«Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» «иммиграция» терминдеріне анықтама беріңіз



бет1/4
Дата08.10.2022
өлшемі65,57 Kb.
#41942
  1   2   3   4

  1. Индустрияландыру - бұл қоғамның қозғалысы мен халықтың шаруашылық өндірісінен өндіріс өнімдеріне және ілеспе қызмет көрсетуге дейінгі ресурстардағы жалпы өзгеріс.

Жаңарту, жаңғырту, қоғамды, экономиканы, әлеуметтік саланы қазіргі заман талабына сай жаңғырту деген ұғымды білдіреді.

  1. «Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» «иммиграция» терминдеріне анықтама беріңіз.

- Сауатсыздыкты жою - сауатсыз үлкендерді, мектепке тартылмаған мектеп жасындағы жасөспірімдерді жаппай сауаттылыққа үйрету.
- Қызыл отау - Баяғыда қызыл қанға боялған большевиктер келіп, киіз үйге қызыл туын тікті.
- Иммиграция - қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі

  1. Шовинизм– ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі. Бір ұлттың мүддесін басқа ұлттардың мүддесінен жоғары қою

Толеранттық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.

  1. Полиэтникалық қоғам – бірнеше ұлттан, ұлттық топтардан тұратын қоғам. Көп этностық қоғам жалғыз этностық қоғам ұғымына кереғар.

Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%BC%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96"

  2. Аң стилі" өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.

Полихромды стиль, ғұн стилі (грек. polychromos — көпбояулы) — қолданбалы өнер түрлерінде, сондай-ақ сәулет, мүсіндеу өнерінде жиі қолданылатын безендіру тәсілі. Басты ерекшелігі – беріліп отырған негізді (яғни затты, қабырғаны, т.с.с.) әр түсті материалдарды пайдалану арқылы сәндеу.

  1. Референдум (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу.

Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

  1. Полиэтнос - екі және одан да көп кішігірім халықтарды, әртүрлі этникалық топтарды және т.б. қамтитын кең, үлкен халық.
    Моноэтнос-белгілі бір ұлттың (этностың) тарихи қалыптасқан этникалық аумағында құрылған және оның егемендігін бейнелейтін мемлекет. Тарихи тұрғыдан алғанда, моно-этникалық мемлекеттер, әдетте, ұлттың (этникалық топтың) қалыптасуының басталуы мемлекеттің қалыптасуымен сәйкес келетін жерде дамыды, осыған байланысты мемлекеттік шекаралар көбінесе этникалық шекаралармен сәйкес келді (мысалы, Батыс Еуропа мен Латын Америкасының бірқатар елдері). Біртекті ұлттық (этникалық) құрамы бар мемлекеттердің мысалдары Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея, Италия, Португалия, Бангладеш, Дания, Исландия, Венгрия, Армения, көптеген араб елдері (ең алдымен араб түбегі) және т. б.

  2. Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар).

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

  1. Рабад - ортағасырлық қалалардың қарапайым халық тұратын шеткі бөлігі. Археологиялық зерттеулер, ортағасырлық қалаларды үш бөліктен ( цитадель,шахристан және рабад) тұрғындығын анықтаған.
    Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.

  2. Доктрина (латын тілінен аударғанда: doctrina, « үйрету, нұсқау » деген мағынаны білдіреді) — білімнің белгілі бір саласындағы немесе сенім жүйесіндегі ілімдердің мәні ретіндегі нанымдардың кодификациясы немесе ілімдер немесе нұсқаулар, үйретілетін принциптер немесе ұстанымдар.

«Зайырлылық» сөзі қазақ тіліндегі «ашық», «айқын», «сыртқы» деген мағыналарды білдіретін араб тіліндегі «захири» сөзінен енген. «Зайырлылық» ұғымы латын тіліндегі «laicus» («лаицизм»), «saecularis» («секуляризация») сөздерімен үндеседі. «Саясаттың діннен оқшаулануы, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы» деген мағынаны береді. «Зайырлылық» ұғымының ауқымы кең. Зайырлылық аясына гуманистік құндылықтар, соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін пайдалануы кіреді. Яғни зайырлылық – әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай отырып, қоғамның рухани саласындағы көп түрлілікті мойындау болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет