СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



жүктеу 2.26 Mb.
Pdf просмотр
бет39/41
Дата28.12.2016
өлшемі2.26 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
.  Осы  жылдың 
(1924  жылы)  қаңтарында  Тұрар  Рысқұлов  Москваға  оралды. 
Оралды  да  Алашордашылармен  күресуге  тікелей  мықтап 
кірісті.  Шығысшыл,  түрікшіл  Тұрарды  коммунистік  идея 
алып тынды. Сөйтіп жаңағы Сәбит Мұқанов айтқан байшыл-
ұлтшыл  алашордашыл  жазушыларды  және  оларға  бүйрегі 
бұратын Сұлтанбек Қожанов тобын 1924 жылдың сәуір, мамыр 
айларынан  бастап  талқандауға  кірісті.  Талқандаудың  басы  – 
өзі қолтығына келіп тығылған И.В.Сталинге 1924 жылы сәуір 
айында  жазған  доклад-донос,  хаттары...Келесі  1925  жылы 
Алашорда  паналаған  аталған  баспасөз  жабылды,  өздерінің 
басына бұлт үйірілді. Алашорда өкілдерінің соңғы үміті осылай 
үзілді... 
«Бірақ  олардың  (Орта  Азия  қайраткерлері.  Қ.Е.)  бірде­бі­
реуі  (?)  Рысқұловтай  Совет  үкіметі  басшыларының  ал дында 
бетпе­бет  тұрып,  өз  пікірлерін  ашық  айтқан  емес»  («Ақиқат ­ 
тың жоқшысы, арыстардың жанашыры» // «Түр кістан» 4 жел­
тоқсан, 2003 ж.)
 – дейді картограф-тұрартанушы Молдияр Се- 
рікбаев.  И.В.Сталиннің  бетіне  келіп  сөз  айтқан  қазақ  жалғыз 
Сұлтанбек  Қожанов  еді  дейді  сұлтанбектанушылар.  (Ғ.Ахме- 
дов  т.б.)  Тіпті  олар  Сұлтанбектің  И.В.Сталинге  айтқан  сөзін 
«Қызыл  жебе»  романында  Тұрардың  аузына  салып  жіберген  
деп  жазу шы  Шерхан  Мұртазаны  «плагиат»  (Қ.Сарыбаев 
«Оралман») атайтынын қайтерсің?! Көркем әдебиетте «жинақ- 
тау» деген ұғым барын ескере бермейтін секілді олар.
С.Қожанұлының И.В.Сталин жүзіне тік қарап тұрып айтқан 
мысқыл сын сөзі аңызға айналып, халық аузында жүр. Ал, Тұ-
рар Рысқұловтың сөзі кітапта бар. Ал, И.В.Сталин бетіне келіп 
сөйлеген қайраткер-тұлғаның басы – башқұртстандық тамаша 
қайраткер  Мирсаид  Сұлтанғалиев!  Бірі,  бірі  емес  бірегейі  – 
Смағұл Садуақасов! Сондықтан «өз көрпем өзіме жақын» деп 
дәлел, дәйексіз сөйлей беру жараспайды кім-кімге де. 
«Ақ  жол»  дегеннен  шығады,  «Оңтүстік  Қазақстан»,  «Қы-
зылорда»,  «Жамбыл»  облыстары  өздерінің  облыстық  газет те-
рінің  тарихын  осы  1920-1924  жылдары  жарық  көріп  тұрған, 
қоғам өмірінде үлкен рөл атқарған «Ақ жол» газеті тарихынан 
алады.  Егер,  Жамбыл  мен  Қызылорда  облыстары  Оңтүстік 
Қазақстан  облысынан  отызыншы  жылдары  (бірі  1939  жылы, 
келесісі  1938  жылы)  енші  алып  бөлініп,  дербес  облыс  болып 
шыққанын ескерсек, бұл бір есептен дұрыс та. Бірақ, осы үш 
облыстың  облыстық  үні  де  өз  тарихын  белгілеуде  тарихты 
бұрмалап жүр. 
Айталық,  «Оңтүстік  Қазақстан»  газеті  2009  жылы  өзінің 
85 жылдығын тойлады. Бізге «бұл не қылған 85 жылдық?» – 
деген күпірлік ой келді. Өйткені, газет өзінің тарихын «Ақ жол» 
газетінен  алар  болса,  ол  газет  Ташкен  қаласында  1920  жылы 
7  желтоқсаннан  бастап  шыға  бастаған.  Ұйымдастырушысы 
– Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов! Сан-
алуан  мемлекеттік  істің  басы-қасында  жүрген  Сұлтанбектің 
шын мәнінде газетке басшылық (редакторлық) жасауға уақыты 
да  жоқ  болатын.  Сол  себепті  «Ақ  жол»  газетіне  басшылық 
жасауды ұстазы – Садық Өтегеновтің досы, өзін де ұстаз тұт-
қан,  жастай  араласып,  ақыл-кеңесін  алып  өскен  Міржақып 
Дулатовқа  тапсырған.  Кейін  Сұлтанбек  тиісті  орындарда  осы 
ісі үшін де жауап берген. Егер «Ақ жол» 1920 жылдан бастап 
жарық көрсе, «Оңтүстік Қазақстан» өзінің тарихын сол күнмен 
сабақтастырса – онда сексен бес жылдыққа жол болсын? 2010 
жылы 90 жылдығын тойламай ма одан да? Шындығында «Ақ 
жол»  1925  жылы  біржолата  жабылып  қалған.  «Ақ  жолды» 
И.В.Сталинге  алашордашыл  ұлтшыл  газет  ретінде  жазып, 
1925 жылы жаптырған Тұрар Рысқұлов! «Оңтүстік Қазақстан» 
газетін  «Ақ  жол»  газетінің  жалғастырушы  мұрагері  деп 
қарауға бола ма, жоқ па, ол арасын ажыратып айта алмаймын. 
Өйткені «Оңтүстік Қазақстан» 1932 жылы облыстың үні болып 
жаңадан  ұйымдастырылған.  Оның  ұйымдастырушы  тұңғыш 
редакторы – Бейсембай Кенжебайұлы! Ойланатын бірсыпыра 
мәселе  бар.  Біріншіден,  «Ақ  жол»  –  Түркістан  республикасы 
үні,  мемлекеттік,  республикалық  газет.  «Оңтүстік  Қазақстан» 

538
539
–  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  үні,  облыстық  газет. 
Екеуінің  жолы  да,  жөні  де  басқа-басқа  секілді.  Екіншіден, 
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  бүгінгі  таңда  мыңға  тарта 
газет, жорнал шығады. Олардың бәрі өзінің тарихын «Ақ жол» 
газетінен бастауға тиісті ме? «Ана тілі» газеті өзінің тарихын 
А.Байтұрсынұлы шығарған «Қазақ» газетінің мұрагері ретінде 
сабақтайды.  Бірақ,  жарыққа  шығу  тарихын  1990  жылғы 
наурыздың 22-сінен бастайды.
Сондай-ақ, «Ақ жол» және «Оңтүстік Қазақстан» газеттерін 
алғаш ұйымдастырушы, бас редакторлары жөнінде де жаңсақ, 
қате  пікірлер  қалай  болса  солай  айтылып  жүреді  ағымдағы 
баспасөзде. «Оңтүстік Қазақстан» өзінің «некесіз тойын» (со- 
лай демегенде не дейін?) яки жалған 85 жылдығын жас қалам- 
герлердің республикалық екінші форумы етіп өткізді. Той жә- 
не  форум  жөнінде  жас  ақын  Ақберен  Елгезек  арнайы  мақала 
жазды:  «Бұл  форумның  өткізілуі  осы  өңірдің  тағы  бір  ұлан- 
асыр тойы – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 85 жылдығымен 
тұспа-тұс  келді.  Іргесін  Т.Рысқұлов  (?),  С.Қожанов  пен 
О.Исаевтар  (?)  қалаған  оңтүстік  көсемсөзінің  қарашаңырағы 
–«Оңтүстіктің»  жетістіктері  жиналған  жұртты  бір  тамсантты. 
Бұл газетте әйгілі Асқар Тоқмағамбетов (?), Тәкен Әлімқұлов, 
Сәуірбек  Бақбергенов,  Аян  Нысаналин  (?),  Мархабат  Байғұт, 
Нұрғали Ораз сынды ақын-жазушылар, Бейсенбай Кенжебаев- 
тай көсемсөзші, Садықбек Адамбековтей сықақшы еңбек жо- 
лын  бастапты.  (?)»  («Күздегі  көктем»,  «Қазақ  әдебиеті»  №46 
(3157) 30 қазан – 5 қараша 2009 жыл) – деп жазыпты.
Айналайын  Ақбереннің  атасының  атына  сай  елгезектік 
жасап  мақала  жазғанына  рахмет-ау.  Бірақ,  шағын  мақалада 
(есеп) қаншама жаңсақтық кеткен, қаншалық шындық бұрма-
ланған.  Біріншіден,  «Ақ  жол»  газетінің  ұйымдасты рушы сы 
Тұрар Рысқұлов та, Ораз Исаев та емес, Сұлтанбек Қожанұлы! 
Атақты  сықақшы,  романшы  Асқар  Тоқмағамбетовтің  «Оң-
түс тік  Қазақстан»  газетінде  қызмет  істеуі  мені  сендірмейді. 
«Шәуілдір» ауданы өмірінен роман жазған. Сол кезде қатысып 
тұрған болуы мүмкін газет ісіне. Есесіне «Оңтүстік Қазақстан» 
газетін  қолмен  құрысуға  тұңғыш  бас  редактор  Бейсембай 
Кенжебайұлының  шақыруымен  келіп,  редакцияның  ауласына 
киіз  үй  тігіп,  қартайған  әкесін,  бала-шағасын  алып  келіп, 
айырықша  қолқабыс  жасаған  (ол  кезде  оқшау  (фельетон) 
газеттің  ажарын  ашатын  жанр  саналған.)  сатирашы  Қадыр 
Тайшықов.  Заманының  жақсы  ақыны  –  Жақан  Сыздықов  та 
Бейсекеңнің шақыруымен «Оңтүстік Қазақстанға» келіп, қыз-
мет  істеген.  Сондай-ақ,  Бейсекеңді  өмір  жолын  «Оңтүстік 
Қазақстан»  газетінен  бастағандай  (еңбек  жолын  бастапты-
деген  сөзді  мен  солай  түсінемін.  Қ.Е.)  етіп  көрсету  де  теріс. 
Бейсембай  Кенжебайұлы  «Оңтүстік  Қазақстан»  газетіне 
тұңғыш  бас  редактор  болғанға  дейін  «Лениншіл  жас», 
«Социалды  Қазақстан»  газеттерінде  басшы-қосшы  дегендей 
журналистік  қызметте  болған,  Павлодар  облыстық  «Кеңес 
туы»  газетін  қолмен  қорғасынын  құйып  шығарған  алғашқы 
Бас редакторы. Б.Кенжебайұлы – «Оңтүстік Қазақстан» газетін 
ұйымдастырушы,  тұңғыш  Бас  редакторы.  С.Адамбеков  те 
өзінің  еңбек  жолын  «Оңтүстік  Қазақстан»  газетінен  бастады 
дегенге  сенгім  келмейді.  Оған  дейін  де  бірсыпыра  қызметтің 
басын шалған Сәкең ағамыз.
Біздің айтарымыз – сүйіп жаз, біліп жаз! 
Әрине,  біз  естелікте  кеткен  дәлсіздікті  айтқанда,  тырнақ 
астынан кір іздеуден аулақпыз. Біз кім жайында айтсақ та аты-
заты бар, абыройлы авторлар туралы әңгімелеп отырмыз. Ал, 
әлгіндей үлкен-кіші дәлсіздіктің абайсызда кетіп қалуы олардың 
атына  сөз,  затына  нұқсан  келтіреді.  Кісі  естелік  жазғанда 
күдік  келтірерліктей  қапы  жібермегені  жөн.  И.Андроников, 
С.Мұқанов,  М.Жолдасбеков,  У.Қалижанов  сияқты  әйгілі  әде-
биетшілердің еңбектерінен бастап сабақталған сын сөзінің туа 
бітті мақсаты да осы жайлар!
Орелдық орыс жазушысы Н.С.Лесковты көзқарақты оқыр-
ман біледі әрине. Оның «Солақайына» (кейіпкері) Орловта ес-
керткіш  қойылған.  Ол  мүсін  өнеріндегі  құбылысқа  баланған 
кезінде. Әйгілі орыс жазушысының тағдыры ауырлау болғаны 
мәлім.  Андрей  Лесков  –  жазушының  жалғыз  ұлы.  Әкесі 
жөнінде  «Жизнь  Николая  Лескова  по  его  личным,  семейным  и 
несемейным записям и памятам» (М., Худ. Лит., 1984 г) 
аталатын 
әрі  мемуар,  әрі  әкесінің  деректі  көркем  ғұмырнамасы  дерлік 
екі  томдық  кітап  жазған.  Асылы,  әлем  әдебиетінде  даңқ ты 
әке  туралы  кітап  жазудың  өзіндік  тамаша  дәстүрі  бар.  Айта-
лық  Жан  Жюль–Верн  атасы  (әкесінің  әкесі.  Қ.Е)  Жюль  Верн 
туралы «Жюль Верн» (М,. «Дайджест», 1992 г) аталатын кітап 
жазды.  Ф.Ф.Достоевский,  И.Л.Толстой,  А.Лесков  өз  әкелері 
жөнінде  қызықты  кітап  жазған  авторлар!  Ұлттық  классигіміз 
Сәбит  Мұқановтың  ұлы  –  тарихшы  марқұм  Марат  Сәбитұлы 
Мұқановтың  өз  әкесі  туралы  «Халық  ұлы»  аталатын  естелік 
кітабын осы қатарға қосамын. Бұл – дәстүр тұтарлық игілікті 

540
541
іс.  Ал,  қазақ  жазушыларының  перзенттері  әкесінің  шығарма- 
сын ана тілінде оқи алмайды. Кеңестік кезең саясатының ұр- 
пақтар  санасына  сіңірген  бір  қасіреті  осындай  болса  қайтер- 
сің? Марат Мұқановтың әкесі – қазақ әдебиетінің классигі Сә- 
бит Мұқанов туралы перзенттік сағынышпен жазылған «Халық 
ұлы»  естелік  кітабына  тоқталуда  мән  бар.  Асылы,  мен  орыс 
әдебиетінде екі айналыммен жарық көрген «Л.М» (Литератур- 
ные  мемуары)  сериясы  кітаптарын  жүйелі  оқыған  адаммын. 
Жеке  басыма  ғибраты  жетерлік.  «Баянғұмыр»,  «Арыстар  мен 
Ағыстар» (тақырыптық-жанрлық сын кітабының 6-шы томы), 
«Дарасөз» кітабын жазғанда оқып, ойға жиған материалдарым 
мен  алған  әсерлерімнің  шығармашылық  ықпалы  мол  болды 
деп ойлаймын.Марат Сәбитұлының аталмыш кітабын сүйсініп 
оқып,  талдау  мақала  жазып  отырғанда  «Бала  Куприннің(?) 
«Куприн – менің әкем» аталатын кітабы жақсы әсер етіп еді» 
(231 бет) – деп жіберіппін. Жадымнан аламын деп жаңылған- 
мын.  Шынтуайтында,  естелік  кітабын  жазған  –  қаламгердің 
ұлы  Куприн  емес,  қызы  –  Ксения  Александровна  Куприна 
(К.А.Куп рина «Куприн – мой отец». Москва. «Художественная 
лите ратура» 1979) болатын. Өмірі шет елде өткен өз тағдыры да 
ауыр өрілген өнер адамын қызықты мемуарлық туындысынан 
жақсы  білуші  едім.  Қарабасып  қателесіппін.  Шамасы  Марат 
Мұқановты  –  Сәбит  Мұқановтай  жазушының  ұлы  ретінде 
елестетіп  отырып  сол  ырғақпен  кетіп  қалғанмын.  Бұл  жәйтті 
жанары жіті оқырман оқып «Өзің дийуанасың – кімге пір бо- 
ласың?»  –  деп  сұқ  саусағын  шошайтпауы  үшін  өзім  аңғарып 
айтып отырмын. Оқырманнан ғафу өтінемін. «Жаңылмас жақ, 
сүрінбес тұяқ жоқ»...
Әңгіме – Лесков жөнінде еді ғой.
А.Н.Лесковтың әкесі туралы ғұмырнамалық кітабын 1984 
жылы  әдебиетші  А.А.Горелова  «Книга  сына  об  отце»  ата- 
латын  алғысөз,  соңына  түсінік  беріп  жариялатты.  Сонда  біз 
бір  жайға  қайран  қалған  едік.  Алғысөзде  «А  5  ноября  1953 
года автора не стало. Книга вышла посмертно» (С.9) – дейтін 
А.А.Горелова сол кітаптың соңына берген «Түсініктемесінде» 
«Авторские  заметки»  А.Н.Лескова  от  10  февраля  1954  года, 
представляющие  156  ответов  на  редакторские  замечания» 
(С.416)-дейді.  А.Н.Лесков  1953  жылы  қайтыс  болса  ол  «1954 
жылы  10  февральда  жазылғанға»  жол  болсын?  Демек,  ғалым 
А.А.Горелова қателесіп отыр...
Жә, қазақ әдебиетіне көшейік.
«Бұл 1942 жыл еді. Ол кезде Эйзенштейннен бастап кино 
саласының  майталмандары  Алматыда  еді.  Киногерлерге  жағ - 
дай  жасалды.  Бір  күні  драмтеатрда  М.Әуезовтің  «Абай  жо­
лы»  (?)  романын  талқылау  өтетін  болды.  Театрға  Әбділда 
Тәжібаевтың әйелі мені де шақырды. Баруға келістім. Әбділда 
үшеуміз бардық». («Жас алаш» №62(15312), 5 тамыз 2008 ж)
Байырғы өнер адамы, режиссер Дариға Тінәлина естелігі.. 
Адам тағдыры жүрек қылын шерткендей шыншыл толғанатын 
сұхбат-естелік  маңызды.  Соған  қарамастан  дәлдік,  нақтылық 
жө нінде қате кеткен. Ол қандай дәлсіздік? 1942 жылы Мұхтар 
Әуезовтің  «Абай  жолы»  романы  жарыққа  шықпаған.  «Абай 
жолы» – атау ретінде жазушының ойында ол кезде болмаған да. 
М.Әуезов  «Абай»  романы  әупірім-тәңірмен  «КАЗОГИЗДІҢ» 
бас редакторы Бейсембай Кенжебаевтың тәуекелшіл қиымылы 
арқасында жарық көріп, енді қаламгер «Ақын аға» атап екінші 
кітабын жазу толғанысында жүрген кезі. Шамасы сұхбат беру - 
ші адамның айтып отырғаны «Абай» романы болса керек... Оқи-
тын ескі көз – кино саласының бір тұлғасы болып есептелетін 
Дариға Тінәлинаның «Абай жолы» деп айтып отырғаны – көп 
бөгесін,  қисынсыз  қиындықтармен  жарық  көрген  «Абай»  ро-
маны екенін түсінер-ау. Ал кейінгі ұрпақ ше? Олар әңгіменің 
байыбына бара бермей қаз-қалпында қабылдайды ғой.
«Әбекең  (Ә.Тәжібаев  Қ.Е.)  жиырма  жасында  әдебиетке 
келгенде(?) Мағжанды да, Мұхтарды да бет қаратпай сынаған 
екен  (?).  1930  жылдары  ол  кісінің  жас,  албырт  шағы,  сынды 
аяусыз бұрқыратқан ғой. Содан Қарағанды облыстық газетіне 
редактор  (?)  боп  кетіп,  Алматыға  қайта  келгенінде  Әуезов 
қасындағыларға  «Әбділда  Тәжібаев  деген  қызылкөзді  (?)  ма-
ған  алып  келіңдер.  Ол  Алматыға  оралды,  тағы  да  бірдеңені 
бүлдіруі  мүмкін»  –  депті.  «Әуезов  шақырып  жатыр  дегенде» 
Әбекең  қатты  таңқалады.  Ол  кезде  Әуезовтің  классик  болып 
танылмаған  тұсы.  Үйіне  барса  Ғабит,  Сәбит,  сол  кездегі  Мә-
дениет  министрі  (?)  Ілияс  Омаров  сияқты  ылғи  зиялы  қауым 
өкілдері  отырады»  (Оңтүстік  Қазақстан,  №118-119  (18532)  9 
тамыз,  2008)  –  дейді  әнге  сөзжазғыш  ақынымыз  Шөмішбай 
Сариев.(Сұхбаттасқан Ү.Алтаева)
Желпініп сөйлеп отырған ақын(Өйтпесе ақын бола ма?) өз 
сұхбатында  әлденеше  дәлелсіздік  жіберіп  алған.  Өз  әңгімесі - 
мен әдебиетке келген алғашқы қадамында тұсауын кесіп, кейін 
де  әкесіндей  қамқор  болған  Әбділдадай  абыз  ақынға  күйе 
жағып,  кір  келтірген  дерлік.  Кісі  әңгіме  айтқанда  «осыны  не 
үшін айтып отырмын?» – деп ойланбас па, шіркін?!  

542
543
Біріншіден,  Әбділда  Тәжібаев  еш  уақытта  Қарағанды  об-
лыстық газетіне бас редактор болмаған кісі. Бәлкім, желкөңіл 
ақынның айтып отырғаны Әбділда Тәжібаевтың сол жылдары 
Қарсақпай аудандық газетінде редактор болып істегені шығар. 
Әбекең әдебиетке жиырма жасқа жетпей тіпті жас келгенін ес- 
тен  шығармау  керек.  Ә.Тәжібаевты  әпербақан  арызқой  етіп 
көрсету,  «қызыл  көз»  атау  неменеге  керек? Басқа,  басқа Әбе-
кең Мұхтар Әуезовтің үстінен арыз жазбаған. Тіршіліктегі та- 
ту лығының  белгісі  шығар,  кім-көрінген  жайында  қалам  тер- 
бей бермейтін Мұхаң «Әбділда Тәжібаев» атап арнайы моног- 
рафия  жазып,  әдебиеттегі  іні-досының  шығармашылық  ерек- 
шелігін еркін талдаған. Ал, Ілияс Омаров ол кезде Сауда ми-
нистрінің орынбасары.
Сұхбаттасу,  ой  бөлісу  жөн  де  шығар  бәлкім.  Алайда,  ай-
тарыңды  дерекпен  дәйектей  сөйлеу,  әділетті  болу  –  одан  да 
жақсы. Алдымен сөз алған автордың өзіне абырой. Ш.Сариев- 
тың мына сұхбаты не өзіне, не өлеңде тұсауын кескен Әбділ- 
дадай ұстазына абырой әпермейтін жалған деректі жалалы сөз 
болып шығыпты. Жазушылық – әзелден алдымен жауапкерші- 
лік.  Со сын  қоғамдық  ой  биігінде  болатын  –  ойшылдық.  Не 
жауапкершілігі,  не  ойпаздығы  жоқ  мұндай  материалдан  не 
күтерсің? Сұхбатта қарапайым адами опа да жоқ.
Дәйексіз сөйлеуден әсіресе аты бар, заты бар тұлғалы аза-
маттарымыздың  тартынғаны,  сақ  болғаны  жөн-ақ.  Өйткені, 
олардың сөзіне жас өркен құлай сенеді. Ал, дәлелсіз сөйлеуден 
сол сенімге сызат, түсінігіне ақау, содан көңіліне қаяу түседі.
Өз  басым  Әбекеңді  әкедей,  сол  әкеге  бірде  қатар,  кейде 
кезектесе  барып  сырласар,  сөйтіп  абыз  ақын  өмірінің  бесін 
шағында  рухани  серік  болған  Тұмағаң  –  Тұманбай  Молдаға - 
лиевты  туған  ағадай  сыйлаймын.  Сексен  жылдығына  тамаша 
баяндама  жасаған  Тұмағаң  әкесіндей  Әбекеңді  жүз  жылдығы 
тұсында сағынып «Ақын еді қыран қанат» аталатын елжіреген 
естелік  жазып,  жариялады.  Көңіл  сүйсініп  оқыған  естелікте 
көз  сүрінген  бір  жайды  айтқалы  отырмын.  Естелік  «Әбділда 
Тәжі баев  –  қазақ  әдебиетінің  негізін  қалаушылардың  бірі» 
(«Егемен Қазақстан», №42-44, 3.03.2009 ж.)-деген сөйлеммен 
басталады  екен.  «Қазақ  әдебиетінің  негізін  қалаушылықты» 
Әбекеңе қимай отырған жоқпын. Қиып отырып – қиналатыным 
– қазақ әдебиетінің тарихын аяп отырмын. Қазақ әдебиетінің 
тарихы Әбділда Тәжібавтан басталмайды. Өзі тірі тұрып, осы 
пікірді естісе «Тәйт, әрі, ендігі қалғаны сендердің мені мазақ 
қылғандарың  ба?»  –  дер  еді  Әбекең.  Біз  кімге,  қандай  баға 
бергенде де сол тұлғаға лайық, соған сыйымды сөзді айтуымыз 
керек  қой.  Әбекең  түгілі,  ұлы  Абайды  да  қазақ  әдебиетінің 
негізін  салушы  деп  сөйлесек,  әбестік  болар  еді.  Әрине, 
қазақ  әдебиетінің  негізі  қай  дәуірлерде  салынғанын,  іргесі 
қай  ғасырларда  қаланғанын  Тұмағаң  білмейді  емес,  біледі. 
Әбекеңдей  ұстазымызды  жақсы  көріп  отырып  сөйлеймін  деп 
жаңылысып,  сағыныштан  сүйе  отырып  сүрініп  кеткен  бір 
жәйт  тә,  тәйірі!  Ұстазы  профессор  Бейсембай  Кенжебайұлы 
(өзі өлең арнаған), сыйлас замандасы Мырзатай Жолдасбеков 
жазбаларына  зер  салса  қазақ  әдебиеті  ғана  емес,  қазақ  жазба 
әдебиетінің  «Түрік  қағанаты»  дәуірлерінен  басталарын  біледі 
де қояды ғой ақын жүрек.
Ерекше сыйлайтын қаламгерімнің бірі, марқұм Тәкен Әлім-
құлов. Қаншалық сыйлайтыным, қаншалық сыйласқанымыз – 
«Жұмбақ  жан»  аталатын  көлемді  эссе-жазбамнан  («Арыстар 
мен ағыстар» 3-том, «Таным» 2003 ж. «Қарасөз» «Ел-шежіре» 
2013 ж.) аңғарылса керек. Міне, сол Тәкең, кезінде өзіміз қалам 
ұштаған «Лениншіл жас» газетінде «Әңгіме әлемі» (27-тамыз 
1977  ж)  аталатын  жап-жақсы  мақала  жазыпты.  Зергер  дерлік 
стилист  жазушы  қаламынан  туған  үлкенді-кішілі  материалды 
сақтай жүретін әдетім бар. Сол дағдымен әлгі материалды қыр-
қып алып қойыппын. Риза кейіпті, сұрау, рәуіш көңілді білдірер 
белгілер соғыппын. Бір сұраудың тұсында көзім сү рінді. Соны 
оқырманмен бірге отырып оқиын. «Менің өз басыма ұнамай-
тын очерктік аттар (?). Осы орайда, мәселен Борис Полевойдың 
«На  диком  берегу  Иртыша»  (?)  деген  романының  аты  өзіме 
ұнамайды. Шолохов өзінің романын «На берегу Тихого Дона» 
деп атамады ғой. Ал, оқиғаның дені сол өзеннің жағалауында 
өтетіні және белгілі ғой.» – дейді Тәкен Әлімқұлов.
«Очерктік  аттар»  –  стилист  жазушыға  жараспайтыны  бе-
сенеден белгілі. Бәлкім «атаулар» жобаға келер. Әйтпесе өзі ден 
қойып отырған «Кітаптың есімі» (С.Мұқанов тұңғыш осындай 
ұғымда  қолданғанын  Тәкең  осы  мақаласында  айтады.  Қ.е.
жөн шығар-ақ.
Екінші  сұрау  белгісі  «На  диком  берегу  Иртыша»  тұсына 
ұрылыпты. Онда мән бар.
Тұшымды  мақаласында  Тәкең  көркем  шығармадағы  дәл-
дік,  айғақтылық  жайында  айтады.  Дәлелге  жүгінсек  «Әдеби 
сапаның  екінші  жағы  және  бар.  Ол  –  шығармадағы  деректің 
ай ғақтылығына саяды. Сәуірбек Бақбергеновтің сапалы­ақ әңгі­

544
545
месінде  Мойынқұмда  өсетін  күйреуік  дейтін  шөп  аталады. 
Сөйт се, Мойынқұмда ондай шөп өспейді екен. Менің «Телқоңыр» 
дейтін әңгімемдегі бір жалған детальді кәрі құлақ оқушы сынап 
тастады»
 – дейді.
Тәкеңнің  өзіне  жүгіне  сөйлесек,  орыс  жазушысы  Борис 
Полевойда «На диком берегу Иртыша» аталатын роман атымен 
жоқ.
Рас, Борис Полевой кезінде атақты жазушы атанды. Даңқ 
биігінде  жасады.  Қазақ  жауынгерлерінің  майдандағы  өмірі 
туралы  да  жазды.  «Эпостың  тууы»  –  Советтер  Одағының 
Батыры  –  Мәлік  Ғабдуллин  жөнінде.  Кезінде  оны  Бейсембай 
Кенжебайұлы қазақ тіліне аударған. Бүгінгі күн көзімен қара-
ғанда Борис Полевой жақсы очеркист, тамаша мемуаршы. Ал, 
кезіндегі даңқ – даңқ. Даңқ атасы – «Нағыз адам туралы аңыз» 
романы. Аталмыш шығарма желісімен «Үлкен театрда» (ГАБТ) 
спектакль  де  қойылды,  опера  да  жазылды.  Ал,  бүгінгі  баға  – 
біздің  бағамыз.  Орташа  публицист  жазушы  ғана.  «Ұлы  Отан 
соғысы» аталатын алапат жайында жазған даңқты туындылары 
келешекте бағалану былай тұрсын, оқылмайтын болады.
Жазушы өндірістік тақырыпқа көбірек қалам тартты. Бір- 
ақ, әлгіндей, Тәкең айтқандай, «Ертістің елсіз жағалауында»  
–  аталатын  роман  Борис  Полевойда  жоқ.  Соғыс  жылдарында 
«На  волжском  берегу»  –  деген  деректі  әңгіме  жазған.  Соны 
айтып отырған болмаса Тәкең. Әлде «На диком береге» рома- 
нын айтып отыр ма?
Көрдіңіз  бе,  бір  ғана  дәйексіз  сөз  сыншыны  қаншалық 
сансыратады десеңізші.
Менің архивімде Тәкен Әлімқұловтың бірсыпыра қолжаз-
басы сақтаулы. Соның бірі «Мол пішім» аталатын естелік. «Кә­
дімгі  Сәбит  Мұқанов»  естелік  кітабын  құрастырып  жүрген 
сәтім еді. Жазушы қолжазбасын оқып шығып, естеліктегі кей-
бір  шындықтан  ауытқып  кеткен  сәттерді  жөндеу  керектігін 
айттым телефонмен.
– Мәселен? – деді Тәкең телефонда.
– «Бұл романды («Адасқандар» Қ.е.) жазғанда ол Мәскеу- 
дегі Қызыл профессура институтында оқып, өзіне жететін бі- 
лім алған» – дейсіз. «Адасқандар» Ленинградта жазылған. Сә- 
бең жарықтық роман қызығына беріліп кетіп, сабаққа бармай, 
ақырында  Ленинград  университетінен  шығып  қалған.  Қызыл 
профессура институтына түсіп оқуы «Адасқандар» кітап болып 
басылғаннан кейін.
– Ә, сондай ма еді? Е, тәйірі.
– «Оның есесіне ол қазақта тұңғыш көлемді роман жазды. 
Бұл – «Жұмбақ жалау» еді» – дейсіз.
– Иә.?
–  Мұқаңның  «Қилы  заманы»,  Сәбеңнің  өзінің  «Адасқан-
дарын» есепке алмайсыз ба?
– Дұрыс екен. Бала шақта ерекше әсер еткен шығарма еді. 
Әсер  билеп  кеткен  екен.  «Жұмбақ  жалауды»  қызығып  оқып 
шығып  өзіне  хат  жазғам.  Сәкеңнің  архивінен  сол  табылған 
көрінеді.
Оны тапқан, Сізге айтқан мен ғой, Тәке.
– Ә, солай екен ғой.
– Сіз Сәбеңе айтыс өнері туралы да хат жазғансыз. Ол да 
архивте сақтаулы. Мен көшіріп алдым.
– Не дейді?!
– «Іш пыстырмайтын жанрдың бәрі жақсы» – деген пікірді 
Вольтер атынан келтіресіз. Ол – М.Горькийдің сөзі ғой.
– Сәкең жарықтық екеуара әңгімеде шешілгенде «Өй, сен 
Тәкен  жеті  білгіштің  бірісің  ғой»  –  деген.  Жетеудің  бірі  сен 
екенсің,  Құлбек.  Қолжазбаны  әкеліп  таста.  Расында  дәлсіздік 
кеткен екен. Бір қарап берейін»– деді Тәкең.
Әрине  білгіш  атанайын  деген  ой  жоқ  еді  менде.  Сәбит 
Мұқанов  зерттеушісі  болған  соң  жазушы  жайында  жазылған 
естелікте дәлсіздік кетіп қалмасын деген ой еді.Дәлел – айтар 
ойдың  дәйегі.  Дәйек  –  тарихи  шындыққа  сай  келмесе  айтып 
отырған ой мәйегі арзандайды.
Айбынды, алымды ақынымыз Темірхан Медетбек «Менің 
Абайым» аталатын бір мақаласында былай деп жазады: «Ме­ 
нің Абайым! Әрине, бұл менің сөзім емес. Дәлірек айтсақ, сөз 
тіркесі менікі емес. Бұл сөздің төсегі, түп­төркіні сонау бір 
кезде  М.  Цветаеваның  дуалы  аузынан  шыққан  «Менің  Пуш­ 
кинімде»  жатыр.  Ол  сөз  –  қазір  қанатты  сөз.  Ал  қанатты 
сөз – бәрімізге ортақ» (Баба дәстүрдің мұрагері кім?, Алматы, 
Өлке, 2001 жыл. 178 бет). Демек, «Мой Пушкин» деген ұғымды 
әдебиетке әкелген Марина Цветаева – дейді. «Менің Әуезовім» 
аталатын эссе-естелік кітабын жазу жолында «Мой Пушкинді» 
қалып  ретінде  ұстанған  академик  Зейнолла  Қабдол  да  осын- 
дай пікірде өтті. Біздің білуімізше, «Мой Пушкин» деген ұғым- 
ды  тұңғыш  қолданысқа  енгізген  Валерий  Брюсов.  Ол  «Мой 
Пушкин»  деген  ұғымды  алғаш  рет  1911  жылы  қолданған. 
Некрасов  даңқы  аспандап,  Пушкин  «төменшіктеп»  тұрған 

546
547
заманда  орыс  ақынын  ұлт  ақыны,  одан  көтеріп  халықтық 
ақын биігіне көтере «Мой Пушкин» атап кітап жазбақ болған 
Брюсов-эстет.  Ал,  Марина  Цветаева?  «Так  или  иначе  в  1910 
году Брюсов вошел в жизнь Цветаевой, и обстоятельства как 
бы помогали этому» (А.Саакянц «Марина Цветаева», М., 1986 
г. С. 10.) – дейді А.Саакянц. Бұрын өлеңін оқып, өзін сырттай 
білетін В.Брюсовпен М.Цветаева осы күннен (жылдан) бастап 
әдеби  байланысқа  түседі.  Әрі  қарай  Марина  Цветаева  «Мой 
Пушкин» тіркесін шығарма атауы үшін ұстазынан алады.
Бізде әдебиет айналасында «дейді екенге» барып ұласатын 
асығыс айтылатын әуейі әңгімелер көп-ақ. Сондай әуейі әңгі-
менің бір жосығы қазақ әдебиетінің қос алыбы – М.Әуезов пен 
С.Мұқановтың  тіршіліктегі  сыйластығына  байланысты.Осы 
бір тақырыпқа тұмсық тықпаған әдебиет әуейісі аз шығар сірә? 
Біліп  айтса  мейлі-ау.  Өсекке  құлақ  түргіш  жандар  «құрыққа 
сырық жалғап» жалған сөйлей береді. Сол – өкінішті. Классик 
жазушымыздың  бірі  –  Ғабиден  Мұстафин.  Осы  Ғабекеңнің 
Қайрат  Мұстафин  есімді  баласы  –  қазақ  фотоөнерінің  ірі 
тұлғасына  айналып  өтті  мынау  өмірден.  Сол  азамат  айтады: 
«Үйге жиі­жиі қонақ шақырамыз. Бір қызығы Мұқаң келген қо­
наққа  (қонақтық  шығар.  Қ.Е)  Сәбең  жуымайтын  да,  Сәбең 
келген қонақтың есігін Мұқаң ашпайтын (?). Әкем болса екеуімен 
де қатты сыйласатын. Содан бірде...ә айтқандай әкей ол кезде 
осы  Жазушылар  одағының  хатшысы  (?)  боп  тұрған.  Мұхтар 
Әуезов  пен  Сәбит  Мұқановты  шақырып  алып  «Бұларың  енді 
болмайды.  Нені  бөлісе  алмай  жүрсіңдер?  Татуласыңдар»  –  деп 
қол  алыстырыпты.  Алайда,  осыдан  кейін­ақ  Сәбең  біздің  үйдің 
жиын­тойына  келмей­ақ  кетті.  Әкейдің  60  жылдығы  болды. 
Сәбең келмеді. 70 жылдығы болды. Сәбеңді көрмедік. Әкемнің 80 
жылдығында Сәбең о дүниеге аттанып кеткен­ді. Сол Сәбең біз 
Новосибирскіден  көшіп  келгенде  өз  үйінің  бір  бөлмесін  босатып 
беріп еді­ау»
«Әр  суреттің  өз  тарихы  бар.  Мысалы,  мына  суретте(қос 
Ғабең мен Сәбеңе қараңыз. Д.Қ) Сәбең маған ренжіп тұр. Өйтке­ 
ні,  бұл  шіліңгір  шілденің  әуе  айналып  жерге  түскендей  ыстық 
күндерінің  бірі  еді.  Үшеуінің  қатар  тұрған  қалпын  естелікке 
қалдырайын  деген  ой  келді  де  ұсыныс  жасадым.  Олар  қабыл 
алды. Ортаға үшеуі кезек­кезек тұрып суретке түсті. Мұндағы 
идея:  мүшелтой  иесі  ортадан  табылады,  демек,  газет,  журнал 
үшін аса қажет дүние. Шақырайған күннің астында шалдарды 
біраз қинап жіберсем керек, қара костюм­шалбар киіп қымтан­ 
ған  Сәбең(Қарасаңыз,  көзіңізді  ашыңқырап  қараңыз  суретке, 
Сәбит Мұқанов ақсұр костюмде. Қ.Е) күңкілдей бастады.
– И­и, Қайрат­ай, Қайрат­ай, – дей беріп еді Сәбең.
Мүсірепов те терледі. Міз бақпаған менің әкем.» («Менің әкем 
өзінің  кейіпкерлеріне  ұқсайтын»,  «Қазақ  әдебиеті» 
№46(2780). 
15.11.2002 ж) Сұхбаттасқан Дәурен Қуат.
Әрине, газет тілшісі сұхбаттасып отырған кісі не айтса, со-
ны  стильдік  ақаулықтан  арылтып,  мазмұнын  бұзбай,  қаз-қал-
пында  хатқа  түсіреді.  Ол  әңгіме  айтып  отырған  кісіге  сенеді. 
Сенбесе, сұхбаттасу неменеге керек?
Өмірде  аз-кем  дәм-тұздас  болған  Қайрат  Мұстафин  қара-
пайым,  біртоға  азамат  болатын.  Өтірік  айта  қояйын,  кейінгі 
ұрпақты  шатастырайын  деген  жаман  ой  онда  болуы  мүмкін 
емес.  Естігенін,  білгенін,  көңіліне  түйгенін  айтып  отыр. 
Бір  өкініші  –  айтып  отырған  әңгімесі  шындықтан  шалғай. 
М.Әуезов  пен  С.Мұқанов  арасында  көзқарас  ұстанымға  бай-
ланысты,  шығармашылық  бәсекелестікке  қарай  орын  алған 
түсініспеушіліктер  болған.  Оны  жасырып-жабудың  қажеті 
жоқ. (Мәскеудің Орталық мемлкеттік Әдебиет пен өнер архи-
вінде  бұл  тақырыпта  бірсыпыра  материал  бар.)  Бірақ,  бірі 
барған қонақтыққа екіншісінің бармауы олардың тіршілігінде 
кездеспеген,  құлақ  есітіп,  көз  көрмеген,  болмаған  жай.  Олар 
тіршілікте  мидай  араласып  кеткен  жандар.  Екеуін  бірге  ша- 
қырып  төріне  қатар  оздырған  қазақ  қаламгерлері.  Мәре-сәре 
әңгімелер ді кезектесіп айтысып, айналасын мәз-мәйрам қылып 
қайтар  болған  олар.  Өзге  кісі  түгілі  бірін  бірі  шақырысып, 
бірінің үйіне бірі бас қонақ болып барудан жаңылыспаған қос 
алып.  Ал,  әдеби  өмірде  ептеп  араларына  әңгіме  жүргені  рас. 
Шығармашылық адамдарында ой таласы, пікір үндеспеуі бола 
береді. Бальзак та айтқан емес пе: «Бірін­бірі аңдып, бірін­бірі 
қағытып жүрсе де дарындар шындық үстінде қайта табысады. 
Олардың қызғаныштарының өзі өнерді сүюден туған»
 – деп. Қа-
зақ  әдебиетінің  қос  алыбы  арасындағы  түсініспеушілік  тұр- 
мыста  емес,  әдеби  істе.  Оны  бәлкім  бәсекелестік,  қаттырақ 
айтсақ, бақталастық деп түсіну жөн шығар. Ал, Ғабиден Мұс- 
тафиннің  Мұқаң  мен  Сәбеңді  татуластырмақ  әрекеті  кісіні 
сендірмейді.  Ондай  миссияны  бір  атқарса  Ғабит  Мүсірепов 
атқарса  керек  еді.  Ал,  Ғабиден  татуластырмақ  болды  дегенді  
осы кісілердің арасын архив ақтарып зерттеген және көздерін 
көріп табақтас болған адам ретінде айтайын, көңілім сене қой- 
майды.  Өйткені,  олар  өмірде  ұрсысып-таласқан  жандар  емес, 

548
549
олардың  ындынын  құртқан  –  әдеби  бәсекелестік.  Ол  судың 
бетіне шығатын үйірім емес, су астында иіріліп жүретін иірім.
Судың  астыңғы  ағынындағы  иірімді  судың  бетіне  шығарып 
табыстыра қою – Ғабиден ақсақал баратын іс емес.
Ал,  Ғабиден  Мұстафиннің  Жаңа  Сібірде  «Қызыл  Ту»  га- 
зетінде тілші болып жүрген жерінен арнайы барып, елге шақы- 
рып,  Қазақстанға  оралуына  ықпал  еткен  кісі  –  Сәбең.  Ұмыт-
пасам, Артелеристер көшесіндегі №16 жер үйіне әке ліп, бір-екі 
бөлмесін  босатып  беріп,  Ғабекеңді  от  басымен  қоныстанды- 
рып, қанатының астына алған да Сәбең. Отызыншы жылдары 
үйіне отбасымен түсірген Сәбең соңына Ғабиденді тыңшы етіп 
салған НКВД. Обалы не, Ғабиден Сәбеңді сатпаған. Хабарды 
ушықтырмай  боямасыз  қаз-қалпында  жеткізіп  қана  отырған. 
Ол  жылдары  бұл  үлкен  адамгершілікке  жататын.  Ғабиденнің 
«жансыздық»  жасап  жүргенін  сезіп  қалып  Сәбең  «Мұның  не 
Ғабиден? Саған не жамандық жасадым? Асымды ішіп, дағарама 
тышқаның ба?» – депті. Сонда Ғабекең «Сәбит, НКВД-ның мені 
сенің артыңа тыңшы етіп салғаны рас. Бірақ, мен сен ұсталып 
кететіндей жаманат жеткізуден аулақпын. Не көрем, не білем, 
соны ғана жеткізіп отырмын» – депті әділетшіл бейілден. Ал,  
Сәбең мен Ғабекеңнің арасының ажырауына келсек ол – Ғ.Мұс- 
тафиннің  «Қарағанды»  романына  байланысты.  Романның  ал- 
ғашқы нұсқасының кітап болып басылып тұрып «туралуына», 
сөйтіп  қайта  жазылуына  Сәбит  жарықтықтың  әбден  қатысы 
бар. Демек, бұл да тұрмыстық мәселе емес, әдеби мәселе! Оны 
Қайрекең  қайдан  білсін?  Бәрі  де  архивте  жатыр  ап-анық  бо- 
лып... Ғабиден Мұстафиннің 1951 жылы «Қазақтың Мемлекет- 
тік көркем әдебиет баспасынан» жарық көріп тұрып пышаққа 
түскен  «Қарағанды»  романының  бір  данасы  (бәлкім  жалғыз 
данасы.Қ.Е.) С.Мұқанов кітапханасында сақталған. Романның 
кітаптық  нұсқасының  алғашқы  бетіне:  «Бұл  барлық  тиражы 
өртелген  вариант,  –  менің  рецензиямнан  кейін.  С.Мұқанов». 
– 
деп  қызыл  карандашпен  таңбалаған  Сәбең  жарықтықтың  өзі. 
Бұл әрекетін де С.Мұқанов бас араздықпен емес, дүниетаным 
билігімен келіп жасаса керек. Үлкен жазушыларымызды тұр- 
мыстық  майдалыққа  түсіріп,  пенделік  батпағына  батырып 
алмағанымыз  жөн.  Білсек,  дәйектей  айтайық,  жазайық,  ал 
дәлеліміз  болмаса,  абзалы  тыныш  жүрген.  Ал,  құр  долбар  – 
дәйек емес. Обал болады.
Енді  фотосурет  мәселесіне  келейік.  Қайрат  Мұстафиннің 
айтып  отырғаны  –  әйгілі  сурет.  Сондай  бір  табиғи  түсірілген 
фотоөнерлік  дүние!  Бірақ,  үш  жазушы  кезек-кезек  ортаға 
тұрып  түсіп  еді  дегенге  өз  басым  иланбайды.  Әзірге  біздің 
көріп  жүргеніміз  Сәбит  Мұқанов  ортада  тұратын  бір  ғана 
сурет. Дәлдікке байланысты айтарымыз – Сәбең жарықтықтың 
үстіндегі  костюмі  Қайрат  марқұм  айтқандай  қара  түсті  емес, 
ақ  сұр  түсті.  Сұхбатпен  бірге  жарияланған  суреттен  ол  анық 
көрініп тұр... Осы сурет әйгілі бола тұра кісіні шатастырып та 
бітті. Жақсы жазушы Жақау Дәуренбеков бұл фотоөнер дүние - 
сін «Бөлмеде екі-ақ сурет тұр.  Бірі  төрде –  қарсы қабырғада: 
қария  мен  кемпірдің  суреті,  фотодан  көшіріліп  қолмен  са- 
лынғанға ұқсайды. Ғабеңнің әкесі мен анасы екен. Екінші сурет 
– кітап шкафының әйнегінде тұр: Мұхтар, Сәбит, Ғабит... Үш 
алып,  үш  бәйтерек.  Ертеректе  Қазақстан  Жазушылар  одағы- 
ның үйінің алдында түсіпті». (Ж.Дәуренбеков «Дәм» Ғабиден 
Мұстафин туралы естеліктер. Алматы, Білім. 2007 ж. 100 бет) – 
деп сипаттайды өз естелегінде.
М.  Әуезов,  С.  Мұқанов,  Ғ.  Мүсірепов...  үшеуі  Қазақстан 
Жа зушылар  одағы  ғимараты  алдында  суретке  түскен.  Жоқ. 
Ондай  тарихты  естіген  емеспіз,  ондай  тарихи  суретті  көрген 
емеспіз.  Дұрысында  бұл  әдебиеттің  үш  алыбы  өзге  жерді 
қайдан  білейін,  Қазақстан  Жазушылар  одағы  ғимараты  ал-
дында  суретке  түспегеніне  мен  кепілдік  беремін.  Жоқ.  Жоқ, 
ондай  сурет.  Жоқ  болса,  Ж.  Дәуренбековтің  айтып  отырғаны 
нендей іһмет? Әріптес ағам – Жақаң қателесіп отыр. Оның да 
айтып  отырғаны  жоғарыда  әңгіме  болған  сурет!  Қайрат  қате 
тұжырымдаған  фотосуретті  Жақаң  жаңылысып  қате  сипаттап 
отыр. Басқа ештеңе де емес.
Тарихи  дерекке  адал  қаламгердің  бірі  –  досым  Тұрсын 
Жұртбай.  Ол  «Соңғы  куә»  аталатын  мақаласында  «Қуаныш 
Бәрібаев  (?)  губкомда  жүргенде  губкомның  комсомол  коми-
тетінде істеген...»(«Қазақ әдебиеті» №40(3096) 3.10.2008 ж) – 
деп жазды.
Бідің білуімізде Қуаныш Бәрібаев емес, Жұбаныш Бәріба-
ев  болуы  керек.  Тарихи  зердесі  бүтін  Тұрсынның  ай-күннің 
аманында адасқанына таңмын. «Қуанышты» – Жұбаныш етіп 
жөндемегеніне қайранмын?
Асан  Омаров  есімді  азаматтың  «Ұлы  мақсат  және  оның 
құрбандары» (Түркістан, №37(739) 11 қыркүйек, 2008 ж) ата-
латын мақаласын оқыдым. «1909 жылы Абай кітабымен қоса 
Міржақып Дулатовтың «Оян қазақ!» атты поэмасының (?) жа-
рық көруі қызық! – деп жазады онда автор. Абай кітабымен қа- 
тар жарық көріп пе Міржақып Дулатұлы кітабы? «Оян, қазақ» 

550
551
поэма ма екен? Естімеген елде көп. Жауапсыздықтың мұндай 
да түрі болады екен-ау...
«Түркістан»  газетінің  осы  санында  Дарын  Секер  есімді 
туындыгердің  «Аңыздан  ақиқатты  аршыған»  аталатын  ма-
қаласы  жарық  көріпті.  Мақала  –  Серікбол  Қондыбай  сынды 
терең талант, мықты мифолог туралы. Алайда, мұнда да нақты, 
затты талдаудан гөрі долбар басым, дәлдік жоқ.
«Оның (Серікбол Қондыбай. Қ.е.) ғылыми ортаны таңқал-
дырған зерттеушілік қабілеті сан-қырлы. Қазақ мифологиясы-
ның негізін қалаған (?) ерекше дарын иесі.» Қазақ мифология- 
сы  негізі  күні  бүгінге  дейін  қаланбай  Серкбол  Қондыбайды  
күтіп жатқан болды ғой. Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, С.Қасқа-
басов,  Е.Тұрсынов,  Ф.Кендібаев  сынды  ғалымдар  «шошқа 
тағалаған» ба сонда?
«О.Сүлейменовтің «Азиясы» («Азия» емес, «Аз и Я». Қ.Е.) со­
нау  шумер­түркі  өркениеті  сабақтастығынан  сыр  тартатын 
сүбелі еңбек екендігіне ешкім дау айта алмас».
«Түркі­шумер  өркениетінің  өзегі  Олжастың  ой­орамда­ 
рын баурап (?), «Азия» (?) еңбегіне арқау болғаны аян.»
«Осыдан  ба  екен,  ол  отансүйгіштік  сезімін  мектеп  оқу­
шыларына арнап «Маңғыстау географиясын» (?) жазды. Бү­ 
гінде  бұл  еңбек  оқулық  ретінде  мектеп  бағдарламасына  еніп 
(?),  өлке  тарихын  білуге  ұмтылған  жеткіншектердің  сүйіп 
оқитын оқулығына (?) айналған.»
«Заманымыздың  заңғар  жазушысы  Шыңғыс  Айтматов 
Шо қан  Уәлиханов  туралы  тебірене  келіп:  «Мына  жалғанда 
бар­жоғы отыз жылға жетер­жетпес өмір сүріп, шығыста­ 
ну ғы лымында қопара еңбек еткен мұндай тұлғаның дүниеде 
болғанына тіпті сенбейтін тәріздімін...» – депті.
«Ғұлама жазушының осынау таңданысқа толы сезім­кү­ 
йін  Серікбол  Қондыбайға  да  телісек  еш  әбестігі  жоқ.  Олай 
деуге  аз  ғұмырында  артына  өшпес  мұра  қалдырып,  «Қазақ 
мифологиясы»  атты  жаңа  ғылымның  (?)  іргетасын  қалаған 
(?) ерекше дарын иесі...»
Дарын  Секердің  осы  пікірлері  түгел  дүдәмал,  кісіні  сен- 
дірмейді.
Шыңғыс  Айтматов  қазақ  ғалымы  туралы  қай  еңбегінде 
айтты екен әлгіндей ойды? Дәлел келтірсек қайтеді? Шыңғыс 
Айтматов шығармашылығы жайында арнайы кітап жазған адам 
райында айтайын, шоң жазушының Шоқан туралы пікірі тіпті 
басқа секілді еді. Олжас Сүлейменовтің жазған кітабы «Азия» 
емес, «Аз и Я» – ғой. Бұл екеуінің арасы жер мен көктей алшақ 
ұғымдар.
Міне,  осылай  дәйексіздік  дәлелсіздікке,  дәлелсіздік  дол-
барға  ұласады.  Долбар  оқырман  көңілінде  жаңсақ  пікір  қа-
лыптастыруға  апарады.  Серікбол  Қондыбайға  оң  бағалауды 
қимай отырған жоқпын. Ондай дарынды азамат шықса, халық 
үшін қапысыз еңбек етсе неге қуанбайық?! Бірақ, мақтаудың, 
бағалаудың  «түйенің  үстінде  тұрып  сирақ  үйіткендей»  емес, 
«қамырдан  қыл  суырғандай»  табиғи,  талдау  арқылы,  нақты 
дәлел, дәйекпен айтылғаны жөн емес пе?
Айта  берсе  әңгіме  көп,  тізе  берсе  мысал  да  жетерлік.
Олардың кейбірі автордың жобалап, долбарлап сөйлей береті-
нін  көрсетсе,  кейбірі  баспадан,  баспасөзден  өзгеріп  түсіп  қа-
теге айналған болуы әбден мүмкін. Осы соңғы ойға өз басым-
нан  бір  мысал  келтіргім  келеді.  Сексенінші  жылдардың  ая-
ғында Сібір әдебиетінің Қазақстандағы күндері өтті. «Егемен 
Қазақстан» (Ол кезде «Социалистік Қазақстан». Қ.Е.) газетінде 
істейтін  кезім.  Әбіш  Кекілбайұлына  өтініш  айттық.  Уақыт 
тығыз. Әбекең ертеңіне Сібір әдебиеті жайында әдемі мақала 
жазып  әкелді.  Мақала  ішінде  Пришвин,  Лесков  есімі  жиірек 
аталады екен. Сібір орыстары әдебиетінің ХІХ ғасырдың аяғы 
мен ХХ ғасыр басындағы өкілдерінің ішіндегі ірілері – осылар! 
Өндіріске  кетіп,  номерге  салынып  жатқан  мақала  соңынан 
телефондап,  қос  жазушының  аты,  әкесінің  атын  телефонмен 
қостыруды ойладым. Ертеңіне мақала газетке шықты. Қарасам, 
табыстаған  адамым  Пришвиннің  есімін  Лесковқа,  Лесковтың 
атын  Пришвинге  беріп  жіберіпті.  Сөйтіп  Әбекеңе  жақсылық 
жасаймыз деген ойымыз жамандық болып шықты. Әрине, оны 
байқаған да кісі болған жоқ. Мәселе әлдекімнің ол кемшілікті 
байқаған,  байқамағанында  да  емес  қой.  Жазушылардың  азан 
шақырып қойған аты өз орнында тұруы керек емес пе?
Соңғы  кездері  әдеби  ұғым,  термин  деген  мәселені  жиып 
қойып, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп басын жарып, көзін 
шығарып  жаза  беретін  әдет  таптық.  «Қазақ  энциклопедиясы- 
ның» Бас редакциясынан 2005 жылы «Оңтүстік Қазақстан» 
аталатын энциклопедия жарық көрді. Энциклопедиялық талап-
тардың  орындалмауы  өз  алдына,  кітап  іші  өріп  жүрген  қате! 
Қарап  отырып  қарның  ашады.  Ұғым,  түсініктер  шатастыры- 
лады. Соңғы кезде әрбір өңірдің әкімдері кітап шығаруды биз- 
неске  айналдырып,  өз  пайдаларына  шешуге  тырысты.  Әрбір 
аудан-аудан әкімдерінің энциклопедия шығарғыш болып кетуі 

552
553
– ұлттық әдебиет мәдениетін көтеруден бұрын бас пайдасын, 
қалта қамын ойлаушылық екені аңғарылады. Атақты мүсінші, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескен Сергебаев өзімбілер- 
мен әкім қаралар туралы: «Қазір біз мүсінші емеспіз, әкімқара- 
лар  «мүсінші»,  солар  бізден  артық  ойлап,  артық  шешіп  жүр. 
Менің түсінігімше, өгіз – қара күштің символы. Соны апарып, 
Ақорданың дәл алдына орнатқысы келген шенеуніктің не ойы 
бар екенін біле алмадым. Қазақтың символы – жылқы, қыран 
мен  барыс  емес  пе?!»  –  («Нұр  Астана»  газеті,  11  қыркүйек,  
2008  ж.)  –  деген  еді  күйініп.  Қазақстанның  бас  мүсіншісінің 
айтуына қарағанда Бауыржан Момышұлының Астанаға орна- 
тылған ескерткіші көркемдік кеңесте талқыланбапты да. Реніш- 
ті мүсінші «Өкініштісі, облыс, қалалардың әкімдері ескерткіш 
орнатуды пайда табудың көзіне айналдырып жіберді» (Сонда)-
деп  ашына  пікір  айтыпты.  ӘДЕБИЕТТЕГІ  ЖАҒДАЙ  ДА  ТУРА 
ОСЫНДАЙ.
 Аудан, қала, облыс әкімдері үшін кітап шығару – 
пайда табудың көзі. Әкімқаралардың әдебиетке қатынасы одан 
әрман. Зәуде көзі бар, әйтпесе өмірден өтіп кеткен ақын, жа- 
зушы  кітабын  шығаруды  ұйымдастыра  қалса  «Демеушісі  ау- 
данымыздың кемеңгер әкімі Бәленше Түгеншеевич» – деп қақ 
маңдайына бадырайтып жазып қоюды сірә да ұмытпайды. Әлгі 
ақын,  жазушы  портреті  орналастырылатын  жерге  міндетті 
түрде  аудан  әкімінің  дабырайған  суреті  жапсырылып,  соның 
«данышпандық» алғысөзі беріледі. Бейне кітаптың авторы әлгі 
аудан әкімі екен деп қалғандайсың. Алғысөзді өзі жазса мейлі-
ау,  оны  сыр  шашпайтын  кездейсоқ  біреу  дайындап  әкеледі.  
Әкім міндеті – қол қою. Біздің Оңтүстік Қазақстанда әкім бір- 
сыпыра.  Ал  кітапқа  алғысөз  жазғыш  әкім  одан  да  көбірек 
бәлкім... Ә.Бектаев солардың бірі болар асылы! 
Алғысөз  сауатты  жазылса  да  мақұл-ау.  Сауатсыз  жазыла-
ды.  Өзі  білмейтін  тарихты  қозғайды,  өзі  білмейтін  әдеби 
процесті ауызға алады. Ақын, жазушының әдебиеттегі орнын 
«айқындап»  баға  береді...  Оқып  отырып  екі  бетіңнен  отың 
шығады...  Сөзімізді  мысалмен  тұздықтайық.  Ақын  Қаныбек 
Сарыбаев  есімі  әдеби  жұртшылыққа  танымал.  Өз  бағы  жан- 
бағанымен,  өлең  бағын  жандырып  өмірден  өткен  ақын.  «Жа- 
нымның  жалауы»  (Нұрлы  әлем,  2008  ж)  аталатын  жыр  жи- 
нағы  жарық  көрді.  Мархаббат  Байғұт  бастаған  оңтүстік  қа- 
ламгерлері  естелігі  қоса  беріліпті.  Әп-әдемі-ақ  жинақ.  Тек, 
ақынның  Ғафу  Қайырбеков  пен  Шерхан  Мұртазаны  сыбаған 
(бірін  «жарым»  –  ақымақ,  бірін  «плагиат»  –  әдеби  ұры  деп) 
екі  өлеңін  жинаққа  қоспай-ақ  қойғаны  жөн  еді.  Кітаптың 
демеушілігін  Түркістанның  сол  кезгі  әкімі  (қазір  облыста 
әкім  орынбасары)  Әли  Бектаев  ұйымдастырған  болуы  керек. 
Өйткені  кітап  шығар-шықпаста  (қарағай  иісі  кеппей  жатып) 
қалалық «Түркістан» газеті бетінде Әли Бектаевты «Кемеңгер 
әкім» атап, алғыс айтылып жатты... «Ғажап ақын еді»
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет