Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет4/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

69

Сəлем де Керімқұлдай шешеніңе,

Шежіре, əрі білгір көсеміңе.

Аузына орыс, қазақ қарап тұрған,

Кісі екен көрнекті де, көшелі де.

Аулында, көке, сіздің көп күн болдым,

Бір күнім татығандай неше күнге.

Сары қымыз, сансыз болған зор құрметтің,

Тіпті бір жете алмаймын есебіне.

Сіздердің сый-сияпат, ықыласыңыз

Күш беріп, ем болғандай кеселіме.

Дүние бір ұзақ жолдың керуеніндей,

Тоқтаусыз жүре беред көшеді де.

Білтелі шамнан нəзік сорлы өмірім,

Жоқ болып қалар бір күн өшеді де.

Дүниеге келіп-кетер əркім қонақ,

Солардың біреуі мен – өмірі шолақ.

Сырықтан қазық жасап ала алмайтын,

Ұқыпсыз болмаушы ма ед кейбір олақ.

Адаммын мен де сондай ұқыбы жоқ,

Құр тілді санап жүрген көңіліне тоқ.

Қағазға жалғыз сөзім түспеген соң,

Ұмытылып қалар Сара құр аңыз боп.


Сара саңлақ

70

Әргендей көмекейім текке гулеп,

Солды өмір шешек атып бір-ақ гүлдеп.

Белгілі байлауы жоқ, матауы жоқ,

Есіл сөз босқа кетті желдей улеп.

Дəм татқан қадірлі елге тартып бұйрық,

Осы бір он ауыз сөз менен сыйлық.

Хикая, кітап жазып бере алмадым,

Әріптей болмаған соң хатқа жүйрік.

Кемді күн қызмет еттім дос-жаранға,

Өнерім аз болса да мақтанарға.

Мені де баламыз деп еске ал, жұртым,

Сараның айтары осы аттанарда!


Екінші бөлім

АЙТЫСТАр

72

Біржан Мен Сараның аЙТыСы

Қызы екен Тастанбектің ақын Сара,

Бəйгеден күнде келген жалғыз қара.

Қыз да болса адамның жүйрігі екен,

Көрмедік сөзді адамда ондай дана.

Қызы екен ақын Сара Тастанбектің,

Жақыны Маман, Толқын, Есімбектің.

Сауық қып Садыр – Матай жиылысып,

Аулына алдыртыпты Тұрысбектің.

Аулына Тұрысбектің Сара кепті,

Өлеңді жүндей сабап дүрілдетті.

Сол кезде он жетіде ақын Сара,

Жел сөзге адам болмас одан епті.

Сараның атын білер Арғын, Найман,

Жүйрік шыққан аталық Қаптағайдан.

Баласы Қожағұлдың сері Біржан,

Сараны іздеп шықты əлдеқайдан.

Елі Керей, ұраны Алтай – Қарпық,

Қызыққа тірлігінде жүрген батып.


Сара саңлақ

73

Атасы Алтай – Қарпық, елі Арғын,

Сауықпен жүрген сері дуылдатып.

Сараны есітіпті Біржан анық,

Бұған да жүрген жігіт өнер дарып.

Құдай берген дəулетті аясын ба,

Шығыпты он бір жігіт жолдас алып.

Серілік Құдай салған мұндай өнер,

Пендеге əр не болса тəңірі берер.

Мың жарым жылқысы бар атасының,

Уақыты екен отыз сегіз жасқа келер.

Келеді он бір кісі жолдас алып,

Дулатып түрлі-түсті əнге салып.

Ат жіберіп Сараны алдыртармыз,

Аулына Тұрысбектің жетсек барып:

– Сара да болар, – дейді, – сөзге мығым,

Айтысып Сараменен қылсақ шығын.

Найманның асыранды бұлбұл құсы,

Сараның айттырармын барлық шынын.

Баралық Тұрысбектің ордасына,

Сараның қоямын ба болмасына.

Он бір кісі жолдасым ертең түсте,

Біржанның қарық боларсың олжасына.


Сара саңлақ

74

Арғыннан артық болды салған əнім,

Найманға Арғын түгіл болдым мəлім.

Ән салып тоқсан екі түрлендіріп,

Найманның бір жияйын тірі жанын.

Сара да жетік дейді, сөйлер сөзге,

Найманда аты шыққан осы кезде.

Ауызын қарсы келсе аштырмаспын,

Адамға мақтанар ол менен өзге.

Бөденедей қырғи алған жұмарлармын,

Құдайым қуат берсе енді бізге.

Əлқисса  Жүсіпбек  қожаға  Сара  қыздың  Біржанмен 

айтысқанын қыздың өзі аузынан осылай деп бастан-аяқ 

баян қылғаны айтысқанның келер жылында.

Сараның сөзі:

Қызы едім Тастанбектің атым Сара,

Ішінен ер Қаптағай шықтым дара.

Он үште домбыра алып сөз сөйлеп ем,

Келемін бір сүрінбей жалғыз қара.

Қолдай көр, ер Қаптағай, ата-бабам,

Сөзімді тыңда, құрбым, келсе шамаң.

Ақсүйек пайғамбардың тұқымы деп,

Сөзімді естірткелі келдім саған.


Сара саңлақ

75

Тақсыр-ау, күні құрсын ұрғашының,

Билігі болмайды екен бір басының.

Тері-терсек берген соң ит те алады,

Бұлындай берекесіз арбашының.

Әкемнің төрт түлігі бəрі де сай,

Алты ауыл аруақты үш ағам бай.

Бұлаңдап асау кердей жүрсем-дағы

Тоқтыдай борышқа кеттім, уа дариға-ай!

Бұйрықсыз нəсіп етпес зарлағанға,

Тұңғиық сезім терең барлағанға.

Тақсыр-ау, он жетіге биыл шықтым,

Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда.

Хан, қара шаршы топта сан сөйледім,

Көз көрмей, бəрі бекер нанбағанға.

Арсалаң, сал Ниязбек іздеп келіп,

Шошыған жүгірістен танбағанға.

Сөйледім қаз мойынды жарма-жалмен,

Әкеме ұлдай боп ем біткен малмен.

Аулында Тұрысбектің сөз сөйлестім,

Баласы Қожағұлдың Біржан салмен.


Сара саңлақ

76

Үйінде отыр едім Тұрысбектің,

Бұл үйге Құдай айдап дұрыс кеппін.

Қасында жеті-сегіз жат кісі бар,

Сөйлес деп даусы шықты Жүнісбектің.

«Бұл үйде кім бар?» – деді келе сала-ақ.

Отыр ем домбырамды қолыма ала-ақ.

Есімбек, Маман құтым, ер Шерубай,

Қасына еріп келген өңшең манап.

Кісі екен отыз екі жолаушымен,

Ақ үйдің жабығынан көрсем санап.

«Сүйінші, іздеген қыз осында – деп,

Біреуін тонап жатыр жаудай талап.

Сырлаған домбырасын қолына алып

Ән шырқап қоя берді жүндей сабап.

Тұрды атын ұстап біреу шаужайынан,

Сөзінің білдім Біржан ыңғайынан.

Толықсып, төңкеріліп əн шырқап тұр,

Сүйтсе де шошымадым айғайынан.


Сара саңлақ

77

Сонда Біржанның қызды шақырып айтқан сөзі:

Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері,

Іздеген келіп тұрмын Біржан сері,

Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар,

Ауылында Тұрысбектің өлер жері!

Сайраған орта жүздің бұлбұлымын,

Арғынның Алтай – Қарпық ақтан кері,

Барабар сөзі теңдес адам болса,

Көңілімнің тарқаушы еді қайғы-шері.

Қырандай аспандағы желді күнгі,

Дауысымның көтерілер шықса тері.

Суырған жер танабын майталманмын,

Жасымнан маған мағлұм қыз не дері.

Алтын менен күмістің нақысындай,

Міні жоқ, бізден шығар сөз бедері.

Шатыр тік көк майсаға, бір тайды сой,

Кешікпей шықсын үйден болса өнері.

Ақ иық мұз балақпын жерге түспес,

Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес,

Басайын аптығыңды, тез шық, Сара,

Сен түгіл əкеңдеймен болдым істес.


Сара саңлақ

78

Бұл үйде Сара бар ма, отыр неғып?

Қарсы ұшпай тоты құстай қанат қағып.

Жел қабыз, жез тағалы еңіреумін,

Қара тер шыққан сайын кетем ағып.

Ғаламда мəшһүр болдым өлең жаттап,

Қысқартам адымыңды бір-ақ аттап...

Көмейден құйылады қайран сөзім,

Айғайлап ұран салсам «Қарқабаттап».

Сараның сөзі:

Көктемде Тұрысбектің ауылында,

Көруші ем істің жеңіл, ауырын да.

Біржанның төңкерілген əніменен,

Ешкіөлмес ел жиылды бауырында.

Арындап дəуірлейді барған сайын,

Екпіні соққан желдей, көрдім жайын.

«Шырағым Сара, саған не болды?» – деп,

Есімбек кіріп келді, ағатайым.

«Шырағым, Арғынға орай бар ғой Найман,

Бала едің атағыңды жұртқа жайған.

Кең жерде келістіріп душар болмай,

Қапыда қажы үйінде келді қайдан.

«Тартынба, енді балам, – деді қажы. –

Адымың аттан артық, шықты тайдан,


Сара саңлақ

79

Сөзі бұлақ антұрған көрінеді,

Бар еді бір кісідей өлеңге айлаң,

Аптыққан қу Арғынды бір дөңгелет,

Ағаңа осы болсын тиген пайдаң.

Өнері ұлдан артық қарағым-ай,

Тұрайын мен де тілеп бір Құдайдан».

Қажының əлгі сөзі болды себеп,

Қолтықтап көтере көр, аруақ демеп.

Дулат, Сабыр, Кеншімбай, Сұртай, Жылтыр,

Жанұзақ, қолда! – дедім, – бəрің жебеп!

Аспаннан бойға түсті ғайып пірім,

Даусыма жаңғырығар тұрған жерім.

Ән шырқап ақ ордадан шыға келдім,

Көрген соң аттан түсті Біржан серің.

Қозғадым қырмызыдан сөзді талдап,

Басында баяуладым Біржанды алдап,

Төрт қызы Тұрысбектің қасыма ерді,

Ақ үйден шыға келдім «Найман шалдап».

Таңданып жиылған жан қарап тұрды,

Қыз да болсам Біржанға балап тұрды.

Кəмшат бөрік, күлдəрі белбеуі бар,

Көк торған шапанды адам қарсы жүрді.


Сара саңлақ

80

Түрінен мен таныдым осы Біржан,

Сандалтып Орта жүзді əнмен қырған.

Сарысұр адам екен, тым өңді емес,

Құбылар тоты құстай əлгі антұрған.

Біржан салдың айтқаны:

Осы ма бұл Матайдың бұлбұл құсы?

Көп іздеп бүгін таптым жазы-қысы.

Әуелі қазақшылап көріселік,

Жарқыным берірек кел, жасың кіші.

Баласың, – деді, – менен жасың кейін,

Көрінді Біржан салдың сөзі бейім.

«Көрісем, бері кел», – деп сəнсіп тұрды,

Толғанып үндемедім оған шейін.

қыз көріспеген соң Біржанның айтқаны:

Мен Біржан қызға барман аяғымнан,

Шын қызсам дəуірлеймін баяғымнан.

Бері кел, ұрғашылық қылма жаным,

Дəндеме наймандағы саяғыңнан.

Найманның болады екен қызы надан,

Үлгісіз қалай халық түрі жаман.

Ағаға іні келер біздің елде,

Көп боп па, сұрасуға есен-аман.

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

Сен түгіл сенен артық құмар маған.

Жалымнан тұтқан қызда арман қалмас,



Сара саңлақ

81

Жібек жал арғымақпын тұмарлаған.

Еркек тілін алмайтын жының бар ма?

Адам деп сөз айтамын Сара саған.



Сонда қыздың берген жауабы:

Ей, Біржан, кімге дəрі амандығың?

Сөз білсең бұ да сенің жамандығың.

Қыссасул-əнбиядан естімеп пе ең?

Белгілі мағлұм болды надандығың.

Адамды топырақтан жаратты хақ,

Надандығың білінсін бұл сөзге бақ.

Хауаға бұрын барған Адам ата,

Бұл салттан кетпекшісің қалай аттап?

Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім,

Арғын да тантиды екен жоқты мақтап.

Найманда екі жүзді наркескенмін,

Желкеңді қимақ үшін қойған саптап!

Тозаңың анда-санда бір бұрқ етер,

Саулатсам бейпіл желді екі жақтап.

Күн көргелі көрдің бе құрдым Арғын,

Жинауға сынық малта Найманды ақтап.

Абыройың ашыларын білмейсің бе?

Көрпеңді көсілсеңші бойға шақтап.

Жерге кіріп кетерсің жынды антұрған,

Шын қазсам асты-үстіңді жездей қақтап.

Делбелігі емес пе Біржан салдың,

Кісісін жеңетұғын жаңа тапты-ақ.

Талпынған жас баланың білегіндей,

Сендейге ұстатпаймын қолымды аппақ!


Сара саңлақ

82

Сонда Біржан сөйлейді:

Сал Біржан домбырасын көкке сермеп,

Жіберді түрлендіріп əннен өрнек.

Сөзіме ызаланып алғаннан соң,

Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп:

Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға,

Сөйлеткен сені балап қазақ ұлға.

Асықша ақ жамбыны сұлуға аттым,

Тиыным шыққан емес сендей тұлға.

Сайратқан Орта жүздің бұлбұлымын,

Қызығып жүргенім жоқ алар пұлға.

Күшігін асыраған өлекшіндей,

Азғындап шөктің Сара жылдан-жылға.

Қырсығың өз басыңнан арылған жоқ,

Тегістеп айыбыңды тізсем қылға.

Қолыңды ұстатпайтын ерке болсаң,

Күлімсі берді əкең неге құлға?

Бар екен жаннан артық сөйлер сөзің,

Сүйенген қызыл тілге шын сорлы өзің,

Қолға түскен қалмақтай ықтиярсыз,

Төрт болар құлға барсаң екі көзің.

Сөзіңе таң қаламын сынай алмай,

Айтқаным кетті саған ұнай алмай.

Көзіңді күшік құрлы бір ашпайсың,



Сара саңлақ

83

Қортиған шірігіңді Құдай алмай.

Есекке қосақтаған бір қашырсың,

Күң сырын көпке жаяр жылай алмай.

Құшақ толар еркекке көңілің бар,

Сəнсисің күйгеніңнен шыдай алмай.

Жан жетпес əн шырқасам өрісіме,

Құданың ризамын берісіне.

Елден таңдап айттырған қортық байың,

Бір қойдың сыяр тұлып терісіне.

Алыстан тілеп ұшқан түз құсындай,

Біржанның жан таң қалар келісіне.

Мойыным жүзген қаздай иіледі,

Орта жүз əн шырқасам сүйінеді.

Арғынның жалғыз тоны қолға түссе,

Төрт Найман орта бойлы киінеді.

Найманда байлық бар ма біздің елдей?

Жүрсем де адам боламын мұнда келмей.

Қыз сөзін кек көрмейтін сайтаным бар,

Онымды тастамаймын өзім өлмей.

Атадан Біржан сал боп тудым артық,

Ұраным «Ер Қарқабат, Алтай – Қарпық».

Аққумен аспандағы əн қосамын,

Қозғасам ащы күйді түптеп тартып.

Қырмызы, асыл бекзат бір мінезім,


Сара саңлақ

84

Кетер ем еркек болсаң бір-ақ тарпып.

Қыз итті сыйлайтұғын бар мінезім,

Самғаймын бəйге атындай артып-артып.

Көкшетау дуанына даңқың барған,

Мен Біржан алтын тудай айқындалған.

Естігелі, Сара, сені үш жыл болды,

Сері едім төңірекке құлаш жайған.

Түлкінің жүгірісін қыран байқар,

Ұялсаң, сөзің емес маған айтар,

Қанды көз май жеп алғыш ақиықпын,

Сен түгіл қасқыр көрсе бір-ақ шайқар.

Қайрату сұрамаймын келсе аңым,

Қыз сөзін парық қылмайтын ескі заңым.

Күнінде он көрінсе де айнымаймын,

Көк төбет болды деме мені, жаным.

Түстіктен жұрт таң қалар көргеніме,

Жеңбесем, қуанбаймын келгеніме.

Ақ марал, осы жолы жығылмай кет,

Алтайдың душар болдың мергеніне.

Өзімдей бір басты адам сөз білмейді,

Құданың мың шүкірлік бергеніне.

Қыз сөзі батқан сайын жаным кірер,

Қарамай қатты сөйле өлгеніме.

Адымым күні бүгін қалыбында,


Сара саңлақ

85

Апшымның қуырылып қай сасқаным,

Өтірік ентелетіп желгеніңе.

Көзімнің Көкшетаудан қыры түсті,

Аталық Қаптағайда жүргеніңде.

Аю болсаң да басамын «əп» дегенде,

Түспеймін жаман құстай көргеніне.

Сонда Сараның айтқаны:

Ей, Біржан, жасың үлкен, өзің аға,

Қымбаттығым белгілі білсең баға.

Қамысты терең көлдің сұқсырымен,

Қаңғырған ілдірмеймін қаршығаға.

Ежелден сен белгілі желді көрік,

Таң қалдым сəулетіңді сенің көріп.

Сені айдап ажалыңа алып келген,

Құт Маман, ер Шерубай қасыңа еріп.

Сөйлетпей шыға сала кеттім дерсің,

Түрімді көрсетейін сөйлеп беріп.

Қарны ашқан қырсығы бар еркек мысық,

«Сасық» дер аузы жетпей, майдан жеріп.

Сөйлеспей мен сықылды өнерпазға,

Дəндеме жүрген күңнен тезек теріп.

Өлеңді қолқа қылсаң ағытайын,

Самарқан жібегіндей оннан өріп.

Әншейін сыпайы деп қимай тұрмын,

Көзіңде төрт қылау ем иттей керіп.


Сара саңлақ

86

Сөзбенен жеңемін деп ойламаңыз,

Бір жерден мүдірер деп көңіл бөліп.

Тіліңді тарта сөйле, Біржан батыр,

Жарамас жүдеп қайтсаң, іздеп келіп.

Тартылып таразыға тең келмейсің,

Тірілсең ертең кешке, бүгін өліп.

Арғынның тантықтығы міне осындай,

Кім байқар ер қадірін сөз қосылмай.

Жай тастап құлашымды кең созамын,

Сен түгіл Қожағұлдан бір шошынбай.

Күшпенен көндіремін болмасаң да,

Сестеніп тамам жерден қозғасаң да.

Аптығып арғынсынып сандырама,

Ойлайсың артықпын деп оңбасаң да,

Найманға жалғыз тиын керегің жоқ,

Келесің қайыр сұрап анда-санда.

«Мен пəлен» дегеніңе сескенбеймін,

Шошыр деп қоразданып алдасаң да.

Ақыр өнер барлығын байқасармын,

Өзіңді-өзің мақтап, нанбасаң да.

Қарамды əр-беріден соң бір көрмейсің,

Соңымнан үмітті боп қалмасаң да.

Тоймайтын жеті басты жалмауызсың,

Ескі-құсқы елден жиып жалмасаң да.


Сара саңлақ

87

Қуып жетіп озамын Найман шалдап

Пысықсып ə дегенде самғасаң да.

Әй, Біржан, əліңді біл, жүр жайыңа,

Әке десең көнбеймін ыңғайыңа.

«Жау аяған жаралы болар» деген,

Шын тілеп сөйлейінші Құдайыма.

Жылқының арығындай Арғын кедей,

Тойғансып мас боласың ішпей, жемей.

Құр айғай салғаныңа кім шошиды,

Жеңермін иттей қылып, адам демей.

Найманның аруағынан кет садаға,

Әзəзіл бола берме екі араға.

Жанақ та қобызымен түк қылған жоқ,

Оңай ма сендей сорлы бишараға.

Орынбай іздеп келіп, кеткен қаңғып,

Жеңген жоқ Кеншімбайды о-дағы аңдап.

Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан,

Жаманын көтереді Арғын сəн ғып.

Біржанды əке десе менсінбеймін,

Жаратты қыз да болсам сонша паң ғып.

Жынды бота сықылды бір делбені,

Құдайым тірі қойған несін жан ғып?


Сара саңлақ

88

Біржанның айтқаны:

Арғынға, жете алмайды Найман өлмей,

Ежелден артық тумай теңдік бермей.

Жеңбесем, Сара, сені осы жолы

Өлгенім жақсы емес пе үйді көрмей.

Сара айтады:

Ей, Біржан, өнер біткен қай жеріңе?

Бұл жолы пайда ілінбес құр теріңе.

Жеңбек түгіл келмейсің ширегіме,

Әкеңнің менен қорықсаң кір көріне!

Біржанның айтқаны:

Арғынның көз жеткісіз аймағы бар,

Төңірек жеті дуан ойнағы бар.

Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы,

Алты жүз бота мен тайлағы бар.

Шалқыған Жəнібек пен Тұрсын, Жанай,

Ит қосты Нұрмұхамбет, Досан, Қанай,

Солардың хисабына көз жетпейді,

Ол түгіл бір Шақамдай болсаң қалай.

Қаржаста бір құтым бар Мұса, Шорман,

Үзілмей келе жатыр ескі қордан.

Қажының белбаласы Садуақас,

Құтқарған сан қыранды түскен тордан.


Сара саңлақ

89

Ұл тумас Қазанғайып ата ұлынан,

Тұқымы дегдар шыққан жатынынан.

«Полковник» шен алады туа сала,

Шырылдап түскен бала қатынынан.

Шыныбай асып еді бір шағында,

Жан жетпес ер Қазекем аруағына.

Жамантай, Құсбек, Шыңғыс, Сартай төрем

Ілінген талай Найман қармағына.

Тəттімбет ардагерім Арғын асқан,

Қырық түрлі күй ілінген бармағына,

Ежелден əрі баймын, əрі молмын,

Шын қызсам шыдамайсың зардабыма.

Адамның ақиығы қажы Құнанбай,

Сан жүйрік сау кеткен жоқ бір сыналмай.

Найманның əулиесі батыр Барақ,

Ішқұста болып кеткен түк қыла алмай.

Ыбырай жас жолбарыс білектенген,

Дұшпанға арыстандай жүректенген.

Өзінің заманының бозбаласы,

Перінің жігітіндей реңктенген.

Ей, Сара, қайсының бар оған жетер,

Өнерін көрген жанның есі кетер.

Адамның жалғыз баста білімпазы

Әлі де жамандамас Найман бекер.


Сара саңлақ

90

Орта жүз Абай қойды атын батпай,

Үйіне ояз кірмес жауап қатпай,

Арғынның асылдығы міне осындай,

Наймандай ағайынын жүрген сатпай.

Бар болса, бұған орай қоймай сөйле,

Әйтпесе сөзіңді қой, босқа шатпай.

Сонда Сараның айтқан жауабы:

Ей, Біржан, сөз сөйлейін анықтатып,

Көңілің ауырмасын қабақ қатып,

Көкшетау, Қызылжарда талай Арғын,

Күн көрген жанын жалдап, жатақ жатып.

Найманнан қай жерің бай мақтанғанмен,

Тентіреп нан жемейміз шілік сатып.

Бармаған соң жайыңды білмейді деп,

Құр босқа мақтанасың тəңірі атып.

Найманда Қаракерей, Сыбан, Мұрын,

Жеті ата Жолымбетке құйған нұрын,

Шерубай, Тана мырза, ер Тəукебай,

Қай қазақ сөз бастаған онан бұрын?

Баласы Қозыбайдың Тілеуберді,

Әліхан оның ұлы əркім көрді.

Құдайдан қорыққан Арғын осал демес,

Қарадан хан боп шыққан Қисық ерді.


Сара саңлақ

91

Жан жетпес Бабатайға жəне Жанақ,

Аққожа би, Ақтайлақ асқан манап.

Ақтамберді, Алтыбай, Райымбек

Жайратқан жауын түгел қойдай қамап.

Кенжеқұл қазақ жетпес бабасына,

Төрт арыс билік айтқан баласына.

Байтоқа, Кеңесбай мен құт Данияр,

Тоймаған сөздің сөйлер шамасына.

Арғын жоқ мақтағанмен Тойғұлыдай,

Қор құйған Қыдыр келіп сабасына.

Бірін-бірі аңдыған қу Арғынсың,

Мақтанған мінсең орыс шанасына.

Екі жыл бақ айналса біреуіңе,

Қайдағы жаулық қылған данасына.

Арғында кісілік жоқ мен білмейтін,

Қарны ашса қастық етер анасына.

Кім жетер Қабанбайға дуа қонған,

Үзілмей тұқымына қуа қонған.

Қожағұл, Әлі, Жақаш, ер Әділбек,

Сүлеймен оның ұлы шықты соңнан.

Ботабай, Байжігітке құт Шиямбай,

Сасан би, шапты Кенже жауға аянбай,

Шынымен құлаш ұрып самғай берсем,

Қаласың жетпек түгіл бір таянбай.


Сара саңлақ

92

Таласпас Тəнекеңнің жан бағына,

Жеңермін егер тартса іс ағына,

Шетінен Қыдыр қонған өңшең құтым,

Мың-мыңнан құт тастаған арт жағына.

Арғынның болады дейтін қызы сойқы,

Шот маңдай, иегі ұзын, мұрны кейкі.

Бұйра шаш, дөң жауырын, қысқа тұмсық,

Дүрбелжін дорбиған күң ойқы-шойқы.

Жігіті Қоқандықтың аңғалындай,

Аптығар өрттің шалқып жанғанындай,

Асыққа ақ жамбыны ертіп құйған,

Найманның жігіт қайда бағланындай.

Екі ауыз əн білгені ақынмын дер,

Қыдырдан түсте бата алғанындай.

Ұятсыз сіздің елдің бəрі даңғой,

Айтпасаң мұнан басқа қалғаныңды-ай,

Қапыда қалдым деме, ақын Біржан,

Көңліңнен қоймай сөйле арманыңды-ай.

Сара ақын екеніне көзің жетпей,

Осындай қайдан білдің қармануды-ай.

Найманнан қарның тойып кетсең-дағы,

Қоймайсың жылда келіп жалмануды-ай.

Елу күн ғайып білген тоты құспын,

Білмеймін, əкеңнен де алдануды-ай...


Сара саңлақ

93

Өз басым ұрғашының қара тілі,

Иранбақ бет бітісім қызыл гүлі.

Біржан сал, ажал айдап өзің келдің,

Іздеуге ойланып ем өткен жылы.

Майысып нəзік белім бұраң қаққан,

Қырық түрлі дана кеудем өнер тапқан.

Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім,

Сықылды гəуһар сағат нақыс шапқан.

Ажымсыз он саусағым бəрі де аппақ,

Болғанда аузым сағат, ернім қақпақ.

Міні жоқ отыз тісім меруерттей,

Ерінбей тіздіргендей адамзатқа-ақ.

Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,

Лебізім шырынындай шəрбат судың.

Қаққанда төңкерілген қас бітісім.

Ашылған айбатындай жібек тудың.

Қырмызы қызыл жібек маңдайым кең,

Арғынның айтшы кəне, қай қызы тең.

Тал бойым ұзын да емес,қысқа да емес,

Азар дұшпан болсаң да қай жерім кем?

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет