СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата28.12.2016
өлшемі2,26 Mb.
#667
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41

           31.ХІІ.2007 ж.
Түркістан шаһары.
4. Парыз бен қарыз
(Тағы да Сағат аға жайында)
...Түн баласы түс көрумен болдым. (19 науырыз 2013 ж.)
Түсіме Сағат аға (Әшімбаев) кіріпті. Ренжулі.
–  Жамандықпен,  жалғандықпен  күреспейтін  болдыңдар. 
Бұларың не? –деп мені қыспаққа алады.
– Өмірде жамандық атаулы көп. Оның қайсыбірімен күре-
сіп үдебарасына шығамыз? Жамандықпен күресу... Жеке-жеке 
күрес өнбейтін тірлік. Жамандықпен күрескенше жақсылыққа 
жол ашайық. Жақсылық көбейсе, жақсылықпен ауызданған дар 
көбейсе  –  жамандықтың  онсыз  да  бәсі  түседі,  құты  қашады-
деймін мен жандалбаса күйде жауап беріп.
– Оның да жөн екен – дейді Сағат ағам.
Сөйтеміз де бақты аралап кетіп бара жатамыз.
Жарықтықтың желеп-жебеуі ғой деп жоримын.
***
...Алма  ағашы.  Мен  дарақтың  түбінде  тұрмын.  Алма  аға-
шының өсімталдығы соншалық қасындағы үш қабатты үймен 
таласа шатырға шығып кеткен. Самсап салып тұр.
Төбеден (биіктен) үш алма домалап алдыма түсті. Біреуін 
жерге түсірмей ұстап алайын деп едім, ұстатпай домалап ана-
дай жерге барып жайғасты. Қолыма алып қараймын. Баданадай 
ірі-ірі  көк  алмалар.  Сол  кезде  үйдің  үстінен  Сағат  ағамның 
дауысы шығады.
– Қағып алмайсың ба? Өй, сені де...
Артқа сәл шегініп Сағат ағаны іздеймін.
Ол болса шатырдың екінші жартысына қарай кетіп қалады. 
Алманы сол жақтан маған қарай домалатып жіберіп жатыр...
– О, әруағыңнан айналайын, – деймін оянып, – желеп-жебеп 
жүр екенсің ғой.
Мен Сағат аға жайында, әдебиет сыншысы Сағат Әшімба ев 
жайында ойланамын.
«Сағат  шығармаларын  оқып  отырғанда  ол  нысанаға 
алып, сын жазып отырған жазушы жаны ғана емес, өзінің – 
сыншының да жан­дүниесі айқын көрініп тұрады. Ол – сынды 
біреуді күйрету үшін емес, оны алға сүйреу, ізгілікке ұмтыл­
дыру, талантты талпындыру үшін жазатын. Ол не жайын­
да, кім жайында жазса да – сырласып жазатын. М.Мағауин – 
Т.Әбдіков – С.Әшімбаев «ТРИО» – да әріптесі пікірімен санасу, 

374
375
өзара пікір сайыстыру ғана емес, өзара сыйласа пікірлесу бар. 
Сағаттың сыны – сыршыл сын!
Сыншы  жаны  бай  болмаса  –  қасірет.  Өйткені,  жаны 
жадау­жалпы  жазушы  өз  кейіпкеріне  жан  байлығын  бере 
алмайды,  тіпті  тұтас  шығармаға  жанынан  шуақ  бөліп  бе­
ре  алмайды  ғой.  Ал,  сыншы  жаны  бай  болмаса,  ол  жазушы 
шы ғармасындағы  жақсылықты,  оның  кейіпкерлерінің  жан 
байлығын қайдан көрсін?!
Ал, Сағат – әрбір көркем шығармадан рухани ізгілік іздеп 
отыратын жан байлығы мол әдебиет сыншысы еді.
Ұзақ жыл аға­інідей, ұстаз­шәкірттей қасынан табы лып, 
жақын араласқан (кейде сырласып, кейде сынасып алатыны­
мыз да болушы еді). Mен үшін Сағат өмір өткелдері соншалық 
таныс.  Тіпті  оның  өмірінің  ойы  мен  қырын,  тіпті  тұтас 
өмір белеңін көз алдыма елестете алатын се кілдімін. Әсіресе, 
соңғы қызмет орны – қазақ радиосы мен теледидарындағы әрі  
бас шы, әрі қосшы болып сабылып жүрер, қазақ қоғамындағы 
әрбір  іске  араласып,  оны  ұлт  мүддесіне  қызмет  еткізу  үшін 
жанын салып аласұрып жүретін азамат бейіл ағаның сан­са­
лалы жоспарын жүзеге асыруға уақыт жеткізе алмай абыр­
жып отыратын күйдім­пістім сәті көз алдымнан кетпейді.
Өйткені,  оның  жасына  қарамай  ерте  гүлдеген  жидедей 
ерте  піскен  уақытына  қазақ  қоғамының  (СССР­дің  десе  де 
жарасады) ызы­қайым құбылуы сәйкес келді. Қо ғам ға дүрбе­
лең,  заманға  зобалаң  келді.  Ондай  сәт  Кібісе  (вы сакосный) 
секілді  адамның  шын  болмысын  ашып  кетері  хақ.  ХХ  ғасыр 
басында оянып опа таппаған қазақты ғасыр аяғында қайта 
ояту керек болғанда жанын аямаған Сағат еді ол.
Адамды заман туғызады, қоғам қалыптастырады. Адам ­ 
ды  қоғам  тұлғалайды.  Тұлғалы  адамдар  қоғамдық  құ бы лыс­
тарға ықпал етеді, тіпті өзгертеді. Қоғам таңдауы Сағатқа 
түсті. Сағат өзіне деген қоғам сұранысын аңғарды. Іздегенге 
сұраған... Аянбай кірісті. Ұлт мүддесі үшін. Өйт кені бар өмірі 
өксумен өтіп келе жатқан қазақ елі осы жолы тәуелсіздігін ала 
алмаса, бар болуы, ұлттық болмысын сақ тап ел райында өмір 
сүруі неғайбыл болатын. Сағат соны бар жан­тәнімен сезді, 
білді. Содан да аянбай алға ұмтылды. Өзінің ішкі сұранымы 
да  мол  мансап  арқылы  кірігуді  ойлады  қоғамға!  Алайда,  ол 
жылдары қазақ қоғамында Сағат сияқты азаматтарды қа­
жет  ететін  жыртық,  тесік  қазақ  қоғамы  бойында  мол  еді, 
тіпті  мол  еді.  Аласапыран  қоғам  тесігін  бекітуге,  жырты ­ 
ғына  жамау  болуға  барын  сала,  жанын  сала  кірісті  Сағат! 
Ақыл,  кеңесімен,  қажыр­қайратымен  соның  баршасына  ат­
салысуға  тырысты.  Бірақ,  бірақ  адам  мүмкіндігі  деген  бар. 
Қоғам бойындағы күйсіздік бар...
Әдебиет  сыншысы  әзелден  ой  қайраткері.  Ой  –  парасат 
қайнары!  Ойшыл  сыншы  –  философ  болып  қалыптасады. 
Ойшыл  сыншы  саясаткер  болып  қалыптасады.  Ойшыл 
сыншы  –  қоғамдық  ой  қозғаушысы!  Ол  қазақ  қоғамындағы 
қайраткерлікті  сыншылықпен  сабақтастырған  Ілияс  Ома­
ровтай  тұлғаны  оның  әдеби  еңбектері  арқылы  талдады. 
Азаматтығын  талдады.  Әдеби  мұрасын  талдады.  Әдеби 
мұрасын  талғауы  оның  азаматтық  тұлғасын  тануына  бас­
тады.  Өзімен  қатарлас  болмаса  да  замандас  ағасы  Өз бе­
кәлі  Жәнібек  сияқты  азаматтың  советтік  қызметті  қа зақ 
ұлтының мүддесіне бұра, тиімді пайдаланғанын та нып білді. 
Сөйтті  де  оның  бойындағы  ұлтшылдықты  өзі не  үлгі  етті. 
Ғабиден  Мұстафин  айтқан,  «Біз  бұған  дейін  ұлт шылдықпен 
күресіп  келдік,  енді  ұлтсыздықпен  күресуге  мәжбүр  болып 
отырмыз!»  –  деген  сөзі  жанында  жаңғырды.  Ол  сыншы­
қайраткер  болып  қалыптасты.  Ол  қайраткер­сыншы  болып 
азаматтық сапқа тұрды. Алға ұмтылды. Алға!»
Бір тыныстадым.
Сағат ағам менен дұға дәметіп жүр ме? – деп ойланамын. Бір 
түнде екі рет түсіме еніп... Дұға дәметсе бір мақала жазайын. 
Біздің оқыған дұғамыз сол боладыдағы.
Сағат  аға  дүниеден  қайтқан  соң  жыл  тола  «Парыз  бен 
қарыз» аталатын атақты хабарды оны ұйымдастырушы – Сәке-
ңе арнап жасағаным есіме түсті. Оны жылына бір рет теледи -
дар қайталап беріп тұрушы еді. Ұлы Мәулен атқа мінді де, ұяты  
бар бала, қысылып, бергізбей қойды. (Бар мем.қызметкер сон-
дай болсайшы, шіркін!) Үш мәрте естелік жазғаным тағы бар. 
Тағы да қарманып көрейін. Оқшантайымда не бар? Әй, дұры сы 
күнделігіме  үңілейін...  Үңілдім.  Күнделігімде  Сағат  Әшімба-
ев жайында әңгіме көп-ақ. Оның баршасын қамту... әй, мүмкін 
емес. Дұрысы «Парыз бен қарыз» маңынан қарманайын... Бір 
жағы  «Парыз  бен  қарыз»  телехабарының  қалай  жазылғаны 
(сценарийі),  қалай  түсірілгені,  қалай  қабылданғаны  жайында 
қос-қабат сыр болар. Одан бері де жылдан асыпты-ау... 
...«Қазақстан»  телерадиокорпорациясы  басшысы  шақыр-

376
377
ған. Марқұм Сағат Әшімбаевтың үкілеп қатарға қосқан «Парыз 
бен қарыз» телехабарын менің әрі қарай жалғап алып кетуімді 
сұрайды. Сенім. Үлкен сенім! Бірақ, мен келіспедім. Себеп?
«Парыз  бен  қарыз»  тәуелсіздікке  дейін,  қоғам  үдерісіне 
ілесе  отырып,  қазақ  қоғамы  бойындағы  дертті  ащы  сынап, 
қоғамды тәуелсіздікке дайындаған үздік авторлық хабар. Хабар 
дегеніне жетті. Авторы, әрі жүргізушісі өмірден өтті. Авторлық 
хабардың  бір  қиын  жері  –  оны  екінші  бір  тележурналист 
қаншама  дарынды  дегенімізбен  ойдағыдай  жалғап  алып  кете 
алмайды.  Өйткені,  көрерменнің  көзі  –  бір  тұлғаға  үйренген. 
Келесі кісіні жатсырап тұрады. Әр хабарды әр түрлі журналист 
жүргізсе  сөз  басқа.  Көрмейсіздер  ме,  ана  В.Листьевтің  «Час 
пик!» авторлық хабарын әркім бір жетелейді. Бірақ, ойдағыдай 
емес.  Көрермен  аудиториясы  қабылдамайды.  «Час  пик!»  қор 
болды. Сондықтан «Парыз бен қарызды» қорламау керек. Ол 
–  Сағат  Әшімбаевтың  авторлық хабары болып  тарихқа енсін. 
Мен жалғамай-ақ қояйын. Оның үстіне өз миссиясын атқарып 
болған хабарлар сериясы. Енді былай етейік:
«Парыз бен қарыз» тар кабинетте өзімен-өзі болып, әрі кетсе 
өз  саласы  бойынша  ой  кешіп,  ғылыми  еңбек  жазып  отырған 
талай азаматты көгілдір экранға алып шықты, көгілдір экранға 
алып шығу арқылы – қоғамдық ой мінберіне көтерді оларды. 
Адам,  қоғам,  заман  жайында  ой  айтуға  тәрбиеледі.  Енді,  сол 
тар аялы кабинеттен кең аудиторияға – көгілдір экранға алып 
шыққан  азаматтардың  он  шақтысын  бір  жиып  «Парыз  бен 
қарыз»  телетүзбесінің  ақтық  хабарын  жасайық.  Оны  «Парыз 
бен қарыздың» авторы, жүргізушісі – марқұм Сағат Әшімбаевқа 
арнап жасайық. Олар да Сағат Әшімбаев алдындағы парызын 
атқарсын. Сонымен «Парыз бен қарыз» телехабарлар сериясын 
түйіндейік. Қажет болып жатса «Парыз бен қарызға» төркіндес 
телехабар жасаңыздар!
Басшы келісті. «Онда Сағат Әшімбаев жайлы хабарды өзің 
жаса!»  –  болды  айтқаны.  Мен  келістім  де  сценарий  жазуға 
кірістім.
28 науырыз 1992 ж.
Жақында  марқұм  Сағат  Әшімбаевтың  үйінде  болдым. 
Шәрбан жеңгей шақырған еді. Телехабар жасау үшін түрлі ма-
териалдар  қарадық.  Қолыма  Сағаттың  қойын  кітапшасы  түс-
ті.  Іші  тола  жазсам  деген  жоспар,  мақал-мәтел,  афоризмдер, 
конспектілер...
Ойға  алғаны  көп  білімді  жігіт  еді  Сағат.  Орындап  үл гер-
меді.  Әсіресе  шығармашылық  жоспарына  көзім  түскенде  жа-
ным  түршікті.  Өйткені,  жоспар  –  орындалмаған  арман  ғой. 
Орындалмаған арманнан – орындалған іс артық-ау...
Тағдыр  арманшылдығымнан  айырма,  бірақ  арманымның 
жүзеге асуына жағдай жаса, мұрсат бер, Алла!
Наурыздың 30-ы 1992 ж.
Көптен  ойланып,  орайын  келтіре  алмай  жүрген  бір  ісім 
бар еді. Ол – Сағат Әшімбаев марқұм жайында телехабар сце-
нарийін  жазып  беру.  Марқұмның  жары  –  Шәрбан  жеңгейдің, 
теледидардың өтініші еді бұл. Өз ойым да осы. Әдебиет жайлы 
пікіріміз кейде қабысып, кейде қабыспай қалатынына қарамай 
өмірде  тату-тәтті  жүрдік.  Ағалық  ақылын  айтар  еді.  «Жүрек-
тен  қозғайық»  телехабарын  жасағанда  мені  жақын  тартып, 
хабарына қатыстырды. «Парыз бен қарыз» хабарын жасағанда 
мені  арнайы  шақырып  қатыстырды.  Мақалаларында  менің 
азын-аулақ еңбектерімді айтып, халыққа жеткізіп отырды.
Бейсекең (Б.Кенжебайұлы) қайтыс болғанда «Қазақстан те-
ле-корпорациясының»  радио  машинасын  аппаратымен  алып 
келіп,  қаралы  музыкасын  аңыратып  қойды.  Радио-теледидар 
қыз меткерлерін түгел Жазушылар одағына хоштасуға жіберді. 
(жұмылдырды.) 
Жетім өскендіктің әсері болар жақын тартып, қамқор болып 
жүретін. Сағат тірі жүргенде алдымда туған ағам бардай, арқам 
қамырдай  –  қамқорлық  сезінуші  едім.  Ол  қайтыс  болғанда 
жанымда,  алдымда  келе  жатқан  адамға  жай  түскендей  халде 
болдым.  Жаным  жүдеді.  Адамды  ұдайы  аңдып  жүреді-ау, 
Ажал,  шіркін...  Аңдып  жүрген  ажалды  Сағат  аңдамай  қалды. 
Аңдағанда  не  істейді?  Не  істей  алады?  Пенденің  қолында 
не  тұр?  Біз  айтсақ,  мансап  үшін  сонша  күйіп-піспеуді,  ман-
сапты  соншалықты  жақсы  көрмеу  керек  еді  деп  айтамыз  дә 
пендешілікке  салып.  Әйтпесе,  ажал  тура  келсе  адам  баласы 
ештеңе де істей алмайды...
Өмір  –  өлім  формуласы  өлім-өмір  формуласына  ұласса 
болғаны дә!
Міне,  осындай  аяулы  аға  жайында  «Парыз  бен  қарыз»  – 
аталатын телехабардың сценарийін жазып аяқтадым. Ойымша 
– жаман емес, Мойнымнан бір міндет, арқамнан бір ауыр жүк 
түскендей халдемін.

378
379
Сәуірдің 3-і 1992 ж.
Әбділда Тәжібаевқа барып сәлем бердім. Екі сағаттан астам 
әңгімелестік.  Көп  мәселенің  басын  шалдық.  Ақсақал  мынау 
қоғамға өкпе-назын айтады. Ризашылығын да ұмытпайды.
– Сталин аз уақыттың ішінде көп іс тындырды – дейді ол. – 
Тұрып сиіп жүрген орысты іске жекті, халық екенін сезіндірді. 
Сырт елдермен бәсекелестікте де алдына жан салмады. Қажет 
болды, атомды да шығарды. Атомды державаға айналдық. Бі-
рақ ол бей-берекет ұқыпсыз бол деп үйреткен жоқ қой ешкімді 
де.  Бәрін  бүлдірген,  құртқан  маскүнем  орыстар.  Сталиннің 
құйып  жасап  бергенін  әлі  бүлдіріп,  сындырып  тауыса  алмай 
жатырмыз. Масқара ғой бұл. Ал, мына енеңді ұрайын Горбачев 
сатқын, шпион ғой. Елді дамытуға емес, құлатуға, құлдыратуға 
әкелді. Міндетін атқарды, кетті. Әйтпесе, демократияны елдің 
экономикасын дамыту арқылы да беруге болады ғой халыққа.
Міне, Әбекеңнің айтқан ойларының бір парасы.
–  Күніне  10  бет  өлең  көшіремін  –  дейді  Әбекең,  –  Өзім 
байқамайды  екенмін,  жаза  беріппін.  Мендей  мылжың  ақын 
болмас... (Ақын күліп алды.)
– Арғы жағыңызда болса айтасыз, сүйегіңізде болса жаза-
сыз. Сүйегінде жоқ адам несін жазады? – дедім мен.
–  Қытайға  бармақпын.  Өлеңдерімді  ала  барамын.  Бәлкім 
кітап қылып шығарар. Бәлкім журналдарына басар.
– Құптайтын шаруа! – дедім мен.
– Менімен бірге барасың ба?
– Барайын. Басқа не жаңалық, Әбеке?
– Е, үйде отырған кісіде не жаңалық болады? Өкіртіп өлең 
көшіріп жатырмын. Өлең демекші «Социалды Қазақстаннан» 
(Ол кісі солай ескіше атайды) Қарашаш деген қыз бала келді. 
«Өлең беріңіз» – дейді. «Ертең кел!» – дедім. Ертеңіне дейін отыз 
өлең іріктеп қойдым. «Бізге керегі 3-4 өлең» – дейді. Мен ке лісе 
алмадым. «Бассаңдар, түгел басыңдар, баспасаңдар қойыңдар. 
Басшыларыңмен ақылдасыңдар!» – дедім. «Көрейік» – деп ке тіп 
еді, қайтып оралмады. Соған қарағанда Шерхан: «Қайтесің дер, 
сол шалды?» – деген шығар. Өлең арзандады ғой. Адам одан да 
арзандады. Асылы, мен кекшіл адамды ұнатпаймын. Мансапқа 
тасыған  адамды  ұнатпаймын.  Кекшілдік  –  арзандылық.  Жақ-
сы  көретін  кісіңмен  де  кісінесіп  қалатын  кездер  болады  ғой. 
Оны ұмыта білу керек. Ал, тасу – ұят қой. Қазір таситындай 
халқыңда  не  күй  бар?  Өзіңде  не  күй  бар?  Әсіресе  мансапқа 
масығу – провинциялық кеңсе мінез ғой.
Мен  Шерханды  жақсы  көруші  едім.  Елу  жылдығына  ар-
нап  жақсы  өлең  де  жазғанмын.  Бірақ,  өзі  кекшілдеу  ме,  әлде 
мансапқа қоңы көтеріліп жүр ме? Түсініңкіремей жүргенім...
– Жоқ. Әбеке олай болмауы керек. Тілшілер Сізбен арада 
болған  әңгімені  Шерханға  жеткізе  бермейді.  Газетте  істедік. 
Көрдік. Білеміз ғой.
– Қайдам? Әйтеуір жағдай осындай. Өзің не істеп жүрсің? 
Нендей ісіңмен қуанта аласың мені?
– Сағатты білесіз ғой...
– Білгенде қандай? Ақылдасып отырушы еді. Әлгі немене 
«Парыз  бен  қарыз»  ба,  тәуір  телехабарына  қатыстырған  ша-
қырып.  Тәуір  жігіт  еді.  Өсіп  келе  жатыр  еді.  Ғұмыры  қысқа 
болды ғой.
– Міне, сол Сағат балаңыз жайында бір телехабар сценарийін 
жазып аяқтадым. Қаласаңыз қатысасыз. Сағат жайында бір-ер 
ауыз пікіріңізді айтасыз.
– Сендер қатар ма едіңдер?
–  Жоқ.  Бізден  ересектеу  еді.  Алайда  арамызда  ағалы-
інілідей  сыйластық  болатын.  Жетім  өскен  жігіт  қой.  Халық 
қамын  көбірек  жейтін.  Менің  тағдырым  ұқсас  –  тағдырлас 
болғандықтан  ба,  әйтеуір  бауырына  тарта  жүретін.  Жақсы 
сөз, жанашыр ақылын аямас еді. «Жүректен қозғайық», өзіңіз 
айт қан  «Парыз  бен  қарыз»  хабарының  екеуіне  де  шақырып, 
қатыстырған еді. Еңбегі бар жігіт қой.
–  Дұрыс  екен.  Қайсысымыз  да  Сағат  жөнінде  айтуымыз 
керек. Мен күнделігімді қарайын. Тәуір сөздер табылса, жарық-
қа шығарып айтайын. Хабарласарсың. Сағат дегеннен шығады-
ау, маған жақында киношылар келді: «Мұқағали жайында кино 
түсіреміз» – дейді. «Дұрыс» – дедім. «Соған Сізді түсіргіміз ке-
леді» – дейді. «Мен не айта қоямын?» – дедім. «Сұрақтарымыз 
бар»  –  деді.  «Қандай?»  «Мұқағали  күнделігіне:  мен  өлеңді 
кез-келген  уақытта  жазбаймын.  Құлағыма  біреу  өлең  жаз»  – 
деп сыбырлайды. Сол кезде жазамын» – деп жазыпты. Сіз осы 
пікірге қалай қарайсыз?»
Сұрақтарының  түрін  қара.  Қандай  наивный.  Мен:  Жоқ 
Сендердің киноларыңа түспеймін» – дедім. Түспейтінім – бол-
майтын  сұрақты  айтасыңдар  да,  мені  қоста  дейсіңдер.  Мен 
қайдан  білейін,  Мұқағалиға  кім  сыбырлайтынын?  Мен  Мұ-
қа ғалиды  жақсы  көремін.  Тіпті  менен  де  үлкен  ақын  деп  ба-
ғаладым. Бірақ, ол ішіп жүретін жігіт еді ғой, менің Бауыржан 
досым секілді. Ішіп алса қайдағыны айтып, қайдағыны жазып 

380
381
мылжыңдап маған телефонмен оқығысы келетін. Сол секілді, 
ішіп отырып, қиялдап отырып жазған шығар күнделігіне. Өзіме 
ешкім «өлең жаз» – деп сыбырламайды. Міне, менің айтарым! 
Мен  киноларыңа  түспей-ақ  қояйын.  Айтқан  пікір,  жазған 
мақаламнан пайдаланыңдар – деп қайырдым.
Кино  деген  де  қызық.  Жақында  Шәкір  Әбенов  жөнінде 
деректі телефильм көрдім. Жақсы түсірген. Президентке бата 
берумен  аяқталады.  Ондай  фильм  Мұхтар  Әуезов  жөнінде 
түсірілген жоқ.
– Сіз жөнінде ше?
– Мен жөнінде болса да фильм жоқ қой.
– Түсірсек қайтеді?
– Білмеймін. Жақында Дулат сөйлесіп еді. Бір жарым сағат 
уақыт бөлейік. Бір шешіліп сөйлеңізші – дейді. Көрерміз.
Асылы мен мына өмірден шаршаған жанмын. Алматыдан 
безіп кеткім келеді. Жақында Мекем-таш келді. Түркістан уни-
верситетіне келіп лекция оқып беріңіз – дейді. Былтыр Шым-
кентке  барғанмын.  Балалық  шағымыз  өткен  жер  ғой.  Ғажап 
еді ғой. Біз оқып жүргенде Жүсіпбек Аймауытов Шымкентте 
оқытушы еді. Қолында үлкен торы болады. Қуып бөдене ұстап 
жүреді. Ұстаған бөденесін өзбектерге бере салады. Бір тыным 
таппайтын жан еді. Бауыржан бәріміз барып қызықтаушы едік. 
Қазіргі Шымкент бұрынғы Шымкент емес. Кір, лас. Сөйте тұра 
көңілге ерекше ыстық. Түркістан, Кентау қалаларында болдым. 
Ғажап қой. Кемпірім тірі болса – тап қазір Кентауға көшіп кетер 
едім.  Балалық  шағымның  ескерткішіндей  Шымкентте  жүрер 
едім сайрандап. Паһ шіркін, баяғыда көк көл, ақ көл, қызыл көл 
деген алуан-алуан көлдер көп болушы еді. Мөп-мөлдір болып 
жатар еді. Қазір құрыды ғой.
Мекем-таш келіп қолқалағанда мен осы жайларды ойладым. 
Шымкеттен біздің Әмір де келіп, лекция оқып берсеңіз – деген 
ойды ол да айтты. Адам өзіне сенбеген соң болмайды ғой. Бір 
жерде шоңқиып өліп қаламын ба деп бара алмадым. Тәуекелім 
жетпейді.
Міне, қарттық кісінің қолын қалай байлайды, кісіні қалай 
тұсайды?!
–  Әбеке,  қолбайлауды  шешу  керек,  аяқтағы  тұсауды  алу 
керек. Сіз бастайсыз, мен еремін. Қоржыныңызды көтеремін. 
Жазда барамыз.
– Сен солай ойлайсың ба?
– Мен солай ойлаймын.
– Далада өліп қалмаймыз ба?
– Жоқ. Далада өліп қалмаймыз. Жігіттер жағдай жасайды.
– Келістік. Тек бір жағдайды ескер. Біріншіден, өзіміз сұ ран-
ғандай  болмайық.  Екіншіден,  ана  өзіміздің  жігіттерге  салмақ 
түсіп кетпесін. Жүріс-тұрысымыз үкімет тарапынан болсын.
– Жарайды.
– Айтқандай осы Өзбекәлі қайда?
– Пенсияда. Үйінде жатады.
– Не істеп жатады?
– Қазақтың қол өнері, ұлттық киімі жайында кітап жазып 
жүр.
–  Әй,  осы  мәселе  Өзбекәлінің  еншісіне  тиген.  Қолөнер, 
киім... Мұны Өзбекәлідей білетін кісі жоқ.
Сәуірдің 8-і 1992 ж.
«Парыз бен қарыз» телехабарын ұйымдастыру үстіндемін. 
Хабарға қатыстыру үшін Ә.Тәжібаев, С.Сартаев, Д.Кішібеков, 
Т.Кәкішев,  Ә.Бейсенова,  Ә.Хайдаров,  Н.Оразалинмен  сөйлес-
тім. (Кейбіріне бардым. Кейбірімен телефон арқылы сөйлес тім.) 
Бәрі  де  хабарға  қатысып  «Парыз  бен  қарыз»  жайында,  Сағат 
Әшімбаев жайында естелік, ой, пікір айтуға ризашылықтарын 
берді. Сағат ағам аталған хабарды ұйымдастыру арқылы үлкен 
бедел жиған екен, ел көзінде ғажап өскен екен.
Әрине, мен бұл хабарды жасау арқылы бірсыпыра кісінің 
өкпесіне  қалатынымды  да  білемін.  Күні  ертең  «неге  мен, 
неге  мен  қатыспадым?»  –  деп  шыға  келетін  кісілер  молынан 
табылады.  Әйтсе  де  Сағат  марқұмның  әруағы  үшін  жасауым 
керек, әмсе жақсы жасауым керек хабарды!
Сәуірдің 21-і 1992 ж.
Марқұм Сағат Әшімбаев жайында «Парыз бен қарыз» ата-
латын телехабар жасадым. Хабарға абитурент кезінен біле тін 
Нұрлан  Оразалин,  студент  кезінде  ұстаздық  еткен,  диплом 
жұ  мысына  жетекшілік  еткен  Тұрсынбек  Кәкішев,  «Лениншіл 
жасқа» қызметке шақырған Шерхан Мұртаза, «Парыз бен қа-
рыз» хабарына бірге қатысқан Әбділда Тәжібаев, Сұлтан Сар-
таев,  Досмұхамед  Кішібеков,  Әлия  Бейсенова,  Әбдуәли  Қай-
даров  қатысты.  Бұл  –  мен  «Парыз  бен  қарызға»  кезінде  қа-
тысқан жүз кісіден іріктеп алған оншақты адам. Түрлі маман-
дық иелері.

382
383
Обалы  не,  қайсысы  да  Сағат  жайында  жақсы  еске  алу 
ойларын айтты. Рахмет бұл азаматтарға! Өркені өссін! Алланың 
нұры жаусын!
Хабардың  аяғында  Сағаттың  үйіне  де  бардық.  Жесірі  – 
Шәрбану  Бейсенованы,  қос  құлыны  Дәурені  мен  Мәуленін 
сөйлеттім.  Бәрі  де  жақсы  сөйледі.  Өмірде  сырлас,  сыйлас 
жүр ген  Сағат  жайында  жақсы  хабар  жасадым-ау,  мұның  өзі 
кісілік болды-ау деп мәзбін әйтеуір. Қалай шыққанын көгілдір 
экраннан көрген соң безбендерміз.
Сағат байғұстың жаны жәннатта болсын!
Бізді рухы қолдасын!
***
Міне, қызық! «Парыз бен қарыз» (Сағатқа арналған) теле-
хабарын жасап, жаным жүдеп шаршап оралған едім. Кездейсоқ 
столға отырған едім, ширап сала бердім. Сағат жайында тол-
ғандым. Түн қатып (21-нен 22-не қараған түн) «Жанын жалау 
еткен...» – деп аталатын 10-11 беттік мақала жазып аяқтадым. 
Өз ойымша тәп-тәуір шықты. Шабытты жаздым-ау шамасы.
Аға-дос рухына қызмет етудің бір көрінісі міне осы мақала 
болды. «Қазақ әдебиеті» газетінің, Дидахмет достың қолқасы!
Сол газетке беремін.
Сәуірдің 22-сі 1992.
Әбекең  телефондады.  Әбділда  Тәжібаевты  айтамын.  Ке-
шегі  Сағат  Әшімбаев  жайында  жасаған  «Парыз  бен  қарыз» 
хабарымызға дән риза болыпты. 
– Мен жазып алып барып, оқып бердім. Ал сендер жазған 
ештемелерің жоқ, еркін сөйлеп отырсыңдар – дейді. 
– Сағатты жақсы көргендіктен ғой, Әбеке! – деймін мен, – 
Тірі отырған Сіз жайында айтсақ тіпті дұрыс сөйлеуіміз мүмкін. 
Ал, өмірде сыйлас жүрген аға-досың жастай араңнан кеткенде 
ол  жайында  сөйлеу  де  соншалық  ауыр  болады  екен.  Жаным 
жүдеді, Әбеке!
Расында да Әбекеңнің мақтауына қарамастан Сағат жайын-
да сөйлегенде жігеріміз жасып, сағыныш баурап, езіліңкі сөй-
ледік  қой.  Осы  мамырдың  1-не  45  жасқа  толатын  жас  адам 
жайында  көсіліп  сөйлеу  қайдан  оңай  болсын?!  Біздікі  сый-
ласқан,  сырласқан  аға-дос  алдындағы  қарызды  өтеу,  рухына 
тағзым ету ғой!
Әбекең әңгіме аяғында бір жайды айтты:
– Қазақ теледидары мен жайында бір хабар жасамақшы еді. 
Соны өз міндетіңе алып, өзің жүргізсең қайтеді? – деді.
Мен келісім бердім.
     

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет