СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



Pdf көрінісі
бет28/41
Дата28.12.2016
өлшемі2,26 Mb.
#667
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41

Мамырдың 20-сы 1992 ж.
Сағат  Әшімбаев  жайлы  «Парыз  бен  қарыз»  телехабары 
көрсетіліпті.  Жұрт  риза.  Жақсы  сөйледі  деп  жайсаң  ағаларға 
риза.  Жақсы  жүргізді  деп  маған  дән  риза!  Жасымнан  жақсы 
сөзін есітіп өскен Сағат аға рухы алдында қызмет жасап, бойым 
жеңілдеп қалды деп мен риза!
Кісілік керек қой адамға!
«Біз неге қатыспадық хабарға?» – деушілерге айтарым да  
осы!...
Р.S. Ондайлар көп болды. 
Енді,  осымен  «Парыз  бен  қарыз»  хабарын  түйіндейміз. 
Та рихқа  кетеді.  Айтылған  сөздерді  ақ  қағазға  түсіріп  естелік 
кітабын шығарсақ қой, енді.
... Міне, сөйткен Сағат ағам түсіме кіреді. Әруақтың желеп-
жебеуі!
Әй, Сағат аға, әй, жалындап жанып, жанып жалындап кете 
бардыңыз ой кешіп...
«...Қазақ  әдебиеті  қаламгерге  кенде  болмағанымен  сын  ­ 
шыға  әуелден  жарлы.  Талантты  сыншы  шығып,  білімді  ма­
қалалар  жазып,  жұртты  таң  қалдыра  қойғанда  да  көп  тұ­
рақтамай  өзге  «бейбіт»  жанрға  ойысып  жөнеп  береді.  Ал, 
Сәкең, Сағат аға әдебиетке келгенінен қашан өмірден өткені­
не  дейін  сын  жанрының  ыстығына  күю,  суығына  тоңумен 
күн  кешті.  Сондықтан,  С.Әшімбаев  әдеби  сыны  –  бір  дәуір 
әдебиетінің  (ХХ  ғасыр)  сыншыл  шежіресі  іспетті.  Сонымен 
қатар  жетпісінші,  сексенінші  жылдардағы  қазақ  әдеби 
сынының шыншыл үлгілері.
Біз  оның  әдеби  сынынан  бір  дәуірдегі  қазақ  әдебиетінің 
жетістік,  кемшілігін  табамыз.  Бір  ғана  прозаны  алсақ,  ХХ 
ға сыр басында туған жанрдың сол дәуірдің жетпісінші жыл­
дарында  әлемдік  биікке  көтерілгенін  Сәкең  сын  ма қалалары 
арқылы анық тани аламыз. Проза ғана емес, поэзия жөнінде 
де осындай ойға келеміз.
Жетекші  жанр  жетістігін  өз  табиғатынан  туындата, 
кемшілігін  себеп­салдарымен  ашатын  оның  мақалалары  – 
өткен ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдары сын жан­
рының эстетикалық талғам қалыптастырып, өнер санатына 

384
385
ІІ. СыНТҰҒыр
«ҚАЗАҚ ӘДебИеТІ» – ҚАДІРлІ ТАҚ, ҚАСИеТТІ МІНбеР!
(«Қазақ әдебиеті» газеті бетіндегі  
әдеби сынның хал-жайы)
Қадірлі әдебиетші қауым!
Қаламдас замандастар!
Бүгінгі жиын – «Қазақ әдебиеті» басылымындағы әдеби сын 
мәселелеріне арналып отыр. Аталмыш басылымның Қазақстан 
Жазушылар Одағы органы екендігін, ал қаламгер қауымы ха-
лықтың  ой-арманының  жаршысы  болып  табылатынын  ескер-
сек, мәселенің маңыздылығына оңай көз жеткіземіз. «Баспасөз 
– халықтың көз-құлағы» дейтін қанатты қағида қашанда алды-
мызда. Бұған сөз болып отырған басылымның бір ерекшелігін 
қосамыз. Жазушы – халық тәрбиешісі. Ал «Қазақ әдебиеті» әлгі 
айтқан жазушылар тәрбиешісі. Ұстаздың ұстазы деген секілді. 
Сондықтан бұл газетке білдірілер сенім де зор, артылар жүк те 
ауыр.  Біздің  бүгінгі  баяндама  аталатын  бастау  сөзіміз,  талқы 
пікір  аталатын  сіздердің  қостау  сөздеріңіз  елу  жылға  жуық 
халқымызға  абыройлы  қызмет  етіп  келе  жатқан  басылымның 
соңғы  екі  жылдық  тәжірибесін,  жетістік-кемшілігін  саралау 
болып  табылады.  Өткенін  саралаумен  бірге,  алдағысын  да 
ақылдасып, кеңссек деген ой бар. «Ақылдасып пішкен тон кел-
те болмас» деген халық даналығы бар ғой…
Жалпы 70-80 жылдар аралығында «Көркем әдеби-сын ту-
ралы», «Творчестволық жастармен жұмыс туралы», «Идеоло-
гиялық жұмысты одан әрі жақсарту туралы» тарихи қаулылар 
қабылданды. Сол қаулылардың шапағаты болар, халық талап-
тілегіне орай, біздің республикамызда «Жалын», «Өнер» баспа-
лары отау көтерді. «Қазақ әдебиеті» газеті сексенінші жылдың 
жаңа таңынан 16 беттік көлемге көшті. Республика баспалары 
«Уақыт және қаламгер», «Жастар жастар туралы», «Сөзстан» 
тұрақты әдеби-сын жинақтарын шығара бастады. «Өнер» бас-
пасы жылма-жылдық альманағын жоспарлы жарыққа шығара 
бастады. Сыншылардың кітабы көбірек жарық көретін болды. 
қосылғаны  тартылып  өнер  өлшенсе  –  өлшемдік  сапаға 
жеткенінің көрінісі! 
Орталық  мемлекеттік  архивте  отырды  уақытын  сарп 
етіп. Ілияс Омаровтай қайраткер ойлы қаламгердің жеке қор 
бойынша  сақталатын  архивімен  жан­жақты  таныса  келе 
жазған  осынау  дүниесі  –  Сағат  ағаның  маңызды  мақаласы­ 
ның бірі. Сәкең алдындағы ағаның рухани мұ расының қадірі­
не жете білді. Сонымен қатар әдеби сын өре сі қандай болуы 
керектігін танытты. Әдеби сынның Абай айтқан толық адам, 
шынайы азаматтың қалыптасуында ғы рөлін ашты. Айналып 
келгенде, Сағат ағаның бұл мақаласы да әдеби сынды қорғау, 
сыншы мерейін көтеру, асыл есімді қастерлеп, азаматтыққа 
үндеу!
Жанрды  жасақтау  үшін  бізді  жетелеп  қосты  қатарға. 
Жетістігімізді  көрсе  –  қуанушы  еді.  Кемшілігімізді  көрсе  – 
ренжуші еді, жарықтық!
Өмірден өтпес темірөзекті жан бар деймісің?! Бірақ, ту­
ған халқың тұтынуға жарайтын рухани мұра қалдырып өт­
кен  жанды  ұмытпау,  ұрпақтар  тәрбиесіне  жұмсай  отырып 
ұлықтау азаматтық, елдік міндетіміз, ұлттық кемелдігіміз.
Кім  жайында  жазсын,  не  жайында  айтсын  әлеуметтік  
ірі  мәселелер  көтеру,  оны  елдік  іргелі  мәселелерге  ұлас тыра 
сөйлеу – Сәкеңнің әрдәйімгі әдеті, азаматтық пози циясы, қа­
ламгерлік машығы! Оның ойға оранған отты әр мақаласынан, 
бар мақаласынан, біз ұдайы осындай мі незін көреміз. Сондай 
ойларын бүгін қайталап оқып отырғандаймын».
Сағынып  еске  алдым,  Сағат  ағаны!  Азаматты  еске  ал­
ғанда елге еткен еңбегі есіңе түседі. «Парыз бен Қарыз» еске 
түсті. Сағат ағаның тындырған бір ісі еді.
19 наурыз 2013 ж.
Түркістан.

386
387
Тіпті, «Жазушы» баспасы аға буын М.Қаратаевтың үш, С.Қи-
рабаевтың  екі  томдық  таңдамалы  еңбектерін,  А.Нұрқатов, 
Қ.Нұр маханов  секілді  марқұм  сыншылардың  мұрасын  әп-
әдемі бір томдық етіп жариялады. Қатып қалған академиялық 
стильде жазатын, оқи бастасаң-ақ тісіңе қышырлап құм келетін 
монографиялармен  бірге,  жастардың  да  сын  еңбектеріне  жол 
ашылғандай.  «Жалын»  баспасы  жас  сыншыларды  бауырына 
тартып, баули бастады.
Баяндамаға қатысы жоқ секілді қосымша жайларды айтуда 
мән бар. Қалай десек те айтылған жайлардың «Қазақ әдебиеті» 
газеті  бетінде  жарияланған  әдеби  сынға,  жалпы  газеттің  ру-
хына  көп-көп  ықпалы  бар.  Өйткені  әдеби  сын  томаға-тұйық 
жанр емес, ол дәуірдің іргелі тарихи-әлеуметтік оқиғаларымен 
та мырлас,  қатарлас  дамып  отыратын  жанды  процесс.  Ке-
рек десеңіз баспасөз ретінде ол сол процестерге ықпал ететін 
тегеурінді күш! Сын – қоғамдық ой қозғаушысы.
Жоғарыда  аталған  тарихи  қаулылардың  «Қазақ  әдебиеті» 
газетіне  тигізген  шапағаты  қандай?  Сол  қаулыларды  жүзеге 
асыруда газет қандай шаралар атқарды? Дәуір тынысын бағып 
өсіп  келе  жатқан  жалпы  әдеби  процесіміз  секілді  ілгерілеу 
байқала ма?
Бұл бір сөзбен жауап бере қоярлық оңай шаруа емес. Газет 
тігіндісініне көз салайық.
Сьезден сьезге дейін дегендей, тойға толы соңғы бес-алты 
жыл  көлемінде  әдеби  процесті  тәп-тәуір  көрсетіп,  әрі  әдеби 
сын  жанрының  да  еңсесін  көтере  білген  біраз  мақалаларды 
оқыған екенбіз. Материалдардың авторлық құрамы да, олардың 
байсалды пікірі, талдау машығы да, мәселе қойысы, шешімі де 
көңіл марқайтарлық. Өзімізге де жақсы. Газетке де абырой. 
Әрине  әрбір  әдеби  жылдың  жетістіктерімен  бірге  кем ші-
ліктен де тұратыны секілді, бұл жылдардың ала алмаған асула - 
ры да, өзіндік кемшіліктері де жеткілікті. Бірақ, маған тиесілі  
сөз газеттің соңғы екі жылда жариялаған әдеби сын-ма қа лалар 
болғандықтан мен олардың бас-басына тоқталып жатпаймын. 
Мақсатты сөзге көшемін.
Соңғы екі жыл. 1979 және 1980 жылдар. Әр жылдың өз 
тарихы бар. Одан күтер әдеби қауымның үлкен үміті бар. «Қа-
зақ  әдебиетінің»  әр  жылы  тұрмағай,  әр  аптасынан  үміт  кү тіп 
елеңдеп  отырасың.  Әлгінде  айтқанымыздай,  бұл  жылдар  да 
өзінің  сыбағалы  жаңалығынан  құралақан  болған  жоқ.  Әде-
биетшілер  қауымы  терін  сығып,  қолтығын  сөгіп  еңбектенді. 
Тәп-тәуір жемістер әкелді. Әдетте авторлар алқасының мер зімді 
баспасөзде үлкен рөл атқаратыны белгілі. Орталық, РСФСРлық 
басылымдарда  автор  еншілеу,  тұрақты  автор  иелену  деген  де 
бар. Бәрі халықтың қамы, әдебиеттің жайы. 
Бұл  жылдардағы  сыншылық  құрам:  Социалистік  Еңбек 
Ері  Ғабит  Мүсірепов,  академик  Мұхаметжан  Қаратаев,  ақын 
Әбділдә Тәжібаев, жазушылар: Тәкен Әлімқұлов, Сейтжан Ома-
ров, Мұзафар Әлімбаев, Дүкенбай Досжанов, докторлар: Серік 
Қирабаев,  Рахманқұл  Бердібаев,  Хасен  Әдібаев,  Тұрсынбек 
Кәкішев…  Өкпе  жоқ  секілді…  Әдеби  сын  жанрлары.  Әдеби 
шолу, проблемалық мақала, талдау, интервью, диалог, дөңгелек 
стол,  творчестволық  портрет,  эссе,  рецензия,  реплика…  Өкпе 
жоқ  секілді…  Сын  қамтыған  мәселелер.  Поэзия,  проза,  дра-
матургия, әдебиет тарихы, аударма, мүшел той, театр, өнер… 
Өкпе жоқ секілді…
Бір  қарағанда  бәрі  жақсы,  бәрі  бар,  іздегеніңді  табатын-
дайсың. Расы да сол.
Қазір статистика мен социологияны қалтаңа салып жүретін 
заман ғой. Пікіріміз тұздықты болуы үшін фактіге ерік береміз. 
Осы екі жылда газет бетінде түрлі 125 мақала, 51 мүшелтой, 7 
творчестволық  портрет  (тек  жазушылар),  13  “дөңгелек  стол”, 
8 сұхбат беріліпті. Роман жайлы екі рет, повестер туралы бір 
рет  мәселе  көтеріліпті.  «Бір  жылдың  бес  романы»,  «Жастар 
жастар туралы», «Поэзия: ізденістер мен іркілістер», «Сати­
ра туралы сырласу», «Проблема: жанр және қаһарман» де ген 
айдармен әрдайым бір шоғыр автордың мақала, рецензияла ры 
бір бетке жинақталып беріліп отырыпты. Аз дүние емес.
Бізге 125 көлемді мақаланың 25 ұнады. Олар Ә.Тәжібаев- 
тың  –  Ф.Оңғарсынова  жайлы  «Ой  мен  сезім  нақыштары» 
дейтін  мақаласы  терең  толғанысты  талдауымен,  М.Қаратаев- 
тың «Сыр сандық туралы сыр» дейтін Т.Әбдірахманова жинағы 
жайлы  айта  келіп,  Асқарды  (Егеубаев)  Әбекең  сынынан  ара-
ша лап  алатын  мақаласы  ата  жүрекпен  жазылғандығымен, 
Х.Ерғалиевтің  «Кейіпкер  қырлары»,  С.Қирабаевтың  «Дәстүр 
мен жаңашылдық» дейтін мақалалары. Бұл мақалаларда сын-

388
389
шылар бір жинақтың өзінен жалпы әдеби процесіміздің өрісін 
тауып, өнігін айтып, сабақтастыра жазады. Аға буын сыншылар 
әдебиетіміздің кейінгі толқын жастарын жассынбай, терезесін 
тең ұстай сөйлейді, жазықсыз сыннан арашалап алады.
Сонымен  бірге  С.Әшімбаевтың  «Тағлымды  дәстүр», 
«Өлең сөздің өнегесі», А.Егеубаевтың «Өлең мен өмір өрімі», 
«Уақыттың  нақыш  саздары»,  «Сымбаты  бөлек  сыр лы  сөз», 
Б.Ыбырайымовтың  «Интеллект  және  көркемдік  қабыл дау» 
дейтін  әдебиетіміздің  теориялық  дайындықты  қажет  ететін 
проблемалық мәселелерін көтерген мақалалары да көп көңлі- 
нен шықты.
Замандастары жайында ашық та адал пікір Б.Әбдіразақов- 
тың «Үш қиян», Ф.Оңғарсынованың «Адалдық атты талант 
бар»,  К.Ахметованың  «Көркем  жыр  керек  көбірек»,  С.Елу- 
баевтың «Талантқа талап та биік» – мақалаларында кездесті.
Талдай  отырып  проблема  қою  Б.Әлімжановтың  «Ат  қоя 
білу  де  шеберлік»,  Ә.Дербісәлиевтің  «Тарих  тағлымы  және 
көркемдік  шешім»,  К.Смайыловтың  «Өмір  мен  өнер  тоғыс­
қанда»,  Ә.Бөпежанованың  «Нәзік  сырлар,  ойлы  жырлар», 
Т.Мәмесейітовтың  «Ауыл  суреттері»,  Н.Ақышевтің,  Б.Ысқа-
қовтың балалар әдебиеті жайлы мақалаларында ұшырасты.
Театр  сыны,  драматургия,  репертуар  проблемасына  ар-
налған  Б.Құндақбаевтың  «Творчестволық  биіктен  көрінсе», 
Ә.Сығаевтың  «Аударма  пьесалар  және  сахналық  шешімдер», 
О.Сәрсенбаев пен Ө.Қанахиннің диалогы сәтті шықты. 
Екі жылдың ішінде 125 автордың мақаласы жарияланыпты. 
Біз іріктеп біразын атап отырмыз. Қалғаны ұнамағаны да. Ал 
кемшілікті ұнамсыз нашар мақалалардан іздегеннен гөрі, осы 
ұнаған, қазіргі қазақ әдеби сынының тәуір үлгілерінен іздейікші. 
Қазақ әдебиетінде сын мақалаларға не жетпейді екен?
Біздіңше талдау методологиясы жетпейді. Біз қандай проб-
лема  қойсақ  та,  сонда  қаралатын  шығармаларды  тізбектей 
жеке  талдап  рецензияға  айналдырып  аламыз.  Жаңа  тәуір 
санатында аталған мақалалардың біразының да кемшілігі осы. 
Бұл кемшілік біздің әдебиетшілердің мысалды творчестволық 
проблемаға  бағындыру  орнына,  творчестволық  принципті 
мысалға бағындыруынан. Міне осыны ойланатын кез жетті.
Ол  мақалаларда  шолу  –  тізбек-тізбек  тізім,  көз  сүрінетін 
кісі  аттарынан  гөрі,  пікір  айту,  ой  салу  бар.  Кеңінен  кеңесу 
кездеседі.  Әлі  әдебиетке  келіп  үлгермеген  біздер  сонау  аума - 
лы-төкпелі  жылдардан  бастап  әдебиетіміздің  ыстық-суығына 
көніп келе жатқан, берерін беріп үлгерген М.Қаратаев бастаған 
аға  буынға  не  дейік?!  Ал  замандас,  бейілдес  Асқарға  әлгі 
мақталып  отырған  мақалаларыңды  көлемнен  гөрі  тереңге 
құрғанында қатып кеткендей екен дейміз.
Сағатқа  бір  мақалада  Әбділдадан  Әбдірашевке  дейін  де-
гендей  көп  мәселенің  басын  ашып,  шашыраңқылыққа  ұшы-
рағанша,  сол  көп  ойларды  қазіргі  қазақ  поэзиясының  бір 
проблемасына құрып, сол арқылы таратып талдағанда құба-құп 
еді дегім келеді. 
Б.Ыбырайымовтың «Интеллект және көркемдік қабылдау» 
деген  мақаласының  ұнағанын  айттық.  Бұл  мақала  бүгінгі 
әдебиеттің «ана шығарма анадай», «мына шығарма мынадай» 
– деп сілтеп салма, жалпылама пікір айтуға көнбейтін, жілік- 
теп, талдап, саралап жіктеуді тілейтін күрделі организм екенін 
еске  салғандай.  Бірақ,  Бекен  мақаласының  кемшілігі  жазушы 
интеллекті мен көркемдік қабылдау процесін әдеби проблема 
ретінде әдемі қойғанымен, аяғына дейін апармай, Ә.Кекілбаев 
пен  О.Бөкеев  шығармаларын  жалпы  әңгімелеуге  айналып 
кетеді. Мақаланың бастауында тәуір қойылған мәселе аяғына 
дейін  табиғи  ырғағын  сақтап  бара  алмайды.  Жәй  жайдақ 
мақалаға айналып кетеді.
Қазіргі қазақ әдеби сынына белсене атсалысып жүрген үш 
автор,  олардың  басқалардан  өресі  биік  тұрған  мақалаларына 
тоқталдық.  Бұл  мақалаларды  әңгімелегеннен  гөрі  әдеби  сын 
тенденцияларын көзге елестетерлік осы мақалаларға тоқталуды 
жөн көрдік. Қалғаны белгілі шығар….
***
Мүшел  той  мақаласы  да  әдеби  сынға  әбден  қатысты.  Үл-
кен-кішілі  51  ақын,  жазушының  алды  75,  соңы  50  дегендей 
той лары тойланыпты. Газет атсалысып мақалалар жариялапты. 
Бір  газет  үшін  аз  емес.  Дегенмен  ойласатын  бір  мәселе  бар. 
Ол  –  мүшелтой  мақалаларының  жазылуы  жайлы.  Осы  мақа- 
лардың дені бірсарынды. Тізбе. Мерекелік мақаланың міндеті 
мұнымен  шектелмесе  керек.  Мерекелік  мақала  қа ламгердің 
шығармашылық  есебіне  айналуы  тиіс.  Ал  ондай  мақалалар- 

390
391
дың талдау бағытында жүргізілгені жарасады. Бір ғана мысал: 
Үстіміздегі  жылы  көрнекті  аудармашы-жазушы  Әбілмәжін  
Жұмабаев 50 жасқа толды. «Қазақ әдебиеті» бе тін де елу жыл- 
дығына  елу  жол  құттықтау  жарияланды.  Қазақ  әдебиетінде 
аудармашы  еңбегі  жайшылықта  да  әңгіме  арқауына  айнала 
бермейді. Әйтпесе, баяғы Біләл Малдыбаев, Абдолла Құлыбе- 
ковтердің есімі мен аударма саласындағы еселі істері жабулы 
қалмай,  дүркін-дүркін  мәселеге  айналуға  тиісті  емес  пе?  Ал 
аударма  туралы  толғана  әңгімеленер  ұрымтал  тұс  осындай 
мүшелтойлардың кезі еді ғой. 
Әлгінде  аталған  мүшелтой  мақалаларынан  К.Бекхожин - 
нің  І.Жансүгіров,  М.Хакімжанованың  Айманкүл  Тәжібаева 
жайлы  мақалалары  біршама  сәтті.  Ұлы  ақын  Махамбет  Өте-
місұлының  175  жылдығы  архивтік  деректі  мақалалармен 
аталып өткені жарасымды.
Содан  кейін  мерекелік  мақала  тек  көтерме  мақтаудан 
тұрады.  Газет  бүгін  сынаған  автор  ертең  елуге  келсе  классик 
етуден жүзі жанбайды… Оу, басқа жаққа бармай-ақ, қазақ әде-
биетінің  өз  мысалына  жүгінейік.  Осыдан  он  бес  жыл  бұрын 
«Қазақ  әдебиеті»  бетінде  Әбділдә  Тәжібаев  сыйлас  ағасы  – 
Асқар  Тоқмағамбетовты  сынап  та,  мақтап  та,  талдауға  құрып 
мақала жазып еді ғой.
Біздіңше  мүшелтой  мақалаларын  көркейту  үшін:  а/  бір-
са рындылықтан құтылу керек, ә/ ол мақалалардың формасын 
түрлендіру керек.
Рецензия – әдеби сынның жедел де, жауынгер жанры. Ық-
шам  формасы.  Газет  бетіндегі  рецензияларды  санай  бастап 
көптігінен жаңылып қалдық. Демек, сапасы демесек, саны аз 
емес.  Көз  сүрінетін  көп  рецензиялардан  бізге  ұнағаны  мына - 
лар: Қ.Мырзалиевтің – Е.Ибраһим жыр жинағына, Б.Әлімжа-
нов тың – «Табысы да, шалыс басуы да бар», И.Брагинский мен 
Ч.Гусейновтың «Ұстаздың оралуы», Х.Ерғалиевтың «Толассыз 
толғаныстар» т.б. дейтін рецензиялары.
Бейтаныс авторлардан С.Құлбарақов, С.Шомаев есімді ав-
торлардың рецензиялары көңілді қозғайды.
Жазылуы қандай дәрежеде екендігіне қарамастан, жазушы-
лар – С.Бақбергеновтің «Ар алдындағы сыр», Ә.Нұршайықов-
тың  «Игі  талпыныс»  дейтін  рецензиялары  ыстық  ұшырайды. 
Неге?  Ең  бастысы  –  осы  шағын  рецензиялар  –  аға  буын  қос 
жазушының  қауырсын  қанат  екі  жастың  әденбиеттегі  аяқ 
алысына арналып отыр. Аға буын – ағалықты сары тістенген, 
өмірді  көп  көрген  жасамыс,  әккілік  деп  түсініп,  кейінгіні 
көкірекке  итере  берсе  не  болар  еді.  Аталмыш  қос  қаламгер 
әдебиеттегі ағалық парызын жете пайымдапты. Бұл – дәстүрге 
айналса жарасарлық, жақсы мінез екен.
«Қазақ  әдебиеті»  –  рецензияларының  басты  кемшілігі  – 
аннотациялық деңгейде қалып қояды. Шығарма талданбайды, 
мазмұндалады.  Рецензиялар  сілімтірлене  қысқартылып,  қай 
жерде  қуыс  болса  соған  беріледі.  Бұл  біздің  әлі  рецензия 
табиғатын  жете  түсінбеуімізді  айғақтайды.  Орыс  әдебиеті 
жабық  рецензияны  кітап  етіп  шығара  бастады.  Макаровты 
еске  алыңыз.  Бұл  бір.  Екінші  –  әдеби  сынға  келетін  қандай 
жас талапкер де рецензиядан өседі. Яки, рецензия – болашақ 
сыншы үшін – мектеп. Ал рецензиядағы жолдастардың жонып, 
сілікпесін  шығарған,  өңі  өзгеріп  жарияланған  рецензиясынан 
кейін  сын  жазуға  кім  құлықты  бола  қойсын?!  Әдебиетімізде 
кейінгі  кезде  сын  жанрына  талаптанушылар  аз  болса,  бәлкім 
осы  себептерден  шығар.  Үшіншіден  –  рецензия  біз  ойлап 
жүргендей  қораш  жанр  емес.  Орыс  оқырмандары  Надеждин- 
нің  рецензияларын  Белинскийдің  мақалаларымен  деңгейлес 
қоя бастағанын байқап жүрген шығарсыздар! 
Жазушылық шеберхана. 
«Қазақ  әдебиеті»  бетінен  С.Мәуленовтің  «Ұшан-теңіз  та- 
қырып,  ұлан-ғайыр  жыр»,  С.Жүнісовтің  «Ленин  және  Пет-
рокок»,  Ә.Шәріповтің  «Өмір  белестері»  аталатын  мақалала- 
ры  жарияланды.  Бірқос  тәуір.  Бұл  бізге  газет-журналдарда 
баяғыда жарияланған «Абай жолы», «Мөлдір махаббат», «Қан 
мен  тер»,  «Ақ  Жайық»  секілді  романдар  жайлы  шеберхана- 
лық  сырдың  сәтті  жалғасындай.  Дегенмен  осы  бізде  әлі  де 
қаламгерлеріміз  өз  шеберханасын  әдеби  дәстүр,  шеберлік 
мәселелерімен  сабақтастыра  ашуға  келгенде  шорқақтау,  әлі 
шын шешілмей жатқандай көрінеді.
  Шеберханаға  жалғас,  табиғаты  жақын  екінші  бір  мәселе 
–  белгілі  шығармалардың  творчестволық  тарихын  қарастыру. 

392
393
Газет  бұл  мәселеде  де  біраз  мақала  жариялады.  Мәселен, 
Р.Бердібаевтың  Мұхтар  Әуезовтің  аяқталмай  қалған  «Өскен 
өркен»  романының  тарихын  қарастыруы,  дерек-құжат  ар қы- 
лы  әңгімелеуі  қызықты  көрінді.  Алайда,  сыншының  ұлы  жа-
зушының аяқталмай қалған, орындалуы да көңіл көншітпейтін 
шығармасын (жанрын да роман деуге ауыз бармайды) бірың- 
ғай ұнамды сипаттауы. Біздің күткеніміз сыншының шын сөзі, 
сын сөзі еді. Оның үстіне Рахаң роман зерттеушісі емес пе?! 
Шеберхана сыры немесе жеке шығарманың жазылу тарихы 
алдағы уақытта сүбелі, сүйекті шығармалар негізінде жалғасып 
отырса игі. 
***
«Жазушы  портреті»  айдары  бойынша  О.Сүлейменов, 
Ж.Молдағалиев, С.Шаймерденов, В.Владимиров секілді қалам-
герлер портреті берілді.
Бір қарағанда жарасымды. Бірақ, «Қазақ әдебиетің секілді 
бетке  ұстар  әдеби  газетіміздегі  шығармашылық  портрет  аға 
буыннан  неге  басталмаған?  Олардың  портреті  бұрын  беріліп 
кетті  ме?  Ал  бұлар  ше?  Жасырмай  айтқанда,  осы  портреттің 
дені  нашар  орындалған.  Әрі  жоспар,  жүйесіз  беріліп  келеді. 
Бір  ғана  мысал:  «Талант  табиғаты»  деген  атпен  Сафуан 
Шаймерденовтің  портреті  жасалды.  Сафуан  қалай  айтсақ  та 
жарасатын сұлу табиғатты суреткер. Еңбегі аз да болса саз. Ол 
кісі жайлы әрдайым жазылып жатады. Ендігі жазылар мақала 
ең  болмағанда  өзіне  дейінгі  жазылған  мақала,  айтылған  ой-
пікірдің  біреуінен  асып,  бірімен  тең  түсіп  жатуы  керек  емес 
пе?  Ал  Ж.Ақпамбетовтің  аталмыш  жазушы  портретін  жаса- 
 мақ талабының сәтсіздігі – жаңалықсыз, жайдақтығында. Бол- 
ма са, Ж.Молдағалиев шығармашылығына арналған С.Дәуітов 
мақаласын оқып көріңіз. Су татиды…
Осы  екі  мысал  жеткілікті  секілді.  Басқасын  айтпаймын, 
іштеріңіз білсін әлуай…
Жалпы  бұл  айдарды  одаға,  жалған  мадаққа  айналдыруға 
бол майды.  Ол  мақалалар  әрбір  қаламгердің  жетістік-кем ші -
лігін  саралай  талдау  болуға  тиісті.  Ендеше  газет  ұялмай-қы-
зар май  «жалпақ  шешейлік»  міндет  атқаруды  қоятын  мезгілі 
жеткендей.
***
Газет соңғы жылдары «дөңгелек столғаң үйірсектеді. Расын 
айтқанда,  «дөңгелек  столң  газеттің  соңғы  жылдардағы  біраз 
жүгін көтеріп жатыр десек артық емес.
Мәселен,  биылғы  жылдың  (1980)  18  қаңтардағы  санында 
жарияланған  «Сатира  туралы  сырласу»  аталатын  топтама 
осы пікіріміздің айғағы. Жүсіп Алтайбаев, Темірбек Қожакеев, 
Қажытай  Ілиясов,  Мыңбай  Рашев  секілді  авторлардың  ортақ 
ой-пікірлері  сатира  аталатын  азулы  жанрдың  арзандап  бара 
жатқанын әдемі айтып, кемшілікті ортаға салды. Әдеби сында 
еленіп,  ескертілмеуіне  қарамастан  фельетон  жанрында  тәуір 
еңбектеніп келе жатқан Жүсіп Алтайбаев былай дейді: 
«Биік  тұрғыдан  бой  көрсеткен  проблемалық,  көркем 
фельетон  нұсқасы  бізде  неге  жоқ.  Фельетонның  басқа  түр­
лері  қайда?  Бүгінгі  күнге  дейінгі  жазылған  бас­аяғы  бірді­
екілі  ғана  жағымды  фельетон  неліктен  репертат  болып 
кете  берді.  Көркем  әдебиеттің,  сондай­ақ  публицистиканың 
да  әрқилы  саласындай  талант  талғайтын,  үздіксіз  еңбекті 
талап  ететін  фельетон  жанрымен  үнемі  шұғылданып,  оны 
өз  творчествосының  бірден­бір  негізгі  өзегі  етіп  жүргендер 
қанша?»
Сатира сарбазы проблема қояды. Таратып айтып ойларын 
ортаға салады. Осындай сұраулы мәселені сатираның кез-кел-
ген жанры жөнінде айтуға болар еді. 
Өкінішке  қарай  сол  «Дөңгелек  стол»  немесе  «Диалог», 
«Проблема»,  «Жанр  және  қаһарман»,  «Поэзия:  ізденістер 
мен  іркілістер»  деген  «Дөңгелек  столға»  төркіндес  айдарлар 
бойынша ұйымдастырылған материалдардың баршасы бірдей 
оқырман  көңілінен  шыға  алмайды.  Оның  мынадай  себептері 
бар:
1.  Редакция  әуел  баста  проблеманы  кейін  айтыс-тартысқа 
айналарлық,  авторлар  құштарлықпен  қатысарлық  дәрежеде 
ши рықтырып  қоя  алмайды.  Авторлардың  бұл  мәселеге  жапа-
тармағай  қатыспауы  сол  себепті.  Мәселен,  повесть  жай лы 
мәселе  газет  бетінде  алғаш  Д.Досжанов,  Н.Ақышев,  Б.Сар-
балаев,  Т.Мәмесейітов  –  мақалаларымен  басталды.  Ол  мақа-
лалардың  қай-қайсысы  да  авторлардың  жеке  пікірі  ретінде 

394
395
жақсы. Бірақ «осы мәселені қалай шешеміз?» деген дағдарысты 
сұрақ қойылмайды, ортаға тасталған проблема жоқ. 
2.  Редакция  шама-шарқынша  кейінгі  кездегі  шығармалар- 
дың бәрін қамтығысы келеді. Бірақ олардың басын біріктірер- 
лік ортақ тенденцияны ұстай алмайды. Басқаша айтсақ, газет 
ортаға тастап төңірегінен полемика туғызбақ болып әурелене- 
тін  шығармалары  туған  әдебиеттің  түбірлі,  түбегейлі  мәселе- 
лерін туындатарлық, қатар қозғауға күретамыр бола алмайтын 
ортақол туындылар еді. 
3.  Авторлар  пікір  қайшылығына  бармады.  Сондықтан 
проблема деп берген мақалалар бері салса жайдақ рецензия, әрі 
салса мақала ғана болып шықты. Өзара сабақтастық жоқ.
Тек  Серік  Қирабаевтың  «Ең  бастысы  –  адам»  аталатын 
мақаласы  мен  Әлия  Бөпежанованың  сол  мақалаға  әрі  қарсы 
келе, әрі мақұлдай жазған мақаласында ғана сабақтастық бар. 
Өзгелері құдай аманат!..
4. «Қазақ әдебиеті» осы айдарында мәселені көтеріп, біраз 
жалғастырып келеді де, түйіндеусіз тастап кете барады.
Қазіргі  «Дөңгелек  столдағы»  әңгімелерді  мықтап  тұрып 
түйіндеу керек.
5. Проблемаға қатысқан авторлармен сөйлескенімізде олар 
мақаладағы  субъективтік  ой-пікірдің  алынып  қалып  барып 
жарияланатынын  айтады.  Айтыста  артық-кем  пікірдің  болуы 
заңды.  Ақиқат  айтыс-тартыста  ашылады.  Субъективті  ойлау 
белсенділігінсіз объективті ой өріс аша ма?
Сонымен бұл айдарлар бойынша жарияланған материалдар 
жайлы ойымызды қорытсақ: ол мақалалар проблемалық өреге, 
айтыскерлік деңгейге көтеріле алған жоқ. Жәй күнделікті құ-
батөбел мақалалар мен рецензиялар қатарында қалып қойды. 
Роман жайлы отырыс ойшылдық сипат ала алмай, осы ның 
кебін  киді.  Әдеби  айдар  бойынша  беріп  жатқан  материалда-
рымыздың бәрі жәй мақала ғана.
Біз  неге  бұлай  тарығып  сөйлеп,  торығып  отырмыз? 
Әдебиетіміз де, газетіміз де жас емес пе? Ұлттық әдебиеттерде 
тәжірибе  аз  деген  жәй  сөз.  Естеріңізде  шығар,  алпысыншы 
жылдары  ұлы  Мұхтар  Әуезовтың  «Литературная  газета» 
бетінде бүгінгі замана шығармалары жөнінде мәселе көтергені. 
Естеріңізде шығар жетпісінші жылдары «Литературная газетаң 
бетіндегі  бүгінгі  әдебиет  кейіпкерлері  айтысты  жас  сыншы 
Мұрат  Әуезовтың  түйіндегені.  Мақтаныш  па?!  Енді  қалай! 
Біле білсек, қазақ әдебиеті өкілдері жалпы «одақң әдебиетінің 
кейбір  күрделі  күретамыр  мәселелерін  көтеріскен  екен.  Енді 
неге  әлсірейміз?  Неге  өзімізді  жассынамыз?  Неге  өзімізді 
тәжірибесізбіз деген сылтаумен жұбатамыз? 
Былтыр роман жайлы мәселе бір көтеріліп, түйінсіз қалған. 
Сонымен  сөзімізді  осы  жерде  бір  түйіп  өтейік.  «Қазақ 
әдебиеті»  газетінің  проблема  көтеруі  дұрыс,  бірақ  шешімін 
таппай  отыр.  Мәселені  өткір  көтеріп,  өрісті  сабақтап,  ойлы 
түйіндеу керек.
***
Ерекше назар тілейтін мәселенің бірі – театр сыны. «Қазақ 
әдебиетің газеті бетінде театр сыны, арнайы маманның азды- 
ғын білдірмеудің амалы ма, әйтеуір «Диалог» формасында бері- 
ліпті.  Екі  жылда  оншақты  сұхбат  жарияланыпты.  Солардың 
ішінен  газет  тілшісі,  әрі  жазушы  Оразбек  Сәрсенбаев  пен 
Мәдениет Министрлігі, репертуар бөлімінің бастығы, жазушы 
Өтебай  Қанахиннің  «Репертуар  мәні,  сахна  сәні»  аталатын 
диалогын ғана тұшына ауызға алуға болады. 
Газет тілшісі ретінде Орекең – Өтекеңді итермелеп жауап- 
ты, шешімін күткен мәселелерге апарып-апарып, алып қайтып- 
ты…  Жалпы  Оразбек  Сәрсенбаевтың  қаламы  әдеби  сынға 
өгейлік етпейді. Ол жазған сынның бір ерекшелігі – ол мақа- 
лалар танымал жазушының жанр жайлы ойы болып шығады. 
Практикалық  талдау  мәнерін  көрсетеді.  Сонымен  қатар,  таза 
кәсіби  кәнігі  әдеби  сын  да  болып  шығады.  Тек  кейінгі  кезде 
көрінбей барады. 
Ал  қалған  диалогтардың  хал-жайы  қалай?  С.Әбдікәрімов  
пен  Р.Сейтметовтың  диалогы  («Аударма  спектакльдер»)  22 
маусым 1979 ж/ аталады. Естімеген елде көп, «аударма спек­ 
такльдер» де болады екен ғой. Бір рет ағаттықпен пайдаланып 
қойса жақсы ғой, осы бір құлаққа түрпідей тиетін, негізі жоқ 
атауды  газет  басшылығы  термин  ретінде  тұрақтатқысы  келе 
ме,  соңғы  кезде  кез-келген  материалға  таңып,  тықпыштап-
ақ  келеді.  Тіпті  театрдың  жай-жапсарын  тәуір  білетін  маман 
Әшірбек  Сығаев тың  да  мақаласына  тықпалап  бағыпты… 

396
397
Аударма пьесаға тән ұғым. Ал, спектакль режиссер туындысы, 
қала берді труппа еңбегінің жемісі. 
Ал  жоғарыдағы  сұхбатта  екі  режиссер  мен  сыншы  сөзі 
өзара қабыспай, бірі айға, бірі сайға қиғаш қарап бет-бетімен 
ыдырай жөнелгелі тұр.
Жалпы  газеттегі  өнер  жайлы  сұхбат,  болмаса,  дөңгелек 
столдың  жұлдызы  жанбай-ақ  қойды.  Кейде  тілші  этикасы 
сақталмайды. Әйтпесе, Серәлі Қожамқұлов, Ермек Серкебаев, 
Бибігүл  Төлегенова  секілді  кейінгі  ұрпаққа  қиял  аралас  аңыз 
болып  жететін  ақиық  өнерпаздарды  сұхбатқа  байқап-байқап 
шақыру керек қой. Шақырған соң оларға лайықты сұрау қойып, 
соған  орайлас  ой  тауып,  ауыздарына  сала  білу  керек.  Әрине 
олар тәңірі талантымен, айтулы әні, сахнасымен құдіретті. Ал 
кейінгі ұрпақ табасына ұшырамау үшін олардың газетке шығар 
пікірінің дәнін пісіру, жетілдіру жөн! Ол үшін ең бастысы ақиық 
өнерпаздардың көкейіндегісін көзінен танитын, газет тілшісінің 
интеллектуальдық қуаты мол болуы жарасады.
Ал  әзірге  ол  кісілер  аппақ  сақалымен  сұхбатқа  қатысып, 
былдырап баланың сөзін сөйлеумен жүр. Бұл басқа емес, газет 
тілшісінің дәрменсіздігі…

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет