СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)


ТҰлҒалау Ма, СҰлБалау Ма?



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата28.12.2016
өлшемі2,26 Mb.
#667
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41

ТҰлҒалау Ма, СҰлБалау Ма?
Сын – көркем әдебиетті саралайтын жанр. Әдебиетті талдай 
отырып әлеуметтік мәні бар ірі-ірі ойлар айту да сын міндеті. 
Сынды  қоғамдық  ойдың  қозғаушысы  дейтін  пікір  де  осыдан 
туса  керек.  Әдебиет  деңгейінің  төмендеп  кеткендігі  әрдайым 
әңгіме болып жүр. Әрине, бұған себеп көп. Сол көп себептің 
бірі – әдеби сын белсенділігінің әлсіреуінен деп білеміз. Сын 
–  соңғы  жылдары  көркемдік  күзетшісіне  айнала  алмай  отыр. 
Қазақ  әдебиетіндегі  халтураға  тосқауыл  бола  алмағаны  өз 
алдына, қазір «сен тимесең мен тимен бадыраң көзге» көшкені 
соншалық,  аға  буын  әдебиетші,  сыншылар  өз  еңбектеріне 
деген  жауапкершілікті  төмендетіп  алды.  Жалпы  аталуы  сын 
болғанымен  әдебиеттің  бұл  саласы  да  іштей  жанрлық  ерек- 
шеліктерге  жүйеленетіні  мәлім.  Соның  бірі  –  белгілі  ақын, 
жазушының  өмір  жолы  мен  өнериет  өнегесін  қарастыруға 
арналған сыни очерк және ғылыми монография. 
Белгілі  бір  қаламгерге  әдеби  сын,  очерк  кітабын,  немесе 
ғылыми монография арнаудың қазақ әдебиеттану ғылымында 
өзіндік  дәстүрі  бар.  Ұлы  Мұхтар  Әуезовтің  Абай  туралы 
арнайы  зерттеу  кітабы,  профессор  Бейсембай  Кенжебаевтың 
бұрын әдеби мұрасы даулы саналған Сұлтанмахмұт жайында 
үзіліс-үздіксіз зерттеу жүргізіп, ұлы ақын басын арашалап бір- 
неше  сыни  очерк  кітаптарын  жазуы,  Темірғали  Нұртазиннің 
Сәбит Мұқанов өмірі мен өнер жолын баяндайтын кітабының 
Москвада  өткен  қазақ  әдебиеті  онкүндігіне  қатысуы,  Серік 
Қирабаев,  Тұрсынбек  Кәкішевтің  Сәкен  Сейфуллин  жайында 
шығармашылық  очерк,  ғылыми  монография,  деректі  зерттеу 
кітаптарының  әр  жылдары  Москвалық  баспалардан  жарық 
көруі  –  әдебиет  мерейін  тасытар  жәйт.  Қазақ  әдебиеті  қалам 
қайраткерлері  өмірі  мен  өнериетін  талдайтын  очерк,  моног-
рафиялар  соңғы  жылдары  бәсеңсіп,  саябырлап  кеткендей  кө-
рінген. Тіпті Х.Әдібаевтың ұлы жазушы Ғ.Мүсірепов жөнінде 
жазған монографиясынан кейін жеке ақын, жазушы өнер жолын 
тұтас қарастырарлық еңбек толастағандай еді. Аға буын орыс 
әдебиетінде орта буын өкілдері – А.Вознесенский, Е.Евтушен-
ко,  С.Викулов  әдебиеттік  жолы  арнайы  әңгімеленіп  жатқанда 
қазақ әдебиетшілері ұлт әдебиетіндегі қабырғалы қаламгерлер 
жөнінде неге жазбайды, неге дәстүрден көз жазып қалды деп 
ойлаушы едік. Бақсақ, біздің байламымыз әбес екен. Сексенін- 
ші жылдардың беделінде С.Ордалиевтың «Сөз зергері» (“Жа- 
зушы”  1982/,  Ә.Нарымбетовтің  «Қалижан  Бекхожин  твор­ 
чество сы» (Ғылым 1983), С.Тәжіғұловтың «Хамит Ерғалиев» 
(Жазушы  1983),  Т.Бейісқұловтың  «Қанатты  қаламгер»  (Жа-
зушы 1983), Ә.Шәріповтың «Сырбай Мәуленов творчествосы» 
(Ғылым  1985)  секілді  сын-зерттеу  еңбектері  жарық  көріпті. 
Жоғарыда  айтқан  қынжылысқа  осынау  еңбектерді  талдау 
арқылы көз жеткіземіз.
Қазақ қарасөзінің шебері Бейімбет Майлин әдеби мұра сын 
(С.Ордалиев,  Т.Бейісқұлов),  уақыт,  заманамен  қатар  адымдап 
келе  жатқан  алымды,  шалымды  дарындар  Хамит  Ерғалиев, 
Қалижан  Бекхожин,  Сырбай  Мәуленов  өмірі  мен  өлеңін  қа-
растыру, қалай айтсақ та, игілікті іс, қазақ әдебиеттану ғылымы 
үрдіс-дәстүрін жалғастыру. Тізгін қағысып қатар келе жатқан, 
ақындық табиғаты әралуан (тізім етегіндегі) үш ақын жөнінде 
олар толысқан қазіргі шағында айтпағанда қашан айтпақпыз? 
Үш ақын да еңбегіне лайық Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы 
лауреаты  атанған,  қазақ  поэзиясына  еселей-еселей  үлес  қо-
судан  танбаған  тарлан  таланттарымыз.  Сондықтан  олардың 
шы ғармашылығы  жөнінде  жазылған  сыни  очерк  кітаптары 
мен  маңызды  монографияларды  қуана  қарсы  алуға  әзірміз. 
Ал,  Майлин  секілді  кезінде  әдеби  мұрасы  біршама  жақсы 
зерттелген  қаламгерді  жаңа  қырынан  қарастырар  болса  оған 
неге қуанбасқа?!
«Сөз  зергері»,  «Қанатты  қаламгер»  –  бар  жанрда  қалам 
тербеп, қазақ әдебиетін кәсіптік деңгейде қалыптастыруға ай-
рықша еңбек сіңірген ұлы сөз шебері Бейімбет Майлин мұра-
сы  жөнінде.  «Сөз  зергері»  композициялық  құрылысы,  талдау 
жүйесінде  канондық  сипат  бар.  «Алғысөз»,  «Жазушының 
өмі рі»,  «Поэзиясы»,  «Прозасы»,  «Драматургиясы»,  «Түйін» 
етіп  дәстүрлі  жүйелене  жазылған  монографияны  жаңалықты 
көрсететін  екі  ерекшелік.  Бірінші  –  ғалым  жазушы  мұрасын 
тың материалдармен толықтырған. Мерзімді баспасөз, архив-
терден  табылған  шығармаларды  «Қызыл  жалау»  (1979  ж) 
деген  атпен  кітап  етіп  жариялаған  ғалым  жазушы  мұрасын 
талдағанда  жаңа  табылған  материалдарды  қоса  қарастырған. 
Ғалымның  ұлы  жазушы  мұрасынан  тың  деректі  тірнектей 
жинап, тірілте сөйлеуі – «Сөз зергерінің» құнды бір ерекшелігі. 

448
449
Майлинтанушылар ізденісінің бірсарындылығы сонша, бұдан 
елу  жыл  бұрын  дүниеден  өткен  жазушы  кейіпкерлерінің 
түптұлғасы болар, оқушы олармен өмірде кездесер, сырласар 
деп  сірә  ойламаппыз-ау.  Ойымызға  кіріп  те  шықпаған  жай. 
Ал  ғалым  арнайы  экспедиция  құрамында  сапарға  шығып, 
кезінде  жинаған  материалын  алға  тартып  отыр.  Тұңғыш  рет, 
аз  да  болса,  жазушы  шеберханасынан  әңгіме  сабақтап  отыр. 
Жазушының  ағайындары,  кәрі  құлақ  замандастары  естелігіне 
сүйеніп,  Биағаңның  1928  жылы  елге  келгенде  өз  қолынан  он 
бес  үйлі  «Жалшы»  ұжымшарын  ұйымдастырғаны,  «Он  бес 
үй» повесін сол ұйымды, оның мүшелерін (ғалым 14 мүшесін 
анықтапты)  негізге  ала  отырып  жазғанын  анықтайды.  Бұл  – 
«Сөз зергерінің» оқушы сүйсініп оқып, түйсініп қабылдайтын 
жемісті  бір  сәті.  Атап  айтқан  екі  ерекшелік,  екі  сәт  білдей 
бір  монография  үшін  әрине  аз.  Ескі  сүрлеуге  түсіп,  Майлин 
жайлы бұрын-соңды айтылған ақиқатты қайталау – «Сөз зер-
гері» авторының кемшілігі. Бірсарынды стиль – еңбектің ша-
бытсыз  жазылғандығының  белгісі.  Очеркті  оқып  отырып 
Сей ділда  Ордалиев  –  шығармашылық  биігінен  көп  төмендеп 
кеткенін көреміз. Тіпті «жазудан» шығып қалғандай кібіртік... 
Ал «Қанатты қаламгерде» осы жан-жақты дарын еңбегінің бір 
қыры – публицистикасы қарастырылыпты. Т.Бейісқұлов архив 
ақтарып, газет тігіндісін көтеріп біраз еңбектеніпті. Сол ізденіс 
оны  өзіне  дейінгі  Майлинтанушылардан,  еңбекті  бұған  дейін 
жазылған  зерттеулерден,  белгілі  дәрежеде,  ерекшелей  алады. 
Зерттеушінің тапқаны аз болса да тақырыптық жинақтау, жанр-
лық  жүйелеу  –  аталмыш  еңбекке  әжептеуір  әр  берген.  Басты 
жетістік – Б.Майлин публицистикасы толық жинақталып, кей-
бір  ерекшеліктеріне  орай  жүйеленіп,  арнайы  зерттеу  объек ті-
сіне  айналып  отыр.  Алда  осы  ізденісінен  танбаса  Тоқтар  Бе-
йісқұловтан жақсы Бейімбеттанушы шығарына күмән жоқ. Екі 
авторды қос-қабат айтқанда әзірге білімдар әдебиетші Темірға-
ли  Нұртазиннен,  оның  «Бейімбет  Майлиннің  творчествосы» 
аталатын тамаша зерттеуінен мойны озып тұрғаны шамалы.
Хамит Ерғалиев, Қалижан Бекхожин – қатар адымдап, жа-
раса басып, жақсы еңбек жасап, халыққа рухани қазына беріп 
келе  жатқан  қанаттас  көрнекті  ақындарымыз.  Әдебиет  табал-
дырығын  қатар  аттап,  өмір  өткелдерін  бір  өткізген  өмірбаян 
ұқсастығы  ма,  әлде  өрнегі  басқа-басқа  болуына  қарамастан, 
жанрлық  ізденіс,  яки  эпиктік  табиғаттың  жақындығынан  ба, 
әйтеуір Ә.Нарымбетов те, С.Тәжіғұлов та екі ақын өмір жолы, 
өнерлік  өнегесін  жүйелеуде  ұқсас  түсіп  жатыр.  Шамалап 
айт қанда,  қос  ақын  (Қалижан,  Хамит)  өнер  жолы  алғашқы 
адым,  Отан  соғысы  жылдарында,  соғыстан  кейінгі  бейбіт 
өмір  кезеңдеріне  орай  жүйеленіп  талданады.  Екі  зерттеуші 
де  ақындардың  поэма,  дастандарына  айырықша  зер  салып, 
олардың эпиктік ерекшелігіне ерекше тоқталады. Бірі – «Құр-
манғазы»  поэмасының  жазылу  процесін,  екіншісі  «Ақсақ 
құлан», «Мәриям Жагор қызы» дастандарының әр кездік нұс-
қасын салыстырып талдайды.
Ақиқатын айтсақ, екі әдеби-сын очерк кітабында көңіліңді 
сергітіп, үмітіңді оятатын, зерттеушілік мінез көрінетін сәттер 
–  осы  ғана.  Ал  өзге  сәттер  ше?  Жасырмай  айтсақ,  екі  сыни 
очерк кітабы да ақын шығармасын талдағандай емес, көңілсіз, 
шабытсыз, әрсіз, нәрсіз жазылған дүниелер. Шын мәнінде екеуі 
де біздің майталман ақындарымызбен шығармашылық жарыс-
қа түсіп, поэзияның ішкі иірімдеріне үңіліп, асыл мен жасық-
ты  айқын  ажыратып  тани  алмаған.  Өздері  екі  ақынымыздың 
шығармашылық  ерекшелігін  жеріне  жеткізе  танымай  тұрып, 
қайдан ғана оның шырайын кіргізіп бізге таныта қойсын?!
Ал  Әди  Шәріпов  Сырбай  Мәуленов  шығармашылығын 
қа растырғанда  оның  өмірлік  жолы  мен  ақындық  табиғатын 
поэтикалық ерекшелігіне орай әңгімелеуге тырысыпты.
Мұның  қайсысы  да  авторлық  ниет  қана.  Шындығында 
сыншы Сырбай Мәуленовтей ақынның табиғатына бойлап ба-
рып, оны тани алмаған. Белгілі қалам қайраткерлері өмірі мен 
өнерін соны методологиялық тәсілмен жан-жақты талдап көр-
сетуге тиісті осынау ғылыми монография, сыни очерк кітапта-
ры  жетістігінен  гөрі  кемшілігі  мол.  Енді  біз  өзіміз  байқаған 
кемшіліктерге тоқталайық.
Аталған  ақын,  жазушылар  шығармашылығы  әр  кезеңде 
әрқилы  басылым,  баспасөзде  әңгіме  болғаны,  үлкенді-кішілі 
талдау жасалғаны хақ. Сөйте тұра біз әңгімелеп отырған әде-
биетші  ғалымдардың  бірсыпырасы,  айталық  С.Ордалиев, 
Т.Бе йісқұлов, объектінің өздеріне дейін зерттелгенін айтқысы 
кел мейді, арғы-бергі пікір қайталанатынына қарамастан, тың-
нан  қарастырып  отырғандай  күйде  бой  көрсетеді.  Өзіне  де-
йінгі тақырыптас зерттеушілер пікірін дерексіз қайталау әдеп-

450
451
ке  бастамасы  хақ.  Керісінше  екінші  топ  авторлар,  айталық 
Ә.Шәріпов, Ә.Нарымбетов, өзіне дейінгі зерттеушілер пікірін 
келтіргенде  еңбектің  тең  жарымын  үзіндіге  айналдырады. 
Үзіндінің  көптігі,  ұзақтығы  соншалық  монография  құранды 
монтаж-кітапқа айналып кеткендей әсер етеді. Нақты мысалға 
жүгінейік. Филология ғылымдарының докторы, белгілі жазушы 
Әди  Шәріпов  аталмыш  монографияның  «Ақынның  өмір  жо­
лы  –  өлеңдері»  аталатын  тарауында  ақын  С.Мәуленовтің  үш 
томдық шығармалар жинағына жазылған «Өмір жолы – өлең 
өрісі» (Жазушы 1982, 1-том) аталатын бес парақтық алғысөзді 
тым еркін пайдаланыпты. Салыстыру жасайық.
«Қара  бұлттардың  көз  жасындай  қара  жаңбыр  құйып 
тұрған  күз  таңында  дүниеге  келіппін.  Әкем  өлеңқұмар,  өз 
бетінше ескіше хат танитын адам еді. Сол мен туған күнді 
«1922 жыл, 17 сентябрь» деп көкірегіне түйіпті» /С.Мәуленов 
І том, 5­бет/.
«Қара  бұлттардың  көз  жасындай  қара  жаңбыр  құйып 
тұрған  күз  таңында  дүниеге  келген  Сырбайдың  әкесі  өлең 
құмар, өз бетінше оқып, ескіше хат танитын адам болыпты. 
Сол Сырбай туған күнді «1922 жыл, 17 сентябрь» деп көкірегіне 
түйсе керек». /Ә.Шәріпов, аталған еңбек 8-бет/
«Түбірлер»  деген  өлеңімнің  тууы  да  қызық.  Бұл  бас­аяғы 
он бес жолға жетер­жетпес өлең. Мұның жазылуына да бір 
уақиға себеп болды. Мен көп жылдан соң, үй­ішіммен, бір кезде 
қан  төккен  Волхов  орманына  бардым.  Назия  өзенінің  мөл дір 
суына бетімді жуып, жар жағасында ойға шомып, көп тұр­
дым. Өткен күндер есіме түсіп, көз алдым тұманданып кетті. 
Айнала баяғы батпақ, сол батпақты бір кезде белуардан кеш­
тік,  сол  батпақты  терең  етіп  қазып,  сол  батпақтың  ішіне 
тү недік. Сол батпақты жау оғына қалқан ғып тосып, қорған 
еттік. Енді сол батпақтан соғыс кезіндегі соқпағымды іздеп, 
ерсілі­қарсылы біраз жүрдім. Әр жерде бір кесіліп қалған тү­
бірлер  кездеседі.  Маған  олар  қол­аяқтан  айырылып,  мүгедек 
бо лып қалған солдаттар секілді елестеді. Осыдан барып «Тү­
бірлер»  деген  өлең  кеудемде  күмбірледі».  (С.Мәуленов  І  том 
7-бет).
 «Түбірлер» деген өлеңінің тууы да қызық. Бұл бас­аяғы он 
бес жолға жетер­жетпес өлең. Бұл өлеңнің жазылуына да бір 
оқиға себеп болады. Сырбай көп жыл өткен соң, үй­ішімен, бір 
кезде өзі қан төккен Волхов орманына барады. Назия өзенінің 
мөлдір  суына  бетін  жуып,  жар  жағасында  ойға  шомып  көп 
тұрады. Өткен күндер есіне түсіп, көз алды тұманданып ке­ 
теді. Айнала баяғы батпақ, сол бат пақты бір кезде белуардан 
кешіп,  сол  батпақты  терең  етіп  қазып,  ішіне  түнейді.  Сол 
батпақты  жау  оғына  қалқан  ғып  тосып,  қорған  етеді.  Енді  
сол батпақтан соғыс кезіндегі соқпақтарын іздеп, ерсілі­қар­ 
сылы  біраз  жүреді.  Әр  жерде  бір  кесіліп  қалған  түбірлер 
кездеседі.  Сырбайға  олар  қол­аяқтан  айырылып,  мүгедек  бо­ 
лып қалған солдаттар секілді елестейді. Міне осыдан барып 
«Түбірлер»  деген  өлең  кеудесінде  күмбірлегендей  болады». 
(Ә.Шәріпов, аталған еңбек, 11-бет).
Әрине, ары қарай бақандай бес парақты осылай салысты - 
рып  шығуға  болады.  Бірақ  одан  мән  шықпайды.  Бар  айырма  
ақын  бірінші  жақтан,  зерттеуші  үшінші  жақтан  баяндайтын-
дығында ғана. Салыстыру ақыннан келтірілген үзіндіні талдау 
деп  те,  пікірін  дәйектейтін  «цитата»  ретінде  де  қарауға  ерік 
бермейді. Белгілі ақын өнериетінен жазылатын монографияға 
бұлай жеңіл қарауға болмайды. Партизандық прозасын бір қос 
сүйіп  оқитын  жазушының  «Сырбай  Мәуленов  творчество ­ 
сы» аталатын зерттеуінде методологиялық жетімсіздік, стиль - 
дік олқылықтар да баршылық. Орын алған олқылықты дер ке-
зінде әділ көрсету орнына өзіміз ерекше сыйлайтын талантты 
сыншы  Бақытжан  Майтановтың:  «Негізгі  ірі  әдеби  тұлғалар 
туралы  монографиялық  жұмыстар  жазылып  болғандай  /?/ 
мезгілде қазіргі қазақ совет поэзиясының көрнекті қайраткері 
–  Сырбай  Мәуленов  творчествосы  туралы  зерттеудің  тууы 
көркемдік  даму  жалғастығы,  стильдік  даралықтар  байлығына 
айғақ,  ақиқатты  ғылыми  тұрғыдан  насихаттау  міндетімен  та-
мырлас. Еңбек авторы – өзі де белгілі жазушы, филология ғы-
лымының  докторы  Әди  Шәріпов.  Монография  мазмұн-құры - 
лым тұтастығымен /?/ бірге ой жүйелілігі /?/, талдау тереңдігі- 
мен  /?/  бағалы»  (Уақыт  және  қаламгер,  12-кітап,  “Жазушы” 
1986 жыл, 246-247-беттер) деп әсіре мақтауы біз үшін түсініксіз 
жай…
Өзге еңбектер жөнінде айтар болсақ Нарымбетов моног ра-
фиясында «Алғашқы адымдар», Тәжіғұлов очеркінде «Бастау» 
жалпы жазылған. Аталған кіріспенің атқарып тұрған міндеті аз. 
Авторлар белгілі шығарманы талдау орнына мазмұндап кетеді. 

452
453
Нақты талдау жасалмағандықтан нысаналы шығармамен тұс-
тас туған туындыларды, олар жайында жазылған мақала-рецен-
зияларды тізбектеу – монографияны зерттеуден гөрі библиог-
рафиялық шолуға айналдырып жіберген. 
Ретті-ретсіз шолуға ден қоюшылық әсіресе «Қалижан Бек­
хожин  творчествосы»,  «Қанатты  қаламгер»  еңбектеріне 
көлеңкесін  түсірген,  авторларды  мақсатты  талдаудан  бұрып  
әке те берген. Әсіресе Нарымбетов, Тәжіғұлов жолдастар поэти-
калық талдау тәсілін жете меңгермеген, талдау методологиясы 
төмен.  Таптаурын  ескі  тәсілмен  Хамаң,  Қалекеңдей  ірі  да-
рындар шеберханасына бару, шеберлік құпиясын ашу мүмкін 
емес қой.
Қай-қай еңбекте де қайталау орын алған. Бейісқұлов Биа-
ғаңның 1933 жылы өнеркәсіп орындарында болып «Алыптар­ 
ды  аралағанда»  (1934  ж)  очерк  кітабын  жазғанын  үш  рет, 
На рымбетов  «Ақсақ  құлан»  поэмасының  екі  нұсқасы  бар 
екенін  алты-жеті  рет,  Тәжіғұлов  «Үлкен  жолдың  үстінде», 
«Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің» поэмаларының бүгінгі 
өмір  шындығынан  алынып  жазылғанын  екі-үш  рет  дәмсіз 
қайталайды. Мұның өзі зерттеушілердің айтар ойының көпті- 
гін аңғартпаса керек…
Ұқыпты библиогроф, филология ғылымдарының докторы, 
поэма жанрының тындырымды зерттеушісі Ә.Нарымбетов бір-
де  «Ақсақ  құланның»  екі  нұсқасы  бар»  /Аталған  еңбек  119- 
бет/  десе,  келесіде  «бұлар  жеке-дара,  бөлек,  дербес  шығар­
малар» /Сонда 122-бет/ деп өз пікіріне өзі қайшы келіп жатады. 
Ал  Сәңгерей  Тәжіғұлов  Хамаңның  мәрмарға  қашалғандай 
қайсар  жырлары  тұрғанда,  кейбір  босаң  шумақтарды  малда - 
нып,  ақын  беделін  түсіреді.  Мәселен,  өлеңмен  жазылған  ро-
ман,  әлде  поэма  дейміз  бе,  әйтеуір  қазақ  поэзиясының  үздік 
туындысы «Құрманғазыдағы»:
Василий Савельев парасатты
Ұғады келешекті, қалашақты /?/;
Қозғайды тарихынан қазағыңды
Қыпшақты, сонау арғы қара /?/ сақты.
секілді  ұйқас  құрбандығына  ұшыраған  сәтсіз  жолдарды  біз 
Хамаңның қолынан шықты дегенге сенбес едік. Ал зерттеуші 
осынау  шумақты  ұстап  алып  “аузын  ашып,  көзін  жұмып” 
таңданады. Бұл – әрине зерттеуші талғамсыздығы.
Стильдік  кемшіліктер  қай  кітапта  да  жетерлік.  Мысалға 
жү гінеміз.  «Осы  түп  қазық  ой  реалистік  өмір  суреттерінен 
басталып үлкен философиялық түсіндірулерге /?/ дейін көте­ 
рілген. «Аңыз атаның» ерекшелігі де осында» /Аталған еңбек, 
63-бет/,  –  деп  жазады  С.Тәжіғұлов.  Біздің  ойымызша  поэзия 
түсіндірмесе керек. Түсіндірер болса ол шынайы поэзия болып 
шықпағаны.  Поэзия  сезімді  баурай  түйсіндіруі  керек.  «Ақын 
образбен ойлайды» деген Белинский анықтамасы қайда? Тағы 
да  осы  автор:  «Бір  айта  кететін  ерекшелік  –  тақырыбы  /?/ 
заманымыздың  ұлы  істерін  жырлайтын  /?/  бұл  дастандар 
арқылы  Х.Ерғалиевтің  жаңа  советтік  эпостық  дәстүрдің 
жұрт сүйсінетін үлгілерін жасап, кезеңге сай поэтикалық ше­ 
берлікті  батыл,  іс  жүзінде  көрсетуі»,  /104-бет/  –  дейді.  Бір 
сөйлемде қаншама ұғым қайшылығы бар? Заманымыздың ұлы 
істерін жырлайтын ақын ба, әлде тақырып па? Әлгі айтылған 
«үлгі», «поэтикалық шеберлік» қайда? Сыншы бізге оны неге 
талдап  көрсетпейді?  Немесе,  мына  сөйлемге  зер  салайық. 
«Мұндағы канал құрылысы бір колхоз шеңберіндегі шағын іс 
болғанымен  сондағы  қыруар  іске  пара-пар  типтік  характер-
лер  табу,  типтік  геройлар  /?/  жасау,  драмалық  ситуацияларды 
күрделі  қамтитын  шығарманың  желісі  тартылған»  /105-бет/. 
Бұдан не түсінуге болады?
Әдебиеттану,  сын  саласында  көптен  қалам  тартып  келе 
жатқан белгілі ғалым Әбділхамит Нарымбетов те «Қазақ хал-
қы  да  дамудың  капиталистік  азапты  сатысына  мүлде  /?/  соқ-
пастан…»  /6-бет/,  Ал,  А.Тоқамбаевтың  «28  батыр»  поэмасы 
фольклорлық  эпостың,  нақтылап  айтқанда  әйгілі  «Манас» 
жырының  стилінде  /?/  /ықпалында,  мәнерінде  болар.  Қ.Е./ 
жа зылды»  /99-бет/,  «Ақсақ  құлан»  –  Қалижан  Бекхожиннің 
та рихи  тақырыпқа  жазған  бірінші  поэмасы.  Поэманың  ал­
ғашқы  нұсқасы  /варианты/  1939  жылы  жазылып,  «Әдебиет 
және искусство» журналының сол жылғы 4, 6-сандарында жа -
рияланды. Тарихи тақырыпқа арналған /?/ тұңғыш поэ масына 
ақын жиырма төрт жылдан кейін қайта оралып, оны жөндеп, 
соңғы нұсқасын жазды. «Ақсақ құлан» поэмасының түзетіл­ 
ген кейінгі, екінші нұсқасы «Жұлдыз» журналының 1963 жылғы 
7-8 сандарында жарияланып, ақынның кейінгі шыққан бірне- 
ше жинақтарына ендің /119-бет/. «Яғни ақын поэмасының екі 
нұсқасы /варианты/ бар деуге толық негіз бар. Сонымен 1939 

454
455
жылы  жарық  көрген  «Ақсақ  құлан»  поэмасының  алғашқы 
нұсқасына назар аударып көрсек, сол бірінші нұсқасының өзінде-
ақ,  автор  көне  аңызды  жаңартып,  жаңа  заманның  талабына 
сәйкестеп  жырлауға  ұмтылғаны  бай қалады»  /122-бет/,  «Бүкіл 
поэмаға  жарық  түсіріп  тұрған  /?/  бұн дай  шабытты  толғау-кі- 
ріспе  Ә.Сәрсенбаевтың  «Ақмаралдың  жүрегі»,  Т.Жароковтың 
«Нарын»  сияқты  поэмаларының  да  композициялық  бөлшегі 
екені  бәрімізге  белгілі.»  /123-бет/  т.б.  көптеген  кемшіліктерге 
ұшыраған. 
Мақсатына  сай  публицистикалық  шығармаларды  талдау 
орнына  Б.Майлин  әңгімелерінің  әрқилы  редакциясын  салыс-
тыру,  повестерін  әңгімелеп  кету  –  «Қанатты  қаламгер»  ав-
торының әлсіз тұстары.
Осы  көз  қарықтырар  кемшіліктер  қайдан  шығып  отыр? 
«Бы ло бы совсем хорошо, если бы критик владел всеми стиля­
ми и всеми возможностями писателя» – деген, қазақ әдебиеті-
нің үлкен досы, Н.С.Тихонов. Жоғарыдағы кемшіліктердің көбі 
ақын  айтқан  мүмкіндіктерді  игермегендіктен  ақын  еңбектері-
не ақындық көзбен, прозашы мұрасына жазушы көзімен қарай 
білмей, көркем өнер құпиясына ене алмаудан туындап отырған 
жоқ па екен? Көркемдікті тұшынуымыз өз дәрежесінде ме?
Осы  орайда  біздің  есімізге  Ғабит  Мүсіреповтың  бізде 
«та ланттылар  білімдіміз  деп,  білімділер  таланттымыз  деп 
ой лайды»  деген  пікірі  оралады.  Тап  басып  айтылған  бұл  пі-
кір дің  әдебиеттануға  да  әбден  қатысы  бар.  Ә.Шәріпов  –  пар-
тизан  жазушы,  документалист.  Ә.Нарымбетовтей  екінші  бір 
библиогроф қазақ әдебиетінде жоқ. С.Тәжіғұлов – танымал те-
лежурналист. Демек, әдебиеттің әр саласында сыйлы авторлар 
бұл жолы талант бейіміне сай тақырыпта еңбектенбегендіктен 
сәтсіздікке ұшырады деп білеміз.
Айтылған пікірлерден ой түйсек, жеке қаламгер өнериетін 
немесе, жан-жақты дарын мұрасының бір қырын әңгімелеуге 
арналған ғылыми монография, әдеби сын, очерк кітабын шы - 
ғару  –  қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  жақсы  дәстүрді  жал-
ғастыру. Жақсы ниет. Игілікті іс. Дей тұрғанмен аталған кем-
шіліктерден  арылмай  алға  қойған  мақсат  орындалды,  еңбек 
оқушы күткен межеден шықты дей алмаймыз.
Жалпы қазақ әдебиеті белгілі өкілінің өнерпаздық портре- 
тін жасағанда сыншы, ғалым проблемаға ойысып отырса ұтым- 
ды шығар еді-ау. Әйтпесе жеке жазушының бар ғұмырында не 
жа зып, не қойғанын хронологиялық тұрғыдан тізбелеу сыншы, 
ға лымның  емес,  библиографтың  міндеті  емес  пе?!  Әрине  ол 
үшін  ақын,  жазушы  өнериетінен  ұлт  әдебиетінің  ұлан-асыр 
проб лема сы туындайтын қалам қайраткері дәрежесінде болуы 
керек.
Синтетикалық  жинақтау  мәнерінде  жазыла  ма,  болмаса 
ана литикалық талдау деңгейінде орындала ма, әйтеуір ғылыми 
монография, сыни очерк мақсаты – белгілі ақын, жазушы шы-
ғармашылығын  жан-жақты  ашып,  қалам  қайраткері  райында 
тұлғалауға  саяды.  Әзірге,  біз  талдауға  тырысқан  ғылыми  мо-
нография,  сыни  очерк  кітаптары  белгілі  ақын,  жазушылар 
шығармашылығын кең талдау, таныта насихаттау дәрежесінен 
төмен  жатыр.  Сол  себепті  белгілі  қалам  қайраткері  өнерін 
талдай отырып тұлғалаудан гөрі сұлбалау /эскиз/ дәрежесінде 
ғана.  Қазіргі  уақыт  талабына  жауап  берерліктей  емес.  Ке ле-
шекте әдебиетіміздің белгілі қалам қайраткерлері жөнінде сы-
ни очерк, ғылыми монография көп және дөп жазылуы керек. 
Әдеби сынды өрістетудің бір жолы – осы.
14 ақпан 1987 ж.

456
457

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет