Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет5/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

94

Тамағым жас баланың білегіндей,

Иығым тік сандалдың тірегіндей.

Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей,

Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей,

Арғынды мақтасаң да, жетті Найман,

Жетпек түгіл байлыққа өтті Найман.

Бұралқы үйге сіңген күшік иттей,

Бай болсаң мұнда Біржан, келдің қайдан.

Найманның арғын жетпес қоғамына,

Қаласың бекер мақтап обалына.

Қымыз бенен қыз сатып күн көресің,

Естимін таянды деп жоғалуға.

Мақтанып жоқ нəрсеңді айтпа маған,

Рас, жаным ашиды, Біржан саған.

Сөз білсең көп таласпа меніменен,

Алысып құр кеудеңмен қалмас бағаң.

Ей, Біржан, шыдамаймын қылығыңа,

Мақтанба Құсбек, Сартай ұлығыңа.

Үстіне Жамантайды сомдап қоссаң,

Барақтың пар келмейді сынығына.

Ұстаған Тобықтыға дүре соғып,

Аққан қан ат суарған тұнығына.

Қапанның Байқарамен қосы қонса,



Сара саңлақ

95

Жетпеген қалың тоғай қорығына.

Қазыбек Құнанбайды найзалаған,

Төрем түгіл Төленгіт жорығына.

Садырбай, Жаманбала, Арқабайым,

Тел емген екі енені марқадайын.

Есілге, Едіреймен қамалған қу,

Көкмайса жерің бар ма Арқадайын.

Ақ найман Қожамбетке Арғын жетпес,

Төртуыл Қаратайдан қазақ өтпес.

Көкжарлы Сарыжомарттай қайсының бар,

Қызығы Мысыр шəһардай естен кетпес.

Ерлерім, айта берсем, жатыр талай,

Ойласаң есің шығар санай-санай.

Бура жатыр көптігі толық дуан,

Атасы əулие өткен ер Қонақбай.

Дəулетке Бура-дағы артық асқан,

Кім баймын дегенменен жағаласқан,

Жаяубайлар көрді ғой малдан ыза,

Қозғалып көшіп жұртқа жете алмастан.

Қайсы Арғын жетеді Аман, Көшеріме,

Мен дайын сөзді қалай десеріңе

Кең қолтық өзім теңдес кез келмесе,

Алтайдың көзім толмас есеріне.



Сара саңлақ

96

Тойке мен Жоламандай тумас қазақ,

Дұшпанын иттей байлап қылған мазақ.

Менімен айтысуға қайдан жеттің,

Жыл сайын өлуші едің сүйек қажап.

Өнердің күш көрерсің өкімінен,

Сөзімнің түйсең керек секілінен.

Жарыған жалғыз Арғын көрінбейді,

Жас қызын ұстап берген кекілінен.

Қаракерей Матайға жау болған жоқ,

Барақтың артық қайрат етуінен.

Түйеше құр бойыңа сенгенсисің,

Ісің жоқ Найман қуып жетуімен.

Тойғұлының асында бəйге тікті,

Тоғыз қыз Арғын берген жетімінен.

Төлеуші ең бір түйе ұрлап екі бала,

Антұрған ұялмайсың бітіміңнен.

Құтырмай жайыңа жүр жынды делбе,

Келіп кісі болма сен біздің елге,

Сөз білмейтін жеріңе мақтана бер,

Бұл жақта құр айғайың кетер желге.

Ей, Біржан, көңіліңді тындырайын,

Аруақ пенен Құдайға ұрдырайын.

Найманда түлеп ұшқан ақиықпын.

Топшыңды қанатыммен сындырайын.


Сара саңлақ

97

Ей, Біржан, бұ да жетер бір басыңа,

Құл болып одан-дағы тұр қасыма.

Сен-дағы жас күніңнен ардагерсің,

Құрбың мен жеткізбеген құрдасыңа.

Әуенің жез сырнайдың көмейіндей,

Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына.

Ақын емес, жігітсің əңгімешіл,

Мұныңмен шыға алмайсын қыр басына.

Жүз жанақ, он Орынбай жолдас алсаң,

Мен кепіл сен жеңілмей тұрмасыңа.

Есің болса, осымен тоқта, Біржан,

Арғынды бос қаздырмай ұрғашыға.

Сонда Біржанның айтқан жауабы:

Құтыма тіл тигізбе, ер Құнанбай,

Алашқа аты шыққан кер бұландай,

Ескермес он ақынды есіл басым,

Қадалдың маған, Сара, сұр жыландай.

Сен түгіл, жеткен емес еркек қуып,

Төмен болған жерім жоқ, өзім туып.

Шынымен жайпаң қағып самғағанда,

Тұсыма келген емес адам жуық.

Менсінбей қапы қалып өкінермін,

Ызғарлы көрінеді сөзің суық.

Болдырып түстен кейін сандырарсың



Сара саңлақ

98

Байталсың қапелімшіл бір жел қуық.

Барынша өнеріңнің аянбай сал,

Көңілімді көтермей-ақ сөзбен жуып,

Жорғамын сарынымен самғайтұғын.

Бəйге аты серпінімді шалмайтұғын.

Әнімді он екі звод жіберейін,

Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын.

Ежелден құлаш мойын көк айылмын,

Ылауға жеті күнге талмайтұғын.

Болатпын екі жүзді, жетем құрыш,

Күйсеуін шапқан түйе танбайтұғын.

Гəуһармын бозбалаға сəуле берген.

Дəндеме жаманыңнан жанбайтұғын.

Ой желке, қамыс құлақ қара көкпін,

Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын.

Ұрғашылық қылмасаң бір басыма,

Қазақ жоқ Біржан десе нанбайтұғын.

Даусымның жаңа түсті кəрі жыны,

Дəуірлеп барған сайын болмайтұғын.

Қарқабат, Қарқожа ата-бабам,

Осындай ерегісте қолдайтұғын.

Қырымға қарайтұғын қара кермін,

Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын.

Айнымас қанды балақ ақиықпын,

Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын.

Асылмын аспандағы, құс болғанда,


Сара саңлақ

99

Қаңтарда қалшылдаған тоңбайтұғын,

Тұлпармын «Көрұғлының» ғиратындай

Алдында жүгірсе мал салмайтұғын,

Рүстем дастандаймын дəл өнерге,

Меңгеріп кісі билеп алмайтұғын.

Бір итке елің неге берем дейді?

Сол ма екен лайығың таңдайтұғын?

Он бестен ұрғашыға саятшымын,

Күн сайын қанжығамды қандайтұғын.

Аңдап бас аяғыңды, байғұс Сара,

Мен сенің кісің емес алдайтұғын.



Сонда Сараның айтқан жауабы:

Қазақ жоқ хан Бараққа теңгерілген,

Күшімен Арғын, Найман меңгерілген.

Есіл ер аруақ біткен заманында,

Тоқтыдай сан Тобықты өңгерілген.

Өзіңді ат та қылдың, құс та қылдың,

Дүниеде бар жақсыға теңгерумен.

Жайымды адам күймен айтайын мен,

Басылсаң ала қашпа өрлеуіңнен.

Өнерге екі жағым бəрі бірдей,

Еркек жоқ өз басыма теңгерілген.

Құр босқа бөгелемін келіспей нем,

Сөз пірім он жасымнан меңгерілген.

Небір нəзік көзге олқы көрінсем де,

Сан жүйрік қойдан өңкей өңгерілген.


Сара саңлақ

100

Ұшырған тəрбиелеп ақ тұйғынмын,

Матайдың Қаракерей сеңгерінен.

Даусыма аспандағы құс айналар,

Құбылып тоты құстай төңкерілген.

Антұрған, Құдай қане, жасырмай айт,

Сөзім жоқ бір кісіден кем көрінген.

Сайраған тəмам Найман бұлбұлымын,

Қапаста жел тигізбей жем берілген.

Жұрт сыншы, өзі білмес екі даугер,

Белгі жоқ адымында теңгерілген.

Мақтанғаным болмас-ау, осы кеудем,

Он Арғын шалымынан кең көрінен.

Бірінен бірі дамып асып түсер,

Дауысым алтын тудай паң керілген.


Сара саңлақ

101

Сонда Біржанның айтқаны:

Жарайды, жаным Сара, осы сөзің,

Тас түлек тұрымтайдай екі көзің,

Сөз айтар қандай кісі деген кезде,

Алдымнан Құдай айдап келді кезің,

Бір асқанға, бір тосқан бар-ақ деген,

Талайдың қисық деуші ем құрған тезін,

Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың,

Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін.

Қанатын күн шалмаған ақ тұйғынның,

Жапалақ иемденер басқан ізін.

Қор болдың бір қортыққа, Сара қалқам,

Армансыз қылар кімнің үйі-түзін.

Дені сау адам емес Тастанбегің,

Жүр екен тастай алмай о да қызын.

Біліп ем, Сара, сенің сыңайыңды,

Баса алмай армандамын құмарымды,

Ақ үйден айғай салып шыққан кезде-ақ,

Сезгенмін сөзге қайрат қыларыңды.

Сөйлейсің төрт құбыласы түгел жандай,

Білместен неден зар боп жыларыңды.

Майысқан сегіз қырлы жүйрік-ақсың,

Қай жерден болжамайсың тынарыңды.

Шақыртып күйеуіңді осында алдырт,

Көрейін таңдап қосқан сыңарыңды.


Сара саңлақ

102

Тез алдырт күйеуіңді, Сара саңлақ,

Көрейін еркегіңді тиген таңдап,

Рас-ақ жаны ашыса Тұрысбектің,

Белгісі білінеді келсе сонда-ақ.

Шыбықтай жігіт шығар өңі нұрлы,

Өнері өзің теңдес сегіз қырлы.

Шеберден мін алатын мініскерсің,

Ер шығар тоты құстай неше түрлі.

«Жақсыны көрмек үшін» деген Сара,

Өзі түгіл ел қамын жеген Сара.

Мырзаңды Жиенқұлдай шапшаң шақырт,

Ұялып бөгелесің неден, Сара?


Сара саңлақ

103

Сонда Сараның Найманның жақсыларына шағы­

нып айтқаны:

Қажеке-ау, мынау қалай ақырады,

Жиенқұл тез келсін деп шақырады.

Көрсетсең асылыңды əпкеліңдер,

Аулыңда ол келгенше отырады.

Арғынға жол бермеген есіл тілім,

Күн өтпей, қор боп ұшқан қызыл гүлім,

Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем

Есекке қосақтаулы өтті күнім.

Өзі білер деуші едім жақсылардың

Ақыры қайғы болды енді мұңым.

Алтайдың саңлағымен сөйлессем де

Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным,

Сіздерге сенетұғын сорлы басым,

Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім.

Өздерің Жиенқұлды көріп едің,

Құдайдан қорықпай шыдап беріп едің.

Шақырған «Найман шалдың» аруағын,

Бəріне қыз да болсам серік едім.

Біржанға көрсетіңдер Жиенқұлды,

Ол мені осы жерде тірі өлтірді.

Ұяттан кісі өлмейді, сағы сынар,

Қайтейін Құдай қосып ием қылды.


Сара саңлақ

104

Итіңді келмесе де, келтір байлап,

Бітпесін зығырданым күнде қайнап.

Ағалар, нəсіліңе дұрыс болса,

Құдайға тапсырамын «Қаптағайлап».

Қажеке-ау, көріп келдің хақтың үйін,

Мен түгіл бөтенге де зорлық қиын.

Жиенқұл ерім болып тұрар ма екен?

Күнінде таңда-махшар болса жиын.

Көзімді аш, көңілімді нала қылмай,

Кетсең де өкпеледім бала қылмай.

Сыртынан өлеңменен шақырайын,

Біржанға өзімді-өзім таба қылмай.

Сəлем де Жиенқұлға келсін жатпай,

Келуге шошынады неден батпай?

Әркімнің қолда бары өзіне алтын,

Біржанға бір тырнағын тұрмын сатпай.

Көрінсін Біржан салға ай секілді,

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.

Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,

Арғынға баламаймын тай секілді.

Тез келіп амандассын Біржан салға,

Көрінсін айбаттанып Арғын шалға,


Сара саңлақ

105

«Әркім теке қояды өз ылағын»,

Әйтеуір мені сатып алды малға.

Бермесін дұшпаныма намысымды,

Біледі, Арғын-Найман дабысымды.

Бар болса шыбын жаны шапшаң жетсін,

Ел таныр арғымақтай шабысымды.

Қылмасын дос Жиекем сөзге сынық,

Шəрбаттай ағып жатқан сөзім тұнық.

Қамалдан тартынбайтын қайран ерім,

Көлге кеп қойып кетсін көзді жұмып.

Асылым Құдай берген өз бағыма,

Теңелмес жеті Біржан тырнағына.

Найманда ұлы дария саяткерім,

Балық боп ілінгенмін қармағына.

Бағының зор екенін көрсін Арғын,

Сықылды салтанатым батыр Тарғын.

Көрмеп пе Біржан ондай болам десе,

Сескенбей шапшаң жетсін біздің балғын.

Бесіннен қалмай жетсін жаны болса,

Бөгелмей жете көрсін əлі болса.

Елден қайыр сұраған кедей Біржан,

Алмай ма мендей қызды малы болса.

Көрінсін салтанатпен менің серім,



Сара саңлақ

106

Сол енді Құдай қосқан барар жерім.

Кедейге қонақ асы тай əкелсін,

Талабы Тəттімбеттей асыл серім.



Сонда Біржан сөйлейді:

Көрейін, кісі жібер, күйеуіңе,

Көнбейді жаман болса сүйеуіңе.

Сабазың қандай екен, көзім көрсін,

Адамның таласатын біреуіне.

Жасырмай көрсет көзге келтіріп-ақ,

Сөзбенен жүдеттің ғой өлтіріп-ақ.

Ұялмай осы топқа көріне ме

Өнерсіз, жігері жоқ делқұлың-ақ?

Сараның айтқан сөзі:

Қажеке-ау, кісі жібер балаңызға,

Әзəзіл болды Біржан арамызға.

Сыртынан мақтасам да керек болды,

Көрсетпей жігітті ұрлап қаламыз ба?

Өзіңнің құла жорғаң барсын оған,

Жиекем Бижан ерін салсын оған.

Біржанды бір қаққаннан қалдырмас ем,

Құдайым мені қайдан қосты cоған.

Қажеке-ау, алдыртыңыз қонақ кетпей,

Біржан тұр көремін деп сөзі бітпей.


Сара саңлақ

107

Ажал да кісі таңдап алады екен,

Сол итті неге қойған алып кетпей?

Қонжиып мінер құла жорға болса,

Келе алмас сол шіркінің қорғаласа,

Рас бізді масқара қылар сонда,

Қорс етіп бармаймын деп онда қалса.

Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,

Ербиер елсіз тауға шыққандай-ақ.

Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,

Он мата арқасына тыққандай-ақ.

Бар еді ұлы-қызың, Қажы аға,

Қалдым ғой Біржан деген беймазаға.

Өзіңнің болып тұрған заманыңда,

Дені сау кез болмадым бір тазаға.

Арғынды бір дөңгелет деп едіңіз,

Мен түгіл Найман қамын жеп едіңіз.

Меке мен зиярат қып Байтоллаға,

Бақытыма есен-аман кеп едіңіз.

Көрмейсіз неге менің көз жасымды,

Жеңбек боп Біржан солай сөз қашырды.

Жиылған Қаптағайдың жақсылары,

Басқаға айырып бер өз басымды.


Сара саңлақ

108

Алдырып не қылады оны Біржан,

Көруге ынтық емес соны Біржан.

Арғыннан асып кеткен бай болмайды,

Жеткенмен Жиенқұлға қолы Біржан.

Сонда Біржанның айтқаны:

Шырағым Сара, сендей тумас бала,

Шежіре болармысың мұндай дана.

Обалың Есімбек пен Тұрысбекке,

Жігітің жөндеу екен, ей бишара.

Ел-жұртың қорықпайды екен көз жасыңнан,

Қиып кеткім келмейді мен қасыңнан.

Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін,

Адамзат озар емес өз басыңнан.

Жіберме Жиенқұлға шақыруды,

Өнерсіз үйде білер аһ ұруды.

Қайнайды зығырданым көргеннен соң,

Алдырма бекер мұнда кəпіріңді.

Білесің, Арғын-Найман тегіс затын,

Алашқа шығып еді Біржан атым.

Кісіге сен секілді малын шашпай,

Қазақ та қылады екен кімді қатын.


Сара саңлақ

109

Дұшпаның жамандайды не деп сені,

Белгілі жарар саған берсем нені?

Өнбойың өнер толы жан екенсің,

Айбатың əлемге айқын ай бедерлі.

Садаға тырнағыңнан кетсін Сара,

Сан жүйрік көріп едім мен нелерді.


Сара саңлақ

110

* * *

Сөз айтты сонда Біржан біздің жаққа:

– Ұмытпан, Сара, сені əр уақытта,

Қайырған сөзбен жетіп есіл шіркін,

Көремін қайта айналып қай уақытта?

Есімбек, боққа сатпа асылыңды,

Сыйлай көр қыз да болса, нəсіліңді.

Ұқпасаң, Арғын жоқты айтты дерсің,

Есек-ау, құлағыңа ал осынымды.

Қылайын көп ұзатпай сөзді қысқа,

Өлеңге жан көрмедім мұнан ұста.

Аты ұрғашы демесең қарындасың,

Адамның артығы екен осы тұста.

Шынымен бапты күнде дуға салса,

Ілеспес ақын түгіл ұшқан құс та.

Көңлінде мұңы жоқ деп ойлар еді.

Көрмеген дауысын естіп тұрса тыста.

Обал тұрған орында сауап та бар,

Жиенқұл тең емес қой бұл байғұсқа.

Законде зорлық болмас жанды адамға,

Жақсыны қор ғып болмас бір наданға.

Жəне де аят пенен хадисте бар,

Жылатып берме деген еш адамға.


Сара саңлақ

111

Қажы барған Қаптағайдың арыстаны,

Жалғыз сіз осы күнде данышпаны,

Өзіңе Құдай беріп қойған шақта.

Дұспанның топ етеді алысқаны.

Көрмеп пе Сарадай қыз қатын қылса,

Ішінен өнер қысар аузын жапса.

Қор қылып Жиенқұлға жібергеннен,

Қытайша он есе артық басын шапса.

Тұрысбек, Есімбек пен сау тұр Маман,

Таянды қайтар уақытым елге таман.

Айналып ендігі жыл бір келермін,

Тысқары топырақтан болсам аман.

Сараны Жиенқұлға бере көрме,

Қыз түгіл ер құнына келер шамаң.

Бар болса сүйегінде ойларсыңдар,

«Өлі тілін тірі алмас» деген заман.

Байлаулы бала құстай Сара сорлы,

Жоқ екен осы күнде мұнан жаман.

Әлқисса,  Сараның  күйеуінен  ұялып,  Біржанға  Жиен-

құлды  көрсете  алмай:  жамиғ  Найман  тоқтады,  мен  де 

тоқтадым дейді. Намыс қылып жақсыларым Жиенқұлдан 

айырар  ма  екен,  деп  дəмеленіп  ем,  болмаса  айтар  сөзім 

басқа еді, – деді.



Сара саңлақ

112

Енді Сараның өзінің айтқан сөзі:

Сал Біржан, жүріп кетті амандасып,

Екі күн арпалыстым табандасып.

Шіркінге қимағаннан жорға бердім,

Басында сөйлессем де жамандасып.

«Қош Біржан, сау бол, – дедім, – сағым-керім,

Арда күрең жігітсің алым-берім.

Қашан өзің өлгенше есіл-көзел,

Күнде той, күнде жиын жүрген жерің.

Жүре көр ақын Біржан бізді сұрай,

Тысқары топырақтан қылса Құдай.

Аптығып Арғынсынып сандырама,

Көзіңе қыз көрінсе мұнан былай.

Жолықтым, атағыңа құмар едім,

Болмаса, келместей ғып сығар едім.

Сыйладым сағың жерде қалмасын деп,

Аттатпай адымыңды қияр едім.

Боп қалды бір көргенім көз таныстай,

Сен-дағы жол бермедің бір қалыспай.

Есекем еркек болса бере қоймас,

Кісідей қарапайым бір салыспай.


113

Сара Мен ТӘСіБеК

Сара  қыз  кезінде  Тəсібек  деген  жігітпен  айтысқан 

екен.  Тəсібек  Кенжеге  сіңген  аз  ғана  ауыл  Ошақтыдан 

шыққан  өлеңші  жігіт  көрінеді.  Айтыс  кезінде  Сара  13 

жаста, Тəсібек 30 шамасында болса керек. Бұл айтыстың 

өлеңдері мынадай:



Сара:

Қонады қалың үйсін Қараталға,

Мінеді Сарбас ағам өрме жалға.

Тəсібек, өтірік айтпай, шыныңды айтшы,

Өзіңнің Айтқожадай атаң бар ма?

Тəсібек:

Кем емес Айтекеңнен атам Дүзен,

Қаракөк үзілмеген тіпті бізден.

Айтекең, би Дүзекең біздің қазақ,

Қалмақтың шебін бұзып, шідер үзген.


Сара саңлақ

114

Сара:

Мен едім ақын Сара күлімдеген,

Дұшпанға басқан ізім білінбеген,

Мақтанба көрмегендей ау, Тəсібек,

Ілікке ата-бабаң ілінбеген.

Тəсібек:

Ауылым өрлей көшіп, өр қыстаған,

Жұғымды малға жайлы жер қыстаған.

Ей, Сара, өтірік айтпай, шыныңды айтшы,

Би болып неше қалмақ мөр ұстаған?!

Сара:

Тəсібек, жеңіп кетсең, жебегенің,

Қалмасын бүгін маған демегенің!

Лə-илəһи, иллиолла, мұсылманмын,

Мені қалмақ дегенің, не дегенің?

Тəсібек:

Өлеңім таусылмайды молдығынан,

Сарбастың құтылмайсың зорлығынан.

Үлкен шешең қалмақтың қызы дейді,

Сені қалмақ дегенім сондығынан.


115

Сара Мен ерМеК

Атақты  халық  ақыны  Қуат  Терібаев  Сараның  бір-

сыпыра өлеңдерін жатқа білуші еді. Сол кісі айтатын ақын 

Сара өлеңдерінің бірі – оның Арғын мен Найман рулары 

шекарасында  өткен  бір  тойда  арғын  жігіті  Ермекпен 

шайқасы. Оны Қуат былай деп əңгімелеуші еді:

Той бастап ақын Сара əн салады,

Дауысын естіген жан таң қалады.

Сол күнде жастау кезі жалындаған,

Құбылып тоты құстай толғанады.

Екпіні соққан желдей болғаннан соң,

Әркім-ақ айтысудан қорғанады.

Осындай  Сарадан  жасқанған  ауыл  ақындары  аузын 

ашпай  отырып  қалған  соң  той  иесі  Сараға:  «Шырағым, 

тойды сен баста, тойбастарың əзір» депті. Сонан соң Сара 

тойды бастап, əр түрлі өлеңдер айтып отырыпты.



Сара:

Әуелі сөз сөйлейін бір Құдайдан,

Кім қалар ажал келсе өлім жайдан.

Сиынып бір өзіңе сөз сөйлейін,



Сара саңлақ

116

Қолдай гөр аруағы Арғын, Найман!

Құлаштап нелер жақсы өткен дүние,

Сұңқардай тоят алып қанат жайған.

Құсындай құдіреттің кез боп қалдым,

Дəм татпас тірі жүрсе адам қайдан?!

Бұл тойдың құрметіне кез болған соң,

Азырақ сөз сөйлейін жақсы жайдан.

Қызы едім Тастанбектің ел білетін,

Жел сөзді ғадетім бар желдіретін.

Ортада білгенімше сөз сөйлейін,

Ешкім жоқ бұл маңайда мен білетін.

Қолыма домбыра алып, əн шырқасам,

Әркім-ақ əуеніме телміретін.

Білдіріп жағдайымды халайыққа,

Азырақ сөйлейтұғын келді ретім...

Ермек өз ауылындағы тойды өзі бастап əдеттенген өжет 

жігіт  екен.  Есіктен  кимелеп  кіріп  келе  жатып  айғайлап 

қоя береді.

Ермек:

Кім едің менен бұрын той бастаған,

Алдымнан жүйрік аттай ойқастаған?

Той болса бұл өңірде мен бастаушы ем,

Қандай қыз тəртібі жоқ далбастаған?!


Сара саңлақ

117

Сара:

Сен кім ең, маған қарай қырындаған,

Дауысың əнге келмей қырылдаған?!

Той иесі ағайым өлең айт деп,

«Тойбастарын» ұсынды бұрын маған.

Дауысымды естіген жан сүйсінеді,

Бойы ұйып, сүйек балқып шымырлаған,

Он үште домбыра алып өлең айттым,

Түсімде бата берген Қыдыр маған!

«Бұл кім деп далбастаған» кемітесіз,

Сабырсыз жан екенсіз шыбындаған.

Бастасаң бағанадан қайда жүрсің,

«Тойбастар» бүгін сізге бұйырмаған!

Ермек:

Сұрасаң менің атым ақын Ермек,

Тоқтатпас көкірегімді өлең кернеп.

Той болса бұл өңірде мен бастаушы ем,

Өзіңдей надан қыздар үлгі көрмек!

Әншейін сыпайылық-сыйлап тұрмын,

Әйтпесе тастар едім қатты жерлеп.

Маған да Аққожа атам бата берген,

Білмесең жағдайым сол айтып бермек.


Сара саңлақ

118

Сара:

Саған ба, Аққожа атаң бата берген?!

Жігітсің қараны ақ деп қата көрген.

Надан қыз мен сықылды көріне ме,

Орынсыз дұрыс па екен шата берген?!

Кернеген көкірегің өлең болса,

Аянбай өнеріңді мата бермен.

Жел сөзім өңменіңнен өтіп кетсе,

Қашарсың бой тасалап таса жермен!

Ермек:

Өзіңе өзің болдың арыстандай,

Білмейсің жақын қандай, алыс қандай,

Озған ба байтал шауып арғымақтан,

Қайратсыз қатарласып, қағысқанға-ай.

Сен де бір сондай байтал қара жілік,

Қамшыла, қатарымнан қалыс қалмай.

Мен емес қыздан қорқып қорғалайтын,

Жөндеп айт өлеңіңді шалыстанбай.


Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет