СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



жүктеу 2.26 Mb.
Pdf просмотр
бет38/41
Дата28.12.2016
өлшемі2.26 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
    Навигация по данной странице:
  • (Қ.Е) »

дӘлел МеН дӘЙеК
Әдебиет  атаулы  дәлел  тілейді.  Жазушы  көркем  әде биет-
те  кейіпкерінің  әрбір  іс-әрекетін  психологиялық  жағы нан 
дәлелдеуге  тиісті.  Оны  «мотивировка»  атайды.  Әдебиет тану, 
сын, деректі әдебиетте айтылған жайдың дәлелі – доку менттік 
дәйек.  Әсіресе,  әдебиеттану  –  бірыңғай  дерек,  документтен 
(құжаттан) тұрады десе болады. Тіпті өзің талдап отырған шы-
ғармаңнан алар үзінді, жүгіндірер мысалың бәрі-бәрі де дерек. 
Қапыда  деректен  қалт  кетсең  –  қателік,  үлкен  қателік.  Он да 
сенің  әлдеқандай  қылып  айтып  отырған  теорияңа  оқыр ман 
сенбейді. Мемуарлық әдебиетте де, әдеби сында да дәлел мен 
дәйек телқабыс түсіп жатпағы ләзім. Біз көбіне осы жайларды 
ескере бермейміз.  
Сергей  Антонов  есімді  орыс  жазушысы  болғаны  мәлім. 
Сол  жазушының  «Литературная  газетадан»  «Зощенко  қашан 
туған?» («Л.г.». 4 қаңтар 1984 ж) аталатын мақаласын оқыға-
ным  бар.  (Мақаланы  қызығып  оқып,  қиып  алып  сақтап  қой-
ғанмын).  Әңгіме  жанрында  жақсы  танылған,  онымен  шек-
телмей  «Я  читаю  рассказ»  аталатын  тәлімдік  кітап  жазған 
қаламгердің көркем шығармашылық адамы бола тұра, ғылыми 
мәселеде  ерекше  нақтылығына,  өмірлік  дерекке  сонша  адал-
дығына  қайран  қалғам.  Немен  шұғылдансаң  –  соған  адал 
бол! Қай жанрда қалам тартсаң – сол жанр талабынан табыл! 
Шағын  жанрдың  шебері  атанған  әлгі  жазушының  қысқа  ғана 
мақаласынан  менің  түйгенім  осы  болды.  Өзі  1895  жылы  10 
тамызда  тудым  дейтін  М.Зощенконың  1894  жылы  28  шіл­
деде  туғанын  шіркеу  кітабы  арқылы  анықтаған  С.Антонов 
болды.  Дерек  сақталған  архив  қоймасын  көзге  шұқығандай  
етіп  көрсетіп  берген.  Осыдан  соң  белгілі,  белгісіз  қаламгер- 
лердің  үлкенді-кішілі  материалдарын  оқығанда  одан  нақты- 
лық, дәлдік іздейтін әдет таптым. Сондай ойдың бір парасын 
сын мақалаға айналдырып, ойласу үшін оқырман алдына тарт-
қалы отырмын.
Дерекке өте ұқыпты зерттеушінің бірі, бірі емес-ау, бірегейі 
–  Ираклий  Андроников  болатын.  Ресей  тарихына,  оның  ұлы 
тұлғаларына  қатысты  қайдағы-жайдағы  бір  тың  деректерді 
іздеп  тауып,  соны  оқиға  өзегіне  ғажап  шеберлікпен  жымын 
білдірмей  жымдастырып  жіберіп,  деректі  киноға  жетеқабыл 
телеочерктер  сериясын  жасайтын,  марқұм.  Оны  талмай  әңгі-
мелеп әдебиетшінің өзі көгілдір экранда нәшіне келтіре төгіл-
діріп  сөйлегенде  әлгі  телеочерктері  тіпті  құлпырып  шыға 
келетін. Ешкімді қайталамайтын ғажап телеочерктерді тыңдап 
отырып  бір  ғанибеттік  сезімге  бөленесің.  Деректі  сөйлете  бі-
лудің құдіреті! Телеочерк қана ма? Кезінде СССР Мемлекеттік 
сыйлығы  берілген  «М.Ю.Лермонтов  (исследоваия  и  наход ­ 
ки)»  (Москва.,  Художественная  литература,  1981  г)  аталатын 
зерт теу кітабынан бастап барлық дерлік үлкенді-кішілі еңбек-
терінде  деректі  түрлендіре  шебер  пайдаланушы  еді  марқұм. 
Бәлкім  ол  осы  ешкімді  қайталамайтын  ерекше  еңбектерімен 
орыс  әдебиетінде  «деректі  әдебиеттану»  жасады.  Өз  басым 
қалам жұмысында осы бір арғы тегі кавказдық дарынды әде-
биетшіні  үлгі  тұтатынымды  жасырғым  келмейді.  Сөйте  тұра, 
дәйектілік  жайлы  мақаламды  аталмыш  атақты  әдебиетшіден 
бастағым келіп отыр. Ол өзі Санк Петербург университетінде 
М.О.Әуезов,  Ә.Марғұлан  секілді  ұлы  тұлғаларымызбен  бірге 
оқыған жан.
Табиғаты  бөлек  әдебиетшінің  «Всемирная  литература» 
(Собр.соч. в 3-х томах. Т. 1.С.488-494 Москва, Худ. Литера ту-
ры.) аталатын әдемі мақаласы бар. Кезінде оңтайымен ұйым-
дастырылған 200 томнан бас құраған әлем әдебиеті жауһарла- 
 ры  туралы  толғам.  Әлемдік  классика  туралы  толғамды  әдемі  
деп  іштартқызатын  бір  себеп  –  сәтті  толғаныс  біздің  мақта- 
нышымыз  –  ұлы  Мұхтар  Әуезов  білімдарлығын  көрсетуден 
басталады.
1925 жыл.
Ленинград университетінің 1 курс студенті Ираклий алда-
ғы төрт жылда оқырмын деген ниетпен әлем әдебиеті таңдау - 
лы шығармаларының студенттерге ұсынылған тізімін тыртың- 
дап көшіріп әлек...
Сол  сәт  қоңырқай  әдемі  бозбала  келеді  де  етектей  ті-
зімнен  бір-екеуін  ғана  дәптеріне  түртіп  алып,  өзгесін  оқып 
қойғанын  айтып,  әлемдік  классика  жайында  өз  ойын  ортаға 
салып қайқайып кете барады. Одан әрі қарайғы сөзді Ираклий 
ақсақалдың өзіне берейік.
« – Кто это – сейчас отошел? Спрашиваю я студента Диму 
Обламиевского.
–  Мухтар  Ауэзов.  Из  Алма–  Аты  (Қ.е).  Писатель.  Очень 
образованный человек.
– Когда это он успел?
– Он старше нас лет на десять. И очень серъезный.
Я вспомнил про эту встречу в связи с завершением двух-

528
529
соттомной  «Библиотеки  всемирной  литературы»,  потому  что 
два тома из двухсот занимает эпопея великого казахского пи-
сателя Мухтара Омархановича Ауэзова «Путь Абая», ставшая 
классикой» (С.489)
Айтары жоқ, әдемі бастау. Әдемі сөз саптау!
Әрі  қарай  әдебиетші  200  томдық  «Әлем  әдебиеті»  тұтас 
кітапханасы  жайында  толғанып  алып  жөнеледі.  Айтулы  әде-
биетшінің эстетикалық талғамға құрылған толғамымен таласа 
алмасымыз  түсінікті  әрине!  Мәселе  онда  емес.  Басқада.  Әде-
биеттегі нақтылық туралы айта отырып, «тұздықты» не жазса 
да дәйекке келгенде арқандаулы аттай архив дерегінен сыртқа 
бір елі аттап баспайтын, жазған дүниесіне өте ұқыпты қарай-
тын  Ираклий  Андрониковтың  бір  күдікті  дерегін  келтіргелі 
отырмын.
И.Андрониковтың  «Бұл  кім?  Қазір  қасымыздан  кеткен?» 
деген сұрағына курстасы Дима Облемиевский «Мұхтар Әуезов. 
Алматыдан (Қ.Е)» – деп жауап береді.
Сіздерді қайдам, мені осы «Алматы» ойландырады. Неге?
Біріншіден  Алматы  1925  жылы  Қазақстанның  астанасы 
емес. Оны орыс тілді Мәскеу зиялылары біле қоюы неғайбыл.
Екіншіден,  Мұхтар  Әуезовті  1925  жылы  алматылық  етіп 
көрсету орынсыз. Әдебиеттегі алғашқы нық қадамдарын жасай 
бастаған Мұхтар Әуезов 1925 жылы Ленинградқа үзілген оқу-
ын  жалғау  үшін  келіп  жүр.  Әйтпесе  ол  1924-1925  жылдары 
Семейде педагогикалық қызметте. Ол жөнінде әуелгі шәкірті, 
кейінгі  үзеңгі  жолдасы  Ғайса  Сармұрзиннің,  В.Н.Әуезованың 
мемуарлық  әдебиетте  тайға  таңба  басқандай  дәлелді  әдемі 
әңгімелері (естелік) бар.
Ендеше,  неге  дерекке  мұқият  Андроников  Мұхаңды  1925 
жылы алматылық деп атап отыр?
Мақала  1978  жылы  жазылған.  Алғашқы  мақалада  сол  ке-
йінгі – материал жазылған уақыттың билік алып кетуі жатыр. 
Туындыгерді психологиялық жағынан түсінуге болады. Алма-
ты  1929  жылдан  Қазақстан  астанасы  болды.  Астана  дәуірлеп 
өсті. Астана аты – Мемлекет атымен бара-бар жүретіні болады. 
Түсінікті. Бірақ бұл да кейінгі құбылыс. Мұхаң да кейін астана 
– Алматыға біржолата қоныс тепті. Тіпті Алматы Мұхтар Әуе-
зовтей алыптың екі дүниедегі бірдей мекеніне айналды.
И.Андроников Мұқаңды еске ала мақала жазатын 1978 жы - 
лы қазақтың аталмыш ұлы жазушысы мынау жарық жалғанда  
жоқ  әрине.  Алайда,  И.Андроников  Алматының  астана  мәрте-
бесіне кейін көшкенін елеп-ескеріп жатқан жоқ. Мұхаңды Ал-
матылық досы райында жүрегінде сақтаған.Ол қазақ жазушы - 
сы.  Алматыда  тұрды.  Алматыда  көз  жұмды.  Алматы  –  қазақ 
елінің астанасы. Андрониковқа осы жетеді. Облемиевскиймен 
арада  әңгіме  болғанына  күдіктенбеспіз.  Ол  мүмкін  «Алматы- 
дан» демеген де шығар. Мүмкін «Қазақстаннан» деген болар. 
Көп жыл кейін еске алған соң көп жайт көмескі тартады. Тіпті 
ұмытылады.
Сондай-ақ, «образованный человек» дегені де кейінгі көңіл 
күй  әуені.  Ең  болмаса  «образованный  молодой  человек»  деуі 
керек  еді.  Ой  қисынына  салсаңыз  осылай!  Қазақшылыққа 
салынып,  «Е,  Мұхаңды  мақтап  отыр  ғой»  десек  сөз  басқа. 
(Мұхаң  ешкімнің  мақтауына  зәру  кісі  емесі  тағы  белгілі.) 
Әйтпесе, әдебиет мәртебесі үшін дәлдіктің жөні бір бөлек.
Не жазса да дәлелді жазатын дәйекті әдебиеттану жасаған 
көрнекті  орыс  әдебиетшісі,  «М.Ю.Лермонтов.  Ізденістер  мен 
табыстар»  аталатын  «ізденіс»  кітабына  1967  жылы  «СССР 
Мемлекеттік  сыйлығын»  алған  Ираклий  Луарсабович  Андро-
ников  дәлсіздігі  міне  осындай  көңіл  ауанынан  абайсызда  ке-
тіп қалған. Әрине, біз айтып отырған бір жаңсақ дәйектен тап 
осы  мақалада  соншалық  бүлінерлік  ештеңе  де  болмауы  мүм-
кін.  Мәселе  принципте!  Сонымен  қатар  көрнекті  әдебиетші 
мақаласына  елден  ерекше  шұқшиюымызда  мән  бар.  Біз  осы 
бір  жағдайды  әдебиеттанудағы  өзге  дәлелсіз  сөйлеушілікті 
айту жолына басқыш жасасақ па дейміз. Оның үстіне мақала 
Мұхаңдай  ұлы  жазушымыз  жөнінде  ғой.  Ұлы  жазушымызды 
қастерлесек, ол кісі жайында елеулі-елеусіз кішкене кемшілік, 
дәлелсіз  айтылған  азды-көпті  ауытқушылыққа  төзбеуге  тиіс-
тіміз.
1973  жылы  профессор  Бейсембай  Кенжебайұлының  «Қа­ 
зақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері»  аталатын  кітабы  «Ғы- 
лым»  баспасынан  жарық  көрді.  Кітабын  қолына  қуана  алып, 
алғашқы  бетін  ашқан  бетте  өңі  бұзылып,  қуарып  сала  берді. 
«Әттеген-ай, әттеген-ай...» – дей берді. Біз аңысын аңдап қарап 
отырмыз. Әлден кейін ғалым бізге бұрылып, «Өздері білмей-
ді. Білмегенін сұрауға мәдениеті жетпейді. Өз бетінше өзгерте 
береді» – деді. Бақсақ, түркологиялық мақалада «Түрік ру-тай-
палары  бір-бірімен  кейде  жауласып,  қақтығысып,  соғы-сып; 
кейде одақ құрып, қыз алысып, құда болып, әскери топ жасап 
«анда»  болып  жүрген»  деген  сөйлем  бар  екен.  «Анда»  сөзін 
түсінбеген кітап редакторы оны өз бетінше «...кейде одақ құ- 

530
531
рып, қыз алысып, құда болып, әскери топ жасап, аңды да бірге 
аулап  жүрген»  (3  бет)  деп  өзгертіп  жіберіпті.  Бейсекең  қара- 
дай күйіп-пісті. Сөйтсек, «Анда» – әскери жорықтық одақ екен. 
«Анда» мен «аңды бірге аулау» арасы жер мен көктей...
Аталмыш атақты ғалым, «әдебиеттанудың Әуезові» дерлік 
Бейсекең өмірінен тағы бір мысал келтіруге мәжбүрміз. «Біздің 
Мұхтар»  аталатын  естелік  кітабы  шықты.  Онда  Бейсекеңнің 
«Ақылгөй ағамыз» ныспылы естелік мақаласы бар. Дұрыс-ақ. 
Мұхаң жөнінде өмірде кең де кемел сыйласқан Бейсекең есте - 
лік жазбағанда енді кім жазуы керек?! «Есіктен кіріп төр ме - 
нікі»  жасап,  кейін  келіп  үлкен  кісінің  қойны-қонышына 
кіріп  алған  жағымпаздар  ма?  Ал,  осы  еңбегін  оқып  Бейсекең 
қуану  орнына  қорланып,  ашуға  ерік  бергеніне  куә  болып 
едім.  Неге?  Естелік  мақаланың  туындыгер  қойған  әуелгі 
аты  –  «Ақыл­ой  ағамыз»  екен.  «Ақыл­ой  ағамыз»  деген  атау 
мен «Ақылгөй ағамыз» атауының екеуінің мағынасы тіпті екі 
басқа  ғой.  «Ақылгөй»  –  орынды-орынсыз  ақыл  айта  беретін 
арзан адам. Сырт тұлғасы жақын келгенімен ішкі мазмұны әр 
басқа.  «Ақылгөйліктің»  бетін  әрі  қылсын,  ол  бояуы  басқаша 
жағымсыз рең беретін сөз. Ал «Ақыл­ой ағамыз» – ақыл мен 
ойдан жаралған дана адам деген сөз. Бейсекеңнің ренжитінін-
дей бар екен. Бұл – авторға құрастырушы, редактор тарапынан 
жасалып  отырған  қиянат.  Ғалым  қолымен  от  көсеу.  Бейсекең 
аузымен Мұхаңдай дана адамды мұқату. Өмірде ерекше жақын 
сыйласқан  Бейсекең  қолымен  от  көсеу...  Басқаша  айтарға  сөз 
жоқ.
Рымғали  Нұрғалиұлының  Алашорда  өкілдері  шығар ма-
шы лығы  жөнінде  жазған  еңбегінде  бірсыпыра  дәлелсіздіктер 
кездеседі.  Соның  бірін  Бейсекеңе  қатыстыра  (сөз  орайында) 
айтсақ,  «Абай»  аталатын  мақаласын  Кенжебайұлына  Мағжан 
жазып берген дегенге саяды. Айналайын, аяулы ұстаз мақала 
жазылғанда қасында тұрдыңыз ба? Дәлел қайда, дәлел? – дегің 
келеді ұстазға қарата. Біздің Бейсекең аузынан естіген әңгіме- 
міз  тіпті  басқаша.  «Жоғалған  пышақтың  сабы  алтынның»  да 
жөні-жобасы болуы керек қой. Ең бастысы – Мағжандай ұлы 
ақын  сыншының  дәйексіз  айта  салған  әлгіндей  сөзіне  зәру 
болмаса керек.
Қазақтың  дана  жазушысы  Мұхтар  Әуезов  жөнінде  көп 
жазылады. Олай болуы заңды. Ұлттық рухани төлқұжатымыз 
секілді ұлы рух жайында жазбағанда кім жайында жазбақпыз?! 
Тек  жазғанда  дәйек,  дерекке  ұқыпты  болсақ  бәрекелде  емес 
пе?!
Мұхтар Әуезовтей ұлы жазушымыз жөнінде бірде Мырза-
тай  Жолдасбековтей  білімдар  ұстаз  жазған  мақала  оқыдым. 
Мақала «Абыз» (Егемен Қазақстан, №362-363, 23 қараша 2007 
жыл) аталады. Жанры – естелік мақала. Дұрыс-ақ.
Обалын  көтеріп  қайтеміз,  Мырзатай  ұстазымыз  нендей 
тақырыпқа жазса да төгілдіріп тілді жазады, оймауыт ой айтып 
ойлы жазады.
Бұл жолы ұстазымыз ұлы Мұхтар Әуезовті бетке ала тол-
ғанған.  Бірсыпыра  ойлары  құптарлық.  Кейбір  ойлары,  дерек, 
дәйектері өкінішке қарай көңілге күдік ұялатады.
Алдымен материалдың жанры жөнінде.
«Абыз»  жанрлық  табиғаты  –  естелік.  Аздаған  мақала  си-
паты бар. Сондықтан естелік мақала деп отырған себебіміз де 
содан. Естелік – мемуар жанры. Мемуар талабы шындықты, тек 
шындықты айту! Мырзакең де солай етуге тырысқан. Көрген, 
білгенін, көзбен көргенін айтуға тырысқан. Бәлкім аздап қиял 
қоспасы  бар.  Қанатты  әдебиетші  дегендейін.  Естелік  болған 
соң көпшіл «біз», өзіне тарта сөйлейтін өзімшіл «мен» кездесіп 
жатса оқа емес...
Мырзекең  естелігі  де  «Біз  Алаш  ардақтылары  Әлихан 
Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Мұстафа  Шоқайлармен 
замандас бола алғанымыз жоқ. Біздің бақытымыз – Мұхтар 
Әуезовті көрдік» – болып басталады. Ала-бөтен сөкеттік жоқ. 
Философ  жазушы  Л.Леонов  М.Горький  жөнінде  жазған  есте-
лігінде  «Біз  Горькийге  оның  жеке  тұлғасы  үшін  ғана  емес, 
Л.Толстой, Ф.Достоевский, Н.Гоголь көзін көргені, сөзін жет-
кізгені  үшін  қарыздармыз»  –  деген  ой  айтқан.  Алаш  ардақ-
ты ларын  көзбен  көрсек,  замандас  болып  үзеңгілес  жүрсек 
деп армандамас адам бар ма? Қайраткер адам замандас болса 
халыққа  бірге  қызмет  етер  ме  едік  деп  те  ойлайтын  шығар...
Сөз  ыңғайына  қарағанда  ұлы  Мұхаңмен  замандас  болыпты. 
Бір сыбаға жаман емес. Біз пақыр Мұхаңның көзін де көрмедік. 
Үнін  ғайыптан-тайып  сақталып  қалған  бір  желім  табақтан 
тыңдап  жүрміз.  Бізге  қарағанда  Мұхтар  Әуезовті  көзімен 
көрген, әйтпесе көзін көрген Мырзекеңдер қай-д-а бақытты.
«Мен  ақыл  ойдың  алыбы  Мұхтар  Әуезовтің  алдынан  үш 
жыл сабақ алған адаммын» Келесі ой осылай сабақталады.
«Мен  осы  ұлы  ұстазбен  бір  жыл  бір  кафедрада  бірге 
қызметтес  болу  бақытына  бөленген  адаммын.  Лекциямыз  бір 
уақытта басталатын». Тағы бір ой осылай қаланады.
Тағы да менменшіл «мен» алдымыздан шығады. Бұл негізі - 
нен  Мырзекең  стиліне  тән  нәрсе.  Стиль  деп  қалдық  қой, 

532
533
сөйлемдегі  «мен  осы..»  деген  көкірегі  қайқы  сөзді  белінен 
бір  сызып  тастаса  да  ештеңе  өзгере  қоймасы  хақ.  Сөйлем 
сыпайыланып,  жұтынып  шыға  келер  еді.  «Лекциямыз  (?)  бір 
уақытта  басталатын»  деген  сөйлем  не  аңғартатынын  аңқау 
басым  аңдамадым.  Бәлкім  әрі  қарай  сабақталар  ой  жалғасын 
таппай  қалған  шығар.  Әлде  редакциясы  бар  болғыр  асыл 
аға  ойын  аңдамай  ойып  алып  қалды  ма?  «Лекциямызды» 
қазақшалап  «дәрісіміз»  етіп  қолданғанда  туған  тілдің  бәсі 
артып, туындыгердің мерейі үстем болар еді. Өйткені кеңестік 
бодан  –  ХХ  ғасырда  емес,  тәуелсіз  ХХІ  ғасырда  өмір  сүріп 
отырмыз ғой. Жә, мәселе онда да емес «Ондай-ондай ханның 
қызында да болады». Мәселе басқада.
Тақырып – дәлдік, нақтылық туралы еді ғой. Дәлдік – өмір 
шындығының бір атасы. Өмірдегі дәлдік, нақтылық аңғарусыз 
ауытқып  кетсе  –  материалға  деген  оқырман  сенімі  азаяды.
Әсіресе  мемуарлық  дүниеде.  Мемуар,  асылында  субьективтік 
дүние.  Оны  обьективті  дүниеге  айналдырар  –  туындыгер 
дүниетанымының  обьективтілігі!  Дәйексіз  сөйлеу  –  авторға 
абырой емес. Мырзекеңдей аға әдебиетшінің мына естелігінде 
үш түрлі ағаттық кеткен. Сөзді ағаның өзіне берейік.
«1957 жылы (?) тұңғыш рет Кеңес Одағынан АҚШ­қа бар­
ған атақты алты (?) жазушының бел ортасында Мұхаң бар бо­
латын.  Түрлі  тақырыптағы  саяси  қитұрқы  сұрақтардан  сү рін ­ 
 бей,  мұзжарғыш  кемедей  жарып  өткен  ақыл  иесі  сол  жолы  да 
Мұхаң болатын. Совет жазушыларын АҚШ­тағы қиын­қыс тау­ 
дан Мұхаң алып шығыпты. Мұны біз сол сапарда Мұхаң мен бір­ 
ге болған (?) Леонид Сергеевич Соболевтің өз аузынан естідік».
Ұлы  жазушының  өмір  дерегі  алға  шықты.  Шыншылдық, 
ұқыптылық, ыждағаттылық көрінер сәт. Мырзекең ұстаз қапы 
жіберіп алды. Жазушының өмір дерегіне барма, барсаң тиісті 
әдебиеттерді бір қарап өт. Асылы естелік авторына осы бір өзі 
білмейтін  өмір  дерегіне  барудың  ешбір  қажеті  жоқ  еді.  Ұлы 
жазушымен Америкаға сапарлас болып бірге бармаса, ол сапар 
жөнінде  Мұхаңмен  сырлас  болмаса,  оны  естелікке  қосудың 
қажеті  қанша?!  Өзі  бірге  бармаған,  көзбен  көрмегендіктен 
болар естелікте бірнеше дәлсіздік кеткен.
Біріншіден,  М.Әуезов  Америкаға  1957  жылы  емес,  1960 
жылы 16 ақпан күні аттанған... Ұлы жазушының өзі бұл сапары 
жайында  қойын  кітапшасына  былай  деп  жазған:  «16.11. Бүгін 
таңертең сағат тоғызда «Москва» гостиницасынан мені жолға 
шығарып салуға достар келді. Зоя, Абель, Ахмет, Жұмағали және 
түннен қасымда қонып жатқан Мұратым».
Ал жазушы Америка сапарынан сол жылдың 19 науырызы 
күні  оралған.  Мәскеу  аэропортында  оларды  кезіндегі  СССР 
Жазушылар  Одағы  Басқарма  хатшылары  Г.Марков,  Л.Нови-
ченко, К.Воронков, А.Салынский қарсы алған.
Екіншіден, Америкаға Кеңес Одағынан алты жазушы емес, 
төрт  жазушы  барған.  Олар  –  ұлы  М.Әуезовтің  өзі  айтқандай 
С.Щипачев, Л.Леонов, О.Гончар, М.Әуезов. Делегация жетек-
шісі – С.Щипачев.
Сапар  сазын  ұлы  жазушы  «Америка  әсерлері»  атап  1961 
жылы  Қырғызстандағы  «Шолпан  Атадағы»  саяжайында  жаза 
бастаған.  Сырқаттануына  байланысты  «Америка  әсерлері» 
жолжазбасының бірінші тарауы ғана жазылып аяқталмай қалды. 
Қолжазба  (машинка)  күйінде  қалған  алғашқы  тараудың  өзі 
жазушы өмірден өткен соң 1964 жылы жарық көргені мәлім.
Неге екенін, сапарнамада М.Әуезов өзі деңгейлес философ 
жазушы Л.Леонов жөнінде емес, қатардағы қарапайым лирик 
С.Щипачев  жөнінде  көтерме  сөзді  көбірек  айтады.  Мүмкін 
көңіл  жақындығы  себеп!  Әрине,  ол  қаламгердің  өз  еркіндегі 
мәселе.
Сонымен Америкаға алты жазушы емес, Советтер Одағы-
нан  төрт  жазушы  сапарға  барды.  Осыдан  естеліктегі  үшінші 
дәлсіздік  келіп  шығады.  Әлгі  төрт  жазушы  ішінде  Мырзекең 
айтып отырған Леонид Сергеевич Соболев жоқ. Ресми делега-
ция құрамында болмаған Л.С.Соболевтің қазақ жазушысының 
Америка сапары жайында тамсана сөйлеп, талай тығырықтан, 
саяси  құйтырқы  сұрақтардан,  тар  соқпақтардан  алып  шықты 
деп айта қоюы неғайбыл. Турасын айтқанда мүмкін емес.
Оған  мына  жайларды  қосайық.  Рас,  Л.С.Соболев  «Абай 
жолы» эпопеясын орыс тіліне аударысқан адам. Орталық Мем-
лекеттік  Әдебиет  және  өнер  архивінде  (Москвада)  сақталған 
кейбір деректерге қарағанда Мұхаң мен Соболев ара-қатынасы 
елуінші жылдардың аяғында біраз суынған...
Қысқасы Мұхаңның Америка сапары жөнінде Л.Соболевтің 
Мырзекеңе  тамсанып  әңгіме  айтуы  қисынсыз.  Есесіне,  сол 
сапар бірге болған украин жазушысы Олесь Гончар «Жарқын 
талант»  аталатын  естелігінде  қазақ  жазушысының  сырт  са-
пар,  жат  елде  білімпаздық  танытқанын  арнайы  әңгіме  пәніне 
айналдырып  тебіреніп  жазғаны  мәлім.  Мүмкін  Мырзекеңе 
Олесь Гончар әсерін дербес әңгімелеген шығар. Бәлки.
М.О.Әуезов  жайында  жазуға  әуеспіз.  Ол  заңды.  Өйткені, 
ол  қазақ  әдебиетінің  ары  десең  де,  бары  десең  де  жарасатын 

534
535
ұлы тұлға! Баяғыда Москваның Орталық Мемлекеттік Әдебиет 
және  өнер  архивінен  М.О.Әуезовтің  ешқайда  жарияланбаған 
бір  хатын  тауып  алып  едім,  сол  деректі  бетке  алып  мақала 
жазсам ба деген ойдың жетегінде жүрмін. Жазармын. Мәселе 
Мұхаң  жайында  жазуда  емес,  қалай  жазуда!  Дерекке  абай 
болып жазуда! Әуестік дегеннен шығады, аға-досым Уәлихан 
Қалижанов та Әуезов тақырыбына қалам тартыпты. Оқиық.
«Біз ғажайып ертегілер еліне кіріп кеттік. Әлі есімде, «Бая­
ғыда Мұхтар Омарханұлы Әуезов, орыстың атақты ақыны Ни­
колай  Тихонов  екеуі  (?)  Америка  Құрама  Штаттарына  ба рып­
ты.  Нью­Йорктың  әуежайына  қонуға  бағытталған  ұшақ тың 
терезесінен көк тіреген зәулім үйлерді көргенде, Мұқаң «как зас­
тывшие строки стихотворения» депті. Сонда Николай Тихонов 
«Мухтар  Омарханович,  подарите  мне  эти  строки»  деп  аттай 
қалап алған екен. Сол лекциядан бері 41 жыл өтті. Ал, академик 
Қабдолов  оқыған  сол  лекцияның  жарығы(?)  менің  жадымда  әлі 
өшпей  тұр». 
(У.Қалижанұлы  «Көңіл  көкжиегі»  «Құс  жолы» 
Алматы, 2008 ж. 39-40 беттер). Осы еңбектің 38 бетінде ұстазы 
Бейсекең  –  Бейсембай  Кенжебаев  үйінің  қоңыр  пианиносы 
байқаусыз  «қара  пианиноға»  айналып  кеткені  секілді  шағын 
естелікте көп дәлелсіздік кетіпті. 
М.О.Әуезовтің  Америкаға  Н.С.Тихонов  екеуі  бармағаны 
анық. Одан бұрын Н.С.Тихоновпен бармағаны анық. Н.С.Тихо-
новтың Америкаға өмірінде барғанына күмәндімін. Жоғарыда 
айтылған  жайлардан  аңғарылғанындай  М.О.Әуезов  Амери- 
каға 1960 жылы С.Щипачев (делегация жетекшісі), Л.Леонов, 
О.Гон чармен  бірге  барған.  Оның  ішінде  Н.С.Тихонов  жоқ. 
Демек, ол айтты деген сөз де бекер болып шығады. Оның үс-
тіне «как застывшие строки стихотворения» деген тіркес сон-
шалықты образды ма? Ол Американың сорайған көп қабатты 
үйінің образын беруге дәрменді ме? Әуезовтей ұлы адам айтты 
дейтін ой ма осы? Әуезов айтып Н.С.Тихонов қалап алатындай 
ой образды жолдар ма осы? 
Шамасы, Уәлихан Қалижан С.Щипачевқа қатысты әңгімені 
Н.С.Тихоновпен  шатастырады.  Делегация  жетекшісі  Степан 
Щипачев «Нью-Йорк» өлеңін жазған сол сапардан. Ол Мұхаң-
ның «Нью-Йорк жиырмасыншы ғасырдың Манхеттен аспа ны- 
на таспен жазған поэмасы» – деген теңеуіне таңқалудан ту ған 
өлең. (Салыстыру үшін Т.Әкімов «Даналық мәйегі» аталатын 
кітабының 20 бетін қарауға болады.) «Лекцияның жарығы» де- 
ген жолдар да кісі қызығатын, Уәлихандай аға-досымның қо- 
лынан  шықты  деуге  қимайтын  жолдар.  «Лекциямыздың»  қа- 
зақшасы  –  «дәріс»  емес  пе?  «Жарығы»  несі?  «Нұры»,  «жы- 
луы», «шуағы» дегендей көңілге қонымдысын таңдаса қайте-
ді?! Желе жортып кете барғанымыз не қылғанымыз?
Біздің айтарымыз: сүйіп жазу – аз, біліп жазу – парыз! Біліп 
жаз, сүйіп жаз! 
Жазушы  Сәбит  Мұқановты  жас  қуатымды  көбірек  арнап 
зерттеген кісімін. Сол Сәбит Мұқанов 1965 жылы «хрущевтік 
жылымықты»  сәтті  пайдаланып  отызыншы  жылдары  «халық 
жауы» ретінде атылған коммунист-қайраткер жайында «Біздің 
Тұрар» аталатын естелік жазды. Бұрын есімі елге бейтаныс күйге 
ұшыраған  коммунистік  тұлғаның  халықпен  қайта  етенелесе 
түсуіне  Сәбеңнің  беделмен  жазып,  бел  салып  жариялатқан 
осы  естелігінің  уақытында  ықпалы  мол  болғаны  хақ.  (Неге 
екенін, Тұрар Рысқұловты зерттеушілер үлкен жазушымыздың 
уақытында  «мұзжарғыш»  болған  мақаласын  ұмытып  кете  бе- 
реді.) Алайда, осы естелігінде «Сондықтан да партия оны үнемі 
аса  жауапты  қызметтерге  жұмсап  жүрді.  Мысалы:  1924  (?) 
жылы ол Совет өкіметі атынан Германияға өкіл болып барып, 
екі мемлекет арасындағы біраз қарым-қатынастарды жайғасты- 
рып  қайтты»  («Қазақ  әдебиеті».  №3(730),  Жұма,  15  январь, 
1965 ж) – деп қателік жібереді. Шындығында Тұрар Рысқұлов 
Германияға 1924 жылы емес, 1923 жылы 13 қыркүйекте Мәс-
кеуден аттанған да 22 қазанда қайтып оралған.
Сондай-ақ,  «Сөйтіп,  біздің  Тұрар  Рысқұлов  Орта  Азия 
халықтарынан  шыққан  советтік  бірінші  дипломат  (?)»  – 
деген  баға  да  бізді  ұйытпайды.  Кеңестік  кезеңде  қазақтан 
шыққан «советтік бірінші дипломат» Тұрар Рысқұлов та емес, 
Сабыр Шарипов та емес, – әдебиетші, тілші, жорналист Нәзір 
Төреқұлов!  Оны  бұл  күнде  дәлелдеп  жатудың  қажеті  жоқ. 
Аксиомаға айналған ақиқат.
Сәбит  жарықтық  тағы  бірде  «Сәкеннің  үйінде  жолғасып 
(?),  ұзақ  әңгімелескеннен  кейін,  Москваға  жүргенінше,  мен 
Тұрармен  талай  жолығып,  талай  пікірлестім.  Сонда  байқа-
ғаным:  саясаттық  өзге  мәселелерге  жетіктігімен  қатар,  ол 
көркем әдебиетті де сүйетін, оны көп оқитын және бұл мәселеге 
де  маркстік-лениндік  көзбен  қарайтын  адам  екен.  Қазақтың 
байшыл-ұлтшыл  жазушыларын  ол  да  жек  көреді  екен  және 
олармен  күреседі  екен.  Мысалы:  Тұрар  1921-22  жылдары 
Москвада  қызмет  атқарған  шақта,  Түркістан  Республикасын 
Сұлтанбек  Қожановтың  ұлтшылдыққа  бейім  тобы  басқарған 

536
537
шақта,  қазақтың  алашордашыл  жазушылары  Ташкент  қала-
сы на  жиналып,  қазақ  тілінде  шығатын  «Ақ  жол»  газеті  мен 
«Шолпан» және «Сана» журналдарын өз идеяларына пайдалану 
жабдығына кіріскен. Осы топ, 1923(?) жылы Тұрар Рысқұлов 
Түркістанның  басқару  қызметіне  қайта  барғанда  тараған(?). 
Бұл  істе  де  Тұрардың  еңбегі  зор»  –  деп  жазады.  Расында  да 
Алашорданы  талқандап,  оларды  Түркістаннан  қуып  таратуда 
–  істі  етуде  Тұрар  Рысқұлов  «еңбегінің  зор»  екенін  Сәбит 
Мұқанов қана емес, бүгінде архивтік құжаттар әбден дәлелдеп 
отыр.  Бірақ,  ауызекі  әңгіме  ырғағында  қалыптасқан  жазушы 
тағы  да  бір  дәлелсіздік  жіберіп  қойғанын  білмей  қалады. 
Тұрар  Рысқұлов  1922  жылдың  қыркүйегінен  1924  жылдың 
қаңтарына дейін Ташкенде қызметте болған адам. Олай болса 
«1923 жылы Тұрар Рысқұлов Түркістанның басқару қызметіне 
қайта  барғаны»  –  несі  үлкен  жазушымыздың
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет