Сараланады. Сонымен қатар тақырып аясында екі елдің географиялық орналасу аумағына және этноконфессиялық құрамы мен мәдени тарихына да назар аударылады



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата01.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#70752
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№4 (118), 2020
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
31 
ӘОЖ 322.2; МҒТАР 21.41.45 
https://doi.org/10.47526/2020/2664-0686.034
 
 
Г. МАЖИЕВ
*
 
PhD докторант, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті 
(Қазақстан, Алматы қ.), е-mail: g.mazhiev@mail.ru 
https://orcid.org/0000-0002-9196-1434 
 
ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ИРАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ДІН ҚАТЫНАСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
Мақалада Иран және Түркия елдеріндегі дін және мемлекет қатынасының аспектілері 
талданады. Мемлекет пен дін қатынасын ашу үшін аталмыш елдердің билік жүйесіндегі діни 
элементтердің көрініс беру ерекшеліктеріне, олардың ішінде елдің конституциялары мен дін 
саласын реттейтін заңнамалары және діни партиялар мен діни қауымдастықтардың қызметі 
сараланады. Сонымен қатар тақырып аясында екі елдің географиялық орналасу аумағына 
және этноконфессиялық құрамы мен мәдени тарихына да назар аударылады. 
Ислам елдерінің арасында Иран мен Түркияның дін мен мемлекет қатынастары өзге 
мұсылман елдеріне қарағанда бірқатар өзгешеліктері бар. Сондықтан, дін мен мемлекет ара-
қатынасының әлемдік тәжірибелерін кешенді зерттеуде аталмыш екі елдің модельдеріне 
тоқталу маңызды. Әсіресе, бұл зайырлылық бағыт алып келе жатқан Қазақстан үшін өзекті 
тақырып болып саналады. Иран Ислам Республикасының мемлекеттік басқару құрылымында 
«уалият фақиһ» діни корпусының ықпалы басым. Ал Түркияда керісінше Дианет діни 
басқармасы президент әкімшілігіне қарайды. Иранда діни партиялар саяси қызмет етеді, ал 
Түркияда саяси партияларға ешқандай діни элементті өз мүддесіне пайдалануға рұқсат 
етілмейді. Алайда, осындай ерекшеліктеріне қарамай екі ел де әлемде мұсылман дініне 
басымдылық беретін мемлекет ретінде танылып отыр. 
Мақала 
Иран 
және 
Түркиядағы 
мемлекеттік-конфессиялық 
қатынастардың 
ерекшеліктерін ашуға бағытталғандықтан зерттеу барысында құрылымдық-функционалдық 
және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет