әрiптiң еш қатысы жоқ» деген пiкiрдiң бiржақтылығын 

тағы  мына  құбылыстар  толығымен  қуаттай  алады. 

Бiржанның  Керей  екендiгiн  ескермегеннiң  өзiнде,  Сара 

мен Бiржанның Найман мен Арғын емес, оның iшiндегi 


Сара саңлақ

334

кiшi аталары Қаракерей-Сыбан мен Тобықты руларының 

атынан сөйлегенi айтысты оқыған адамға бадырайып-ақ 

тұр. Сара да айтыста аталғандай Қаптағай руынан емес, 

Матайдың  Кенже  деген  тармағынан  тарайды.  Айтысқа 

Сыбан  –  Әрiптiң  тiкелей  қатыстылығын  ескерсек, 

айтыста  аттары  аталатын  Байғара,  Ақтайлақ,  Сабырбай, 

Түбек – Әрiптiң арғы аталары, əйгiлi Сыбанның он жетi 

ақынына  кiретiн  арқарлылар.  Сондай-ақ,  Сыбан  атадан 

тарайтын  Ақтамбердi  жырау,  Бабатай,  Дулат  ақын, 

Аққожа би, Алтыбай батыр, Ер Еспенбет, Кенжеғұл би, 

Байтоқа би, Кеңесбай би, Данияр, Тойғұлы, Қапан, Салпы 

Жанақ есiмдерi қазiргi Аякөз, Жарма өңiрiнiң белгiлерi. 

Ал, бұл адамдарды анау Жетiсудың 18 жасар қызы қанша 

«шежiрешi»  болса  да  бiледi  деу  қиын.  Бiлген  күннiң 

өзiнде  Сыбанның  мықтыларын  атайтындай  Сараның 

жөнi  жоқ,  өз  руы  Матай  тұрғанда.  Матай  қызы  тағы 

кiмдердi  атайды  десек,  Сыбанға  жақын  Қаракерейден 

Жолымбет,  Қожағұл,  оның  ұлы  Қабанбай,  одан  Әлi, 

Әлiден  Жақас  бай,  оның  баласы  Әдiлбек  батыр,  одан 

Сүлеймен  болыс,  сондай-ақ,  Тана  мырза,  ер  Тəукебай, 

Тiлеуберлi,  Әлихан,  Қисық  хан,  Шаянбай  батыр,  Сасан 

би,  Кенже,  Қазыбек  батыр,  Садырбай,  Жаманбала,  тағы 

басқалар. Осыншама Қаракерей мен Сыбанды адақтаған 

ақын  Сараның  өз  елi  Матайдың  манаптарынан  Маман, 

Тұрысбек, Есiмбек сияқты өз туыстарын атап, қалғанына 

келгенде  «тiлi  таңдайына  жабысып  қалады».  Осы  арада 

Қ.Мұхамедханұлының мына бiр пiкiрi орынды айтылған: 

«Лепсi, Зайсан, Семей уездерiне қарайтын Қаракерейдiң 

белгiлi  адамдарының  аты  аталмай  қалғандары  жоқ. 



Сара саңлақ

335

Осылардың бəрi, Матай қызы Сараның аузынан мақталады. 

Ал, Матайдың бұлар қатарлы атақты адамдары, мысалы, 

Бұғыбай  батыр,  Жапалақ  би,  Садыр  Сиқымбай,  Қызай 

Балапан  би,  тағы  басқалар  Сараның  аузына  да  алынбай 

қалады. Сол сияқты Қаракерей ақыны Түбекпен, Маман 

алдында  үш  күн,  үш  түн  айтысқан  дейтiн  Матайдың 

атақты  ақыны  Толғанбай  да  Сараның  аузына  алынбай 

қалған»,  –  деген  сөзiнде  (Абайдың  ақын  шəкiрттерi. 

3-к., – Алматы: Дəуiр, 1995. 33-бет) шындықтың бiр ұшы 

жатыр. Аты аталғандар Сараға емес, Әрiпке туыс, аталас 

əрi  жерлес  адамдар.  Бұлардың  атақ-даңқы  мен  беделiн 

Әрiп өте жақсы бiлген.

Осы  арада  оқырман  автордан  «Біржан  –  Сара 

айтысындағы» адамдарға жəне кейбір оқиғаларға түсінік 

бере  кетуді  күтетіндей.  Сара  Матай  руынан  болғанмен, 

Матайдан  Маман,  Тұрысбек,  Есімбектер  ғана  аталады. 

Онда да автор баяндауында. Матай елінің атақты бай, ел 

басқарған адамдары Маманов Тұрысбек Қаптағай, оның 

ішінде  Қыдыралыдан  тарайды.  Тұрысбек  көп  жылдар 

Қапал  уезі  Арасан  болысын  басқарған.  Қажыға  барған, 

1904 жылы дүниеден өткен. Тəнекенің Есімбегі Көлдей-

Жұмай аталатын болыстың болысы. Сараның: 

Таласпас Тəнекемнің жан бағына,

Теңермін егер тартса іс ағына, –

дегендегі  Тəнеке  осы  Есімбек  байдың  əкесі.  Сараның 

қал ған  аузына  алып  сиынары  Қаракерей–  Сыбанның 

қаракөктері. Мəселен:



Сара саңлақ

336

Кеншімбай, Дулат, Сабыр, Сұртай, Жылтыр,

Жанұзақ қолда, дедім ақын Түбек, –

дейді.  Осында  Сара  сиынған  ақындарға  тоқталсақ, 

Кеншімбай Күшікұлы Матай руынан, оның ішінде Жарма 

Матайларына жататын Елқонды тармағынан. Кеншімбай 

1846 жылы Тана мырзаға еріп барып Жетісуда Арғынның 

ақыны  Орынбай  Кертағыұлымен  айтысып,  бүкіл  Най-

манның бағын асырды. Айтыста Сараның:

Орынбай іздеп келіп, кеткен қаңғып,

Жеңген жоқ Кеншімбайды о да аңдып, –

деуі  содан.  Он  тоғыз  жасар  Кеншімбайға  көз  тиіп, 

жанарынан айырылады. Үш жылдан соң қайтыс болған. 

Қ.Алтынбайұлының  айтуынша,  Кеншімбай  шамамен 

1827-1849 жылдары өмір сүрген. Зираты Жарма ауданына 

қарасты  Аюлы  тауының  етегінде.  Дулат,  Сабырбай, 

Түбек  –  Сыбанның  əйгілі  ақындары.  Сабырбай  мен 

Түбек Байғарадан тарайтын əйгілі он жеті ақынға кіреді. 

Сабырбай жасында əйгілі Жанақты сүріндірген.

Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан,

Жаманын көтерді Арғын сəн ғып, –

дейді  Сара.  Жылтыр  ақын  Бақайұлы  –  Жарма  өңірінің 

ақыны.  Найманның  Бурасынан  тарайды,  оның  ішінде 

Қаратаз.  Жылтыр  ақын  Көкпекті  округінің  аға  сұлтаны 

Әлімхан Тлеубердиннің сарай ақыны болған. Зираты Шар 


Сара саңлақ

337

өңірінде Бес қарауыл төбесінде. Шамамен 1880 жылдары 

дүниеден өткен.

Жанұзақ Шынанұлы – Байжігіттің Жұмық тармағынан, 

Тарбағатай өңірінің ақыны.

Сұртай  Нұрашұлы  –  Қыржы  руының  ақыны.  Зираты 

Ақсуаттың  Сұлутал  елді  мекенінде.  Сараның  аузымен 

айтылатын:

Шерубай, Тана менен Ер Тəукебай,

Қай қазақ сөз бастаған онан бұрын, –

деген өлең жолдарындағы адамдар кімдер? Ең алдымен, 

бұл  адамдар  орыс  отаршылдығына  қарсы  наразылық 

білдірген  халық  қамқоршылары  болған.  Тана  мырза 

Тіле місұлы  Найманның  Қаракерей-Мұрын  тармағынан. 

Шамамен 1803-1868 жылдары өмір сүрген. Мұрағат құжат-

тарына  сүйенсек,  Назар-Мұрын  болысының  билеушісі, 

би  болған.  Мұрын  жерінде  үш  бірдей  мешіт,  алғаш  рет 

мектеп  салдырған  адам.  Тана  туралы  деректер  орыс 

зерттеушілері  А.Янушкеевич,  Г.Потанин,  В.Маевский 

еңбектерінде кездеседі. Құнанбайдың əкесі Өскенбайдың 

асын басқарған үш адамның бірі осы – Тана мырза туралы 

толығырақ  дерек  Айбек  Тілеуханның  (Сапышев)  Тана 

мырза еңбегінде (Семей, 2009) берілген. 

Шерубай  –  Мұрынның  Тоқабай  тармағынан  шыққан 

Құл баласы. Ұлы атасы Кегенбай би болған. Кегенбайдан 

кейін  Мұрын  елінде  сөз  ұстаған  аузы  дуалы  би  осы  – 

Шерубай.  Орыстың  өктемдігіне  қарсы  шыққан  Мұрын 

батыры  Қожагелдінің  құнын  жоқтап  Петерборға  барған 

ел жақсыларының ішінде Шерубай да болған. 


Сара саңлақ

338

Ер  Тəукебай  Жəкенұлы  Әжіғұл  ішінде  Жауардан  та-

райды.  Жоғарыда  аты  аталған  Қожагелді  батырмен  ел 

тəуелсіздігі үшін патша үкіметіне қарсы шыққан ерлердің 

бірі.  Н.Я.Коншиннің  келтірген  деректері  бойынша  1844 

жылдары  Кенжемұрын  елінің  болысы  болған.  Қа ра шек-

пенділердің  қоныстануына  барынша  кедергі  жасап  бақ-

қан Тəукебайды қастастары үзеңгісіне у жағып өлті реді. 

Зираты Жарма ауданы, Әулие шоқы тауының етегінде.

Тегінен Қозыбайдың Тілеуберді

Әлихан оның ұлын əркім көрді.

Құдайдан қорыққан пенде осал демес

Қарадан хан боп шыққан Қисық ерді, –

деген  жолдардағы  кісі  есімдеріне  тоқталсақ,  Тілеуберді 

Көкпекті  округінде  тілмаштық  қызмет  атқарса,  баласы 

Әлихан аға сұлтан болған. Саржомарт руынан.

Қисық  Тезекұлы  Найман  елінің  көрнекті  тұлғасы. 

Руы –  Мұрын.  «Қарадан  шыққан  хан»  деп  дəріптелетін 

Қисық  1844-1850  жылдары  Көкпекті  округі  бойынша 

аға сұлтан болған. Азан шақырып қойған аты – Салмақ. 

Орыстан  шен-шекпен  алған  Қисық  Тезекұлы  бірбеткей, 

турашыл,  ұрыны  тыюға  келгенде  қатыгез  адам  болған. 

Айтыста Сара аузымен:

Жан жетпес Батабайға, Салпы Жанақ,

Аққожа би, Ақтайлақ асқан манап.

Ақтанберді, Алтыбай, Ер Еспенбет,

Қалмақты қойдай қырды қолмен талап, –


Сара саңлақ

339

деген жолдардағы батыр-билер түгелдей Сыбанның атақ-

тылары. Әр басылымда əртүрлі аталып жүрген ол – Салпы 

Жанақ есімі. Ол «Жалбу Жанақ», «Жалпы Жанақ» немесе 

«жəне  Жанақ»  деп  басылып  жүр  жинақтарда.  Тарихта 

бірнеше  белгілі  Жанақ  болған  соң,  автор  Салпы  Жанақ 

деп  оның  арғы  атасын  (руын)  қосақтап  отыр.  Салпы 

(Байгөбек) – Сыбанның бір баласы. Салпы Жанақ та елдің 

бір белгілі адамы болған.

Айтыста Әріп Сара аузымен мыналарды атайды:

Кенжеғұл қазақ жетпес баласына,

Төрт арыс билік айтқан арасына.

Байтоқа, Кеңесбай мен құт Данияр

Қоймаған сөйлер сөздің шамасына.

Бұлар  да  Сыбанның  игі  жақсылары.  Әріп  «Санабай 

қажы» деген жоқтау өлеңінде:

Арғын, Найман бұлбұлы

Кенжеғұл шешен ағасы, –

дегендегі  Кенжеғұл  Сейтенұлы  –  жасынан  билікке  ара-

ласқан  Сыбанның  белгілі  қаракөктерінің  бірі.  Шама-

мен  1794-95  жылдары  туған.  Құнанбай  заманындағы 

Сыбан-Тобықты арасындағы жер дауы, мал дауының бел 

ортасында жүрген аузы дуалы би, шешен адам болған.

Байтоқа – Сыбан, Салпы руының биі. Әріптің «Байто-

қаның қызына» деген арнау өлеңі бар.


Сара саңлақ

340

Кеңесбай  би  –  атақты  Ақтайлақ  бидің  баласы.  Д.Ба-

батай – ұлының «Кеңесбайға» деген өлеңі бар. Кеңесбай 

да сөз ұстаған шешен, ел басқарған адам болған.

Сараның  аузымен  Қабанбай  жəне  оның  ұрпақтары 

аталады. Қабанбайдың екі əйелінен жеті ұл. Әлі – шала 

туған  кенжесі.  Әліден  Жақаш,  одан  Әділбек.  «Он  жеті 

мың  жылқы  бар  Жақаш  байда»  деп  Әсет  ақын  өлеңге 

қосқан Жақаш аса бай, елге беделді адам болған. Әділбек 

батыр  болған.  Қ.Халидтің  «Тауарих  хамса»  кітабында 

Әділбек  пен  дүнген  батыры  Бор  екеуінің  Қытайларға 

қарсы  ұлт-азаттық  қозғалысын  бастағаны  айтылған. 

Әділбектен тарайтын Сүлеймен болыс – ел басқарған ірі 

тұлға. Сүлеймен əкесі Әділбектің ұлы асын бергенде ат 

жарысында  қырық  атқа  дейін  бəйге  тігілген.  Осы  үрдіс 

Сүлеймен асында да қайталанған. Айтыстағы:

Ботабай, Байжігітте құт Шаянбай

Сасан би, шапты Кенже жауға аянбай, –

дегендегі  Сасан  би  Мыңбайұлы  Байжігіттің  Тоғас 

тармағынан  тарайды.  Ақтайлақпен  тұрғылас.  Найманға 

танымал ақпа би болған. «Сыбан қырылған» деген атпен 

елге аңыз болған Сыбан мен Байжігіт арасындағы дауды 

шешкен Сасан бидің бойындағы ерекше қасиеттері туралы 

да  ел  аузында  көп  əңгімелер  бар.  Қ.Алтынбайұлының 

мына  бір  əңгімесіне  құлақ  түрейік:  «Көкпекті  жақтағы 

Қарауыл  –  Жасық  елі  мен  Жұмық  елінің  арасында 

қақтығыс  болып,  кісі  өліп,  екі  жақ  Сасаннан  төрелік 

күтеді. Қарауыл – Жасықтың қояр шарты Жұмық жақтан 



Сара саңлақ

341

бір адамды кепілге ұстау. Екі жақ бұған келісіп, Ұлтарақ 

бидің өзі ауру, нашар Шаянбай деген он үш жасар баласын 

кепілге  беріпті.  Құны  сұраусыз  деген  шығар.  Шаянбай 

сол күннен ауруынан айығып, адам қатарына қосылады. 

Сол  даудан  аттанарда  Сасан  би:  «Маған  ажал  уақыты 

таяу.  Екі  бөрім  ауру  баланың  жанында  қалды.  Маған 

ермеді. Енді Байжігіттің менен кейінгі билікті адамы сол 

болады», – депті. Айтыс жолдарындағы осы Шаянбай ірі 

би, Тəуке – Байжігіт елінде болыс болған. Әріп Санабай 

қажыны жоқтауында:

Тұлпар аттай қанатты

Тұла бойы құт болған.

Бағланым кетті сымбатты

Кер маралдай керілген

Құт Шаянбай нағашың, –

деп өлеңге қосады. Сараның аузынан айтылатын:

Қазыбек Құнанбайды найзалаған

Төре түгіл Төлеңгіт жорығында, –

деген  сөздер  Тобықты  мен  Сыбан  арасындағы  рулық 

тартыстың  бір  көрінісін  береді.  Сыбан  ішіндегі  Барақ 

төренің  төлеңгіті  Қазыбек  батыр  ел  арасындағы  бір 

барымтада  Құнанбайды  найзамен  ат  үстінен  түсіріп 

кеткен.  Бұл  туралы  М.Әуезов  Мұсылманқұл  Жиреншин 

дегеннің  əңгімесін  келтіреді:  «Аз  уақыт  өтті,  бір  күні 

жылқыға жау тиді, бағанағы сөз қаперімде жоқ, белдеудегі 

Салпаңқұлаққа міне шаптым, – депті Құнанбай, – келсем 


Сара саңлақ

342

жау жылқыны айдап жіберіп, жол тосып, жасанып тұрған 

екен.  Салпаңқұлақ  (Ағаныс  биден  қалап  алған  аты)  бой 

берместен келіп жауға кіріп кетіпті. Өзім білмей қалдым, 

қабырғамнан  біреу  найзамен  салып  кетіпті.  Жығылып 

қалыппын,  сүйтсем  Барақ  төренің  төлеңгіті  Қарақалпақ 

Қазыбек деген батыр екен». Құнанбайға қатысты мұрағат 

құжаттарында  айғақталғандай  осы  барымтаның  дауы 

ұзаққа созылған. Сараның:

Қазыбек Құнанбайды найзалаған

Төре түгіл Төлеңгіт жорығында, –

деп, оған Біржанның:

Найманды хан жұртынан қуған шақта,

Мойынын Барақ қашқан бір бұра алмай, –

немесе:

Қазыбек, Кенжеғұл мен Батыр Барақ,



Құнекем қараңғы үйге қойған қамап, –

деген сөздер екі ру арасында осы тартыстың тарихынан 

көп сыр береді. Сондай-ақ:

Шет елде Қанай, Түсіп, Боқанбайым,

Кетірген қатты сөйлеп Найман жайын.

Барақты хан жұртынан қуып тастап,

Найманның мінгізбеген жалғыз тайын, –


Сара саңлақ

343

деген  жолдардың  сырына  үңілсек,  Құнанбай  Сыбанның 

жерін  қарпып  қалу  үшін  Тобықтының  Сыбан  жақ 

шекарасына  ішкерілете  Қанай  сияқты  батырын,  Түсіп, 

Боқанбай сияқты басты адамдарын əдейі қоныстандырады. 

Осы оқиғаға байланысты Б.Исабаев төмендегідей əңгіме 

айтады:  «…Жаз  өтіп,  ел  күзеуге  құлар  кезде  Барақ 

жылдағы əдетімен Саға бөктеріне қонуға келе жатыпты. 

Көш  түйесін  жетектеген  Барақ  бəйбішесі  екен.  Төре 

қолына  құсын  қондырған  көш  алдында  екен.  Қанай  бір 

тар жерде тосып тұрып Бараққа көшін бұруды, жер өзінікі 

екенін айтса, төре көз салмапты да. Қанай Барақты қара 

балтаның сыртымен ұрғанда төренің аты соққыға шыдай 

алмай кері қайырылған екен. Барақ сол бетте қайырылмай 

көш  басын  бұрғызып  көш  ізімен  кейін  қайтқан  екен. 

Барақтың  бəйбішесі:  «Құдайым-ай,  Төренің  Барағына 

бəйбіше  болғанша,  Есімнің  Қанайына  тоқал  болмаған 

екенмін. Көшімнің басы бұрылды-ау!» – деп ах ұрыпты». 

(Ұлылар  мекені.  Новосибирск,  2001.  371-372  беттер). 

Құнанбай  мен  Барақ  арасындағы  оқиғалар  жайында 

М.Әуезов,  М.Бейсенбаев,  Б.Исабаев,  Б.Сапаралы, 

Т.Жұртбай еңбектерінде кеңінен сөз болған.

Сараның  «Қайсы  Арғын  жетеді  Аманкөшеріме»  де-

гендегі  Аманкөшер  деген  анығында  кісі  есімі,  кей  нұс-

қаларда бөлек жазылып жүр. Анығында Аманкөшер өрдегі 

Найманда  аса  бай  адам  болған.  Ақтайлақ  бидің  баласы 

Түгелбай, одан Сыбанның ардақтысы Өзбехан болса, сол 

Өзбеханның əйелі атақты Мəнжан бибі – Аманкөшердің 

қызы. Әріптің Мəнжан өлгенде айтқан жоқтауы да бар.

Сара аузымен айтылатын:



Сара саңлақ

344

… Арғын жоқ мақтасаң да Тойғұлыдай

Қор құйған қыдыр келіп сабасына.

… Асына Тойғұлының бəйге тікті

Тоғыз қыз Арғын берген жетімінен, –

дегендегі  Тойғұлы  –  Сыбанның  Жанкөбек  тармағынан. 

Елінде  беделді  адам  болған.  Ол  дүние  салғанда  бүкіл 

Орта жүзге сауын айтылып, жылында үлкен ас берілген. 

Арғыннан  келген  кісілер  аттың  бəйгесіне  тігуге  тоғыз 

жетім қыз əкелген екен, Әріп соны айтып отыр.

Ал енді, Біржанды Арғын атынан айтыстырып отыр-

ғанмен, Әріп сонау Біржан елі Көкше, Кереку маңының 

Есіл  мен  Нұра  бойын  жайлаған  Арғынның  Қаракесек, 

Шоң  т.б.  тармақтарының  игі  жақсыларын  емес,  өзіне 

жақын  Қаракерей,  оның  ішінде  Сыбан  –  Мұрынмен 

ауылы аралас бергі өңірдің Арғындарын атайды.

Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы

Жеті жүз жас бота мен тайлағы бар, –

дегендегі  Жанайдар  Орынбайұлы  Сүйіндік  ішінде  Төр-

туыл деген рудан. Кенесарының қол басшыларының бірі 

болған  Жанайдар  кейіннен  Қарқаралы  өңірінде  болыс 

болып, өмірінің соңында қажыға барған адам.

Біржанның аузына алынған адамдардың бірі Итқұсты 

(кей нұсқада Итқосты деп қате берілген – Б.Е.) шын аты 

Айтжан,  руы  Қыдырəлі,  өз  елінде  болыс  болған.  90-ға 

жеткен жасында Мекеге барып, сонда қайтыс болады.



Сара саңлақ

345

Шыныбай асып еді өз шағында

Кім жетер ер Қазекем аруағына.

Жамантай, Құсбек, Шыңғыс, Сартай төрем

Ілінген талай Найман қармағына.

Арғынның ақсақалы өтті Алшынбай

Өр Найман таласқан жоқ ер бағына.

Осындағы аты аталғандардың бəрі дерлік Тобықтымен 

іргелес өңірдің игі жақсылары. Шыныбай қажы Тарақты 

руынан. Қарқаралы дуанында белгілі билердің бірі болса, 

Жамантай,  Құсбектер  Құнанбаймен  аға  сұлтандыққа 

таласқан адамдар. Алшынбай би – Құнанбайдың құдасы. 

«Абай  жолынан»  белгілі  Қарқаралы  елінде  атақты  адам 

болған.  Біржан  атайтын  əйгілі  Тəттімбет  күйші  де  осы 

өңірдің  адамы.  Айтыста  сөз  болған  оқиғалардың  қай-

қайсысы  да  тарихтан  алшақ  кетпейді.  Әріп  Тобықты 

мен  Сыбан-Мұрын  арасындағы  сол  кездегі  рулық 

қақтығыстарды екі ақын арасындағы сөз қағысына, яғни, 

айтыстың  табиғатына  шебер  пайдаланған.  Тоқ  етері, 

айтыстың  ауаны  Біржан  мен  Сараның  емес,  Әріптің 

жағдайына дөп келіп тұр. «Зайсаннан жiберiлген» деген 

айтыс нұсқасының аяғында:

Бiрi əйел, бiреуi əншi өлең айтқан,

Бiледi жат елдердiң жайын қалай,–

деген емеуірінде сырдың ұшығы жатыр емес пе?

Енді,  айтыстың  жалпы  ішкі  құрылымдық,  сюжеттік 

желісіне келер болсақ, «Біржан – Сара» – оқиғалы сюжетке 


Сара саңлақ

346

құрылған көркем туынды. Бүгінгі күнде айтыстың 1898, 

1899 жылдардағы екі нұсқасы жəне осы нұсқалардан көп 

өзгешелігі жоқ ел аузында айтылып жүрген нұсқалары бар. 

Бірақ, бəрінің оқиға желісі бар. Оқиға былай: Біржан алты 

жолдасымен (кей нұсқаларда он бір) ақын Сараны іздеп 

Жетісуға  келгені  баян  далады.  Яғни,  əдеби  терминмен 

айтсақ,  айтушының  сөзі  арқылы  оқиғаның  басталуы  – 

тура  экспозиция.  Біржан  тобы  ауылға  кіргенде,  ауыл 

жігіттері  оларды  өлеңмен  қарсы  алады,  арада  аздаған 

қағысулар  болады.  Біржан  Сараның  шешесімен,  одан 

Сараның  сіңлісімен  айтысып  қап,  олардың  өзін  зорға 

тоқтатады.  Бұл  арада,  атағы  жер  жарған  сал  Біржанға 

қыз бен шешесін автор əдейі қарсы қойып, айтыстырып 

отыр.  Бұлар  Сараның  образын  сомдап,  шыңдау  үшін 

ойдан  жасалған  кейіпкерлер.  Автордың  айтары  «сенің 

асқақтаған  Біржан  атың  болса,  Сара  да  осалың  емес». 

Автор баяндауындағы:

Сал Біржан құп болар деп аттан түсті

Жауапқа көрінеді қатын күшті.

Өзі мұндай, қызы бір қу шығар деп,

Жолдасының алты бірдей зəресі ұшты, –

деген жолдар шығармадағы сюжеттік байланыстың туға-

нынан  хабардар  етеді.  Екі  ақынды  кездестірмес  бұрын 

автор Тұрысбек қажыға мұңын айтқызу арқылы Сараны, 

оның  жайын  оқырманға  таныстырып  алады.  Бұл  да 

бір  сюжеттік  тартыс  тудырудың  нəзік  тəсілі.  «Алтай-

Қарпық» деп аттандаған Біржанға Сара бірден суырылып, 


1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет