Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет7/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

144

2

Жетісуым! Кең далам, жақұт далам!

Сұлулықты сендегі жат ұқпаған.

Жұмақ дəмін ең алғаш ес білгенге

жеті өзеннің бойында татыпты адам.

Жаннат жерде көрмеген таңдай қатып,

жыр жанаттын ұрпаққа жалғайды уақыт.

Жүрегіме əн құйған, жасыл өлке,

сенде туып, сенде өскен қандай бақыт!

Сезбей өстім бағыңда жел екпінін,

жырларымды тербеді желек-гүлің.

Сен сіңірдің қаныма туған жерді

Қалай сүйіп өтудің керектігін.

Кернегенде бұлбұл үн дала таңын,

жыр маржанын жұртыма таратамын.

Даңқым кетсе үш жүздің даласына,

Сендік – менің жырым мен бар атағым!

3

Шыңдарға көп қарадым,

қызықтым заңғарларға.

Ой қуып от талабым

Атпаған таңда бар ма?!


Сара саңлақ

145

Тар соқпақ жол көремін

тайғанақ шатқалдардан.

Ақ арман өңгеремін

Шыңдағы ақ қарлардан.

Жаңғыртып жоталарын

шырқаймын құз басынан.

Жаныма от аламын

найзағай сырғасынан.

Асқақ бір күйге енемін

шақырып жыраққа арман.

Кішілік үйренемін

күміс үн бұлақтардан.

Құздарды құрсап алған,

етпейтін сұр бұлтты елең,

көк-жасыл шыршалардан

мəңгілік тірлік көркем.

Ұмтылам, жондарды асам,

құздармен кездесемін.

Алатау, сен болмасаң,

биікті сезбес едім.


Сара саңлақ

146

4

Байеке, жаралғансыз нық тұғырдан,

ел билер ерлер ғана жұртты ұғынған.

Ұрлаған бір жылқыны мен төлеймін –

жігітті босатыңыз тұтқынынан.

Қуарып көгал қалар бұлақ кепсе,

есейіп ер шыңдалар сынақ шексе.

Байлығы, бағы барға сөз бе, тəйірі,

жігіттің тақымында бір ат кетсе!

Толғанмен толқынданып жылға малға,

өмірдің сындары көп тұрған алда.

Біреу бай, біреу жаяу, біреу мықты...

Теңдікке дала тапшы бұл заманда.

Ел бастап, ат мінгенмен кем күн бүгін,

жарытпас,сезе алмаған ел тірлігін.

Бостандық – тұңғыш байлық бұл далада,

жігіттің қайтарыңыз еркіндігін.

Бақ деген, байлық деген – жанға қонақ,

шығады ажал бір күн алдан орап:

азабын тартқан ел де қуанады

ұшқанда алтын тақтан хан домалап.


Сара саңлақ

147

Мейірім – басты ұраны ерікті елдің,

бір жолға жас жігітке ерік бергін,

Далада қыз тілегі қабыл ғой деп,

Сіздегі мейірімге сеніп келдім.

5

Шалқыды бүгін бір думан,

əнімді мен де бастадым,

думанды көрсем саспадым,

жігітті көрсем жыр қуған

жүректі кернеп асқақ үн,

əуенімменен жасқадым.

Қызыл тіл, құздың жайындай,

шатырлап сынып, шаш жалын!

Жанынан безсін қастарым.

Туласын жүрек тайынбай,

жебесін сөздің тастағын,

шалдуар мінез, шат-шағым

тұрғанда жырдан айырмай

жатталып қалсын жақсы əнім.

Ашырмай аузын басқаның,

шаңқай түс шілде айында

жайнасын лаулап жас жаным,

қызыл тіл, жырдың жақ шамын!


Сара саңлақ

148

6

Аққудай жүзіп айдында

жұптарын жазбай тараған,

бақытқа бөгіп бал арман,

адамның бəрі өмірге

махаббат үшін жаралған.

Қайғы-мұң түссе көңілге

қаймығып ұшар жанардан,

қызығып сонда қарар маң.

Тұмарсыз атар таң алдан,

қатерлі, қауіп жерлерде,

қиындық басқа келгенде

құландар сатпас сыңарын,

қалдырмас жауға тұрағын.

Қос аққу-сынды сендерге

жарасым, жастық бер, күнім,

салма деп мəңгі жер жүгін,

болма деп бақыт кемді-күн

батасын берді ел бүгін.

7

Уа, жарандар, жақсылар,

жақсылар сөзді топшылар,

қадірі болса халқына

азамат-ерге бақ шығар;

тақырдың көркі қақ шығар;

əділет кетсе хандардан


Сара саңлақ

149

халқына шаттық аз шығар;

жазықсыз көзден жас шығар,

бірлігі тайып басынан,

ірмекті сүттей ашыған

абыройы елдің шашылар,

жаулары таптап басынар.

Табалап сонда жат сынар,

табанға салса тас сынар,

балтаға тисе басты ерік

талқаны шығар жас шынар.

Алауыз болса ағайын,

қақырар қара шаңырақ,

ұрпағы кетер жамырап.

Қайғыда келмей қасыңа,

бақ құсы қонса басыңа

жаныңа жетсе асыға –

жауың боп шығар түбінде,

ондайға сенбе, жүгінбе!

Далаба дауға дала бай,

ақылмен аңдап қарамай,

өкпелеп кеткен баладай,

қарыстай қара жер үшін

табылмай титтей келісім,

шулату бекер ел ішін

жараспас жайсаң жақсы ұлға,

қара бас қамын күйттеген

жат қылып жандай жақынын

шалғайға тігер шатырын.


Сара саңлақ

150

Азамат атқа шапқанда

қыспаса жұрты тақымын,

күңкілдеп тұрса ақырын

береке кеткен ел болар,

дұшпанға таба, жем болар,

тасқынның алдын тоспаса,

алапат асау сел болар,

жақсының көңілі кең болар.

8

Қызы едім Тастанбектің, атым – Сара,

дарамын туа біткен ақыл, сана,

еркінмін, нəзік жанмын, тəкаббармын –

осылай тəлім берген ақылшы ана.

Жаны ізгі жақсыларға жырым-несіп,

аққудай жүрмін айдын нұрын кешіп.

Жеңгелер, сендер осы неге бүгін

жанымнан шықпайсыңдар күбірлесіп?

«Күйеуге?» Қызық екен мыналарың,

бұл жайлы мен ешкімнен сұрамадым.

«Ұят қой?» Маған қазір қымбатырақ

мынандай күйеуіңнен бұлақ-əнім!

«Не дейміз?» «Жазымыш қой!» Жыла, жаным!

Жаны-жат, керең кеуде – бұл адамның.


Сара саңлақ

151

«Жақсы ауыл?» Ауыл жақсы қай кезде де,

қажетсіз ақ ордалы құдаларың!

«Отырып ...» (Түу.... көнеді-ау бастан өтсе).

Табамын өзім қатар жас-керексе.

Бұл не сөз, Құдай-ау! Сендер үшін

өзгеден менің жолым басқа емес пе?!

Қайда əлгі ағаларым!

Шақыр бермен!

Аялап алақанда, жақын көрген.

Көрмеймін күйеуіңді, жүре алмаймын –

Тұншығып, жасқа толып жатыр кеудем.

Басыма тағдыр құрық салды ма шын,

арнайтын аға біткен бар мұрасын,

көтеріп ат үстінен алушы еді,

жылатып қоя ма енді қарлығашын?

Ағалар – асқар тауым, сүйенгенім,

осы ма жасын отқа күйер жерім?

Маңыма жақындамай құрып қалсын

дəл мұндай жаны соқыр күйеулерің!

Кешсе де қиын жолдар ызғыр, батпақ,

далада əйел сүйген, қызды ардақтап.

Таңдаймын қалауымды! Еркімді бер

табамын дала кезіп, құздарды аттап!



Сара саңлақ

152

9

Үш жүзді даңқы кеткен Сара басым,

Сазымен табындырған дана, жасын,

Айтысып əлек болған талайлардың

Тірідей оқытқанмын жаназасын.

Айтыста келе алмады маңыма адам,

елімнен жанға қуат, жалын алам.

Топан-жыр төгілгенде

ақын біткен

тасқында ыққан қойдай маңыраған.

Далада атады таңдар əлі күліп,

нұрымен аялайды арманды үміт.

Соңымнан ұрпақ келер жас қырандай

кететін жеке жортқан арланды іліп.

Келер жас ой теңіне шашса жақұт –

жоқ менде басқа тілек, басқа бақыт,

құландай құрық көрсе шығандаған

соңына от тұяқтан тас боратып!

Даланың көз ашырмай ақ шаңдары,

өнерді соғар талай тас, жарға əлі...

Аялап еркелеткен елі барда

ақынның болмақ емес басқа арманы.



Сара саңлақ

153

Тартқандай шатқалдармен құзға дара,

жыр жолы оңай емес қыз балаға,

тағдыры-толқындары тал қайықтай

сең ұрып шырқ үйірген мұз жағада.

Өнерге жат жасанды, жалған қылық,

қараңғы көңілдерде шам жандырып,

шындықтың ащы үнімен, тəтті үнімен

жаулайды дүниені таңдандырып.

Жыр-сəуле тұмандарда түн аптаған

жақын кеп жанды еліткен, жырақтаған.

Шабыт та – шəлкез мінез, шідерді үзіп

Жылғада жортып жүрген бір ақ табан.

Ақынның жүрегі мен сыры-жырда,

кешеді ойдың тасқын, тұнығын да.

Жан күйі кейде дауыл, кейде нəзік,

көп жұрттар ұға бермес қылығын да.

Өнерге ойдан қашап сөз өрнегін,

қан жүріп, төгіледі өлеңнен үн.

Тыныштық рақатын тұл қып ақын,

өмірін арнап соған берер деймін.


Сара саңлақ

154

10

Өтеді уақыт, өтеді өмір демде...

Қабырғасы жылдардың сөгілгенде,

мылқау мінез құяды мұзды суын

алаулаған сезімге, көңілдерге.

Мəңгі жасыл бақтарды қар басады,

жазғы түндей адамның арда шағы.

Мезгіл желі бағытын тез өзгертіп,

тақсырлар да, тақтар да алмасады.

Түтесе де уақыттың ұшқан шаңы,

адамды өмірлік күш тартады.

Бір-бірінсіз күні жоқ жəне адамдар

бір-бірінің ғұмырын қысқартады.

Көл тартылып, жанартау өртенгенмен,

тіршіліктің заңдарын Жер теңгерген.

Тылсымдарда тұншықсын, бірақ та адам

нұр сəулелер күтеді ертеңдерден.

Тек үміттің отымен ғұмырлы адам,

бұл-тірлікте бүгінгі, бұрындағы əн,

тыныштықта жаны жай күн кешеді

құламаған, тасқынға ұрынбаған.

Далаға жат көлеңке, күңкіл, күдік,

жанға мəңгі нұр шашып бір күнгі үміт,


Сара саңлақ

155

ұнатады қырдағы ел найзағайлар

түнектерді түргенде сілкіндіріп.

Дүбірлерден жатады қыр жаңарып,

сілкіністер күтеді мұнда халық:

қан тулаған жүректер елеңдейді,

арғымақтар өткенде зулап ағып.

Өмірің де – шырқайтын жалқы бір əн,

əуенінен өрт екпін, қарқын ұғам.

Аққан жұлдыз секілді ғұмырың да,

мəңгі ұшқындар қалсын тек жарқылынан!

Арғымақтай өтсе де ғұмыр ағып,

(бұл-ежелден тірліктің сыры қанық).

Адам мəңгі жалғайды үміттерді

бір-бірінен көкпардай іліп алып.

Мезгіл көші жылдарды алмастырып,

өтеді өмір, менде де қалмас тұрып.

Жырым қалсын жанымның ұшқыныдай

жүректердің үмітін жалғастырып.

11

Көңілге өкпелемеймін

шатыққа бөлемедің деп,

сыр маржан өрер едім деп,

шабыттың шатқал-құзынан

жыр-бұлақ төгер едім деп.



Сара саңлақ

156

Өмірге өкпелемеймін

жүгенде ерен елім деп,

ескеріп елемедің деп,

тылсымды жыр-теңіздердің

тұңғиық тереңі едім деп,

жердегі сан жұлдыздардан

мен тіптен бөлек едім деп.

Наз айтпан төрешіге де

өгейдей алалағаның деп,

тым арзан бағалағаның деп,

елімнің еркесі – мені

жүлдегер санамағаның деп.

Өзіме өкпелеймін:

күнгей ғып сырлы жалғанды

жабыққан мұңды жандарды

адамдай тапқан мұратын

күлдіріп шаттандыратын,

шуақты жырларым аз деп,

халқыма бұлдарым аз деп,

сосын от жылдарымда мен

найзағай жылдарымменен

жылмаң жүз, күңкіл кеуденің

көбесін сөкпедім-ау деп,

сөйтіп бір өтпеді-ау деп

өзіме өкпелеймін.



Сара саңлақ

157

12

Шығанға самғағанда бұлбұл үнім,

серпілген «байтал,бəйге» – шынжыр ұғым.

Ақындар жапалақтар жер құшады

Шалғанша қыл мойыннан жыр-құрығым.

Алқынып атқа қонған сансыз жігіт

қалатын айтысқанда жансыз бұрып.

Арқаның аты шулы Біржанын да

жібергем ащы терге малшындырып.

Жүргем жоқ аз тобырдың тауып тілін,

тақпай-ақ қойдым соның даңқ гүлін.

Ұқпаса ұқпас мені кей кеуделер,

халқыма жетсе болды шабытты үнім.

Сəуле – жат, бұғатындар жай жылымда

күңкілмен көме алмайды Айды құмға.

Халқымның маған деген сезім селі –

даңқым да, бақытым да, байлығым да.

Жыр дарып, бұйырмаған айла маған,

кейде, рас, бармағымды шайнап алам.

Жалпылдап жағынумен барлық жұртқа

жақсы боп көрінеді жайдақ адам.


Сара саңлақ

158

Өлсем де, мен бұлайша көріне алам,

дəл содан қонбаса да қолыма арман,

Аз күндік шекпен кисін – ондайлардың

өнерде, өмірде де жолы жалған.

Бағым деп таңдамадым байдың ұлын,

жаны ынтық жақсылармен жайлы күнім.

Ақбоз үй арғымағын мінгізбесін –

алдымнан тосады елім сəйгүлігін.

Туған ел, еркелеттің, жасқамадың,

өзіңмен көңіл – көктем, асқақ əнім.

Самғатқан жыр-құсымды махаббаты

ақ ниет аяулы іні, жақсы ағаның.

Қашаннан сеніп өткен дала жырға,

шаттықта, шайқас толы сан ағында.

Қан тамған жерге əн де сіңген,

сол жөргек мені өсірген балап ұлға.

Ел барда мойыл көзден тамбас мұңым,

Алатау асқарымен жалғасты үнім.

Шырқайын – ұрпақтардың жанарында

мəңгілік жарқылдасын алмас жырым!

 

    1977 ж.



159

МарФуҒа айТхОжиНа

еШКіӨлМеСТеГі еСКерТКіШ

(поэмадан үзінді)

Қыза түсіп өтіп жатыр кештен кеш,

Жайым бар ма кеш қызығын ескермес.

Күні бойы ойлар кешіп, қалжырап,

Мана бір сəт қалғып кеткен Ешкіөлмес.

Самал соқса сипаттырып сауырын,

Қызғалдаққа төсей түсіп бауырын

Жатқан еді жанарымен бір шолып,

Етектегі ақын Сара ауылын.

Ауыл үстін билегендей тылсым үн,

Жатыр еді бұзбай ғана түн сырын.

Әлдеқайдан күрсінеді əупілдек,

Тоқтатпайды байғыз-дағы сыңсуын.

Бұл кештері ауыл жақтан тыныстап,

Сыңғыр үнге ұйып-балқып күміс бақ.

Ақын жанын мазалайды, тербейді

Осынау бір тамылжыған тыныш шақ.


Сара саңлақ

160

Аулы осы – əйгілі ақын Сараның,

Дамылдатқан кеудесіне дала əнін.

Қайрылса да қанатынан ақ арман,

Ол – бұлбұлы сайрап өткен даланың.

Зарыңды мен айтпасам да сеземін,

Түңілемін. Сұм заманнан беземін.

Сенің мұңың – қалың елдің мұңы еді,

Ұрпағыңның өртеп кеткен өзегін.

Қиял – соқпақ, шарықтаймын, кеземін,

(дала ғана бермей жатқан өз өңін)

Мұңаймашы, зар төкпеші, Сара-ақын,

Сал домбырамен,

Ән шырқайтын кезегің.

Болсаң дағы қатарыңнан сымбатты,

Жүрегіңде айықпастай мұң жатты.

Әнмен бірге көз жасыңды

Ағытқан,


Айтшы, апатай, кімдер сүртіп, құрғатты?

Ащы жаспен жудың-ау Ай жүзіңді,

Нəзік үнің, айтшы, қайда үзілді?

Қарашы, апа, бір көтеріп басыңды,

Қандай ғажап біздің өмір бүгінгі.


Сара саңлақ

161

Ақын жанды барған сайын ұғына,

Үңілемін жырларыңа, сырыңа.

Жалғыз рет қарашы, апа, сен бүгін

Шығып алып Бүркіттінің шыңына.

Қалар ең ғой көз ала алмай таңырқап,

(жатқан жоқ па төрт түлік мал соңырқап)

Құбылтар ма ең бұлбұл үнмен сонда сен,

Төгілер ме ед тасқын жырлар, жаңа ырғақ.

Төгер ме едің зар емес, мол қуаныш,

(Сенің дəуірің бізден, бірақ, тым алыс).

Түсінем ғой көңіліңді сонда да

Ақын жанға қайдан болсын жұбаныш.

Тауға, тасқа толқындарын ұрғылап,

Көз жасың ба – ағып жатқан Мұзбұлақ.

Қарғыс айтып сол бір қатал заманға

Ескерткіш тұр, түн жамылып, тұнжырап.

Ескерткіш тұр домбырасын көтерген,

Ел алдында ақын парызы өтелген.

Ақын болмай, жай сұлу боп жаралсаң,

Кім біледі, армансыздау өтер ме ең...


Сара саңлақ

162

Саңлақ Сара

1­жыр

Жерге де, елге сонша жарасымды,

Қазақта қыз көп пе екен Сара сынды.

Өмірі өзгеше боп өтсе дағы,

Аты оның заманында дара тұрды.

Аты сай сұлулыққа Сара деген,

Елеңдер, Сара десе,

Дала, белең.

Сара аттас қызды талай кездестіріп,

Тек, ақын Сараны еске ала берем!

Сараның өнердегі орны бөлек,

Өнерге табиғаты қойды бөлеп.

Өнерін өр санаған ұрпақтары,

Өткеріп жатыр міне, тойды да ерек.

Елеңдер, Сара, десем,

Ешкіөлмесім,

Біледі, Саңлақ-Сара, дес бермесін.

Сараның жолын қуған ұрпақтары,

Жандырып жатыр қайта өшкен кешін...

Далаға бітіргендей қалай да тіл,

Қарайлап, Сара десем,

Абай да тұр.

Қазақтың сал-серісін талбесікте,

Тербеумен келе жатыр талай ғасыр.

Қазағым, аспандатқан сазгерлерін,

Көкіректі оларды айтсам,



Сара саңлақ

163

Ән кернеді.

Бақыттан кенделеу ғып қойса дағы,

Қазаққа өнерлі қыз аз бермеді.

Солардың дара шығып арасынан,

Жатырсың, Ешкіөлместен таратып əн.

Айналдым, өнерге бай даласынан,

Саңлағы,


Жетісудың Сарасынан!

2­жыр

Атың Сара, қызы едің, Тастанбектің,

Тағдырдың сан тартысын бастан кештің.

Айтыстың туын биік желбіреткен,

Өзіңнен бұл кезде де аспайды ешкім!

Ақын ең, кең далама,

Қазаққа тəн,

Күндеуін қойып еді қазақ қашан?!

Заманның заңғары боп қалсаң дағы,

Кешірші, ұсақтықпен азаптасам.

Жеріндей Жетісудың тұрған сəнді,

Құбылтып құстарындай түрлі əн салдың.

Ақындық құдіретің ғой алып келген,

Көкшенің ақиығы –

Біржан салды.

Көкейге тұнық əнді тұндырып ап,

Қалыпты бір сілкініп Мұздыбұлақ.

Жүз он бес жасыңды тойлап жатқан кезде,

Шыңдары Бүркіттінің тұрды жылап.

Жас еді, жалынды еді, қасіретті еді,



Сара саңлақ

164

Нəзік гүл, сабағынан сынды бірақ...

Сай еді өнеріне асыл көрік,

Тыңдаған сан серілер қасында еріп.

Кеттім бе тебіреніп қуаныштан,

Бүркіттінің көздегі жасын көріп.

Қалқалап, қалтырыста тұрды-ау уақыт,

Сен едің төгілдірген жырдан жақұт.

Тəуелсіз қазағыңның түлектері,

Жатыр ғой,

Жетісуды думандатып.

Бірде əн, енді бірде күй боп көшіп,

Ақындар, төксін жырды түйдектетіп.

Әруағы Ақын Сара, өзің қолда,

Орныңда мен отырмын,

Жыр боп бекіп!



165

СƏкЕН иМаНаСОВ

аЙТыС

Күдік бар бір көздерде,

бірінде үрей,

Дүрілдеп пысықтар жүр бұрынғы кей.

Салдыртып Сарыарқадан Сал келіпті,

Сапырып сахараның жырын күрей.

Қаларын білді ме екен əн-аңыз боп,

Сенді ме илеп-бүктеп аламыз деп.

Арқадан ат арытып

Жетісуға


Жетіпті саңлақ ару Сараны іздеп.

Табынған талантына Арқа қыры,

Жеке өзі жыр тəңірі, əн тəңірі!

Асып та тасып тұрған тұста бұған

Қай ақын қарсы келер бар тағы ірі?!

Қайыспай долы дүлей қамшылардан,

Қаймықпай ханыңа да қарсы барған.

Ән қосқан аққумен де Біржан еді,

Сазарған саз беттен де қан шығарған.


Сара саңлақ

166

Жақтасып жарлысына, кіріптарға,

Қасқайып қашан да өзі жүріпті алда.

Амалсыз алдында оның қипақтаған

Қарадан қаймықпаған ұлықтар да.

Сиысып өнер қалай жүрмек кекпен,

Сорлыны сөзбен «сойып», дірдектеткен.

Сөз бермей ауыздыға, асқақ айтып,

Еріксіз жатқа да өзін кұрметтеткен.

Санқылдап жүрген шақта өрлеп көңіл,

Алданбай бос даңғаза ермекке құр,

Нан піскен кеудесіне талайларды

Кететін тырп еткізбей жерлеп те бір.

Тірліктің ғайбатын да, өсегін де

Дарытпай,

Дəуірлеген кеше мүлде.

Астынан алты қырдың əндеткенде

Сан сұлу дөңбекшитін төсегінде.

Қаламай жанға рахат, үлесті көп,

Қашанда шайқас, думан, күрес тілеп,

Жараған жүйріктей жан шыдатпай,

Кететін шулы нөпір тіресте үдеп.

Басынан сөз асырмай дүрілдеткен,

Жасырмай тура айтатын сырын көптен.

Бетіне жан баласын бір қаратпай,

Аңырап


Сара саңлақ

167

айқас десе бұрын кеткен.

Сол Біржан –

Сал да Сері,

асқақ ақын,

Жалғанда жан таппаған жасқанатын.

Ауылға əнмен түйрей, түре кіріп,

Қаңтарып үй сыртына тастады атын.

Солдыра солқылдатып жүрегіңді,

Сараны сөзбен түйрей, күле кірді.

Қоғадай жапырылған көп ішінде

Біреулер қабақ шытып, бірі егілді.

Біреулер іштей күліп, бірі ымдасқан,

біреулер əлдекімсіп жымыңдасқан.

Біреулер жалқау ғана бұрылады,

Теңкиіп жатқан жерден сырылмастан.

Біреулер сабыр таппай елеңдеумен,

Біреулер күтіп-ақ тұр желеуді елден.

Біреулер ыңырана ырғалады

Дегендей: «Кем болып па сенен кеудем?».

Әйтеуір жатты бəрі дүрлігісіп,

Сылқылдап, сыбырласып, сыр бүгісіп,

Төрт қызы Тұрысбектің сылаң қағып,

Сараны қоршай берді дүр күлісіп.



Сара саңлақ

168

* * *

Басталып қырда солай бір тың дастан,

Лебіне жар қалтырап, сілкінді аспан.

Тартылды таразыға тосыннан кеп,

Кешірген талай тағдыр жұртым бастан.

Бір сарын – жыр сарыны қырда тұнып,

Сүңгітіп, тұнығына шым батырып.

Қалғыды құшағында тау мен дала

Сырлы əуен сиқырына шырматылып.

Ән кетті əу дегеннен желпіп қырды,

Есті алып, ел біткенді ентіктірді.

Жан түгіл, үй сыртында матаулы аттар

Қайшылап құлақтарын елтіп тұрды.

Тербетіп, дірілдетіп жер-түкпірді,

Сал əуен сан сиқырын ертіп түрлі.

Ауылды айбарымен байлап-матап,

Ақ үйдің есігін де серпіп кірді.

Жаңғырта жеткен үнге бар даланы,

Жоқ шығар ауыз ашып қалмағаны.

Аңырып қалды халық: «Апыр-ай!»,– деп,

Бұрын-соң естімеген арбап əні.

Балқытып, балбыратып, қырды əн билеп,

Ауылға төне түскен шың қалғи кеп,

Саз дауыс сай-сүйекті сырқыратып,

Дүниені тылсымымен тұрды əлдилеп.


Сара саңлақ

169

Тырп етпей ұйып түгел сырлы əуенге,

Қанатын қақпай ұшып тырна əуенде,

Бұрын-соң естімеген əнге арбалып,

Ес кетіп, есеңгіреп тұрды-ау ел де.

* * *

Апырмау, шықпай ма енді?

Сара қайда?

Тұр ма екен бағанадан қарап айға?

Бар Найман бұлбұлы деп жүрмеуші ме ек,

Суырылып шығуға бір жарамай ма?

Білмей ме осы екенін бақ сынар күн,

Дəл тауып, дəлдеп айтса жатсынар кім?

Елінде барын айтып мақтанбай ма,

Талай бір игі жайсаң, жақсылардың?

Айтпай ма бай да барын, бағлан барын,

Патшадан шен де шекпен алғандарын.

Қала ма бір тіл қатпай?

Қыз еді ғой

Сан қырға жеткізетін салғанда əнін.

Жеткенде желпініп-ақ жұртын мақтай,

Ауызға сал Біржанды, шіркін, қақпай.

Апыр-ау, ару Сара неғып отыр,

Қала ма шынымен-ақ бір тіл қатпай?

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет