Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет20/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

379

Телібай мен Мүсəпір Сараға азаттық əперуді қолдағандар 

қатарында болған. Дастанда есімдері басқалардың орнына 

аталып  кеткен.  Мысалы:  Сарбастың  орнына  Телібай, 

Мүсірептің орнына Мүсəпір. Содан шатыс туған тəрізді. 

Сарамен айтысында Тəсібек ақын: «Өлеңім таусылмайды 

молдығынан, Сарбастың құтылмайсын зорлығынан», – деп 

қаһарлы айтқан. Сондықтан Арнайдың əкесі Сарбас бидің 

қиянатынан Тастанбек жанұясы жапа шегіп, жоқшылыққа 

ұрынған.  Тастанбек  өлген  соң,  Сарбас  оның  үйелменін 

қасына көшіріп алған. Сахарияны жалға салып, жарытып 

ақысын  төлемеген.  Сараны  шешесімен  жақтыртпай, 

Абдыра ауылына көшіртіп тастаған. Тұрысбек қажының 

кіші əкесі Толқынның малын бағып, ақысын жарытып ала 

алмаған Тастанбектің інісі Жайсаңбек жесір мен жетімге 

жаны  ашып,  Абдыраға  келген.  Жас  кезінен  күреске 

түскен  палуан  Жайсаңбек  даладан  бір  мал  сойып  алып, 

Абдыраға əкеледі. Алғаны Толқынның малы болып, қолы 

ұзын Тұрысбек қажы іздетіп қудалаған.

Сарбас би Тұрысбекті қолдап, ұрлықты Жайсаңбектен 

көріп, Абдыраға келіп, тінтіп, қар астына тығылған етті 

тауып  алған.  Сарбас  би  жақынын  қорғамай,  Тұрысбекті 

жақтап, Жайсаңбекті Қапал түрмесіне айдатып қаматқан. 

Жетім мен жесір мүсіркеген жандардың көмегімен тірлік 

кешкен. Сол жылғы қатты қыс пен жұтта Тұрысбек қажы 

қыли көз, барымташы Жиенқұлға ісі түскен. Жиенқұлдың 

жасы  45-тен  асқан  еді.  Жиенқұл  Маман-Тұрысбектің 

малын  қарап,  аман  қылмаққа  уəде  еткен.  «Сəті  түсті» 

деген оймен Тұрысбек Жиенқұлға қамалған Жайсаңбекті 

«табан  асты  босатып  ал»  деп,  түрмедегілермен  келісіп 

қойғанын  білдірген.  Жас  қызды  əпермек  ойын  да 


Сара саңлақ

380

жеткізген.  Жиенқұл  қуана  бəрін  құп  көріп,  Тұрысбек 

қажының  қайласымен  Жайсаңбекті  түрмеден  босатып, 

«қажының өзі құда болам» дегеніне одан келісімін алған. 

Сараның  шешесі  Жаншөке  «өзді-өзі  келісіп,  болыпты 

сені соған атастырмақ» деп қызына ұқтырып, «азат болар 

жолыңды ізде» деген ақыл берген.

Азаттық  аңсаған  Сара  «ақ  бата,  ақ  қой  қаны»  өзді-

өзі  серттесіп  атастырған  Жиенқұлға  бармай,  төрт-бес 

жыл  күрескен.  Омбыға  серттескен  жігіті  Күзембайдың 

артынан кетпекші, терең сай, құзға құлап немесе суға ағып 

өлмекші де болған. Ақылға салып, ақыры көп көмегімен 

«ақ бата, ақ қой қаны» атастырғанды бұзуға, өз өнерімен 

көпшілікке жария жасауға бел буған. Ел іші жақсылары 

Есімбек,  Арсалаң,  Байсақ,  Толғанбай,  Ер  Шерубай, 

Телібай,  Мүсəпір,  Ахмет  т.б.  қолдауымен  бостандыққа 

ұмтылған.

Ақын  Сара  Ешкіөлместің  баурында  тұңғыш  рет 

«азаттық»  деп,  ту  көтерген  асыл  жан.  Сол  «азаттық» 

алған дабылы бүкіл қазаққа, жан-жаққа естіліп таралған. 

Сара азаттығын өз өнері арқауында алған. Біржан сал «ақ 

батаны» бұздырып, Сараға теңдік əперген. Біржан сал:

«Омбыда Дюгомельге өтініш қып,

Қорғауға сол баланы құрма қылдан.

Сарадай балғын қызға қамқорлық қып,

Құтқардым жауыздардың тырнағынан», –

деп  ақын  Сараға  жасаған  қамқорлығын  өлеңмен  баян-

дайды. Сараның азаттығы туралы Ахмет ақын:



Сара саңлақ

381

«Тұрысбек айғайлап тоқтатты елді,

Сара қыз Жиенқұлдан «азат» енді.

Шарт солай: қалың жігіт қаптағайдан,

Қосылсын өзі таңдап əмеңгерді», –

деп  деректейді.  Ақын  Сара  ел  бірлігі  үшін,  қаптағай-

тасыбай  жігіті  Бекбайды  таңдап,  күйеуге  шығуы,  осы 

шартты да ескеріп, орындағаны болуы мүмкін.

Азаттық əперген «өкіл ағасы» Біржанға алтын білезігін 

ұсынған  Сара  «ағатай  ескерткіш  қып  елге  апар»  деп 

сыйлаған.  Біржан  күлдария  белбеуін  «той  жыртысы» 

деп  суыртпақтап  жыртып,  көпке  үлестіріп  жіберген. 

Сəбит  Мұқанов:  «Біржан  мен  Сара  айтысын  көлденең 

біреу шығарды ма деген көңілге күдік туғызатын жағдай, 

айтыстың  былай  басталуында:  Біржан  сал  Сараның 

шешесімен,  сіңлісімен  сөз  қағыстырады  деп  айта  келе, 

айтыс ақылмен өлшеніп шыққан, ішінде көлденең, артық 

сөз жоқ. Жазба əдебиеттің жақсы үлгілері сияқты», – деп ой 

қорытқан. Құйма құлақ даналар Айымбетұлы Шүтембай, 

Дəмелі  Имашқызы,  Жылқыбаев  Ерғали,  Бейсебаев 

Бейсенбек,  Мейрамбай  Байтолықов  жазбаларында: 

«Тарихта  қалдыру  үшін,  Толғанбай  ақын  «Біржан  мен 

Сара» айтысын үш дана қолжазба етіп жазған. Бір данасын 

өзіне  қалдырып,  бір  данасын  Маман,  Тұрысбекке,  тағы 

бір  данасын  Біржанға  берген»,  –  делінеді.  Бостандық 

алған  Сара  өз  ықтиярымен  елі  тасыбай  Алтынбайұлы 

Бекбаймен (1852-1933 ж.ж.) тұрмыс құрған.

Сара  Бекбайдан  алты  ұрпақ  туған.  Ұлдары  Ермұқан, 

Нұрмұханбет,  қыздары  Рухия,  Жақия,  Кіпия,  Мүнира. 


Сара саңлақ

382

Мүнирасы жалайыр, бəйшегір жігітіне ұзатылып, күйеуі 

қайтыс  болғаннан  кейін  төркініне  қайтып  келеді.  Мұны 

естіген  Төребай  ақын  Бекбай  мен  Сараға  құда  түсіп, 

Мүнираны Өздембай деген туысына əперіпті. Сонда Сара 

Төребайға «қыз берем» деген уəдесін де орындаған болды. 

Мейрамбай мен Тыныбайұлы Жаймолда аталар дерегінде 

ақын Сара Бекбайдан сегіз ұрпақ көргені айтылады. Атал– 

майтын  екі  ұрпағының  есімдері  Баймұхан,  Жұмахан 

делінеді.  Екеуінің  өмірі  бимағлұм.  Ертерек  шетінеген 

тəрізді.

Нұрмұханбеттің  келбеті  ақын  Сараға  тартып,  өңді, 

өнерлі болып, он бес жасында көкпар тартысында аттан 

құлап,  қатты  мертігіп,  жұлындары  зақымданғанынан 

мерт  болыпты.  Жақия  қызы  Балпық  бидің  ауылына 

ұзатылыпты.  Рухияны  қаптағай,  ақтілес  руынан  Сағади 

деген  ұзатып  алыпты.  Сағади  қуғындалып  кетіп,  Рухия 

ауырып, 1930 жылы өмірден озыпты. Балалары Бекдайыр, 

Қозайыр  дегендер  Үштөбе  мен  Алматыдағы  балалар 

үйінде тəрбиеленіпті. Бекдайыр мен Қозайырдан тараған 

ұрпақтар  қазір  бар.  Мейрамбай  Байтолықов  атаның 

Намазбекке  жаздырған  жазбасында  ақын  Сараның 

бір  қызы  қаптағай,  төртқара  еліне  ұзатылған  делінеді. 

Мейрамбай Байтолықов ата 1932 жылы сол қызды көрдім 

дейді.  Сұңғыла  Тыныбайұлы  Жаймолда  ата:  «Бекбай 

ақын Сарамен аттас, Сара есімді екінші əйелге үйленген. 

Бекбайдың  үшінші  əйелінің  есімі  Ұлтай.  Ал,  төртінші 

алған əйелінің есімін ұмыттым», – деп деректейді. «Ақын 

Сараның арнауы» атты өлеңінде Сара:


Сара саңлақ

383

«Елудің төртеуіне келгенімде,

Дерт жеңіп, қалып барад өлеңімде.

Болды ғой қысқа менің қу өмірім,

Алпысқа жетпей бір күн өлемін бе,

Бір аз күн еңбек еттім дос, жаранға,

Өлеңім аз да болса мақтанарға.

Мені де «ұрпағым» деп, еске ал жұртым,

Сараның айтары осы аттанарда», –

деп уайым шеккен.

Ақын  Сараның  сүйегі  Үлгітірек  шаруашылығындағы 

«Үш  Кəукен»  деп  аталатын  жердегі  тасыбай  елінің 

бейіт  қорымы  ішіне  жерленген.  Басына  кеңес  дəуірі 

тұсында  кішкене  мəрмəр  ақ  тас  қойылыпты.  Ол  туралы 

Т.Қалилаханов  «Ақын  Сара»  кітабында  жазады.  Қазіргі 

«Ақын Сара» ауылына қарасты Ақешкі суының бойындағы 

жеке тұрған зират ақын Сараға арнап салынғанымен онда 

оның  мəйіті  жоқ.  Құр  бір  уыс  топырақ  əкелініп,  соған 

кесене салынған деседі.


384

ТƏҢірБЕрГЕН қалилахаНОВ

аБаЙдың аЯУлыСы – ақын Сара аУылында

Ұйқыға жаңа кіріскен кез еді. Терезеден тарсылдаған 

дыбыс естіледі.

– Ей, бұл қайсың?

– Құдайберген, бармысың үйде? Тез киін, тысқа шық!

– Е, не боп қапты?!

– Не болғанын сұрама, Сара шақыртып жіберді!

– Е, Бекбай өліп пе еді, байы тұрғанда қатын шақырта 

ма екен?

–  Ей,  ол  қылжағыңды  барған  соң  Сараның  өзіне 

айтарсың. Тез киін, өзің есігіңді ашшы, тоңып кеттім.

Құдайбергеннің  жұмсауымен  мен  барып  есік  аштым. 

Ол  кезде  мұндай  электр  бар  ма,  өшіп  бара  жатқан 

қоламтаны күзеп əрең тамызып, май шамның білтесіне от 

қойдық.

Келген адам Тасыбай елі, Кəукенбай байдың аулының 



жігіті  екен,  ол  езуіне  жаңа  жеткен  жас  мұртына  қатқан 

сүңгіні  қолымен  ерітіп  алып  тастап  отырды,  Сараның 

үйіне  күтпеген  жерден  көп  қонақ  келгенін,  солардың 

аткөлігін күтісіп, қонағасы сойып бергенге жақын жерде 

ыңғайлы жігіттер болмаған соң Құдайбергенді шақыруға 

жібергенін айтты. Ол кезде менің туған ағам Құдайберген 



Сара саңлақ

385

жиырманың  ішіндегі  бозбала  жігіт  еді,  қузап  киіне 

бастады. Менің де 12-13 жасқа келіп есейіп қалған кезім, 

бұл хабарға елегізіп тынышсыздана бастадым.

Сен нағып дөңбекшіп кеттің, – деді Құдайберген.

– Аға, мен де барайын ба?

– Қой, босқа тоңып саған не бар.

– Ей, жүрсе – жүрсін, – деді келген кісі Құдайбергенді 

қақпалап.  Аттар  деген  сыймай  тұр.  Соларды  суаруға, 

жем-шөп беруге жұмсамаймыз ба...

Мен  Құдайбергеннің  артына  мінгестім.  Ол  келген 

кісіден  жай-жапсар  сұрамақшы  болып  еді.  «Несін 

сұрайсың,  мына  екі  қырқаның  астында  тұрған  ауылға 

қазір-ақ бармаймыз ба, барған соң біліп аларсың» деген 

соң Құдайберген де қайта тіл қатпады, желе-шауып жүріп 

жеттік.


Кəукенбайдың  қара  шоқысының  түбіндегі  Сараның 

аулына келдік. Солардың кең қақпалы, тастан қоршаған 

ашық  қорасы  болушы  еді,  іші  толы  қаңтарып  тастаған 

ылғи  сəйгүлік  аттар.  Бəрін  де  кежімдеп  тастаған 

екен,  алқымдарынан  бу  бозқырауланып  бұрқырап 

тұр.  Былғарылап  тастаған  өңкей  ирбитский  қара 

кашевкалардың  дəртелерін  аспанға  көтеріп,  қақпа 

алдында  қойдай  иіріп  тастаған.  Тек  маңына  мал  бара 

қоймайтын  əудем  жердегі  төбешіктің  үстінде  бір  шана 

жеке тұр, қасында 2-3 адам қараңдап көрінеді.

Біздің дабырымызбен Сара да, Бекбай да шығып бізге 

жақындай берді. Құдайберген, əдеттегі қалжыңына қайта 

басып,  «Сен,  қатын,  басыңа  жаулық  кимей  жатып,  түн 

ішінде кісі шақыртасың. Әулие болсаң мына Бекбайыңа 

əулиесің, ал мен сенің кеселіңді...» дей беріп еді,


Сара саңлақ

386

–  Жап  аузыңды,  көргенсіз  ауылдың  бозбаласы  құса-

май, бұлар арқаның аса қадірлі адамдары көрінеді жəне 

де  көңілдері  қаралы,  сүйек  əкеле  жатыр,  –  деді  Сара.  – 

Аруақтан қорқу керек, ақырын басып, қыздай қылықпен 

ғана жүріп тұратын болыңдар!

Құдайбергеннің жүні жығылды да қалды, енді қалжың 

түгіл  қатты  қақырынатын  да  түрі  жоқ.  Бұлардан  бетер 

мен де жыми бастадым.

Қыстың қақап тұрған кезі, аттарды таңасыратын уақыт 

емес. Бірер сағат тұрғаннан кейін кешкі аяз сорған аттар 

суынып,  қалшылдай  бастады.  Үнемі  адамның  күтуінде 

жүріп дағды алған сəйгүліктердің суып тұрғаны бұл ғана 

дейсің бе, олардың жүруі, тұруы, сууы да иелеріне əбден 

қанық  қой.  «Тоңып  барамыз,  ашығуымыз  жетті  ғой» 

дегендей, кейбір аттар ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, 

алақандай көздерін аудара қарап оқырынып қояды.

Жасы  30  бен  40-тың  арасында  сақал-мұртты,  қызыл 

шырайлы  адам  пұшпағына  түскен  кең  қасқыр  ішігін 

бос  жамылып  тысқа  шықты  да  жай  басқан  бетінде 

кермеде  тұрған  аттарды  бір  шолып  өтті.  Ол  кісі  үйге 

қайта кірісімен-ақ жедел екі жас жігіт шығып, кермедегі 

аттарды босата бастады.

– Інішек, ар жағыңдағы күрең аттан сақтан, байқаусыз-

да теуіп жібермесін, ал мына тарланбоздың тістеп алатын 

да мінезі бар, – деп аттардың сырымен таныстырды əлгі 

жігіттер.

Осы  жігіттердің  басқаруымен  мен  аттарды  шөпке 

қойыстым,  суарыстым,  жем  берістім...  Осындай  дала 

күйбеңімен жүргенде қазан суыйтын уақыт өтіп те кеткен 

болу керек. Үркер жамбасқа барып қалған екен.


Сара саңлақ

387

– Тоңдың ғой, кір үйге қонақтардың əңгімесін тыңда, – 

деді Бекбай шақырып.

Сараның төргі үйі кең болатын. Сол төрге еркін жететін 

кең  дастарқан  жайылған  екен,  оншақты  өрімдей  жас 

жігіттер  шай  ішіп  отыр.  Төрдің  дəл  ортасында  отырған 

кісі мана аттарды отқа қоярда тысқа шыққан адам екен, 

ол бойы жылынып, шайға қанғаннан кейін тіпті нұрланып 

кетіпті. Көрікті ғана сақал-мұрты мен ақша жүзінен бұл 

адамның  жəй  ғана  адам  емес  екені  көрініп  тұр.  Өзі  де 

əр  сөзін  орынды  ғана  айтып,  ізетпен  сөйлеп  отыр.  Ал 

қасындағы бозбалалардың бəрінде де үн жоқ, нақ бір тілін 

тесіп тастағандай.

– Қарағым-ай, қадірлі адамның баласы екен, осынша 

жерге сүйекті алып жүру оңай ма, оның өлімі ата-анасына 

да  қатты  батқан  шығар,  –  деді  Сараның  енесі  Қамқа 

бəйбіше.

Сөйлеп  отырған  кісінің  аты  –  Шəкəрім  екен.  Ол  кісі 

аз  уақыт  уайым  ойына  сүңгігендей  болып  отырды  да, 

кеудесін тік ұстап, малдасын түзетті.

– Қарындасым, Саражан, сенің атың бізге де жеткен, 

сенің  аяулы  ақ  жүзіңді  көріп,  қолыңнан  дəм  тату  мына 

отырған арқаның сайыпқыран жас жігіттеріне үлкен той 

емес пе еді. Бұл жігіттер талай той-думанда алдына жан 

салмаған  саңлақтар.  Басқа  уақытта  кездессек,  бүгінгі 

күн  айтыстың  да,  тартыстың  да,  ойынның  да,  күлкінің 

де  ең  бір  ұмытылмас  күні  болуға  тиісті  еді,  амалымыз 

бар  ма,  бізде  езу  тартып  күле  қоярлықтай  жəй  болмай 

келеді. Арқадағы аты көп жерге жайылған Ыбырай деген 

ақсақалды  естулеріңіз  бар  шығар.  Өз  елінде  көбінесе 



Сара саңлақ

388

Абай  деп  айтамыз.  Мына  мəйіт  сол  кісінің  Әбдірахман 

деген  үлкен  баласы.  Жасынан  ғылым  жолына  түсіп,  ақ-

қараны танығанда, мына бозбалалардың ақыл берер ағасы 

да, Абайдың арқа сүйері де осы еді. Міне, бұл қыршыннан 

қиылды.


Бермеген құлға, қайтесіз,

Жұлынарлық ерікті.

Ажал тура келген соң,

Шыдатпайды берікті.

Ғаріптікке кез жетті,

Алғаннан соң серікті,

Өмірін берген Құдайым,

Ажалын да беріпті...

деп зарлайды осы күні ақсақалымыз.

Неге  екені  белгісіз,  əлде  қонақтардың  қалауы  солай 

ма, əйтеуір осы кезде Сара шай құюдан босап, енесінен 

де жоғары орында қонақтармен тізерлесе отырып қалған 

екен,  оны  əлі  келіншек  деп  атауға  да  қимайтындай.  Ол 

көзге  қыз  киімдерімен  көрінді.  Жұқа  жібектен  тігілген 

қос етек мол көйлегін төгілдіре бір тізерлей отыр еді.

Шəкəрімнің əлгі сөздерін есіткеннен кейін бір қызарып, 

бір қуанып, терең ойға кеткендей болды.

– Шəке, – деді, – Шəкəрім, Абай ақсақал сөздің жөнін 

бізден  сұрамайтын  адам.  Оның  баласы  жөнінде  не 

айтатынын ақсақалдың өз сөзімен-ақ айтып берейін, ана 

домбыраңа қол жалғашы.

Ішінара  құсжастыққа  шынтақтай  жатқан  жігіттер  де 

бас тарын  көтеріп  отыра  қалысты.  Үй  іші  тып-тыныш, 


Сара саңлақ

389

отырғандардың қай-қайсысы болмасын, бір қорқынышты 

да құрметті хабарды тосқандай.

Шəкəрім  домбыраны  жай  шертіп  отырып,  мұңды 

үнмен термелей бастады.

Жиырма жеті жасында

Әбдірахман көз жұмды.

Сəулең болса басыңда,

Кімді көрдің бұл сынды?

Дүниежүзілік көңілі тоқ,

Ағайынға бауырмал.

Тəкəппар жалған онда жоқ,

Айнымас жүрек күлкің бал.

Ғылым оқып білгенше,

Тыным тыныштық таппаған.

Дүниені кезіп көргенше,

Рахат іздеп жатпаған.

Ұзақ өмір не берер,

Көрген білген болмаса?

Жатқан надан не білер,

Көңілге сəуле толмаса?

Қырым, Кавказ, Түркістан,

Ресей, Сібір қалмады.

Хабарланып əр тұста,

Көрмей дамыл алмады.

Құйрықты жұлдыз секілді,

Туды да көп тұрмады.

Көрген, білген өкінді

Мін тағар жан болмады.


Сара саңлақ

390

Тəуекел зор, ақыл мол,

Қорықпай тосқан тағдырын.

Қиынсынбай өлімді ол,

Білдірмеген еш сырын.

Ата-ананың қызметін,

Алғаш жардың қарызын.

Өтемей кеткен бейнетін,

Қағазға жазған арызын.

Көргені мен білгені,

Жүзге келген шалдан көп.

Бізге уайым жегені,

Арманда боп қалды деп.

Жаңа жылдың басшысы ол –

Мен ескінің арты едім.

Сүйекке тиді, қарт едім,

Қайғы болды күйгендей,

Ол қуатым еді рас,

Көзге қамшы тигендей

Шыр айналды артқы жас...

Шəкəрім  домбыраны  Сараға  қайырып  берді  де  жас 

тола  бастаған  көзіне  орамалын  апарды.  Отырғандардың 

бəрі  бірдей  жерге  қарап  шұқшиып  қалған,  бас  көтеруге 

еш қайсысының батылы жетпейтіндей. 

–  Қарағым-ай  десеңші,  қайғы  қажытқан  сорлы  екен 

ғой, – деп Қамқа бəйбіше кеңк-кеңк етеді.

Сара  сол  Шəкəрімнен  домбыраны  алған  қалпымен 

қатқан  да  қалған.  Оның  жаудырған  қара  көздері  əдет-

тегіден  гөрі  ажарлана  түскендей,  əдемі  қара  кірпіктері 


Сара саңлақ

391

оқтай  тігіле  қалған.  Ол  қалғандарымыздай  емес,  басын 

жоғары ұстаған, тіпті Шəкəрім нің басынан асыра қарап 

отырса да көзіне ешнəрсе көрінбей, қиялы тас іргелі үйдің 

қабырғасын жарып өтіп, сонау аспандағы ақ бұлттардың 

ар  жағында  самғап  бара  жатқандай.  Оның  мөлдір 

көздерінен бөлініп шыққан көкпенкөк маржандар ірі-ірі 

болып  төмен  қарай  сырғанай  бастады.  Әне,  оның  бірі 

алқызыл  ақшабеттің  алма  ойығын  көмкере  біткен  əдемі 

қара меңнің үстіне келді де дірілдеп тұра қалды.

Осы  бір  қайғылы  да  құрметті  тыныштықты  Сараның 

шолпысының  сылдыры  ғана  бұзғандай  болды.  Ол  түзе-

ліңкіреп отырды, домбырасын құлақ күйіне келтіре бас-

тады.  Жүзіндегі  ой  толқыны  əлі  кетіп  болған  жоқ.  Не 

істеу  керек,  нендей  жауап  беру  керек  мынау  отырған 

бағ ландарға. Сонау Арқадан атағын естіп келіп отырған 

аза маттарға бір ауыз сөз айтпай қалуға бола ма? Абай не 

дейді? Ертең мына адамдар барғанда «Сараның аузынан 

есіткен сөздерің қайсы?» десе не болды? Әрине, бұл кеш 

ойын-сауықтың  кеші  емес,  қаралы  кеш,  өлген  адамның 

аруағын, тірілердің көңілін аулайтын кеш. Айтыс-тартыс 

дейтіндердің қисыны да жоқ. Абайдың өз аузынан шыққан 

жаңағы сөздердің өзі де бір бағытқа сілтегендей емес пе? 

Оның сөзіне сөз, үніне үн қосқанның өзі абзал емес пе?

Міне,  осы  ойлар  бірінен  соң  бірі  алмасып,  Сараны 

толқытып отырған сияқты.

Осы белгілер Сараның жүзінде аңғарылғанымен, оған 

«Сен  пəлен  дей  ғой»  дейтін  ешкім  де  жоқ  еді,  түйінін 

ақын Сараның өзі шешті. Ол бір ауыр күрсініп алып өз 

басына түскендей болды да, нəзік те дана қоңыраулаған 

үнін домбыра күйіне қоса бастады.


Сара саңлақ

392

Ал, Шəке-ай, қабырғамды кетті-ау тіліп,

Айтқаны Ыбекемнің қадір біліп.

Қажыған қайғы басып аға-екеме,

Тілеймін ұзақ жылдар ғұмыр-тілек.

Мен неге толғанбаймын, толғанса ол,

Ұлына сəлем еттім қусырып қол.

Мəйіттен мен қалайша аяп қалам,

Халқымның қонақ күткен ықыласын мол.

Санасын Ыбырай аға мені өзіндей,

Баласын күтіп алдым өз көзіндей.

Мен де ортақ қайғысына жүрек жалын,

Әбішке айтқан оның зар сөзіндей.

Қонағым тірісіндей Әбіш бүгін,

Көтерем артсаңыздар нардың жүгін.

Тай сойдым, құрметіне қысыр емген,

Бал тамған қазысынан тартса түгіл.

Төгілтіп бал-бауырсақ дастарқанға,

Ақ ниет, адал жүрек – тұрмын алда.

Даярмын шырақ қойып күзетуге,

Әбіштің аруағын ұзақ таңға.

Төрімде ол да отырсын сіздердей боп,

Жас өмірі жайнағандай алқызыл шоқ.

Риза боп ойнап-күліп аттаныңыз,

Арқаның балғындары – аяулы топ.


Сара саңлақ

393

Жасымнан танушы едім жақсы сырын,

Жақсы үшін құрбандық ед əн мен жырым.

Ыбырайдың аяулы ұлы қонақ болса,

Емес пе бұл мен үшін жақсы ырым.

Бұл сенің ғана емес, бүкіл елге,

Қадірін білмес мұның қандай пенде?

Күйзелді найман елі түгел дерсіз,

Көкірегі қайғылы – жасы елге.

Көп сəлем Ыбекеме дұғай-дұғай,

Көңілін шат, ғұмырын ұзақ қылсын Құдай.

Көп жерге ере шығып қарындасың,

Қош айтып қалды дерсіз қолын бұлғай...

– Уһ, өндірім Әбіш бір аунап түстің, – деді Шəкəрім.

Жұрт көңілі қайта жадырағандай болды. Сонау ақшам 

жамырай келген адамдардың əлі күнге дейін шешіліп еркін 

сөйлеспей отырғанын ерсі көрді ме екен, қалай, əйтеуір 

Қамқа бəйбіше жас жігіттердің аузына сөз салғысы келіп:

– Қарақтарым, жас балалар, сендер неге жауап қат пай-

сыңдар,  іштерің  жарылып  кетпей  ме,  сөйлесеңдерші, – 

деді.

Шəкəрім  сол  отырған  бетінде  жауап  та  қайтармады 



жəне жігіттерге де бұрылып қарамады. Осы жағдайды аң-

ғарды білем, Шəкəрімнің оң жақ тізесіне таяу отырған ақ-

құбалау жігіт:


Сара саңлақ

394

Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,

Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

Біріңді бірің ғиззат құрмет етіс,

Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып, –

деген сөзі бар еді. Біз осы сөзді үлгі тұтамыз. Алдымызда-

ғы əз-ағамыз Шəкең сөйлеп отырған жерде біздің артық 

айтып қосарымыз жоқ, – деді. Басқа жігіттер де «тауып 

айтылды» дегендей бастарын изеп, жайнаң қағысты.

–  Қарақтарым,  жатар  алдында  сусындап  алыңдар,  – 

деді,  Қамқа  бəйбіше  қонақтарға  бір-бір  аяқ  езген  құрт 

ұсынып жатып. – Таң да жақын қалған екен демалсаңдар, 

дастарқан жинайық.

–  Бəйбіше,  сабыр  етіңіз,  –  деді  Шəкəрім  қолындағы 

аяқты  алдына  қойып,  –  Абай  ақсақалдың  мына  қарын-

дасына  тапсыр  деген  сəлемдемесі  бар  еді,  мына  бəріміз 

дəм татып отырған дастарқанға қойдым. Ал мынау менің 

өз сыйлығым.

–  Қарақтарым-ай,  ештеңелеріңнің  керегі  жоқ,  –  деп 

Қамқаның бажылдағанына жұрт құлақ қоймады.

– Қадірлі бəйбіше, – деді Шəкəрім. – Бұл ауыр жұ мыс-

пен жүрміз.

Абайдай  атақты  адамның  қаза  болған  баласын  алып 

келем. Сонау Верныйдан Семейге дейін тоқтаусыз жүріп 

отырғанның өзінде жолға кемінде 20 қонуға тура келеді. 

Ат-көлігіміздің,  азық-қаражатымыз  жеткілікті  екен-

дігінен  ғана  емес,  басқа  себептермен  көрінген  жерге 

түней  бермейіз.  Біз  Әбіштің  аруағын  қадірлейтін,  елді 

қа дірлейтін, жөн білетін адам бар жерлерге ғана аялдап 

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет