Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет9/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

193

Біреулер сүртіп көзін, Тағы біреу

Ішінен табалайды «құнсыз қарды...»

Апыр-ай, барып-барып біраз үдеп,

Қалдың ба, қайран Сара, сірə жүдеп.

Қай ақын қай заманда дəуіріне

Көріпті тірлігінде разы боп?!

Қай ақын барда таза мына жүрек,

Көріпті заманына разы боп.

Парықсыз көп шіріктің несі кетер,

Қаңғып өт,

қу далада құлазып өт.

Көрініп бір үміттер көзіңе алдан,

Әрдайым кетпейтін бе озып арман.

Тарих көп біледі ақындарды, –

Өзі өліп, өлмейтұғын сөзі қалған.

Сиыспай бойыңдағы күш тілекпен,

Іздейсің қолға түспес кұсты көктен.

Қарғайсың қайдағы жоқ Құдайыңды,

Сарнатып, сар далада мүшкіл еткен.

Қалған соң көкірегінің оты еленбей,

Қайтсін ол саяқ шығып жекеленбей.

Жарқырап жай оғындай өтсе екен-ау,

Торығып, тынып іштен кете бермей.



Сара саңлақ

194

Теңдік жоқ жететіндей өрті көпке,

Кеңдік жоқ – қанатын бір серпімекке.

Ұға алмай немесе өзін ұқтыра алмай,

Кетіпті-ау, шіркіндер-ай, көр-түнекте!

Ұландар өтіпті-ау бір дүрілдеген,

Қырандар көздегенін бір ілмеген.

Жүйріктер айлап шапса алқымы іспес,

Тұяғы тасқа салса сүрінбеген.

Дауылдың өтінде өткен қырдағы ұдай,

Сыр бермес сырттағыға, шыңдарым-ай!

Кешегі кер заманда нысанаңа

Кетіпті-ау атқан оғың бір дарымай!

Көз жасын Саралардың көтере алмай,

Қара жер бұлқынып қап... кете барды-ай!

Тастадық бел асырып бір дəуірді,

Тұрғанда қара дауыл етек алмай...

...Өтті де сусап қырда, кейде шөлдеп,

Жетті ме осылай да бір сөйлесем деп,

Кетті олар кең даласын талмай жырлап,

Көріктей кеуделерден ой нөсерлеп.

...Оларға өлеңің не, өнерің не,

Көр көңіл селт етпеген нелер үнге.

«Намысты жіберме», – деп күпініскен,

Сал Біржан Сараны іздеп келерінде.


Сара саңлақ

195

Қызынған бəсекеде, ерегесте,

Бақталас Арғын-Найман елі емес пе.

Сараны сасық намыс құралы етпек,

Қалмаса қараң қалсын өлеңі есте.

Жаныңды өртей ме бір дертің мейлі,

Құлағын бөгде сөзге ел түрмейді.

«Шырағым, Сара, саған не болды?» – деп,

Ағасы Есімбек те елпілдейді.

Әйелге еңкеймейтін салтты бүктеп,

Қажы да қалбалақтап аптығып кеп:

«Аптыққан Арғынды бір дөңгелет!» – деп

Сараны жалбарына жатты үгіттеп.

Атаны, абыройды, бақты айтысып,

Ақылын əркім солай жатты айтысып.

Көбінің көңілі шын елжірейді,

Сараны іштей енді жақтай түсіп.

Қала ма Сара даусын күрт үдетпей,

Салынды соңғы рет бір сілкіп өтпей.

Шоқтығын өзгелерден бір асырып,

Тілеуін төңірегіне бір тілетпей.

Қалатын қарсыласы үркіп өтпей,

Кеудеден сөз дариясын күркіретпей.

Апыр-ау, Сара неге үнсіз қалды,

Қабақтан манағы бір бұлты кетпей.


Сара саңлақ

196

Біржанның мына соңғы сөзі өтті ме,

Шынымен шықпай ма енді өжет күле?

Тұсап-ақ тіл құрғырды тастады ма,

Өкініш өртеп барып өзекті де.

Біржанның екінші монологы

Бір сөз үшін аузымнан шыққан ағат,

Аусар ма деп, Саражан, шытпа қабақ.

Мезі етіп біткен мені бірі ұнатпай,

біреулердің қылымси құптағаны-ақ.

Жамандарды жататын жоқтап ұлып,

Жаралайды жаныңды көп тағылық.

Оза шыққан дүлділге ор қазғанын

Көрген сайын саламын топта бүлік.

Арыла алмай сол «күнə-кеселден» де,

Ұқсай да алмай, ағайын, не сендерге,

Барлығыңнан бір сəтке жеріп кетіп,

Еріп кете беремін «есерлерге».

Не күнə бар деймін де, тұрған мұнда,

Көзсіз кіріп кетемін бір даң-дұңға.

Еріккеннен емес-ау, сендерден сол

Зеріккеннен келеді «жынданғың» да.

Қателеспей,

Қайғырмай,

Жаңылыспай,



Сара саңлақ

197

Жұлқа сүйреп жүрегің алып-ұшпай,

Қыз-қыз қайнар жыр қайда?

Қаһарыңнан

Қарсы келген тірліктің бəрі ығыспай!

Содан шығар...

Ат жалын тартып мініп,

Шалқып-тасып келемін, артық күліп.

Қарқаралы басынан əн шырқадым

Құшағында сұлудың балқып тұрып.

Осылайша барыңды қанша ақтарып,

Жүрген шақта, дүние-ай, жан шаттанып,

Көтере алмай,

көре алмай жөнеледі-ау

Бір ісіңді қалың ел сан-саққа алып.

Баптаумен бəйге атындай сөз сəндеген,

Өнердің өріне қол созсам деп ем.

Балағыма жармасқан көп шіріктен

Ойым да жоқ тірлікте озсам деген

Қазынасы, деуші едім, көптің кеудем,

Жақпай жүрген жайым бар отпын деумен.

Алты алашқа атымды жайды жұртым,

Бірі мақтап,

біреуі тек күндеумен!

Сері аталып,

елінде Сал аталып,



Сара саңлақ

198

Азамат боп ат міндік, қара танып.

Жүрек шіркін сонда да тыншымайды,

Тағдыр қайда тастар деп тағы апарып.

Толып та сол көңілге тіршілік кей,

Басқа бақыт тəңірден жүрші күтпей.

Жаның тоят табар ма Жағадан ап,

Жағаласқан жауыңды бір сілікпей!

Отты іздеумен, қайдағы жоқты іздеумен,

Алағызып тұрады-ау көк құз кеудең.

Соның бəрі

еркіндік,

бір кеңдіктер

Қайда барсаң қашқақтап жеткізбеуден!

Малша оралып біреуге, аңша ауланған,

Жеткізбей-ақ кеттің-ау, аңсаулы арман!

Дара қалған басым мен

көп шайлығып

Жараланған жүрек бар шаршаулардан!

Үлесіңді алатын ірі уыспен,

Жазылмапты-ау маңдайға жүру үстем,

Бақытыңды тонаған пенде қанша

біреулері қулықпен, бірі күшпен.

Арыстандай атылған көкке бейне,

Асып тудым атадан деп те кейде,


Сара саңлақ

199

Сыртқарыға сыр бермей шалқып алам,

Қалсыншы деп көп күшік беттемей де.

Шоқтығына жармасып көп тілектің,

Жасымнан содыр-сойыл соққыны өптім.

Күңіреніп бақсыдай дала кездім,

Көкірегім қан жылап оқтын-оқтын!

Еліміз деп, еңіреп жүрдік күнде,

Тізгін тартып туғалы сыр бүктім бе.

Адалдықтан не таптық, жасаған-ай,

Тақсіретін көп тарттық тірліктің де.

Мұзбалақтай самғауға өрлеп өрге,

Сау басыңды саудалап ел көнер ме.

Атылардай боласың, аһ ұрардай,

Көкіректі көп ойлар кернегенде.

Ақылымен алдына топты иірген,

Абайдың да көріп ем «тоқ» күйін мен.

«Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім», – деп,

Көп күңіреніп,

Жол таппай, көп күйінген.

Қалың қазақ басынан бағы ұшқанын,

Алауыз боп қырқысып, шабысқанын

Егіле айтып, еңіреп отырды-ау бір,

«Мыңмен жалғыз алысқан» – арыстаным!

Қайда барсаң жалғанның бəрі апаттай,

Жазылады жылаумен жарақат қай?



Сара саңлақ

200

Қыз – зорлықта,

жігіті қорлықта өткен

Заманына жүр ол да шара таппай.

Шығамыз деп тұманнан жарып қалай,

Данышпандар да өтіпті-ау анық талай.

«Ел қыдырған кешегі есер шақта»

Дүниеңді келіппіз парықтамай.

Шыжғырылған шырылдап шоққа кеуде,

Сендегі шер, Саражан, жоқ па менде?!

Кең тірліктен таяныш-тірек таппай,

Талай сезім дарымай кетті-ау елге!

Ой мен ақыл зынданға тұр қамалып,

Бұйырмай-ақ еркіндік жырға да анық.

Қайғымды айтып кеттім бе, қайран Сара,

Бір сөзіммен жараңды тырнап алып.

«Жиенқұлға жіберме шақыруды,

Үйде білер өнерсіз аһ ұруды.

Зығырданым қайнар да көргеннен соң,

Мұнда бекер алдырма кəпіріңді!».

«Күйеуіңді алдырт тез!» – дегенге өзің,

Қалдың ба шын жасып-ақ, көген көзім.

«Байлаулы бала құстай», қарағым-ай,

Жеткені ме тағдырға көнер кезің.



Сара саңлақ

201

Жамандауға өзіңді көз қияр ма,

Өмір, шіркін, еңсеңді езді ұяңда.

Мерт те болып кетпепсің құрығанда

Қалқып ұшып қырандай өз қияңда.

Қайтпексің еліңе осы ұнаса дау,

Ойымда жоқ оларын күнə санау.

Есімбек, Тұрысбектей туысыңды,

Саражан, тағы да бір сынасақ-ау!

Қайрылмастан қайдағы күдік бөгеп,

Сынасақ па, сынасар жігіт пе деп,

Шырылдатып қосқанда Жиенқұлға,

Обалыңды көзіңе іліп пе елеп?

Сынасақ бар...

Шынымен жақтамай ма?

Абыройын еліңнің сақтамай ма?

Тырнағына Сараның тұрарлықтай

Бір еркек тумап па екен Қаптағайда?!

Артығы екен адамның мына Сара,

Етекбасты көп көріп жыласа да.

Әйел түгіл,

Мен көрген еркектердің

Жиылып кеп өзінен бірі аса ма?!

Түксиісіп, теңселіп, не жымиып,

Тебіренген туысың сөзіңе ұйып.


Сара саңлақ

202

Ақсұңқарын талатып жапалаққа,

Сені қалай жылатар көзі қиып?

Көз жасыңды көрмеген, іркілмеген,

Болып еді жатбауыр жұртың неден?

Боқтығына тірліктің сені қиған,

Тастанбектей не десем шіркінге мен!

Даңқыңды естіп, Арқадан көре келгем,

Қош бол, Сара, ел жаққа жөнелем мен.

Енді қалған жасымда əнге қосып,

Алты алашқа танытам сені өлеңмен.

Терезеңді тең ұстар баласынбай,

Жан екенсің жұртыңның данасындай.

Сені көріп ұқтым мен сырын қанша

Жүрген қазақ қызының бағы ашылмай.

Заман-ай, бұл! Жараңды жаспен емдер,

Қайда деп те қиналам басқа ерендер.

Қойғаннан соң еңсеңді бір көтертпей,

Ащы үніңді естімей «тас кереңдер».

Деп тиетін сөз қайда бұрын кейде,

Жасымаған жүрек те дірілдей ме?

Екі күндей зарлаған жан сырыңды

Мыналардың құлаққа бірі ілмей ме.

Тартынып қалар тіпті кез бе бүгін,

Осы ма кетіргені сөз де құнын?


Сара саңлақ

203

Бір қызды жылатпауға жарамасақ,

Қалайша жұтабпақсың өзге мыңын?

Қалса да ойың айтылмақ еңсерілмей,

Осы жолы барды сап көрші ерінбей,

Жыр не керек, қысқасы,

Болмаған соң

Қас батырдың бір сілтер семсеріндей.

Сілкіндірген дауыспен шың-құзды да,

Қалың елдің құлағын түргіз мына.

Тасынасың несіне, ала алмасаң

Арашалап, апыр-ау, бір қызды да!..

Екі күндей ақындар сілкілесті,

Найзағай ғып өлеңнің бұлтын есті.

Бебеу қағып, бір тұста баяулап кеп,

Шамырқана қайтадан күрт үдесті.

Шарпылатын шабыттың шағына бұл,

Жаны қалмай шабылды шағын ауыл.

Жаны кіріп сүйсініп тұрғандар көп,

Баса-баса айтса деп тағы да бір.

Балқытып қара тастың өзін де өлең,

Бойды алып, бебеу қаға безілдеген.

Тамырда қыз-қыз қайнап, тасып қаны

Қыз да көп өткен түні көз ілмеген.



Сара саңлақ

204

Арқырап кеп, біресе жайлап ағып,

Саңлақ əн самғап тынар қайда барып?

Айнала емін-еркін өзі билеп,

Жүрегін жұрттың жіпсіз байлап алып.

Көшкіндей сан-бөгеттен сырғып өтіп,

Қарқынын қақарлы жыр тұрды үдетіп.

Біресе қорқып қашқан киіктей боп,

Елеңдеп, ентігеді дір-дір етіп.

Біресе орман болып күңіренді,

Арман болып ындыны құрып өлді.

Біресе бүркіттей боп дəл түседі,

Түп-түгел тас шеңгелмен бүріп елді.

Біресе өзен болып сарқыла ағып,

Өзгеге ес жиғызбай қарқыны анық,

Жүректі шымырлатып, шыңылдатты-ау,

Сезімді шыңыраудан тартып алып!

Біресе жігіт болып жар мақтасты,

Біресе үміт болып алдап қашты.

Біресе Арғын-Найман асылы боп,

Тең түсіп таразыға салмақтасты.

Біресе жұрт сүлдері құрып əлгі,

Атылған жолбарыстай ыңыранды.

Біресе тура тиген найзадай-ақ

Жүректе дір-дір етіп тұрып алды.


Сара саңлақ

205

Біресе аспан астын шайқап тағы үн,

Өрттей-ақ өршеленген жайпап бəрін.

Азынап, аласұра айһай, дүние,

Адуын айбатын бір байқатты арын!

Арғымақтай арынын кеш үдеткен,

Екпіндеп кете берді осы бетпен.

Жатты жұрт қозғалып қап,

Қазекеңнің

Қашаннан өлең десе есі кеткен.

Дей ме қыр: «Бəрін-бəрін ақтардым, көр!»

Таңырқап, таңдайын да қақты əркімдер.

Көлеңдеп көз алдынан бір-бір ұшып,

Зымырап, сулап ағып жатқан күндер!

Естілмей екі күндей ат дүбірі,

Матайдың жырға балқып жатты қыры.

Біреулер ессіз күліп, есінесе,

Алапат ауыр ойға батты бірі.

Көрмеген көңілдер де өзгеге иіп,

Жиырылып-жазылады сөзге күйіп.

Жаншылып бара жатқан сияқтанды,

Ар-ұят ауырлығын сезген иық.

Өр екпін омыраулап, бұрқағанда,

Қайысып қала берді-ау қыр табанда.

Көрместен, көзге ілместен басқа əлемді,

Не жетсін осылай да бір шырқағанға!



Сара саңлақ

206

Қызығың болмай-ақ та басқа білген,

Кетердей жаншып-езіп тасты арынмен,

Армансыз ақтарыла бір сөйлесең,

Жалғанды жалғыз жайпап жасқар үнмен!

Айнала асқақ үнмен бөлеп тіптен,

Қайда да қарсы атылып күйге ентіккен,

Арылып пенделіктің шаң-кірінен,

Айыға ақсаң-ау бір күйректіктен.

Жан сырын жатсын қанша ол ақтарып,

Ақынға қимайтының сол-ақ, халық!

Өлсе де – өледі екен о сабаздар

Әлемді от құшаққа орап барып!

Өрт болып ездері де маздап өткен,

Өмірден үлесті де аз дəметкен.

Бас берген бəсекеде, Құтқарам деп,

Шіркіндер сұлулық пен назды əлектен!

Білмеген жағына да, табына да,

Ұстаған пенделіктен жанын ада.

Көрмепті тəуелді боп, керек десең,

Қан тамған қылышынан ханыңа да.

Құлы боп, құмартпаған мəнсапқа онша.

Ежелден еркіндікті аңсап қанша,

Жаяу ма?


Жарлы ма əлде?

Сара саңлақ

207

Елеместен,

Жетті деп жүре берген жан шат болса.

Кейде бір жаның күйіп, құлазысын,

Кеудеңде от барына разысың.

Еңсеңді тірлік қанша езгенде де,

Қырыңның жұртқа жасар біразы шын.

Біреуге атын айтып сұс қылмаған,

Керексе, көзге ілмеген «күштіңді» арам.

Жұртқа айтар сыры барда, жыры барда

Басқаңды көтіне де қыстырмаған.

От кеуде,

аппақ ары,

өр тілекпен,

Қапасқа қамасаң да – еркін өткен.

Сонда да басына бір бақ дарымай,

Әйтеуір асып жатқан дерті көптен.

Көнбеген ел сөзінен ол шеттеуге,

Көрмеген бақталас боп, өлшеп кеуде.

Асқақтай түскені рас, басқаларға

Былайғы көп шерікті көрсетпеуге!

Шыдатпай кейде тіпті тасыған кек,

Мақтайтын өзін-өзі асыра əрлеп.

Жарқырай түсіп қанша,

Сырт көздерден

Басқаның жамандығын жасырам деп.



Сара саңлақ

208

Елікпей даңқыңа да түрлі арбаған,

Елім деп еңіреген, бұлданбаған.

Жалғанға жалғансыз-ақ ғашық болып,

Арманға тірлігінде бір қанбаған.

...Сал Біржан, саңлақ ару Сара бүгін,

Танытып тағы да сол даралығын.

Армансыз аңырай бір жосылда-ай кеп,

Жиналған топ алдында қара-құрым.

Аянбай ойдағыны ақтарысты,

Бар болса бойда құны – мақтанысты.

Төстесе, тістесе бір тұрып алып,

Біресе жығылуға шақ қалысты.

Әйтеуір сілкілесті сөзді ірікпей,

Біреуін бірі басып озды күтпей.

Ақындық құдіреттің ақ сайтанын

Бос кеуде иттерге де сездіріп кей.

Кейде бір кетісіп қап ардан да əрі,

Айтпаған, ақтармаған зар қалмады.

Жаңбырдай шартарапқа тегіс тарап,

Қуаныш, күйініші, армандары.

Борандай бұрқап өлең небір енді,

Тамсана, таңырқап жұрт лебіне ерді.

Тілегін жеткізем деп елге тегіс

Соңғы рет Сара қыз да тебіренді.


Сара саңлақ

209

Сараның соңғы монологы

Көңілдің осындайда оты өрлемей,

Қу тағдыр, келгенің-ай бекер бөгей!

Байлаулы бұлбұл етіп қойды елім де,

Обалым ез мойныңда кетер демей.

Тілемей басқа тілек Алладан мен,

Арманға жетсем деуші ем самғап əнмен.

Тірліктен өтсем деуші ем бір гүл болып,

Жарқырап жұлдыз болып қалмағанмен.

Бұлағың толқып аққан көлге айналып,

Тұрмай да қазіргідей қол байланып.

Аққу боп, айдындарда жүзсем деп ем,

Аңырап, араға бір қонбай барып.

Жүйріктей қашқан аңын құтқармаған,

Еселеп өссе деп ем сырттан бағам.

Тұп-тұнық тұма болып тұнсам деп ем,

Суынан сусап ішіп, жұрт қанбаған.

Асқарға балап елде бар төбені,

Асырып көрсем деп ем мəртебені.

Жыр етіп жеткізсе деп сан ұрпаққа,

Жоңғардың жылдарға айтып қарт емені.

Ақтарып айнала бір назды армандай,

Арқырап өтсем деуші ем азға алданбай.

Түп-түгел төксем деуші ем туған жерге,

Кеудемде сыңсып аққан саз бар қандай!


Сара саңлақ

210

Жалғанды жалт қаратқан жарылыспен,

Атылып жанартаудай жалын іштен,

Жүректі алыстырып көрсем деуші ем

Қырдағы долы дүлей тағы күшпен.

Жаныма табам демей маза қайдан,

Кұшағын дүниеге таза жайған,

Болып та өтсем деп ем далама бір

Шарт та шұрт шатырлаған нажағайлы əн!

Жастыққа болсам-ақ деп батпаған ай,

Шырқап ем шұғылалы арай жаққа қарай,

Топшымнан ұша бере үзіп түскен

Қаншалық қатыгез ең, хақ-тағала-ай!

Алыстан ақ жаңбырдай төніп келіп,

Туған жер, тұрмас па едім төгіп-төгіп.

Бұлбұлдай сайрамас па ем,

Қойсаң, елім,

Басыма бұлттағы жоқ ерік беріп.

Жұлдызым жоғарырақ жанса көкте,

Деуші едім,

Салдың, тағдыр, канша əлекке,

Армандап келіп едім жалғыз сөзім

Суымай соңғы ұрпаққа барса деп те.

Дариға-ай, жұртыма сол жетсе тілек,

Кернеген көкіректі кек сетінеп.


Сара саңлақ

211

Алаңсыз ақсұңқардай заулар ем-ау

Туған жер топырағына өкше тіреп.

Асқақтап, айнала сан жайды ұқтырып.

Қарамай,

Қарсы келсін қай «мықтылық».

Тұрды жыр дос төбесін көкке тіреп,

Жүрегін дұшпаныңның шайлықтырып.

Тірліктің балы көп пе, зəрі көп пе,

Тыңдамай,

Тарта берсең əрі үдеп те.

Шырқап та шартарапқа кетсең шіркін,

Арналып бойдағыңның бəрі көпке!

Қайда деп ұқсап тынар асқақ арын,

Сол болып асқарың да жасқанарың,

Соны іздеп кетсең-ау кең кеңістіктен,

Көрместен, көзге ілместен басқаларын.

Сағымдай сабылдыртқан қашық бар ма?

Жүйткісең омырауыңды ашып таңға:

Аңыз боп қалар да едің, кұрығанда,

Жарық пен жарды аңсаған ғашықтарға.

Лебіңнен есіп ыстық құдірет-дем,

Сапырып сахараның жырын өктем,

Асқарлы арманыңа жетсең барып,

Қалса да қарамастан құрып өкпең.


Сара саңлақ

212

Жұртымның жүрегіне жетсе арманым,

Кешеден соларды айтып көп сарнадым.

Түлкідей қырдан қашқан, қайран үміт,

Бір сөніп, бірде жанған отша алдадың!

Біржан да көп көздерді ақырайтып,

Қарамай бас-көзіне,

Батыра айтып,

Булыға безілдейді-ау:

«Бұ заманға,

Амалдың жоқтығы-ай, – деп, –

апыр-ай, түк?!»

Жақсы аға, жақсылыққа құштар аға,

Қызғыштай шыр-шыр етіп түсті араға.

Тірлікті тəлкек етіп қойған күн-ай,

Соқырдың қолындағы ұстараға!

Өктемсіп зымияндық, сұрқиялық

Тұрғанда,

Қайтсін одан жұрт ұялып.

Сөзді ұғар,

сертке тоқтар жігіт қайда?

Жүйріктей шығатын бір жұлқи ағып!

Өзгеден өнерімен озған аға,

Қоя-ақ қой, соны тіпті қозғама да!

Кеткенін көріп, қалай күйінбессің,

Жүректен жылап шыққан сөз далаға!



Сара саңлақ

213

Сол, аға, сөзден есе бермей келген,

Көріндің бұрқ-бұрқ еткен ер бейнеңмен.

Қаншалық бақытты едім, шүкір, мен де

Сан қыздан сендей жанды көрмей де өлген!

Қайтем деп қолға түспес бақты аңсап та,

Тынсақ па?

Қалған сырды ақтарсақ па?

Сөз бе екен Сараңыздың шері де сол,

Қыз біткен шыр-шыр етіп жатқан шақта.

Заманның шынымен бұл кезі ме азған?

Таппасақ төңіректен сөз ұғар жан.

Тірлікке шараң қайсы?

Болғаннан соң

Әйелдің сөзі түгіл, өзі де арзан.

Қарамай қаншама ақсын қанды жасың,

Сұр жылан жұтып жатсын қарлығашын,

«Құдай» деп, «құран» деп-ақ кетер ме елім,

Аударып шариғатқа бар күнəсін?

Шырылдап арманды аңса, қашықты аңса!

Жұлқынып шыға алдың ба тасып қанша?

Көп қыздың бірі де етпей қойды-ау тəңір,

Ой беріп, сезім беріп – жасытқанша!

Өрт қанша арпалысқан мұзды ағыспен!

Дерт қанша жеп баратқан сыздап іштен!


Сара саңлақ

214

Қаратып қойған күнге шараң бар ма

Құстың да қанатына қызғанышпен!

Арта алмақ ағайын мен елге міндет,

Қараймын еркін өскен желге күндеп.

Қызығам ақкөбік боп тұрған атқа,

Бəйгеден осылай да бір келмедім деп!

Өкінем, –

Тұңғыш рет өр-белеңде

Қасқайып, қас бəйгеден келмегенге.

Қып-қысқа ғұмырды да мына тағдыр

Біржола өз еркіме бермегенге.

Бұлыңғыр беталысым, тұмандаумын,

Соны айтып шырқағанда ұғар ма аулың?

Тағы да тақсіретін сездім анық,

Жұлқынып, жүген үзіп шыға алмаудың.

Жұлынған гүлдей болып бір күн көктеп,

Қалтырап кетті-ау жүрек шын дірдектеп.

Шегіндей домбыраның қала бердім,

Тосыннан шарт үзілген күмбірлеп кеп!..



Сара саңлақ

215

***

Калғанын білмей де қап кім қай тұста,

Екпіндеп, еліріп кеп тынды айтыс та.

Зарды айтып..,

Жанған жүрек..,

Жалғанды айтып,

Күніреніп тоқтады-ау бір жыр байғұс та.

Ел-жұрттың есін алып шын-ақ күллі.

Қаншама қам көңілді жылаттырды.

Біреулер қозғалақтап, күрсініп қап,

Біреулер біреулерді сынап күлді.

Арулар ажарынан ерте от көшкен,

Жастыққа жас төкті елге көрсетпестен.

Сазарып қала берген пенде қанша,

Сырлы əуен сиқырына селт етпестен.

Аңырап тоқтағанда жыр демігіп,

Біреулер біреулермен бірге күліп,

Біреулер қарғыс айтып заманына,

Сырқырап, сай-сүйегі тұрды егіліп.

Біреулер қастағысын күліп арбай,

Жымыңдап, жұрт білмеген сыры бардай,

Шөгіп те қалғандар бар жатқан жерге,

Шарасы біржолата құрығандай.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет